Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет14/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Менің жауым – Жанбосын
Жиын-терін қарға араласып, əрең бітті. Астық, астық деп қарбаласқан
айқай-шу басылды.
Мектептің тарс бекілген есігі қайта ашылды. Кішкентай жез қоңыраудың
шыңғыр-шыңғыр еткен сүйкімді дауысы бізді талайдан бері бос қаңырап
қалған класымызға қайтадан шақырды. Аузын ашса, ғылым мен білім,
неше алуан қызғылықты əңгімелер фонтанша атқылайтын Сағатбай
мұғалім өзінің құтты орнына қайтадан келіп отырды. Бұл күнді менің қалай
сағынып күткенімді сіз білсеңіз етті.
Мен сабақтан қалмауға тырысушы едім. Əлдебір себеппен қалып қойсам,
ол күн мен үшін ең бір қайғылы күн. Сағатбай неше алуан қызғылықты
жаңа əңгімелер айтты, мен оны ести алмай қалдым-ау деп, өкініп қасірет
жұтам.
Жақсы оқыған баланы мұғалім де жақсы көреді. Жаман оқысаң, жаман
көреді.
Батырқан ұлы Жанбосын нашар оқушы еді. Көбейту кестесін айта алмай,
түйедей боп, шатып-бұтып тұрады.
– Бердібек, сен айтып жібер, – дейді мұғалім.
Мен орнымнан тұрар-тұрмастан құран оқығандай заулатам:
Екі жерде екі – төрт,
Екі жерде үш – алты,
Екі жерде төрт – сегіз,
Екі жерде бес – он.
Кідіріп-мүдірместен «тоғыз жерде он – тоқсан» деп, бір-ақ тоқтаймын.
– Жарайсың! – деп, мұғалім мені риза болып мақтайды. Қатарымдағы
Жанбосын əлі отырмай, түрегеп тұр. Сағатбай оны көзге шұқып:
– Мынаны қара, сенен жасы да, бойы да кіші. Ал сен оның қасында
өгіздейсін, ұялмайсың ба? – дейтін.
Мен мақтағанға мəз болып, Жанбосынға сенен асып кеттім бе дегендей
қутың-кутың қараймын. Жай кез болса ол мені иығымен қағып, аяғымен
тапап кетер еді ғой. Ал қазір өйте алмайды. Маған деген қыжылы ішінде


болады.
Сабақ бітсін, үзіліске шығайық, мен сенімен сонда сөйлесем дегенді
Жанбосын көзқарасымен білдіреді.
Сабақтан тыс жерде, мұғалім жоқта ол менің итімді шығарады. Ойнаған
боп, басымнан тоқай алып, құлағымды созып, жерге аунатып, мойныма қар
тыққыштап, істемегенді істейді. Жанбосын екеуміз сондықтан да жау едік.
Ит пен мысық тəріздіміз. Ол мені өле алмай жүріп, одан асқан білгіштігім
үшін, тілімнің кейде оны шағып алатын қыршаңқылығы үшін жек көреді.
Жанбосынды менің жек көруім үстіндегі киімінің бүтіндігі үшін.
Аяғындағы менде жоқ бұжыр табан əдемі бəтеңкесі үшін.
Балалар мектепке қалталарына əр түрлі тамақ салып əкеліп, үзіліс кезінде
малжаңдап жеп жүретін əдет бар. Көп жұрт қуырған бидай əкеледі.
Қалталарына бұрқыратып талқан салып əкеліп, үзіліске шыққанда
ауыздарына уыстап құйып жүретіндер бар.
Жанбосынның алып келетіні – аппақ нан. Үзіліс кезінде анадай көрнеңкі
оқшау жерде тұрып, əдейі біздің көзімізді қызықтырып, баппен шайнап жей
бастайды. Біз оған көңіл аудармаған боламыз. Қарамауға тырысамыз. Бірақ
қарамау қайда. Көзі құрғыр еріксіз бұрылшақтап, түсіп кете береді. Ауызға
бір кездерде жеген ақ нандардың дəмі келіп, сілекейіміз шұбырады.
Біздің бұл халімізді қаскөй Жанбосын өте жақсы біледі. Осыдан соң
онымен қалай жау болмассың?
Мен Батырқанның баласы болып тумағаныма өкінетін едім. Батырқанның
баласы болып тусам ғой – əдемі киім киіп, ақ нан жеймін. Əлгінде
Жанбосын жеген ақ нан сабақта отырғанда да көзіме елестеумен болды.
Тапа-тапа ақ нандар менің түсіме де кіреді. Апам есік алдында көң жағып,
көмбеге нан пісіріп жатады. Маған жей ғой деп, үлкен етіп үзіп береді. Мен
қаужаңдап жеп жатам. Ояна кетсем, түсім. Ішім удай боп ашып кетеді.
Көзімді тез қайта жұмып, əлгіндегі ақ нандарды қайтадан іздеймін.
Бірақ, амал қанша, ақ нандар сол жоғалғаннан ғайып боп жоғалады.
Аузымда дəмі, ойымда сырқыраған өкініші ғана қалады.
Ересек жігіттер не істесе, Жанбосын бəрін істейді. Мұғалімнен жасырып
шылым шегеді. Əкесінің папиросынан ұрлап алатын болуға керек. Түтінді
аузынан сақинаша дөңгелетіп, лек-лек етіп шығарып, бізді таңқалдырады.
Бір күні ол:
– Мен түтінді құлағымнан да шығара алам, – деді.
– Шығаршы.
– Ол үшін біреуің аузымды қолдарыңмен басып тұрыңдар.


– Мен басайын, – дедім.
Жанбосын түтінді ішіне толтыра сорып алды. Мен алақаныммен оның
аузын бастым. Екі көзім құлағында. Құлақтың тесігінен түтіннің сыздықтап
шыға бастағанын көргенше асықпын.
Сеніп тұрмын.
Кенет қолымның сырты тыз ете қалды. «Ойбай!»
Балалар ду күлісіп жатыр. Сөйтсем, Жанбосын алдаған екен. Қолымның
сыртына темекінің шоғын басып алыпты. Қолымның терісі кəдімгідей
қызарып, қолдырап күйіп қалды.
Əлгіндей сасық қулыққа Жанбосын шебер болатын.

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет