Балғабек мырзаев



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет10/120
Дата11.02.2022
өлшемі2.85 Mb.
#17154
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120
ДИН КОГАМ 19
АРАБСКАЯ РЕСПУБЛИКА ЕГИПЕТ (1), Ғылыми мақала Исфижаби, ибн Халкан әл-Фараби
 

 

Дін және қоғам

11



 

Қоғамды дұрыс бағытқа сала білсек ғана діни 

қауіптен алшақтай аламыз 

 

Шағын мемлекеттің иесімін 

 

Мен  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Төле  би  ауданындағы  Қасқа  су 



ауылында  дүниеге  келдім.  Бұл  елді-мекен  Алатаудың  баурайында  Ақсу-

Жабағылы  қорығының  етегінде  орналасқан.  «Ақсу-Жабағылы»  қорығы 

Қазақстанның  ең  көрікті  жерлерінің  бірі.  Мұндағы  биік  таулар,  ну 

ормандар,  толассыз  ағып  жатқан  Ақсу,  Қасқа  су,  Саурам  өзендері  кез-

келген  адамды  тамсандырмай  қоймайды.  Өзім  үшін  де  туған  жерімнің 

керемет көрінісі әрдайым көз алдымнан кетпейді. Қайда жүрсем де туған 

жерге деген сағынышым жүрегімде сақталады. 

Өкінішке  орай,  жұмыстың  тығыздығына  байланысты  туған  ауылыма 

жылына 4-5 күнге ғана барып қайтамын. Бірақ, мүмкіндігінше жиі баруға 

тырысамын. Біреулер еңбек демалысында шетелге, мұхит асып кетемін деп 

жатады. Ал, мен оларға туған жеріңнен артық жер жоқ деп айтамын.  

Мені  бір  шағын  мемлекеттің  иесімін  деп  айтуға  болады.  5  баланың 

әкесімін.  Аллаға  шүкір,  аяулы  жарыммен  бірге  тату-тәтті  өмір  сүріп 

жатырмыз.  Отбасылық  өмірде  өзімді  жолым  болды  деп  есептеймін. 

Тәрбиелі,  білімді  ұл-қыздарымның  өсіп  келе  жатқанын  көріп  қуанып, 

сүйсініп отырамын. 

  

 

Адамды алға жетелейтін сенім 



 

Бала  кезімде  ең  алғашында  дәрігер  болуды  армандап  едім.  Себебі 

тісім  жиі  ауыратын.  Сондықтан  болар,  адамдарға  ем  көрсетіп,  олардың 

сауығып  кетуіне  себепші  болғым  келді.  Өсе  келе  заңгер  болуды 

армандадым.  Өйткені,  ол  кезде  «заңгерлік»  мамандық  танымал  болатын. 

Адам көп армандайды ғой. Бірақ, өмір өз қажеттілігіне қарай адамды басқа 

жолға  түсіреді.  Мысалы,  заңгер,  экономист  боламын  деп  жүріп,  басқа 

саладан  бірақ  шығатындар  аз  емес.  Менің  ойымша,  мұның  бәрі 

жақсылыққа жетелейді. Барлығы да адамның ынта жігеріне, ұмтылысына 

байланысты. 

Баяғыда  бір  қария  жас  жігіттен  «Арман»  деген  не?  -  деп  сұрапты. 

Жігіт  сонда:  -Ата,  арман  деген  қиял,  -  деп  жауап  береді.  -  Жоқ,  балам, 

арман  дегеніміз  ақыл-ойдың  шыңы.  Құс  ұшсам  дейді,  бала  өссем  дейді, 

қыз  көpiктi  болсам,  жігіт  бақытты  болсам,  қарт  жүзге  жетсем  дейді, 

Дін және қоғам

12




жүктеу 2.85 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет