Бакалавриат жалпы гигиена



жүктеу 480.53 Kb.

бет2/5
Дата22.04.2017
өлшемі480.53 Kb.
1   2   3   4   5

Аралық бақылау 

 

Жалпы сағаты: 15  

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі 



 

№ 

Тақырыптары 

1. 


Қазақстандағы гигиенамен эпидемиологияның қалыптасу кезеңдері. 

2. 


Халықтың  денсаулығы  мен  экологиялық  факторлар.Адам  организміне 

қоршаған  орта  факторларының  әсерін  гигиеналық  (донозологиялық) 

диагностикалау принциптері. 

3. 


Ауа  райы  мен  климаттың  гигиеналық  маңызы.  Акклиматизация 

мәселелері. 

4. 

Күн радиациясының гигиеналық маңызы. 



5. 

Атмосфералық  ауаның  биологиялық  және  химиялық  ластануының 

гигиеналық  маңызы.  Адам  денсаулығына  негатив  әсерінің  алдын  алу 

шаралары. 

 

Жалпы сағаты: 15 

 

 

№2 кредит 

 

Су және сумен жабдықтау гигиенасы 

Судың  физиологиялық  рөлі.  Суды  санитариялық–тұрмыстық  және 

денсаулықты  жақсарту  мақсатында  қолдану.  Су  тұтыну  нормалары. 

Инфекциялық  және  паразитарлық  аурулардың  таралуындағы  судың  рөлі. 

Судың  табиғи  макро-  және  микроэлемент  құрамының  ерекшеліктерімен 

байланысты  аурулар.  Судың  химиялық    ластануының  негізгі  көздері:  өте 

қауіпті  ластауыш  көздері,  халық  денсаулығына  әсері.  Су  қойманың  өздігінен 

тазару  процесінің  маңызы.  Сапрофиттер  –  су  қоймалардың  санитариялық 

жағдайының көрсеткіші ретінде. 


 

12 


Су  факторымен  байланысты  аурулардың  алдын  алу.    Су  нысандарын 

қорғау.  жерлерді  сумен  қамтамасыздандыру.  Шаруашылық-ауыз  сумен 

жабдықтаудың  негізгі  жүйелері.  Жер  үсті,  жер  асты  су  көздерімен  қамтудың 

салыстырмалы  сипаттамасы.  Орталықтандырылған  шаруашылық-ауыз  сумен 

жабдықтау үшін су көздерін таңдаудың қағидаттары. Нормативті  құжаттар, су 

және  су  көздерінің  сапасы.  Су  көздерінің  санитариялық-эпидемиологиялық 

жағынан сенімділігінің көрсеткіштері. 

Орталықтандырылмаған  сумен  жабдықтайтын,  шахталық  және  құбырлы 

құдықтар  мен  бұлақ  каптаждардың  құрылысына  және  оларды  күтіп  ұстауға 

қойылатын  талаптар.  Құдықтарды  тазалау  және  дезинфекциялау.  Су  көздерін 

қорғау әдістері. Ауыз судың сапасын нормалау.  

Судың 


сапасын 

арттырудың 

негізгі 

әдістері: 

тазарту 

және 


зарарсыздандыру.  Суды  хлорлау,  Хлор  қажеттілігін,  хлор  сіңірушілігін  және 

хлор қалдығын анықтау. Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.   

Суды  зерттеу  әдістері  және  судың  сапасын  жақсартудың  принциптері. 

Ашық  су  көздері  мен  су  өткізгіш  нүктелерден  органолептикалық, 

санитариялық-химиялық  және  бактериологиялық  зерттеулерге  судан  сынама 

алу тәсілдері.  

Судың  органолептикалық  (исі,  түрі,  мөлдірлілігі)  және  физикалық 

(температура,  РН,  түсі)  қасиеттерін  зерттеудің  гигиеналық  маңызы  мен 

әдістері.  Судың  негізгі  тұздық  құрамын:  қаттылығын,  хлоридтерін, 

сульфаттарын,  темірлігін,  фторлануын  зерттеу  әдістері.  Судың  аммиакпен, 

нитритпен,  нитратпен,  ОБҚ,  қышқылдану  органикалық  көрсеткіштермен 

ластануын анықтау тәсілдері. Эпидемиологиялық қауіпсіздігі көрсеткіштерімен 

ішетін суды бағалаудағы зерттеу әдістері.

 

 



 

Топырақ гигиенасы. Елді мекендерді  тазартудың гигиеналық 

негіздері 

Топырақ  құрамының  және  қасиетінің  гигиеналық  маңызы.  Топырақтың 

жұқпалы  және  паразитарлық  ауруларды  тарату  факторы  ретіндегі  рөлі. 

Топырақтың  табиғи  химиялық  құрамы  және  оның  адам  денсаулығына  әсері. 

Табиғи  биогеохимиялық  провинциялар  мен  геохимиялық  эндемиялар 

(микроэлементоз)  туралы  түсінік.  Топырақтың  токсикологиялық  маңызы. 

Қоныстанған жерлерде топырақтың санитариялық жағдайының көрсеткіштері. 

Топырақты санитариялық қорғау шаралары. Тұрғын жерлерді қатты  және 

сұйық  жарамсыз  қалдықтардан  тазартудың.  Топырақты  санитариялық-

гигиеналық  зерттеу  әдістері.  Топырақ  сынауларын  сұрыптау  ережелері  және 

оларды  дайындау.  Сынамаларды  зертханалық  тексеруге  дайындау.  Топыраққа 

физикалық-химиялық  талдаулар  жасау  әдістемесі.  Су  сорғышты  химиялық 

талдау  әдісі.  Топырақтағы  органикалық  және  топырақтық  нәруыз  азотын 

анықтау, санитариялық санын есептеу. Топырақтың бактериямен, гельминтпен 

ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары. 

 


 

13 


Елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салудың гигиенасы 

Қоныстанған  орындардың  жоспарланып  салынуына  негізгі  гигиеналық 

талаптар.  Қоныстанған  орын  тандалған  территориясында  салудың  гигиеналық 

қағидалары.   Тұрғын аймақтарда құрылыс салу жүйесі және олардың қалалық, 

олардың  салыстырмалы  гигиеналық  маңызы.  Ауылдық  елді  мекендердің 

құрылысын салу және жоспарлау ерекшеліктері. 



 

№2  кредит сабақтарының тақырыптық жоспарының үлгілері 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі  

 

№ 



Тақырыптары 

1.  Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулар.      

2.  Сумен  қамтамасыз  етудің    гигиеналық  маңызы.    Ішілетін  судың 

нормалау сапасы.   

3.  Топырақтың  гигиеналық  маңызы.  Топырақты  санитариялық  қорғау  

шаралары. 

4.  Елді  мекендерді  жоспарлау  және  құрылысын  салудың  гигиеналық 

негіздері. 

 

Жалпы сағаты: 5  

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1.  Су  сапасына  гигиеналық  бағалау.  Орталықтандырылған  және 

орталықтандырылмаған  шаруашылық  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  үшін 

су көздерін таңдау. 

2.  Судың  сапасын  жақсартудың  негізгі  әдістері  Су  дайындығының  нақты 

сызбанұсқасы.  

3.  Топырақтың гигиеналық маңызы.Топырақты санитариялық жағдайын 

бағалау мен зерттеудің методикалық жолдары.  

4.  Топырақтан су сорындысы бойынша химиялық талдау әдісі. 

5.  Тұрғылықты  

 

Жалпы сағаты: 10  

 

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік 

жұмысы (ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


Ауыз  суының  су  көздерінен  сынама  алу.  Судың  органолептикалық 

көрсеткіштері мен тұзды құрамын анықтау әдісі. 

2. 

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыздандыру. Судың органикалық 



 

14 


ластануының көрсеткіштерін анықтау әдісі. 

3. 


Суды коагуляциялау әдісі. Судың сапасын жақсартуға арналған арнайы 

әдістер.  

4. 

Топырақтан сынама алу. Топыраққа физикалық-химиялық талдау жасау. 



 

Аралық бақылау 

 

Жалпы сағаты: 15  



 

Cтуденттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1. 


Су нысандарын санитарлық қорғаудың негізгі аспектілері. 

2. 


Жер беті және жерасты су құбырының гигиеналық сипаттамасы. 

3. 


Биогеохимиялық эндемиялар, олардың алдын алу. 

4. 


Қалалық тұрғын үй пунктерінде жоспарлау мен салуға қойылатын 

гигиеналық талаптар. 

5. 

Ауыл тұрғындар жерін жоспарлау және құрылыс салу ерекшеліктері. 



 

Жалпы сағаты: 15  

 

№3 кредит 

 

Тағам гигиенасы 

Адам  өміріндегі  тамақтанудың  маңызы,  негізгі  принциптері.  Тиімді 

тамақтану  туралы  түсінік.  Халықтың  әртүрлі  топтарына  арналған 

тамақтанудың  физиологиялық  нормалары,  бағасы.  Дененің  активтілік 

(белсенділік)  коэффициентінің  маңызы.  Жеке  тамақтанудың  амақтанудың 

сандық, сапалық сайма-сайлығы мен үйлесімділігінің көрсеткіштері.  

Нәруыздардың,  майлардың,  көмірсулардың,  дәрумендердің  және 

минералдық  заттардың  тамақтанудағы  рөлі.  Қажеттілік  нормалары.  Кейбір 

нутриенттердің  негізгі  көздері  болатын  тағамдық  азықтар.  Алиментарлық 

аурулар және олардың алдын алу.  

Тамақтан  уланулар,  олардың  жіктелуі.  Табиғаты  микробтық  және 

микробтық  емес,  этиологиясы  анықталмаған  тамақтан  уланулар:  пайда  болу 

себебі,  клиника,  профилактика,  шығу  көздері,  ластану  жолдары,  клиникалық 

көріністері.  Алдын  алу.  Тамақтан  улануларды  санитариялық-гигиеналық 

тексеру ереже әдістері.  

Ұйымдастырылған 

ұжымдарда 

тамақтанудың 

ұйымдастырылуын 

гигиеналық  бақылау  әдісі.  Толық  сапалы  тамақтануға  бақылау  жасау.  Нақты 

тамақтануды  бағалау  әдісі.  Дайын  тағамдардан  зертханалық  зерттеуге 

сынамалар алу әдістемесі.  

Тамақтанудың 

ұйымдастырылуын, 

оның 

гигиеналық 



және 

эпидемиологиялық  қауіпсіздігінің  қамтамасыз  етілуін  бақылау.  Азық-

түліктерді  стандарттау  және  сертификаттау,  санитариялық  сараптама  жасау 


 

15 


және  олардың  азық-түліктердің  тағами  құндылығы  мен  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етудегі ролі. 

Санитариялық  сараптама  әдістері.  Азық-түліктердің  биологиялық  және 

химиялық  қауіпсіздігінің  негізгі  көрсеткіштері.  Тағамдық  өнімдердің  сапа 

категориясы.  Ет,  балық,  шұжық,  жұмыртқа,  ұн  мен  нанға  санитариялық 

сараптама жасау.Сүттің, консервілер мен концентраттардың сапасын бағалау. 

Тағамдық азықтарды консервілеу және олардың сапалылығын қамтамасыз 

етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі. Консервілеу 

әдістері.  Тамақтануды  ұйымдастыруды  бақылау.  Ауруханалар  мен  балалар 

мекемелерінің  орналасуына,  жоспарлануына,  жабдықталуына  және  асхана 

жұмысының ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. 

Емдік – профилактикалық тамақтану. Негізгі үлестің сипаттамасы, құрылу 

принциптері мен тағайындалуы. 

 

№3 кредит сабақтарының тақырыптық жоспарының үлгілері 



 

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі  

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


 

Тамақтану  денсаулық  факторы  ретінде.  Тиімді  тамақтанудың  қазіргі 

кездегі аспектілері.  

2. 


Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу. 

3. 


Ұйымдастырылған  ұжымдардағы  тамақтанудың  ұйымдастырылуына  

гигиеналық бақылау жүргізу әдісі. 

4. 

Тағамнан улану және оның алдын алу. 



5. 

Аурахана және балалар мекемелерін де асхананы гигиеналық талғамға 

сай    орналастыру,  жоспарлау  мен  жабдықтау  және  қызметін 

ұйымдастыру. 

 

Жалпы сағаты: 5  

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі 



 

№ 

Тақырыптары 

1. 


Тамақтанудың  құндылығын  бағалау  әдістері.  1.Тағам  өнімдері  мен 

энергия қажеттілігін анықтау. 

1       2.  Тамақтанудың  құндылығын    бағалау  әдістері.  2.Нақты  тамақтануды 

мәзір-жіктемесі бойынша есептеу. 

3. Т Тамақтық азықтардың (ет, балық, шұжық, сүт) сапасын бағалау әдістері 

4. 


Тамақтан улануларды тексеру, олардың алдын алу. 

 

Жалпы сағаты: 10  



 

 

 

16 


Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік 

жұмысы (ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


Тамақтың құндылығын гигиеналық бағалау әдісі. 2.Нақты тамақтануды 

мәзір-жіктемесі бойынша есептеу. 

2. 

Тамақтануды  зерттеудің  зертханалық  әдісі.  Зертханалық  тексеру  үшін 



тамақтан  сынама  алу  әдісі.  Тамақтың  энергиялық  құндылығын, 

құрамындағы нәруызды, майды, С-витаминін анықтау әдісі. 

3. 

Тамақтық  азықтардың  (жұмыртқа,  ұн,  нан,  қалбырдағы  консервілер, 



концентраттар) сапасын бағалау әдістері 

4. 


ЕПМ 

мен 


балалар 

мекемелеріндегі 

асхана 

жұмысыны 



ұйымдастырылуына гигиеналық бақылау жүргізу. 

 

Аралық бақылау 

 

Жалпы сағаты: 15  

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1. 


Ауқаттық ахуалды бағалау әдістемесі. 

2. 


Тағамдық азықтардың  азықтық және биологиялық құндылығы

эпидемиологиялық маңызы. 

3. 

Тамақтандыруды ұйымдастыруды және оның гигиеналық, эпидемиялық 



қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау. 

4. 


Емдеу және емдеу-профилактикалық тамақтану. 

 

Жалпы сағаты: 15 



 

№ 4 кредит 

 

Еңбек гигиенасы 

Еңбек  жағдайы  -  еңбек  процесі  мен  өндірістік  орта  факторларының 

жиынтығы.  Өндірістік  ортаның  зиянды  және  қауіпті  факторлары.  Кәсіби 

аурулар  мен  уланулар  -  кәсіби  зияндылықтар  әсерінің  спецификалы  салдары. 

Кәсіби  аурулардың  жіктелуі.  Этиологиясы  кәсібіне  байланысты  емес 

аурулардың  пайда  болуына,  барысына  және  әрі  қарай  дамуына    өндірістік 

факторлардың  әсері.  Еңбек  жағдайының  оптималды,  рұқсат  етілген,  зиянды 

және қауіпті критерийлері. Өндірістегі сауықтыру шараларының жүйесі. Еңбек 

гигиенасы маман жұмысының негізгі формалары мен мазмұны.  

Әр  түрлі  еңбек  ету  түрлерінің  физиологиялық  аспектілері.  Еңбектің 

ауырлығы мен қарбаластығы, бағалаудың эргометриялық және физиологиялық 

критерийлері.  Еңбек  процесі  факторына  негізделген  өндірістік  қажу  мен 

ауырудың алдын алу. Өндірістік жарақаттану, негізгі себептері мен сақтандыру.  


 

17 


Өндірістік  микроклимат,  сипаттамасы,  жұмысшылардың  организміне 

әсері.  Сақтандыру  шаралары.  Микроклимат  параметрлерін  нормалау 

принциптері. Зерттеу және бағалау әдістері.  

Өндірістік  шу,  ультрадыбыс  және  инфрадыбыс.  Физикалық  сипаттамасы. 

Өндірістегі негізгі көздері. Шудың организмге кері әсері және оның алдын алу. 

Шудың  организмге  әсерін  зерттеу  әдістері.  Шудың  деңгейін  зерттеу  және 

бағалау әдістері.   

Өндірістік вибрация (діріл), жеке және жалпы вибрация. Шығу көздері мен 

сипаттамасы,  адам  организміне  әсері.  Жұмысшылардың  организміне 

вибрацияның  әсерін  зерттеу  әдісі.  Вибрацияның  қолайсыз  әсерінің  алдын  алу 

шаралары.  Вибрацияны  гигиеналық  нормалау  принциптері.  Гигиеналық 

нормалаудың принциптері. Вибрацияны өлшеу және бағалау әдістері.  

Иондауыш  емес  электромагниттік  сәулелер,  электрлік  және  магниттік 

өрістер.  Өндірістік  көздері,  сипаттамасы,  организмге  әсері.  Зиянды  әсерінің 

алдын алу.  

Компьютермен  жұмыс  істеу  кезінде  адам  денсаулығына  әсер  ететін 

факторлар. Видеодисплейлік терминалдардың нормаланған параметрлері және 

ЭМӨ рұқсат етілген шамалары. 

Лазерлік сәулеленуӨнеркәсіптерде және медицинада лазерлерді қолдану. 

Жұмысшыларға  әсер  ететін  негізгі  және  қосымша  факторлар.  Лазерлік 

сәулелердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу. ЭМС жиілігін өлшеу 

және бағалау әдістері. Лазерлік сәулелерді өлшейтін аспаптардың жұмыс жасау 

принциптері. 

Өндірістік  шаңның  гигиеналық  мағынасы.  Өндірістік  шаңның  жіктелуі. 

Пневмоканиоз  түрі.  Шаңның  әсерінен  туындаған  аурулардың  алдын  алу. 

Шаңды  гигиеналық  нормалау  принциптері.Өндірістік  орындардағы  ауа 

ортасының шаңдануының концентрациясын анықтау әдістемесі. Пневмокониоз 

қауіптілігін бағалау. 

Өнеркәсіптік  улар,  жіктелуі.  Өнеркәсіптік  улардың  улылығы  мен 

қауіптілігн 

бағалау. 

Әсер 


етуінің 

жалпы 


заңдылықтары. 

Кәсіби 


интоксикациялар  және  олардың  алдын  алу.  Өндірістік  бөлмелердің  ауасының 

құрамындағы  газтәріздес  қоспаларды  зерттеу  әдістемесі.  Өндірістегі  шаңның 

универсиалды газоанализаторды қолданып экспресс зерттеулер жүргізу.  

Ауылшаруашылығындағы  кәсіби  зияндылықтар  мен  жарақаттанулар. 



Ауылшаруашылығының  әртүрлі  саласындағы  жұмыстармен  байланысты 

аурулардың алдын алу шаралары. 

Өндірістік ортаның биологиялық факторлары. Олардың әсерінен болатын 

аурулардың алдын алу. 

 

 

 



 

 


 

18 


№4 кредит сабақтарының тақырыптық жоспарының үлгілері 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі  

 

№ 



Тақырыптары 

1.  Еңбек  гигиенасының  негізгі  түсініктемелері  мен  ережелері.  Өндірістегі 

сауықтыру шараларының жүйесі. 

2.  Еңбек физиологиясының негізі. Ауырлық жіне қысым еңбегінің түсінігі. 

4.  Өндірістік  ортаның  биологиялық  факторлары,  олардың  зиянды 

профилактикада зиянды әсер етуі.  

5.  Ауылшаруашылық  еңбекте  кәсіптік  зияны.  Ауыл  шаруашылықтағы  әр 

түрлі жұмыстарға байланысты алынған аурулар мен трамвалар жайында 

профилактикалық шаралар ұйымдастыру. 

 

Жалпы сағаты: 5  



 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1.  Шаң  потологиясының  профилактикасы.  Өндірістік  шу,  оның  қолайсыз 

әсерінің алдын алу шудың адам ағзасына әсерін және шу деңгейін өлшеу, 

бағалау әдістері. 

2.  Вибрация ауруының алдын алу.Жергілікті және жалпы вибрацияны 

өлшеу  және  бағалау.  Адам  организміне  әсерін  зерттеу,  гигиеналық 

нормалау қағидалары. Шаңның гигиеналық нормалау принциптері. 

3.  Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер.Иондауыш сәуле көздерімен 

жұмыс  жасау  кезінде  персоналдың  радиациялық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету принциптері. 

4.  Дозиметриялық және радиометриялық бақылау. 

 

Жалпы сағаты: 10  



 

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы  

(ОСӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 



Тақырыптары 

1. 


 Шаң патологиясының алдын алу. Ауаның шаңдануын, дисперстілігін  

және  пнвмокониозқауіптілігін  анықтау  әдісі



.

Шаңды  гигиеналық 

нормалау қағидалары. 

2. 


Иондауыш  емес  электромагниттік  сәулелену,  олардың  жағымсыз 

әсерінің алдын алу. Өлшеу мен бағалау әдісі. Нормалау принциптері.  

3. 

Еңбектің  ауырлығын  бағалау  әдісі.  Еңбек  процесімен  байланысты 



өндірістік аурулар мен қажудың алдын алу. 

 

19 


4. 

Кәсіби интоксикациялар және олардың алдын алу. 

5. 

Табиғи  таралу  көздерінен  сәлеленуді  және  медициналық  сәулеленуді 



шектеу.  

 

Аралық бақылау 

 

Жалпы сағаты: 15 

 

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі 

 

№ 

Тақырыптары 

1.  Цех ординаторы дәрігері жұмысының гигиеналық аспектілері. 

2.  Инфрақызыл  сәулеленудің  гигиеналық  сипаттамасы,  медицинада 

қолданылуы, адам денсаулығына қолайсыз әсер етуі. 

3.  Компьютерлердің  бейне  дисплейлік  терминалдарымен  жұмыс    істеу 

кезіндегі еңбек жағдайын ұйымдастыруды медициналық бақылау.  

4.  Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері.  

5.  Улы  химиялық  заттармен  жұмыс  жасаудағы  еңбек  гигиенасының 

мәселелері. 

 

Жалпы сағаты: 15  



 

№ 5 кредит 

 

Тұрғын жайлар мен қоғамдық ғимараттар гигиенасы 

Тұрғындар  мекемелері  мен  жалпы  ғимараттардың  жабылуымен  алдыңғы 

және кейінгі жобаларға қадағалау жүргізілуде. Олардың құрылысы гигиеналық 

талаптарға  сай.  Тұрғындар  мекемелері  мен  жалпы  ғимараттарда  санитарлы 

тексеріс методикасы жүргізілді. 

Тұрғын  жайларды  жоспарлауға,  көлемі  мен  ішкі  жағдайына  қойылатын 

гигиеналық  талаптар.  Ауруханалардың  құрылыс  жүйелері  және  олардың 

салыстырмалы  сипаттамасы.  Барлық  бөлімдердегі,  әйелдер  босанатын  үйлер 

мен  емханалардағы  микроклимат  параметрлеріне,  жарыққа  және  ауа 

ортасының 

сапасына 

қойылатын 

гигиеналық 

талаптар. 

Медицина 

қызметкерлерінің  жеке  бас  гигиенасы  мен  ауруханадағы  санитарлық  тәртіпке 

қойылатын  гигиеналық  талаптар.  Медициналық  мекемелерде  ағын  сулар  мен 

қатты тастандыларды заласыздандыру мен жою. Аурухана ішілік инфекцияның 

алдын алу.  

 

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы 



 

«Денсаулық»  түсінігіне  анықтама.  Адам  денсаулығына  қалыптастыратын 

факторлар.  Балалар  мен  жасөспірмдердің.денсаулық  топтары.  Денсаулық 

жағдайын бағалау үшін қолданылатын критерийлер мен көрсеткіштер.  



 

20 


Дене  дамуы  денсаулықтың  негізгі  көрсеткішінің  бірі.  Балалардың 

дамуының  биологиялық  және  әлеуметтік  жас  кезеңдері.  Балалар  мен 

жасөспірімдердің  өсіп-дамуының  негізгі  заңдылықтары  және  олардың 

гигиеналық маңызы. Физикалық дамудың акселерациясы және децелерациясы. 

Дене  дамуын  зерттеу  әдістері.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  физикалық 

дамуының  көрсеткіштері  және  оны  бағалау  әдістері.  Балалардың  денсаулық 

жағдайын аурушаңдығы бойынша бағалау.  

Күн  тәртібінің  физиологиялық  негіздері.  Оқушылар  мен  мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  күн  тәртібі.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  денесін 

шынықтыру мен шынығудың маңызы. Дене тәрбиесінің қағидалары, құралдары 

мен формалары. Денешынықтыру тәрбиесінің топтары.  

Еңбекке  тәрбиелеу  және  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  қағидалары. 

Мамандыққа бағыттау  туралы  түсінік және  жасөспірімдерге  кәсіби  дәрігерлік 

кеңес 


беру.Балалар 

мекемелерінің 

орналасуына, 

жоспарлануына, 

жабдықталуына  және  жабдықтарына  қойылатын  гигиеналық  талаптар. 

Балалардың  саулығын  санитариялық-эпидемиологиялық  қамтамасыз  етуді 

санитариялық  бақылау.  Балалар  қауымын  медициналық  тұрғыда  қамтамасыз 

ету. 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал