Бағдарламасының аясында салынған бұл 15 бір пәтерлі тұрғын үйдің әрқайсысының жалпы көлемі 70,8 шаршы



жүктеу 399.6 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі399.6 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Бейсенбі №51 (9758) 18 желтоқсан 2014 жыл

Жымпитыдағы 

қоныстой

Сырым ауданының 

орталығы Жымпиты 

ауылындағы Қарасу 

мөлтекауданында жаңадан 

салынған тұрғын үйдің 

кілттері иелеріне салтанатты 

түрде табысталды. 

«Қолжетімді баспана - 2020» 

бағдарламасының аясында 

салынған бұл 15 бір пәтерлі 

тұрғын үйдің әрқайсысының 

жалпы көлемі 70,8 шаршы 

метр болады. Баспана салуға 

жауапты болған мердігер 

«Батыс Строй Союз» 

жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі құрылыс 

жұмыстарын межеленген 

уақытында аяқтады. 

Қазақстан 

Республикасының 

Тәуелсіздігінің  23  жылдығы  мерекесі 

қарсаңындағы қоныстой қуанышымен 

аудан  әкімі  Абат  Шыныбеков 

құттықтады. 

–  Қазақстан  санаулы  жылдар 

ішінде  өзінің  ғасырға  татырлық 

қадамын жасады. Елбасы, ҚР Тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

сарабдал  саясатының  нәтижесінде 

барлық  қазақстандықтың  шаңырағы 

биік, түтіні түзу.

Елбасы  Жолдауында  жария  еткен 

«Нұрлы  жол»  жаңа  экономикалық 

саясатының  ішінде  тұрғын  үй 

инфрақұрылымдарын 

нығайтуға 

жанданған  жұмыс  жүруі  керектігін 

айтты. Әсіресе, тұрғын үй құрылысына 

деген  көзқарасты  тың  тұрғыдан 

белгілеуді  тапсырды.  Бүгін  осы 

жұмыстардың  Сырым  ауданында  да 

жүзеге  асып  жатқанына  куәгерміз. 

Құрылысы  аяқталып,  пайдалануға 

берілген  баспаналар  тұрғындардың 

көптеген  әлеуметтік  мәселелерінің 

шешілуіне  жол  ашады.  Мемлекеттің 

баспана  берудегі  мақсаты  да  осы. 

Бұл  құрылыс  жұмыстарымен  бірге, 

биыл  70  үйге  арналған  инженерлік 

коммуникациялық желілер жеткізілген 

жерлер  даярланды.  Алдағы  уақытта 

бір  пәтерлі  тұрғын  үйлер  құрылысы 

Бұлдырты ауылында да басталады. 

Жаңа  қоныстың  иесі  атанғалы 

тұрған  баспана  иелеріне  шынайы 

құттықтауымды 

айтқым 


келеді. 

Шаңырақтарыңыз  шаттыққа  толы 

болсын!  –  деді  аудан  басшысы. 

Жанұяларға деген жүрекжарды лебізін 

«Батыс  Строй  Союз»  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігінің  директоры 

Рафаэль Жоламанов білдірді. 

Кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков 

пәтер  иелеріне  тұрғын  үйлерінің 

кілттерін салтанатты түрде тапсырды. 

Жаңа  баспанаға  ие  болғандардың 

ішінде халықтың әлеуметтік жағынан 

осал  тобының  өкілдері,  бюджеттік 

сала  қызметкерлері,  мемлекеттік 

қызметкерлер  және  жастайынан 

ата-анасының 

қамқорлығынсыз 

қалғандар  бар.  Аудандық  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылығын  және 

жолаушылар  көлігі,  автомобиль 

жолдары  бөлімінің  басшысы  Өркен 

Бектеновтың айтуынша, тұрғындардың 

баспанаға  зәрулігі  ауданда  бар 

мәселе.  «Қолжетімді  баспана  -  2020» 

бағдарламасы шеңберінде бой көтерген 

15  бір  пәтерлі  тұрғын  үй  аудан  әкімі 

жанындағы тұрғын үй комиссиясының 

шешіміне  орай,  жаңағы  бөлімде 

тұрғын  үй  кезегі  бойынша  есепте 

тұрған азаматтарға санаттары бойынша 

жіктеліп,  берілген.  Нақты  айтқанда 

2  үй  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалып, кәмелетке толған жастарға, 6 үй 

халықтың  әлеуметтік  әлжуаз  тобына, 

яғни баспаналы болуға экономикалық 

мүмкіндігі жоқ жандарға, қалғандары 

сала өкілдеріне тиесілі деп танылыпты. 

Осы  арқылы  халықты  тұрғын  үймен 

қамтамасыз ету мәселесінің бір кезеңі 

жүзеге  асырылды.    Пайдалануға 

берілген  тұрғын  үйлердің  барлығы 

заманауи  коммуналдық  желілерге 

қосылған. 

Салтанатты  шарада  қоныс  иелері 

атынан  Ізімберген  Садықов,  Ару 

Байназарова  аудан  басшылығына 

арнайы  алғыстарын  білдірді.  Шара 

аяқталған  соң  аудан  әкімі  жаңадан 

баспаналы  болған  жанұялардың 

үйлеріне кіріп, құтты болсын айтты.



Бауыржан Ширмединұлы

Ару Байназарова, студент:

Ата - анамнан бүлдіршін кезім-

де қалғасын, әжемнің тәрбиесінде 

болдым.  Биыл  көктемде  тұрмыс 

құрдым.  Жанұялы  адамға  жеке 

үйдің  қажеттілігі  кәдімгідей 

сезіледі  екен.  Міне,  бүгін 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 

жарым  Нұржан  екеуіміз  аудан 

басшылығы  тарапынан  үлкен 

сыйлық қабылдадық. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Көпбол Мұхамедов, мәдениет саласының 

қызметкері:

Тәуелсіздігіміздің 

 

23 


жылдығы 

қарсаңында  жанұямызбен  үлкен  қуанышқа 

кенеліп  жатырмыз.  Өйткені,  аудан 

орталығынан  заманауи  үлгідегі,  жайлы 

пәтердің қожайыны атандық. 

Өзім  6-7  жылдан  бері  тұрғын  кезегінде 

тұрдым.  Мәдениет  саласына  азды-көпті 

сіңірген  еңбегіміз  болар,  басшылар  елеп-

ескеріп,  үй  берді.  Ел  ағаларына,  осындай 

бастамаларды  қуаттаған  облыс  басшысы  Нұрлан  Ноғаевқа  алғыс 

білдіреміз. 

Армат Батыршин,

Жымпиты ауылының 

тұрғыны:

–  Елбасының  халыққа  арналған 

Жолдауынан 

туындайтын 

тапсырманы  орындау  мақсатында  

ел Үкіметі «Қолжетімді тұрғын үй -

2020» бағдарламасына сәйкес біздің 

ауданда  жүйелі  және    жоспарлы 

жұмыстар  іске  асуда.  Оған  дәлел 

Тәуелсіздік 

күні 

қарсаңында 



отбасымызбен    қуанышқа  бөленіп 

отырмыз.    Тұрғын    үй    бөлу  

комиссиясының    төрағасы,      «Нұр 

Отан»  партиясы  Сырым  аудандық 

филиалының  төрағасы,  аудан  әкімі 

Абат  Абайұлының  қолынан  төрт 

бөлмелі  су  жаңа  үйдің  кілтін  алып, 

ұзақ күткен арманымыз орындалды. 

Тұруға  барлық    жағдайлары  толық 

жасалған,  сәнді  де  жарық    сәулетті 

бөлмелер көгілдір газбен  қамтылып, 

«Ақбұлақ»    бағдарламасына  сай  су 

кіргізілген.  Осы  сәтті  пайдаланып,  

сүйіп  оқитын    «Сырым  елі»  газеті 

арқылы  жанұям  атынан  аудан  әкімі 

Шыныбеков  Абат  Абайұлына  айтар 

алғысымыз шексіз.

Аудандық мәслихаттың 

кезектен тыс ХXV 

сессиясын шақыру туралы

Қазақстан 

Республикасының 

2001  жылғы  23  қаңтардағы  №148 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Заңының  18  бабына  сәйкес 

ШеШІм ҚАБылдАдым:

Аудандық  мәслихаттың  кезектен 

тыс    ХХV  сессиясы  2014  жылдың  

желтоқсан  айының  19  күні  сағат 

15:00 - ге  шақырылсын.

Күн тәртібіндегі мәселе:

1. 


Сырым 

аудандық 

мәслихатының  2013  жылғы  25 

желтоқсандағы  №16-2  «2014-

2016  жылдарға  арналған  аудандық 

бюджет 


туралы» 

шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы:  м.Шалабаев  - 

аудандық экономика және қаржы 

бөлімінің басшысы.

2. «2015-2017 жылдарға арналған 

аудандық бюджет туралы».  

Хабарламашы:  м.Шалабаев  – 

аудандық экономика және қаржы 

бөлімінің басшысы.

3.   Басқа да мәселелер.     



Сырым аудандық   мәслихаты 

сессиясының төрағасы  

А.дүйсенғалиев

Аудандық мәслихат 

сессиясы төрағасының      

Ш е Ш І м І

№32         15.12.2014 жыл.

жолдау

 

2

18 желтоқсан 2014 жыл

“Сырым  колледжінің”  ұйымдас-

тыруымен  аудандық  мәдениет 

үйінде  «Болашағың  өз  қолыңда» 

атты  салтанатты  шара  өтті.  Сырым 

колледжінің 

директоры 

Санат 

Берсебаев 



айтулы 

мерекемен 

құттықтап:

–  2014  жылдың  11  қарашасында 

Елбасымыз  Қазақстан  халқына 

кезекті  Жолдауын  арнады.  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  деп 

аталған  бұл  Жолдауда  жастарға, 

ұстаздарға  үлкен  үміт  артылады. 

Бүгінгі  шарамызда  біз  Елбасы 

Жолдауын  қолдайтынымызды  біл-

діріп,  жастарды  патриоттық  рухын 

жанитын  «Жас  қыран»  клубының 

ашылуына куә боламыз,– деді.

  Колледж  әдіскері  А.Батыршин 

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» атты Жолдауының мәнін 

жастарға  ұғынықты  етіп  түсіндірді. 

Ұстаздарының  сөзін  жалғаған 

студенттер  Ерхат  Мұса  мен  Ақжол 

Құрманов  «Азамат»  өлеңін  оқыды. 

Жас  маман  хирург  Т.Еспентаев 

Елбасы  Жолдауларында  денсаулық 

жайы  көтеріліп  келетінін  айтып, 

жастарды  басты  байлықтарын 

қорғауға,  салауатты  өмір  сүруге 

шақырды. 

Колледж 


директоры 

Санат 


Дәленұлы бірінші курс студенттері-

не студенттік билет табыс етті. 

Аудандық орталық мешіттің наиб 

имамы, «Сырым» деструктивтік діни 

ағымдардан жапа шеккендерге көмек 

орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің  

төрағасы Санат Кәрімов студенттерді 

құттықтады.  

Аудандық  ішкі  істер  бөлімінің 

кәмелетке 

толмағандар 

істері 


жөніндегі  инспекторы  Нұрлыбек 

Құмақов 


Сырым 

колледжінің 

студенттерінің  50-60  пайызы  жасы 

кәмелетке толмағандар екенін айтып, 

қылмыс  пен  құқықбұзушылықтан 

аулақ болайық деді.

Колледжде құрылған «Жас қыран» 

патриоттық  клубының  сарбаздары 

салтанатты  түрде  ант  қабылдап,  

куәліктерін    аудандық  қорғаныс 

істері жөніндегі бөлімнің запастағы 

офицер  және  кадр  жұмыстарының 

бастығы  Ержан    Жасыбаев  табыс-

тады.  Үстел  теннисі  жарысында 

жүлделі    орындарға  ие      болған  

студенттерді 

колледждің 

дене 


шынықтыру 

пәнінің 


мұғалімі 

Жанбол 


Ғалиев 

марапаттаса, 

«Сырым 

жастары» 



ЖҚБ-ның 

төрағасы  Досжан Тайшиев белсенді 

жастарды марапаттады. 

Кеш  барысында  Мейрамбек 

Кеңесов,  Азамат  Қажмұхамбетов, 

Уәлихан Батыр, Азат Есқали, Мереке 

Жүкиев,  Мейрамгүл  Бауыржанова 

сынды өнерлі өрендер ән айтып, би 

биледі, өлең оқыды. 

Шынар мОлдАниЯЗОВА

Жуырда  аудандық  «Нұр  Отан» 

партиясы  филиалының  мәжіліс 

залында  аудандық әділет басқармасы 

мамандары мен үкіметтік емес ұйым 

мүшелері еліміздің маңызды тарихи 

құжаты саналатын Елбасы Жолдауын 

талқылау мақсатында дөңгелек үстел 

басында бас қосты. 

Басқосуда  Қазақстан  Республи-

касының  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Нұрлы  жол  –  бола-

шаққа бастар жол» атты Жолдауының 

мән-маңыздылығы, 

Елбасының 

ел  алдына  қойған  жаңа  міндеттері 

талқыға салынды. 

Жүзеге  асыру  жолдарын  нақты 

белгілеп  берген  Елбасы  Жолдауын 

талқылау турасында өткен  басқосуда 

«Нұр  Отан»  партиясы  Сырым 

аудандық  филиалы  төрағасының 

бірінші 

орынбасары 

Ерболат 

Исанов Елбасы Жолдауының басым 

бағыттарын  түсіндірді.  Ең  бастысы 

еліміздің  рухын  көтеретін,  ұлы 

мақсаттарға  жетелейтін  «Мәңгілік 

Ел» идеясы жөнінде өз ойын ашып 

айтты.  

Жылдың  бас  құжаты  саналатын 

Жолдауда 

мемлекетіміздің 

әрі 

қарай  қарыштап  даму бағытындағы 



басымдықтар  белгіленген.  Осы 

жөнінде  аудандық  әділет  басқарма-

сының «Жастар тәжірибесі» бағдар-

ламасы  бойынша  бүгінгі  таңда 

еңбек етіп жатырған еліміздің ертеңі 

саналатын, жас толқын жастарымыз 

Нұржан 

Жұматаев, 



Ақмолда 

Шапағат, 

Амангелді 

Абатов, 


«Сырым  колледжінің»  оқытушысы 

Ақеділ  Нұрмашев,  студент  Марина 

  Елбасымыздың    «Нұрлы  жол 

– болашаққа бастар жол» атты жаңа 

Жолдауы  дер кезінде  жарияланып 

отыр.  Отанымыздың  нық  тұрғанын  

баса көрсетіп, оның тыныштығы мен 

тұрақтылығына  кепілдік  берді. Ең 

бастысы  –  елдегі саяси-экономикалық 

әлеуметтік  жаңартулар  жарасымды  

жалғасын  таппақ.  Бұдан  бұрынғы  

қол жеткізген нәтижелер сараланып, 

енді одан әрі  тың міндеттерге  бағыт 

беріліп,  соны  жүзеге  асыруға  бар 

күш-жігер  жұмылдырмақ.

«Жалпыұлттық  идеяны  өміршең 

ететін – елдің бірлігі. Ауызбіршілік 

қашқан,  алауыздық  тасқан  жерде 

ешқашан  да  жалпыұлттық  идеялар 

жүзеге асқан емес. Еліміздің шыққан 

шыңы мен бағындырған биіктерінің 

ең басты себебі – бірлік, берекесі»,-

деген  Елбасының  сөзінде  үлкен 

мағына  бар.  Өзімнің  туған  ауылым 

Аралтөбем – ауызбіршілігі жарасқан, 

үлкенді сыйлап, қастерлеген, елімізді 

алға жетелейтін азаматтары бар ел. 

Жолдаудың  әр  сөзінде  көп 

мағына,  алға  бастар  істің  жоспары, 

бағыты  бар.  Біз  үшін  Жолдауда 

ауыл  жолдарына  мән  бергені  де 

қуантады.  Жақын  жылдары  Ақсай-

Жымпиты  жолы  жөнделсе,  бізге 

жақсы  болары  анық.  Ауылымызға 

газ  келсе,  “Ақбұлақ”  бағдарламасы 

бойынша  жұмыстар  жасалса,  ауыл  

тұрғындарына  өте  көп  жеңілдік 

әкеледі.


Жарқын  болашақ  үшін  әр  қа-

зақстандық  азамат елінің патриоты 

болып,  Елбасы  бағыт  берген  

“Мәңгілік  Елді”  басшылыққа  ала 

отырып, аянбай еңбек етуіміз керек. 

Қ.ТАуБАҒұлОВ,

Аралтөбе ауылдық округі 

қоғамдық кеңес төрағасы

Мемлекет басшысының  Қазақстан 

халқына  арнаған  «Нұрлы  жол 

–  болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауын  тыңдап,  үлкен  әсерде 

болдым.  Олай  дейтінім,  Жолдау 

нағыз  уақыт  рухын  сезіндірді, 

бүгінгі  күннің  әрқайсымызды  тол-

ғандырған  мәселелерін  алдымызға 

алып шықты.

Нұрсұлтан  Әбішұлының  Қазақс-

тан  халқына  осыдан  бұрын  жол-

даған  Жолдауларының  барлығымен 

де  таныспын.  Елбасы  соның 

барлығында  да  уақыттың  сипатын 

дәл  көре  білуімен  ерекшеленген 

еді.  Біз  ол  айтқан  Жолдауларда 

көрсетілген  жолмен  жүріп  келеміз. 

Қазақстан  халқына  бұл  жолғы 

Жолдауында  да  санамызды  сілкіп, 

алдағы  уақытқа  талпындырды, 

болашаққа  деген  сенімді  нығайтты. 

Қазір өте күрделі уақытта өмір сүріп 

отырмыз.  2007  жылы  басталған 

қаржы  дағдарысы  дүниежүзіндегі 

көптеген  мемлекеттерге  ауыртпа-

лық салды. Жолдауда Қазақстанның 

осындай қиындықтардан шығуының 

бағыт-бағдарын көрсетті. Бұл біздің 

Мемлекет  басшысының  көрегендігі 

екенін  айтуымыз  керек.  Елбасының 

«Мәңгілік 

Ел» 

жалпыұлттық 



идеясы  да  елімізге  деген  әр 

қазақстандықтың  патриотизмінен 

бастау алды.  Елбасының Қазақстан 

халқына  арналған  Жолдауларының 

барлығында жастардың елдің ертеңі 

екенін нақты айтады. “Мәңгілік Ел” 

идеясы  жастардың  жастанып  жатар 

құндылығы  болуы  керек.    Елдің 

болашағы жастарды елге, жерге деген 

сүйіспеншілікпен    тәрбиелеуіміз 

қажет деп ойлаймын. 

д.нұрҒОЖин,

Сырым аудандық қорғаныс 

істері жөніндегі бөлімінің 

бастығы, подполковник

Көңілімнен 

шықты

Жолдаудың мәні 



– халықтың қамы 

Жастардың жасампаз тұлғасы

Жалын атқан жастар бар

Хайруллина егеменді еліміз дамудың 

жаңа  жолына  бет  алғандығы 

жөніндегі  орамды  ойларын  ортаға 

тастады.

Аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Отарбай  Сарғозыұлы, 

әділет  басқармасының  басшысы 

Нұрлы  Қайыржанова  Жолдауға 

қатысты жастарға түйінді ой айтты. 

Қазақстан  «Мәңгілік  елге»  ай-

налуы  үшін  әрбір  азамат  өз  үлесін 

қосуы тиіс.  Елбасы Жолдауында атап 

көрсетілген  жүктемелерді  жұмыла 

жұмыс  жасағанда  ғана  орындай 

алатындығымызды  «Нұр  Отан» 

партиясы Сырым аудандық филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Ерболат Исанов тілге тиек етті.

м.мәлІКҚыЗы

егеменді елдің жарқын 

болашағы елбасының Жолдауын 

іске асырумен бағалы. Сол секілді 

әр жылғы Жолдаудың өзіндік 

жаңалықтары бар. дегенмен  

елбасының халыққа арнаған 

«нұрлы жол – болашаққа бастар 

жол» атты биылғы Жолдауы 

– болашаққа сенімді қадам болып 

табылатыны сөзсіз. елбасының 

биылғы мерзімінен бұрын 

жарияланған  Жолдауы еліміздің 

экономикалық қуатын еселеуге, 

халықтың өмір сүру сапасын 

жақсартуға бағытталған.

Мемлекет  басшысының  дәстүрлі 

Жолдауын  әрбір  қазақстандық 

асыға  күтетіні  белгілі.  Себебі 

еліміздің  болашақтағы даму бағыты 

айқындалатын  маңызды  құжат, 

әр  салаға  жаңаша  серпін  береді. 

Шараның  кіріспе  сөзі  осы  бағытта 

басталды. 

Сөз  алған ардагерлер қоғамының 

мүшесі зейнеткер А.Хамзин «Нұрлы  

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауының ерекшелігіне,  Сырым 

ауданындағы  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  О.Сарғозиев  Жолдаудағы 

негізгі  маңыз  –  қазақстандықтарға 

жан-жақты  қамқорлық  жасауға, 

өмір  сапасын  жақсартуға,  тұтастай 

алғанда әрбір тұрғынның әл-ауқатын 

нығайтуға    бағытталғандығына 

тоқталды.

Оқырмандар 

сағаты 

ойлы 


пікірлермен қорытындыланды.

мәлика ыҚСАнОВА,

кітапханашы

Жарқын 


болашақтың жолы

Аудандық кітапхананың оқу залында Сырым 

колледжі студенттері ұстаздары, аудандық 

ардагерлер қоғамы бірлесе отырып, елбасы 

н. ә. назарбаевтың «нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» атты  биылғы Жолдауын талқылау 

мақсатында  «Болашаққа – нұрлы жолмен» атпен 

оқырмандармен әңгіме сағатын өткізді.

3

18 желтоқсан 2014 жыл

ҚұҚыҚ


 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2014  жылғы  11  наурыздағы  №217 

қаулысымен    бекітілген  «Бала  туғанда 

берілетін  және  бала  күтімі  жөніндегі 

жәрдемақыларды 

тағайындау» 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті 

Министрліктің Бақылау және әлеуметтік 

қорғау  комитетінің  аумақтық  бөлімше-

лері  көрсетеді.  Өтініштерді  қабылдау 

және  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

нәтижелерін беру: 

1)  «Қазақстан  Республикасы  Еңбек 

және  халықты  әлеуметтік  қорғау 

министрлігінің 

Зейнетақы 

төлеу 


жөніндегі  мемлекеттік  орталығы» 

республикалық  мемлекеттік  қазыналық 

кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

2)  бала  туғанда  берілетін  және  бала 

күтімі  жөніндегі  жәрдемақыларды 

тағайындауға  алғаш  рет  жүгінген 

жағдайда  –  Қазақстан  Республикасы 

Көлік 


және 

коммуникация 

министрлігі  Мемлекеттік  қызметтерді 

автоматтандыруды бақылау және халық-

қа  қызмет  көрсету  орталықтарының 

қызметін 

үйлестіру 

комитетінің 

«Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы» 

шаруашылық  жүргізу  құқығындағы 

республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны 

(бұдан әрі – ХҚО); 

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» 

веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы 

жүзеге асырылады.    Мемлекеттік қызмет 

көрсету  мерзімі  іс  материалдарын  жете 

ресімдеу қажет болған жағдайларда: 

– ұсынылған құжаттың (құжаттардың) 

дәйексіздігіне  күмән  туындаған  не 

қосымша  құжат  (құжаттар)  сұратылған 

кезде  –  30  (отыз)  күн  жұмыс  күнінен 

аспайтын  мерзімге  ұзартылады,  бұл 

ретте,  егер  құжаттар  жете  ресімделсе, 

мемлекеттік  қызмет  қосымша  құжатты 

(құжаттарды)  ЗТМО-ға  немесе  ХҚО-ға 

ұсынған  күннен  бастап  7  (жеті)  жұмыс 

күні  ішінде  көрсетіледі.  ЗТМО  өтініш 

берушіні  5  (бес)  жұмыс  күні  ішінде 

қосымша  құжаттарды  ұсыну  қажеттігі 

туралы хабардар етеді;

–  электрондық  іс  макетінде  және 

(немесе)  шешім  жобасында  қателер 

анықталған кезде – 5 (бес) жұмыс күніне 

ұзартылады,  бұл  ретте,  егер  құжаттар 

жете  ресімделсе,  мемлекеттік  қызмет 

ЗТМО  қатені  жойған  күннен  бастап  7 

(жеті)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетіледі.   

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 

–  бала  туғанда  берілетін  және  бала 

күтімі  жөніндегі  жәрдемақыларды 

тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі 

– жәрдемақы). Мемлекеттік қызмет тегін 

көрсетіледі.  Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы – Қазақстан Республикасының 

еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және 

мереке  күндерінен  басқа,  дүйсенбіден 

бастап  сенбіні  қоса  алғанда,  жұмыс 

кестесіне  сәйкес  түскі  үзіліссіз  сағат 

9:00-ден 20:00-ге дейін.

Қабылдау  алдын  ала  жазылусыз 

және  жеделдетіп  қызмет  көрсетусіз 

«электрондық 

кезек» 

тәртібінде 



жүзеге 

асырылады. 

Көрсетілетін 

қызметті  алушының  қалауы  бойынша 

портал  арқылы  электрондық  кезекті 

«броньдауға» болады.

Портал  –  тәулік  бойы  (жөндеу 

жұмыстарын  жүргізуге  байланысты 

техникалық үзілістерді қоспағанда).    

Көрсетілетін  қызметті  алушы  (не 

сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген 

кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін 

қажетті құжаттардың тізбесі:

Халыққа 


қызмет 

көрсету 


орталығында: 

 1) өтініш;

2)  көрсетілетін  қызметті  алушының 

жеке  басын  куәландыратын  құжат 

(Қазақстан  Республикасы  азаматының 

жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында 

тұрақты  тұратын  шетелдіктің  тұруға 

ықтиярхаты),  сондай-ақ  оралмандар 

үшін – оралман куәлігі;

3) баланың (балалардың) тууы туралы 

куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік 

жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 

тамызға дейін туған жағдайда);

4)  көрсетілетін  қызметті  алушының 

деректері  баланың  тууы  туралы 

куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген 

жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы 

куәлік  (некеге  2008  жылғы  1  маусымға 

дейін тұрған жағдайда);

5)  балаға  қорғаншылық  (қамқоршы-

лық)  белгілеуді  немесе  бала  асырап 

алуды растайтын құжат;

6)  тұрғылықты  жері  бойынша 

тіркелгенін растайтын құжат; 

7)  жәрдемақыларды  беру  жөніндегі 

уәкілетті  ұйымдағы  банк  шотының 

нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;

8)  өтінішті  және  қажетті  құжаттарды 

үшінші  тұлғалар  берген  жағдайда 

–  сенімхат.  Көрсетілетін  қызметті  

алушы 

мемлекеттік 



көрсетілетін 

қызмет  стандартында  көзделген  тізбеге 

сәйкес  құжаттардың  толық  топтамасын 

ұсынбаған  жағдайда,  ХҚО  қызметкері 

құжаттарды  қабылдаудан  бас  тарту 

туралы қолхат береді. Толық ақпаратты 

Сырым  ауданы,  Жымпиты  ауылы, 

Қазақстан  көшесі  №  11/2  мекен-жайы 

бойынша  орналасқан  Сырым  ауданы 

бойынша  халыққа  қызмет  көрсету 

орталығынан  алуға  болады.  Анықтама 

телефоны: 31-4-47.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал