Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет27/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Тоғыз ауыз
Нағашым үйі сегіз жаны бар үлкен семья. Олар: Сембай атам, Бөпке əжем.
Екеуінің жасы да жетпіс бірде. Одан соң олардың балалары Қағазбай,
қырық жеті жаста. Қағазбайдың əйелі Зəуре, күйеуінен екі-үш жас кіші.
Қағазбайдың екі ұл, екі қызы бар. Ұлдары Қасымқан, Рамазан. Қасымқан
менен үш жас үлкен, Рамазан құрдас. Қыздары Оралхан, Оразхан – екеуі де
мектепке бара қоймаған.
Тықса, тығын шақ келмейтін мауыздай сегіз ауыздың үстіне мен
тоғызыншы болып қосылдым.
Бұл үйде жұмыс жасында саналатын екі ғана адам бар. Олар Қағазбай мен
Зəуре. Зəуре науқасшаң, ауыр еңбекке жарамайды. Таңертең бригадир
келіп:
– Жұмысқа шығыңдар! – деп айқай салғанда, қыс демей, жаз демей,
ешқандай бөгеліссіз суырылып шығатын көнбіс Қағазбай ғана.
Бұл – бір адам тоғыз ауызды асырайды деген сөз. Тоғызы да ересек, сау
ауыздар. Тамақ түгіл, тас тастасаң қарш-қарш шайнап, қылғып қоюға
дайын. Мықты болсаң, тойындырып көр енді!
Қазақтың бойындағы бір асыл мінез жақынын далаға тастамайды.
Аузындағы асынан жырып береді. Нағашым үйі маған ешқандай да
ауырсынған қабақ білдірген жоқ. Осы үйдің өз адамындай, менің басқа
жаққа бармай, осында салмақ салып келуім заңды дегендей шұрқырап
қарсы алды.
Атам Сембай тіп-тік биік денелі, бурыл сақалды, келбетті, мінезі қаталдау
адам. Маңдайымнан бір иіскеді де қойды. Жақындығын, мейірімін солай
білдірді.
Бөпке əжем ондай емес, көңілшек. Мені көрген жерде-ақ көңілі босап,
кемсеңдеуге дайын тұрды. Бетіме бар сілекейін жұқтыра жабысып, сүйіп-


сүйіп алды да, қайтыс болған қызы Əсбетті – менің шешемді еске алып,
жоқтай жөнелді. «Əсбет-ау! Асылым-ау! Шынымен-ақ көз көрмес. құлақ
естімеске кеткенің бе!»
Қағазбайдың əйелі Зəуре орта бойлы, шұбар жүзді, салмақты адам.
Талайдан аурушаң, əрі баланы көп көтерген. Өзі шұбар бет-аузын
жыпырлаған əжім қоса басып, апамнан да бетер кəрі етіп жіберген.
«Айналайын Беркенім. Жігіт бопсың ғой», – деп, ол-дағы бетімнен
мейірлене сүйіп жатыр.
Балаларды қойшы, менің келгеніме олар мүлдем қарық. Менің енді осында
оқитынымды біліп, əсіресе, Рамазан мəз, өйткені ол екеуміз бір класта
оқимыз.
– Қасымнан орын тауып берем, қатар отырамыз, – дейді Рамазан. Тұра-бара
ол екеуміздің арамызда ауыз жаласудан гөрі шекісулер көбірек болатынын
əуелгі күні ол да, мен де болжай алмаған тəріздіміз.
Қағазбай нағашым нағыз ғажап адам. Біреуге иненің жасуындай
жаманшылық ойлауды білмейді, өзім деген кісіге қоң етін ойып беруге
дайын тұрады. Қағазбайлар көп болса, жер бетінде ешқандай қайғы да,
қасірет те, ұрыс та, талас та болмас еді. Күн ылғи күлімдеп, адамдар бір-
біріне тек ізет етіп тұрар еді.
Қағазбай тəрізді адамдар көп болса, жетімдік пен жесірлік білінбес еді.
Бой жағынан əкесіне тартпаған, аласа келген, бетжүзінен, көзінен
адамшылық сезімнің не бір жақсы нышандары нұр боп саулап тұратын бұл
тамаша жанның мейір ықыласына құрық бойламайды.
Таңертеңгі шайдан кейін Рамазан екеуміз мектепке жинала бастадық.
Қағазбай сол кезде əйеліне:
– Зəуре, сен бешпентіңді Бердібекке бер. Бердібектің сырт киімі жоқ екен.
Мына суықта мектепке жейдешең бара алмайды ғой, – деді.
Зəуре қыңқ деместен берді.
Астарына жылылап мақта салған, қалың матадан тігілген көнетоз бешпент
екен. Жексұрын плащқа қарағанда тəуір. Киіп алдым. «Мə, беліңді
мынаумен буып ал, жылы болады», – деп, Қағаз аға өзінің жіңішке қайыс
белбеуін белінен шешіп берді.
Менің белім бір уыс. Талыстай əйел киім етіп жүрген бешпенттің екі өңірін
айқастырып салып қапсырынғанда, бір емес, екі бешпентті қабат киіп
алғандай болдым. Белбеудің бұрынғы тесіктері бір жақта қалды да, Қағаз
аға беліме лайықтап, жаңадан тесік тесіп берді. Өзімнен бойы ұзын, қоңқақ
мұрын Рамазанның көктен салаң етіп түсе қалған көмекшісі тəрізденіп,


міне енді оның қасына еріп, өзім əлі үйір болмаған жат мектепке жүрегім
дүрс-дүрс етіп, толқып келе жатырмын.
Сүмбе бұл аймақтағы селоның біреуі. «Қызыл шекара», «Ынтымақ»,
«Үлгілі», «Большевик» аталатын төрт колхоздың орталығы.
«Большевик» колхозы түгелдей ұйғырлар.
Басқа үш колхоз қазақтың осы арадағы негізгі үш руынан: «Қызыл шекара»
– Айт. «Үлгілі» – Жанбаба. «Ынтымақ, – Қышпақ руынан. Кəдімгі Қара
Қыпшақ Қобландының тұқымдары. Ішкері жақтан ауып келіп, осында
сіңісті боппыз деп, өздері айтып отырады. Көріп отырсыздар, үш рудың да
қоныстары бір. Бір өзеннен су ішіп, бір жердің отын оттайды. Мектеп бір,
магазин бір. Ауыл совет, яғни, өкімет бір. Ал бірақ үш ру өз алдына бөлек-
бөлек үш колхоз.
Ұйғырлар қазақтай емес, жер кəсібіне шебер халық. Там үйді де
жұтындырып əдемі салады. Балшықтан қамыр илеп, түйме түйеді. Əр
ұйғырдың үйінің іргесінде қорық соғып, қоршап алған бақшасы бар.
Картоп, пияз, сəбіз, асқабақ, күнбағыс, капуста егеді.
Қазақ ауылдарында, айталық, біздің Қостөбеде бұның бірі жоқ. Қазекең
мал, мал дейді. Мал жоқ болса, есінеп аш отырады. Тамақтың көкесі
аяғының астында, қара жерде жатқанын түсінбейді. Ұйғырлар жер
шұқылап, жер емеді.
Сүмбедегі қазақтар ұйғырлардың үй салу, жер игеру шеберлігін үйрене
бастаған. Олар да қорық соғып, бақша егеді, құс ұстайды. Нанды тандырға
пісіреді.
Мұндағы мектеп жеті жылдық. Мектеп үйі кесектен қаланып салынған
үлкен, шатырлы. Терезелері көшедей. Мұндай үлкен терезелерді менің
бірінші рет көруім. Ауылда там соққанда қыста суық болады деп,
терезелерін сығырайтып кішкентай жасайтын. Мұншама үлкен терезелі
үйде қыста адам қалай шыдайтынына таңмын.
Кейін, қыс түскен соң білдім, үлкен терезеден жарық көп түседі екен де,
қыста да жылы болады екен.
Терезесі үлкен үй əрі жарық, əрі көңілді.
Мектептің асты да, үсті де тақтай. Қабырғасы бір метр. Мен үшін дүниеде
бұдан əсем, бұдан берік үй жоқ секілді.
Класқа бөтен баланың кіріп келуі мұндағы кəрі тұрғындар үшін зор оқиға.
Бəрінің назар тіге қалғаны мен болдым. Ех, шіркін! Бұндайда үстіңдегі
киімдерің инеден қазір ғана шыққан жаңа киімдер болса. Мына
сумұрындарға «жоламаңдар, киімді былғайсыңдар» дегендей шекеңнен


қарап тұрсаң. Ал енді мен секілді жабағы жамылған байғұсқа бұлар адам
деп қарамайды. Мойныңа бір-ақ секіріп мінеді.
– Мынау кім-ей?
– Бұл қайдан келді? – десіп жатыр. Əп-сəтте біраз бала өзімді қоршап та
алды.
Ауыл итінің құйрығы қайқы. Ал сен болсаң, өзіңді кірмедей сезінесің,
жүрегің қобалжып, арты не балатынын күтесің.
Дегенмен мен сыр білдірмеуге тырысам. Ə дегенде, мə демесең бұлардың
желкелеп алатынын жақсы білем. Сондықтан көрген құқайым бұл ғана
емес дегендей өзімді тосын жағдайдың қандайына да дайын ұстаймын.
Тəкаппар сұраққа тəкаппар жауап қайырам. «Бұл менмін! Қайдан
келгенімде сендердің не шаруаларың бар?» деймін.
Менен гөрі бойы ұзындау, тақырбас сұрша бала басқаларды киіп-жарып,
тура бетпе-бет келді. Көзқарасы өткір, осылардың ішіндегі нағыз пəлесі
көрінеді. Менен емтихан алатын адамша тақ-тақ етіп:
– Білсең айтшы, неше көсем бар? – деді.
– Төртеу, – дедім мен.
– Кім-кім?
Мен санап бердім.
Галстугімнің түйінінен шап беріп ұстай алды. Бұндайда не айту керек
екенін жақсы білем:
– Əрқашан дайынмын, – дедім.
– Мынау не? – деп, тақырбас галстугімнің ұзын ұшын көрсетті.
– Партия.
Қысқарақ ұшын көрсетті.
– Мынау ше?
– Комсомол.
Галстуктің желкедегі үшкілін нұсқады.
– Мынау?
– Пионер.
Галстуктің түйінін көрсетті:
– Мынау не?
– Үшеуінің бірлігі.
Сол заманда пионерлер бір-бірінің саяси сауаттылығын осылай сынайтын.
Жаттамалы сұраққа жаттамалы жауап, мүдірмедім, сарнап айтып бердім.
Тақырбас мені сүріндіре алмағанға өкінген тəрізденіп, желкесін қасып,
мүдіріп қалды. Сонда да тақала түсіп, түймең қандай-ей, белдігің қандай


деп, енді ол маған тиісудің басқыншылық жолына ашықтан анық түсе
бастады.
Мен жəутеңдеп, сен маған неге болыспайсың деп, Рамазанға қараймын.
Сөйтсем, бойы ұп-ұзын болып, шеттеп, Рамазаным бейқам тұр. Тегі, ол
тақырбастан жасқанатын тəрізді. Мені қорғап бір ауыз да емеурін білдіре
алмайды. Өзім аман болсам, дегендей қалып танытады.
Сыриған қайран бой, қайран дене! Жасқаншақ Рамазанға біткенше, маған
неге бітпеген!
Кенет тақырбас мені көкірегімнен оқыс итеріп келіп қалсын. Шалқалаған
қалпымда мойным астыма қайырылып, оңбай құлап түсейін. Шүйдем қақ
айырылып, миым аузыма төгілгендей болды. Тақырбастың ымдауымен
басқа бір бала артыма төрт тағандап жата қалған екен. Əлгіге сүрініп
жығылған едім.
Менің өле жаздағаныммен ешкімнің шаруасы жоқ, бəрі дуылдасып күлісіп
жатыр. Оларға бұл ермек.
Мен осы арада тілмен айтып жеткізгісіз жалғыздық көріп, қорланып
қалдым. Ызадан жарылып кетуге бармын. Өзімнің Қостөбемде болса,
тақырбаспен шайнасып өлер едім. Ал дəл қазір, мынау жат орта, бөтен
балалардың арасында, менен ондай ерлік шықпады. Шаңырақ иесі біз
дегендей еліріп, өрекпи күлген содыр топтың мысы еңсемді басып кетті.
Жылауды намыс көріп, жыламауға шыдамым əрең жетіп тұрмын.

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет