Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



жүктеу 0.97 Mb.
бет5/19
Дата03.11.2022
өлшемі0.97 Mb.
#23261
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина
Серикова Алмира Асылхановна, Логопедия 2м, Қоғамтану әдістемесі-2(11)б
2-СОӨЖ тақырыбы: Қазақ халқының шешендік өнері.
Тапсырмалар: жинақтап конспектілеу, талдау.
Есеп беру түрі: конспект.
СӨЖ тапсырмалары: Әлем әдебиетіндегі балаларға арналған аңыз әңгімелер мен мифтер, жалпы шолу
Есеп беру түрі: Реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.
2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.
3. «Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.
5. Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)


Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.


Терминдер мен анықтамалар: халық поэзиясы, фольклор.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Жарқын талант,ер жүрек батыр,ісімен де,сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық құмарын қандыратын,ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің өрлеу жолындағы белгілі асқар биігі болды. 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті.
Махамбет - өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп,кемшілігін қайталамай,өз бетін, өз стилін айқындап,әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын.Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге.Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы,көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді.Сондықтан да ол-заманнан заманға жалғаса беретін шығарма,ол өзінің оқырмандарын да,үйренушілерін де жоғалтпақ емес.
Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы,бұрынғы Орда ауданы,Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі.Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған,үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып,ханға қарсы күресте сөзімен де,ісімен де қару көрсеткен,сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы.Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты,әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп,ауызға ілінген.Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды,жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын,олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп,ақын сол ортадан жерініп,зығырданын қайнатып, хан,сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі.
«Махамбеттің Жәңгірге айтқаны» атты өлеңінде:
Хан емессің,қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің,аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!-дейді.Бұл ақынның Орда маңында жүргенде,бір үлкен жиында бетпе-бет айтқан сөзі.Сонымен қатар,хан,сұлтан,би-феодалдардың өз тарапынан халыққа көрсеткен рухани қысымшылықтары да аз болмаған.Сәл нәрсені сылтау етіп, ат-шапан сылтау айып алулары өз алдына,ондай жазаға құқықтары болмаса да,дүре соғу шазаларын да қолданған.
Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды,Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.
3 практикалық сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.
Тапсырмалар: М.Өтемісовтің патриоттық өлеңдерін жаттау. Абайдың балалар әдебиетіндегі орнын талдау.

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет