Балалардың сурет салу мүмкіншілігін анықтауда суретші-ұстаздың білімділігі елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылы 8 ақпандағы Халыққа арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»



жүктеу 48.19 Kb.

Дата02.04.2017
өлшемі48.19 Kb.

 

С.А. Аманжолов, 



педагогика ғылымдарының докторы, доцент 

 

БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТ САЛУ МҮМКІНШІЛІГІН АНЫҚТАУДА 

СУРЕТШІ-ҰСТАЗДЫҢ БІЛІМДІЛІГІ 

 

 

Елбасымыз    Н.Ә.  Назарбаевтың  2008  жылы  8  ақпандағы  Халыққа  арналған  «Қазақстан 

халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты  мақсаты»  атты  Жолдауында  білім 

берудің    басты  міндеті  –  2010  жылға  дейінгі    білім  беруді  дамыту    жөніндегі  мемлекеттік 

бағдарламаны орындай   отырып, осы саланың сапалы  қызмет көрсету   аясын кеңейту  екендігін  

айтты  /1/.  Бұл  Жолдаудан    барлық  білім  беру    саласына    тағы  да  маңызды    талап  қойылғанын  

анық  көруге    болады.    Басқа  пәндермен  қатар  орта  мектептерде  оқытылатын  бейнелеу  өнері  

сабағын  жаңа  көзқараспен  оқыту  қажеттігі    туындады.  Себебі    бұрынғы    оқыту    жүйесі  қазіргі 

талапқа сай келмей отыр. 

Бейнелеу өнері сабағы бойынша балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы  тұрғысынан  

білім  деңгейлерінің    әр  сатылы    болуына  байланысты,  сурет  салуға  мүмкіншіліктерін    анықтау, 

сапалы    білім  беруде    жаңаша  әдістер  қолдану  керектігі  әлі  де  іс-жүзінде  кейін    қалып  келеді. 

Оқушылардың    табиғи  мүмкіншіліктерін,  дербестік    ерекшеліктері  мен  психологиялық  даму 

қабілеттерін,  жас  ерекшеліктеріне  байланысты    білім  деңгейін  жоғарылату,  шығармашылыққа 

деген талпынысын арттыру арқылы қабілеттігін қалыптастыра беру барысында мемлекеттік білім 

стандартына    тың  әдістемелік  өзгерістер,  жаңа  тақырыптар,  қызықты  құрастырулар  енгізіп, 

қабілетті,  дарынды,  талпынысы  бар  оқушыларға  жеке  үйірме    сабақтарын  ашуды,  үйірме  

бойынша  жеке  оқу  бағдарламаларын    дайындауды,  сол  арқылы  сапалы  оқыту  әдістемесін 

жасауды жүзеге асыру  қажет.   

Ал,  осы    міндеттерді  мектеп  мұғалімі  орындайтын  болғандықтан  бұл  мақсатқа  жету үшін 

пән  мұғалімі  өз  пәніне  аса  жауаптылықпен  қарауы  керек.  Жауаптылықпен  қарау  дегеніміз  -  

мұғалімнің  бейнелеу  өнері  пәнін  оқыту  барысында  жаңа  әдіс-тәсілді  қолдана  білуі,  оқу-

әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы мен үнемі сурет салуға  дағдылану арқылы бейнелеу тілін 

жан-жақты  меңгеруі. Әсіресе бейнелеу өнері пәнін   оқытатын мұғалімнің психология, педагогика  

ғылымдарынан теориялық білімі терең,  шығармашылық деңгейі жоғары  болуы тиіс. Сонда ғана 

оқушылар    сурет  салуды    үйреніп  қана  қоймай,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды    меңгереді,  

әсемдікті    түсіну    арқылы    мәдени  мүмкіндіктерін  арттыра  алады.  В.Г.  Белинский    «Эстетикалық 

сезім  -  ізгілік  негізі,  адамгершілік  негізі»    деген  екен  /2/.  Міне,  біз  бейнелеу  өнері  арқылы  ғана  

баланы мәдениеттілікке, адамгершілікке, құрмет  пен сүйіспеншілікке  бөлей аламыз, тәрбиелей  

аламыз.    

Балалардың  суреттерін  жиырмасыншы  ғасырдың  басында  зерттеген    неміс  психологы 

Г.Кершенстейнер:  «Балалар  сурет  салғанда  көргенін  емес,  ойындағы    білгеніне    сүйене  отырып  



 

салады», -  деп дәлелдеген болатын /3/.  Менің ойым  осындай ғалымдардың  айтқан пікірлерін  



қазіргі  уақытта    өз  көздерімен    іс  жүзінде  тексеріп    көру  еді.  Балалардың  салған  суреті  жалпы 

қоғамға    қажеттілігі    бар  өзіндік  маңызды    шығармашылық  туынды  екенін  бүкіл  өнертанушы  

ғалымдармен  қатар психологтар, тарихшылар, биологтар, суретшілер мойындап келгенін тарихи  

деректерден    білеміз.    Жер  шарындағы    ең  көп  халықтардың    ішіндегі    көбі  -  балалар  болып 

есептеледі.  Сондықтан  болуы  керек,    атақты  ағылшын    жазушысы    Ульям    Блэйк:  «Балалар  – 

адамзаттың атасы»,  -  деген екен.  «Балалардың салған  суреттеріне  қарап  балалық шағымызды  

есімізге  аламыз, туған жеріміз  есімізге  түседі», -  дейді. 

Биылғы  жылдың  қаңтар-ақпан  айында  Астана  қаласының  №  54  қазақ  орта  мектебінде 

бейнелеу  өнері  мамандығы  бойынша  3-курс  студенттерінің  үздіксіз    педагогикасында  практика 

жетекшісі болдым. Екі апталық үздіксіз  практика  кезінде мектеп оқушыларымен болып, бейнелеу 

өнері сабағын  жүргізу жолдарын   бақыладым. 3-курс  студенті  Бейсеева Әселге бейнелеу өнері 

сабағын жүргізуге және сынып жетекшісінің рұқсатымен 2 «А» сыныбына  жоспар құрастыруына, 

сабақ тақырыптарын өзі таңдауына  рұқсат бердім. Басты  мақсат - студенттің ұйымдастыруды  өз 

мойнына    алып,    балалардың    сурет  салуға    және  суретке    деген  талпынысын    анықтай  алу 

мүмкіншілігін  тексеру  және  балалардың  психологиясын    қаншалықты  деңгейде  түсінетіндігін 

анықтау. Сабақ беру барысында қай баланың  деңгейі  қандай екенін білу үшін, еркін тақырыпта  

тапсырма  берілді. Еркін  тақырыпты орындағанда балалардың жеке-дара шығармашылық, сурет 

салу  қабілеттері анық байқалатыны  белгілі. Қалған сабақтарын практика  жұмыстарымен қатар 

өткізді.    

Студент Ә.Бейсеева  балалардың  сурет салу мүмкіншілігін  анықтау мақсатында  алдымен  

балалармен  танысты,  оларға    өздері  ойланып,    қалаған    тақырыптарына  қарай,  қандай    сурет  

салғысы    келетінін    анықтап,    сол  суретті    салуға    рұқсат  етті.    Бұл  әдіс  -  балалардың    жалпы 

бейнелеу    мүмкіншіліктерін  анықтау.  Тапсырма  орындаған    оқушылардың    жұмыстарын  талдау 

кезінде оқушы Сәдуақасов  Біржанның қыз бен жігітті салған суреті қызықты болды.  Мұны Біржан  

өз  ойынан    салғандығы  көрініп    тұр.  Оның  бұрынғы  суреттерінен    көшіруге    және  теледидарда  

жүріп  жатқан  мультфильм  кейіпкерлерін    елестетіп    салуға    қабілетінің    жоғары  екендігі 

аңғарылады.    Басқа  да  сынып  оқушыларымен  салыстырғанда  Біржанның  қабілеті  ерекше.  Ал, 

Кенжеәділ  Әмина  өз  ойынан  тау  етегіндегі  ауылдың    көрінісін    бейнелеген.  Ауылдың  ұлттық 

ерекшелігін, әсем табиғатын  анық және  шынайы көрсете білген. Қала баласының  ауылдық жерді  

бейнелеуі еліне, жеріне  деген  баланың  сүйіспеншілігін  аңғартқандай. Темірлан жануар еліктің  

лағын  бейнелеген,  бояу  қолдану  кезінде    суреттің  маңайында  боялмай  ақ  қағаз  қалып  қойған. 

Жалпы суретті артқы  сурет заңдылықтарына қарағанда дұрыс салынған, түсті де орынды қолдана 

білетіндігін    аңғартты.  Маликаның  салған  суретінде  Астана  қаласындағы  зәулім  ғимараттың  бірі 

бейнеленген.  Алайда  бояу  түсін  дұрыс  қолдана  білгенімен,  зәулім  ғимараттың    жан-жағын 

ешқандай    көрініспен    байланыстыра    алмағандығы    жұмысына  кедергі    жасайтындай.  Қарап 

отырсақ,  әр  баланың    сурет  салу  деңгейі    мен  ойлау    қабілеттері    әр  түрлі  болатынына    көзіміз 

толық  жетті.  

Балалардың суреттерін осындай жолмен  анықтау арқылы жұмыстарынан туған  еліміздің 

болашағы, табиғаты туралы  толық  мағлұмат алуға болады.  

Бұдан балалардың  қиял деңгейлері мен  болашаққа  деген  үлкен  ойларын   аңғарамыз. 

Таң  қалатын    бір  жай  -  бастауыш    сынып  оқушыларының    сурет  салудың  жолдарын    және 

талаптарын  мойындамайтындығына  қарамай,  суреттері  арқылы  адамға  ой  салатын    деңгейде 

үлкендерге әсер  қалдыра алуы. Бұндай ерекшелікті  кезінде атақты  орыс психологы, балалардың 


 

суретін  зерттеген  Е.И.Игнатьев    жазған  болатын.  Қазір    біз  балалардың  табиғи  заңдылықтарына 



қарай  салған  суретіне  көп  мән    бере  бермейміз,  сондықтан  бірінші    сыныптан  бастап,  тіпті 

жастайынан  сурет  салу  техникаларын  үйреткіміз    келіп  тұрады.  Біз    бірінші,  әрбір    баланың    өз 

ойымен,  өз  деңгейіндегі    композициясын  салғызбай  басып  тастаймыз,  еркіндік  бермейміз, 

керісінше  үнемі  табиғи    қабілетінің    еркін  шығуына    кедергі  жасаймыз.  Балалардың    салған 

суреттерін    бағалау  да    қазіргі    орта    мектептерде    дұрыс    жолға    қойылмағанын  көріп  жүрміз. 

Мектеп  балаларының  суретін  үлкендердің    жұмыстарымен    салыстыруға  болмайды.  Мектептегі  

бейнелеу  өнері  пәнінің   мұғалімі    жоғарғы  оқу   орнында    алған  білімі    бойынша    сурет  салудың  

барлық заңдылықтарына  байланысты баланың  суретін бағалауға  тырысады. Бұл - үлкен  қателік 

болады.    Ондай  мұғалім      балаларды    дұрыс  оқыта  алмайды.  Өмірде  қандай    да  болсын    бір 

нәрсеге  үйрету үшін, алдымен  адамға қалай істелінетінін көрсетеді, содан соң  үйренгісі  келген   

адам  сол көрсеткенді  өзгертпей қайталайды. Солай  тігін тігуді, машина  жүргізуді  үйренеді.  Ал, 

балаларды  оның ішінде  бастауыш сыныптың балаларына  сурет салу  жолдарын  осындай әдісті  

қолдана  отырып  үйретуге  болмайды,  жас  балаларға    үйрету  мүлдем  басқаша.  Бастауыш  сынып 

оқушыларының  салған  суреттеріндегі  қатені  қалай шығарады  және   оның  қате салғанын қалай  

дәлелдеуге    болады.  Егер  де  баланың    салған  композициясындағы  бір  жерін  дұрыс    емес    деп  

өшіріп тастасақ, қызықты  болып көрінген композицияның мазмұны мүлдем өзгеріп шыға  келеді.  

Баланың суретін көрген  адам  өзінің  білім деңгейіне сүйене отырып  бағалап, баланың суретінде  

қателіктер  бар    деп    ойлайды,    шын  мәнінде    баланың  салған    суреттерінде    ешқандай    қате 

болмайды.  Мұғалім  балалардың    сурет салу    ерекшеліктерінің   теориялық   негіздерін   түсінуіміз 

керек. Бастауыш сынып  оқушыларының   білім деңгейін  көтеру  және сурет салу  деңгейін  дер 

кезінде  түсініп, дамыту тек мұғалімнің  міндеті екенін  ұмытпауымыз керек. Баланы дұрыс оқытуға 

оқыту әдістемесінен басқа баланың мінезі, қабілеті, темпераменті де әсер етеді. Әсіресе, бейнелеу  

өнерінде    баланың    психологиялық    жағы,  мінез-құлқы,  өмірге  көзқарасы,  қабілеті,  танымдық 

процестері  қалыптасатыны    белгілі.  Бейнелеу  өнерінде  қозғалыс  жүйелері    мен  ойлауы  да  көп 

өзгеріске ұшырайды. 

Бастауыш  сынып  мұғалімі  балалардың  сурет  салу  деңгейін    үнемі  қадағалап,  өзгеруін  

сезуі,  ақыл  беріп  отыруы,  тапсырманы    орындауда    балалардың    алдына  мақсат  қоя  білуі, 

оқушылардың  еңбектерін  дұрыс  бағалауы,  баланың    салып  бастаған  суретін    аяқтауды  үйретуі  

ерекше  маңызды.  Бала    сурет  салуды  мұғалімнің,  не  болмаса  басқа    әдіскердің  талабы  арқылы 

үйренбеуі  керек.  Бұл  мұғалімнің    қажеті  жоқ  деген    пікір    емес,  яғни    әр  баланың    жас 

мүмкіншілігін дұрыс түсіну туралы айтып отырмыз.  

Елімізде осы уақытқа дейін балалардың суреттерін, ғылыми негіздерін түсіндіретін  қазақ 

тіліндегі оқулықтар өте аз.  Оның басты себептері,  біріншіден,  біздің  елімізде бейнелеу өнерін  

оқытудың  әдістемесі  бойынша  арнайы  диссертациялық  кеңестің  болмауы,  екіншіден,  

балалардың суреттерін  зерттейтін ғалымдардың жетіспеуі және арнайы зертхананың жоқтығы.   

Осы  орайда,  Л.Н.Гумилев  атындағы    Еуразия  ұлттық  университетінің    бейнелеу  өнері  

кафедрасында алғашқы зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Болашақта Астанамызда бейнелеу 

өнерін  оқыту  әдістемесі  және  тәрбиесі    жайлы    диссертациялық  кеңес  ашу    қажет.  Мәскеуде 

бейнелеу  өнерін    оқытуға  байланысты  2  арнайы    зертхана  бөлек,  сондықтан  араларында  қызу 

бәсекелестік  қалыптасқан.  Біздің  елімізде    бір-бірімен  бәсекелесетін  ұйымдар    құру  арқылы  

оқулықтар  мен  бағдарламалар  сапалы    дайындалатын  болады.    Сонымен  қатар    осы  бағытта  

небары  4  ғылым  докторы    мен  20  шақты    ғылым  кандидаты    бар.  Бұны  көлге  құйылған  бір 

тамшыдай  ғана  деп түсінуге болады. Педагогика саласынан  диссертация қорғаған кандидаттар 


 

мен  докторлардың    барлығы  бірдей  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  сапалы  оқулықтар  



жазуы  мүмкін  емес,  себебі  балалардың  салған  суреттері    жайлы  жүргізілген    ғылыми  зерттеу 

материалдарымен  және  ғылыми  деректермен  таныс емес. Сондықтан біздің  алдымызға қойып 

отырған  өмір  талабы  –  үлкен  ғылыми    жетістіктерге    жету  және  сапалы      оқулықтар  мен  

бағдарламалар  дайындауға қол жеткізу деп ойлаймын.  

Мұғалім  өзінің    теориялық    білімін  практикамен    байланыстырып,  іс  жүзінде    дұрыс 

қолдана    білсе,  білім  беру  сапасы  жоғары    болары  анық.  Елбасымыз  еліміздің  ғалымдары    мен 

білім беру саласына осындай үлкен міндеттер  қойып отыр. 

Әдебиеттер тізімі 

1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  халқының    әл-ауқатын  арттыру    мемлекеттік  саясаттың    басты  мақсаты» 

Халыққа Жолдауы. // Дала мен Қала №5. 8- ақпан, жұма. 2008.  

2.  Даналардан шыққан сөз. Алматы, 1994. 



3.  Аманжолов С.А. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал