Балғабек мырзаев


немесе  олардың  заңды  өкілдерінің  Қазақстан  Республикасының



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет23/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
немесе  олардың  заңды  өкілдерінің  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасында  көзделген  инфекциялық  және 

паразиттік  аурулардың  алдын  алудан  жалтаруы  он  айлық  есептік 

көрсеткіш  көлемінде  айыппұл  салуға  алып  келеді» –  деп 

толықтырылды.   Аталмыш  бап  бойынша  ата-ана  немесе  оның  орнын 

басатын  жауапты  тұлғалар  балаларына  инфекциялық  және  паразитттік 

ауруларға  қарсы  екпе  егуден  бас  тартқаны  үшін  құқықтық 

жауапкершілікке тартуды талап етуді көздеген болатын. 

Бұл  жерде  көңіл  бөлетін  тағы  бір  мәселе  бар.  Мемлекет  тек  дінді 

ұстанушылармен  ғана  күресіп  жатқандай  көрсеткісі  келіп,  түбегейлі 

жаңылыс ақпаратты жүргендер баршылық. Кез келген айыппұл санкциясы 

ҚР ӘҚБК жүзеге асып жатқан санкция төңірегінде қарастырылады және ол 

тек  діни  ұстанымы  үшін  ғана  емес,  осы  талапқа  бағынбағандардың 

барлығына бірдей тең қолданылады. 

Меніңше, осы  мәселені  дінмен  байланыстыра  қарау  бар  кезде  дұрыс 

емес.  Қарап  отырсақ,  соңғы  жылдары  әлемнің  басқа  елдерінде  де  екпеге 

қарсылық  білідіретін  ата-аналар  қатары  өсіп  келеді.  Бұған  себеп,  бір 

жағынан,  екпе  салдарынан  ауруға  шалдыққан  бала  санының  өсуі  болса, 

екінші  жағынан,  әлеуметтік  желілерде  вакцинаға  қарсы  антирекламалық 

бейнероликтер,  мақалалар  мен  жаңалықтар  көптеп  жарық  көруі  түрткі 

болуда. 


Сондықтан,  екпеден  бас  тартуды  тек  қана  діни  себептермен 

түсіндіруді орынсыз деп санаймын. 

Әрине, бұл діндарлардың белгілі бір топтарының арасында бұл мәселе 

жоқ  дегенді  білдірмейді.  Ол  бар.  Біз  бұл  бағытта  жергілікті  атқарушы 

органдармен  және  Муфтиятпен  бірлесіп,  жұртшылық  арасында  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізудеміз. 

Санитарлы-эпидемиялогиялық  қызмет  тарапынан  діни  бірлестік 

өкілдерімен белсенді жұмыс жасалып жатқанын айтып өткен жөн. Жұмыс 

барысында  діни  бірлестік  өкілдері  тарапынан  діннің  екпеге  қарсы  емес 

екені айтылып, халыққа тікелей түрлі дін өкілдері арқылы жеткізілуде. 

Екпе  салуға  белсенді  қарсылық  көрсететіндердің  қатарында 

деструктивті  діни  ағымдардың  өкілдері  басымдау  екені  белгілі.  Сол 

себепті осы топқа жататын тұрғындармен жұмыс жасау қиындық тудыруда 

(олар  екпеден  бастартуға  әкеп  соқтыратын  қасаң  көзқарас  ұстанады,  осы 

мәселені талқылауға ықыластары өте төмен). 

Сонымен  қатар  жақында  ғана  Ақтөбе  облысында  іссапарда 

болғанымда  қызық  бір  оқиғаны  мешіт  имамының  аузынан  естідім. 

Облыстық  денсаулық  сақтау  мекемесінің  маманы  дін  қызметкеріне  екпе 

алуға  қарсы  болсаңыз  онда  діни  көзқарасыма  байланысты  бас  тартамын 

деп  жазып  бере  салыңызшы  деп  қол  қойдырып  алған.  Содан  кейін,  есеп 

беру  барысында  мешіт  имамы  да  діни  көзқарасына  байланысты  екпеден 

бас  тартуда  деген  ақпаратты  ақпарат  құралдарын  атаратып  жібергені 

туралы айтып берді. Сондықтан екпе төңірегіндегі әрбір оқиғаға жеке жеке 

үңіліп қарауымыз орынды болады. 

Бір  жағынан,  екпе  дінде  харам  деген  ұғымды  таратып  жүргендер  де 

кедеседі.  Егер  екпе  харам  болса,  Сауд  Арабиясы  Королдігі  жыл  сайын 

қажылыққа  баратын  азаматтарымыздан  жұқпалы  ауруларға  қарсы  екпе 

алуды  талап  етпейтін  еді  ғой.  Тек  қана  Қазақстаннан  ғана  емес  иісі 

мұсылман  әлемінің  100-деген  елінен,  оның  ішінде  Египет,  Түркия, 

Малайзия,  Иран,  Пәкістанің  қажылары  да  екпе  харам  деп  шу  көтеріп 

жатқан жоқ. 

Сонымен  қатар,  ислам  әлемінің  көптеген  беделді  халықаралық 

ұйымдары  бар.  Олардың  ішіндегі  ең  үлкені  57  ислам  мемлекеті  мүше 

болып  табылатын  ислам  Әнтымақтастығы  ұйымы  болып  табылады.  Осы 

ұйымдардың ешқайсысы да екпе харам деген пәтуа бермеген. Сондықтан 

діни көзқарасына байланысты екпеден бас тарту дұрыс емес екенінн назар 

аударғым келеді. 

Ал, екпенің сапалы болуы, екпе алатын баланың денсаулығының сау 

екендігін анықтап барып екпе егу мәселелері бойынша дәрігердерлерді де, 

ата-аналармен  де  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  маңызды  болып 

табылады. 

Осы  ретте  екпе  мәселесі  тек  Дін  істері  және  азаматтық  қоғам 

министрлігінің  ғана  мәселесі  емес,  ол  қоғамның  ортақ  мәселесі  екеніне 

назар аударғым келеді. 

Дін және қоғам

22



Арнайы құрылған жұмыс тобына азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, 

мемлекеттік  органдардың,  сарапшылар  қауымдастығының  өкілдері 

қатысып,  олардың  пікірлері  мен  ұсыныстары  қарастырылды.  Сонымен 

қатар, халықаралық тәжірибе зерттеліп, оның қолдану жолдары зерделенді. 

Бір байқағанымыз, жұмыс тобының отырысына қатысушылардың барлығы 

да  діннің  деструктивтік  іс-әрекеттерде  қолданылуын  азайту  мақсатында 

құқық  нормаларын  орнату  қажет  екеніне  ерекше  маңыз  берді.  Көптеген 

талқылаулардан  кейін  жұмыс  тобымен  қолданыстағы  Қазақстан 

Республикасының  2009  жылғы  18  қыркүйектегі«Халық  денсаулығы  және 

денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  кодексінің  156-бабының  1-бөлігіне 

келесідей мазмұнда толықтыру енгізу ұсынылды: 


жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет