Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Əдемі өмір туралы аңыз
Егін қол орақпен, шалғымен орылады. Бірлі-жарым лобогрейка жұмыс
істейді. Комбайн жоқ.
Орылған аңыздан біз масақ тереміз. Əрқайсымыздың қолымызда атдорба
секілді бір-бір дорба. Сол толған кезде қырманға əкеп төгеміз. Қырмандағы
астық тұлықпен, аттың тұяғымен басылады. Күрекпен ұшырылып
тазаланады. Қазіргідей əлеп-жəлеп тұрған механизация ол кезде біздің
өлкеде дүниеге келмеген.
Масақ теру – ол азап жұмыс. Белің жағылмайды, бір талдап терген масақ
өндімейді. Кішкене дорбаның өзі оңайлықпен толмайды. Жалқаулана
бастасаң, Жүнісбай əкіреңдейді.
– Жөндеп тер! – дейді.
Жүнісбай өзі шаршау дегенді білмейді.
Кей күні масақ теруге Сағатбай да келеді. Ол бірге болса, шаршағанымыз
білінбейді, уақыт көңілді өтеді. Демалып отырған кезде Сағатбай неше
алуан қызғылықты əңгімелер айтып береді.
Сағатбай көп оқушы еді. Қолынан кітап, қағаз түспейді. Сəл ғана демалыс
болса, Сағатбайды қоршап алармыз. Əңгіме айтып беруін өтінеміз.
Текестің суы мен тоғайынан өзге түк көрмей, ауыл арасының өсек-аяңынан
басқа түк естімей көрбала болып өскен біздің көзімізді кең дүниеге тұңғыш
ашқан адам осы Сағатбай. Маңайымызды қоршаған надандықтың қара
түнек тұманын Сағатбай əңгімелері дауыл болып ысырып, ар жағынан бізге
ұшы-қиырсыз кең өмір, жарық сəуле көрсеткендей болады.
Менің Ыдырыс əкемнің де дүние турасында өз ұғым-білімі бар. Ол маған
кейде кешкі астың соңынан көңілденіп, ерігіп отырып, əңгіме айтып
беретін. Жер стол беті тəрізді төрт бұрышты жалпақ нəрсе, оны мүйізімен
көк өгіз көтеріп тұрады. Бір мүйізі талып, екінші мүйізіне ауыстырғанда
жер сілкінеді. Аспан, көк, жұлдыз, ай, күн бəрі құдайдың жаратқаны. Өлген
адам о дүниеге барады. Тозақ, бейіш дейтіндер болады, т. т...
Сағатбай бұның бəрін басқаша айтады. Жер шар секілді домалақ... Құдай
жоқ, қараңғы адамдар құдайды қолдан жасап алған дейді. Əкемнің
айтқандары мен Сағатбайдың айтқандары менің басымның ішінде таласқа
түседі. Жер домалақ деген сөз ақылыма сыймайды. Жер домалақ болса, біз


құлап кетпей, қалай жүреміз? Өзен-көлдер қалайша төгіліп кетпейді? Жер
айналса, анау тау айналып, неге ана жаққа келмейді? Біздің басымыз неге
айналмайды?
Қандай қиын мəселе болса да Сағатбай біздің ұғымымызға лайықтап
түсіндіре біледі. Шұбалануға жол қалдырмайды. Сайып келгенде, əкемнің
айтқандарынан Сағатбайдың айтқандары беделді болып шығады.
Саясат мəселесін де Сағатбай əдемі ертегідей етіп айтушы еді. Он жетінші
жылғы революция, патшаның тақтан құлауы, болашақ коммунизм заманы
туралы Сағатбай майын тамызып айтады.
– Ленин кім, қазақ па? – дейміз. Соншама жақын болып, жүрегіміздің
түбіне орнап алған адамды қандас, бауырлас етіп, біржола өзімізге қосып
алмақшымыз.
Біздің аңқау сұрағымызға Сағатбай мырс етіп күледі. Күлген кезде
мейірбан көкшіл көздері одан бетер жадырап, жып-жылы болып кетеді.
– Лениннің ұлты орыс, – дейді Сағатбай, – бірақ ол барлық ұлтты бірдей
көрген. Орыс, қазақ деп бөлмеген. Ұлттардың татулығы, теңдігі үшін
күрескен.
– Қазақтарды Ленин білген бе?
– Білген, – дейді Сағатбай. – Қазақтың отырықшылануы, ауылда мектептер
ашылуы – осының бəрі-бəрі де Ленин бастап кеткен іс екенін айтады.
Ленинді Капланның қалай атқанын біз аса күйзеліспен тыңдаймыз.
Ертегілерде неше алуан жауыздық істеп жүретін мыстан кемпірлер болады
ғой. Каплан біздің көзімізге сол мыстан кемпірдің нақ өзі боп елестейді.
– Сосын, ұстап алғаннан кейін, Капланды не істеді? Атты ма?
Капланды атпағанын, тек айдауға жібергенін айтады Сағатбай.
Жоқ, біз бұған риза емеспіз. Ату керек еді Капланды! Ату аз. Басын төмен
қаратын, азаптап іліп қою керек еді! Кескілеп, қинап өлтірсе, сол лайық
болар еді.
Мен қиялыммен мыстан кемпір – Каплан жасап алам. Шашы жалбыраған
албастының нақ өзі. Ленинді атқан сенсің ғой? Олай болса, тарт жазаңды!
Қиялымдағы Капланға менің көрсетпеген азабым қалмайды. Ұрамын,
атамын, асамын, отқа салам...
– Енді аз жылда социализм орнайды, – дейді Сағатбай. – Колхозда жақсы-
жақсы үйлер салынады, киім, тамақ көп болады. Социализмнен кейін
коммунизм орнайды. Нағыз рақат өмір, міне, сол. Тамақ та, киім де, дүние-
мүліктің бəрі де тегін болады.
– Дүкенде сатушы болмай ма?


– Болмайды.
Менің көзіме есігі айқара ашық тұрған, сатушы жоқ дүкен елестейді. Жұрт
шұбап кіріп жатыр, керек деген нəрселерін құшақ-құшақ алып жатыр.
Жоқшылықтан көз ашпай келе жатқан мен байғұсқа коммунизм өте-мөте
ұнайды. Орнаса, тезірек орнаса екен деп арман етем. Коммунизм орнаған
күні дүкенге бірінші боп барар едім. Бастан-аяқ түгел жаңа киімдер
алмақшымын. Қалта-қалтамды толтыра кəмпит салып алам. Еркімше
тойына жеймін. Ешкім алма, жеме деп айтпайды. Өйткені коммунизм.
Өзім қатты қызығатын Жанбосынның аяғындағы бұжыр табан қара бəтіңке
бар емес пе? Бəлем, түстің бе қолға деймін де, біреуін таңдап киіп алам.
Жəне бірнеше парын үйге əкеп, əбдыраға салып қоямын. Бұрын қолыма
түспей, ыза қылғаны үшін енді күн сайын жаңасын киіп шығатын болам.
Коммунизмнің рақатын осылай көрмекшімін.

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет