Бағдарламасының кітап сериялары " Мәдени мұра"



жүктеу 4.8 Kb.

бет1/32
Дата15.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 

Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының  
кітап сериялары 
 
 

Мәдени мұра” мемлекеттік 
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 
қоғамдық кеңестің құрамы: 
 
 
Құл-Мұхаммед Мұхтар, төраға 
Досжан Ардақ, төрағаның орынбасары 
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 
 
 
Қоғамдық кеңестің мүшелері: 
 
Абдрахманов Сауытбек 
 
Қасқабасов Сейіт 
Аяған Бүркіт  
 
 
Қойгелдиев Мәмбет 
Әбусейітова Меруерт 
 
 
Нысанбаев Әбдімәлік 
Әжіғали Серік 
 
 
Өмірбеков Байтұрсын 
Әйтімова Бірғаным   
 
Салғара Қойшығара 
Әлімбай Нүрсан 
 
 
Сариева Рысты 
Әуезов Мүрат 
 
 
Сейдімбек Ақселеу 
Базылхан Нәпіл 
 
 
Сұлтанов Қуаныш 
Байпақов Карл 
 
 
Таймағамбетов Жәкен 
Биекенов Кеңес 
 
 
Тұяқбаева Баян 
Ертісбаев Ермұхамет 
 
 
Хұсайынов Көбей 
Кенжеғозин Марат 
 
 
 
 

Әлемдік мәдениеттану ой-санасы” 
сериясының редакциялық алқасы: 
 
 
М. Әуезов (төраға), Е. Исмаилов, М . Ақдәулет, Т. Әсемқұлов, А. Жақсылықов, Қ. Қабдрахманов, 
Б. Қарақұлов, Ә. Қодар, Ә. Наурызбаева, З. Наурызбаева, Б. Нұржанов, Қ. Нұрланова, Ш. 
Нұрпейісова, Е. Түрсынов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
ББК 71.1 
Ә 52 
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша 
шығарылды 
 
ҚР Ұлттық кітапханасы және Алматы қаласының 
 
мәдениеттанушылар форумы ұсынған 
 
Құрастырушылар: 
  
М. М. Әуезов, Е. И. Исмаилов, Қ. Қабдрахманов 
 

Әлемдік мәдениеттану ой-санасы”. Он томдық. 10-том. Қазақстанның қазіргі заманғы 
мәдениеттану парадигмалары. – Алматы: Жазушы, 2006. – 496 бет. 
 
ІSBN 9965-746-80-X 
 
Осы том қазақстандық мәдениеттанушылардың тұжы-рымдамалық мақалаларының жинағы болып 
табылады, онда ұлттық мәдени кеңістіктің  тарихи, әдістемелік, тілдік танымы мен мәдениеттану аспектілері 
қазіргі тұрғыдан қамтылады. 
 
 
ІSBN 9965-746-80-X (Т. 10)  
 
 
 
 
ББК 71.1
 
ІSBN 9965-701-85-7 
 
©  “
Жазушы” баспасы, 2006 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ
 
 
Қазақтың  рухани  дүниесі  тарихи  көшпенді  дәуірдегі  құдыретті  мәдениет  дәрежесіне  қайтадан 
көтерілу  үшін  шынайы  қамқорлықты  қажет  етеді.  Біздер,  қазіргі  замандас-тарымыз,  классикалық 
қазақ  стилінде  өмір  сүрмегендіктен,  дәстүрлі  мәдениет  қуатының  қайнар  көзінен  нәр  алу 
мүмкіндігінен  кезінде  шектеліп  қалғандықтан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  этникалық  мәдениет 
ядросының  классикалық  үнін  есту  де,  оны  зерделеу  де  оңайға  соқпайды.  Бұл  орайда  этникалық 
мәдениет  ядросы  деп  адамзаттың  мәдениет  дүниесін  жасаған  Жаратушының  біз  үшін  жарат-қан 
рухани діңгегін айтқанымыз жөн. Этникалық мәдениет ядросы өзгермейді, оның рухани сәулеленуі 
арқылы  ұлттық  мәдениеттің  өзіндік  келбеті  қалыптасады.  Ал  біздің  міндетіміз  ұлттық  мәдениет 
ядросына  сергек  қарау,  оны  қадір-қасиетіне  жету  болып  табылады,  яғни  біз  жеке  дара  немесе 
бірлесіп ортақ мақсатқа жұмылатын болсақ, мәдениет те жүйелі әрі үйлесімді болып өзгереді. 
Бұл  жинақта  қазақтың  руханилығының  шындық  бол-мыстан  өзінің  тірегін  іздейтіндігі,  біздің 
өзіне қаншалықты адалдығымыз бен табандылығымызды сынайтындығы хақында мәселе қозғалған. 
Кітапқа  енгізілген  шығармаларды  негізінен  екі  топқа  бөліп  қарауға  болады,  оның  біріншісінде 
тарихи  мәдениет  мұрасы  зерделенеді,  ал  екіншісінде  мәдени  болмыс  ой  елегінен  өткізіледі.  Бұл 
орайда замандастарымыз жазған шығармалардың қай-қайсысы да өз дәуірімен шектеліп қалмайды, 
онда  тарихи  мәдениет  пен  қазіргі  отандық  үрдістерді  бірік-тіретін  байланыстар  жан-жақты 
зерделенген. 
Энкидиадалық  мәдениет  және  өркениет  ұғымдарына  сүйене  отырып,  ата-бабаларымыз  бен 
қазіргі  ұрпақтың  бастан  кешкен  тағдырын  сипаттап  беруге  болады. “Гілгәмеш  туралы  эпос” 
шығармасындағы  Энкиду  сияқты  біз  өзіміздің  еркі-мізден  тыс,  өзіміз  қолдан  жасамаған  қалалық 
өркениеттің  ортасынан  келіп  бір-ақ  шықтық.  Энкиду  Даланы  қалаға  айырбастаған  кезде  осындай 
күйзелісті бастан кешірді. Энкиду Дала төсінде өмір сүрген кезде  бақытты әрі құдыретті болды, ал 
қалалықтар арасына келгенде жеккөрінішті, абдыраған әрі бақытсыз  күйге кезікті, дәлірек айтсақ, 
өзінің  еркі  айналасындағы  қала  адамдарының  еркімен  үйлес-пейтіндігіне  көзі  жетті.  Мұндай 
сәйкессіздікпен тіршілік ету ақыры Энкидудің өліміне әкеп соқтырады. 
Бізге  қазақтың  тарихи  мәдениетін  білу  не  үшін  керек?  Тарихи  мәдениеттің  қазіргі  заманғы 
қалада  тұратын  қазаққа  тигізетін  пайдасы  қайсы?  Біз  тарихи  мәдениеттен  өзіміздің  тарихи 
негізделген мәдениет еркінің жалпы векторын таба аламыз деп ойлаймыз, ұлттық мәдениет  еркіне  
қол  жеткізу  және  оны  замандастарымыздың  рухымен  біріктіру  арқылы  біз  жаңа  қоғамдық 
тұтастықты, этномәдени ынтымақтас-тықты құра аламыз. 
Мұрат Әуезов, Едіге Тұрсынов, Серікбол Қондыбай, Қайрат Еділ, Аслан Жақсылықов өздерінің 
шығармаларына біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген рухани кеңістік мәселесін арқау еткен. Біздің 
ата-бабаларымыздың  бақытты  өмір  сүр-гендерін  қиялдан  іздеудің  қажеті  бола  қоймас,  олардың 
дәуірі  классикалық  мәнге  ие  болды,  олай  дейтініміз  өздерінің  тыныс-тіршілігі  (жеке  өмірі)  мен 
қазақ мәдениеті (жеке өмірден тыс) біртұтас бірлікте болды, олар Энкидудің дала-лықта өмір сүрген 
кезінен ешқандай кем түспейтін бақыт пен құдыреттілікті еншіледі.  
Біздің замандастарымыздың эпосты, фольклорды, миф-терді зерделеп, ой елегінен өткізуі кеше 
мен бүгіннің арасына арна  жасайды, сол арнаның  бойымен біздің ата-бабалары-мыздың мәдениет 
қуаты  бізге  жетеді,  бұл  орайда  ол  қара-пайым  оқырманның  (көрерменнің,  тыңдарманның)  өз 
этносына  қатысты  тарихи  болмыс-бітімін,  алтын  діңгегін  санасына  сіңіруге  кедергі  келтіретін 
тарихи-мәдени нақты-лықтан, иірім-қалтарыстарынан арылады. Мәдени мұраны зерделеп қарайтын 
болсақ, онда біздің жаңа Отанды құрып жатқанымызға, тарихи Отанымызды қайтадан құруда екені-
мізге  көз  жеткізу  қиын  емес.  Замандастарымыздың  мәдени  мұраны  зерделеуі  біздің  ата-
бабаларымыз  құрған,  сондай-ақ  аңыздар  мен  нанымдар  түрінде  бейнелеген  рухани  құндылық-
тарының  құндағын  ашады.  Бұл  жұмыстың  жалғасы  ертеңгі  күні  тарихи  қажетілікке  орай  қазақ 
этикасы  мен  эстетика-сының  антологиясы  түрінде  жинақталары  анық,  сонда  ұлт-тық  мәдени 
діңгегіміздің  баға  жетпес  мұрасы  тиянақты  зерт-теу,  зерделеу  арқылы  жаңғырып,  қазіргі  және 
кейінгі ұрпақ-тың игілігіне айналары сөзсіз. 

 
 
Кітаптың екінші бөліміндегі шығармаларда қазіргі кезеңге, нақты қоршаған ортаға өзіндік баға 
беріледі. Қанат Қабдрах-манов өзінің мақаласында біздің қазіргі орнымыз бен уақы-тымыздағы аса 
күрделі қиындықтарды ақыл-парасатпен шешуге, қоршаған ортада тіршілік ету тірегін іздеуге күш 
салуға,  импортты  нысандағы  өркениетте  тұрған  кезімізде  бөтен  елде  жүргендей  әсерден  арылуға 
тиіспіз  деп  есептейді  Ал  Берік  Сексенбаев,  Зинаида  Сәбитова,  Владимир  Дунаев  өздерінің  осы 
жинаққа  енгізген  еңбектерінде  тарихи  мәдениеттанудың,  тіл  танымы  және  философиялық  аспек-
тілерін  қазіргі  тұрғыдан  талқылайды.  Жалпы  алғанда,  бұл  томда  Қазақстан  мәдениеттанушылары 
еңбектеріндегі Отан ұғымының феноменологиясы туралы мәселесі қамтылған.  
ХХІ ғасырда қазақстандық мәдениет қандай болады? Бұл ғасырда да біздің мәдениет тәжірибе-
құрама  өркениет  күйінде  қалады  деген  болжамнан  аса  алмайсыз.  Дейтұрғанмен  қазақ  мәдениеті 
жүйелі жүргізілетін жұмыс нәтижесінде тарихи мәдениет мұрасымен толығып, көнелікке көнбейтін 
рухани  құндылықтарын  іріктеп  алады  деп  ойлаймыз.  Қазіргі  ұрпақ-тың  рухани  санасында  мәңгі 
ұлттық  мәдени  құндылықтардың  интеграциясы  жалғасады  деп  сенеміз.  Бұл  қазақ  этникалық 
мәдениетінің  Қазақстан  этностары  және  әлем  мәдениет-терімен  өзара  қарым-қатынасы  үзілмейтін 
мәдениет  болады.  Біздер,  қазақтар  және  қазақстандықтар,  Отанымыздың  өзіндік  сабақтастықтың 
ерекшелігі бар өркениетті мәде-ниетке әлі қол жеткізетін боламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
Қ.Қабдрахманов
 
                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
І БӨЛІМ 
    
 
 

 
 
 
Мұрат Әуезов
 
 
 
ЭНКИДИАДА 
 
Басыңдағы баспанаң ба мәңгілік? 
Қышқа басқан тас таңбаң ба мәңгілік? 
Бірге өскен бауырың ба мәңгілік? 
Адамдарды бір-біріне айдап сап, 
Қырқыстырған күндестік пе мәңгілік? 
 
Бұл  жолдар  әлемді  топан  су  қаптаған  кезде  өмір  сүрген  аккадтықтардың  Нұх  пайғамбары 
Утнапиштидің  монологынан  алынды.  Негізгі  мәтіннен  оңаша  осы  оқшау  тұрысында  да  бұл 
сөздердің сыны еш бұзылмайтыны аңғарылады. 
Көне  “қалыпты”  кері  ысырып  тастаған  жыр  әуенінен  адамдарды  бауырластыққа,  өзара 
түсіністікке  шақыру  іспетті  ізгі  тілектердің  үні  айқын  естіліп  тұр.  Бұрынғы  өмір  сүру  мазмұны 
тұтасымен  топан  судың  аяусыз  аранына  жұтылып,  пейілі  адалдықтан  аман  қалған  адам  ретінде 
құдайлар  “қатарына”  қабылданған  Утнапиштидің  өзі  іспетті,  сөздері  де  жаңа  реңкке,  мән  мен 
мағынаға  ие.  Рас,  өз  қазанында,  яғни,  Гілгәмеш  туралы  эпоста,  дәлірек  айтқанда,  Утнапиш-тидің 
монологында,  олар  біршама  дәрменсіздеу,  мұңлылау  естіледі.  Монолог  “Сұм  ажал  ешкімді  де 
аямайды” деп келетін жалпылама ой ауанымен басталады да, адамның қолында тұрған ештеңе жоқ 
екені,  бәрі  де  құдайлардың  маңдайыңа  не  жазғанымен  анықталатынына  тоқталады.  Ажал  бәріне 
соңғы нүкте болмақ. Жауыздыққа да, мейірімге де, олардың өзара тартысына да. “Мәңгілік” ештеңе 
жоқ, өйткені, ештеңе мәңгілік болып жаратылмаған. Біз эпиграфқа таңдап алған сөздер Утнапишти 
монологының тұтқынында тұрғанда осы ойлардың дәлелі іспетті болып қала бермек. 
Алдымызда – кітап, бар кітаптардың ішіндегі ең кө-несі – “Гілгәмеш туралы эпос” (“Бәрін көріп-
білген жан туралы”) жатыр. 
Бізге  мыңжылдықтар  қойнауынан  бұл  дастанның  бірнеше  нұсқасы  жетті.  Ниневиялық  нұсқа 
(
б.д.д VІІ-VІ ғ.ғ.) – олардың ең соңғыларының бірі… 
Талай  жүздеген  жылдар  бойы  неше  түрлі  халықтар  бағзы  дастан  мазмұны  бедерленген  қыш 
кестелерге үңіле отырып, одан өз керегін тауып жатты. Эпос ойға өте жомарт, өйткені, көркемдік 
деңгейі  аса  жоғары.  Сол  себепті  тереңдігі  де  шексіз.  Поэмадағы  “басты  тақырыпты”  тап  басып 
айтқысы  келетін  қай-қай  жорамалдардың  бәрі  де  сәлден  соң  түнгі  далада  адасқан  жолаушыдай 
абдырап қала береді. Өмірден түйгені көп поэма дана да қисынды. Бағзы заман ақынының бойында 
шабыт оты қайнаулы. Ол поэманың өн-бойын әп-сәтте бұрқ-сарқ қайнататын көркемдік тәсілдерді 
табуға  келгенде  өте  шебер.  Құдайлардың  еркіне  қарсы  шыққан  Гілгәмешті  қиындықтардың 
сүрлеуінен  алып  өтіп,  тағдырына  мойынсұнған  қалыпқа  түсіреді.  Бірақ  ол  өзінің  бүкіл  ақындық 
алауын  кейіпкерінің  сөзсіз  жеңілісіне  емес  (“иә,  мен  шегінемін”),  өзінің  досының  қазасын 
азалайтын жол-дарына төгеді. 
 
Алыс жайлауда қалған әкесі мен шешесі секілді 
Энкидуды жоқтап жылаймын мен. 
Ерлер, сөзіме құлақ салыңдар, 
Қорғанды Ұрық ақсақалдары, 
Ден қойыңдар сөзіме, 
Досым Энкидуды жоқтап зарлаймын мен, 
Зар айтқан қатындардай күңіренем: 
Құдіретті балтам менің, қуатты қорғаным менің, 
Адал қанжарым менің, сенімді қалқаным менің, 
Салтанатты шапаным менің, сәнді қымқабым менің, 
Зұлым, албасты күш айырды оны менен!
 
 
Энкидуды Ұрық пен Гілгәмештің құдайлары жазалады. Бұны Гілгәмеш те, эпос та жақсы біледі, 
бірақ  бәрібір  “Оны  менен  зұлым,  албасты  күш  айырды”  делінеді.  Көкке  атылған  қасірет  наласы 
жүйелі  қисынды  да,  бейнелі  сөздерге  сараң  эпос  қалыбын  да  быт-шыт  қылады.  Гілгәмештің  өмір 

 
 
мен  өлім  туралы  “пәлсафалық”ойларын  құдайларымен  қоса  бағзы  аккадтың  қыш  сөрелерінде 
қалдырады да, келер заманның көкжиегінен жарқ етіп шыға келеді. 
Бәрі  біздің  поэмадан  нені  “байқағымыз”  келетініне  бай-ланысты.  Поэманы  аударушы  һәм  оны 
зерттеуші айтулы мамандардың бірі И.Н.Дьяконовтың пікірінше, поэманың өзегінде “адам өмірінің 
мәнсіздігі,  бәрібір  түбі  келмей  қоймайтын,  алмай  қоймайтын  ажалдың  әділетсіздігі”  туралы  ой 
жатыр. 
Зерттеушіге Утнапишти монологының қатты әсер еткені байқалады. Монологтың өн бойындағы 
күңіреніске толы ащы запыран, күйреуік көңіл-күй әуенінің осындай ой түюге негіз болатындай-ақ 
жөні бар. Дегенмен поэмада бұдан да қуатты көркемдік бояулармен басқа бір жайт – өзара бауырлас 
екі стихияның – отырықшылық пен көшпеліліктің бір-бірінен кетісуі туралы зар-жоқтау жырланған 
болса  ше?  Ал  бұл  екі  стихия  негізгі  екі  кейіпкер  –  Энкиду  және  Гілгәмеш-тің  образдары  арқылы 
бедерленген болса?.. 
Энкиду…  Бұл  бейне  өте  тартымды.  Бәлкім,  бұл  Энки-дудың  “далада  туы”,  оны  “таулардың 
өсіргенінен”  болар.  Түркі  әдеби  дәстүрімен  жақсы  таныс  жанды  “дала  мен  тау”  сөз  тіркесі  әсте 
бейтарап қалдыруы мүмкін емес… 

Далада  дүниеге  келген” … Бір  рет  оқып  қалған  осы  қанатты  сөздеріміз  біздің  назарымызды 
өзіне қайта-қайта аударта береді. 

Далада туған”  кейіпкердің тағдырына да әлсін-әлсін алаңдай беретініміз, бәлкім, осы сөздердің 
қуатты әсері-нен болар… 
Энкиду – дала перзенті. Достары – өзі де суатқа бірге баратын даланың тағы жан-жануарлары. 
Табиғаттың  киелі  күштері  уранидтер  секілді  бұл  да  сұрапыл  күшті,  сәбидей  аңғал  және  күндей 
мейірімді… 
Ол  туралы  хабарды,  оның  жойқын  күші  мен  қалалық-тарға  тосын  өмір  сүру  дағдысы  туралы 
әңгімені Гілгәмеш-ке ең алдымен ау-тұзағын Энкиду бос қалдырып жүрген аңшы жеткізеді… 
Бұл  өзі  әрдайым  осылай  болып  келген.  Қаладан  қалаға,  елден  елге  өтіп  сауда  жасайтын 
саудагерлер жергілікті патшаларға  дала қарақшылары жайлы адам сенгісіз қиял-ғажайып әңгімелер 
айтатын.  Кентаврлар  жайлы  аңыздар,  міне,  осылай  туды.  Гілгәмеш  енді  иегінің  астында  пайда 
болған дүлей күшті қалай ауыздықтау керектігіне бас қатыра бастады. Эпос, байыпты да салиқалы 
пошыммен,  көрген  түстері  және  анасының  жол  көрсетуі  арқылы  оған  “Энки-дудың  досы  әрі 
бауырына айнал” деген кеңес береді. Екі қаһарманның кездесуіне әйел баласының тікелей қатысы 
бар.  Гілгәмеш  патшалық  ететін  Ұрық  қаласы  Энкидуға  жезөкше  Шамхатты  жұмсайды.  Әйел 
сұлулығына арбалуы оның мына дүниенің қызылды-жасылды көзді алар әлеміш бояуына арбалуына 
да  әкеліп  соқтырған.  Нан,  күлге  пісіріл-ген  күлше,  торсық  толы  шарап.  Ендігі  жерде  мұның  бәрі 
оған  жат  емес.  Жезөкшемен  бірге  Энкиду  бірінші  қала  маңындағы  бақташыларға  жетеді,  сосын 
қаланың  өзіне  де  кіреді.  Бұл  тұста  ол  “бұрынғыдай  жүгіру”  қабілетін  жоғалт-ты.  Бірақ, 
қараңыздаршы,  Шамхаттың  отты  құшағынан  әб-ден  сілікпесі  шыққан  ол  Ұрық  қаласына  кірердің 
алдында қалай сілкінеді, бейнебір табиғаттың төл баласындай қалай күркірейді: 
 
– 
Ұрықтың қақ ортасында тұрып айқайлармын: 
Мен қуаттымын, 
Мен ғана өзгертемін тағдырларды. 
Кім далада туылған – оның күші сұрапыл! 
 
Кейіпкердің өзін-өзі бұлай бағалауы көшпелі түркі поэзиясына жақсы таныс. Дала жырларында 
қаһарман өзін бүкіл ғаламмен біртұтас сезінеді. Көшпелі жер кеңістігінде өзін әрдайым тәуелсіз де 
шексіз қуатты жан ретінде түйсінеді. 
ХV ғасырдың қазақ жырауы Қазтуған: “Бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан… 
Мен Сүйінішұлы Қазтуған!!!” – деп көсіледі. 
Жоқ, Энкиду ешқашан тағы адам болмаған. Эпос мұны бәрінен бұрын аңғарады. Уақыт өте келе 
қала ақсақалдары да оның Гілгәмештен тек қара күш жағынан ғана артық емес екенін мойындауға 
мәжбүр болады. Өйткені, ол тек күшке емес, “қорғанды Ұрықтың” тұрғындарына беймәлім әлдебір 
тылсым  даналыққа  да  ие.  Хумбаба  туралы  мәліметтер  де  мұндағыларға  ең  алғаш  осы  Энкиду 
арқылы  белгілі  болған.  Яғни,  дала  баласы  қалалықтарға  қарағанда  бұл  жайында  әлдебір  себеппен 
көп  біледі  деген  сөз.  Сосын  қала  ақсақал-дары  бұлар  Хумбабаға  қарсы  жорыққа  шығарда  “алда 
Энкиду  жүрсін”  деген  кеңес  береді.  Әрине,  бұл  да  жайдан-жай  бол-маса  керек.  Бұл  жерде  қала 

 
 
қарттары  “түнде  суыт  жортып,  таң  асырған”  дала  баласының  табиғи  зеректігін  ғана  меңзеп 
отырмаған болар? 
Көшпелі  өзінің  кеңістікпен  қарым-қатынасын  отырық-шыға  қарағанда  басқашалау 
ұйымдастырады.  Үзіліссіз  қоз-ғалыс,  үздіксіз  көшіп-қону  жол  туралы  бөлек  түсінік  қалып-
тастырады.  Бұл  түсінікке  экологиялық  ортаны  тиімді  пайда-лана  білу  машықтары  ғана  емес, 
этикалық  нормалар  жүйесі,  эстетикалық  принциптер  мен  пәлсафалық  пайымдаулар  да  кіреді. 
Көшпелінің қоршаған ортамен қатынас туралы түсініктерінің ішінде “жол” ұғымының алатын орны 
ерекше.  Қазақтар,  мысалы,  сәттілік  тілегенде  “Жолың  болсын!”  деп  жатады.  Назаланғанда  “Жол 
ұрсын!” деп қарғайтыны және бар. Егер құдайлар бір кездері шұрыппақтық Утнапиштиге болашақта 
болатын топан су туралы хабар бергенде, “қабырға, есіңде сақта” деу арқылы аян берсе, далалыққа 
бұл сөздердің жүрмейтіні белгілі. Егер құдайлар бұл аянды көшпеліге беретін болса, басқаша емес, 

жол,  есіңде  сақта!”  деген  сипатта  берер  еді.  Ақсақалдар  алқасының  көңілі  де  жүрексініп  тұрған 
Гілгәмешті Энкидудың: “Жолдан қорықпа, маған сен… Менімен бірге жүргенге қауіп жоқ!” – деп 
қанаттандыруынан кейін сабасына түскендей болуы сондықтан. 
Хумбабаның  мекеніне  барар  жолда  Гілгәмеш  үш  рет  қорқынышты  түс  көреді.  Әсіресе  үшінші 
түс  (“Құлаған  таулар  әп-сәтте  күл-тозаңға  айналады”)  өте  үрейлі  еді.  Бұдан  кейін  алға  жүруге 
жүрегі дауаламаған Гілгәмеш “қырға шығайық, ойласайық” деген. Энкиду бұл жағдайда да өзін таза 
көшпелі  сипатында  танытады.  Досының  әрбір  түсін  ол  жаманшылық  әкелетін  емес,  керісінше, 
жақсылыққа бастайтын, жеңіске жеткізетін аяндар ретінде жориды. 
Түркі ауыз әдебиетінде түс пен түс жорушы туралы сюжет (сәл-пәл өзгертілген вариацияларда) 
кең тараған. Олардың бір нұсқасында аяғы ауыр әйел өзіне екі қасқырдың шабуыл-дағанын көреді. 
Мазасызданған ол көрші ауылға, әйгілі түс жорушыға түсін жорытуға жолға шығады. Бұл келгенде 
түс  жорушы  сапарда  болып,  ол  түсін  үй  иесінің  келініне  айтады.  Келін  “түсінде  көргенің  айта-
қатесіз  қайталанады”  деп  жориды. Қатты үрейленген әйел асығыс ауылына  қайтуға жолға шығып 
кетеді. Осы сәт үй иесі шаңырағына оралып, келіні оған болған жайтты айтады. Ашуланған қария: 

Олай  айтпауың  керек  еді,  қасқырдай  қайратты,  қасқырдай  айбатты  екі  ұл  табады  екенсің  деуің 
керек еді, жет артынан”  деп, келінін атқа отырғызып, соңынан қудыртып жібереді. Ауыл-дан шыға 
берістегі  қойнауда  келіннің  аты  осқырынып  тоқ-тайды.  Сөйтсе,  осы  арада  екі  қасқыр  келіншекті 
жарып, жеп жатыр екен. Көшпелілердің түсінігінде түс ендігі болуы мүмкін қуаныш не қасіреттің 
белгісі  ғана.  Еуропалықтардың  ұғымындағы  “аян  түс”  түсінігі  көшпелілерге  жат.  Барлығы  оны 
тыңдап жорушының алғашқы әсеріне, қандай белсенділік танытуына тікелей байланысты. Жақсыға 
жорыса жақсы, жаманға жорыса жаман болмақ. 
Энкиду  Гілгәмештің  көрген  түстерін  әрдайым  жақсы  сипатта  жориды,  осылайша  қаһармандар 
ауыр  күресте  Хумбабаны  жеңіп  шығады.  Осыған  ұқсас  жағдайда,  досының  көрген  түсін  жоруда, 
Гілгәмеш тіпті басқаша қимылдайды. Энкиду түсінде құдайлардың мәжіліс құрғанын көргенін, онда 
мұны өлтірмекке ниеттенгенін айтқанда ол жылап қоя береді. “Бұл түс өте қорқынышты аян түс, – 
деп күңірене зарлайды ол. – Өте қорқынышты, бірақ аян түс!”. 
Ұрықтың  құдайлары  былайша  жақсы  қарым-қатынаста  болғанымен,  Энкидуға  бәрібір  сырттан 
келген, жат жерлік адам ретінде қарауын қоймайды. Энкидудың да оларға емешегі езіліп тұрғаны 
шамалы, бар болғаны досының табы-натын құдайлары ретінде ғана құрмет көрсетеді. Ажал алдында 
ғана,  өзінің  неден  жазықты  болғанын  түсіне  алмай  аласұрып  жатқанда,  соңғы  демі  шығып  бара 
жатып, ол: “Досым менің,  мені Ұлы Тәңірдің қарғысы атты!” –  деп айқайлап жібереді. Бұл  “Ұлы 
Тәңірінің” Ұрықтың құдайла-рының бірі болуы еш мүмкін емес. Шамаш та, Эллиль де… 
Бауыр  батырлардың  қару-жарақтарын  жарқылдатып,  найзаның  ұшына  Хумбабаның  ұсқынсыз 
басын қадап, таудан сән-салтанатпен қайтатын сәті қандай! Ұрық жері мен аспанының бірінші әйелі 
Тәңірия  Иштардың  өзі  Гілгәмешке  сүйсіне  көз  тастап,  оны  өз  тәнінен  тояттауға,  төсек  бөлісуге 
шақырады… 

Бірақ Гілгәмеш Энкиду емес. Иштардың жалаңаш бейнесі іспетті Шамхатты көргенде “қайда 
туылғанын тарс ұмытып кететін”  Энкиду ғана. Гілгәмеш Иштар мен оның абыз әйелдері өздерімен 
төсектес  болған  еркекті  бойындағы  ең  басты  қасиетінен  айыратынын  жақсы  біледі.  Ол  мұны  түз 
далада еркін жүрген Энкидуға Шамхатты жіберерде де, ортаға жезөкшені салып, “даланың ұлын”  
өзінің  Ұлы  Тәңірінен  айырарда  да  жақсы  білген.  Энкидудың  өзінің  Ұлы  Тәңірін  ажал  тырнағына 
ілініп,  аласұрып  жатқанда  ғана  есіне  түсіруге  шамасы  келген.  Ашудан  булыққан  құдай  әйелге 
Гілгәмеш бойындағы күнәларының бәрін тізіп тұрып санап береді… 

 
 
Иә, Гілгәмештің кеудесін көтере шалқып, тасуына себеп боларлық жайттар жетерлік. Хумбабаны 
жеңді,  қасында  айрылмас  досы  Энкиду  және  бар.  Расында  да  Гілгәмеш  мақтанбағанда  кім 
мақтанбақ!  Ал  мұндай  биікте  тұрғанда  оларға  әсем  сымбаты  анау-мынауды  еліктіріп  әкетер  Иш-
тардың  қолы  жете  қояр  ма?  Достар  Ұрыққа  аттанады.  Иштар  болса  Ануға  шағымданған: “Әке, 
Гілгәмешті өлтіретін бұқа жасашы, мені ренжіткені үшін Гілгәмештен қалайда кек алуым керек!”. 
Жеті  жұтынғанда  Евфраттың  суын  түгел  түгескен  кәрлі  бұқаны  қаһармандар  Ұрықтың 
қабырғасында күтіп алып, шайқаста жеңіп шығады. Иштардың қитұрқы қылығының астарында не 
жатқанын  Энкиду  жақсы  біледі.  Оның  Тәңіриямен  айырысатын  өз  есебі  бар.  Өз  жеңісіне 
масаттанған Гілгәмеш бұқаның мүйізіне зәйтүн майын толтырып, оның өз құдайларына тарту етуге 
асығып  жүргенде,  Энкиду  қаланың  кертешті  қабырғасына  шығып  алып,  өлі  бұқаны  көрсетіп, 
Иштарды былай қорқытады: “Қолыма түссең, сенің көрген күнің де осы болмақ. Мен сені бұқаның 
ішек-қабағына  шандып  байлап  тастаймын”.  Ол  ашу  үстінде  “бұқа-ның  шыбығын”  жұлып  алып, 
құдай  әйелдің  бетіне  лақ-тырады.  Міне,  осы  жерде  Энкиду  киелі  ұғымды  қорлаған  күнәһар  іс 
жасады: бұқа – жер жыртушы және ұрық себуші болып есептелсе, оның шыбығы қасиетті саналады. 
Қосөзен  әйелдері  жомарт  жердің  белгісі  іспетті  фаллостың  (еркектің  жыныс  мүшесі)  құрметіне 
арнап  сәнді  шерулер  өткізетін. “Иштар  абыз  әйелдерді,  жезөкшелер  мен  қыздарды  жинап  алып, 
бұқаның шыбығын азалап жылауға кірісті”. 
Осы  алтыншы  кестеде  эпикалық  поэманың  қаһармандық  желісі  өзінің  әбден  шырқау  шыңына 
жетеді… 
Бірақ  құдайлар  құдай  болып  қала  бермек.  Оларға  қарсы  көне  эпос  та  ештеңе  істей  алмайды. 
Аспан  бұқасын  жеңу  құрметіне  болған  той  күні  Энкиду  Гілгәмештің  анықтамасы  бойынша  “аян” 
түс көреді. Ұрықтың қамқор құдайлары Гілгәмешке Иштардың өз қалаулыларына істейтінін істейді: 
оның ең ардақтысын өлтіреді. Гілгәмештен Энкидуды айырады. Үкімді Эллиль шығарады: “Энкиду 
өлсін, бірақ Гілгәмеш өлмеуге тиіс!”. 
Құдайлардың  айтары  анық:  бұқа  мен  Хумбабаны  өлтір-гендері  үшін  қаһармандар  жазаға 
тартылуы тиіс. Жазаға тартылатын бір Энкиду болмақ. Былай қарағанда бәрі түсінікті. Ажал соңғы 
тынысын алдыртқанға дейін, он екі күн бойы Энкиду өзінің неден жазықты болғанын білмек болып 
аласұрған азапты ойдың шырмауына түседі. Кенет есіне есік түскен. Оның байырғы отанында жоқ 
қыш қабырға мен есік. Алғаш қалаға келгенде ол бұларға таң қала қараған. Бұл оның Гілгәмештің 
анасы Нинсұнды “қорғанды қаланың ұрғашы буйволына” теңейтін кезі еді. Жармалы есікке тамсана 
көз қадаған ол кейін балқарағай тоғайына арнайы барып, самырсыннан өз қолымен есік жасап, оны 
әсемдеп, бетіне өз есімін жазған-ды. Жаңа ортамен тіл табысудың символы осы есік деп түйсінген. 
Енді табысу емес, кетісу символы болғанын сезініп өкінулі... 
Сосын Энкиду есік жайлы ұмытып, аңшы мен салдақы Шамхатты, әсіресе Шамхатты қарғауға 
кіріседі… 
Аңшы мен Шамхаттың кесірінен Энкиду сайын даламен қош айтысты, құдайлары бөтен Ұрыққа 
тап болды. Энкиду аңшының көзіне алғаш түскен, суаттың басында салдақыны тұңғыш кездестірген 
күндерін  тілдей  бастаған,  тек  ішінде  досы,  әріптесі  Гілгәмештің  есімі  бар  Шамаштың  қатты 
айқайын естігеннен кейін ғана Шамхатты қайта кешіргендей болады. Бірақ ендігі есік те, Шамхат 
та,  Ұрықтың  құдайлары  да  ол  үшін  бояуы  бір  дүние  еді.  Бұған  жат,  тасбауыр,  суық  та  дұшпан 
әлемнің  көріністері.  Сөніп  бара  жатқан  сана  жарыққа  ұмтылады,  бұрынғы  Ұрыққа  дейінгі  өмірін 
еске  алуға  тырысады.  Бірақ  барлық  жерде  төсегінің  қасында  көзінен  ащы  жас  төгіп  отырған 
Гілгәмештің әлеміне тән заттар мен жандарға ұшыраса берген. 
Тәнін “сырқат қуырып бара жатқан” Энкиду олай аласұ-рады, былай аласұрады. Кенет бәрін де 
түсінгендей болады. 
 
– 
Досым менің, мені Ұлы Тәңір қарғады! 
Екеуміз Ұрықта әңгімелесіп отырғанда, 
Мен шайқасқа кіруге жүрексіндім,  
 
 
 
 
жорыққа шыққым келмеді, 
Досым менің, кім шайқаста өлсе – сол даңқты, 
Мен болсам өлімнен қорықтым,     
 
 
 
 
сол үшін де масқара болып өлемін.
 
 

 
 
Энкидуды қорқақтығы үшін қарғаған Ұлы Тәңір, әрине, Ұрықтың көп құдайларының бірі емес 
(
біз  бұл  туралы  бұрын  да  сөз  қылдық).  Адамнан  қаһармандықты  талап  ету  Ұрық  құдайларының 
дәстүрінде жоқ. Қаһармандық дамып келе жатқан қалаға қат қажеттілік еді, ал Гілгәмеш болса өзіне 

мәңгі  есім”  жасағысы  келген  оның  алғашқы  тұрғында-рының  бірі  болатын.  Ұрық  тұрғындарын 
таңдай  қақтыра  таңдантқан  Хумбаба  мен  аспан  бұқасын  өлтіру  іспетті  ерліктерді  қала  құдайлары 
Гілгәмеш тарапынан, бар болғаны, тентектік, Энкидудың тарапынан қылмыс деп бағалады. 
Қаһармандық,  ерлік  адамдарды  алыс  жолдар  мен  үлкен  кеңістіктерді  жаулауға  бастайтын 
көшпелілердің ұлы құдайына ғана керек. 
Энкидудың “Ұлы Құдайы” көшпелі түркі тайпаларының жоғары құдайы Тәңіріге өте ұқсас. Ол 
өз төңірегіне ұсақтау құдайлар араша құжынағанда да еш селт етпеді-ау. Тіпті далаға алғаш Алла 
Тағала келгенде  де сабырлы қалпынан  бір сәт айнымады. Міне,  дәл солай,  Энкидудың құдайы  да 
оны  Ұрықтың  быжынаған  құдайларының  ортасына  ешқандай  қызғаныштың  белгісін  танытпай-ақ 
жібере  салады.  Егер  Энкиду  Ұлы  Тәңірінің  алдында  кінәлі  болса,  Гілгәмешпен  дос  болғаны  үшін 
емес, оның әлдебір “қағидаларының” бірін орындамағаны не бұзғаны үшін кінәлі. 
Энкиду  өмірден  өтіп  еді,  бұрынғы  Гілгәмеш  те  жоқ  болды.  Бұрынғы  ақжүректік  те,  бұрынғы 
батырлық  та  жоқ  (“Жауыздық  атаулының  бәрін  жер  бетінен  құртамыз!”).  Басталған  істердің  бәрі 
сәтсіз аяқталады… 
Ақиқат – тік: оның тереңдігі мен биіктігі бар. Биіктік көз алдыңда көрініп тұрар болса, тереңдік 
тасаға жасырулы. Әлемде бардың бәрі де көзге көрінулі әрі құпиялы болған және солай болып қала 
береді.  Көшпеліні  айқын  әлем  қызықтырып,  еліктіреді.  Отырықшы  болса  айқынның  құпиясына 
үңілуге,  қай  нәрсенің  де  өзегіне  көз  жүгіртуге  құмартулы.  Көшпелінің  айқынның  қадіріне  жетіп, 
бағалай білетін қасиетіне ие бола алғанда ғана оның жолы болмақ. Гілгәмеш “кері шегінді”, өйткені 
оның қасында басты қаруы – “қорғанды Ұрықтың” патшасы мен тұрғындары үшін бей-мәлім, құпия 
іспетті жайттар алақанындағыдай айқын досы Энкиду жоқ еді. 
Энкиду  шынымен  өлді  ме?  Жоқ,  ол  тірі  қалды,  бірақ  аккад  поэмасының  ауқымынан  шығып 
кетті.  Уранидтермен  бірге  көшпелінің  киіз  үйіне  келіп  қоныстанды.  Айырылысу  сәті  өте  ауыр 
болды,  бұған  Гілгәмештің  қоштасу  зары  куә.  Эпосты  қайта  оқысаңыз,  оның  ішінде  Гілгәмештің 
азалы жырынан көркемдігі жағынан қуатты және дыбысталу жағынан трагедиялы жолдардың жоқ 
екеніне көзіңіз анық жетеді. 
Араға  жүздеген  жылдар  салып,  біздің  дәуіріміздің  екінші  мыңжылдығының  орта  тұсында, 
көшпелілердің  ен  жайлауы  тарыла  бастаған  шақта,  дәстүрлі  көшпелілер  әлемінің  күні  батып  бара 
жатқан сәтте, азалы айырылысу тақырыбы қазақ даласында, ақындар поэзиясында қайта көтеріледі. 
Оның  драмалық  лейтмотиві  тағы  да  сол  екінің  бірін  таңдауды  қажет  ететін  “көшпелілік  – 
отырықшылық”.  Ағайындас  ру-тайпалар  айырылысты.  Біреулері  тулақтай  жерін  әлі  айналып 
көшумен  болса,  екіншілері  отырықшылыққа  бет  бұрды.  Асан  Қайғы  дала  поэзиясына  тән  емес 
көріпкелдікпен  “қилы  заманның”  төніп  келе  жатқанын  сездіртті.  Қазтуған  жырау  өзінің  бүкіл 
ақындық  қуатын  өзі  алғаш  рет  көріп  отырған  іспетті  туған  жері  –  Еділдің  жағалауларын  төгілте 
суреттеуге  жұмсады.  Туған  жерін  ең  соңғы  рет  көріп  отырғанын  түйсіне  білген  жан  ғана  осылай 
жырлай алуы мүмкін… 
Адамзат  баласының  тарихында  екі  стихияның  бірлігі  проблемасы  әлмисақтан  тұрақты  көрініс 
тауып  келеді.  Бұл  тарапта  өрбітілетін  ойлар  өзінің  биігіне,  сондай-ақ  көркемдік  жағынан  шырқау 
шегіне,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  бірінші  мыңжылдықтың  орта  тұсында  жеткені  байқалады.  Оған 

Гілгәмеш жайлы эпостың” ниневиялық нұсқасы куә… 
 
* * *  
 
Бұл  уақытта  пайғамбарлардың көп болғандығы соншалық, оны бір ауыз сөзбен  “пайғамбарлар 
дәуірі” деп атауға әбден болады. Осы бір кезеңнің оқиғаларын назарынан тыс қал-дырған кез-келген 
тарихшыңыз  да,  мәдениет  пәлсафашы-сыңыз  да  өз  саласының  шынайы  ауқымы  жөнінде  нақты, 
тұтас  түсінік  қалыптастыра  алмайтындығы  анық.  Яғни  Карл  Ясперстің  бұл  кезеңге  “кіндік  дәуір” 
деп  баға  беруі  (б.д.д. 800-200  ж.ж)  тіптен  де  кездейсоқтық  емес-ті.  Әлемдік  мәде-ниет  тағдырын 
мыңжылдықтар  көлемінде  кескіндеген  рухани  қозғалыстардың  ұяда  қанат  қағып,  қияға  шырқаған 
уақыты…  Ұлылыққа  балама  ретінде  жүретін  айтулы  теңеулеріңіздің  бәрі  де  “кіндік  дәуірдің” 
кескекті адамдары туралы сөз қылуға келгенде тым солғын тартады. Ол есімдер әлемдік діндердің, 

 
 
әрқайсысы бір-бір құрлық іспетті діни-философиялық жүйе-лердің символдарына айналды. Бұлар – 
Қытайда Конфуций мен Лао-цзы, Үндістанда Будда, Иранда Зәрдәшт, сосын тау-тасы күнге күйген 
Палестинадағы пайғамбарлар… 
Көңіл  көздері,  сана-сезімдері  бұлақтай  атқылаған  пай-ғамбарлардың  жер-жерде  жаппай  пайда 
болуына  не  жағдай  әсер  етуі  мүмкін?  Араларында  мыңдаған  шақырым  қашық-тықтар  жатқан 
халықтардың  бір  мезгілде  деп  айтуға  болатын  уақыт  үзігінде  өз  ортасынан  осыншама  ұлы 
адамдарды  тас-қындатып  тудыратынындай  олардың  әлеуметтік  және  рухани  өмірлерінде  нендей 
қозғалыс жүріп өтті? 

Кіндік  дәуір”  концепциясының  авторы  Карл  Ясперс  бұл  сауалдарға  жауап  берудің  тіптен 
мүмкін емес екендігін  тілге тиек еткенмен, қайсыбір болжамдардың болуына ешқандай қарсылық 
білдірмейді.  Мысалға  Орталық  Азиядан  Қытайға,  Үндістан  мен  Батысқа  ентелеп  енген, “Кіндік 
дәуір”  халық-тарының  сана-сезімінің  оянуына  барынша  ықпал  жасаған  көшпелі  тайпалардың 
шешуші  ролі  туралы  Альфред  Вебердің  гипотезасын  алға  тартады.  Ясперс  осы  болжамды  “бұл 
мәселені (кіндік дәуір мәселесін) тарихи талдауға бірқатар мүмкіндік беретін”  бірден-бір гипотеза 
санайды. Осылай дей отырып, өзінің Вебердің пайымдауларына, ол пайым-дауларға эмпирикалық 
та, әдістемелік те сипаттарға ие дәйек-темелерді қарсы қоя отырып, сын көзімен қарайтыны бар. 

Кіндік  дәуірдің”  рухани  өміріндегі  құбылыстарды  себеп-терін  нақтылай  отырып  түсіндіру 
мүмкін  емес  деп  санайтын  Ясперстің  әдістемелік  қондырғыларына  қарсы  шығу,  рас,  еш  мүмкін 
емес.  Өйткені,  философиялық  сенімнің  дәйек-терімен  мықтап  қаруланған  оның  әдістемелік 
позициясы  өте  мығым.  Әйтсе  де  осы  ойшылдың  Вебер  гипотезасына  айты-латын  эмпирикалық 
сындарынан  осал  тұстарды  аңғаруға  әбден  болады.  Ясперстің  Вебер  гипотезасына  қарсы  айтатын 
дәлелдерінің  бірі  мынадай: “Кіндік  дәуірдің”  рухани  әлеміне  белсенді  араласқанымен  Қытай 
дүниетанымына эпос та, трагедиялық  сана-сезім де тән емес. Ал Вебердің пайым-дауында көшпелі-
жаулаушылар дүниетанымының көріністері ретінде ең бірінші кезекке осылар шығуы тиіс еді”. 
Вебердің “дала перзенттерінің” дүниетанымы туралы ой таратуларынан оны романтикаландыру 
ниеті байқалады. Әрине, бұл оның ұстанған көзқарасын біршама әлсірете түспек. Дегенмен сауалды 
қоюы жағынан Ясперстікін де дұрыс деуге болмайды. Себебі ықпал етуші мәдениеттің өзі әсер етіп 
отырған жаңа ортада өзінен аумайтын, егіздің сыңарындай мәдениетті қалыптастыруы шарт емес. 
Керісінше, басқа бір бөтен мәдениеттің ықпалына түскенде, жергілікті мәдениет өзінің “бастапқы” 
принциптерін қайта қарастырып, жаңадан түлеп жатса, бұл мәдениеттердің эволюциялық жолмен, 
өзара ықпалдаса отырып дамуы дегенге көбірек ұқсамақ. Шындығы да осылай болуға жөн… 
Б.з.д. бірінші мыңжылдықтың орта тұсындағы Қытай үшін көшпелілер мәселесі шұғыл шешуді 
қажет ететін проблема болды. Бұған дәл осы уақыттарда “Цин, Чжао және Янь патшалықтарының 
солтүстік шекараларында көшпелілердің шабуылдарынан қорғану үшін, кейін ұлы Қытай қорғаны-
ның  сілемдеріне  айналған  жекелеген  қабырға-бекіністердің  салына  бастауы”  тамаша  айғақ.  Тек 
Қытай  емес,  көне  әлемнің  барлық  бағзы  өркениеттерінің  алдында  да  еуроазияның  кең  байтақ 
далаларынан тасқындап төгілген қаһарлы да болмысы бөлек стихиямен ендігі жерде қандай қарым-
қатынас  жасамақ  керек  деген  мәселе  тұрды.  Бұл  проблеманы  әскери-страте-гиялық  және  рухани 
тұрғыдан  шешу  керек  еді.  Б.з.д.  VІІ  ғасырда  Солтүстік  Қара  теңіз  жағалауларынан  шыққан 
киммерліктер бүкіл Кіші  Азияны  көктей өтті. Скифтердің  құдіретті  Ассирия державасымен соғыс 
бастайтыны, қанды шайқастардың бірінде  өз көсемдері Ишпақайдан айырыла-тыны да осы уақыт. 
Соғыс қимылдарының қанды қасабына бүкіл алдыңғы Азия тартылды. Кейін оқиғаларға Үндістан-
ның да араласуына тура келген. Веда мәтіндерінің куәлік ететініндей, Солтүстік Үндістанда бұған 
дейін  аңшылықтың  жебеушісі  болып  келген  найзағай  құдай  Рудраның  малшылар-дың 
қорғаушысына айналып шыға келетіні де осы тұс бола-тын. Ал күн құдайларының бірі Пушан егін 
егумен айналы-сатын отырықшылардың жарылқаушысына айналып кетті. 
Отырықшы халықтардың жеріне өз қаруы және өз дүниетанымдарының жүйесімен баса көктей 
кірген  көш-пелілер  жергілікті  рухани  кеңістікте  де  әрдайым  шиыршық  атқан  жағдай 
қалыптастырып  отырды. “Кіндік  дәуірдің”  бүкіл  өн  бойынан  бір-біріне  мүлдем  ұқсамайтын  екі 
рухани әлем –  көшпелілер мен отырықшылар әлемі қақтығысының бейнесі іспетті әлеуметтік, діни 
және  этикалық  сипаттардағы  шұғыл,  жылдам  һәм  ұстыны  берік,  балама  деңгейдегі  қоз-ғалыстар 
өтіп жатты. 
Бұл  уақытта  грек  мифологиясы  кронидтер  мен  уранид-тердің  күресіне  деген  өз  көзқарасын 
анықтап үлгерді. Олимп-тің тіс қаққан қу құдайлары қаншалықты құдіретті болға-нымен тым аңғал 
табиғат құдайларын әрдайым жеңіп кете беретін. Мифтердің кронидтерге бүйрегі бұратындығынан 

 
 
грек  қалаларының  қаулап  өсіп  келе  жатқандығы,  егін  шаруа-шылығы  нысандарының  жан-жақты 
дамуы  аңғарылатын.  Өз  кезегінде  мифтерді  ауыстырған  эпостар  табиғатты  бағын-дыруға  әбден 
септігі тиетін статикалық қалыптасқан жағдай идеалын күшейте түсті.  
Атлантпен күрес кезіндегі Зевстің жерлік бейнесі Одиссей қаһарманға айналды. 
Қытайда Лао-цзы ақиқат жол даоны дәріптеді. Ол даоны жалған, яғни адами және шынайы, яки 
табиғи  деп  екіге  бөлді.  Адами  даоны  күйретіп,  шынайы,  табиғи  заңдылықтарға  қайтуға  үндеді. 
Оның замандасы және тарихтағы әлі талай ғасырлар бойғы сапарласы Конфуций, керісінше, барды 
сақтап,  адамдар  арасындағы  қалыптасқан  қарым-қатынасты  біршама  жақсарта  түсуге  шақырды. 
Оның  ілімінің  негізінде  “дао” (“жол”)  емес, “жөн-жоралғы”, “салт-дәстүр”, “ізет-тілік”, 

сыпайылық”  секілді  сөздермен  аударылатын  “ли”  ұғымы  жатты.  Конфуций  ғибраттарының  өн 
бойынан өзгеріске деген қарсылықтың салқыны еседі…  

Кіндік  дәуір”  атмосферасында  пайда  болған  балама  дүниетаным  Зәрдәшт  уағыздарында 
біршама өткір сипаттарға қол жеткізді. Ол Жақсылық пен Зұлымдықты араларына сына қағып, бір-
бірінен алшақтатып қана қойған жоқ, замандастарын “Жақсылық пен Жамандық бір-бірімен мүлдем 
ажырап,  әлем  өз  өмірінің  соңғы  сатысына  жақын-дайтын  уақыт  мүлдем  таяп  қалды”  дейтін 
пікірімен  сең  соққан  балықтай  тіпті  таң-тамаша  етті.  Зәрдәшт  әрбір  жеке  адам  “Зұлымдықтың 
күйреуіне ат салысып, Мейірім пат-шалығының орнығуына қатыса алады, бұл патшалықта бақташы 
тіршілігіне  адалдардың  бәрі  бірдей  болады”  деп  уағыздады.  Рас,  бұл  жерде  “бақташы  тіршілігіне 
адалдар” деген сөз тіркесі бізді ешқандай да адасуға ұрындырмау керек. Зәрдәштті көшпелі өмірдің 
идеологы  болды  деуге  тіптен  болмайды.  Және  көшпелілер  стихиясы  пайғамбар-лықты  мүлдем 
қабылдамайтындықтан,  Зәрдәшт  олардың  арасында  пайғамбар  болғысы  келсе  де  бола  алмас  еді. 
Көшпелінің сана-түйсігіндегі ең басты ерекшелік – ол үшін ақиқаттың қарапайымдылығы, барынша 
түсініктілігі.  Ол  үшін  әлеуметтік  жүйеде  ғана  емес,  табиғатты  қосып  бүкіл  ғаламда  тылсым, 
жасырын  ешқандай  құпия  жоқ.  Көшпелі  үшін  дүниеде  бардың  бәріне  де  түсіндірме  бар.  Бәрі  де 
алақандағыдай белгілі. Ал мұндай ортада пайғамбарлар онсыз да ашық тұрған есікті қаққылағандай 
ақымақ  халге  душар  болар  еді.  Көшпелінің  “ақиқатты”  қалай  іздеу  керектігін,  керісінше, 
пайғамбардың  өзіне  оқытып  жіберуі  мүмкін.  Бірақ  көшпеліге  пайғамбарлық  не  қажет. “Өз  елінде 
пайғамбарлар  болмайды”  –  бұл  басқалардан  бұрын,  ең  бірінші  көшпелі-лерге  қатысы  көп  сөз. 
Зәрдәшт  ең  бірінші  етіп  байтақ  даланы  мекендейтін  осы  көшпелілерді  Зұлымдықтың,  Ангра-
Маньюдің  әлемі  санағандықтан  да  көшпелі  өмірдің  идеологы  бола  алмайды.  Ол  осы  күшті 
Жақсылық  күштері  жақында  жеңеді  деп  санады.  Өзінің  тамаша  уағыздарында  сиырды  ұлықтап 
баққанымен  оныкі  егістік  пен  соның  маңындағы  шағын  жайылымды  дәріптеу,  соқа  мен  өгізді 
аңсаған жердің аңсарын жеткізу ғана еді. 

Кіндік дәуірдің” атмосферасы, еуразия құрлығының бүкіл бағзы өркениеттері ауқымына ортақ 
белгілері бар атмосфера қалыптасты. Проблема пайда болды. Ол жан-жақты шешуді қажет етті. Біз 
бұны  ұмытпауымыз,  әрдайым  жадымызда  ұстауымыз  керек.  Әйтпесе  біз  Гілгәмеш  эпо-сының 
авторлары,  биік  қорғандармен  қоршалған  қалалардың  тұрғындары,  эпостың  “ниневиялық” 
нұсқасында  Энкидуды  неліктен  өз  патшаларының  “бауыры”  атағандықтарын,  ал  қаһармандардың 
достығын не себепті трагедиялық сарындағы поэманың негізі етіп алғандықтарын түсіне алмаймыз. 
Туындаған  проблеманың  жалпылық  сипаты  туралы  Ясперстің  тарс  ұмытып  кетуі  тіпті  адам 
таңқаларлық.  Ол  Жерден  жеті  қоян  тапқандай  Вебердің  пайымдауындағы  “қарама-қайшылықты” 
ұстай  қалады. “Халқы  өз  тегін  жау-лаушы  тайпалардан  таратпайтын  Палестина  кіндік  дәуірге 
пайғамбарларды тарту етті” дейді ол. Ал осы Палестиндік ақ-адал, сақал-шашы қудай аппақ қария 
пайғамбарлардың  Вебер  болжамдарының  дұрыстығына  басқалардың  бәрінен  де  артық  куәлік 
ететініне тіпті де назар аударғысы келмейді. Әттең, Веберге өз гипотезасын соңғы нүктесіне дейін 
дамы-тып,  пісіріп  жеткізуі  керек  еді. “Кіндік  дәуірдің”  рухани  өміріндегі  ең  басты  қақтығыс 
отырықшылық  пен  көшпелі-ліктің өзара айтыс-тартысынан ұшқындағанын айтқанда, айта алғанда 
Веберге  Ясперстің  тісі  батпайтындығы  анық-ты. “Көне  Інжілдің”  әуеніне  құлай  елтіген  адамдар 
болғанымен,  Палестин  пайғамбарлары  қала  алаңқайларында  алғашқы  күнәні  еске  қайта-қайта 
салып,  ділмәрсіп бақты. Эзра тара-пынан Израильдің  бүкіл үрім-бұтағын бақташы, малшы-лардан 
тарататын  Мұсаның  “Бес  кітабы”  балта  шапса  бұзыл-майтын  ережеге  айналдырылды.  Ал  қалалар 
шапқа шыққан шиқанды жарадай суреттелді. Мысалы, Содом мен Гоморра секілді. Иә, дәл солай, 
Палестин пайғамбарлары, ауада қалқып жүрген балама дүниетанымды аңдап қана қойған жоқ, оның 
сұмдыққа  толы  астарында  аңғара  алды.  Олардың  трагедиялық  күнә,  алғашқы  қарғыс,  адамзат 

 
 
әулетін ең бірінші адамдардан  бастап соңынан өкшелеп  келе жатқан  жаза туралы сарнай жөнелуі 
сосын-ды. 
Иә,  иә,  адам  табиғатының  қос  бірліктен  тұратындығын,  онда  қалыпты  статикалық  бастау  мен 
динамикалық  бас-таудың  егіз  екендігін  пайымдаған,  ендігі  басталған  тоқы-раудың  адам  баласына 
үлкен  қасірет  әкелетін  драма  екендігін  түсіне  алған  інжіл  қарттары  шынында  да  көріпкелдер  еді. 
Көркемдік мінберінен Утнапиштиді лақтырып тастап, оның орнына Гілгәмештің жылап-жоқтауын 
әлемге,  үміттің  белгісіндей  үндеуіндей  етіп  жариялаған  көнекөз  эпос  та  сұңғыла  данышпан 
болатын...  
 
* * * 
Қазақ  әдебиетінде  “Іскендір”  поэмасының  негізіне  адам  аңсарларының  бәрі  бос  әуре  екендігі 
жайлы Александр Македонский (Іскендір Зұлқарнайын) және Аристотель есімдерімен байланысты 
ғибратты әңгімені арқау еткен ұлы Абайдан кейін, христиан жыл санауына дейінгі оқиғаларға алғаш 
назар  аударғандар  –  ақын  және  зерттеуші  Олжас  Сүлейменов  (“Қыш  кітап”, “АЗиЯ”),  прозада  – 
Болат Жандарбековтер болды. 

Томирис”  повесінде  Б.Жандарбеков  сақ-массагеттердің  көне  әлемнің  әйгілі  жаһангері  Кирдің 
басқыншылығына  қарсы  азаттық  соғысы  туралы  баяндайды.  Негізгі  оқиғаларға  кіріспе  ретінде 
алдымен  көшпелі  ортада  алыс  жорыққа  керекті  қуаттың  қалай  пайда  болғандығы  туралы, 
көшпелілер  әскерінің  Ассирияға,  Алдыңғы  Азияның  елдеріне  басып  кіруі  жайында  мағлұмат 
беретін тарихи шолу жасалады: “Олардың дауысы дауылды күнгі теңіздің толқынындай құлақ тұн-
дырады. Атқа мініп, сап түзеп, бір адамдай жауға шапқанда, оларға ешқандай күш төтеп бере алмақ 
емес!” (Иеремия пайғамбар). 
Повестің  тарих  тақырыбына  жазылған  өзге  туындылардан  шоқтығын  биік  ететін  тұстары  көп. 
Танымдық мағлұма-тының  молдығына  қарамай жеңіл  де тартымды оқылады.  Авторға тән тамаша 
талғам оқырманның орасан мол тарихи мәліметтерді еш қиналмай қабылдауына мүмкіндік береді. 
Мысал  ретінде  парсы  патшасының  елшісі  Мардының  Томирис  патшайымның  ордасына  келген 
жерін суреттейтін эпизодты келтіруге болады. Марды тек елші ғана емес, кәсіби барлаушы да. Ол 
болашақ  жауларының  тыныс-тіршілігін  барынша  жан-жақты  байқауға  тырысады.  Дәл  де  нақты 
мағлұматтар  алуға  ұмтылады.  Марды  қажымай-талмай  жинақтаған  мәлімет-тердің  ішіне  автор 
массагеттердің  әлеуметтік  құрылымы,  өмір  сүру  тәсілі,  қолөнер,  қару  түрлері,  ұрыс  жүргізудегі 
страте-гиялық  һәм  тактикалық  айла-амалдарын,  ұстанатын  этикасы  мен  эпостық  жырларын, 
қысқасы анау-мынау көркем дүниенің қалыбы  көтере бермейтін мол мағлұматты  сіңіріп  жібереді. 
Бірақ  –  Марды  барлаушы.  Сондықтан  да  мәлімет  алу  жолындағы  оның  әрбір  әрекеті  қауіп-қатер, 
интригаға толы. Оқырманның назары Мардының басына енді  қандай кеп түсер екен деп әрдайым 
алаңдап  отырады,  бұл  туындыны  туынды  ететін  жақсы  көркемдік  тәсіл,  сонымен  бірге  оқыр-ман 
ертедегі  көшпелілер  туралы  қара  орман  деректер  де  ала  алады.  Бір  кезгі  көшпелілердің  бүгінгі 
ұрпақтары  өз  баба-ларының  өмірі  туралы  аңызынан  ақиқаты  басым,  зерделі  көзден  өткен 
мәліметтерге қанығады. Яғни, ұрпақтар сабақ-тастығы жүреді деуге болады. 
Томирис  патшайым  өз  елінде  жүргізген  жаңғыртулар  оның  қанды  да  жеңісті  шайқаста  көсем 
болуына  апаратын  ақиқи  жол  болғандығы  шынайы  суреттелген.  Өз  төлеңгіттерін  демократиялық 
жолмен  таңдап  алу,  халық  ерлігіне  тәнті  болған  қаһармандарды  көсем  етіп  сайлау,  қалың  көшпе-
лілердің ауыз бірлігіне ұйытқы бола білу, соғыс өнеріндегі ғажайып дарындылық, міне, осының бәрі 
жиналып Томирис патшайым болады. 
Баяндау барысында аңыздар мен тарихи жылнамалардың деректері үйлесе кірігіп кеткен. Мұның 
бәрі автордың тал-ғамынан хабар беретін тамаша жетістіктер. Дегенмен, повесті кемшіліксіз деуге 
де  болмайды.  Дау  жоқ,  автор  тарихи  мәліметтерді  аса  сезімталдықпен  пайдаланады,  қосарланған 
желілерді  дамытуға  келгенде  өте  шебер.  Бірақ  автор  тарих  ғылымы  әбден  зерделеп,  зерттелген 
материалдарды пайда-ланған тұстарда ғана ширақ, қағылез. Бұл, әсіресе, Вавилон туралы тараудан 
жақсы  көрініс  береді.  Автордың  “Құдайдың  қақпасы” (Бабылдың  бір  аты)  туралы  айтып 
отырғандарының бәрі де танымдық жағынан қарапайым оқырман үшін өте қызғылықты. Ал арнайы 
әдебиетпен  таныс  мамандардың  бұл  жерде  “әттеген-ай”  деуі  бек  мүмкін.  Бәлкім  бұл  повестің 
ауқымы көтере бермейтіндіктен де осылай болған болар дейміз. Дегенмен… 
Кир жаулап алған тұстағы сән салтанатқа толы және әбден азғындаған көне қала Вавилон, оның 
тозығы  жеткен  көп  құдайлары  мен  енді-енді  қауызында  пісіп-жетіліп  келе  жатқан  жалғыз  құдай 

 
 
идеясы,  бұның  бәрі  “Кіндік  дәуірдің”  рухани  ізденістері  тұрғысынан  қараған  адамға  қызғылықты 
көркемдік-пәлсафалық ізденістермен ой жүгіртулердің обьектісі болар еді. “Сақ жерінің жауынгері” 
Рүстемнің көзі түскен жайттардың бәрі де отырықшылық пен көшпелілік алғаш қақтығысқа түскен 
уақыттағы  олардың  бірлігі  мен  қарама-қайшылықтағы  антогонизмінен  мол  мәлімет  бере  алар-ды. 
Бірақ Жандарбековтың Рүстемі зер салғанымен ештеңені байқамайды. Осы уақыттың замандастары 
Палестин пайғамбарларының қала алаңқайларында қалалардан болашақ Содом мен Гоморралардың 
сұлбасын  танып,  оларды  қарғап-сілеп  ділмарсып  жатқанынан,  жаңадан  пайда  бола  бастаған 

Інжілде”  бабылдықтардың  классикалық  үлгісі  іспетті  Балтасарға  қарғыс  таңбасы  басылғанынан 
мүлдем хабарсыз… 
Айтылғанның  бәрі  ескертпе,  кінәлау  не  айып  тағу  емес.  Автор  өзі  таңдап  алған  повесть 
жанрында өз алдына  қойған мақсатты  игере алатындығын  жақсы аңғартты. Әңгіме басқада, оның 
алып отырған тақырыбының кең тынысты эпикалық баяндауды қажет ететіндігінде. Біз автор егер 
тарихи  роман  үлгісін  қол  көргенінде,  көптеген  қамтылмай  қалған  жайт-тарды  әңгімелеп  беруіне 
мүмкіндік  туар  ма  еді  дейміз.  Ал  бұған  “дау  жоқ”,  авторда  материал  молынан  жетеді.  Автор-дың 
Рүстемі повестің емес, кездейсоқ романның кейіпкері  бола қалғанда оның байқары да, айтары  да, 
айтарынан  өрер  ой  ұшқыны  да  мол  болар  еді-ау.  Жандарбековтің  оң  жам-басына  әбден  келетін 
роман  мазмұнының  мұндағы  повесть  поэтикасымен  қарама-қайшылыққа  түсіп  қала  беретіні  бұл 
жерде, қалай дегенмен де, анық байқалып тұр… 
 
* * * 
 
Бұл  бағытта  Олжас  Сүлейменовтің  шығармашылығын  айрықша  атауға  болады.  Өн-бойынан 
азаматтықтың  лебі  есетін  оның  лирикалық  кейіпкері  60-жылдардағы  мәдени  атмосфе-раның  төл 
перзенті деуге әбден болады. Ол осы жылдарға тән болған жолмен жүріп өтіп қалыптасты. Алғашқы 
қадамын  біршама  абстрактылы  деңгейде  болса  да  ерлікке  ашық  үн-дейтін  этикалық 
пайымдаулардан  бастаған  (“Жасық  жолдың  бетіне  шақ  лақтырсын  тұлпар  тұяқ  шашалы”)  Олжас 
Сүлейменовтің лирикалық кейіпкері өзіне қажетті тіректі туған халқының тарихынан табады (“Иә, 
аруақ,  бейбіт  күннен  өлмейді  ер…”).  Оның  патриотизмі  ұлтшылдықтың  тар  аясында  қалып 
қоймайтындығы  алғашқы  аттанысынан,  өз  мақсатын  анықтаған  тұстан-ақ  анық  аңғарылған: “Тау-
ларды  аласартпай,  даланы  асқақтату  керек”.  Ол  тарих  парақтарына  зер  сала  қарайды,  өткен 
ғасырлардың  үніне  құлақ  тосады,  олардан  мәңгі  көнермейтін  құндылықтарды  табады,  бүгінгі 
замандастарына  сана  мен  жанды  сәулелен-діретін  өзі  тапқан  тарихи  мәліметтерді  шабытты  да 
салиқалы  халде  жеткізеді.  Әйтсе  де  поэзияның  дәстүрлі  жанрлық  үлгілері  мол  мағлұматтың 
тасқынына  төтеп  беруге  тым  әлсіз.  Сүлейменов  өз  кейіпкеріне  “даланы  асқақтатуда”  көмектесу 
үшін,  халыққа  басқа  халықтардікінен  бір  де  кем  емес  өзінің  тарихи  жадын  қайта  оралту  үшін 
көркемдік тәсілдердің жаңа үлгілерін іздестіреді. 
Ол “Қыш кітап” поэмасын жазды. Бұрындары буырқанған өлең немесе мақала жазуға әбден-ақ 
жеткілікті тарихи жайт-тарды түйсінуден, ақиқатты сезінуден туған сана жарқылы мұнда зілсіз әжуа 
түсіне боялып, жаңа биіктерге жол ашады. Сұңғыла, болашағы баянды болжамдар болса қиялдың 
қағы-лез  ойынының  жемісі  іспетті  ұсынылады.  Ақын  кейіпкер-лерінің  ойлануына,  қимылдауына 
мүмкіндік бере отырып, өзіне  бейнебір көп баспалдақты қорған соғып жатқандай. Сондай-ақ осы 
бір  эпикалық  һәм  драмалық  үлгідегі  кең  тынысты  баяндаулар  ақын  өзінің  алғашқы 
туындыларындағы кейіпкерлерімен қоштасқан секілді де әсер қалдырады. Мұндай тоқтамға келуге 
ақынның Гілгәмеш туралы көне аккад поэмасының орталық желісін жан-жақты ой парық-тауынан 
өткізуге  тырысуы,  ол  үшін  арғы-бергі  уақыттағы  арғы-бергі  халықтардың  эпикалық  және 
драматургиялық дәстүрлерін еркін пайдалануы  да ықпал ететіндей. 
Бірақ  бәрібір  Олжас  Сүлейменовтің  жаңа  поэмасының  орталық  тұлғасы  оның  бұрынғы 
лирикалық  кейіпкері  болып  табылады.  Поэма  лейтмотиві  іспетті, “Ишпақа  хан,  сен  кімдікісің?” 
деген сауал авторды әлі де бұрынғыдай тарихтың қызықтыратынын, бірақ оның ендігі жерде оған 
жаңа  көз-қарас  ауқымынан  қарайтындығын  аңғартады.  Оны  ең  бірінші  кезекте  қызықтыратыны, 
әртүрлі этномәдениет өкілдерінің кездесуінен туындайтын проблемалар легі. Ишпақаның тағдыры 
және  поэманың  мазмұнында  ақынға  субьективтігі  жағынан  өте  жақын  мынандай  дилемма  көрініс 
тапты:  бір  жағынан  халықтардың  бірлігін,  туысқан  екендігін  пайымдау,  екінші  жағынан  сол 
халықтардың тек біреуінің ғана өкілі бола алатындығыңды анық түйсіну. 
 

 
 
* * * 
 

Көтеру  кезеңі  басталды.  Меніміз  бізге  айналды.  Алақа-нымыздың  бір  қабат  терісін  алдыра 
жүріп,  өзіміз  жинаған  төбе-дүниелерімізді  көтеру  биігінен  әрі  асыра  аламыз  ба,  Ұлы  дала,  сенің 
рухани самғауыңның амплитудалық көр-сеткіші тікелей біздің осы азапты нар тәуекелімізге байла-
нысты  болмақ”.  Олжас  Сүлейменовтің  замандастарына  қаратып  айтылған  сөзінде  жүлгеленген 
көтерудің осы прин-ципі қазақ мәдениетінде оның өз шығармашылығында, “АЗиЯ” кітабында жан-
жақты көрініс тапты. 
Олжас  Сүлейменов  бұл  кітабында  өзінің  жоғары  инте-лектін,  сирек  мәдениеті  мен  ғылыми 
ойлау  жүйесін,  асқақ  болмысты  дүниетанымын  бір  арнада  тоғыстыра  білген.  Әділетке  еселенген 
құмарлығы,  тарих  пен  тіл  ғылымындағы  “ақиқатты  жұлмаушылыққа”  деген  бітіспес  қарсылығы 
оның  этикалық  позициясын  нақтылаған.  Сүлейменовтің  поэти-калық  сөздің  тынысын,  жүрек 
қағысын  дөп  басып,  тани  білетін  ғажайып  қабілеті  бұл  кітаптың  өн  бойына  өң  беріп,  қадыр-
қасиетін, құндылығын арттыра түседі. 
Кітап жанрын дәстүрлі анықтамалардың ешқайсысымен анықтау мүмкін емес. Әйтсе де осы бір, 
сөз жоқ, көркем шығарма өзінің оқырман сезіміне әсер етуі жағынан Олжас Сүлейменов әлдеқашан 
хас  шебері  ретінде  мойындалып,  танылған  “ойлы  поэзияның”  ең  үздік  үлгілерінен  бір  де  кем 
түспейді.  Ойлаудағы  поэтикалық  және  ғылыми  бастау-лардың  арақатынасы  проблемасы  кітапта 
бірнеше  рет  көте-ріледі.  Оларды  бір-біріне  қарама-қарсы  қоюға  деген  қарсылық  кітаптың  негізгі 
тізгін-қағары, қамшылаушысы десек тіптен де қателеспейміз. “Неліктен екенін білмеймін, поэзия – 
ақымақтау,  ғылым  –  ақылдылау  болуы  керек  деген  пікір  орныққан.  Ақымақтың  өлеңі  ешқашан 
ауыздан  ауызға  көшпейтінін,  жадта  қалмайтынын  ұмыттық,  –  деп  толғанады  О.Сүлейменов 
монологтарының  бірінде  –  “оқымысты”  және  “ақын”  сөздерінің  мағыналары  жақында  ғана 
ажыратылға-нын  да  ұмыттық.  Олар  бір  сөзбен,  Еуропада  –  артист,  Орталық  Азияда  кейінгі  түркі 
тіліндегідей – чалябы – құдай – деп айтылатын. Омар Хайям ұзақсонар математикалық трактаттар 
жазды.  Бәлкім  өмірінің  соңында  жұп-жұмыр  формула  іспетті  шып-шымыр  төрттаған-рубайларды 
дүниеге  келтіруіне  осы  ізденістерінің  игі  ықпалы  тиген  болар.  Поэзия  мен  фило-софия  һәм 
математиканың  зерлі  түйіні  іспетті  әл  Фараби  ше?  Кімдер  еді  олар,  ақындар  ма,  ғалымдар  ма? 
Символдар-дың  жұмбағын  шеше  білетін,  өйткені,  оларды  өздері  туды-ратын  осы  бір  чалябы 
дегендеріңіз.  Иә,  олар  сезімтал  ойдың  адамдары.  Орта  ғасырлардағы  Орталық  Азияда  ғылыммен 
шұғылдану  бұл  жолға  басын  тіккен  адамға  ешқандай  байлық  әкелмейтін.  Омар  Хайям  мен  әл 
Фараби қанағат тұтқан жалғыз ғана артықшылық – “танып-білу бақыты” болды. Міне, осы “танып-
білу  бақыты” “артықшылығына”  бүгінде  өзінің  тынымсыз  ой  еңбегімен  ерекшеленетін  ғажайып 
қабілетінің арқасында Олжас Сүлейменов те ие. 
Әйтсе  де  ол  әлемнің  символдарын  танып-білудің  бесаспап  құралы  іспетті  қарапайым  чалябы 
ғана  емес.  Ол  нақтылыққа  өң  беруші,  мазмұн  бітіруші  дарын.  Оның  кітабы  жеңіл  әрі  түсінікті 
оқылады. “Басында  сөз  болды”  деп  келетін  Інжіл  жаңалығынан  біздің  ақын  метафоралық 
астарлылықтың  тұманды  пердесін  сырып  алып  тастай  алған  секілді.  Сүлей-менов  кітабын  оқи 
отырып,  жер  астының  уілін,  табаныңның  астындағы  топырақтың  тербелісін,  тектоникалық 
ауытқулар мен жаңа таулардың пайда болу процесін түйсіне, сезіне аласың… Ол ақындық шабыт 
пен ақыл-ой сәулесінен нұр-ланған адам сөзінің жарқылды кристалына бастапқы, шынайы қуатын 
қайта қайтарады. 

АЗиЯ”-да  Олжас  Сүлейменов  әртүрлі  қырынан  танылған.  Олардың  бәрін  санамалап  шығу 
мүмкін емес. Бірде славист, түркітанушы, шумертанушы болса, ендігі бір тұста тарихшы, лингвист, 
әдебиеттанушы  болып  кетеді,  үшінші  бір  жерінде  –  этнограф,  палеограф,  жылнамалар  білгірі 
ретінде көрініс берсе, төртінші бір жерінде ақын, публицист ретінде сөз алады. Арнайы бір графада 
азамат, қоғам қайраткері, т.т. болып кете береді. Бір ақынның басында тоғысқан бұл көп қырлылық 
Қайта  өрлеу  дәуіріне  тән  болған  универсал  таным  иесін  –  өткен  және  келер  уақыттармен  еркін 
әңгімелесуші  тұлғасын  сомдап  шығарған. “Игорь  жасағы  туралы  жырдың” “күңгірт”  тұстарын 
махаббатпен  зер  сала,  сүйсіне  оқу  арқылы  ақын  кемеңгер  поэманың  расында  да  көнекөз  жәдігер 
екендігін,  ХІІ  ғасырда  пайда  болған  осы  бір  орыс  әдебиеті  мұрасының  жазылуына  түркі  тілінің 
тікелей қатысы болған-дығын дәлелдейді. Әсіресе, ақынымыздың “Жырдың” алғашқы поэтикалық 
тұма  сөздігін  жасауға  деген  талпы-ныстары  ерекше  қызығушылық  оятады.  Әртүрлі  шөгінді 
қабаттардан  аршылып-тазаланған  “Жыр”  көз  алдымызда  биік  драмалық  үні  бар  монолитті, 
қабырғалы туынды ретінде сұлба түзейді. Олжас Сүлейменов поэманың бүкіладамзаттық мәнге ие 

 
 
негізгі көтермек проблемасын тап басып анықтаған. Ол “біздердікі дұрыс емес еді” деген ақиқатты 
ашып  айта  алу  проблемасы  болатын.  Орта  ғасырлардың  өзінде  этникалық  мүддеден  ақиқатты 
жоғары қоя білу, шындықты бет-жүзің  бар демей айта алу тек кемеңгер суретшінің ғана  қолынан 
келетін ерлік еді, – дейді ақын. 
Бірақ,  Олжас  Сүлейменов  отандық  түркітануға  келгенде  тіпті  басқаша  болып  кетеді.  Асқақ  үн 
торығуға  бой  алды-рады,  кекесін  ащылау  әжуаға  айналады.  Ақиқатты  айғақтау  ағартушылыққа 
ұласады. “Будданың  аяғына  табынатын  буд-дашылар  секілді  үндіеуропейстиканың  таптар 
саптамасына басын шұлғып тамсана беретін жергілікті “етікші” түркі-танушыларды біраз сілкілеп 
алатын  тұстар  “Шумер-намеде”  жетерлік.  Мұнда  шынайы  ғылыми,  шәкірттік  құр  бас  шұлғи 
берушіліктен  ада,  нәсілдік  және  халықтық  ұғымдарға  бой  алдырмаған  жаңаша  түркітануды 
қалыптастыруға  деген  ынтызарлық  байқалады.  Кітапта  ұсынылған  шумер-түркі  сөздерінің  кестесі 
оны дайындауға көп тер төгілгендігін, мол еңбек сіңірілгендігін аңғартады. Бағзы түркі және шумер 
тайпалары  түркітанушылардың  дені  айсыз  түндегі  түпсіз  терең  құдықтай  деп  санайтын  көне 
замандарда бір өңірде, өзара қоян-қолтық араласып өмір сүрді дейтін О.Сүлейменов болжамының 
тиянақсыз еместігіне көз жеткізеді. “Шумер-наме” ақыл-ойды, оны жаңа сауалдар легімен мазалай, 

түшіркендіре” отырып, жаңа ізденістерге, зерттеулерге шақырады. Сүлейменов қойнауы бес мың 
жылдық  түпсіз  тереңнен  сандаған  ғасыр  түркі-моңғол  халықтарының  рухани  өзегі,  негізі  болған, 
адамзат  тарихындағы  ең  алғашқы  монотейстік  дін-тәңіршілдікті  тартып  шығарып  алу  арқылы  өз 
бағытының  жемісті,  берері  мол  екендігін  дәлелдей  түседі.  Ал  бұл  сенім  біздің  бабаларымызға 
қаншама  уақыттар  қан-шама  діндер  мен  дүниетанымдардың  аранында  жұтылып  кетпей,  өз 
болмысын аман сақтауына септігін тигізген-ді. 
Қайсыбір  беттерде  кітаптың  екі  бөлімінің  өзара  үндесіп,  салаласа  сабақтасып  кететіні  де  бар. 
Автор  “Игорь  жасағы  туралы  жырда”  ұлы  князь  Светослав  Всеволодовичтің  өзінің  тәңіршілдік 
салтымен  жерленіп  жатқаны  туралы  түс  көретін  тұсын  еске  алады.  Міне,  бұл  кітаптың  нағыз 
композициялық  шешімі  еді!  Бейнебір,  кітаптың  екі  бөлімі  бір-біріне  сәуле  түсіріп  тұрғандай.  Ал 
түркі  этносының  еуразия  құрлығы  халықтарымен  мәдени  байланыстары  бірнеше  мыңжыл-
дықтардың ұзына бойына созылғандығы тағы да бір рет тамаша дәлелденеді. 

АЗиЯ”-ны  оқығасын  “Игорь  жасағы  туралы  жыр”  мен  “Гілгәмеш  жайлы  эпосқа”  өзара 
салыстырулар жүргізу мүм-кіндігі тіптен оңайлана түспек. Аккад эпосы “біздікілердікі дұрыс емес” 
деген  ойды  Ұрық  құдайларын  кінәлау  арқылы  нақты  жеткізеді.  Ал  осы  ойды  ортағасырлық  орыс 
ақыны да айтып отыр емес пе! Араларын мыңдаған жылдар бөліп жатқан екі әдеби жәдігер де, міне, 
осылайша,  бағзы  бірліктің  күйреуін  жоғары  көркемдік  деңгейде  қайғы-қасіретке  көміле  отырып 
жырлаған шынайы көркем шедеврлер болып шығады. Иә, екі поэма да ақиқатты айта білді. 
Енді “АЗиЯ”-ға қайта оралайық. Кітаптың қайсыбір тұстары қатты сынға ұшырады. Бұл жерде 
ақынның  да  өзінің  кейбір  тұжырымдарына  қайта  оралып,  оларды  сыни  ой  сүзгісінен  қайта 
өткізгендігін  ұмытпағанымыз  дұрыс.  Пікір-таластар  мен  шығармашылықтан  соң  болатын 
рефлексия-лардың  детальдарына  жан-жақты  тоқталып  жатпай-ақ,  мына  бір  нәрсені  ашық  айтқым 
келеді.  Бүгінгі  қазақ  мәдениетінің  мүмкіндіктеріне  жете  зер  салмай,  біз  кітаптың  шын,  шынайы 
бағасын  бере  аламыз  ба?  Әрине,  жоқ.  Кітап  кінәратсыз  ба?  Олай  деп  және  айта  алмаймыз. 60-
жылдардағы  мәдени  қозғалыстың  лирикалық  қаһарманы  авторды  –  әдебиетші  мен  ғалымды  – 
ғалымды  кейде  өз  тақырыбын  өз  дегеніне  қалай  болмасын  көндіртуге  тырыстыру  арқылы,  ал 
суретшіні  құр  құрғақ  қисынның  жетегіне  елітіп  алып  кету  жолымен  өзіне  бағындырып  алғанын 
аңғару  еш  қиын  емес.  Ал  алпысыншы  жылдар  тарихты  зерделеуде  дәп  осындай  әдіс-тәсілдерді 
керек  деп  санайтын  және  оны  ақтап  та  алатын.  Тарихи-мәдени  мұраны  игеруде  ойлау  жүйесінің 
өзіндік ерекшелігі бар синкретизмге құлаш сермеуі бұл кездері тарихи қажеттілік деп ұғынылды. 

АЗиЯ”  өзінің  пайда  болуымен  тарихты  және  тарихи  мұраны  игерудің  қалыптасқан 
практикасында  кездесетін  қарама-қайшылықтарды  барынша  жалаңаштап  көрсетіп  берді.  Бізге, 
қалай дегенмен де, бүгінгі күннің болмыс-бітімін және тарихты танып білуде әртүрлі биіктіктердегі 
әрқилы  таным  формаларына  иек  арту  қажеттігін,  олардың  өзара  сабақтасып  жатпаса  ортақ 
шындыққа  және  қол  жеткізе  алмайтындығын  ең  бірінші  болып  дәлелдеп  берген  дүние  –  “АЗиЯ” 
болып табылады. Ол біздің барлық проблемаларымызды өзара жемісті әріптестікте бірлесе отырып 
шешуге шақырады. 
 
Едіге Тұрсынов, 
филология  ғылымдарының докторы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал