Балапанның басынан кешкендері



жүктеу 124 Kb.

Дата05.02.2017
өлшемі124 Kb.
2139

3

Балапанның басынан кешкендері

Бағдаршам

 

Сурет салу сабағы



Ұлттық аспаптар

Сәйкесін тап! 

Сиқырлы қарындаш

Қызыл кітап

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар

Әнші балапан

Үш көбелек

Сен білесің бе?

Қалтадағы қайық

Мен суретші боламын

4

8

9



12

16

17



18

20

24



С

ә

л



е

м

!



26

28

30



32

МАЗМҰНЫ


Балапанның басынан кешкендері

Бақытты үйректер

Балапан  оянған  кез-

де күн көтеріліп қалған екен. Ұйқысының 

қан ғандығы байқалып тұр. Достарын іздеп ай-

наласына қарап еді, ешкім көзге түсе қоймады. 

Соншама ұзақ ұйықтағанына ұялғандай болды. 

Жақын  жердегі  өзен  жақтан  құстардың  азан-

қазан  дауысы  есті леді.  Ол  көп  ойланбас тан 

құс базарына қарай бет алды.

1

Су жиегіне жақында  ға  ны сол 

еді,  алаңсыз  мәз-мәйрам  бо    лып 

жат қан  қаз  дар ды  көр  ді.  Ке ше-

гі  қорыққаны  есіне  түсіп,  жиек     -

тегі қоғалар дың таса  сы    на ты ғыла 

қалды.  Бұдан  сәл  алыстау  жерде 

үйрек тер  жайлап  жа тыр  екен.  Су-

да  жүзіп  жүрген  үй   рек   тің  ба  ла  пан-

дарын көрді.

Үйрек  балапандарының  су да  ер-

кін  жүзе тіндіктеріне  қызыға  қа рап 

тұрды.  Олар  жағалаудан  ұзап  бара 

жат қан  үлкен  үйректерден  қалыспай 

же ңіл жүзіп барады.

2

4



Бір кезде басына «Мен де осыларға 

ұқсап неге жүзе алмаймын?» деген 

ой келді. Ол  көп ойланып тұрмай 

суға қойып кетті.

Айдынға бірден сүңгіген Ба-

лапан су бетіне әзер көтерілді. 

Қанша тыпырласа да бір орны-

нан қозғала алатын емес, біреу 

тереңге тартып тұрған секілді. 

Балапан сасқанынан:

- Көмектесіңдер! – деп 

айқайлады.

Бірақ ешкім құтқаруға 

асыға қоймады.

3

Балапанның көздері бұлдырап, су 



жұтып қойғаннан кейін қақалып-шашала 

бастады. 

Кенет бір күш желкесінен қатты қысып 

ұстап алып, жағаға қарай сүйрей жөнелді. 

Балапан есін жиғанша құтқарушысы ұзап 

кеткен екен. Өзін ажалдан алып қалған 

Атақаз екендігін көргенде сенерін де, 

сенбесін де білмеді. «Өзі тым қорқынышты 

емес екен ғой» деп ойлады ішінен.

Осы екі ортада жүгіріп достары да келіп 

жетті. Балапан оларға өзін құтқарып 

қалған Атақаз екенін қуана айтып берді.

4

5



Балапан үндемей қалды. «Шіркін, 

суда еркін жүзетін үйректің балапандары қандай 

бақытты!» деп ойлады іштей...

 

7



-Сендер маған суға жүзуді үйретесіңдер ғой, солай 

емес  пе?-  деді  достарына  қарап.  Неге  екені  белгісіз, 

күшік  те,  кішкентай  мысық  та  үндей  қоймады.  Бір 

кезде күшік: 

-  Сендер,  тауықтың  балалары,  суда  жүзе 

алмайсыңдар,-деді кінәлі жандай төмен қарап тұрып.

6

Журналдың келесі нөмірінде Балапанның қалай 



"ұшқандығына" куә боласыңдар.

6


1

2

3



4

5

6



7

1

2



4

3

7



6

5

Торкөздерді толтырып, жасырын сөзді тап!



7

Үш көзді дәу – қырағы

Жолторапта тұрады.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта! Сақтан! 

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып!

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

Бағдаршам



Ертай Ашықбаев

8


Сурет салу сабағы

2

4



3

6

5



1

Жоғарыдағы сандарды ретімен орналас­

тырып, сурет салуды үйрен!

9


А

Т

С



А

Л

Р



Р

Н

Қ



Т

Қажетті әріптерді қойып жаз!

Е

К

10



Ыдыстарға  берілген  өрнектерді сал! 

11


Домбыра 

 қазақ  халқының ұлттық аспабы. 



Ха лық тың  қуанышы,  қайғы-мұңы  күймен  жазылған. 

Оның  әр  отбасының  төрінде  ілулі  тұратыны  сон-

дық тан.

Қылқобыз

  –  ысқышпен  орындалатын  

әлем дегі ішекті аспаптардың атасы, қос 

ішек ті музыкалық аспап. Қылқобыздың 

қазіргі заманғы бір түрі – прима қобыз.

Сазсырнай

 – саздан жасалған үрмелі аспап. 

Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Оңтүстік 

Қазақстан аймағындағы  Отырар 

қаласында жүргізілген қазба жұмыстары 

кезінде табылған.

Жетіген

-шертіп ойнайтын жеті ішегі 

бар музы калық аспап. Тиектің орнына 

асықтар пайдаланылған. 

Сыбызғы

-  үрмелі  көне  аспап.  Қурайдан,  ағаштан, 

күмістен  жасалады.  Сыбызғының  үні  жұмсақ, 

құлаққа  жағымды.  Өзінің  қарапайымдылығына 

қарамастан, үн шығару тәсілі өте күрделі,

көне музыкалық аспап. 

Ұлттық аспаптар

12


Төменде берілген заттардың үлкенін ­

 қызыл


кішкентайын ­ 

жасыл

 қарындашпен белгіле!



13

Ұлықбек Есдәулет

Мынау сары қарындаш,

Мұнымен күнді бояймын.

Мынау қоңыр қарындаш,

Мұнымен құмды бояймын.

Мынау қара қарындаш,

Мұнымен түнді бояймын.

Мынау қызыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

Мынауым жасыл қарындаш,

Мұнымен нуды бояймын.

Мынауым көк қарындаш

Мұнымен туды бояймын.

Мен суретші боламын,

Қолға қарындаш аламын.

Ақ апамның суретін

Ақ бояумен саламын.

Сонда менің қарындашым нешеу?

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, 

алтау, жетеу!

 Қарындаштар

14


К

Т

І



А

П

Е



І

Л

М



Ж

Л

М



А

А

Қ



Әріптердің ретін тауып, шеңбердің ішіне жаз!

15


Сәйкесін тап!

16


Сиқырлы қарындаш

17


ҚЫЗЫЛ КІТАП

                              

  

Бұйра  лалагүл

 – лала гүл  дер 

тұ   қым   да  сына  жа та тын  көп-

жыл дық,  жуашықты  өсім     дік   . 

Бұй  ра лала гүл әсем   дік үшін ерте 

за маннан  бе   рі  қолдан  өсірі леді. 

Одан  меди  цинада  дә рі  жасала-

ды, бояу және эфир майы алы-

нады,  жуа шығы  та ғам        ға  жа-

рамды, гү лі нен ара бал жинайды. 

Ақ  тұңғиық

 

– тұң ғиықтар тұқымдасына 

жата тын көпжылдық шөп-

тесін су өсім дігі. 

Қазақс тан ның Батыс ай -

мақ   та     рын   да та    рал  ған. 

Су ас тын   да ғы тамыр са-

ба ғы то пы    рақ  қа төселіп, 

дөң  ге    лек жапы рақ тары су 

бе ті не жайылып өседі.

18


Қызғалдақ 



 лалагүлдер тұ-

қым дасына жата тын 

өсім дік. Сабағы жұ мыр, 

тік өсе ді. Қазақстан да 

қызғал  дақ тың 35 түрі бар. 

Сондық тан Қазақстан қыз-

ғал дақ тың ота  ны болып са-

налады.

Көктем  жанаргүлі    сарғал-

дақтар тұқымдасына жата-

тын бір немесе көпжылдық 

шөптесін  өсімдік.  Мамыр 

ай ын    да гүлдеп, шілдеде же-

міс береді. 

Қызыл  қайың 

 –  қайыңдар 

тұқымдасына жататын 

ағаш.  Қызыл  қайыңның 

жалғыз  ғана  отаны  бар, 

ол  Қазақстан.

19


Жұмбақтар

Қар дейін десем,

Қап­қатты.

Тас дейін десем,

Тәп­тәтті.

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

Пышақпен ұштала береді,

Бойы қысқара береді.

Ағаштан­ағашқа секіреді,

Жеміс жеп жетіледі.

(Бұлт, қант

, шаңғы, қарындаш, маймыл)

Күнді жабады,

Жаңбыр болып жауады.

20


Жаңылтпаштар

Қабат­қабат үй салдық,

Үйлер тола күйсандық.

Күйсандықтан үй салдық,

Күйсандыққа күй салдық.

Мынау балқаймақ – қай балқаймақ?

Бұл балқаймақ – май балқаймақ!

Құрықтан құлдырап түстім,

Сырықтан сылдырап түстім.

Топ бала, топ бала,

Ойнап жүр, топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.

Мұз мұзға ұқсас, 

Тұз тұзға ұқсас, 

Мұз да, тұз да ұқсас.

21


Әли Ысқабай

Ақорда

Астана – ана кең жүрек,

Ақорда қарар елжіреп.

Көгілдір күмбез үстінде

Көк туым тұр ғой желбіреп.

Ақорда – елдің тірегі,

Лүпілдеп соғар жүрегі.

Қажымас қайрат тоғысқан,

Жарасып жұрттың тілегі.

Жасампаз көркі жарасқан,

Төбесі көкпен таласқан,

Ақорда – шырақ, бағдаршам

Болашағыма жол ашқан.

Қазақ елі

«Қазақ елі» шынары –

Қасиеттің тұмары.

Шежіресін тарихтың

Мәңгі айтар жыр-әні.

Әр бақытты таңдарға,

Қуанбайтын жан бар ма?!

Алтын қанат Самұрық

Самғап ұшар заңғарға.

Ғажайып жер екен бір,

Іргетасы бекем тұр.

Елдік сырды шертетін

Қасиетті мекен бұл!

22


Бәйтерек

Астана – сұлулық ғаламы,

Ғажайып ғимарат алаңы.

Өрлеп біз Бәйтерек басына,

Шоламыз кең байтақ даланы.

Бәйтерек – биіктік өресі,

Көрінер келешек белесі.

Алаңда тұр биік асқақтап,

Дегендей өркенді ел осы!

Айшықты Астана айдары,

Бәйтерек – елімнің айбары.

Бас қосар барлық ұлт баласы,

Ол  достық, татулық қайнары.

Хан шатыр

«Хан шатыр» көкпен таласқан,

Үкілі бөркі жарасқан,

Пішіні сыртқы келісті,

Түсіне ұқсас кәрі аспан.

Ақ гүлдей өскен жай құмға

Шатырды көрсең, айдынға

Қонған ба деп те қаласың,

Күш-жігер беріп айбынға.

Ақ шатыр күміс шық-нұрдан

Киелі қамал нық тұрған.

Тарихтың өшпес ордасы ол,

Ерлікті елге ұқтырған.

23


Әкетайым-әкешім

әнін жазған – Е.Ерғали

сөзін жазған – Р.Оңаева

1. Әнімді әкеме арнаймын,

Ән болып әуелеп самғаймын.

Мен сенің қанатың секілді,

Шарлаймын өмірді жалғаймын.

      Қайырмасы:

Алыста жүргенде сағынам,

Мен саған шырақ боп жағылам.

Жетелеп өзіңе асыл ән,

Жан әке көргенше асығам.

2. Кеудемде толқиды жүрегім,

Әке деп соғады білемін.

Аман бол әрқашан әкешім,

Сонда  мен жадырап жүремін.

      Қайырмасы:

3. Әкешім сенімен мақтанам,

Күй шертіп, ән шырқап шаттанам.

Өзіңе арнаған әнімді,

Тыңдашы байтақ ел, Астанам!

24

Әнші балапан



25

Күн шуақты алаңқайда үш көбелек 

тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі 



 ақ, 


екіншісі 

 қызыл, үшіншісі 



– 

сап-сары екен.

Көбелектер гүлден-гүлге қуана ұшып-қонып, өмірлерін 

көңілді өткізіпті.

Бірде тасыр-тұсыр етіп жаңбыр жауып кетеді. Көбелектердің 

қанаттары дымқылданып, қайда тығыларын білмей дал болады. Ал, 

себелеп жауған жаңбыр тоқтар емес!

Малмандай су болған көбелектер лалагүлге келіп:



 Лалагүл, лалагүл! Бізді жаңбырдан тасалашы! 



 деп өтінеді. 

Лалагүл:

 Жарайды, ақ көбелектің түсі маған ұқсайды екен. 

Мені саяласын! Ал, қызыл, 

сары көбелек басқа жерге тығылыңдар! 



 

дейді. Мұны естіген ақ көбелек:



 Менің құрбыларым су болып жүргенде, жалғыз 

өзім сенің саяңда қалай жайбарақат отырамын. Оларды 

да тасаңа алмасаң, онда мен де отырмай-ақ қояйын…-

деп ұшып кетеді. Үшеуі ұшып келеді, ұшып келеді. 

Жаңбырдың  да қоятын түрі жоқ. Қараса, үлкен қызыл 

қызғалдақ өсіп тұр.

 Қызғалдақ, қызғалдақ! Мүмкін болса, жаңбыр 

саябырлағанша біз сенің ығыңа тығыла  тұр сақ 

бола ма?


Үш көбелек

(неміс ертегісі)

26


 Қызыл көбелек маған ұқсайды. Соны 

алайын қалқама. Ал, ақ көбелек пен сары көбелек 

басқа орын іздесін! 



 дейді қызғалдақ. Бұған ренжіген 

қызыл көбелек:

 Сен менің құрбыларымды қабылдағың к

елмесе, маған да 

көмектеспей-ақ қой. Тоңсақ, бірге тоңайық, 



– 

деп ұшып кетеді.

Қызыл көбелек қараса, алдарында үлкен сарғалдақ өсіп тұр. Олар 

гүл жанына ұшып келіп:



 О, тамаша сарғалдақ! Жаңбыр тоқтағанша сені ықтай 

тұрайықшы?! - деп өтініш жас

айды.


       Сарғалдақ:

  

 Жарайды, мен өзім түстес сары көбелекті жаңбыр

дан 


қорғай тұрайын. Басқаларың өзге жер іздеңдер, 

 деп 


жауап қайырады.

  

  



– 

Жо-жоқ! Сен менің құрбыларыма көмек 

бере алмасаң, мен де сені паналамаймын! Одан да су 

болғаным артық, - деген сары көбелек әрі қарай ұшып к

етеді.

Көбелектердің бұл сөздерін бұлттың ар жағында тығылып 



тұрған күн естіп қалады. Күн көбелектердің өзара т

атулығына, 

ауызбіршілігіне қуанады. Оларға көмек

тесуге ұйғарады. Күн бұлттарды 

ыдыратып жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді. Жылы шу

ақтарымен 

көбелектердің су болған қанаттарын кептіріп, алтындай сәу

лелерімен 

арқаларынан сипайды.

Қуанған көбелектер қанаттарын шаттана қағып, қайт

адан көңілденеді. 

Алаңқайдың көркін кіргізіп, әрі-б

ері ұша бастайды. Бірақ мұнан 

кейін олар ешқашан лалагүл, қызғалдақ және сарғалдақ гүлдеріне 

қонбайтын болыпты.

«Шын достар 



 тек қиындықта сыналады» деген сөз со-

дан қалса керек.

27


Тропикалық 

аймақтарда апельсин­

дер жасыл түсті, ал 

қоңыржай бел деу лерде сары 

түс ті болады. Апельсин 

өсіру шілер олардың сары 

түсті болуын күн көзінің 

жеткіліксіздігінен деп 

түсіндіреді.

 

Тропикалық 



аймақтарда апельсин­

дер жасыл түсті, ал 

қоңыржай бел деу лерде сары 

түс ті болады. Апельсин 

өсіру шілер олардың сары 

түсті болуын күн көзінің 

жеткіліксіздігінен деп 

түсіндіреді.

 

 Навел немесе 



түйіншегі бар апель-

син басқа сұрыпты апель-

синдерге қарағанда әлдеқайда 

тәттірек. Апельсиннің бұндай 

сұрыпы Бразилияда көп өседі.

Апельсин ұзақ жасауға 

көмектеседі. Жемісте ерте 

қартаюдың алдын алатын 

антиоксиданттар көп.

 Навел немесе 

түйіншегі бар апель-

син басқа сұрыпты апель-

синдерге қарағанда әлдеқайда 

тәттірек. Апельсиннің бұндай 

сұрыпы Бразилияда көп өседі.

Апельсин ұзақ жасауға 

көмектеседі. Жемісте ерте 

қартаюдың алдын алатын 

антиоксиданттар көп.

Сен білесің бе?

Апельсин шы-

рыны – қыжылды 

тоқтататын табиғи 

дәрі. Оның қышқылы 

азқазаныңыздың ас 

қорытуына септігін 

тигізеді.

Апельсин шы-

рыны – қыжылды 

тоқтататын табиғи 

дәрі. Оның қышқылы 

азқазаныңыздың ас 

қорытуына септігін 

тигізеді.

Апельсин

28


 

Апельсин 

әлемде таңдаулы хош 

иістер қатарында шоколад 

пен ванильден кейін үшінші 

орынды алады.

Христофор Колумб 1493 

жылы Америкаға саяхаты 

кезінде алғаш рет апельсин 

тұқымы мен көшеттерін 

Еуропаға әкелген.

 

Апельсин 



әлемде таңдаулы хош 

иістер қатарында шоколад 

пен ванильден кейін үшінші 

орынды алады.

Христофор Колумб 1493 

жылы Америкаға саяхаты 

кезінде алғаш рет апельсин 

тұқымы мен көшеттерін 

Еуропаға әкелген.

Апельсиннің 

жұмсағы 

негізінен он бөліктен 

тұрады. Көлемі мен 

тәттілігі сұрыпына қарай 

өзгереді.

Әлемде апельсиндердің 

85% шырын жасауға 

пайдаланады.

Апельсиннің 

жұмсағы 


негізінен он бөліктен 

тұрады. Көлемі мен 

тәттілігі сұрыпына қарай 

өзгереді.

Әлемде апельсиндердің 

85% шырын жасауға 

пайдаланады.

Испанияда 

35 миллионнан астам 

апельсин  ағашы өседі 

екен.

Ямайкада едендерді 



апельсиндердің бөліктерімен 

тазалайды. Механикада 

түрлі майларды кетіру 

үшін қолданылады.  

Испанияда 

35 миллионнан астам 

апельсин  ағашы өседі 

екен.


Ямайкада едендерді 

апельсиндердің бөліктерімен 

тазалайды. Механикада 

түрлі майларды кетіру 

үшін қолданылады.  

29


Бiр күнi Азамат пен Болат екеуi асыр салып ойнап жүр едi, тау жақтан 

парылдап ұшып келе жатқан вертолет көрiндi. Олар алақайлап, тікұшақ 

қонатын жерге қарай жүгiре жөнелдi.

Аспан сатысымен абайлап түсiп келе жатқандай, тікұшақ  тiк төмен 

сырғып, сауысқандай сақ қона қалды. Жұрт бiртiндеп есiгiнен шыға бас-

тады. Ең соңынан Азаматтың Алматыда оқитын ағасы Арман көрiндi. 

Азамат  пен  Болат  Арманның  алдынан  шығып,  үлкен  кiсiлерше  қол 

берiп амандасты. Бiраз жүрген соң Азамат шыдамады бiлем:

– Аға, чемоданыңызда не бар? – деп сұрады. Болаттың ойы осы чемо-

данда едi, ашса екен деп келедi.

– Бұл чемоданның iшiнде сендер көрмеген көп нәрсе бар, үйге барған 

соң берем, – дедi ағасы.

Бiрақ мына екеуi үйге жеткенше шыдайтын емес.

– Аға, қазiр-ақ көрейiкшi, – деп Азамат қыңқылдап болмады.

Арман iнiлерiнiң көңiлiн қимай, сары чемоданын ашты да, Азаматқа 

өзi аппақ, өзi жеп-жеңiл, әрi жұп-жұмсақ бiр қызық нәрсе бердi.

Азамат мұндай затты бұрын көрмеп едi.

– Бұ не, аға? – деп сұрады.

– Мына буып қойған жiбiн шешсең, не екенiн көресiң, – дедi ағасы. 

Азамат әлгi кiп-кiшкене заттың жiбiн тарқатып алып едi, құшақ жетпес 

үп-үлкен жастық болды да қалды.

– Иә, жастық, – деп құптады Арман. Азамат әлi аң-таң боп, аңқиып 

тұр. Жастық дегенге сенбей, иiскеп көрдi. Арман осындай жастықтың 

бiреуiн Болатқа бердi. Ол бұл екеуiнiң қылығына мәз болып, чемодан-

нан тағы бiр қаттап-қаттап қойған затты алды да:

– Ал, балалар, мынау қайық, – дедi. Бұған екеуiнiң сенетiн түрлерi жоқ.

– Қайық сондай бола ма екен? – деп екеуi мазақтай күлдi.

– Мұндай да қайық болады, балалар. Бұл қайықтың ең әдемiсi – судан 

өтерде мiнiп алып, судан өткен соң бүктеп-бүктеп қалтаға салып алуға 

болады.  Сенбесеңдер  қарап  тұрыңдар,  –  деп  әлгi  затты  бiр  түтiгiнен 

үрлеп-үрлеп жiберiп едi, бұлтиып барып, кәдiмгi қайық болды да қалды.

– Ой, керемет-ай! – дедi Азамат. Болат та таң қалып, не дерiн бiлмей 

тұр.

Арман екеуiне осындай екi қайық бердi де:

– Ендi Ақтолқын өзенiнен оп-оңай өтесiңдер. Қайыққа жастықтарыңды 

ҚАЛТАДАҒЫ  ҚАЙЫҚ

Оспанхан Әубәкіров

30


қойып,  жамбастап  жатасындар  да,  қандай  өзен  болмасын  жүзiп  өте 

шығасыңдар.

– Мұндай әдемi заттарды кiм жасаған, аға? – дедi Азамат.

– Мұндай әдемi заттарды жасаған – химия.

– Химия деген адам ба, аға? – дедi Болат. Арман бұл сұраққа қалай 

түсiндiрсем екен дегендей, бiраз ойланды да:

–  Химия  деген  адам  емес,  бiрақ  адам  үшiн,  адамның  денсаулығы, 

тұрмысы  үшiн  қызмет  iстейтiн  ғылым,  үлкен  өнер.  Химия  сендерге 

әдемi жiбек көйлек тiгiп бередi. Тiптi түймесiне дейiн өзi жасап, өзi қадап 

бередi. Кейiн мектепке барғанда химия сендерге осындай әдемi, пайдалы 

заттарды қалай жасауды үйретедi, – деп түсiндiрген болады.

Азамат  пен  Болат  ағасының  әкелген  базарлығына  да,  қызықты 

әңгiмесiне де риза едi.

31


М

Е

Н 



С

У

Р



Е

Т

Ш



І

                 

Б

О

Л



А

М

Ы



Н

Әсем  Дулат,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ұлдана Қуандық,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Нұрлыбек Мазмұқ, 

Оңтүстік Қазақстан облысы.

32


М

Е

Н 



С

У

Р



Е

Т

Ш



І

                 

Б

О

Л



А

М

Ы



Н

Сұлтанәлі Жамалбеков,

Жамбыл облысы.

Ерсұлтан Сайлау,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ханшайым Жайсан,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

33


Әр төртбұрыштың ішінен 

бір артық затты тап!

34


Екі айда бір рет шығатын 

бүлдіршіндерге арналған 

журнал

Журнал Қазақстан 

Республикасы Мәдениет және 

ақпарат министрлігінде тіркеліп,

24.04.2009 жылы №10074-Ж

тіркеу туралы куәлігі берілген.



Шығарушы

«Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді 

дамытудың республикалық үйлестіру-

әдістемелік орталығы» РМҚК



Бас редактор

Қонысбай Әбіл



Редактор

Меруерт Шіменбаева



Корректор

Алмажан Қадырхан



Көркемдеуші

Сания Баубекова 



Редакция алқасы:

Ғалымжан Мелдешов

Редакциялық алқа төрағасы

Жанар Асанова

Редакциялық алқа хатшысы

Несіпбек Айтұлы

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сұлтан Қалиев

Балалар ақыны

Толымбек Әбдірайым

Балалар жазушысы

Шайзада Мұхаметжанқызы

«Балалар әдебиеті» баспасының директоры

Аманжол Әлтай

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

филология ғылымдарының докторы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ 

МИНИСТРЛІГІ 

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС

КОМИТЕТІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ 

БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛАДЫ

Мекенжайы: Астана қаласы,

Сауран көшесі. 7а

Тел.: 40-83-97

Эл.пошта: tilortalyk@mail.ru

Журнал «Полиграфкомбинат»

ЖШС-те басылды.

  050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев 

көшесі, 41.

Теруге берілген күні 22.07.2016 ж.

Басуға қол қойылған күні 27.07.2016 ж.

Қалпы 60x84/8. Қағазы офсеттік.

Шартты баспа табағы - 4.

Таралымы - 2000 дана.

Тапсырыс № 1685


ШЕБЕР ҚОЛДАР

Сыйлық салуға арналған конверт

Ол үшін бізг

е:

Қатырма  қағаз,  ж



елім, 

қайшы, лент

а,  қарындаш 

және кез к

елген шеңб

ер 


пішінді за

т керек.


Қатырма  қағазды  алып,  оның  бетіне 

өлшем




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал