Балғабек мырзаев


– Дегенмен, қазір қаракөз қазақ жастары арасында некенің түпкі



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет27/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
– Дегенмен, қазір қаракөз қазақ жастары арасында некенің түпкі 

мақсатын  ұғынбай  үйленіп,  артынша  ажырасып  жататындары  да 

көбейіп келеді. Мұның себебі неде? Неке мәселесіндегі мұсылмандық 

қағидалары қандай талаптардан тұрады? 

–  Иә,  бұл  ащы  да  болса  ақиқат.  Бүгінде  кейбір  жастардың  отбасын 

құрып,  оны  сақтау  мәселесіне  атүсті  қарап,  оны  ойыншыққа  айналдыра 

бастағаны  көңілге  қауіп  ұялатады.  Әсіресе,  дәстүрлі  емес  діни  ағымды 

ұстанушылар арасында некеге жеңіл қарау белең алды. Неке қию ағайын-

туысқандардың  қатысуымен  және  қолдауымен  болған  жағдайда  жас 

жұбайлардың сол ортаға тез үйренісіп кетуіне мүмкіндік береді және үлкен 

жауапкершілікті  жүктелгенін  сезінеді.  Мұндай  жағдайда  жастар 

оңайлықпен  ажырасуға  бара  қоймайды.  Бүгінгі  күні  ата-анасының 

хабарынсыз, әлі оңы мен солын танып үлгермеген өздерінің жақтастарын 

жинап  алып  діни  некені  қия  салудың  салдары  ажырасудың  тез  болуына 

апарып  соқтыруда.  Тіпті,  діни  некенің  өзін  дұрыс  түсіне  алмай  адасып 

жүргендері  қаншама.  Осы  тұрғыдан  ислам  дінінде  некенін  орны  мен 

маңызы туралы тереңірек тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. 

Ислам  құқығында  отбасы  құрудың  алғашқы  шарты  неке  қидыру 

болып  табылады. Неке  қиюдың  өз  шарттары  бар. Біріншіден, екі жастың 

ризашылығының  болуы.  Яғни,  екі  адамның  бір  шаңырақ  астында  тұра 

алатындығын түсініп, өз жүрек қалауларымен келісуі. Неке алдау жолымен 

немесе мәжбүрлеу арқылы болмауы керек. Некені қию адал мен харамның 

аражігін  ажырататын  шара  болғандықтан,  оның  көпшілікке  жария  етілуі 

тиіс. Сүннизмнің құқықтық төрт мазхабы мүмкіндігінше некеге тұруға ата-

атаның  келісімі  мен  разылығын  алғанды  қалайтынын  да  назарда  ұстаған 

жөн. 

Екіншіден, екі куәгердің болуы. Куә болатын адам – осы екі адамның 



отбасын құрып, бірге тұра алатынына куәлік беретін адам. Ал, куәгерлер 

ақыл-есі  дұрыс,  балиғат  жасына  толған  жандардан  таңдалады.  Қиылған 

Дін және қоғам

25



некеге  екі  куәгердің  қатысуы  шарт.  Куәгерлердің  саны  Құранда  да  анық 

айтылған: «Екі ер адамды куәгер етіңдер. Егер екі ер адам болмаса, өздерің 

куә ретінде құп көретін бір ер кісі мен екі әйел жеткілікті». 

Үшіншіден, некелесу ерге де, әйелге де белгілі бір жауапкершіліктерді 

жүктейді.  Ер  адам  –  отбасының  асыраушысы,  ол  әйелі  мен  баласын 

материалдық  және  рухани  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге,  оларды  қорғап, 

пана болуға міндеттейді. Ал, жұбайына күйеуінің шағырағын абыороймен 

қорғау міндеттеледі. 

Бұл  дегеніміз  үлкендерді  қадірлеу,  өзара  құрмет,  сүйіспеншілік, 

қамқорлық және имандылық. Бүгінгі қоғамымызда шариғаттың шарттарын 

бұрмалап,  дұрыс  орындамай,  әйелін  оп-оңай  талақ  ету  жөнімен  қаракөз 

қыздарды мазақ ететін «робот мұсылман» жігіттердің саны көбейді. Олар 

ұрпақ  сүйіп,  үлгілі  отбасы  құруды  көздемейді,  нәпсісінің  қалауымен 

қыздарды  қорлау  әрекетіне  еркін  барады.  Бастапқыда  көңілдері  жарасып 

үйленген  сияқты  болып  көрінгенімен,  кейде  арадан  1  ай,  кейде  2  ай 

өтпестен  «3  мәрте  талақ»  айтып  ажырастым  деп  әйелін  айдалада  тастап 

кетіп жатыр. Онысымен қоймай, мен әйелімді талақ қылдым, араларыңда 

алатындарың  бар  ма  деп  достарына  жар  салады.  Осындайлардың  некені 

ойыншыққа  айналдырғандар  дегеннен  басқа  не  айтамыз?  Одан  қалса, 

әйелдердің  «жыныстық  жиһад»  дегенді  шығарып,  Сирияға  қарулы 

қақтығыс  аймағына  баруы  тағы  бар.  Сирияға  барып,  көтерілісшілердің 

жыныстық  қатынас  жөніндегі  қажеттілігін  өтейтін  «джихад-аль-никах» 

(«неке джихады») жолындағы әйелдер осы амалын шариғатпен ақтап ала 

аламыз  десе  түбегейлі  қателеседі.  Ақылы  басында  болған  пенде  «жалған 

шейхтардың»  айтқанымен  емес  Құран  Кәрімнің  көрсеткен  жолымен 

жүреді емес пе? 

Сирияға  аттанып,  онда  «20,  30,  100  содырдың  жыныстық  қатынас 

жөніндегі  тілегін  қанағаттандыруға  аттанғандар»  мен  айдың  күні  аманда 

ай сайын талақ айтып ажырасып, артынша қайта тұрмыс құрып жатқандар 

толығымен дәстүрлі емес ағымды ұстанатындар екені белгілі. Шариғатты 

білгендер мұндай қадамға, сірә, бара қоймас еді. Ертең осы әйелдер жүкті 

болып жатса, оның әкесі кім екенін басқа түгілі сол әйелдің өзі айтып бере 

алмайды.  Егер,  шынайы  мұсылмандықтың  жолын  ұстанған  болғанда 

жаңадан  некеге  тұру  үшін  шариғатта  талап  етілетін  төрт  ай, он  күн  идда 

мерзімін сақтап, осы мерзім өткен соң басқа біреумен некелесуі керек еді. 

Себебі,  Құран  Кәрімде  «Бақара»  сүресінің  234  аятында:  «Араларыңда 

біреу-міреу  қайтыс  болып,  олардың  жесірлері  қалса,  ол  әйел  (әдет 

бойынша)  төрт  ай,  он  күн  аза  тұтуы  керек.  Мерзімі  толғаннан  кейін 

әдептен  аспай,  өз  қамын  ойлай  бастаса  (бой  түзей  бастаса),  оның 

жауапкершілігі  сендерге  жүктелмейді.  Егер  ол  әйел  ерінен  екіқабат 

күйінде қалса, онда баласын тапқанға дейін тосады» деп бұйырылады. 

Дін және қоғам

26




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет