Байдалиев Қ.Ә. Бастауыш мекгепте еңбекке баулу және бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен технологиясы курсы бойынша лабораториялық практикум



жүктеу 46.8 Kb.

бет1/15
Дата15.03.2017
өлшемі46.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бастауыш оқыту әдістемелік кафедрасы
Байдалиев Қ.Ә.
Бастауыш мекгепте еңбекке баулу және бейнелеу өнерін оқытудың 
теориясы мен технологиясы курсы бойынша
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ
Бастауы ш  оқыту педагогикасы мен әдістем есі мамандыгының 
студ е н тте р ін ө  арналган оқу-әдістемелік құрал
Орал, 2007

ӘОЖ  371.3:37.035:73/76
ББК 74.202.5
Б17
Қуоастырушы: 
Байдалиев Қ.Ә. -  доцент
Пікір жазган: 
Қыдыршаев А.С. -  п. ғ. д., М. Өтемісов атындағы 
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 
қазақ тілі мен әдебиеті және оқытудың теориясы 
кафедрасының меңгерушісі.
Хамзин Н.А. -  Ж. Досмухамедов атындағы Орал 
педагогикалық колледжінің технология 
кафедрасының меңгерушісі
Б17 Байдалиев Қ.Ә.
Еңбекке  баулу  мен  бейнелеу  өнерін  оқытудың  теориясы 
жене  технологиясының  лабораториялық  практикумы:  Оқу- 
әдістемелік  құрал.  -   Орал:  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  баспа 
орталығы, 2007. -  192 б.
ISBN 9965-21-570-70
Абай  атындагы  Қазақ  педагогикалық  университетінің  “Педагогика” 
мамандықтары  саласының  республикапық  оқу-әдістемелік  бірлестігінің 
24.10.07ж.  № 5-шіхаттамасы шешімімен баспаға ұсынылган.
Бұл  оқу-әдістемелік  құрал  оқытудың  теориясы  мен  технологиясы 
курсы  бойынша  сггуденттің  кәсіби-әдістемелік  біліктілігін  қалыптастыруға 
өз бетімен жұмысты толық орындауға  мүмкіндік береді.  Лабораториялық 
практикум  жоғары  оқу  орнындағы  студенттің  бастауыш  мектеп  оқу 
урдісіне  қажетті  оқу-әдістемелік  құжаттарды,  әр  түрлі  типті  сабақгың 
әдістемелік  жоспар  жобасын  моделдеуді  және  құрастыруды  үйренуге 
арналған.
ББК 74.202.5
ISBN 9965-21-570-70
© Байдалиев Қ.Ә., 2007 
©М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2007

М а з м ү н ы :
Кіріспе............................................................................................5
1.Бөлім1.  Еңбекке баулуды оқытудың
теориясы мен технологиясы.......................................................7
'ІЛ.Лабораториялық  жұмыс  №1.  Тақырыбы:  еңбекке  баулу
пәнінің оқу бағдарламасы құрылымы мен мазмұны.................... 7
'\.2.Лабораториялық  жұмыс  №2.  Тақырыбы:  еңбекке  баулу 
пәнінің  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарының  құрылымы  мен
мазмұны.....................................................................................11
^.Ъ.Лабораториялық жұмыс  №3.  Тақырыбы:  оқушыны  қағаздан 
(картоннан)  жұмыс  орындауға  үйретудің  оқыту  мазмуны  және
оның технологиясы....................................................................15
1 ЛЛабораториялықжүмыс №4. Тақырыбы: оқушыларды табиғи 
материалдан  жұмыс  орындауға  үйретудің  оқыту  мазмұны  және 
оның технологиясы.................................................................... 19
1.5.Лабораториялық жүмыс  №5.  Тақырыбы:  оқушыларды  ағаш 
материалынан жұмыс орындауға  үйретудің оқыту мазмұны және 
оның технологиясы 
22
1.6.Лабораториялық  жұмыс  №6.  Тақырыбы:  оқушыларды 
матадан жүмыс орындауға  үйретудің оқыту  мазмүны  және  оның 
технологиясы 
26
1.7.Лабораториялық жұмыс №7.  Тақырыбы:  оқушыларды ермек 
саздан  бұйым  орындауды  үйретудің  оқыту  мазмұны  және  оның
технологиясы............................................................................. 30
1.в.Лабораториялық  жұмыс  №8.  Тақырыбы:  оқушыларды 
қоленер  бұйымын  жасауға  үйретудің оқыту  мазмұны  және  оның
технологиясы............................................................................. 33
1.9.Лабораториялық  жұмыс  №9.  Тақырыбы: 
оқушыларды 
техникалық  құрастыруға  үйретудің  оқыту  мазмұны  және  оның
технологиясы............................................................................. 36
\ЛО.Лабораториялық  жұмыс  №10.  Тақырыбы:  оқушыларды 
тұрмыстық  бұйымдарды  күтуге  үйретудің  оқыту  мазмұны  және 
оны технологиясы......................................................................40
2.Студенттің  сабақ  жоспарын  моделдеуге  және  құрастыруға 
әдістемелік көмек........................................................................ 43
3.Бөлім.2. Бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен 
технологиясы.............................................................................. 48
3.1 .Лабораториялық  жұмыс  №1.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнері
пәнінің оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны............ 48
3.2.Лабораториялық  жұмыс  №2.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнері 
пәнінің  күнтізбелік  тақырыптық  жоспарының  қүрылымы  мен 
мазмұны 
54
3

3.3.Лабораториялық  жұмыс  №3.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнері 
сабағында  оқушылардың  бейнелеу  -   техникалық  құралдарды 
қолдануға 
үйретудің 
оқыту 
мазмүны 
мен 
оның
технологиясы............................................................................. 58
ЗА.Лабораториялық  жүмыс  №4.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнері 
пәніндегі  оқушылардың  көркем  -   мәнерлі  құралдар  ұғымдарын
игертудің оқыту мазмуны және оның технологиясы...................61
З.Ъ.Лабораториялық  жұмыс  №5.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнері 
сабағында оқушының қағаздан аумақты бейне кескіндерін көркем 
құрастырудың оқыту мазмұны және оның технологиясы.......... 64
3.6.Лабораториялық  жұмыс  №6.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнер 
пәнінің  сәндік  -   қолданбалы  өнер  сабағындағы  оқыту  мазмүны 
және оның технологиясы........................................................... 68
3.7.Лабораториялық  жұмыс  №7.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнер 
пәнінің 
мүсіндеу 
сабағын 
оқыту 
мазмұны 
және 
оның 
технологиясы 
73
3.8.Лабораториялық  жұмыс  №8.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнер 
пәнінің  сабағында 
оқушыларды 
бейнелеу  өнердің  даму 
тарихымен 
таныстырудың 
оқыту 
мазмуны 
және 
оның 
технологиясы 
77
3.3.Лабораториялық  жүмыс  №9.  Тақырыбы:  бейнелеу  өнер 
сабағында  оқушының кескіндемемен  бейне  кескінін  орындаудың
оқыту мазмұны және оның технологиясы..................................81
З.Ю.Лабораториялық  жұмыс  №10.  Тақырыбы:  бейнелеу  енер 
пәнінде  оқушыларға  сәулет  өнерімен  таныстырудың  оқыту 
мазмұны және оның технологиясы............................................ 84
4.Студенттің  сабақ  жоспарын  моделдеуге  және  құрастыруға
әдістемелік көмек.......................................................................... 89
4

Кіріспе
Қазіргі  жоғары  педагогикалық кәсіби  білім  беру оқу  орнының жас 
маман  -мүғалім  дайындауда,  жетекші  міндеттердің  бірі  -  маманның 
мектептегі  оқу  үрдісіне  үйлесімді,  икемді  кіруіне  әдістемелік 
құзыреттілігін  қалыптастыруға  жаңа  мазмұндағы,  озат  ғылыми  - 
әдістемелік 
теориялар 
мен 
тәжірибелерге 
негізделген, 
шығармашылықта  ұстаздық  қызмет  атқаруға  мүмкіндігі  бар  маман 
иелерін  моделдеу  және  жобалау.  Бұл  бүгінгі  білім  беру  саласының 
өзекті  талабы.  Жас  мұғалім  кәсіби  еңбегінде  ұсынылған  оқу- 
әдістемелік құжаттарды пайдаланумен шектелмей, оларды ғылыми- 
теориялық  негізде  конструктивті  түрде  жобалай,  модельдей  және 
құрастыра алатын,  студенттің қасиетіне өз бетімен  білімін  бекітуіне, 
тереңдетуіне,  іскерлік пен машықтық қасиеттерінің нақты тәжірибеде 
сынай  алу,  жалпы  өзінің  басқа  да  болашақ  педагогикалық  және 
әдістемелік  функцияларын  дамытуға,  сынауға  мүмкіндік  алатын 
сабақ  формаларының  бірі  -   оқу  үрдісіндегі 
лабораториялық 
практикум.
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 
«Еңбекке  баулуды  оқытудың  теориясы 
мен  технологиясы», 
«Бейнелеу 
өнерді 
оқытудың 
теориясы 
мен 
технологиясы» 
курстарының  дәріс  жэне  семинар  формаларындағы  сабақтарда, 
студенттер  пәндерді  оқытудың теориясы  мен технологиясы туралы 
мәліметтер  алып,  оны  оқытудың  әдістемесі  негіздері  туралы  білімі, 
бастауыш  мекгептің  бейнелеу  өнер  мен  еңбекке  баулу  ләндері  оқу 
материалының құрылымы  мен  мазмұны,  оқу-әдістемелік құжаттары, 
нормативті  құжаттар,  тақырыптық  сабақтарды  оқыту  туралы 
білімдері  ғана  қалыптастырылады.  Лабораториялық  практикум 
формасындағы  сабақтарда  еңбекке  баулу  пәні  мен  бейнелеу  өнер 
пәндерін бастауыш сыныпта оқытудың технологиясы бойынша әрбір 
оқу  модулдарынан:  түрмыстық  еңбек,  көркем  еңбек,  техникалық 
еңбек,  дизайн  негіздері;  бейнелеу  өнерінен  -   сурет,  кескіндеме, 
сәндік-қолданбалы өнер, мүсіндеу, сәулет өнері және бейнелеу енер 
тарихы  сияқты  модулдарынан  тақырыптық  сабақгардың  оқыту 
әдістемелерін 
моделдеу 
мен 
құрастыру 
арқылы 
жобалау 
жұмыстарын 
студенттер 
орындайды. 
Орындалған 
сабақ 
жоспарының  жобасын  арнайы  тәжірибеде  (мектеп  шеңберінде) 
студент сынаудан өткізеді.
Лабораториялық  практикум  он  жұмыстан  құралған,  оның  бірінші 
және екінші жұмыстары оқу-әдістемелік нормативті құжаттар жасауға 
арналса,  яғни,  модулді  оқу бағдарламасын  және  күнтізбелік жоспар 
жасау  болса,  қалған  жеті  түрі  оқу  материалының  модулдерінің 
(бөлім)  әр  біріне  арналған  тақырыптық  сабақтарды  оқытудың 
жоспарын жобалауға бағытталған.
5

Лаоораториялық  жұмыстардың  толық  қурылымы  мен  мазмуны 
көрсеплген  Жумыстың тақырыбы.  мақсаты мен міндеттері, объектісі 
мем  лредметі,  орындау  нусқауы  м е н   ескертулері,  сурақтарға жауап 
беруі  мен  жұмыста  қолдануға  қажетті  әдебиеттер,  сабақтын  ұлгі 
формалары.қуралдары.  әдіствр  және  бағалау  критериялары.  Осы 
қурылым  бойынша  студент,  әрбір  лабораториялы*  жумыста  нақты 
тапсырмаларды.  сол  жумыстың  ішінен  өзбетімен  қарастыра отырып 
орындай  алатын  мумкіндігі  бар  Ж умыстың  ішінде тапсырмалардың 
мөлшері  бір  немесе  екі  түрі  үлгі  ретінде  керсетілген.  Өрбір 
жумыстың  мазмунында  сабақ  жоспарын,  оқу  бағдарламасын, 
күктізбелік  жоспарын  қурастыруға  байланысты  оқу  материалының 
көлемі  белгіленген. 
Оқытушы 
көрсетілген  оқу  материалдары 
шектеулі  деп  есептеген  ж ағдайда.  тапсырманың  мазмунын өзгерте 
алады.  Бул  қурылым  және  мазм ундағы   лабораториялық жұмыстар, 
студенттің  өзбетімен(жетекшінің  көмегінсіз)  толық  шуғылдануына 
ықпал  етеді.  Оқытушы  студентке  лабораториялық жұмыс  орындау 
санын ғана белгілейді.  Өйткені.  әрбір жумыстын на*гы траекториясы 
мен  жолы  нақты  аппаратта  көрестілген.  Үшінші  мен  оныншы 
жумыстардың  мазмундары  бірдей  болғанымен,  бірак  жобалауға 
арналған  саба^гың  м азм ұны ндағы   сабақгың  типтері  әртүрлі  болып 
қуралған.Таңдалған  тап сы р м а л а р д ы и   мәнді  бөлігі,  қазіргі  бастауыш
а л ы н « нЫІ
ш0ҚУ
 
бағдарламас ы  
м ен   о*улы«тың  оку  материалдарынан 
ж ә н Г и о п » УМЬ'СТЫҢ  Тағы  б 'Р  
е рекшепіп.
  жобаланғаноқу-әдістемелік 
опГпп 
ТИВТ'  |
^ ж атта р д ы   м індетті  турде  мектеп  тәжірибесінде,
S
S
L
 
» п ^ ер,нде  т е “ « Р У   Жобапанған  * * ш т *   м а » ү ™
квмегімен^зетеотьіктаГДаЙДа  wl>™ aH  же,е,ШІ"И  (
г
*
- Д ГлГ
отыр. 
ехнологиясы ны ң  жүйесі  сәйкестендіріп
бағьітталғанҢТапсыпмНЫ 
ше,стеУЛІ 
Д»стүрлі  саба^ы 
тағы 
басқа  белгілеоі  ап 
а н ь 'Ң  мазмуны.  көлемі,  мөлшер 
гтулент 
тапсырманың  негі-f  Т^ Л|  ш ам а д а   Осыған  байланысть, 
оку  материалыиың 
° ҚытУДы ң  жаңа  технологияларь 
сараптау, қажетгі 
6 е л п л е р ін  
нормативті 
^ ЯІ(ТИКалық
мінде?гаРЯЬІ  Щьіға р 1 а и 'СТеМеГ" К ^ралдарды езгерту^ Д  ^ мЫСТыН 
НЦ  ттеріне кіред| 
Шь,я ы қ п е н   жасау  мумкіндіп  Д

Бөлім 1.  Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың 
теориясы мен технологиясы
Лабооаториялык 
ж у м ы с
 
№1
Тақырыбы: еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы құрылымы мен 
мазмуны.
Объектісі:  еңбекке  баулу  пәнін  оқыту  процессіндегі  білім  беру 
мазмуны.
Предметі:  3 -  сынып  пән  сабағындағы  қызмет көрсету бөлімінің оқу 
материалына модулді оқу бағдарламасын құрастыру.
Мақсаты:  еңбекке  баулу  пәніндегі  қызмет  көрсету  бөлімінің  оқу 
материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау.
Міндеггері:
-  жұмыстың  құрылымы  және  орындалу  мазмұнымен  ұқыпты 
танысу;
-  еңбекке  баулу  пәнінің  міндетті  білім  беру  стандартымен  және 
оқу  бағдарламасын  жасауға 
қажетті  талаптармен 
оқу- 
әдістемелік құжаттардан қарастыру;
-  оқу  бағдарламаның  құрылымын,  мазмұнын  және  техникалық 
безендірілуін қарастыру;
-  айқындалған  оқу  мазмұнына  негіздеме  жасап  модулді  оқу 
бағдарламаның жобасын құрастыру;
-  орындалған оқу бағдарлама жобасын тәжірибеде тексеру;
-  оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру.
Ж ұмыстың құралдары: еңбекке баулу пәнінің мемлекеттік міндетті 
білім  беру  стандарты,  3  сыныптың  оқу  бағдарламасы  мен  оқулық 
қүралы,  нормативті  оқу  -  әдістемелік  құжаттар  (дидактикалық 
талаптар).
Ж ұм ысты  орындауға нұсқау
Сыныпқа  арналған  қызмет  көрсету  бөліміндегі  оқу  материалы 
тапсырма №  1  оқып танысқаннан кейін, оқу бағдарламаны жасаудың 
дидактикалық 
талаптарын 
оқу 

әдістемелік 
құжаттардан 
қарастырады.  Оқу  бағдарламаның  жасалу  принциптері,  құрылымы, 
нақты  оқу  материалдарының  көлемі,  толықтығы,  біртұтастығы 
дидактикалық 
принциптерге 
негізделе 
анықталынады. 
Оны 
тақырыптарға  бөледі.  Уақыт  мөлшерін  белгілеп  тақырыптың 
мазмұнына 
сәйкес 
оқу 
материалдарын 
логикалық 
жүйеде
7

құрастырылады.  Тақырыптық  оқу  мазмұны  екі  бөліктен  құралғаны 
орынды.  Яғни,  теориялық  бөлімде  оқу  материалы,  ал  практикалық 
бөлімінде  нақты  орындалатын  тәжірибелі  іс  -  әрекетке  қажетті 
оқытудың  құралдары.  Соңғы  бөлімде  оқушының  орындау  объектісі, 
қопданылатын 
қүрал: 
аспаптар, 
қосымша 
қондырғы 
мен 
материалдардың түрлері.
Оқу бағдарламаның  негізгі  бөлімін аяқгағаннан  кейін тақырыптық 
жоспардың  бөлім  мен  тақырыптар  атауы,  олардың  сағат  мөлшері 
белгіленеді. 
Сабақ 
тақырыбына 
белгіленген 
сағат 
көлемін 
теориялық және практикалық қатынасына бөледі.
Оқу  материалын  оқушы  игерудегі,  оның  білімі  мен  іскерлігіне 
қойылатын  міндетті  талаптарды  анықтауда  қажет.  Қолданылған 
әдебиеттерде  бағдарламаның  соңғы  бір  қүрылымына  енеді. 
Олардың тізімі жұмыстың соңында кәрсетіледі.
Оқушының  білімі  мен  іскерлігін  тексеру  әдістері  мен  бағалау 
критериялары  да  анықталынады.  Оқу  бағдарламаны  жасаудың 
соңғы  сатысында,  оның  түсіндірме  хаты  жазылып  жұмыстың 
құрылымы  жүйеленеді.  Түсіндірме  хатта  оқу  материалының 
өзектілігі, 
бағдарламаның 
мақсаты 
мен 
міндеттері, 
негізгі 
қарастырылатын  білім  беру  мазмұны  және  пән  муғалімнің 
бағдарламаны 
пайдаланудағы 
әдістемелік 
ерекшелікгеріне 
ұсыныстар көрсетіледі.
Осыдан  кейін,  студент техникалық безендіру жасап  оқытушыдан 
тәжірибеде  сынау  үшін  руқсат  алынады.  Орындалған  жұмыстың 
қолайлығын  және  тиімділігін  бастауыш  мектеп  мүғалімдерінің 
пікірінен  айқындалып  (толықтыру,  түзетілу  сияқты  жүмыстар  орын 
алуы мүмкін) оқытушыға есеп беріледі.
Жүмыстың орындалу шартына ескертулер
-  студент  бөлім  бойынша  оқу  бағдарламасының  модулін 
жасауда 
дидактикалық 
принциптерге, 
критерияларға, 
талаптарға міндетті түрде негізделеді;
-  белгіленген оқу материалының көлемін,  мазмүнын,  аумақтығын 
өзгертуге толықтыруға, ықшамдауға, жетілдіруге мүмкіндігі бар;
-  оқу  бағдарламадағы  оқу  мазмұнының  өзгеруі  оқушының 
танымдық,  психикалық және физиологиялық функциялары  мен 
процестерін дамытуға ықпалының болуы;
-  оқушының  белсенділігі  мен  қызығушылық  қабілетінің  артуына 
оқу материалының ықпал болуы;
-  анықталған  праісгикалық  іс-әрекеттердің  жүзеге  асырылу 
мүмкіндігі;
өзгертілген  оқу  материалының  өзектілігі,  қолданбалылығы 
және емірге мәнділігінің болуы;
8

-  белгіленген  уақыт  мөлшері  сабақтың  өткізілу  тәртібіне  сәйкес 
келуі;
-  жұмысты орындаушы студент оқытушыға тапсырады:
-  модулді оқу бағдарламаның тексерілген үлгісі;
-  оқу бағдарлама жобасының теориялық негіздемесі.
Тапсырма №1
Тақырып: Қызмет көрсету (8 - сағат)
Жумыс оонын дайындау және техника кауіпсіздігі.
Жұмыс  орны  әр  уақытта  жинақы  әрі  ретті  болуы  керек.  Жұмыс 
үстеліне  тек  осы  сабақга  пайдаланатын  құралдар  ғана  қойылады. 
Құралдарды  барынша  сақтықпен  пайдаланып,  техника  қауіпсіздігі 
ережелері  мен  жеке  гигиенаны  мүлтіксіз  сақтау  керек.  Мүндай 
сақтық  өздеріңді  және  қасыңда  отырған  кершілеріңді  ойда  жоқта 
жарақаттанып қалудан қорғайды.
Сендерге еңбек мәдениетінің негізгі ережелері үсынылады:
-  сабаққа арнаулы киіммен келу(алжапқыш, жеңсе немесе халат, 
жаулық немесе телпек);
-  қурал-жабдықтарды,  сурет,  сызба,  жазу  жазатын  жұмыс 
дәптерлерін ретке келтіріп отыру;
-  тек  дүрыс  құралмен  ғана  жұмыс  жасау,  оларды  өзінің  тиісті 
жерінде пайдалану;
-  техника 
қауіпсіздігінің 
ережесі 
бүзылған 
жағдайда, 
жараланғанда тез мұғалімге хабарлау.
Жеміс сактауды уйренейік.
Еске  түсірейік:  әрбір  алманы  қағазбен  орап,  сөреге  қойып, 
жәшікте сақтайды.
Алма мен алмұртты деңгелектеп турап, ішіндегі дәнектерін алып, 
әр түрлі тәсілмен кептіреді.
Тосап кайнатарда жемісті ұрығынан тазартып, үсақтап тураймыз. 
Сақтауға  қойылатын  көкөністерді  іріктеуге  және  тазалауға 
көмектесеміз.
Сәбізді сақтау үшін, оны салқын жертөлеге қоярдан бұрын далаға 
жайып,  кептіру  керек.  Жабысқан  балшық  кеуіп,  үгітіліп  туседі. 
Сәбіздің  сабағын  қайта  көктемейтіндей  етіп,  түқыртып  кеседі. 
Қоймаға 
сақтағанда, 
сәбізді  үлкен  жәшіктерге  салу  керек. 
Жәшікгердің  жан-жағы  тесілуі  тиіс.  Ол  ауа  кіріп  тұру  үшін  қажет. 
Сәбізді қүрғақ қүмға көміп, жәшіктерге салып, жертөлеге сақтайды.
9

Киімге тускен дакты  кетіру.
Киімдерді  қолмен  немесе  кір  жуғыш  машинамен  жуады.  Сендер 
орамалдарыңды, киімдеріңді жуа аласыңдар.
Кір  киімдерді  қүрғақ  күйінде  себетте,  неғұрлым  бөлек  орында 
сақтаған  дұрыс.  Егер  киім  ұзақ  уақыт  жуылмай  жатып  қалса,  кірін 
кетіру  қиын  болады.  Капрон  шұлықтар  мен  ұйықтарды  мерзімінде 
жуу керек.
Кір жуудын оеті:
1.  Жуар  алдында  мақта  және  кендір  маталарды  жүн,  жібек 
маталардан бөліп алу керек.
2.  ¥нтақ  сабындарды  этикеткасындағы  жазуын  оқып  барып 
таңдаған дүрыс.
3.  Киімді алдын ала ұнтақ сабын қосқан суға салып қояды.
4.  Кір киімді сабыны көпіршіген жылы суға екі рет жуады.
5.  Үтікті қатты қыздырмай, кепкен киімді іш жағынан үтікгейді.
6.  Кейбір  тоқыма  бұйымдарды  үтікгемей-ақ,  жеңіл  ғана  сілкіп 
алып, тегіс жерге жайып кептіреді
7.  Боялып тоқылған бұйымдарды суға алдын ала салмай жуады.
8.  Қыстырғыштарды  суға  жақсылап  шайып  алу  керек,  әйтпесе 
киімді дақ қалуы мүмкін.
9.  Қазір электр киім қүрғатқыштар бар. Ол приборды қолдану үшін 
үлкен кісілердің қадағалауымен орындалуы керек.
Ю.Киімге түскен дақты алдын ала салқын сумен жуып алып,
үнтақ сабын қосылған сумен тазартады.
Туймебау жасау
Түймебаудың  ұзындығы  түйменің  өлшемінен  екі  есе  үзын 
болады.  Түймебауды  екі  бүктеп,  киімге  екі  үшын  қайырып  тігеміз. 
Түйме  қадайтын  жердің  түймебаудың  дәл  ортасына  сәйкес  келуін 
қадағалаймыз. Содан кейін түймені қадаймыз.
Бөлмені жинау
Сенбі  сайын  барлық  балалар  бірігіп,  кесте  бойынша  өз 
бөлмеміздің  тазалығын  реттейміз.  Біз  бірінші  сыныпта  гүлді  күту, 
тақтаны тазалау, шашылған бұйымдар мен заттарды жинау, тәртіпке 
келтіру  орындалған  болатын.  Енді  терезенің  шаңын  сүрту,  еденді 
сыпыру.  Терезенің  ластануын  және  шаңын  кетіру  үшін  алдымен 
ылғал  шүберекпен  әйнектің  бетін  сүртеді.  Кейін  кепкенін  күтіп  таза 
шүберекпен  сүртеді.  Кейде  таза  шүберектің  орнына  газета  немесе 
жумсақ таза қағаздармен де тазартуға болады. Қазіргі кезде бірнеше 
терезе  тазартатын  ертінділер  сатылады.  Олардың  әйнекгі  тазарту 
мүмкіндігі  өте  жоғары.  Сондықтан,  оны  пайдалану  кезінде  үлкен 
кісілердің  рүқсатымен,  қолдану  ережесін  дүрыс  сақтау  қажет 
болады.  өйткені,  ол ерітінді улы химиялық элементтердің құрамынан 
жасалған.  Еденді  сүрту  үшінде  арнайы  еден  жуатын  шүберекті
ю

ылғалдандырып 
сүртуге 
немесе 
ылғалданған 
сыбыртқымен 
тазалауға  болады.  Пайда  болған  қоқысты  үй  күрегімен  жинап  қоқыс 
ыдысына салады.
Тексеру сұрақтары
1.  Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
2.  Оқу бағдарламаның қызметі қандай?
3.  Оқу  бағдарламаның  құрылымы  мен  мазмұнының  сипаты 
қандай?
4.  Еңбекке баулу пәні оқу бағдарламасының басқа пәндердегі  оқу 
бағдарламаларынан айырмашылығы қандай?
5.  Оқу  бағдарламадағы  тақырыптық  оқу  материалдарының 
жазылу стилі қандай?
6.  Еңбекке баулу пәні оқу бағдарламасындағы оқу материалының 
бөлімдері қандай?
7.  Тақырыптық оқу материалының көлемі бағдарламада мөлшері, 
қандай болу керек?
8.  Оқу бағдарламасын жасау,  қандай құжаттарға негізделеді?
9.  Мұғалім  оқу  бағдарламасын  жасағаннан  кейін,  келесі  қандай 
оқу - әдістемелік құжатқа көшеді?
Үсынылатын әдебиеттер
1.  Оқулықгар, 
оқу-әдістемелік 
кешеннің 
құрамы 
мен 
оқу 
бағдарламаларын  әзірлеуге  және  сараптауға  қойылатын 
дидактикалық талаптар. -Алматы, 2000ж.
2.  Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы біпім беру стандарты. 
-Алматы, 2003.
3.  Еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы (3 - сынып). - Алматы, 
2003 ж.
4.  Оралбекова Т.  Еңбекке баулу (3 - сынып). - Алматы, 2003 ж.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал