Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/6
Дата20.05.2017
өлшемі0.67 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының

(Syllabus) титулдық

парағы 


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

            С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультет

5В040500 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

«Қазақ әдебиетінің тарихы»



ПӘ

 

 

НІ БОЙЫНША ОҚ

 

ЫТУ БАҒ

 

ДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


 

Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 77.18.4/19



БЕКІТЕМІН

                                                 

ГП факультетінің деканы

                                                      

_________       Ж.Т.Сарбалаев

                                                      

«  ___»   ___________2013 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.

Қазақ филологиясы  кафедрасы

 

5В040500 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған



«Қазақ әдебиетінің тарихы»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама   2013ж.   «___»   _________бекітілген   жұмыс   оқу   бағдарламасының   негізінде

әзірленді. 

Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___»____________№_____ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі  __________    Жүсіпов Н.Қ.   2013ж. «____» ________

Гуманитарлық-педагогикалық  факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен 

мақұлданды 2013ж. «_____»____________ №____ Хаттама 

ОӘК төрағасы  ___________     Ксембаева С.К.   2013ж. «_____»_______



1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы 

«Қазақ әдебиетінің тарихы»



Кредит саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СОӨЖ – 22,5

Соның ішінде СӨЖ – 90

Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат



Бақылау формасы 

Емтихан – 6 семестр



Пререквизиттер

- Әдебиеттануға кіріспе



Постреквизиттер

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары 

Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы

«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64)                       356

аудиторияда орналасқан. 

Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет



2 Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пән: «Қазақ әдебиетінің тарихы»

«Қазақ   әдебиетінің   тарихы»   пәнін   жоғары   мектепте   оқытудың   негізгі   мақсаты   –

маман   әдебиетші   дайындау,   оның   жалпы   қазақ   әдебиеті   туралы   ғылымды   жүйелі   түрде

меңгеру, игеру міндетімен сабақтас. 



Пәнді оқыту мақсаты: 

«Қазақ әдебиетінің тарихы» - ұлттық сөз өнері тарихының барлық кезеңін қамтитын

пән.   Пәннің   мазмұнында   ауызша   дәстүрлі   жыраулық     дәстүрден   бастап,   қазіргі   кезеңге

дейінгі әдебиеттің көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда

түсіндіріледі.

Пәннің міндеттері:

- өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;

- жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда, ақын-жыраулар өлеңдерін

жатқа білу, прозалық шығармаларды талдай білу;

- образдар жүйесіне талдау жасай білу;

- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу.



3  Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар 

Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:



Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен

таныс болу;

- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс;

- ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс;

- ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.;

- ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс.

- cтуденттер тақырып таңдау,  материал жинау,  конспекті жазуды меңгере білуі;

-  ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алу;

- ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білу;

- ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын білуі;



-  ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдік тұрғыда талдай білу;

- ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу. 



5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сабақ   түрлері   бойынша   қарым-

қатынастық сағаттар саны

дәріс


Пр Зерт

Студ


же

ке

СӨЖ



1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер

1

1

5



2.

Қорқыт   ата   кітабы.   Оғыз-наме(«Оғыз-қаған»

эпосы) 

1

5



3.

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)

1

5

4



М.Қашғари   «Диуани   лұғат   ат-   түрк(Түркі

сөздерінің жинағы»). 

Ж.Баласағұн. Құтты білік. 

1

5



5

А.Иүгінеки.   «Хибатул-Хақайық»   («Ақиқат

сыйы»).   А.Яссауи   «Диуани   хикмат»

(«Даналық   кітабы»).   Рабғузи.   «Қиссас-ул-

әнбия»

1

1



5

6

Жыраулар поэзиясы. Бұқар жырау.



1

1

7



7

ХІХ   ғасырдағы   қазақ   әдебиеті.   Абай.

Махамбет.   Ыбырай.   Зар   заман   ақындары:

Дулат, Мұрат, Шортанбай.

1

5

8



ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиеті.

А.Байтұрсынов,   М.Дулатов,   С.Торайғыров,

Шәкәрім шығармалары

1

1



6

9

М.Жұмабаев



1

1

5



10

Ж.Аймауытов

1

5

11



С.Сейфуллин

1

2



5

12

Б.Майлин



2

5

13



І.Жансүгіров

1

5



14

М.Әуезов


7

4

5



15

Ғ.Мүсірепов

3

1

2



16

С.Мұқанов

1

1

1



2

1

17



1

Ә.Нұрпейісов

2

1

2



19

Қ.

Ам



ан

жо

ло



в

18

М.Мақатаев



1

5

20



О.Бөкей

1

5



Ба

рл

ығ



ы:

13

5



(3

кр

ед



ит)

30

15



90

6 Дәріс сабақтарының мазмұны 

1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер

Жоспар:

1. Орхон-енисей ескерткіштері

2. Күлтегін жыры

3. Тоныкөк жыры 

1.   «Орхон»немесе   «руна»   деп   аталатын   жазулар.   Ежелгі   түріктердің   наным-

сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

2.   Ежелгі   түрік   мемлекетінің   көрнекті   әскери   қолбасшысы   Күлтегін   батыр   (684-

731ж), оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж) 

3. Білге қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.

 «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

Жоспар:

1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының көркемдік ерекшелігі.

2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

1. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу,

метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы. 



2. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы. Автор ойының циклдық

жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. 

3. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.



2-тақырып. Қорқыт ата кітабы 

Жоспар:

1. Қорқыт ата кітабы.

2. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы.

3. Қорқыт ата мұрасының зерттелуі.

1. Қорқыт ата кітабы («Китаби дедем Коркуд»). 

«Қорқыт ата  кітабы» - оғыз-қыпшақ  әдеби  ескерткіші.  Қорқыт атаның  сыйқырлы

күйлері. 

2. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын»

зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары. 

3. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан

үлесі.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-22 беттер; [6], 1-47 беттер.



Оғыз-наме («Оғыз-қаған» эпосы)

Жоспар:

1. «Оғыз-наме» эпосы.

2. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары.

3. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.

4. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырының ұқсастығы.

1. «Оғыз-наме» эпосының қаһармандары - Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік,

Алтын  Қаған,   Урум  қаған,  Урус   бек,  Сақлаб,   Ұлы  Орда  бек,   Қағарлық   ер, Темір  Қағұл

Жосун ер, Көк Бөрі, т.б. 

2.   «Оғыз-наме»эпосының   нұсқалары.Ұйғыр   әрпімен   және   араб   әрпімен   жазылған

нұсқалары. 

3.   «Оғыз   қаған»   еңбегін   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   тұрғысынан   тұңғыш   зерттеуші

Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. 

4. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды

батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 31-42 беттер; [8], 81-87 беттер.

3-тақырып. Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950)

Жоспар:

1. әл-Фарабидің ғылыми зерттеу еңбектері.

2. «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында» трактаттарының әдеби

мәні.


1.   Әл-Фарабидің   философия,   этика,   логика,   тіл   білімі,   әдебиеттану,музыка,т.б.

салалар бойынша жазған зерттеулері. 

2.   Философиялық   трактаттары;   «Қайырымды   қала   тұрғындары»,   «Бақытқа   жету

жайында», «Данышпандықтың  інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы»,  «Философияны

оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б. 

Ұсынылатын әдебиет: [2], 231-239 беттер; [4], 1-47 беттер.



4-тақырып. М.Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы»)

Жоспар:

1. «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің әдеби мәні, зерттелуі.

2. Сөздіктегі мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары.

3. Сөздіктегі табиғат туралы, аңшылық жайындағы өлең-жырлар. 

1.  «Диуани  лұғат  ат-түрік»  -  түрікше-арабша  түсіндірме   сөздік.Қазіргі  түркі   тілді

халықтардың барлығына ортақ мұра. 



2. «Диуани  лұғат ат-түрік» - тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы

түркілердің   қоғамдық,   рухани,   ғылыми,   мәдени,   әдеби,   саяси   өміріне,   көне   тарихы   мен

әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.

3.  Табиғат   туралы   өлең-жырлар.   Алғауыщқы   қауымда   тіршілік   еткен   адамдардың

ерекше назар аударған нәрсесі – табиғат құбылыстары болды. Ежелгі дәуір адамдарының

табиғатқа   жас   баладай   қызығып,   тамсанып   қарайтынын   мына   өлең   жолдардан   көреміз:

«Қар, мұз еріді, тау суы  аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді,  ол суда  жүзген қайықтай

аспанда жүзіп бара жатты. Бұлттар ойнай бастады. Сарқырап сел ақты. Бұған жұрттың бәрі

абыржып қалды. Найзағай ойнап, күннің күркіреген үрейлі даусы естілді». 

Сөздіктегі жаз бен қыстың айтысы туралы мәлімет беру. 

Аңшылық жайындағы өлеңдер. Алғашқы қауым адамының тіршілік көзі – аңшылық

болған.   Бертін   келе   мал   шаруашылығы   мен   егіншілік   те   адамның   күн   көріс   кәсібіне

айналды.   Махмұт   Қашқаридің   түркі   сөздерінің   жинағы   арқылы   юізге   жеткен   алғашқы

қауцым адамадарының еңбек жөніндегі өлең-жырлары – сол дәуір адамдарының аңшылық,

егіншілік   және   мал   өсіру   саласындағы   өмірлік,   еңбек   процесі,   тайпа   мүшелерінің

қауымдасқан тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін шығарма екендігі. 

Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [8], 1-47 беттер.

Ж. Баласағұн «Құтадғу біліг (Құтты білік»)

Жоспар:

1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның сюжеті, құрылысы.

3. «Құтты біліктегі» «ақыл», «білім», «әдептілік», «тәлім-тәрбие» туралы.

1. «Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі

екендігі.   Дастанның   басты   идеясы   төрт   принципке   негізделіп   жазылғаны:   әділдік,   бақ-

дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

2.«Құтты білік» - дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін

төрт   қаһарманы:   Күнтуды   патша,   уәзірі   Айтолды,   уәзірдің   баласы   Ұғділміш,   дәруіш

Одгурміш.

3. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен

бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т.б. мәселелрге арналған

тараулары да білімнің күш-құдыретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды. 

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-22 беттер; [7], 58-77 беттер.



5-тақырып. А.Иүгінеки. «Хибатул-Хақайық» («Ақиқат сыйы»)

Жоспар:

1.   А.Иүгінеки.   «Хибатул-Хақайық»   («Ақиқат   сыйы»)   дастанының   зерттелуі,

нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары.

1.«Ақиқат   сыйы»   -   дидактикалық   сарында   жазылған   шығарма.   Компазициялық

құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық, әдептілік,

тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы. 

2. «Ақиқат сыйы» - әрбір сөзді ажарлап, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз

зергері.  Дастан  негізінен  дидактикалық   сарындағы  ақыл,  өсиет,   уағыз,  ғибрат   сөздерден

тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме

мағына беріп,көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. 

3. Дастанның  негізгі  тарауларының  тақырыптық атаулары:  «Бұл кітаптың  жазылу

себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы

мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі

туралы.


Ұсынылатын әдебиет: [5], 76-83 беттер; [7], 89-95 беттер.

А. Яссауи «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)

Жоспар:

1. «Диуани хикмат» дастанының зерттелуі, нұсқалары.

2. Дастанның көркемдік ерекшелігі.

3. С.Бақырғанидың «Бақырғани кітабы».

1.   «Диуани   хикмат»   -   исламның   дін-шариғат   жолдарын   дидактикалық   мазмұнда

поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. 

2. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа

шақырып,   мұсылман   дінінің   қағида   шарттарын,   Алланы   танудың   жолдарын   баяндайды.

«Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,

ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы.

3. Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы».

«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы - сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке,

адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан

баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).

Ұсынылатын әдебиет: [8], 69-73 беттер; [9], 76-88 беттер.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус» жинағы.  

Жоспар:

1. «Рабғузи қиссалары».  

2. «Кодекс куманикус» сөздігі.  

1. Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары»

(1310   ж.)   -   табиғат,   дүние   құбылыстары,   жаратылыстың   пайда   болуы,   халифтар,

пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы

шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.

2.   «Кодекс   Куманикус»   –   кумандардың   кітабы,   қыпшақ   тілінің   сөздігі,   қыпшақ

тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303 ж.) екі бөлімнен

тұратындығы.   1-бөлім   -   латынша,   парсыша,   куманша   сөздік.   «Кодекс   Куманикустағы»

жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі,

Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 96-110 беттер; [10], 201-209 беттер.

6-тақырыпЖыраулар поэзиясы. Бұқар жырау

Жоспар:

1. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің зерттелуі.

2. Асан қайғы өмірі, шығармашылығы, толғаулары.

3. Қазтуған жырау шығармашылығы.

1.   Қазақ   халқының   қалыптасу   процесінің   аяқталуы,   феодалдық   қатынастардың

дамуы.   ХҮІ   ғ.   қазақ   хандығының   нығайып,   территориялық   жағынан   ұлғаюы.   Алғашқы

қазақ   заңы   –   «Қасым   ханның   қасқа   жолының»   жасалуы.   ХҮІ   ғ.   екінші   жартысында

әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.

2. Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған

данышпан.   Аңыздардағы   қиял   мен   тарихи   шындықтың   көрінісі.   «Жерұйық»   идеясының

көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз

Жәнібек   ханға   айтқан   арнау-толғаулары.   Болжалдық   сарын.   («Ай,   хан,   мен   айтпасам,

білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).

3. Қазтуған жырау шығармашылығы.

Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы

автор.   «Бұдырайған   екғ   шекелі»   толғауындағы   Қазтуғанның   өз   бейнесі.   Жыраудың

толғауларындағы суреттеулер мен образдар. 


Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған.

Мұнда  Қазтуған  бейнесі  жауынгер  –  жыраудың  көшпенділер  тұрмысы  тудырған  ерекше

қасиеттерге баламалануы.

Ұсынылатын әдебиет: [11], 61-82 беттер; [12], 19-27 беттер.



ХҮІ ғ. қазақ әдебиеті. Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.

Жоспар:

1. Доспамбет жырау шығармашылығы.

2. Шалкиіз арнау толғаулары.

1.   Қазақ   хандығының   құрылу   кезеңінде   өмір   сүрген,   ұлттық   әдебиеттің

қалыптасуында  көрнекті  рөл атқарған  – Доспамбет  жырау.  Жыраудың  өмірінен  мәлімет.

Жырау   толғауларының   басты   идеясы   –   ерлікті,   батырлықты   дәріптеу.   Елді-жерді   қорғау

міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы  («Қоғалы көлдер,

қом   сулар»,   «Айналайын   Ақ   Жайық»,   «Сере,   сере,   сере   қар»).   Доспамбет   жырау

толғауларында билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының жырлануы. Өз заманының

белді   өкілі   болған   Доспамбеттің   өмір   салты   көрініс   табуы.   («Тоғай,   тоғай,   тоғай   су»),

дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстарының жырлануы.

2. Ш.Тіленшіұлы (1456-1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін

салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы –

белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы – ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл-

қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу

үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары  («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен

шалдырып»).   Арнау-толғауларындағы   заман   тынысы,   хан   мен   жырау   қарым-қатынасы.

Шалкиіздің   ақындық   шеберлігін   танытатын   көркемдік   тәсілдер.   Жырау

шығармашылығының зерттелуі. 

Ұсынылатын әдебиет: [13], 81-96 беттер; [14], 89-110 беттер.



ХҮІІ ғ. қазақ әдебиеті. Жиембет жырау Марғасқа жырау.

Жоспар:

1. Жиембет Бортоғашұлы толғаулары.

2. Марғасқаның «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.

1.   Қазақ   әдебиеті   тарихында   ХҮІІғ.   әдебиетінен   қалған   нұсқалар   өткен   дәуірмен

салыстырғанда   біршама   аз.   Бұл   кезеңдегі   поэзияның   ірі   өкілі   –   Жиембет   жырау   және

жалғыз толғауы  ғана сақталып жеткен – Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық

өмірбаяны Есім ханмен байланысты.

Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі әрі

жорықшы   жырауы,   қабырғалы   биі.   Жырау   өмірінен   мәлімет   берер   аңыз   әңгімелер.

Жиембеттен қалған елеулі мұра – Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы

Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделді көрініс табуы. Арнау-

толғауларында   билеуші   мен   жырау   арасындағы   қайшылықтардың   суреттелуі   және   хан

дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.

2.  Марғасқа жырау (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір

тілді, суырып салма өнердің шебері. Марғасқа жырау – ерлікті, беріктікті жырлаушы. «Ей,

Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 56-68 беттер; [14], 96-123 беттер.

ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау. Үмбетей жырау. Тәтіқара Шал ақын.

Бұқар жырау. Көтеш ақын.

Жоспар:

1. Ақтамберді жырау толғаулары.

2. Үмбетей жырау толғаулары. 

3. Тәтіқара толғаулары.

4. Шал ақын толғаулары.

5. Бұқар жырау толғаулары.



6. Көтеш ақын өлеңдері.

1.   ХҮІІІ   ғасырдағы   қазақ   халқының   саяси-экономикалық   даму   жағдайы.   ХҮІІІ

ғасырдың   қазақ   қоғамының   тарихында   аса   бір   қиын   да   күрделі   кезең   болғаны,   осы

кезеңдегі қазақтар иен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.

ХҮІІІ   ғасыр   поэзиясында   жыраулық   дәстүрдің   одан   әрі   дамуы   және   ақындық

поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік

жағынан   толығуы.   Адам   образының   жасалуы,   тарихи   тұлғалар   бейнесінің   жырлануы.

Ақындар   поэзиясының   ең   көрнекті   өкілдері   –   Көтеш   және   Шал   ақындардың

шығармашылығы.

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған

батыр,   жортуыл   жыршысы.   Жыраудың   өмірінен   мәлімет.   Ең   қиын   кезеңде   өмір   сүрген

Ақтамбердінің   жоңғарларға   қарсы   күресті   ұйымдастырушы   болғаны.   Толғауларындағы

басты   сарын     -   ерлікке,   батырлыққа   шақыру.   Жыраудың   «Жағалбай   деген   ел   болар»,

«Жағаға   қолдың   тигенін»,   «Жел,   жел   есер,   жел   есер»   толғауларындағы   жалғыздық,

жарлылық мәселелерінің жырлануы.  



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал