Балалық шағымды өкінішсіз, Өкпесіз өткіздім



жүктеу 77.66 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі77.66 Kb.

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМДЫ 

ӨКІНІШСІЗ, ӨКПЕСІЗ ӨТКІЗДІМ 

- МИРАС, АҚЫН РЕТІНДЕ ТАНЫЛЫП  ҚАЛДЫҢ. 

ДЕГЕНМЕН ЖУРНАЛ ОҚЫРМАНДАРЫНА ӨЗІҢ 

ТУРАЛЫ КЕҢІРЕК АЙТЫП ӨТСЕҢ,  ҚАЙ ЖЕРДІҢ 

ТУМАСЫСЫҢ,  ҚАЗІР  ҚАЙДА ТУРАСЫҢ ДЕГЕН-

ДЕЙ... 

- Өзің жайлы айт десе кез келген 



адамның кібіртіктеп қалатыны рас. 

Кіндігімді  Қарқаралыда кесіпті, 

Мәдидің әні қалықтаған, Қасымның 

жыры шарықтаған Қарқаралыны 

білмейтін қазақ ілуде біреу шығар. 

Кір-қоңымды сол ауданға қарасты 

Бақты ауылында жуыпты. Қара 

жердің ақ тозаңын көк аспанға 

көтеріп жүріп, балалықтың ауылда 

қ

алай қалып қойғанын аңғармай 



қ

алдым. Балалық дегеннен шығады: 

жұмыр басты пенде қиялшыл келеді 

ғой, көбісі «шіркін, балалығымды 

қ

айтарып берсе...» деп жатады. Мен 



оны өкінішсіз, өкпесіз өткіздім. Мен, 

керісінше, балалығыма қайтқым 

келмейді. Бала күнімнен үріп ішіп, 

шайқап-төктім. Жоқшылық көрмедім. 

Әкем Болат пен тәтем (шешемді 

«тәте» деп атап кеткенмін) Мафузаға 

осы сұхбатымды пайдаланып, алты 

Алаштың алдында шексіз алғысымды 

білдіргім келеді! Ішкенім артым-

да, ішпегенім алдымда, әлі сайран 

салып жүрмін. Ішкен-жегенін ай-

тып, көр-жерді әңгіме ғып кетті деп 

отырған шығарсыз. Ақын дүниеге 

көз тоқтататын болса, ол тоғышарға 

айналады. Ақын дүние-мүлікке 

қ

ызықса, жанарының нұры таяды. 



Жүрегі кірлейді. Абай неге даныш-

пан? Әкесі Құнанбай бала Абайды 

ақшаға мұқтаж қылған жоқ. Абай 

ала қағаз бен қара сияның алдында 

отыра берді. Менің әкем де сөйтті. 

Күлді-көмешті көзге ілмейтін текті 

тұқымнан екенімді есіме салып 

отырды. Мен даңқты жаһангер 

Шыңғыс ханның тұқылымын. 

Төре тұқымынанмын! Әжем де 

«әлдекімнің баласы ұқсамай» деп 

намысымды жанып-жанып қоятын. 

Маған өлең жаздырып отырған - осы 

асыл тегім, қаным. Әкемнің әкесі 

Тәңірберген - күйші болған кісі. Біз 

Орта жүздің ханы Бөкей ханнан та-

раймыз. Түркістанның билеушісі 

Көкжал Барақтыңұлы Бөкейді шек-

шек Нұралы би Арқаға әкеліп, хан көтерген 

екен. Бөкей бабамыз - ұлт көсемі Әлиханның 

төртінші атасы. Біз Қарқаралыға аға сұлтан, 

дуанбасы болған Құсбек төренің інісі Жошы-

дан тараймыз. Маған ақындық Жошы атамнан 

келіп отыр. Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе 

қ

ызыл тілдің шешені Жошы атамды халық 



қ

атты қадірлеген. Ұлы нағашым - қырғыз. 

Өз нағашым - қоңырат. Шыңғыс бабамның 

нағашысы - қоңырат. Өгелін шешеміз -

қ

оңыраттың қызы. Жошы ханның анасы 



Бөрте де - қоңырат. Тарих қайталанса деген 

әкемнің асыл арманы шығар... 

Сауатымды 5 жасымда аштым. Үйдің 

тұңғышымын. Нұртас, Бектас деген екі інім 

бар. Білікті, білімді азаматтар. Солақай 

болғандығымнан 2 жыл бойы ата-анам 

қ

аламсапты оң қолыммен ұстауды үйретті. 



Қ

аламды ғана оң қолмен ұстап келемін. 

Қ

алған шаруаның барлығын сол қолыммен 



тындыра беремін. Домбыра мен гитараны 

солақай тартамын. Мен ақын болмағанда, 

жақсы музыкант болар ма едім деп ойлаймын, 

Бір кісідей ән шырқап қоямын (күлді). «Өнерді 

үйрен де, жирен» деген ұстаныммен өмір сүріп 

келемін. Бір ғана дүниеге өкінуге болады, 

ауылда ағылшын тілін үйренетін мүмкіндік 

болмады. Сол осалдық әлі қолымды бай-

лап келеді. Академик Е.Бөкетов атындағы 


Қ

арағанды 

мемлекеттік университетінің 

филология факультетін тәмамдадым. 

Аталмыш оқу орнында педагогика 

ғылымдарының магистрі атандым. 

Поэзияның келесі бір аты - зияткерлік. 

Рухани ашқарақпын. Бұл білімімнің 

аздық ететінін ішім сезеді. Мардымсу-

дан, болдым-толдым дегеннен бойымды 

аулақ ұстаймын. Талант - жасалмайды, 

туылады ғой. 

- ӨЛЕҢСҮЙЕР  ҚАУЫМ ӨЗІҢДІ МЫҚТЫ АҚЫНДАРДЫҢ 

Қ

АТАРЫНА  ҚОСАДЫ. АЛАЙДА ЕЛГЕ ТАНЫЛУЫҢА 



ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН АҒАЛАРЫҢ БАР ШЫҒАР? 

- Әрине. Өлең өлкесіне аяғым аспаннан 

салбырап түсе қалмадым. Ағаларым 

қ

олтығымнан демеді. Арқаның небір 



жақсы-жайсаңдарына арқамды 

сүйедім. Азуын айға білеген Серік 

Ақсұңқарұлы атты көкбөрі көкемді 

ерекше  құрмет тұтамын! Поэзияға 

Ақсұңқарұлының «Адам ата - Хауа 

ана» атты рух кітабымен ауыздан-

дым. Содан кейін Мұхтар Шахановтың 

«Танакөзі». Өзіңді мықты ақындардың 

қ

атарына қосады деп жатырсыз. 



Жалпы, мақтау-марапаттан қашық 

жүремін. Серік Ақсұңқарұлы, Жүрсін 

Ерман, Амангелді Кеңшілік атты кілең 

марқасқалар мақтап жатса, оны «аванс» 

деп қабылдаймын. Серік Сағынтай, 

Дәурен Берікқажы атты ақын-жазушы 

екі ағамды бөліп айтқым келеді. 

«Соңғы раушан» деген 

тырнақалды жинағымды 

жалғанның жарығына 

шығарған Дәурен аға мен 

Танакөз Толқынқызының 

аққұла еңбегі зор. Танакөз 

бен Дәуренге мен жайлы 

ұ

сыныс жасап, кітабымның 



шығуына ықпал ет-

кен - Серік Сағынтай. 

Алаш идеясы үшін басын 

бәйгеге тігуге дайын 

бүкіл ел ардақтыларын 

ағатұтамын. «Толқыннан 

толқын туады» деп 

Мағжан тегін айтқан жоқ. 

- Өзің

 АЙТЫП ОТЫРҒАН АҚЫН 



ДӘУРЕН БЕРІКҚАЖЫ «ҚАРАҒАНДЫ -  ҚАРА 

ӨЛЕҢНІҢ  ҚАҒБАСЫ» ДЕП БАҒА БЕРІП ЕДІ. ДЕГЕН-

МЕН ӨЗГЕШЕ ОРТА, ӨСУ ІЗДЕП АСТАНАҒА КЕЛУ 

ОЙЫҢДА ЖОҚ ПА? 

- Бұл әңгіме айтылып келе жатқалы 

қ

ай заман. Қасаң ұғым деп ойлаймын. 



Әдеби орта Алматыда, болмаса Астана-

да деу - жаңсақтық. Менің ұғымымда, 

ақын керек жерінде жүруі керек. Ме-

нің түсінігімдегі әдеби орта - әлем 

әдебиеті. 

«Қарағанды - қара өлеңнің 

қ

ағбасы». Дәурен ағаның сөзінде жан 



бар. Рас, Қарағанды - ақындардың 

өмір сүруіне өте қолайлы қала. Бір 

атаның баласындай шүйіркелесіп, 

шұрқырасып жүре бересің. Өмір 

сүруге икемім аз. Бергеннің қолынан, 

бермегеннің жолынан тартып алып, 

нәпақамды айыратын ширақтық 

жоқ табиғатымда.  Қазіргі таңда 

облыстық «Орталық Қазақстан» 

газетінде тілшімін. Өлең деген 

белгілі бір затқа, мекенге тәуелді 

емес екенін жақсы білемін. Өлең -

маған да тәуелді емес. Өлең - менсіз 

де өлең! Ақынның қолын бос қою да 

дұрыс емес. Графоманға айналады. 

«Ақын тағдырлы болуы керек» деген 

пікір дұрыс. Бірақ біз «тағдырды» 

жетімдіктің айналасынан іздейтін бо-

лып жүрміз. Ол - қате пікір. Мәселен, 

мен өз ішімде жалғызбын. Ұлттың 

тағдыры - менің тағдырым.  Қазақ 

шеккен қасірет мен арқылы өтеді. 

ӨЛЕҢІМНІҢ БІРІНШІ ОҚЫРМАНЫ -

АҚЫН 


- ЖұБАЙЫҢНЫҢ ДА ӨЛЕҢ ӨЛКЕСІНЕН АЛЫС ЕМЕС 

ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ.  « Ж А Д Ы Р А » ДЕП ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕРДІ 

ЗАМАНДАСТАРЫҢ ЖАТҚА ОҚИДЫ. БіР ШАҢЫРАҚТА ЕКІ 

АҚЫННЫҢ ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСЫП БІРГЕ ТҰРА АЛАТЫ-

НЫНА КҮМӘН КЕЛТІРУШІЛЕРГЕ АЙТАР УӘЖІҢ БАР МА? 

- Бір шаңырақта екі ақын өмір сүру үшін 

ол ақындарға ең бірінші биік өре керек. 

Өлеңді қара тырнағына шейін сезінетін 

жанмен өмір сүруден асқан бақыт жоқ! 

Жадыра - ақын. Оның өнеріне шек кел-

тірмеймін.  Қарапайым халық түгілі, 

поэзияның не екенін кейбір «ақынмын» 

деп жүргендердің өзі түсінбейтін қоғамда 

өмір сүру өте қауіпті. Жалғанда өлеңіңе 

«комментарий» бергеннен жаман нәрсе 

жоқ. Міне, осы кезде өлең түсінетін 

жар - дертке дауа, дәтке қуат. Тарихтан 

қ

аншама мысал келтіре аламын. Жұматай 



мен Заида, Анна Ахматова мен Николай 

Гумилев, Дәурен Берікқажы мен Танакөз 

Толқынқызы, Евгений Евтушенко мен 

Белла Ахмадулина... Мәселе - бір ақын 

екінші ақынды өлтіріп алмауда. Біз 

поэзияны шындыққа ұластырдық. 



Поэзия десе ішкен асымызды жерге 

қ

оямыз. Менің өлеңімнің ең бірінші 



оқырманы - ақын!  Қандай кере-

мет! Басқа ақындар өлеңін оқып 

беретін адам таппай отырғанда, 

мен ақынға өлең оқып отырамын. 

Егер пенденің дәрежесіне түсіп, 

тырнақ астынан кір іздейтін бол-

сақ, онда екеуміздің біреуіміз 

ақын болмағанымыз. Мен солай 

топшылаймын. Екінші бір мәселе -

мол мұраңды ертеңгі күні пендеге 

емес, ақынға тапсырып кетесің. Екі 

ақынның қасиеті де, қасіреті де -

осы өлең. 

- АҒА БУЫН АҚЫНДАРДЫҢ ТАРАПЫНАН АЙ-

ТЫЛАТЫН  « Ж А С Т А Р ЖЕКЕ БАСЫНДАҒЫ МҰҢ 

МЕН  ҚАЙҒЫНЫ ҒАНА ЖАЗАДЫ, ЕЛДІК МӘСЕЛЕ 

КӨТЕРЕТІН ӨЛЕҢДЕР ЖОҚ» ДЕГЕН БАЗЫНАҒА 

НЕ ДЕР ЕДІҢ? 

- Біздің көп қаламгерлер поэзияны 

әдебиеттің емес, философияның 

құ

ралы ретінде көреді. Ұлттық 



рухты жанитын өлеңдер жоқ 

сияқты көрінетіні сондықтан. 

Достоевскийдің шығармалары 

сияқты қоғамға реформа жасай-

тын шығармалар жоқ екені де 

рас. Жалған пафос, арзан ойларға 

құ

рылған қан-сөлсіз мәтіннің кім-



ге керегі бар шынымен? Біздің 

қ

оғам - шындығы өлген қоғам ғой. 



Ақындарымыз азаматтығынан 

айырылып қалды. Сөз шектен тыс 

бостандыққа шығып кетті. Поэзия 

қ

олбалаға айналды. Махаббатты 



жырласа «жылауық ақын», патша-

ны тілдесе «батыр ақын» дейтін 

пікір де - дұрыс пікір емес. Бұлай 

тұжырымдау интеллектіміздің тым 

төмен екендігін ұқтырады. Әрине, 

шындық айтылу керек. Бірақ біз 

шындық пен ақиқаттың ара-жігін 

ажырата алмай отырып біреуге сын 

айтқымыз келеді. Кейіпкері жоқ 

қ

оғамда өмір сүруден асқан қасірет 



жоқ екен. 

Қ

азақ поэзиясының ғаламдық 



тақырыптарға баруына жас 

ақындардың ақындық потенциалы, 

ғарыштан  құйылып тұрған ала-

пат күш жетіспей тұр. Алапат күш 

дегенді әулиелікпен түсіндіргім 

келеді. Бізде арқалы, аузы дуалы, 

сөзі сүбелі ақын жоқ.  Құрап, сұрап 

қ

олдан талант жасауды доғарайық. 



Жасанды таланттар үшін  қасиетті 

халықты, яғни оқырмандарды 

кінәлауды  қояйық. Қаны, жаны, 

тәні таза рух иелері керек. Жүйелі 

біліммен сусындамаған ақындар 

ағымдық ақпараттардан аса ал-

май келеді. Айтпақшы, қазақ 

поэзиясының өкілдері арасында 

«жас ақын» деген шолақ пікір бар. 

Поэзия деген  құдірет - уақытпен, 

адам жасымен өлшенбейтінін әлі 

түсінбей жатырмыз. Артюр Рем-

бо 17-ақ жасында күллі Франция 

әдебиетінің атынан сөйледі. 20-дан 

енді асқан Рюноскэ Акутагава күллі 

жапон әдебиетіне түбегейлі өзгеріс 

алып келді. Оқырман үшін тек 

«ақын» деген ғана ұғым бар. 

- Олай БОЛСА СЕНІҢ АҚЫН ЖҮРЕГІҢЕ 

Қ

ОҒАМДА БОЛЫП ЖАТҚАН  ҚҰБЫЛЫСТАР 



Қ

АЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ, ЖАС БОЛСАҢ ДА 

ӘЛДЕНЕГЕ УАЙЫММЕН  ҚАРАЙТЫН СӘТТЕРІҢ 

БОЛАТЫН ШЫҒАР? 

-  Қоғамда болып жатқан 

өзгерістерге өзімнің жеке 

пікірімді үнемі қосып отыра-

мын. Біздің қоғамдағы бас-

ты  құндылық ақша болып 

тұрған сияқты. Әдебиет пен 

мәдениетті екінші орынға қойған 

мемлекеттің халқы тобырға 

айналады. Ал тобырды басқару 

әсте оңай. Жөйттердің отарлау 

саясатындағы ең оңай әдіс. Осы 

жағдай қатты қабырғама батады. 

Азаннан кешке дейін ақындар 

қ

айдан  қандай қаражат тапсам 



деген ойдың жетегінде жүр. 

Қ

азақ жастарының арманынан 



қ

орқамын. Арманының ең биігі -

төрт қабырға, бір шатыр. Одан әрі 

не армандайсың десең, тосылып 

қ

алады. Содан кейінгі мәселе -



біздің қазақ заңға шорқақ. Өзіңіз 

қ

араңызшы,  Қазақстанда тұрып 



жатқан басқа ұлт өкілдерінің қай-

қ

айсысынан сұрасаң, заңды жатқа 



соғады. Қазекем бәленің бәрін 

білетін шығар, бірақ заңға кел-

генде аузын буған өгіздей. Содан 

кейін кім көрінгенге жем болып, 

есеміз кетіп жатыр.  Ұстағанның 

қ

олында, тістегеннің аузында 



кетіп жатқан  қазақтың байлығы 

мен ар-ұжданында есеп жоқ. 

-  « С о ң ғ ы РАУШАН» ДЕГЕН ӨЛЕҢДЕР 

ЖИНАҒЫМЕН ЖАҚСЫ ТАНЫСПЫЗ. 

КЕЙБІР АҚЫНДАР ЖАСТЫҚ ЖІГЕРМЕН 

ЖИНАҚТАРЫН БІРІНЕН СОҢ БІРІН ШЫҒАРЫП 

ЖАТАДЫ, ӨЗІҢ ЖАҚҚА ҮМІТТЕНЕ  ҚАРАП 

ЖҮРГЕН ОҚЫРМАНДАРЫҢА ТОСЫН СЫЙЫҢ 

БАР  М А ? 

- «Соңғы раушанмен»  қатар, 

Алматыда «Бекзат» атты «Жас 

толқын» сериясымен екінші 

кітабым шыққан. Ғалым 

Жайлыбай атты ардакүрең ақын 

ағамыздың ықпалымен  қат-

талған кітап мемлекеттік тап-

сырыс бойынша  Қазақстанның 

түкпір-түкпіріне тарады. 

Екі кітап та - ет пен терінің 

арасындағы желік сияқты. 

Еліктеппіз, солықтаппыз. 

Жастыққа тән максимализм 

де жоқ емес.  Қазір бір кітап 

жазу үстіндемін. Лирикалық 

бағыттан бөлек, үлкен  қоғамдық 

мәселелерді көтеріп, тыңнан 

түрен салып жатқан жайым бар. 

Біздің оқырмандарға кең тыныс-

ты балладалар керек сияқты. Сол 

бағытқа  қарай жұмыс істеудемін. 

Менің алғашқы кітабым енді 

шығады. Тосын сыйым осы! 

- КЕЙБІР АДАМҒА АҚЫННЫҢ  ҚОЛЫНАН 

ӨЛЕҢ ЖАЗУДАН БАСҚА ЕШТЕҢЕ 

КЕЛМЕЙТІНДЕЙ КӨРІНЕДІ. БАСҚА ДА 

Қ

ЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫҢ БАР МА? 



- «Жігітке жеті өнер де аз» 

дей ме? Өнерден кенде емеспіз 



(күлді). Аяқтыға жол, ауыздыға 

сөз бермейтін Арқа жұртшылығына 

белгілі асабамын. Сал-сері, бақсы-

құ

шынаштармен бірге жүрмін. 



Қ

уаныш Медеубаев атты ақын 

досымның бір сөзіне ән де жаздым. 

Әннің қадір-қасиетін жетік түсінетін 

сазгер ағаларымның біразы ондай 

әнді естімегендіктерін айтып, аяқсыз 

қ

алдырмауымды өтінді. Бұған не дейсіз? 



(Рахаттана күліп алды). Сөйтіп, біраз 

әнге сөз жазып тастадым. Республикаға 

белгілі Сейіл Аяған деген әнші ағам 

менің сөзіме жазылған бір 

әнді үлкен сахнаға дайындап жатыр. 

Замандастарымның біразы шама-

шарқынша әндеріне сөз жаздырып 

алып жатады. Ән деген - поэзияның 

шарықтау шегі ғой. 

ӨМІРДІҢ ӨЗІ ЗЕРТХАНА 

- БІР АҚЫНДАР ӨЗІН «КҮЗДІҢ АҚЫНЫМЫН» 

ДЕП, ШЫҒАРМАЛАРЫН КҮЗДЕ ЖАЗАТЫНЫН 

АЙТАДЫ. Сен ШЕ, ӨЛЕҢДІ  ҚАЙ КЕЗДЕ,  ҚАЛАЙ 

ЖАЗАСЫҢ? 

- Өлең қай кезде келеді, сол кез-

де жазамын. Жоғарыда да айттым 

ғой, поэзияның уақыты, кеңістігі 

біздің уақытпен, біздің кеңістікпен 

сәйкеспейді. Өзім көктемнің төлімін ғой, 

көктемде жаңаша сезімге бөленетінім 

бар. Ол барлық адамдарда бар шығар 

деп ойлаймын. Бір өлеңді 5-6 ай жаза-

тын әдетім жоқ. Бір ғана сәтпен келіп, 

қ

айтадан ғайып болады. Өлең келмей 



жүр деу тағы далбаса. Жазу үстеліне 

телмірмесең, енжарлық, жалқаулық 

екі иығыңнан басып, еңсеңді көтере 

алмай қалатын кездер болады. Сол 

кезде ала қағазға шұқшиямын. Өлеңді 

отырып жазамын. Пушкин түрегеліп 

тұрып жазыпты-мыс. Жатып жаза-

тын ақындарды да көзім көріп жүр. 

Поэзияның екінші аты - тазалық. Сөздің 

киесінен қорқамын. Шимайымның 

барлығын лек-легімен халыққа ұсына 

бермеймін. Эксперимент ақынның зерт-

ханасында қалғаны дұрыс. 

- ЭКСПЕРИМЕНТ ДЕМЕКШІ, ЗАМАНДАСЫҢ ЕРЛАН 

ЖҮНІС ТҮРЛІ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ БАРЫП ЖҮР. 

ӨЗІҢДЕ СОНДАЙ  ҚАДАМДАР БОЛДЫ МА? 

- XXI ғасыр - барлығы бар ғасыр. Тек 

романтика жоқ. Іңкәрлік жоқ. Содан 

кейін қадым замандардағы өзіңнің 

сары қазағыңды іздейсің, баяғы 

болмысыңды сағынасың, сарыласың, 

сарғаясың. Сөйтіп отырып қалай экс-

периментке барғаныңды аңғармай 

қ

аласың! Экспериментке кім бармады? 



Маяковский, Вознесенский, Жұмекен... 

Ширығасың, ширайсың. Поэзия 

ұ

лтқа, тілге, дінге бөлінбейтіндігін 



ескеретін болсақ, эксперимент деген, 

менің түсінігімде, өлеңнің сыртқы фор-

масына емес, ішкі мазмұнына жасалу 

керек. Жоғарыда да айттым ғой, экспери-

мент ақынның зертханасында қалғаны 

дұрыс, дайын өнімді ғана халықтың ал-

дына көлденең тарт. Осы жазып жатқан 

кітабымда біраз экспериментке барған 

сияқтымын. Қарап тұрсаң, өмірдің өзі зерт-

хана. Асылында, өлең қалай түсті, солай 

қ

алуы керек сияқты. Эксперимент жасау 



өлең құраушылыққа әкеліп соқпаса деген 

күдікте оқтын-оқтын мазалап қояды. 

-  Ж А Қ Ы Н Д А  ҰЛДЫ БОЛҒАН ЕКЕНСІҢ, БАУЫ 

БЕРІК БОЛСЫН!  Қ А З А Қ Т А ТҰҢҒЫШ БАЛАНЫ АТА-

СЫ МЕН ӘЖЕСІНІҢ  ҚОЛЫНА БЕРУ ҮРДІСІ БАР, 

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ  ҚАНШАЛЫҚТЫ КӨҢІЛ БӨЛІП 

ЖАТЫРСЫҢ? 

- Иә, рахмет! Жалғас атты атұстарым 

дүниеге келді. Өзім үйдің үлкені болған-

дықтан әке-шешем тұңғыш немересін 

иіскеп мәз-мейрам. «Немеремізді бауыры-

мызға саламыз» деген ұсыныс әлі түскен 

жоқ (күлді). Бала тәрбиесіне қатты көңіл 

бөлемін. Ұлымды туғаннан домбыраның 

үнімен ұйықтатамын. Батырлар жыры-

нан үзінді оқып беремін. Санасы ояу, 

зейіні берік болсын деген ақ-адал тілек. 

Даналығы - менің, тазалығы - анасының 

міндетінде. Әкем маған не үйретті, соны 

айна-қатесіз балама үйретемін. Бос сөзге 

үйір болмаса екен деймін. 

Сұхбаттасқан Асылзат АРЫСТАНБЕК 



Жұлдыздар отбасы. - 2014. - қараша ( №22 ). - 38, 39, 40, 41 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал