«Байсерке абыз даналықпен жасай береді»



жүктеу 0.97 Mb.

бет1/10
Дата28.01.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Байсерке абыз 

даналықпен жасай береді»

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№44 (1302) 

5 – 11 қараша

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

11-бет

12-бет

5-бет

Қыз бала – 

ұлттың намысы

Балаларға – 

базарлық

БАҚ және 

тіл мәдениеті 

Даналық  мәйегі 

Ел арасында топ бастаған көсем, ердің 

құнын екі ауыз сөзбен бітіретін шешен  

әрі ақын Байсерке абыз туралы аңыз-

әңгімелер көп таралған. Ол өзі тоқпақтай 

ғана шымыр денелі, түрі өңсіз кісі болса 

керек. Байсерке қызыл тілге қырып салма 

шешен болғанмен, алдында айдап жүретін 

дәулеті жоқ, шекесі шытынаған тақыр 

кедей әрі өз кіндігімен перзент көрмеген, 

басқа жарлы адам болған. 

 Өңірде төрт түлік малын санап 

болмайтын Жайынбай деген атышулы 

бай адам бар екен. Оның көп әйелінен 

туған он алты ұлы да ауыл болып, толып 

жатқан қыздары үш жүздің ең дәулетті 

деген адамдарына ұзатылады. Алдына жан 

салғысы келмейтін өркөкірек, өзімшіл, 

қыңыр бай қара сөзге шебер, әр жерде 

билік айтып, елді аузына қаратып жүрген 

адам болыпты.

Бір ауылда жесір дауы болып, Жайын-

бай мен Байсерке абыз да шақырылса 

керек. Байсеркенің де билік айтуға 

шақырылғанын сезіп, Жайынбай жылан-

ша ысқырынып, төрелік айтудан бұрын 

абыздың бетін қайтарып, ықтырып алуды 

ойлайды. Ол өзіне сәлем бергелі келген 

абызға: «Құлақ-мұрны жоқ шұнақ абыз, 

жал-құйрығы жоқ шолақ абыз, сен де 

келгенсің бе?» дейді. Бұл Байсеркенің 

бауырында баласы, алдында айдап 

жүрген малы жоқ екенін бетіне басқаны 

екен. Сонда Байсерке абыз көп ойланып 

тұрмай іркілместен былай дейді: «Ей, 

Жайынбай, өзің де, тілің де жайындай 

екен. Құлақ-мұрным жоқ шұнақ бол-

сам, сұңқар шығармын, жал-құйрығым 

жоқ шолақ болсам, тұлпар шығармын. 

Біреуі құстың бұлбұлы, біреуі жылқының 

дүлдүлі. Халықтан атқа мінер ұл туса, ол 

менің ұлым, халықта бар байлық болса, ол 

менің пұлым. Ал сен малым көп деп тасы-

ма, оның бір жұттық қана, басым көп деп 

тасыма, оның бір дерттік қана. Жайынбай 

малымен бірге өледі, ал Байсерке абыз 

халықпен бірге жасай береді» деген екен.

Әділ сөзден жығылып, масқара болған 

Жайынбай: «Байсерке тұранда маған тө-

ре лік тимейді екен» деп ізінше аттанып 

кетіпті. 



(«Ел аузынан», «Жазушы», 

Алматы,1989 ж.)

«Оқырманмен үн қатысу 

– бұл үздіксіз жүретін 

үрдіс.  Оқырман көкейін-

дегісін табу, қоғам  алдында 

тұрған елеулі мәселелер 

туралы пікір алысу, сырласу 

қазақ баспасөзінің ежелден 

қалыптасқан жақсы 

дәстүрі. Әріге бармай-

ақ кешегі 90-жылдың 

мысалына үңілсек, бар 

сауалға өзінен өзі-ақ 

жауап табылады. Мерзімді 

басылым беттерінде елді 

ауызбірлікке шақырған  

ұлт баспасөзінің ай мүйізді 

көсемі де, шешені де болған 

Сапар Байжановтың, 

Балғабек Қыдырбекұлының, 

Кәкімжан Қазыбаевтың, 

Камал Смайыловтың, 

бүгіндері көзі тірі арамызда 

жүрген ағаларымыз 

Шерхан Мұртазаның, Әбіш 

Кекілбаевтың, Қуаныш 

Сұлтановтың, Сарбас 

Ақтаевтың публицистикалық 

ой-толғамдары қалың 

оқырманның әлі есінде». 

оқырман отауы: Баспасөз – 2016



3

еді. Қазақ театр өнерін Атырауға 

көшіріп әкелгендеріңіз үшін об-

лыс халқы атынан алғыс айтамын, 

– деген аймақ басшысының орын-

басары сахнаға үлкен тапсырмамен 

шығып отырғанын жеткізді. Осынау 

шараға орай Астанадан Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік хат-

шысы Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР 

Президенті әкімшілігі басшысының 

орынбасары Бағлан Майлыбаевтан 

келген құттықтау хатты оқып, фести-

валь иесіне табыстады. 

Жазушы Рахымжан Отарбаев 

фес тивальді ұйымдастыруға ұйытқы 

болған Атырау облысы әкімдігіне 

ризашылығын білдірді. 

– Алыс-жақыннан келіп отырған 

театр артистеріне басымды иемін. 

Халықаралық театр фестивалін 

ұйым дас тыруға ұйытқы болған об-

лыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы 

І з м ұ х а м б е т о в к е   ж ә н е   о с ы н д а й 

үлкен істің басы-қасында отырған 

аймақ басшысының орынбасары, 

ұйымдастыру алқасының төрағасы 

Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқанға рақмет 

айтамын. Айналайын Атырау елі, 

балаңды тербеткен алтын бесіксің ғой! 

Осы елдігіңнен де, ерлігіңнен де айы-

рыл машы, – деп жазушы-драматург 

Рахымжан Отарбаев туған өлкесіне 

де ыстық ықыласын жеткізіп, об-

лыс әкімінің орынбасары Шыңғыс 

Мұқанға халықаралық фестивальден 

ескерткіш сыйлықты табыстады. Со-

нымен қатар өнердің дүбірлі додасына 

қатысқан театр басшыларына облыс 

әкімінің орынбасары, фестивальді 

ұйымдастыру алқасының төрағасы 

атынан Алғыс хат табысталды.

Ф е с т и в а л ь   а я с ы н д а   а қ ы н , 

Сахна саңлақтарының жұлдызды сәті

Атырауда көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың 

Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті

Моңғолия Жазушылар одағы Баян 

Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер 

кеңесінің төрағасы Сұраған Рахметұлы 

жазушы-драматург Рахымжан Отарба-

евты Моңғолия Президентінің арнайы 

медалімен марапаттаса, елдің бірлігі 

мен бабалар рухын насихаттағаны үшін 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі 

атынан «Алпамыс батыр» медалі 

тапсырылды. Айта кетсек, жуырда 

Мәскеу қаласының «Художественная 

литература» баспасынан Рахымжан 

Отарбаевтың «Плач Чингизхана» атты 

кітабы жарық көрген болатын. Атал-

мыш еңбек «ТМД елдері бойынша ең 

көркем туынды» атанып, фестивальде 

қазылар алқасы құрамында болған 

Александр Грин атындағы әдебиет 

с ы й л ы ғ ы н ы ң   ж ә н е   М . Ш о л о х о в 

атындағы халықаралық сыйлықтың 

лауреаты Георгий Пряхин қаламгерге 

аталымның дипломын табыстады. 

(Жалғасы 2-бетте)

Бет қатталып жатқанДа:

Баспасөз – 2016

зерДе


 Алматы қаласындағы «Ми-

рас» баспасынан Мұхаммед Хай-

дар Дулатидің әйгілі «Тарих-и-

Рашиди» атты кітабы жарыққа 

шықты.

 Қазақстан Республика-

сының Ұлттық кітапханасында  

Қазақ стан ның халық артисі, ре-

жиссер Асқар Тоқпановтың 100 

жылды ғына арналған еске алу 

кеші өтті. 

 Ақтөбе облысына қарасты 

Мұғалжар ауданы аумағындағы  

бұрынғы «Темір» кеңшарында 

өткен кеш белгілі композитор 

Шәмші  Қал даяқов тың  85  жыл ды-

ғына  арнал ды. 

 Астанада «Шабыт» XVIIІ 

Халықаралық шығармашылық 

жастар фестивалі салтанатты 

түр де  ашылды.

 Ақмола облысына қарасты 

Астрахан ауданының Ковылен-

ка ауылында Ұлы Отан соғысы 

қатысушыларына арналған 

ескерткіш орнатылды.

 Алматы марафоны-

на дайындық аясында 

күзгі жарысқа тіркелу 

шарасы  бас талды.

фестиваль



6-7

Жуырда Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, 

«Парасат» орденінің иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, көрнекті 

жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалі өтіп, 

киелі сахнада өнер көрсеткен театрлардың үздіктері марапатталды. 

Теңіз 


әуендері

Әбу Сәрсенбаев — қазақ әдебиетінде «қазақ 

Айвазовскийі» деген атпен әйгілі болған 

жазушы. Жазушының «Толқында туғандар», 

«Теңіз әуендері» романдары өзі туып-өскен 

Атырау өлкесі, Каспий теңізінің төсінде 

тулаған толқынмен алысқан балықшылар 

өмірі айшықты көрініс тапқаны анық.  Өзі де 

теңіз өрін бағындырған кәнігі балықшының 

ұлы, жастайынан дауылмен арпалысып 

өскендіктен, бұл тақырыпта ол сөзбен теңіздің 

тау-тау толқындарының суретін нақыштайды. 

Оның романдары атақты орыс суретшісі 

И.К.Айвазовскийдің дүниежүзіне аты шыққан 

«Тоғызыншы балл» картинасымен өзектес. 

«Толқында туғандар» романындағы Дауыл 

бейнесі жазушының прототипі іспеттес. Оның 

өзі де жеті жасында жетім қалып, он жасында 

Каспий теңізіне балықшылармен бірге 

«қазаншы бала» болып аттанған.

Көрме


Алты күн бойы мұнайлы өлке халқы 

алыс-жақыннан келген он бір театрдың 

өнерін тамашалады. Өнер фестивалінің 

қорытынды кешін облыс әкімінің 

орынбасары Шыңғыс Мұқан ашты. 

– Болмысы бөлек жазушы-дра-

матург Рахымжан Отарбаев сезімін 

сөзге, сөзді суретке айналдырса, ал 

театр саңлақтары осы суретті халыққа 

жеткізіп, атыраулықтарға рухани ме-

реке сыйлады. Атырау өңірі қашан да 

таланттардан кенде болмаған. Талант-

ты тірі кезінде бағалау керек деген 

ой жетелеп, бүгін театр апталығын 

қорытындылап тұрмыз. Егер Асанәлі 

Әшімов, Есмұхан Обаев сынды біртуар 

тұлғаларымыз келіп қатыспағанда, 

бұл фестиваль өз деңгейінде өтпес 

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

Қ

А

зПОШТА

индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде халық ақыны, 

жыр алыбы Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 155 жыл то-

луына орай, «Ұмытпас мені ғасырлар» атты мемориалды 

көрме өз жұмысын бастады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі және «Халық 

ақы ны Н.Байғанин атындағы мәдени қоры» бірлесіп 

ұйымдастырған көрменің ашылу салтанатында көрермен-

дерге «Нұрпейіс Байғанин» атты деректі фильм көрсе тілді. 

Көрмеге Ғабит Мүсірепов, Ахмет Жұбанов, Құдайберген 

Жұбанов, Абдолла Қарсақбаев секілді ұлы тұлғалардың 

ұрпақтары қатысып, сөз сөйледі. «Н.Байғанин атындағы 

мәдени қордың» құрылтайшысы Ерболат Байғанин 

бұл көрмеге ақынның жеке және отбасы мүшелерімен 

түскен фотосуреттері, портреттері қойыл ғандығын, со-

нымен қатар Ақтөбе қаласының өлкетану музейінен жеке 

бұйымдары әкелінгендігін тілге тиек етті.

«Ұмытпас мені ғасырлар»

Жансерік

Жұмабек КЕНЖАЛИН,

«Қазақ газеттері» ЖШС-ның 

Бас директоры – 

Редакторлар кеңесінің төрағасы


3

№44 (1302) 

5 – 11 қараша

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№44 (1302) 



5 – 11 қараша

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Таяуда елімізге танымал актер, қоғам 

қайраткері, «Қазақфильм» кино қорының 

директоры Нұрлыбай Есімғалиевқа Батыс 

Қазақстан облысы Бөкей орда аудандық 

мәслихатының шешімімен «Бөкей орда 

ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Белгілі өнер иесінің есімі «Сайтан 

көпір», «Жамбылдың жастық шағы», 

«Қызыл отау», «Қоштасқым келмейді» және 

басқа да фильмдер арқылы жұртшылыққа  

жақсы таныс. 

К ө р н е к т і   ж а з у ш ы ,   М е м л е к е т т і к 

с ы й л ы қ т ы ң   и е г е р і ,   Қ а з а қ с т а н н ы ң 

еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық 

кітапханасының бас директоры Әлібек 

Асқаровқа «Социализм әңгімелері» мен 

«Әйел парасаты» топтама әңгімелері үшін 

Халықаралық  Жазушылар одағының «Ұлт 

мақтанышы» төсбелгісі  табыс етілді. 

Төсбелгіні «Бейбітшілік әлемі» халық-

аралық шығармашылық  бірлестігінің өкілі 

Мұхамедқали Баймұқанов тапсырды.   

оқырман отауы: Баспасөз – 2016

а

қпараттар ағыны



а

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында 

«Қазақстан – Ресей» әдеби альманағының бірінші басылымын таныстыру 

рәсімі өткізілді.

 Тұсаукесер рәсіміне Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин, 

халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі Ресей президентінің 

арнайы өкілі Михаил Швыдкой, ақын Олжас Сүлейменов, «Литера-

турная газетаның» бас редакторы Юрий Поляков, «Роман-газетаның» 

бас редакторы Юрий Козлов, шығармалары альманахқа кірген бірқатар 

жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Басқосуды 

ашқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы  Марат 

Тәжин барша қаламгерлердің еңбегіне сәттілік тіледі. Қазақстан Жа-

зушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин аталған 

рәсімді екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 

елеулі кезеңі деп атады. Қазақстан ПЕН-клубының басшысы Бигелді 

Ғабдуллин әдебиет әр кезде халықтардың қарым-қатынас көпірі болып 

қала беретінін айтты. 



«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жетім бала-

лар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Таң 

шолпан» республикалық байқауының жеңімпазы анықталды.

Қазақстанның 14 облысынан іріктеу кезеңнен өтіп келген 32 

өнерпаздың ішінен суырылып алға шыққан 7 жас талант ақтық жа-

рыста бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Ласкутов «Таң шолпан» 

республикалық байқауының бас жүлдесіне ие болды. Білім және 

ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің қолдауымен 

оныншы рет ұйымдастырылған жоба еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас 

өрендердің шығармашылығын дамытуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік 

беретін дарындылар алаңына айналды. Байқаудың басты мақсаты – 

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қабілетті 

және кәсіби тұрғыда мол үміт күттіретін балаларды анықтау болды. 

Талдықорғанда ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының 

Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбековтің 80 жасқа толған мерейтойы 

аталып өтті. 

«Тақиялы періште» деп атап кеткен құрметті азаматтың мерейтойы-

на «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты 

Азат Перуашев арнайы келіп ізгі лебізін білдіріп ат мінгізді. Ұзын саны 

13 фильмге түскен Әлімғазы Райымбековтің әрбір образынан оның 

жүрек түкпірінде жатқан тектілік пен тазалықты аңғару қиын емес.



Алматыда VII Халықаралық пианиношылар байқауы өтеді. Байқаудың 

ашылуы мен белгіленген үш тур және қорытынды концерт Құрманғазы 

атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында қойылады. 

Мәдени шараға Қазақстан мен Өзбекстанның, Ресей мен Бела-

руссияның, Грузияның, Оңтүстік Корея мен Жапонияның жас пиа-

ниношылары қатысады. Таланттарға баға беретін қазылар құрамында 

Қазақстанның халық артисі, Францияның әдебиет пен өнер орденінің 

кавалері, профессор Жәния Әубәкірова, ресейлік өнер профессоры 

Михаил Воскресенский, Данг Тхай Шон (Вьетнам–Канада), Джунг 

Чанг (Оңтүстік Корея), Юлий Могулис (АҚШ)  және басқалары бар.



Мәскеудегі қаламгерлер кездесуі

«Балдәурен» балалары – өнерлі 

«Тақиялы періште» – 80 жаста

Күйсандықтан төгілген әуен

мәДениет


топжарған

Шара


Байқау

Германиядағы ҚР Елшілігі ғимаратында «Қазақ хандығына – 550 

жыл: бастаулардан қазіргі заманға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік кон-

ференция өтті.

Шара  барысында «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Мұхтар 

Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының неміс тіліндегі нұсқасының 

тұсауы кесілді. Жиынға неміс әдебиеттанушылары, ГФР және қазақ 

диаспорасының зиялы қауым өкілдері мен Қазақстан студенттері 

қатысты. ГФР-дағы ҚР елшісі Болат Нүсіпов қатысушыларды 

Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен таныстырып, ол 

қазақ халқының мәдениеті мен тарихын таныту мақсатында жүзеге 

асырылып жатқан «Қазақ кітапханасы» жобасы жайлы айтып берді. 

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының екінші томының 

тұсауын кескен Б.Нүсіпов кітап авторының қазақ халқының әдеби 

мұрасына қосқан ерен еңбегін атап өтті. Шара барысында неміс 

әдебиеттанушылары, «Қазақ кітапханасы» жобасының қолға алушылар 

Леонард Кошут пен Кристине Лихтенфельд баяндама жасады. Олар 

аталған жобаның арқасында Қазақстанның бірегей мәдениеті мен 

әдебиеті еуропалық қауымдастық үшін қолжетімді бола бастағанын 

жеткізді. 

«Ұлт мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды

Құрметті атақ иесі

«Абай жолы» неміс тілінде жарық көрді 

құттықтаймыз! 

тұсауКесер

Джон Керридің Қазақстанға жаса ған 

бұл сапары туралы әлемдік бұқара лық 

ақпарат құралдары өздерінің тақы-

рыптарына арқау етіп жатты. Олай бо-

луы заңды да. Өйткені Елбасы бұған БҰҰ 

сессиясы аясында АҚШ Президенті Ба-

рак Обамамен кездесіп, еларалық бай-

ланыстар жөнінде келелі пікір алмасқан 

болатын. Ал Джон Керридің бұл сапары 

сол байланыстарды нақты іс жүзінде 

жүзеге асырумен байланысты болғаны 

сөзсіз. 

Стратегиялық тұрғыдан қарасақ, 

Қазақстан мен АҚШ-тың арасында 

тек экономикалық қана емес, бизнес, 

инфрақұрылым, әлеуметтік жобалар, 

мәдени-әлеуметтік, білім, ғылым, инно-

вация саласындағы байланыстары жолға 

қойылған. Оның үстіне Қазақстанның 

ядролық қарусыздану және таратпау 

бойынша бастамаларына АҚШ билігі 

қолдау көрсетіп келеді. 

Елбасы Джон Керримен кездесуінде 

осы мәселеге ерекше назар аударды. 

Кездесуде Елбасы: «Таяуда мен Нью-

Йоркте АҚШ Президенті Барак Обама-

мен кездестім, екіжақты ықпалдастық 



(Басы 1-бетте)

Халықаралық фестивальдің өтуіне орай Қырғызстанның 

мәдениет және туризм министрі Алтынбек Махсутов пен 

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин-

нен  де құттықтау хаттары келіп түсті. Қырғыз Республикасының 

еңбек сіңірген артисі Бұсырман Одурақаев фестивальге белсене 

қатысқан Баян Өлгей аймақтық музыкалық драма театры, 

Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры 

мен Алматы облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған 

драма театры ұжымдарына ынталандыру сыйлығын тарту етіп, 

диплом мен 300 000 теңгенің сертификатын табыс етті. 

Ал, ақын, Моңғолиядан келген Сұраған Рахметұлы жеке 

рөлдерде көзге түскен өнерпаздарды бірнеше  аталымдар бойын-

ша марапаттап, әрқайсысына диплом мен 300 000 теңгенің сер-

тификатын ұсынды. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық 

қазақ драма театры ұсынған «Жәңгір хан» спектаклінде 

Махамбеттің рөлін сомдаған Қуаныш Амандықов «Үздік ер 

адам бейнесі» аталымын ұтып алса, «Үздік әйел адам бейнесі» 

дипломы Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік 

академиялық қазақ музыка драма театрының артисі Айнұр 

Бермұхамбетоваға табысталды. Ал осы театрдың режиссері 

Нұрлан Жұманиязов «Үздік режиссер» атанды. 

Алматы облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған 

драма театры қойған «Ұйық» драмасында Камиланың бейнесін 

сомдаған Әйгерім Бекболатова «Екінші кезеңдегі (пландағы) 

әйел адам бейнесі» аталымы бойынша үздік деп танылды. 

«Үздік сценография» аталымы бойынша Қызылорда облыстық 

қазақ музыкалық драма театрының қоюшы-суретшісі Серік 

Пірмахан жеңіске жетті. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ

тұсауКесер



апта-шолу

а

пта айшықтары



а

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБасы


ҮКімет

оң Болсын!

БағДар

сапар


серпін 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ресей Феде рация-

сының Президенті Владимир Путинге Ресейдің 

«Когалымавиа» компаниясының «Airbus A321» 

ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту 

жеделхатын жолдады.

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың 

қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мем-

лекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны 

атап өтілген. Елбасы қаза болғандардың туған-

туыстары мен жақындарына жеке өзінің және 

Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 

Душанбе қаласында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті 

отырысына қатысты. 

Кеңейтілген құрамдағы отырыста сөйлеген сөзінде К.Мәсімов 

аталған іс-шарамен Қазақстан ТМД-ға төрағалығын аяқтайтынын 

атап өтті. Үкімет басшысы Қырғызстанға 2016 жылы ТМД-ға 

төрағалық етудің құрметті міндетін атқаруда сәттілік тіледі. Отырысқа 

қатысушылар ТМД-ға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық

гуманитарлық және құқық қорғау салаларындағы өзара іс-қимылды 

одан әрі дамытуға қатысты шамамен 40 мәселені қарады. Кеңес 

отырысының қорытындысы бойынша К.Мәсімов баспасөз мәслихатын 

өткізді. 



Қазақстан Республикасы Президентінің 

Жарлығымен Данияр Ақышев – Қазақстан 

Рес

 

публикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 

болып тағайындалды. Елбасы Жарлығымен 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал