Бағдарламасы туралы естіген азаматтар бизнес ашып, несие алуды армандайтыны жасырын емес



жүктеу 259.35 Kb.

бет1/3
Дата17.02.2017
өлшемі259.35 Kb.
  1   2   3

№3(132), наурыз 2014

№3(132), наурыз 2014

www.nap.kz

www.nap.kz



Елімізде  «Бизнестің  жол  картасы»  бағдарламасы  туралы  естіген 

азаматтар  бизнес  ашып,  несие  алуды  армандайтыны  жасырын  емес. 

Алайда, бұл арманға қол жеткізу қазір қиын болып тұр. Өйткені кәсіп 

бастауға  несие  алу  үшін  де  қалтаңда  қаражатың  болуы  керек.  Бұл 

Өңірлік даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының 

өкілдері бірігіп өткізген баспасөз мәслихатында айталды.

Айталық, жүзеге асырмақ жобаңыздың 

құны  1  миллион  теңге  болса,  «Даму» 

кәсіпкерлікті қолдау қоры сіз үшін 700 мың 

теңгенің  кепілдігін  ұсына  алады.  Онда  да 

қалтаңызда 300 мың теңге қаржыңыз болса 

ғана. Яғни жаңадан кәсіп бастауды жоспар-

ламас  бұрын,  қаражат  жинаңыз.  Ал  ондай 

қаржыны  ауылдағы  қара  халық  қайдан 

алады? Байқаған болсаңыз, мақтауы басым 

бағдарлама  да  қалталыларға  арналғанын 

аңғарасың.  Үкіметтің  кеңейтілген  оты-

рысында  Президент  бүгінгі  заманда  бос 

жүретін  адам  болмауы  керек  деп  еді. 

«Мына  заманда  қалай  адам  бос  жүреді, 

айтыңдаршы?! Егер ауылда істейтін жұмыс 

қалмаса, несие алып, кәсіп аш, мал бағып, 

құс өсір» деді Елбасы. Ал кешегі баспасөз 

мәслихатында несие алып, кәсіп ашу үшін 

де қалтаңда тиын-тебен болуы керек екені 

ашық айтылды.

Ауылдағыларды 

жатыпішерлер 

қатарына  қосуға  әсте  болмайды.  Олардың 

да  кәсібін  дөңгелетіп  әкетуге  ықыласы 

ауып  тұр.  Алайда  қалтасында  жоғарыда 

айтылғандай,  ақшасы  жоқ,  бар  тапқаны 

бала-шағаның  шығынынан  артылмайды. 

Оның  үстіне,  екінші  деңгейлі  банктердің 

де ауылдарға барғысы жоқ. Банктердің бар 

сылтауы, ауылда кепілге қояр мүліктің құны 

жоқ  екенін  алға  тартады.  Мұны  Өңірлік 

даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту 

комитетінің  төрайымы  Ғалия  Жолдыба-

ева  да  растады.  Қазір  министрлік  несие-

қаржының ауылдарға жетуіне мүдделі бо-

луда. Халықтың жартысына жуығы ауылда 

тұрады. Ал ауыл-аймақтың хал-ахуалының 

жақсаруына  сеп  болу  осы  министрлікке 

жүктелген.  Ғ.Жолдыбаеваның  сөзінен 

ұққанымыз, болашақта ауылдағы ағайынға 

кепілсіз несие беру мәселесі қарастырылып 

жатқан сияқты. Ал оның қалай жүзеге аса-

ры алдағы жылдары айтылмақ.

Баспасөз-мәслихатында  ұзақ  сөйлеген 

Өңірлік  даму  министрлігінің  вице-

министрі Серік Жұманғариннің айтуынша

«Бизнестің  жол  картасы»  бағдарламасы 

шеңберінде  берілетін  субсидияға  сұраныс 

өте  жоғары  екен.  Сондықтан  жыл  сайын 

бөлiнген  қаржы  жетпей  қалыпты.  Яғни 

кәсіп  ашып,  іс  жүргізіп  жатқандар  көп. 

Енді  сол  экономикалық  белсендi  халыққа 

бизнес  ашу  және  жүргiзу,  мемлекеттiк 

қолдаудың  құралдары  мен  шартта-

ры  бойынша  ақпарат  және  кеңес  алуға 

мүмкiндiк  беретiн  бiрыңғай  бизнес-

инфрақұрылым  құрылады  екен.  «Шағын 

және  орта  бизнес  субъектiлерiн  және 

онда  жұмыспен  қамтылған  халықтың 

жылдық санын көбейту мақсатында оқыту 

бағдарламалары  бойынша  жұмыс  жандан-

дырылады.  Оның  iшiнде,  бизнесiн  жаңа 

бастаған  кәсiпкерлерге  «Бизнес  кеңесшi» 

бағдарламасынан  бөлек,  өз  бизнесiн  жаңа 

бастаған  субъектiлерге  «Бизнес  өсiм»  жо-

басы  iске  қосылмақ.  Әр  облыста  жүйелi 

түрде  Жас  кәсiпкерлер  мектебi  жұмыс 

iстейтiн болады» дедi ол.

Вице-министр  кәсіпкерлік  жүргізуге 

кедергі  келтіретін  нормаларды  заңдардан 

алып  тастау  бағытындағы  жұмыстарға 

да  тоқталды.  «Өткен  жылы  Ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы құрылды. Ол қазіргі 

уақытта  Үкіметтің  сенімді  серіктесіне 

айналған.  Үкімет  Ұлттық  палатамен  бірге 

бизнестің  дамуына  кедергі  келтіретін 

нормаларды  анықтау  және  оларды  алып 

тастау  үшін  заңнамаға  тексеру  жүргізді. 

Осы жұмыстың нәтижесінде жақында Пар-

ламентке  «Рұқсаттар  мен  хабарламалар 

туралы»  заң  жо-

басы  енгізіледі. 

Бұл  заң  2013 

жылы 

барлық 


р ұ қ с а т т а р ғ а 

толық 


тексеру 

жүргізу  негізінде 

және  рұқсат  беру 

жүйесін  рефор-

малау 

аясында 


әзірленді»  деді. 

Оның 


айту-

ынша,  бұл  заң 

к ә с і п к е р л е р г е 

ж а ң а д а н 

е н г і з і л е т і н 

н е г і з с і з 

р ұ қ с а т т а р ғ а 

тосқауыл  қоятын 

болады. 

В и ц е -

м и н и с т р д і ң 

д е р е г і н ш е , 

үстіміздегі  жылы  «Бизнестiң  жол  карта-

сы  –  2020»  бағдарламасы  аясында  жаңа 

жобаларға 9 млрд 680 млн теңге бөлiнген. 

Ал  «Бәйтерек»  Ұлттық  холдингi  «Даму» 

Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы шағын 

және  орта  бизнестi  несиелендiруге  200 

млрд  теңге  бағыттауды  қарастыруда. 

«Даму»  Кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ 

Басқарма  төраға сының  орынбасары  Қанат 

Сұлтанғазиевтің 

айтуына 

қарағанда, 

аталған  қаржы  екiншi  деңгейлi  банктер 

арқылы бөлiнеді. «Сонымен қатар банктер 

тарапынан  жобаларды  тең  қаржыландыру 

мүмкiндiгi қарастырылуда.

Яғни  бiз  200  млрд  теңгенiң  үстiнен 

банктердiң  тағы  да  200  млрд  теңге 

қосымша қаржыландыруын ұсынып отыр-

мыз.  Банктер  тарапынан  қаржы  нарықтық 

шарттарға сәйкес тартылатын болады» деді 

ол.


Айта  кетейік,  бүгіндері  business.gov.

kz  бірыңғай  бизнес-порталы  жұмыс  істеп 

тұр. Онда бизнесін бастайтын кәсіпкерлер 

мен  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкерлер 

үшін  барлық  ақпарат  шоғырланған. 

Порталда  онлайн  кон сультант  қызметі 

орналастырылған,  ол  бойынша  24  сағат 

бойы кез келген сұраққа жауап алуға ала-

ды.

Пара ұсынушылар да арта бастаған

Орталық  коммуникациялар  орталығында  Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин сыбайлас жемқорлықты жоюға жа-

уапты құрылым жойылмайтынын алға тартты. Осылайша ол ғаламторда өрттей қаулаған жел сөзге нүкте 

қойды. «Коррупцияға және «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұратын органды жою туралы мәселе мүлдем 

қойылып отырған жоқ!» деп шорт кесті А.Лукин.

Баз  бір  шенділер  әлдекімдердің  «параны 

қыр  соңдарынан  қалмай,  қоярда-қоймай 

тықпалайтынына» шағымданады екен. 

–  Нәтижесінде,  пара  беру  фактісі  бой-

ынша қозғалған қылмыстық істер саны екі 

өсе  өсті:  Қазақстанда  ендігі  160  осындай 

қылмыс  әшкереленді,  –  деді  ол,  –  Қаржы 

полициясы меморгандарға және ұйымдарға 

коррупциялық  қылмыстар  жасауға  ықпал 

ететін себептер мен шарттарды жою туралы 

400-дей ұйғарым жолдады. Солар бойынша 

әртүрлі  мемлекеттік  құрылымдардың  300 

қызметкері  жауапқа  тартылды.  Шамамен 

100 шенеунік жұмыстан босатылған.  Ол-ол 

ма,  Қазақстанда  жемқорларды  әшкерелеу 

нағыз табысты іске айналды! «Коррупция-

мен күреске жәрдемдесетін тұлғаларға сый 

беру ережелері енгізілгеннен бері, 170-тей 

адам  жалпы  сомасы  19  миллион  теңгеге 

сый алған. Азаматтардың ақпараты бойын-

ша 200-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 

Және бұлардың барлығы сотқа бағытталды. 

Бұл  тұрғындардың  белсенділігінен  хабар 

береді» деді Агенттік төраға сының бірінші 

орынбасары. 

Агенттіктің  мәліметінше,  2012  жыл-

мен  салыстырғанда,  былтыр  сыбайлас 

жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық 

жауапкершілікке 

тартылғандар 

саны 


үштен бірге – 784-тен 1101-ге дейін артып-

ты. Жалпы алғанда, парақорлығы үшін 200 

басшы қылмыстық жазаланған екен, тарата 

айтқанда, оның 17-сі – республикалық, 58-і 

– облыстық, ал 36-сы – қалалық деңгейдегі 

бастықтар көрінеді.

Кездесуде  жемқорлықпен  күрес  ве-

домствосы  басшылығының  өкілі  қызықты 

пікір  айтты.  Оның  мәлімдеуінше,  кор-

рупцияны  мүлдем  жою  мақсаты  қойылып 

отырған жоқ.

–  Жемқорлықтан  толық  арылу  деген 

дұрыс  емес.  Біз  мәселені  басқаша  қойып 

отырмыз  –  Қазақстандағы  коррупция 

деңгейін азайту және оны қауіпсіз деңгейге 

дейін  жеткізу.  Барлық  меморгандардың 

және  қоғамның  күш  салуы  арқасында 

осы  мақсатқа  біз  қол  жеткізе  аламыз. 

Мен  Қазақстандағы  коррупция  деңгейін 

азайтудың  сенімді  қарқынмен  жүргізіліп 

жатқанына  сенімдімін.  Ең  бастысы,  Мем-

лекет  басшысының  саяси  ерік-жігері, 

қоғамның қалауы бар. 

Қаржы полициясы төрағасының бірінші 

орынбасары жемқорлық «жоққа жуықтауы» 

үшін қазіргі қазақстандықтарды құқықтық 

санасы  жоғары  жас  ұрпақ  ауыстыруы  ке-

рек деген ойда. Осы орайда А.Лукин тіпті 

мектеп  партасындағы  балаларға  «пара 

берудің,  қаржы  жымқырудың  қандай  жа-

ман екендігін» түсіндіре бастауды ұсынды: 

«Барлық  түсіндіру  жұмыстары  мектеп-

тен  бастап,  жүргізілуге  тиіс!  Осылайша, 

идеологиялық жұмыстармен тұрғындардың 

барлық  қабаттары  қамтылуға  тиісті.  Тек 

өткен  жылы  ғана  Қаржы  полициясының 

аумақтық органдары 600 профилактикалық 

іс-шараларын,  соның  ішінде  қоғам 

өкілдерімен  кездесулер  өткізді.  Агенттік 

басшылығы,  коррупциялық  көріністерге 

төзбеушілікті 

тәрбиелеу 

мақсатында 

тоқсан 


сайын 

студенттермен 

және 

оқытушылармен жүздеседі».



Қаржы  полициясының  басшылығы 

тағы бір қызықты жайтты әңгімеледі. «Мен 

сіздерге нақты айта аламын, мұны статисти-

ка  да  дәлелдейді:  бүгінде  шенеуніктердің 

өздері  қаржы  полициясы  органдарына 

«өздеріне  пара  ұсынылғандығы»  туралы 

хабарлай  бастады»  деді  Андрей  Лукин. 

Кәсіпкерлерге қамқорлық

ҚР Индустрия және жоғары технологиялар министрлігіне қарасты Мемлекеттік энергетикалық бақылау 

комитеті мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі бойынша 

меморандумға қол қойды.

50 орын

Дүниежүзілік банкінің бизнесті 

жүргізу рейтінгісі бойынша қазақ 

елі  50-орынға  тұрақтады.  Өткен 

жылы  бұл  көрсеткіш  бір  сатыға 

жоғары.

Жылдағыдай  еліміз  негізгі  индикатор-

лар бойынша ақсап келеді. Атап айтқанда, 

«Халықаралық 

сауда», 

«Құрылысқа 

рұқсат  беру»  және  «Электрмен  жабдықтау 

жүйесіне  қосылу».  Сондықтан  осы 

жылдағы  көрсеткіштерді  жақсарту  үшін 

кешенді  жоспар  қажет.  Тиісті  шараларды 

бүгін  министрлер  кабинеті  пысықтады. 

Құжатты  таныстырған  ҚР  Өңірлік  даму 

министрі Болат Жәмішев кешенді жоспарға 

46  іс-шара  енгізілетінін  жеткізді.  Оның 

айтуынша,  жоспарды  іске  асыру  аясын-

да  8  заңға  және  11  заң  актісіне  өзгерістер 

енгізу  қарастырылған.  Өз  кезегінде  Болат 

Жәмішев ҚР Өңірлік даму министрі:

–  Жоспарды  жүзеге  асыру  шеңберінде 

өзгерістер  енгізілуі  тиіс.  19  нормативтік-

құқықтық актіден тұратын тізім құрылды. 

Бұл  өзгерістерді  қабылдау  экологиялық, 

санитарлық-эпидемиологиялық,  энергети-

калық, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы 

рәсімдерді  жеңілдетуге,  кей  жағдайларда 

бірқатарын алып тастауға мүмкіндік береді. 

Комитеттің 

хабарауынша, 

меморандумның  мақсаты  –  кәсіпкерлерді 

энергожинауға 

техникалық 

шарттар 


алу  кезінде  энергоберуші  ұйымдармен 

өзара  қатынасын  жетілдіру,  соның  ішінде 

кәсіпкерлер  субъектілерін  энергоберуші 

ұйымдардың  қызметкерлерінің 

қызметтерін  асыра  пайдала-

нудан  сақтау  болып  табыла-

ды.  ҚР  ИЖТМ  Мемлекеттік 

энергетикалық  бақылау  және 

тексеру 

комитеті 

тарапы-

нан  Мемлекет  басшысының 



белгіленген  уақыт  мерзімінде 

кәсіпкерлерге 

кедергісін 

келтіретін  жағдайларды  азай-

ту 

тапсырмасын 



орындау 

мақсатында  жүйелі  жұмыстар 

жасалуда. 

«Үкіметтің 

қаулысымен 

электр  энергиясын  қолдану 

ережелеріне 

өзгерістер 

енгізілді:  техникалық  шарт-

тарды  алу  кезіндегі  қажетті 

процедуралардың  санын  азайту 

мен меншік иесінің ауысуы жағдайына не-

месе  электр  құрылығыларын  пайдалануға 

берудің  тезникалық  талаптарын  өзгерту 

кезінде  қажетті  техникалық  талаптарды 

алудың күшін жою. Жүйелі энергожинаққа 

қосылуда  техникалық  шарттарды  беру 

мерзімін  барынша  қысқарту  ережеде 

қарастырылған.  Бұл  шаралар  шағын  және 

орта  кәсіпкерліктердің  барлық  спектрін 

қамтиды»,  –  дейді  ҚР  ИЖТМ  мемлекеттік 

бақылау  және  тексеру  комитетінің  төраға 

орынбасары  Несіпқұл  Бертісбаев.  Ме-

морандум  аясында  тараптар 

кәсіпкерлер  мен  мемлекеттік 

органдардың  өкілдерін  тарту 

арқылы  әріптестікті  дамытуға 

мүдделі.


Бүгінде  шағын  және  орта 

бизнес 


қымбат 

тарифтен 

көптеген қиын жағдаймен бетпе-

бет  келіп  отырғаны  жасырын 

емес.  Сондықтан  кәсіпкерлер 

үшін  тарифтік  жеңілдіктер 

аудай  қажет.  Бірақ  мұндай 

жағдайды 

монополистердің 

жасай  қоюы  екіталай.  Ел  эко-

номикасын  көтерде  өлшеусіз 

үлес  қосып  келе  жатқан  шағын 

және  орта  бизнес  өкілдеріне 

Үкіметтің  қандай  жағдай  болса 

да жасауының мәні зор.  

«НГ»  газетінің  өткен  санында  «Девальвация  есік  қағып  тұр»  деп 

мақала жазғаннан кейін арада аз күн өткенде теңге құнсызданып шыға 

келгені  белгілі.  Ұлттық  банк  басшысы  Қайрат  Келімбетов  теңгенің 

құнсыздануы  болмайды  деп  халықты  алдағаны  бір-ақ  күнде  мәлім 

болды. 

Екіжүзді

Девальвациядан  кейін  ҚР  Парламенті 

Сенатына  келген  бас  банкирді  санатор 

Светлана  Жалмағамбетова  «екіжүзді» 

екенін  айтып  қатал  сынның  астына 

алды.  Өз  кезегінде  сенатор  ханым  «Сіз 

халықты    ғана  емес,  Сенатқа  да  жалған 

сөйлеп  «шатастырдыңыз».  Біздер  сізді 

тағайындауға  келісім  берген  едік.  Енді 

Парламентке қай бетіңізбен келіп отырсыз? 

Сөзіңіздің  құны  қалған  жоқ.  Бұдан  кейін 

сізге қалай сенуге болады? Меніңше, сіздің 

кәсіби біліктілігіңізде, не этикаңызда про-

блема бар», деп айтып салды. Өз кезегінде 

Ұлттық  банк  басшысы  ләм-лим  деп  жау-

ап  қайыра  алмады.  Бүгінде  күн  тәртібінің 

ең  басты  мәселесі  азық-түлік  бағасы 

мен  күнделікті  тұтынатын  тауарлардың 

жөсіз  қымбаттауы  халықты  алаңдатып 

тұрғаны даусыз. Девальвация да инфляция 

секілді тұрғындардың сатып алу қабілетін 

төмендетеді.  Қарапайым  тілмен  айтқанда, 

олар  өздері  де  білмейді.  Отандық  өнім 

деп 


жүрген 

көптеген 

тауарлардың 

қаптамасының  көпшілігі  сырттан  келетіні 

белгілі.  Бұдан  басқа  коммуналдық  және 

тасымал  шығындары  да  кәсіпкерлердің 

қалтасына  ауыр  салмақ  түсіріп  тұрғанын 

әкімдер  білмейді  емес  біледі.  Біле  тұра 

бағаны  көтермеңдер  деп  зорлық  жасауын 

қалай түсінуге болады. 



Жәрмеңке жыртыққа жамау 

болмайды

Елімізге  Ресейден  АИ-92/93,  АИ-95, 

АИ-96  және  АИ-98  маркалы  жанармайлар 

импортталатыны  белгілі.  Білетіндердің 

айтуынша,  Ресеймен  шекаралас  жатқан 

аймақтарда  жанармайдың  3  аптаға  ғана 

жететін  қоры  қалған.  Жаңа  жеткізілім  на-

урыз  айының  басында  болады.  Ол  кезде 

баға қымбат болатыны белгілі. Сондықтан 

наурызда  қымбатшылықтың  көкесі  орын 

алуы мүмкін. Сол кезде әкімдер не істейді 

екен?  Сол  сияқты  ірі  сауда  орындарын-

да  тұрмыстық  техникалардың  бағасы 

бас  кеңсенің  нұсқауымен  10-30  пайызға 

өсірген.  Өйткені  сауда  орындарының  бас 

кеңеселері  Астана  мен  Алматы  қаласында 

орналасқан.  Олар  облыстық  әкімдік 

қызметкерлерінің  бағаны  көтермеңдер  де-

ген сөзіне пысқырыпта қарамайды. 

Қалай  десекте  әкімдер  бағаны  өсуіне 

ырық бермеу үшін барын салуда. Айталық, 

Ақтау  қаласының  әкімі  Еділ  Жаңбыршин 

шаһардағы  ірі  сауда  кешендерінің  иелерін 

жалдау 


бағамын 

қалыпты 


ұстауға 

шақырып, арнайы кездесу ұйымдастырды. 

Кездесу жиынының күн тәртібінде – сауда 

ғимараттары  мен  алаңдарын  жалға  беру 

құнын  қалыпты  жағдайда  ұстау  мәселесі 

талқылаған..

Сондай-ақ, 

әкімдер 


 

бағаны 


тұрақтандыру 

мақсатында 

ауылшаруашылығы 

жәрмеңкелерін 

ұйымдастыруға  күш  салып  жатыр.  Осы 

ретте  аудан  әкімдері  ауыл  әкімдерінен 

қинап, 

тауарларды 



қалаға 

тасуға 


міндеттейтіні  белгілі.  Кей  жағдайда  ау-

дан  әкімдері  науқандық  жұмыстан  шет 

қалмауы  үшін  ауылшаруашылығы  та-

уарларын  төмен  бағаға  сатып  алып, 

қаладағы  жәрмеңкелерде  арзан  бағаға  са-

тып  шығынға  батып  жүргенін  құлағымыз 

шалып 

қалды. 


Біздіңше, 

мұндай 


жәрмеңкелерді  ұйымдастыруға  әкімдер 

емес,  шаруалардың  өздері  бастамашы 

болуы  тиіс.  Сонда  ғана  жәрмеңкелердің 

мәні  болады.  Жәрмеңке  ұйымдастырушы 

әкімдер  шаруаларға  арнайы  қоймалар  са-

лып  беруі  керек.  Бұдан  басқа  көкөніс  пен 

мал  өнімдерін  ауылдан  қалаға  жеткізетін 

тасымал мәселесін оң бағытта шешуі тиіс. 

Сол кезде жәрмеңке халыққа да, шаруаға да 

тиімді болатыны сөзсіз. 

Қазіргі  таңда  өңірлерде  тұрақтандыру 

корына  сақталған  көкөніс  пен  нан,  ұн 

өнімдері әкімдердің көмек көрсетіп тұр. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімінің 

орынбасары  Сапарбек  Тұяқбаев  төрағалық 

ететін  штаб  отырысында  азық-түлік 

тауарларының 

бағасын 


қымбаттатпау 

мәселесі  сөз  болды.  Базар  басшылары, 

кәсіпкерлер қатысқан бұл жиында Сапарбек 

Құрақбайұлы  «Оңтүстік»  ӘКК  жаны нан 

тұрақтандыру  қоры  құрылғандығын  айта 

отырып, бүгінгі таңда қор есебінен бір келісі 

50 теңгеден болатын жалпы 3 мың тонна ұн 

бөлініп  отырғандығын  жеткізді.  Сонымен 

қатар бұл қор ауылшаруашылық өнімдерін 

де төмен бағада сатуға дайын екендігін атап 

өтті. Ол үшін кәсіпкерлер меморандумға қол 

қойып, бағаны тұрақтандыруға өз үлестерін 

қосуы  керек.  Әлеуметтік  дүкендерде  нан 

бағасы  35  теңгеден  аспайды  деген  облыс 

әкімінің  орынбасары  отандық  тауарларға 

бағаны негізсіз көтерген базар басшылары-

на қатаң шара қолданыла тынын ескертті, – 

деп  хабарлайды  облыс  әкімшілігі  баспасөз 

қызметі. 

Еліміздің  өзге  аймақтарында  да 

бағаны  ырықтан  шығармаудың  бар  жол-

дары  қарастырылып,  арнайы  комиссия 

жұмыс істеуде. Әйтсе де, шұжық өнімдерін 

өндірушілер  әзірше  бағаны  бұрынғы 

қалпында  сақтап  тұрғанын,  алайда  екі-

үш  аптадан  кейін  олардың  бағасы  20-30 

пайызға  көтерілетінін  айтуда.  Өйткені 

шұжықтарға (колбаса өнімдері) қосылатын 

неше  түрлі  қоспалардың  бәрі  дерлік  ше-

телдерден  сатып  әкелінеді.  Есеп  айырысу, 

әрине, міндетті түрде доллармен жүргізіліп, 

өндірушілердің  бағаны  өсірмеуге  шамасы 

келмей қалады-ау деген қауіп бар.

бұрынғы  еңбекақымызға  алатын  тауарлар 

мен  азық-түлік  көлемі  азаяды.  Әйтсе  де, 

бағаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету 

жөнінде  шаралар  жасалып,  базарлар  мен 

дүкендердегі  ең  қажетті  тамақ  өнімдері 

мен  тауарлар  бағасының  қолжетімді 

деңгейде  болуы  үшін  арнайы  комиссия-

лар күн-түн демей жұмыс істеуде. Осыған 

орай,  өңіріндегі  бағаның  мың  құбылғаны 

жайындағы  ақпараттардың  бір  парасын 

назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Жергілікті  билік  орындары  азық-түлік 

бағасын  тұрақтандыру  бағытында  сау-

да  орындары  мен  базар  басшыларымен 

келіссөздер  жүргізуде.  Билік  баға  меже-

ден  көтерілетін  болса,  онда  жергілікті 

әкімдіктер 

тарапынан 

қатаң 


шара 

қолданатындарын  айтып,  кәсіпкерлердің 

зәресін алуда. Әкімдер отандық өнімдердің 

бағасын  көтеруге  ешқандай  негіз  жоқ 

екенін  тілдерін  безеуде.  Бірақ  қандай 

отандық  өнім  жайында  айтып  жатқаны 



№3(132), наурыз 2014

№3(132), наурыз 2014

www.nap.kz

www.nap.kz



Мемсату жаңа ережемен

Қаңтар  айында  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттік  са-

тып  алу  мәселелері  жөніндегі  заңнаманы  жетілдіруге  бағытталған 

«ҚР Заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойын-

ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. 

Жаңа Заңның қалыптасқан жүйе жұмысына қандай өзгеріс әкелгенін 

ой елегінен өткізсек. 

Қолданыстағы  заңнамаға  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  ең  алды-

мен  Елбасының  тапсырмасы.  Өткен 

жылдың  қазан  айында  мемлекеттік  са-

тып  алуды  ұйымдастыру  туралы  Үкімет 

атына  айтылған  қатаң  сынынан  соң 

өзгерістер  енгізуге  тура  келді.  Екінші 

себебі  –  Қазақстанның  халықаралық 

міндеттерін  орындауы.  Мемлекеттік  са-

тып  алу  туралы  келісім  Қазақстанда 

Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  құруды 

талап  етті.  Өзгерістер  енгізуге  және 

бір  себеп  мемлекеттік  сатып  алуды 

ұйымдастырушылар мен қатысушылардың 

келеңсіздіктерге  жиі  ұшырауы  болды. 

Өкінішке  орай,  мемлекеттік  сатып  алу 

аясы  жең  ұшынан  жалғасқан  жемқорлық 

жайлаған  жүйе  болып  тұрғаны  жасырын 

емес. Қаржы полициясының мәліметі бой-

ынша тек соңғы төрт жылдың ішінде мемса-

тып алу аясында 1800 қылмыс анықталған, 

олардан  мемлекет  қазынасына  келген 

шығын көлемі миллиардтаған теңгеге тең.

Ендігі жерде потенциалды жеткізушінің 

3  тәулік  ішінде  конкурсқа  қатысуға  бер-

ген  өтінішіне  қосымша  құжаттарды 

жеткізуге  немесе  түзеуге  толық  құқығы 

бар.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  сатып 

алуды  ұйымдастыру  әділетті  өтуі  үшін 

Бірыңғай  сатып  алу  органы  құрылады. 

Республика  деңгейінде  мұндай  орган  осы 

айда,  ал  аймақтар  бойынша  2015  жылдың 

қаңтарынан бастап құрылады. Ендігі жер-

де  әкімдер  мен  мемлекеттік  органдар  бас-

шылары  мемлекеттік  сатып  алу  процесіне 

басшылық жасап, жауапты болады. Бұл да 

аталған заңның бір жаңашылдығы. 

Заңдағы  «Тауарлар  бағасы,  жұмыс, 

қызметтер  туралы  мәліметтер  базасы», 

«тауар,  жұмыс,  қызмет  анықтамалығы» 

кіріспесі  мемлекеттік  сатып  алуды  жо-

спарлауда  бейімделуге  және  сатып  алуды 

ұйымдастырушылардың  әрқайсысы  енді 

тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріне әртүрлі 

баға қоймайды, бір бағаны бекітеді. Менің 

пікірімше,  бұл  өтпей  қалатын  конкурстар 

жиілігін  төмендетеді  және  бұл  процестегі 

жемқорлықты да азайтады.

2014  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 

Заңға  «ұлттық  режим»  түсінігі  енгізілді. 

Бұл  мемлекеттік  сатып  алуға  шетелдік 

кәсіпкерлердің  қатысуына  рұқсат  береді. 

Ресей  мен  Белоруссияда  мұндай  ұлттық 

режим  2012  жылдан  бері  күшіне  енген. 

Аталған елдерде қазақстандық кәсіпкерлер 

де олармен тең дәрежеде мемлекеттік сатып 

алуға қатысатын болады. 

Бүгінде  мемлекеттік  органдар  тендер 

барысында  ең  төменгі  бағағына  ұсынған 

кәсіпкерлерді  жеңімпаз  деп  танитыны 

белгілі.  Ал  арзанның  жілігі  татымай-

тынын  жұрттың  бәрі  біледі.  Арзан  баға 

ұсынған  кәсіпорындардың  бұйымдары 

бір  жылдан  кейін  сынып  жататыны  жа-

сырын  емес.  Ал  біздер  арзан  бағаға  са-

палы  жиһаздарымызды  сата  алмаймыз. 

Сондықтан  билік  орындары  мемлекеттік 

сатып  алуда  заттың  сапасы  мен  бағасын 

баса мән беруі керек.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал