Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет30/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Рамазан жəне мен
Сарыбастауда бөтен біреудің үйінде жүргендей емес, нағашым үйіне
келгелі көңілім өсіп, коңайып қалдым. Сабақты да жақсы оқып жүрмін.
Шынымды айтсам. Қостөбеге тіпті барғым келмейді. Не қызық көрем деп


бармақшымын?
Рамазан екеуміз егіз қозы тəріздіміз. Күндіз де, түнде де жолымыз
жазылмайды. Мектепке бірге барамыз. Бірге ойнаймыз. Бірге ұйықтаймыз.
Екеуміздің тату болуымыз да, араз болуымыз да оп-оңай. Болмашы
нəрседен бала қораздарша кідің-кідің етіп, шекісе қаламыз. Арада жарты
сағат өтпей, тағы да ауыз жаласамыз.
Рамазанға қарағанда мен қушыкеш пысықпын. Оны оп-оңай алдап кетем.
Рамазанның жібі бос, аңқау. Алданғанын артынан бір-ақ біліп, дүрсе қоя
береді. Қара күшінің менен гөрі артықтығына сенеді.
Денем кіші болғанмен, шақармын, беріспеймін. Рамазандай емес, əдіс-
айлаға шебермін. Үйдің дəл қасындағы көгал алаңда жатып кеп күресеміз.
Бірде ол жығады, бірде əдісімді асырып, мен жығам,
Əр алуан өнер жарыстырамыз: жүгіру, тас лақтыру, биіктен, ұзындықтан
секіру, т. т. Мұнда, көбінесе, мен озатын едім.
Тек озып қана қоймаймын. Пəлекештігім ұстап, Рамазанды неше саққа
жүгіртіп мазақ етем. Қыршаңқы тіліммен ызасын келтіріп, шағып алам.
«Кемиек» деймін.
Рамазанның кемиек екені рас, ол бұл сөзге қатты намыстанады. Есе
қайырмақ боп, оның мені қорлап айтатын сөзі «мыртық». Мыртық десе,
мен намыстанам. Рамазандай ұзын бойлы боп тумағаныма кəдімгідей
қорланып қалам. Кейде күніне бірнеше рет қызыл шеке болып төбелесіп те
аламыз.
Төбелестің шығу себебі тіптен оңай: айталық мен күрескен кезде
Рамазанды алып ұрдым. Жығып, жайыма кете бермеймін. Қияңқылық
істеп, «күшің маған» деп, басынан аттап өтем. Балалардың ұғымында бұл
жаман ырым. Рамазанның бар күші енді маған бітеді де, ол күшсіз қалады.
Рамазан ыза болады:
– Қайтар күшімді! Мен жаңа сенің басыңнан аттаған жоқпын ғой? – дейді.
Мен қайтармаймын.
Қайтарсам, өз еркіммен еңкейіп, Рамазанға басымнан аттатуым керек. Оған
мен өлмей көнермін бе!
– Қайтар, иттің баласы!
Рамазаннан нендей пəле келсе де тосып алуға бармын. Ал бірақ оның
күшін қайтармаймын.
Осыдан соң екеуміз жат та кеп төбелесеміз. Əкең, шешең, жеті атаң деген
сөздерге тежеу жоқ кетіп жатады. Жаға, жең пəре-пəре болады. Кектескен
қораздардай өлімтіктеніп, бірімізге біріміз беріспейміз.


Екеуміздің төбелесіп жатқанымызды бір кезде Қасымқан көреді.
– Өй, иттің балалары, сендерге не жетпей жатыр! Қасымқан жүгіріп кеп,
балғадай ауыр жұдырықтарымен көк желкеден аямай түйіп-түйіп жібереді.
Оның жұдырығы тиген жер талайға дейін зырқырап ауырып жүреді.
Үлкейгенде қызыл əскер болу Рамазан екеуміздің көкейтесті арманымыз.
Тек осы үшін тезірек өссек, тезірек мектеп бітірсек деп, арман етеміз.
Рамазан мені қорлап:
– Сені əскерге алмайды. Кішкентайсың, – дейді.
– Мені емес, сені алмайды. Өйткені сенің қолыңнан түк те келмейді. Сені
əскерге алса, ең мықтағанда, повар боласың. Ал мен командир болам, –
деймін.
– Болмай, қал, мыртық неме!
Командирлік орынға таласып, Рамазан екеуміз тағы да төбелесеміз.
Қазақтың құмар асының бірі қымыз.
Қаракер бие құлындаған. Өзі тəрізді əдемі қаракер құлын тапқан. Жер
отыққан кезде атам, жылдағы əдетімен, жалғыз биені сауып, қымыз
жасайтын болды.
Ол кезде, сірə, мал аздықтан болар, ауыл маңы қазіргідей шаңы бұрқырап,
тақырайып жатпайды. Қорық-қорықтың түбі, арық-арықтың жағасы көгал
шөп болады. Қаракер биені атам үйден онша ұзатпай, шідерлеп қоя береді.
Құлынның алдына жас көк салып, қорада ұстайды.
Жалғыз бие ертеден кешке дейін алты-жеті рет сауылады. Əр екі, үш
сағатта атам оның бауырына сүліктей жабысып алып отырғаны. Ағаш
күбімен орта күбідей сүт алады. Оған сиыр сүтін қосады. Сонымен күбі аз
толмаған қымыз болып шығады.
Кеште, жатар кезде бізге, балаларға, атам күбідегі саумалды əрқайсымызға
пəлен жүзден санатып піскізеді. Бетіне қап-қара май түсіп, күбі сырты ып-
ыстық болғанша пісілген саумалды өзінің ауыр тонымен балаша құндақтап
орап тастайды.
Таңертең атам бəрімізден бұрын түрегеледі. Беті-қолын шаяды да,
шампанша божылдап, дайын тұрған қымыздан бір тостағанды өңешіне
тастап алады. Рақаттанып кекіреді.
Жалғыз биенің қымызынан дəметіп, қыдырып келетін жұрт бірсыпыра.
Олардың көпшілігі атамның достары – шалдар. Қыдырмашылар келмес
бұрын атам күбідегі қымызды ыдыс-ыдысқа бөлектеп құйып, жайғап
үлгереді. Шалдар да құр ауыз қайта қоймайды.
Қасиетіңнен айналайын Қамбар атаның сүті, шынында да шипа ғой. Үлкен


бір кесе қымызға ақ талқанды қоймалжың етіп сеуіп, тастап алсаң, бұдан
артық тамақтың не керегі бар? Күні бойы екі бетің албырап, балқисың да
жүресің. Кекірсең əдемі иісі мұрныңа келеді. Үнемі қымыз ішіп жүрген
адамның бет нұры да, көзіндегі от та бөлек емес пе?
Атамның дүңгірлеген қошқар мүйіз көне торсығы бар. Өзіне деген
қымызды соған бөлектеп құйып, жүктің астына тығып ұстайды. Күні бойғы
тамағы да, сусыны да міне, сол. Торсықтағы қымызды біз атама жалғыз
ішкізбейміз.
... Рамазан екеуміз, əдеттегіше сабақтан қарнымыз ашып келдік. Үйде
ешкім жоқ (Ауыл қазағы ол кезде есік құлыптауды білмеген. Кетем деген
жағына есікті ашық тастап, кете берген).
Жей қоятын пісі-күйік тамақ іздеп, таба алмадық. Осындай оңашалықты
пайдаланып, торсықтағы қымыздан ұрлап ішпекші болдық. Суық
қолымызды бұдан бұрын да талай сұққан тəжірибеміз бар.
– Əуелі мен ішейін, сен терезеден қарап, бақылап тұр, – дедім Рамазанға.
– Мақұл.
Жүктің астынан өзім білетін қуыстан торсықты шешіп алдым. Шайқап-
шайқап жібердім де, жұта бастадым. Шақтап ішпесе, болмайды, атам біліп
қояды.
Енді кезек Рамазандікі. Мен қарауылда тұрмын.
Рамазан қорқақ. Торсықты қолына алысымен көздері алақтап, берекесі
қашып кетті. Əне, енді ішейін деп жатыр!
Қуақылығым ұстап, басыма қияңқы бір ой келе қалар ма! Рамазан
қымыздан қылқылдатып жұта бастаған кезде, қайтер екен деп, қарбаласып:
– Атам кеп қалды! – дедім.
Сужүрек Рамазанда үрей қалмаса керек. Аузындағы қымызды жұтып
үлгерместен, бырш етіп, қақалып, шашалды да қалды. Аузынан, екі
танауынан кері атылған қымыз омырауын, үстін жауып кетті. Сасқаны
сонша, торсықты орнына жөндеп қоя алмай жатыр.
Мен күлкіден өліп қаппын.
Кенет, қарасам, атам, шынында да, үйге кіріп келе жатыр. Көзім атыздай
болып, күлкім бірден тыйылды. Сыртқа періп ұрып жөнелдім.
Рамазан қаша алмай, қалып қойды.
Үйдің сыртында анадай барып, қарап тұрмын. Рамазан жоқ əлі.
Қылмысымен қолға түскен батырдың халі не болып жатқанын мен көрмей
де жобалаймын.
Бір кезде Рамазанның сыңсып жылаған даусы естілді. Əне, өзі де шығып


келеді. Екі құлағын қолымен басып ұстап алған. Атам ыза болғанда,
құлақтан созатын.
Мен өзім қолға түсіп қалмағаныма тəуба дедім.



жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет