Балғабек мырзаев


– Дәстүрлі дінімізді дамытып, халқымыздың төл танымын тарата



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет8/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
– Дәстүрлі дінімізді дамытып, халқымыздың төл танымын тарата 

түсу  мақсатында  министрлік  қабылдаған  шаралардың  тағы  бір 

парасы «Уақып» қорының құрылуы, ел мұсылмандарын қажылыққа 

апару  қызметін  ұйымдастыру  жұмыстарымен  жалғасып  жатқанын 

көрдік.  Бұқара  халықпен  осындай  тығыз  байланыс  орнатқан 

ведомствоның  өткен  жылы  еңсерген  елеулі  жетістіктерге 

тоқталсаңыз... 

–  Баршаңызға  белгілі,  «Уақып»  корпоративті  қайырымдылық  қоры 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасымен  құрылды.  Қордың  қызметі 

коммерциялық  емес  қайырымдылық  ұйым  ретінде  әлеуметтік  жобаларды 

қаржыландырады.  Білім-ағартушылық  шараларды  жүргізуге,  сонымен 

қатар,  діни  бірлестік  қызметкерлерлері  жұмысының  тиімділігін  көтеру 

және  діни  мекемелердің  қызметін  қолдауға  бағытталады.  Алыс 

аймақтардағы  дәстүрлі  емес  дін  өкілдерінің  ықпалы  бар  мешіттердің 

имамдарына қолдау көрсету де осы қордың негізгі міндеттерінің бірі.  

Дін және қоғам

10



серіктесі  болды.  Ерекше  назарды  қажет  ететін  өңірлерде  тек  кеңес  беру 

орталықтары  емес,  сондай-ақ  толық  қызмет  көрсететін  психологиялық 

оңалту қызметтері де бар.  

Атап айтқанда, «Ақниет» ақпараттық-насихат және оңалту орталығы» 

атты қоғамдық қор терроризм мен діни экстремизм үшін сотталғандарды, 

сондай-ақ  олардың  отбасыларын  дерадикалдандыруға  мамандырылған. 

Соңғы  4  жылдың  ішінде  түзету  мекемелеріндегі  2745  жазаға 

тартылғандардың 276-і өз райынан қайтса, 600-і дәстүрлі дінге бет бұрды. 

Аймақтарда  осы  жұмыс  оңалту  орталықтары  тарапынан  жүргізіледі. 

Атап  айтқанда,  «Ансар»  (Ақтөбе  облысы),  «Шапағат»  деструктивті  діни 

ағымдардан  зардап шеккен  азаматтарға  көмек көрсету  орталығы  (Атырау 

облысы),  «Шаңырақ»  (Алматы  қ.),  «Насихат»  (Ақмола  облысы),  «Нұрлы 

білім» ҚҚ (Қарағанды облысы). 

Сонымен  қатар,  Алматы,  Ақмола,  Ақтөбе,  Атырау,  Қарағанды  және 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  қоғамдық  ұйымдардың  негізінде 

психологиялық оңалту қызметтері бар. 

Елбасының  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 

қабілеттілік»  Жолдауында  атап  өткендей    біз  кез  келген  радикализмге 

мүлде  төзбеушілікті  қалыптастыруымыз  керек.  Діни  радикалдар 

қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани құндылықтарына қауіп төндіреді. 

Сондықтан,  терроризм  мен  діни  экстремизмнің  алдын  алудың  жүйелі 

мәселелеріне  тұрғындардың  барлық  белсенді  азаматтарын  жұмылдыру 

маңызды. 

 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет