БалалықТЫҢ КӨктемi


– Салпанқұлағым, сенің күшің көп қой. Шыдамды бол, –



жүктеу 0.49 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата16.02.2022
өлшемі0.49 Mb.
#17296
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Аягүл Мантайдың әңгімелері
Салпанқұлағым, сенің күшің көп қой. Шыдамды бол, дейді.

Сумұрын: – Томпақтың өткенде құмырсқамен сөйлесіп отырғанын көргенмін. Бұл өзі барлық жан-

жануардың тілінде сөйлей алады, – деп күледі.

Сумұрын, дұрыс айтасың, мен барлық жан-жануарлармен сөйлесе аламын. Тек сенімен бір тілде

сөйлесе алмаймын, – деп жымияды ол.

Сумұрынға ашуланса, құлағынан тартады.

–  Томпақ,  сен  әдемі  қызсың.  Тек  аздап  толықсың,  –  деп  Сумұрын  қалжың  айтқан  болады.

Томпақтың мөлдіреп тұратын тұңғиық қара көзі әдемі.

Қарулы қолдан оңай құтылмасын сезген Сумұрын кешірім сұрап, жалынады. Томпақ бірден жіби

салмайды. Сумұрын қарғанып, қулыққа көшеді.



Оллаһи-биллаһи, енді мазақтамаймын. Менің арғы атам үлкен молда болған. Оның барлық тілегі

қабыл  болады  екен.  Егер  мен  де  шын  тілесем,  үш  айдың  ішінде  азып  кетесің,  –  деп  көзін  жұмып,

күбірлеп, дұға оқиды.

Томпақ  Сумұрынның  құлағын  тартқанын  қойып,  одан  әлдебір  үміт  күтіп,  көзін  жұмып,  үнсіз

тұрады.

Сумұрынның ешқандай дұғасы қабыл болмай, Томпақ жасына жас қосылған сайын семіре берді.

Әйелдер: Томпақ бикеш жардай болып семіріп барады. Күннен күнге пішіні бөшкеге ұқсап бара

жатыр.  Бұл  қандай  ауру  екен?  –  деп  оның  семіздігінің  сырын  іздеді.  Томпаққа  бірі  «қара  суға  тек

қана қырыққабатты қайнатып іш» десе, бірі «күнде тек қана қияр же» десе, енді бірі «алмадан басқа

ештеңе  жеме»  деп  кеңес  берді.  Жаз  бойы  тек  қана  қияр  жеп,  қысымен  қырыққабатты  қара  суға

қайнатып  ішсе  де  Томпақ  азбады.  Семірген  үстіне  семіре  берді.  Әлде  ісіп  бара  жатты.  Томпақ

семірген  сайын  мінезі  тұйықталып,  бізден  бөліне  бастады.  Әлде  біз  оны  шеттеттік  пе  екен,

білмеймін...

Сабақты  орташа  оқитын  Томпақ  тоғыздан  кейін  мектепті  тастап  кетті.  Қысқа  шашын  бұйралап,

ернін  қып-қызыл  далаппен  бояп,  әдейілеп  кие  ме  қайдам,  қысқа  көйлекті  денесіне  жабыстырып

киетін. Биік өкше туфли киіп, қисалаңдап жүре алмайтын.

Еріккен есерсоқ балалар:


жүктеу 0.49 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет