Сұрақ: Балаларды міндетті түрде вакцинациялау шаралары
бойынша тұрғындардың бір бөлігінің көңілінде күмән бар секілді.
Мұндай қарама-қайшы пікірдің туындауын қалай түсіндіресіз?
Жауап: Соңғы уақытта екпеден бас тарту өзекті мәселеге айналғаны
ақиқат. БАҚ беттерінде екпенің пайдасынан залалы көп екені жөнінде
түрлі алып-қашпа әңгімелер, кейбір өздерін дәрігермін деп таныстырып
екпе жайлы пікір білдіруші дәрігерле де бар екені рас. Алайда, осындай
алып қашпа қауесеттерге еріп, екпеден бас тартып, салдарынан жұқпалы
ауруларға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны артып кеткенін де
статистика дәлелдеді. Олар мүгедек болып қалуы мүмкін, өлімге әкеліп
соқтыратын жағдайлар да бар. Мыңдаған адамдар, соның ішінде балалар
науқасының асқынып кеткен тұстары кездеседі. Бірақ, тұтастай алғанда,
біз Денсаулық сақтау министрлігіне бұл мәселеге мұқият қарап, екпелердің
сапасын, қызметкерлердің жауапкершілігін жан-жақты зерттеуді ұсындық.
Бүгінгі күні екпе алуды заңмен міндеттейтін тармақ заң жобасынан
алынып тасталған. Ол туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.
Ермекбаев БАҚ беттерінде бірнеше мәрте ресми мәлімдеді. Бірақ қазіргі
уақытта жұқпалы аурулар тез тарап жатады. Мұның салдары да қоғам үшін
қауіпті болып табылады. Жеке бастың мүддесінен қоғамның мүддесі
барлық уақытта жоғары тұруы қажет. Осыны ескере отырып, өзімізді
ойламасақ та басқаларына зиянымыз тимеуі үшін вакцина алудан
қашпағанымыз абзал.
Сұрақ: Заң жобасы атеистердің құқығын қорғауды қарастырып жатыр
екен. Қоғамның бұған қатысты пікірі де алуан түрлі. Атеистерді арнайы
бөліп көрсету қажеттілігі неден туындады?
Поделитесь с Вашими друзьями: |