Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет32/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Менің кербез жеңгем
Үшіншіні Рамазан да, мен де мақтау грамотасымен бітірдік. Бұл біз үшін,
əрине, зор қуаныш.
Қостөбеден тағы да бір жақсылық хабар келіп жетті. Сатылған ағайым
үйленіпті. Бұл жолы ол ағайынның көңілінен шығып, үлбіреген қыз
алыпты. Қостөбедегі кəдімгі кербез Күлімбала сұлу бар емес пе? Оның
есігін үйір-үйір болып торыған жігіт-бозбалалардың аузын аңқитып, соның
дəл өзіне үйленіпті. Күлімбала шал-кемпірдің ортасында бұлаң өскен
жалғыз қыз. Əкесі қой бағады. Орта бойлы, толықша, қасы-көзі қиылған
қара торының əдемісі.
Кəдімгі жұрт танып мойындаған Күлімбала сұлу.
Сатылған соны алыпты!


Жолшыбай бір арбамен Қостөбеге келдім. Үйдің іші тағы да жөнделіп
қалған. Жаңа төсек-орын, біраз жаңа мүліктер пайда болған. Əйел болған
осы деп, үлбіреп жас жеңгем отыр.
Ағайым бұл кезде колхозда есепші.
Ыдырыс
пен
Смағұл
колхоз
жұмысында.
Үйде
болғандарынан
болмағандары көп. Жас жеңгем жұмыс істемейді. Қыз күнінде де ол колхоз
жұмысына араласпайтын. Бригадир кербез Күлімбаланы мазаламауға
үйреніп алған. Жеңгем бойын күтіп, үйде отырады. Айнаның алдында бір
сағат шашын тарап, қасын жөндеп тұрады. Ерінбесе, күйеуіне шай
қайнатып береді.
Колхоз бізді, балаларды, үйде отырғызып қоймайды, оқу тарасымен
жұмысқа қуалайды. Егіннің арам шөбін жұламыз. Көк егінді тазартып,
қарық қылғаннан да таптап бүлдіруіміз көбірек.
Шілденің дəл қайнап тұрған кезінде ағайымды колхоз Алматыға үш айлық
есепшілік курсқа оқуға жіберді. Енді үйде жас сылқым жеңгем екеуміз
ғанамыз.
Бригадир – Көпекбайұлы Бəзіл. Қара күшке мығым, бойдақ жігіт. Таңертең
үй-үйді кезіп, жұртты жұмысқа шығарады. Бұрынғыдай емес, енді ол
біздікіне де келеді. Ат үстінен:
– Кім бар? – деп, дауыстайды.
Бұл Ыдырыс пен Смағұл үйде бар ма, жоқ па деп тексергені оның.
Жоқ екенін біледі де, аттан түседі. Атын есіктің дəл көзіне қаңтарып қоя
салады. Есектен жуас мал қойған жерден тыпыр етпейді. Аласа тар есіктен
Бəзіл қорбиған үлкен денесімен екі бүктеліп, əрең сыйып кіреді.
– Əй, сен неғып жұмысқа шықпай отырсың? Бар! – дейді Бəзіл маған.
Оны-мұны сылтаумен мен дереу кете қоймай, бөгеле берем. Бəзекеңнің
басында жаман ой бар екенін сезем.
– Сен келіншектің үйде отыруың жетті, енді жұмысқа шық, – дейді Бəзіл
Күлімбалаға.
Бұйырып, шындап айтқан болады. Бірақ арғы көмекейі бос, Күлімбала
сызылып:
– Сонда не жұмыс бересің?
– Күрек ал да, ана Мəриялармен бірге арық қаз.
– Оған менің күшім келмейді.
– Онда қамба тазала.
– Шаңға тұншығып өлмеймін бе?
– Шөмеле сал.


– Күн өтсе, басым ауырады.
– Сонда не жұмыс істейсің? Тепсең, темір үзгендей күшің бар, – дейді де,
Бəзіл жеңгемді бүйірден түртіп келіп қалады. Күлімбала «өй, шешек!»,
«Мына шешек қайтеді!» деп сылқ-сылқ күледі. Бəзекеңе керегінің өзі де
осы. «Е, немене, өтің жарылып кетті ме» дейді де, енді ол жеңгеме дүрсе
қоя береді. Тышқанды бас салған мысықша нəзік жеңгемнің əптер-тəптерін
шығарады. Ойнаған болып құшақтай ма-ау, шымши ма? Төсекке алып
ұрып, қытықтай ма, əйтеуір білгенін істейді. Мені адам екен деп, көзге
ілмейді.
Жеңгем менен қаймығып қана «қой, ей бала, қой» деген болады. Бірақ
онысында зіл жоқ. Оның «қойы» е, тағы түрт, тағы шымшы дегенмен
бірдей. Аю тұлғалы Бəзілге əлі келмесін білсе де, Күлімбала оған өш алған
болып, енді өзі тиіседі. Бəзілді өшіктіре түседі.
Он екі, он үш жасар бала бола тұрсам да, менің білмейтінім бит ішінде.
Бəзілдің біздің үйге келуін жаратпаймын. Ол аттан түсе бастағаннан-ақ
кеудемде жеңгеме деген қызғаныш оты тұтанып, қолымнан келсе, Бəзілді
шайнап жеп қоюға дайынмын.
Күндіз Бəзіл біздің үйге көп бөгеле алмайды. Жеңгем мен үйдің ішінің
əптер-тəптерін шығарады да, жөнеп отырады. Кешке жатар кезде тағы да
сопаң ете қалады. Бұл жолы ол ат мініп, айқай салып келмейді. Жаяу. Үн-
түнсіз, «кеш жарық» деп, кіріп келеді. Жеңгем кесте тігіп, мен кітап оқып
отырайын. Аласа есікті денесімен жауып, Бəзіл қалбиып тұрып қалады.
– Ыдырыс, Смағұл қайда? Келмеген бе? – дейді.
Олардың қайда жүргенін бригадир білмесе, кім білуші еді.
Бəзіл қасақана сұрайды.
– Келген жоқ, – деп жеңгем дұрыстап жауап қайырады.
– Сен келіншек не істеп отырсың? Бұ не бұл? Күндіз-түні қадалып, тігесің
де отырасың? Колхоз жұмысына шық десе, шықпайсың. Тоқтап тұр, байың
келсін.
Бəзіл ешкім отыр демей-ақ төсек үстіндегі жеңгемнің қасына, зілдей боп,
сеткалы кереуеттің белін қайыстырып, отыра кетеді. Əдемі жиналып
қойылған жастықтар орындарынан шоршып-шоршып түседі.
Кешқұрым келген Бəзілге менің көзқарасым бөлек. Бірақ оны ол
байқамаған болады. Жеңгеме залалсыз қалжың айтқан болып, ара-тұра
колхоз жұмысын да сөз етіп қойып, асықпай отыра береді. Қолдан туралған
көк темекіні таяқтай етіп шылым орап тартады. Желдеткіші жоқ, үйдің іші
ащы көк түтінге толып кетеді.


Жеңгем маған қамқорсығандық білдіріп:
– Ұйқың келсе, жатып, ұйықтай ғой, – дейді.
Бəзіл кетпей, ішімді – сақардай қайнатқан қызыл көз пəле кетпей, менің
ұйқым келетін бе еді!
Ақыры Бəзіл кетпек болады, орнынан тұрады.
– Əй, келіншек. «Қуыс үйден құр шықпа» деген. Тіпті ырымға жаман ғой,
тым болмаса, бір шыны суың бар ма?
Жеңгем ауыз үйден Бəзілге су əкеліп береді. Бəзіл жарымын ішеді де,
жарымын Күлімбаланың бетіне шашып жіберіп, тұра қашады. Жеңгем «қу
шешек, сені ме!» дейді де тұра кеп қуады. Ауыз үйдің, төр үйдің есіктері
аңқиып, ашылған күйінде қалады.
Дала қараңғы. Тас қараңғы. Қашушы да, қуушы да қара сияға батқандай
жоқ болады.
Мен жеңгем тез оралса екен деп, күтіп отырайын. Ішім безгек болған
адамдай бір суып, бір қызынады.
Жеңгем кешігеді.
Жүгіріп, есік алдына шығамын. Олай-бұлай көз тігіп, құлақ түрем. Ешбір
сыбыс естілмейді. Менің безгегім асқына түседі.
Бір кезде өкпесі өшіп, алқынып, жеңгем келеді:
– Қу шешекті сонау көшенің басына дейін қудым, жете алмадым. Бəлем,
тоқтап тұр! Ертең осы үйге келерсің!
Жеңгемнің шашы мен киімдері Бəзілді «қуамын деп», одан бетер ұйпа-
тұйпа болған. Арқасына шөп-шалаң жабысып қалған...

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет