Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет26/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Сүмбе сапары
Кеш бойына дөңбекшіп жылаумен болдым. Сатқақ-сатқақ жексұрын
плащты кимеймін, киім тауып беріңдер. Бұны киіп, Сарыбастауға енді
қайтып өлсем де бармаймын деймін ағаларыма. Оқудан қалатын болдым-ау
деп жəне қайғырам.
Бір жағынан əйелі кетіп, бір жағынан киім тауып беріңдер деп, мен жылап,
əптер-тəптері шығып жатқан сорлы үйге сол күні кешке шешемнің ағасы
Қағазбай нағашым келе қалар ма! Əлдеқандай шаруамен Нарынқол барып,
қайтып келе жатқан беті екен. Өзінің кішкене қаракер биесін жеккен
тəйпиген жеңіл ғана шанасы бар.
Екі көзім, былаудай боп, мұрнымды қорс-қорс тартып отырған мені нұсқап,
Қағазбай:
– Мынаған кім тиді? Бұл неғып жылап отыр? – деді. Əкем менің
жылауымның жайын айтты.
– Жылама. Жүр, сені ертең Сүмбеге алып кетейін. Сонда оқисың. Киім де,
бəрі де табылады, – деді Қағазбай.
Мен бұған қуана-қуана келістім.
Қазір көктем басы. Қар босап ери бастаған. Жол үсті түске дейін мүйіз,
түстен кейін киіз. Шанаға күндізгі жол ауыр. Сондықтан Қағазбай нағашым
ел жата жол қатқақта жүріп кетеміз дегенді айтты. Таңертең түк
көрмегендей боп, Сүмбеде отырмақпыз.
Ағаларым жексұрын плащты Сүмбеге дейін кие кет деді. Мен кимедім.
Қағаз аға киім де, бəрі де табылады демеді ме? Сол сөзді көкейіме түйіп


алғам. Əдейі сырт киімсіз жұрдай болып баруды дұрыс көрдім. Нағашым
үйі мына суықта мені мектепке көйлекшең тіпті де қуаламайды. Бір сырт
киім, қалайда тауып береді. Қандай киім тауып берсе де, мына лағынет
плащтан жаман бола қоймас.
Жыртық шалбардан жалаңбұтым артық деген екен бір кедей. Мен тұпадан-
тура сол принципті ұстадым.
Қағаз ағаның үлкен сары тоны бар екен. Мені соған тұмшалап орады да,
шананың арт жағына көлденең жатқызып қойды. «Сүмбеге жеткенше,
ұйқыңды қандырып ал», – деді.
Ол өзі бешпентшең, Қаракер бие бүлкектеп жүріп келеді. Кешкі суықта
қатқақ боп қалған жолмен шана жеңіл сырғиды. Қарны кебежедей буаз бие
қатты жүріске жарамайды. Өрлеу жерге келгенде Қағаз аға оны еркіне
қойып, жай ғана аяңмен жүргізеді.
Жолдың күнес жақ шетінің кей тұсы қарайып ашылып қалған. Қара жер
шана табанына дөп келсе, жабысып ұстап алады. Қаракер бие сол кезде
мықшиып, жіңішке аяқтары маймаңдап, күшке салып тартады. Қара жер
шананы алып қалмақ боп, қаракер бие көнбей, күш сынасып жатқан тəрізді.
Делбе ұстап отырған Қағаз аға құйрығын қопаң-қопаң еткізіп, қаракер
биеге көмектескендей болады. Соның арқасында бие шананы жұлып
əкетеді.
Бала кезімде мен, ой, ұйқышыл едім (Сол əдетім əлі қалмаған. Дүниеде екі
рақат болса, ұйқыны соның біреуі деп қараймын). Тонға оранып,
қисайғаннан кейін-ақ маужырап ұйқым келе бастады. Содан ұйықтап
кеткен екем. Біреу:
– Ей, Бердібек! Тұр! Тұр-ей! – деп дауыстағанда, көзімді ашып алдым.
Қасқа жолдың үстінде, аспанның астында жатырмын. Бұл не ғажап?
Сөйтсем, мына қызыққа қараңыз: жолда Тереңөзек дейтін шұңғыл сай бар.
Соның шыға беріс қабағында шананың шөңкие берген артынан мен
домалап түсіп қалыппын. Оянбаппын. Қағаз аға ештеңе сезбейді де, кете
береді. Əлден уақытта артына бұрылып:
– Бердібек, тоңған жоқсың ба? – дейді.
Сөйтсе, мен түгіл, менің көлеңкем де жоқ, шананың арты боп-бос. Қағаз
ағаның жүрегі су ете қалады. «Япырау, бұл қайда кетті? Жын боп ұшып
кетті ме?»
Қағаз аға ат басын кейін бұрады. Тереңөзектің шыға беріс қабағында қасқа
жолдың үстінде тонға оранған қалпымда пыр-пыр ұйықтап жатқан мені
көреді.


Оянып алып, не болғанын білген соң күлмеске лажым жоқ. Қағаз аға да
күледі.
– Сол бойда артыма қарамастан кете берсем ғой, қаласың. Қасқырға жем
боласың. Адамның ұйқысы мұндай да қатты болады екен, ой тоба! – дейді.
Халқының жарым бөлегі ұйғыр болып келетін Сүмбеде тауық көп. Тауық
көп жерде қораз көп. Таң атқанын білдіріп, қалың қораз өңештерін жырта
əнге салып жатқанда, қыстақтың шет жағындағы нағашым үйіне ат басын
біз де тіредік.

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет