Бала жасындағы асоциалдық мінез қҰЛЫҚТЫҢ алдын алу жəне түзету



жүктеу 57.04 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі57.04 Kb.

Тулешева Г.К. 

222


 

УДК 159.922.7 

 

БАЛА ЖАСЫНДАҒЫ АСОЦИАЛДЫҚ  МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ 

АЛДЫН АЛУ ЖƏНЕ ТҮЗЕТУ 

 

Тулешева Г.К. 

(М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж) 

 

 

 

Бұған  дейін  «қиын  бала»,  «асоциалды  тəртіп»  сөз  тіркестерін  негізінен 

жеткіншек  балалар  тəрбиесіне  байланысты  қолдандық.  Соңғы  кезде  кіші  мектеп 

жасындағы  жəне  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ішінде  асоциалды  тəртіптері 

жайлы  жиі  айтылып  жəне  жазылып  жүр.  Олар:  өтірік  айту,  ұрлық  жасау,  балағат 

сөздер  айту,  айналасындағы  адамдармен  қарым-  қатынаста  агрессиялық  əрекет 

көрсету  болып  табылады.  Сіздермен  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жалған 

сөйлеуі, яғни өтірік айтуы туралы сөз қозғағалы отырмын. 

Бала неге өтірік айтады? Көбіне өзін бізден қорғап қалу үшін. Бірақ бала өтірік 

айту  арқылы  белгілі  бір  адамнан  қорғанып  ғана  қалмайды.,  (ата-  анасынан, 

достарынан  т.б.),  ол  сол  арқылы  өмірдің  өзінен де  қорғанады.  Өйткені  «өтірік  айту» 

деген тек алдау ғана емес, сонымен бірге, ойлап шығару, қиялдау деген сөз. 

Балалық  шақ-  алтын  кезең,  уайым-  қайғысыз  бақытты  балалық  шақ..  Алайда 

сəбидің  ішкі  əлемі  біз  ойлағаннан  да  анағұрлым  күрделі.  Алғашында  олар  əлемді 

«түсініксіз, қамқорсыз, панасыз, қауіпті əлем» деп қабылдайды. 

Отбасы  мүшелерінің  арасында  да  өзін  жалғыз  қалғандай  сезінеді.  Бойындағы 

азапты  реніш,  қайғыны  сөзбен  жеткізе  алмай,  білдіре  алмай,  бала  айналасынан 

қорғаныш іздей бастайды. Сондықтан олар қиялдап, өтірік айтуды үйрене бастайды. 

Қиял  əлеміне  ене  отырып,  бала  ақиқаттан  алыстайды,  яғни  оны  өзінше 

«дуалайды». 

Айшықсыз күйінде əлем оған дұшпан, суық, дөрекі, жайсыз болып елестейді.  

Барлық  бала  да  арманында  əдеттегісінен  өте  алыс  өзіне  ғана  көрінетін  сұлу 

əлемді жасап қиялдайды.  

Ең  алдымен,  сізге  балаңыздың  неліктен  шындықтың  орнына  өтірікті 

таңдайтынын талдауыңыз қажет, содан соң өтірік айтуға не себеп болғанын түсінуге 

тырысыңыз. 

Төменде  баланың  неліктен  өтірік  айта  бастайтындығы  туралы  бірнеше  уəждер 

келтірілген: 

1.  Өтірік  бала  өмірін  жеңілдететін  амал  болып  табылады.  Əсіресе,  ата-  анасы 

оған үнемі «болмайды»деп шек қойып отырса; 

2. Өтірік баланың жан дүниесі туралы хабар береді: оны не мазасыздандырады, 

не  қинайды,  не  нəрсе  қатты  үрейлендіреді,  мүмкін,  шешімін  қажет  ететін  мəселелер 

бар шығар; 

3. Стресстік жағдайлардан қашады; 

4.  Егер  сіз  балаңыз  бүлдірген  «түймедей  нəрсені  түйедей»  етіп  көрсетуге 

тырыссаңыз, балаңыз келесіде тағы да өтірік айтуға мəжбүр болады; 

5.  Өтірік  айту  арқылы  бала  жазаланудан  қашады.  Ойланып  көріңіз,  балаға 

қоятын  талаптарыңыз  өте  қатты  емес  пе,  қойған  талаптарыңыз  оның  қабілеті  мен 

мүмкіндіктеріне сəйкес келе ме? Сіз үнемі оған ақыл- өсиет, уағыз айтып, намысына 

тимейсіз бе? Жазалау алдында баланың қорқынышы бар ма? 



Бала жасындағы асоциалдық  мінез құлықтың алдын алу жəне түзету

 

223



 

6.  Егер  ата-  анасы  баласына  жеткілікті  түрде  көңіл  бөлмесе,  бала  өтірік  айта 

бастайды.  Ата-  анасының  назарын  қалай  болса  да  өзіне  аудару  үшін  ол  түрлі 

əрекеттерге 

барады; 

7. 


Балалар 

біреуге 


күлкі 

болудан 


қашып, 

өтірік 


айтады(абайсызда жүгіріп келе жатып, шалшық суға құласа, т.б.); 

8. Өте жақсы болып көрінуге тырысады (мақтаншақтық); 

9.  Жасөспірім  шақта  бала  өтірікті  жеке  өмірін  қорғау,  өзінің  дербес  екендігін 

көрсету, қиындықтан, жазаланудан құтқаратын жəне шындықты айтқанда қол жеткізе 

алмайтын нəрсесіне өтірік айтып жету əдісі ретінде қарастыруы мүмкін. 

10.  Тағы  да  бір  өте  жиі  кездесетін  себеп-  ата-  анасының  көңілін  қалдырамын 

деген  үрей.  Бала  ата-  анасының  үмітін  ақтауға  тырысады.  Көптеген  балалар  өзінің 

болашағы жақсы бағаға байланысты деп есептейді. Егер сол бағалар үмітін ақтамаса, 

сабақ үлгерімі нашарласа, онда бала өтірік айтудан басқа амалы жоқтығын сезінеді. 

Егер балаңызды адалдыққа, өтірік айтпауға тəрбиелегіңіз келсе. онда оның ащы, 

жағымсыз  шындығын  тыңдауға  дайын  болуыңыз  қажет.  Өзінің  сезімдері 

туралы(жақсы-  жаман  болсын,  күлкілі  болсын)  өтірік  айтуына  жол  бермеңіз. 

Сезімдері туралы айтып берген əңгімесін сіздің қалай қабылдағаныңызға байланысты 

балаңыз іштей «шынымен де шындықты айту жақсы нəрсе ме»деген ой түйеді.  

Егер  баланы  шындықты  айтқаны  үшін  жазаласа,  онда  олар  өзін  қорғап  қалу 

үшін  өтірік  айта  береді.  Кейде  олар  қиялдайды,  күнделікті  өмірінде  жетіспейтін 

таңғажайып  нəрселерді  ойдан  шығарады.  Баланың  айтқан  өтірігі  оның  жан  дүниесі 

туралы  шындықтың  бетін  ашады:  оның  қорқынышы  мен  үміті,  болашақта  кім 

болатыны туралы арманы, не істегісі келетіндігі жайлы. 

Балаңызға  шынайылық  пен  үмітінің  арасындағы  шекераны  түсіндіргіңіз  келсе, 

өтіріктегі  мəліметті  пайдалану  қажет.  Егер  сіз  қызыңыздың  математика  сабағынан 

бақылау  жұмысын  нашар  жазғанын  білсеңіз,  оған  бетінен  алып:  «Бақылау  жұмысы 

қалай  өтті?  Бұл  жолы  сен  мені  алдай  алмайсың!  Мен  мұғаліміңмен  сөйлестім  жəне 

жұмысты  нашар  орындағаныңды  білемін»,  -  деп  айтудың  қажеті  жоқ.  Оның  орнына 

балаңызға:  «Мұғалімің математикадан  бақылау  жұмысын  нашар  жазғаныңды   айтты 

маған.  «Мен  саған  қалай  көмектессем  екен»  деп  ойланып,  уайымдап  отырмын»  деп 

жанашырлық көңілмен тура айтыңыз.  

Егер  балаңыз  сонда  да  өтірік  айтуын  қоймаса,  айқай-  шу  шығарудың,  ақыл- 

өсиет  айтудың  қажеті  жоқ.  Тек  сөзбен  жəне  іспен  жауап  беру  керек.  Бала  ата-  анаға 

өтірік айтудың қажеті жоқ екендігін түсінуі тиіс. 

Өтірік шындығында да көптеген мағынаға ие.  

Өтірік  –  қулықтың  бір  түрі.  Есейген  сайын  бала  өтірікті  нəзік  түрде  айтуды 

үйреніп,  əдетке  айналдырып  алады,  алдымен  байқаусызда,  ал  кейін  саналы  түрде. 

Сондықтан  мұндай  жолға  түспесін  десеңіз,  ертеден  балаңызды  өз  сөзі  үшін  жауап 

беретіндей етіп тəрбиелеңіз. 

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма? 

Отбасында  өтірік  айтудың  қажеті  жоқ  жағдайларды  қалыптастырыңыз.  Егер 

бала  ата-  анасына  өзінің  құпияларын  сеніп  айта  алатынын  білсе,  оның  əрекеттері 

талқыланып,  дұрыс  деп  қарастырылса,  ал  жазалану  тəрбиелеу  əдісі  ретінде 

қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін. 

Өтірігінің  бетін  ашып,  жазаламас  бұрын  ең  алдымен  балаңызды  өтірік  айтуға 

қандай  себеп  итермелегенін  анықтап  алыңыз.  Бала  жасаған  əрекеті  өзін  жаман  адам 

етіп көрсететінін сезінбеуі керек. Жаман əрекет болады, бірақ жаман адам болмайды! 

Ешқашан «жақсы көремін», «жақсы көрмеймін» деген сөздерді əдейі қолдануға 

болмайды. 


Тулешева Г.К. 

224


 

«Кет  əрі,  мен  сені  осындай  қылығың  үшін  жақсы  көрмеймін!».Əрине,  келесі 

жолы  балаңыз  өзін  сіздің  алдыңызда  жақсы  көрсету  үшін  одан  əрі  өтірікті  əсірелеп 

айтатын болады. 

Кей  балалар  өтірікті  өзін  мақтау  үшін  айтады:  «Мен  жақсымын».  Күнделігін 

жоғалтқан  оқушы  ата-  анасының,  мұғалімнің  каһарынан  ғана  емес,  сонымен  бірге, 

ештеңеге  жарамсыздығынан  қорқады.  «Мен  сенің  жасыңда  үздік  оқушы 

болғанмын!»-  деп  айғайлайды  əкесі.  Ал  бала  өзінің  кінəсін  сезінеді.  Бұл  жағдайда 

өтірік  психологиялық  қорғаныш  қызметін  атқарады.Көптеген  балалар  сəтсіздік 

алдындағы  үрейден  өтірікті  көп  айтады.  Балаңызға  өзіңіздің  қиындықтар  мен 

сəтсіздіктерді  қалай  жеңетіндігіңіз  туралы  айтып  беріңіз,  ол  да  сізден  үлгі  алып 

үйренсін.  Өзінің  қателіктерін  мойындау  жəне  оны  түзетудің  жақсы  əрекет  екендігін 

балаңызға ұғындырыңыз.  

Балаңыздың өтірік айтқанын қаламайсыз ба? Онда өзіңіз де өтірік айтпаңыз! Əр 

сөзіңізге, əрекетіңізге абай болыңыз!  

Егер ата-аналар балаларын адалдыққа үйретеміз десе: 

 

Айтқан  сөзінде  тұру  керек.  Қандай  да  бір  жағдайда  уəдеңізді  орындай 



алмасаңыз,  балаңызға  не  себепті  орындай  алмағаныңызды  түсіндіріп,  кешірім 

сұраңыз. 

 

Егер  балаңызға  өзіңіз  өтірік  айтып  қойған  болсаңыз,  мойындап,  не  себепті 



өтірік айтқаныңызды түсіндіріңіз. 

 

Бала  шындығын  айтқанда  қолпаштап  отырыңыз,  əсіресе  айтуына  қиын 



болған сəттерде. 

 

Балаңызға  көп  талап  қоймаңыз  жəне  одан  қабілетінен  тыс  көп  нəрселерді 



күтпеңіз. 

Есіңізде сақтаңыз: талап көп жəне қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу 

үшін өтірікті қорғану əдісі ретінде көп қолданады.  

 

Өтірік айтса да, балаңызды жақсы көретініңізді, оның жаман бала еместігін 



үнемі жиі айтып отырыңыз. 

Егер  балаңыздың  сізге  өтірік  айтқанын  біліп  қойсаңыз,бірден  айқай-  шу 

шығарып,  ұрыспаңыз.  Мұндай  жағдайда  сабырлылық  танытып,  даусыңызды 

көтермей, жай сөйлеп, балаңызбен оңаша ересектерше əңгімелесіңіз. 

Егер  бірден  айғайға  бассаңыз,  онда  ол  сіздің  қаһарыңыздан  өзін  қорғау  үшін 

одан  əрі  өтірік  айтуын  жалғастыра  береді.  Өтірік  айтқанын  біліп  тұрсаңыз,  сенген 

кейіп  танытпаңыз,  керісінше,  балаңыздың  ойдан  шығарып  жатқанын  сол  мезетте 

айтыңыз. 

Баланың  қиялы  өтірік  болып  есептелмейді.  Өйткені  олар  өмірге  келгенде  ақ  

парақтай таза, пəк күйінде туылады. Ал ақ парақ бетіне дақтың, шимайдың не əріптің 

қисық  жазылуы  сізге  байланысты.  Егер  сіз  балаңыздың  өзінің  игілігі  үшін 

(пайдакүнемдік  мақсатпен)  өтірікті  қолдана  бастағанын  байқасаңыз,  ойлануыңыз 

қажет,  яғни  бұл  балаңызбен  арадағы  қатынаста  бір  олқылықтар  бар  екендігін 

көрсетеді. 

Жағдайды  талдаңыз,  өтіріктің  туылу  себебін  анықтауға  тырысыңыз.  Бекерден- 

бекерге бала сізге өтірік айтпайды, мұндай əрекетке баруға оны жан жағында болып 

жатқан  жағдай  итермелейді.  Ата-  анасы  балаға  түсіністікпен  қараса,  бұл  оң  нəтиже 

берері сөзсіз. 

Өтірікті  түбімен  жою.  Құрту  мүмкін  емес.  Тек  жай  ғана  балаға  «жақсы»деген 

немене, «жаман»деген немене екенін түсіндіру қажет.   

Сонымен  қоса,  балаңызға  «сыпайы  өтірікті»  айтатын  кезді  де  түсіндіріңіз. 

Мысалы, сіздің балаңызға біреу сыйлық сыйлады. Оған сыйлық ұнамай қалды да ол 



Нравственно-правовое воспитание младших школьников 

225


 

«мен  мұндай  ойыншықты  ұнатпаймын»  деп,  сыйлық  берген  адамның  көңіліне  тиюі 

мүмкін.Мұндай жағдайда рахмет айту  керектігін түсіндіріп беріңіз. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Жұмабекова Ф.Н.  Мектепке дейінгі педагогика. Астана, 2008. 

2.

 



Козлова С.А.Куликова Т.А. Дошкольная педагогка. Москва Издательск. центр. 

3.

 



Алексеева Е.Е. Психологические проблемы детей дошкольного возраста. 

4.

 



Как помочь ребёнку? Учебно- методическое пособие – Спб.: Речь, 2008. 

5.

 



Бала тəрбиесі журналы  № 5,11  2011 ж. 

6.

 



Широкова Г. А. Практикум для детского психолога. / Г.А.Широкова, Е.Г.Жадько-Ростов 

н/Д: Феникс, 2006. 

 

 

 



УДК  372.30 

 

НРАВСТВЕННО-ПРАВОВОЕ ВОСПИТАНИЕ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ 

КАК ОСНОВА РАННЕЙ ПРОФИЛАКТИКИ 

АСОЦИАЛЬНЫХ ФОРМ ПОВЕДЕНИЯ 

 

Чернышова А.Н. 

(школа-лицей «Дарын», г. Петропавловск) 

 

 

 

На  современном  этапе  развития  образования  особо  острой  становится 

проблема  увеличения  количества  детей  склонных  к  проявлению  асоциальных 

форм  поведения,  и  соответственно,  возникает  необходимость  их  своевременного 

предупреждения и коррекции. 

Большая часть всех трудных подростков уже в начальных классах проявляли 

крайнюю неустойчивость поведения, конфликтовали с педагогами, многие из них 

оказывались в положении "изолированных" и предпочитали дружить со старшими  

вне школы

Именно эти отклонения, на которые некоторые  родители и педагоги 



зачастую своевременно не обращают должного внимания, в большинстве случаев,  

являют  собой  начало  процесса  социальной  деформации  личности,  основу  для 

формирования антиобщественных установок и ориентаций личности.  

Асоциальное  поведение  имеет  сложную  природу,  обусловленную  самыми 

разнообразными  факторами,  находящимися  в  сложном  взаимодействии  и 

взаимовлиянии. Анализ психолого-педагогической, медицинской, юридической и 

др. 

литературы 



позволяет 

выделить 

определенные 

группы 


причин, 

способствующих  возникновению  такого  поведения  у      детей  младшего  школьно 

возраста. Выделим некоторые из них: 

1.  Биологические  причины.  Выражаются  в  существовании  неблагоприятных 

физиологических 

или 

анатомических 



особенностей 

организма 

ребенка, 

затрудняющих  его  социальную  адаптацию.  К  ним  относятся:  генетические, 

которые  передаются  по  наследству  (нарушения  умственного  развития,  дефекты 

слуха 


и 

зрения, 


телесные 

пороки, 


повреждения 

нервной 


системы);  

психофизиологические, 

связанные 

с 

влиянием 



на 

организм 



человека 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал