Бағдарламасының кітап сериялары бас редакциясының алқасы б. Аударма. Д. Кенжетай., А. МұстафаАстана 2005ж



жүктеу 69.38 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі69.38 Kb.
түріБағдарламасы

308 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Е.Дүйсенбайұлы  «Ғасырлар  тоғысындағы  қазақ  поэзиясы».  -  Алматы: 

Раритет., 2007ж.-392бет. 

2.  Ахметова  П.А.,  Шаумен  Г.С.  Ыбырай  тағылымы.  (Оқу  құралы)Арқалық, 

2008,-152б 

3.  Қазақ халқының философиялық мұрасы 320-361 «Мәдени мұра» Мемлекеттік 

бағдарламасының 

кітап 


сериялары 

бас 


редакциясының 

алқасы 


б.Аударма.Д.Кенжетай., А.МұстафаАстана 2005ж 

4.  М.Әуезов  Шығармаларының  елу  томдық  толық  жинағы  43  том  Мақалалар, 

зерттеулер.Ыбырай Алтынсары ұлы (1841-1889-48жас) Алматы -2010 «Жібек 

жолы» 327 бет. 

 

 

 



УДК 37.017.924 

 

Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ  



ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 

 

Жандилдина Р.Е., Бекетова А.Б. 



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қ. 

 

 

Қазақ  педагогикасының  негізін  салушы,  педагог–ағартушы,  ақын  және 

прозаик,  публицист  балалар  жазушысы,  орыс  графикасы  негізінде  қазақ 

алфавитінің  негізін  қалаушы  ретінде  Алтынсарин  мектеп  пен  тәрбие  өз 

халқының  тұрмысы  мен  өмірінің  тарихи  ұлттық  ерекшелігіне  сәйкес  келу 

идеясын  ұсынды.  Сондай-ақ  оның  тамаша  тарихи  болашағына  асқан 

сеніммен  қарады.  Ыбырай  Алтынсариннің  пікірі  бойынша,  ауыл  мектептері 

болыс  мектептерінің  бірінші  бөлімінің  бағдарламасы  бойынша  жұмыс 

жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс – деген қағида ұсынды.  

Ұлы  педагог  мұғалім  болу  үшін  әрбір  ұстаз  ұстаздық  қасиеттерін 

қалыптастыра  білу  керек  екендігін  өнеге  етеді.  «Мұғалім  баланы 

тәрбиелеуші,  оның  қамқоршысы,  егер  бала  бір  нәрсені  білмей  қалса,  ол 

баланың  кінәсі  емес,  оған  кінәлі  балаға  түсіндіре  алмаған  ұстаздың  өзі. 

Ұстаз  балаға  сабырмен,  салмақты  қысқа  сөйлеу  керек,  ол  әрбір  пәнді 

балаға  түсіндіргенде  ықыласымен,  қарапайым  тілмен,  бос  сөзін  нақты 

түсіндіруге тиіс»,- дейді (Ильминский.) [1.273б]. 

Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  әліппесін  ұлттық  ерекшеліктерге  сәйкес 

құрып,  қалыптастыруды  арман  етті.  Ол  үшін  ұстаз  кирилица  нұсқасын 

алып, оған қазақи дыбыстардың әріптерін белгілеп қосуды ойлады. Сөйтіп 

алғашқы 


хрестоматияны 

(«Қазақ 


хрестоматиясы» 

«Киргизская 



хрестоматия», 1879) шығарды. Өйткені мың жылдан астам қазақ жазуында 

қолданылып  келе  жатқан  араб  әліппесі  қазақтың  ұлттық  фонемасына 

сәйкестендірілмеді,  оның  фонетикалық  жағынан  күрмеу  бола  бастағанын 

ұстаз  бала  оқыту  кезінде  байыптады.  Бұл  жайды  белгілі  ғалым  (филолог-



309 

лингвист) Ахмет Байтұрсынов та кейіннен кеңінен зерттеп, төте оқу әліппесін 

түзген болатын. Қазақ мектептерінде 1940 жылдан қолданыла бастады. 

Ы.Алтынсариннің  педагогикалық  қызметінде  балаларды  оқыту  және 

тәрбиелеу  жұмысы  ерекше  орын  алады.  Мектептегі  оқыту  мен  тәрбие 

үдерісінің  басты  қозғаушысы  ретінде  мұғалімдердің  ролін  ол  аса  жоғары 

бағалайды.  Халық  мектептері  үшін  мұғалім  –  бәрі  де  болып  табылады  деп 

жазды  ол;  олармен  ешбір  керемет  педагогикалық  басшылық  та,  мұқият 

инспекторлық бақылау да теңесе алмайды. 

Алтынсарин  балаларға  өнегелі  тәрбие  беру  аса  маңызды  іс  деп  білетін. 

Ол  шәкірттерді  адамгершілікке,  адал  еңбекке,  Отанды  сүюге  тәрбиелейтін. 

«Барлық  күш-жігерімді  олардың  мінез-құлқына  да  ықпал  етуге  жұмсаймын, 

кейін парақор біреу болып шықпауы үшін» -деп жазады ол [30].  

Оқыту әдістемесінде Ыбырай  Алтынсарин тіл дамыту  ісіне  көп  көңіл 

бөліп, тіл дамытуда ең әуелі сөзді дұрыс айта білуге үйретуді уағыздады.  

Ы.Алтынсарин 

«Қырғыз 

хрестоматиясына» 

енгізілген 

өзінің 


поэтикалық  әңгімелерінде  жеке  адамның  адамгершілік  қалпының 

қалыптасуына  табиғат  ықпалын  баса  көрсетіп  отырған.  Табиғат  кейпі 

арқылы  көркем  түрде  алдымен  адамгершілік  тәрбиесі  жөнінде  ақыл-кеңес 

беріп  отырады.  Мысалы,  «Бау  ағаштары»  әңгімесінде  Ыбырай  былай  деп 

жазды:  «қарағым,  істің  мәнісі  тәрбиелеу  мен  күтуде,  -  дейді  әкесі 

баласына,  -  сенің  болашақ  тағдырың  осыларға  байланысты.  Егер  мен 

жаман  істі  жақсартсам,  сен  оны  түсініп,  жөні  түзу  адам  боласың.  Егер 

менің ақылымды тыңдамасаң, осы қисық ағаштай болып өсесің». 

Бұл  көріністе  жақсы  ақыл-кеңес  балаларға  ғана  емес,  ата-аналарға  арнап 

айтылған.  Ыбырай  Алтынсариннің  терең  даналығы  мен  шығармашылығының 

өміршеңдігі  айдай  анық  көрініп  тұр.  Бұл  жерде  сонымен  бірге  сәйкестілік 

қағидасы экологиялық тәрбие үрдісімен қатар байытылып отыр. 

Ыбырай  Алтынсарин  өз  шығармаларында  өсімдік  әлемін  бейнелі 

түрде қолдана отырып, өркөкіректік, сараңдық, надандық, жалған сөзділік, 

топастық сияқты жалпы адам атаулыға ортақ кемшіліктерді сынайды. 

Мысалы үшін «Масақтар» атты өте қызықты мысалды келтіруге болады. 

Мысалда  бала  бидай  егістігінен  масақтарды  көреді.  Дәнге  толы  масақтар 

майысып тұрады. Соның ішінен тек бір масақ аспанға қарап, өзін өзгеден биік 

санайтын  қалып  танытып  тұрады.  Әкесінің  баласына  берген  түсінігінен 

масақты  адаммен  терең  философиялық  тұрғыда  салыстыруын  көреміз. 

Адамның  шынайы  бағасы  сыртқы  түрімен  емес  немесе  өзін-өзі  ұстау 

дағдысында  емес,  оның  ішкі  сапалары-ақыл  мен  мінез-құлқында  деп 

түйіндейді.  Мысалы  жалпы  түрікке  ортақ  «Қауызында  дәні  жоқ  масақ  - 

бәрінен  де  бойы  ұзын  масақ»  деген  мақалмен  қорытындылауға  болады.  Бұл 

мақал татар, шуваш, өзбек, қырғыз, т.б. түркі халықтарында кездеседі [2.25б.]. 

Ағартушы-педагог  Ыбырай  Алтынсарин  табиғатты  тек  қана  тәжірибе 

мен  білім  көзі  емес,  сонымен  бірге  жақсы  білім  беріп,  қателіктен 

сақтандыратын  тәлімгер,  ұстаз  деп  есептеді.  Әрине,  бұл  табиғатты 

қамқорлық  жасау,  жергілікті  табиғат  ерекшеліктерін  білу  арқылы 

жүргізілері анық. 



310 

Ыбырай 


Алтынсарин 

халық 


шығармашылығының 

барлық 


байлықтарын  оқып-үйренді,  адамгершілік  хақында  ақыл-кеңес  берерлік 

әңгімелер  мен  өлеңдер  жазды.  Ескерерлігі,  «Оқытуға  үйрету  жөніндегі 

бастапқы басшылық» кітабында ол әке, ана, аға, бас деген сөздермен бірге 

өмір, ақыл, жер, дала... сөздерін талдап, талқылауға ұсынады. /8,9/. 

Шығармаларында  «Жақсы  деген  не,  жаман  деген  не?»  сияқты 

қағиданы көрнекілікпен көрсете отырып, ақыл-кеңес айтады.  

Ы.Алтынсариннің  еңбекке  байланысты  шығармаларымен  таныса 

отырып,  философиялық  ой  түюге  болады,  ол  ұлы  ұстаздың  әдептілік 

принциптерінен  шығады.  Бұл  принциптер  мен  өлшемдер  адамгершілік 

тәрбиесінің негізгі мұраты, өйткені адамға оны мағыналы өмір сүруі үшін 

белгілі  бір  мақсатқа  қарай  әрекет  жасауы  керек,  ол-еңбек  әрекеті.  Осы 

жолда  адам  көптеген  қарама-қайшылықтарды  жеңе  отырып,  өзіне  қанағат 

алады.  Пайда  болған  қанағат  келесі  қажеттілік  әрекет  етуге  жетелейді,  ол 

жаңа мақсаттың орындалуына ұмтылу болып табылады. Ы.Алтынсариннің 

еңбек идеялары осындай диалектикалық заңдылықтар негізінде іске асады. 

Балаларға 

арналған 

хрестоматияға 

енгізген 

мақалалары 

мен 

әңгімелерінде автор еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге 



және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. 

Автор хрестоматияда оқушыларды еңбектің мақсатқа жеткізетіндігіне, 

еңбек  арқылы  табылған  табыстың  берекелі  болатындығына  сендіре 

отырып,  еңбек  ету  үшін  «тұрақтылық  пен  табандылық»  қажет  екендігін 

уағыздайды.  Оған  дәлел  оның  хрестоматиясындағы  көптеген  еңбекке 

байланысты  мақалдар  мен  мәтелдері.  Мысалы,  «Бейнетсіз  рахат  жоқ», 

«Жалқау  текке  жатар,  оның  ырысы  қашар»,  «Жігіттің  ерінгені,  көрінің 

көрінгені» тағы басқалары дәлел болады.[3,69б.]. 

Еңбектің  адам  өміріндегі  атқаратын  міндетінің  зор  екендігін  және  ол 

өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесінің көрсеткіші екендігін өзінің 

балаларға арналған әңгімелері арқылы дәлелдейді. 

Бұл  әңгімелердің  кейбіреулерін  мысалға  келтірейік.  «Бай  баласы  мен 

жарлы  баласы»  деген  әңгіме.  Осы  ерекшеліктері  Алтынсариннің  бүкіл 

ағартушылық  еңбегінің  негізгі  сырын,  әлеуметтік  тенденциясын  айқын 

ашып  береді.  Үсен  арқылы  еңбекші  бұқараның  жас  ұрпағының  еңбек 

сүйгіштігін, әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Асан бейнесінен 

мұндай  қасиет  тек  байқалмайды.  Үсен  бейнесінен  тек  еңбек  сүйгіштіктен 

басқа,  дәрменсіз  Асанға  көмегі  оның  адамгершілік  жағынан  бейнесін 

сомдай түседі. 

«Қыпшақ  Сейтқұл»  әңгімесінде  Сейтқұл  арқылы  қарапайым 

халықтың  толысқан  өкілін  бейнелейді,  оның  жақсы  істерін  көрсетеді. 

Сөйтіп,  жазушы  бұл  әңгімелерінде  қазақ  шаруаларының  екі  ұрпағын 

суреттейді, сол арқылы жалпы халықтың тіршілік ету, өмір тану, табиғатты 

меңгеру әрекеттерін баяндады. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ 

Сейтқұл»  әңгімелерінің  бір-біріне  байланысты  шығармалар  ретінде 

қаралуы  осы  себепті.  Мысалы,  «Өрмекші,  құмырсқа,  қарлығаш»  деген 

әңгімесінде  бұл  үшеуі  әрқайсысы  өздеріне  тамақ  іздеп,  еңбек  етеді,  күн 


311 

көру  үшін  күреседі.  Бұл  әңгімеде  әкесі  жас  баласымен  сөйлесіп,  одан 

бірнеше  сауал  сұрағаннан  кейін  әкесі  бұл  құс,  жәндіктердің  еңбектенудің 

арқасында  өздеріне  керек  тауып  жүргенін  айтып,  «Сен  де  ертеден  кешке 

дейін  босқа  жүріп  уақытыңды  босқа  жіберме,  еңбек  етуге  әдеттен,  еңбек 

етсең - емерсің» дейді. 

Ұлы педагогтің бұл әңгімесі ой туғызады. Адамда рухани және табиғи 

қажеттіліктің  болатындығын,  ал  қажеттіліктің  орындалуы  тек  еңбек 

әрекеті  арқылы  ғана  іске  асатындығын  өзінің  әңгімесі  арқылы  дәлелдеп 

берген. 


Ы.Алтынсарин  еңбекке  тәрбиелеу  мәселесі  тақырыбына  орыс  тілінен 

тәржімаларды  халық  аңыздарын  да  көп  пайдаланды.  Солардың  бірі-

«Атымтай  Жомарт»  аңызы.  «Күн  сайын  өз  бейнетіммен  тапқан  бір-екі 

пұлға  нан  сатып  жесем  де,  бойыма  сол  тамақ  болып  тарайды,  еңбектен 

табылған  тамақтың  тәттілігі  болады  екен»  деген  жолдары  «Еңбек  істеп  ас 

ішсең, баладан тәтті болады», деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып 

жатыр.  «Байлық  неде?»  деген  тағы  бір  әңгімесінде  кедей  кісінің  сұрағына 

ғалым жауап береді. «Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң-байлық сол. Малы 

көп болса да, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп айтпайды, ешуақытта 

тоймайды. Малы аз да болса, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, 

біреудің  еңбегін  пайдаланбаса,  мұндай  адамның  көңілі  жай  болады.  Сол 

үшін байлық-қанағат пен адал еңбекте» .[4.384б.]. 

Автор  өзі  үндеп  отырған  оқу-білімнің  тек  ізденіс,  еңбекпен 

табылатынына  үлкен  мән  береді.  Ол  үшін  инемен  құдық  қазғандай 

ыждаһат,  сабырлылық  қажет  екенін  ескертеді.  Сондай  сарыла  ізденудің 

арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. 

Ақын  ойынша:  оқу-білім  мәңгілік,  ол  жұтамайды,  таусылмайды. 

Сондықтан  ол  өз  ойын  қорытқанда  да  оқу-білімнің  өмірдегі  орнын, 

қажеттілігін баса көтереді. 

Әдебиетімізде  бұған  дейін  оқу-білім  өнерге  бірыңғай  шақыратын 

мұндай  жырлардың  жоқтығын  ескерсек,  осы  «Кел,  балалар,  оқылық» 

өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты 

шығарма  дей  аламыз.  Ыбырай  мұндай  қазақ  балалары  түгіл,  ересектердің 

ұғымында  жоқ  техника  тетіктері  мен  құрал-жабдықтарының  іс-әрекет, 

қозғалысы  мен  адамға  көрсетер  қызметін  суреттейді.  Шынында,  құлақ 

естіп,  көз  көрмеген  паровоз,  пароход,  радио,  телеграф,  телефон,  газ, 

электр,  самолет,  т.б.  Сондықтан  бұларды  қазақ  балаларына  айтып 

түсіндіру  талабында  ол  ел  өмірінде  бұрыннан  бар  жұмбақтау  тәсілін 

ұстанады. 

Автор  сол  таныс  емес  техника  заттарының  іс-әрекеттерін  алдымен 

өзімізде бар нәрселермен  теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол 

паровозды  «аты  жоқ  құр  арба»  деп  бейнелесе,  ал  суда  жүзген  кемені 

кәдімгі  нән  балыққа  балайды.  Бұл,  біріншіден,  жұмбақ  шешіп  үйренген 

қазақ  балаларының  ойлау  қабілеті  мен  соған  деген  ықылас-ынтасын 

арттырса,  екіншіден,  жаңа  заттың  болмысы  мен  қызметінен  хабардар 

болып, нақты түсінік алады. 



312 

Ы.Алтынсарин  алғаш  балаларға  арнап  жазған  әңгімелерін  өзінің  төл 

өлеңдеріне қосып, сол Хрестоматиясына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде 

ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек 

пен  әділдікке,  әдептілік  пен  сабырлыққа,  зейінділік  пен  білімді  еркін 

игеруге шақырды.  

Ыбырай  әңгімелерінің  негізгі  түйіні:  жас  буынды  өнер-білімге  үндеу, 

адамгершілік  мінез-құлыққа  тәрбиелеу  болып  келеді.  Ол  ел-жұртқа  қажет 

білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады 

деп  санады.  Сондықтан  ағартушы  қазақ  халқын  егін  егіп  күн  көретін 

отырықшылыққа 

шақырды. 

Өз 

әңгімелерінде 



отырықшылықтың 

артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, «Қыпшақ Сейітқұл», 

«Киіз үй мен ағаш үй». 

«Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт 

пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі 

тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға 

үлгі  етіп  ұсынады.  Ол  сауда  жасауға  мал  жоқ,  ұрлық  істеуге  оның  түбі 

қорлық  деп  санап,  өзен-сулы  Қабырға  деген  жерге  елін  көшіріп  келіп 

қоныстандырады.  Жұртқа  кетпен  беріп,  аз  жылда  малды  ауыл  болып, 

байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі 

ауылға  айналады.  Сөйтіп,  адал  еңбек,  маңдай  терімен  байыған  жұрт 

өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, 

азық-түлік алдырып, мамыра-жай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған 

Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады. Ыбырай осы 

оқиғаны  тартымды  да  көркем  етіп  әңгімелей  отырып,  жортуылшының 

басы  жолда  қалғанын,  ал  адал  еңбек  еткендердің  аз  жылда  ел  қатарына 

қосылғанын нақты дәлелдей алған. 

Сондай-ақ  жазушы  «Аурудан  аяған  күштірек»,  «Асыл  шөп»,  «Малды 

пайдаға  жарату»  атты  әңгімелері  қайырымдылық  пен  бауырмалдық, 

сабырлық  пен  шыдамдылық  секілді  қасиеттерді  тәрбиелеуге  арналған. 

Ендігі  бір  алуан  әңгімелері  табиғат  құбылысы  мен  оған  деген  адамның 

қарым-қатынасын  ашуға  құрылады.  Автор  өмірлік  құбылыстың  сан  алуан 

болып келетіндігі секілді соларды ұғып  түсінудің де әр қилы екенін ашып 

аңғартуды көздейді [24]. 

Сондай-ақ жазушының балаларды әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық 

пен  жомарттыққа,  сақилық  пен  тазалыққа,  ізеттілік  пен  бауырмалдыққа 

шақыра-тын  әңгімелері  де  бір  төбе.  Бұлардың  ішінде  жан-жануарлар 

тіршілігінен  алып  жазылғандары  да  аз  емес.  Мысалы,  «Түлкі  мен  ешкі», 

«Қарға  мен  құрт»,  «Сауысқан  мен  қарға»,  т.б.  Алайда,  оның  балалар 

табиғатына  жақын,  қазақ  өмірінен  алып  жазған  шығармаларының  өзі  аса 

елеулі.  Ыбырай  өз  әңгімелерін  де  шешендік,  нақыл,  аталы  сөздерді  жиі 

қолданып  отырады.  Айталық,  ол  «Әке  мен  бала»  әңгімесінде  ақыл-



313 

насихатқа  толы:  «Аз  жұмысты  қиынсынсаң,  көп  жұмысқа  тап  боларсың. 

Азға  қанағат  ете  білмесең,  көптен  де  құр  қаларсың»  секілді  жолдарды 

ұсынса,  «Қыпшақ  Сейітқұлда»:  «Сейітқұл  жұрт  ағасы  болды,  енді  сол 

жұртының  адал  бейнет,  табан  ет,  маңдай  термен  тапқан  дәулетін  аңдыған 

жаудан,  ұрыдан,  даладағы  бөріден  сақтаудың  қамын  ойлап,  уайымға 

қалды», - деп шешендік үлгіде сөйлейді [5.36 б]. 

Сонымен  Ы.Алтынсарин  өзінің  қара  сөздерінде  тәрбиелік  мәнді, 

қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. 

Демек,  осы  тұрғыдан  алып  қарасақ  Ыбырай  ақын,  тұңғыш  педагог, 

ұстаз-ғалым.  Оның  мұрасы  тарихқа  да  әдебиетке  де  тән,  ұстаздық 

тәрбиелік ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы. 

Ы.Алтынсарин 

барлық 


еңбектерінде 

жеке 


адамның 

жоғары 


қасиеттерін  қалыптастыруда  еңбек,  адамгершілік,  ақыл-ой  тәрбиесінің 

ерекше  орын  алатынын  атап  көрсетті.  Кемеңгер  ұстаз  Ы.Алтынсариннің 

ұлағатты  сөздері,  педагогикалық  мұралары  халық  педагогикасында  үлкен 

орын  алады.Оларды  қазіргі  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениеті  мен  салт-

дәстүрінің  қайта  жаңарту  кезінде  кең  мағынада  насихаттау  әрбір 

ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, «Ғылым» 1995. 273б. 

2.  Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  педагогикалық  мұралары  Алматы,  «Рауан», 

1991.25б 

3.  Әсіпов С. Ыбырай Алтынсарин-ұлы ағартушы- Алматы: Білім, 1989-69б. 

4.  Ыбырай  Алтынсарин  тағылымы  құрастырған  М.  Жармұхамедов.-Алматы 

жазушы, 1991,-384б. 

5.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары - 



Алматы: Білім 1990-36б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал