– Әлем елдерін дүрліктірген діни экстремизмнің қауіп-қатеріне
қарсы Қазақстан да тиісті іс-қимылдарға көшіп, маңызды
бағдарламалар қабылдағанынан хабардармыз. Осы бағдарламалар
жайында оқырмандарға тарқата айтсаңыз.
– «2013–2017 жылдарға арналған Қазақстанда діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі» мемлекеттік бағдарламаның
орындалу барысына орай терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның,
қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда
болды. 2013 жылдан бастап елімізде діни экстремизм мен терроризм
идеологиясын таратудың себептері мен жағдайларын жою және атаулы
ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде 202 комиссия
жұмыс істейді. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес
дайындалған Қазақстан Республикасында «2018-2022 жылдарға арналған
діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі» мемлекеттік
бағдарламасы осы бағытта басталған жұмыстарды жалғастыра бермек.
Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады. Ал Ислам
атын жамылған экстермистік топтар – бұқара жұртшылықтың татулығы
мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты
туғызатын жаңсақ пікірлі саяси-топтар екенін халық арасында кеңінен
түсіндіру жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да басты мақсат болып қала
бермек.
Сондай-ақ
ҚР
Президентінің
Жарлығымен
«Қазақстан
Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020
жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдама негізінде
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет
және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасы аясында 12 нормативтік
құқықтық актіге (3 кодекс пен 9 заң) 53 түзетулер енгізу қарастырылған.
Өңірлердегі
деструктивті
секталардан
зардап
шеккендерге
көмектесуге мүмкіндік беру бойынша да жұмыстар атқарылып келеді. Ол
үшін Үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп кеңес беру орталықтар желісі
құрылды. Бұл жоба бойынша 24 Үкіметтік емес ұйымдар министрліктің
Дін және қоғам
9
серіктесі болды. Ерекше назарды қажет ететін өңірлерде тек кеңес беру
орталықтары емес, сондай-ақ толық қызмет көрсететін психологиялық
оңалту қызметтері де бар.
Атап айтқанда, «Ақниет» ақпараттық-насихат және оңалту орталығы»
атты қоғамдық қор терроризм мен діни экстремизм үшін сотталғандарды,
сондай-ақ олардың отбасыларын дерадикалдандыруға мамандырылған.
Соңғы 4 жылдың ішінде түзету мекемелеріндегі 2745 жазаға
тартылғандардың 276-і өз райынан қайтса, 600-і дәстүрлі дінге бет бұрды.
Аймақтарда осы жұмыс оңалту орталықтары тарапынан жүргізіледі.
Атап айтқанда, «Ансар» (Ақтөбе облысы), «Шапағат» деструктивті діни
ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету орталығы (Атырау
облысы), «Шаңырақ» (Алматы қ.), «Насихат» (Ақмола облысы), «Нұрлы
білім» ҚҚ (Қарағанды облысы).
Сонымен қатар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында қоғамдық ұйымдардың негізінде
психологиялық оңалту қызметтері бар.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Жолдауында атап өткендей біз кез келген радикализмге
мүлде төзбеушілікті қалыптастыруымыз керек. Діни радикалдар
қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани құндылықтарына қауіп төндіреді.
Сондықтан, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алудың жүйелі
мәселелеріне тұрғындардың барлық белсенді азаматтарын жұмылдыру
маңызды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |