Балалық шаққа саяхат



жүктеу 0.89 Mb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата05.11.2022
өлшемі0.89 Mb.
#23353
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
Вавилондағы ең бай адам, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Шешем жайлы
Əкемді алсаң, ал құдай, шешемді қой,
Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой.
Халық бұл өлеңді текке шығармаған. Шешелі балада бəрі бар. Менде қазір
бəрі бар.
Үйде түк болмай қалған күнде де шешем мені аштан өлтірмейді, əйтеуір
бірдеңе тауып, өз аузына салмастан менің аузыма тосады.
Қыз кезінде шешем көрікті болыпты. Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл
шырайлының əдемісі болғанға ұқсайды. Ал мен ес білгелі ол науқасшаң.
Ауру мен жоқшылық қоса қабаттасып құр сүлдері қалған. Отырса, тұрса,
аузынан ойбайы түспейді. Соған қарамастан күні кешке қыбыр-қыбыр
қимылдаумен болады. Жоқты бар етіп түтін түтетеді.
Біздің үйдегі адамдардың қай-қайсысы да шешемді сыйлайтын еді. Ол не
айтса, сол болады.
Біз тату тұратын едік. Айқай-шу, жанжал болғанын білмеймін. Момын əкем
шешеме дауыс көтеріп, қораздана алмайтын. Қайта, шешем оған
ынжықсың деп ұрсып отырушы еді. Еркектік намысына тиіп, күйініп небір
қатал сөздер айтатын. Əкем сонда да былқ етпейтін.


Мен оқуға ынталы болдым. Шешем оған қуанатын. Шұқшиып сабақ жазып
отырсам:
– Менің жаным үлкейгенде өкіметші болады, – деп көтермелеп қоятын.
Оқыған, ел басқару қызметінде жүрген адамдарды ауыл қазағы «өкіметші»
дейтін.
Ал менде арман көп. Бір арманым Сағатбайға ұқсап мұғалім болу; екінші
арманым дүкенші болу.
Өзге балалар секілді жас кезімде мен де тəттіге құштар едім. Кəмпит түгіл,
қант қолға оңай түспейді. Дүкенде қант қабымен тұрады. Қанша жеймін
десе де дүкеншінің еркі.
Мен дүкеншіні дүниедегі ең бақытты адам деп есептеймін. Ертеден кешке
дейін ол аузы босамай кəмпит жеп тұрмайтынына таңырқаймын. Мен
болсам, еркімше жер едім.
Дүниеде кəмпит жегеннен басқа да қызық бар деп мен ойламаймын.
Қолыма он, жиырма тиын түссе, дүкенге жүгіремін. Бірақ тиыны құрғыр
біздің қолымызға лотореянын ұтысы секілді тым сирек түсетін еді.
Бір күні Сатылған ағайым маған қант алып же деп, бүтін бір сом берді.
Бұрын он тиын, жиырма тиын беретін. Өмірімде тұңғыш рет қағаз ақша
ұстауым осы шығар.
Əлгінде ауылға арбамен көшпелі дүкен келген. Ауыл совет кеңсесінің
қасында сауда жасап тұрғанын көрген едім. Жерден жеті қоян тапқандай
болып, жүгіріп сол араға келейін. Арба жоқ, кетіп қалыпты.
– Əне, кетіп барады, – деді біреулер.
Қос ат жеккен жүрдек арба ауылдан шығып кеткен. Сүмбенің жолымен
зымырап барады. Арбада бір қап қант бар. Қуып берейін. Жалаң аяқ, жалаң
баспын. Екі өкпемді қолыма алып, ұшып келем.
Арбаны қуып жеттім. Сатушы не боп қалды дегендей аң-таң. Мен ентігіп
сөйлей де алмаймын. Тек бір сомды ұсынып:
– һант... һант, – деймін.
Дүкенші болуды армандауыма жəне бір себеп – бүтін, жақсы киіну үшін.
Шешеме де бастан-аяқ жаңа киімдер алып бермекпін: жаңа мəсі-калош,
жаңа орамал. Батырқанның əйелінің кемзалындай жаңа барқыт кемзал, т. т.
Беркенім əперді деп, жарқылдап киіп жүрсін. Сүмбеден Бөпке апам
келгенде мақтанып айтып отырсын. О, Бөпке апам қандай! «Дүкеншімін
деші, жаман неме. Жүр дүкеніңе, не бар, көрсет? Көйлегім тозып кетті,
көйлек алып бер. Басыма кимешек алып бер. Əсбеттің мəсі-калошындай
мəсі-калош алып бер. Сен дүкенші болғанда, кимеген киімді қашан


кимекпін?».
Немене, аяймын ба? – Бөпке апамды да бастан-аяқ су жаңа киіндірем.
Басқа кемпірлер оған қызғанышпен қарайтын болады. Несі бар, кисін менің
арқамда. Мен үйлеріне барғанда оның жаны қала ма? Қалмайды.

жүктеу 0.89 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет