Жауап: А.ж. 14 сәуірде Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесуінде дін
саласындағы қоғамдық санаға қатысты бірқатар шешімін табуды қажет
ететін мәселелерді атап көрсеткені белгілі. Соның ішінде елімзде
деструктивті діни ағым өкілдерінің бет-әлпетін жабатын қара киім
киетіндерін және мұны реттеу қажет екеніе назар аударды.
Бүгінгі күні әзіргенген заң жобасына осы бағытта келесідей шаралар
қарастырылуда:
1.
«Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқару,медициналық
мақсаттарда, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық және спорттық-
бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін қажет
болатын жағдайларды қоспағанда,бет-әлпеттітануға кедергі келтіретін
киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынады.»;
2.
2. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін
сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию
және таратуға жол берілмейді».
Аталмыш жұмыс шеңберінде деструктивтік идеологиялық ағымдарға
қатыстылығын анықтайтын сыртқы атрибутиканы, киімдерді қоғамдық
орындарда қолдануға (киюге) заңнамалық деңгейде, нақты айтқанда
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер енгізу
арқылы тыйым салу ұсынылады. Себебі, аталмыш заң материалдық және
рухани құндылықтардың құқықтық негіздерін, патриотизмге тәрбиелеуді
және Қазақстан Республикасы азаматтарының эстетикалық қажеттіліктері
мен мүдделерін қанағаттандыруды анықтайды.
Сонымен бірге, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың
және астананың) жергілікті атқарушы органдарына енгізілетін талаптарды
бұзу бойынша істерді қарау құқығын беру ұсынылуда.
Заң жобасы қабылданғанға дейін бұлар әлі де өзгерістерге ұшырауы
мүмкін екенін назарға алған жөн.
Сұрақ: Біраз уақыт бұрын намазханалар жабылып қалды деп естіген
едім. Жақын арада газеттен намазханалар қайта ашылды деп естідім. Осы
туралы толығырақ айтып кетсеңіз.
Поделитесь с Вашими друзьями: |