– Оқу орындарында осы пән бойынша мамандардың кәсіби
біліктілігі мен оларға қойылар талап қандай? Дінтану мұғалімдерінің
білімін жетілдіруге арналған жобалар бар ма?
– Дінтанушы оқытушылар мен дін саласындағы мамандардың білім-
біліктілігіне қойылар талаптың күшеюіне байланысты кадрларды қайта
даярлау, білімін жетілдіру жұмыстары да аса өзекті болып отыр. Осыған
байланысты еліміздегі «Дінтану негіздері» курсын оқытатын мұғалімдерге
арналғанарнайы білім жетілдіру бағдарламалары және әдістемелік
құралдар әзірленген.Атап айтсақ,2011 жылдан бастап «Өрлеу» ұлттық
біліктілікті арттыру орталығының базасында және өңірлердегі
филиалдарының базасында «Дінтану негіздері» курсын жүргізетін
мұғалімдер қысқа мерзімді арнайы курстардан өте бастады. Қазіргі кезде
жаңадан келген ұстаздарды есептемегенде, барлық мұғалімдер толық өтіп
болған. Бұған қоса, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы мен
өңірлік Білім және Дін істері басқармалары арасында үш жақты келісім -
меморандум жасалған. Меморандум негізінде жалпы білім беретін мектеп
басшыларына, әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, әдіскерлері мен
мамандарына, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған қысқа
мерзімді
біліктілік
арттыру
курстарында
теологтар
және
саясаттанушылармен бірлесіп дәріс-диалогтар, т.б іс-шараларды өткізуді
ұйымдастырылуда.
Поделитесь с Вашими друзьями: |