Бағдарламасы шифр-мамандық 5В010200  «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



жүктеу 38.3 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі38.3 Kb.
түріБағдарламасы

5В010200 



 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім беру 



бағдарламасы 

  

ШИФР-МАМАНДЫҚ 



5В010200 



 «



Бастауышта оқытудың педагогикасы мен 

әдістемесі

» 

  

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 

 



философиялық, тарихи, әлеуметтік-саяси, құқықтық, экономикалық ғылымдардың 

негіздерін меңгеру; 

 

психологиялық-педагогикалық  пәндер  бойынша  білім  жүйесін,  оқу  пәндерінің 



пәндік-теориялық  негіздерін,  осы  негізде  ғылыми-педагогикалық  зерттеулер 

жүргізгенде  және  практикалық  қызметте  негізгі  пәндік  құзыреттерді 

қалыптастыру; 

 



оқытудың теориясы мен технологиясы туралы білімдерді меңгеру, педагогикалық 

үдерісте  білімді  қолдана  білу  бойынша  практикалық  шеберлік  пен  дағдыны, 

негізгі және пәндік құзыреттерді қалыптастыру. 

БІЛІКТІЛІК СИПАТЫ 

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

САЛАСЫ 

 



білім  беру  мекемесі  (жалпы  білім  беретін  мектептің  алғашқы  баспалдағы, 

педагогикалық колледж, біліктілікті арттыру мен педагогикалық кадрларды қайта 

даярлау иституттары, білім беру департаменттері). 

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

НЫСАНДАРЫ 

 



жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық үдеріс; 

 



білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыс.  

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

ПӘНІ 

 



Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

жолдары;  

 

әлеуетті  мүмкіндіктерді  дамыту  мақсатында  кіші  мектеп  жасындағы 



оқушылардың жеке тұлғалық және когнитивтік аясын зерттеу

 



жеке  тұлғаға  бағытталған  оқытуды  жүзеге  асыру  арқылы  жеке  тұлғалық  және 

сараланған амалдар. 



БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ 

Мұғалім-әдіскер

 

Бастауыш мектептің педагог-психологы 



ТРАЕКТОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 



Педагогтардың  әдістемелік  қолдауларын  жасауға  бағытталған  кәсіби  қызметті, 

мұғалім  қызметінің  сапалы  өзгеруі  мен  білім  берудің  жаңа  мазмұнына  тез 

үйренуін жүзеге асыру («Мұғалім-әдіскер»). 

 



Жеке білім беру сауалдары мен оқушы тұлғасының даму әлеуетін ескере отырып, 

бастауыш 

мектеп 

оқушыларын 



психологиялық-педагогикалық 

қолдауға 

бағытталған,  кәсіби  қызметті  жүзеге  асыру  («Бастауыш  мектептің  педагог-

психологы»). 





«МҰҒАЛІМ-ӘДІСКЕР» 

ТРАЕКТОРИЯСЫ 

БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ 

НӘТИЖЕЛЕРІ 

БІЛУІ ТИІС: 

 



бастауыш мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері мен категориялары

 



бастауыш  мектеп  оқушыларының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуы  мен  дамуының 

заңдылықтары; 

 

кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  жас  ерекшелік  анатомиялық-физиологиялық 



дамуының негізгі заңдылықтары; 

 



бастауышта  білім  берудің  қолданыстағы  стандарттарының  құрылымы  мен 

мазмұнын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын; 

 

бастауыш мектепте дамудың қазіргі кезеңінде оқытылатын пәннің мақсаттары мен 



міндеттері, оқытылатын пәннің теориялық негіздері

 



бастауыш сыныптарда оқу пәндерін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері; 

 



бастауыш сыныпта әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі ережелері. 

ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС: 

 



рефлексия,  мақсатты  тұжырымдау,  диагностиканы  жүзеге  асыра  отырып, 

педагогикалық қызметті ұйымдастыру

 

оқушылардың  жас  ерекшелік  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  оқу-танымдық 



қызметті ұйымдастыру

 



«e-learning» электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық жүйені жүргізу; 

 



оқыту мен тәрбиенің заманауи технологияларын қолдану;  

 



сабақта және сабақтан  тыс  уақытта оқушылардың оқу-танымдық  қызметке деген 

уәждемелерінің негізінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру; 

 

бастауыш  мектепте  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыруға  жаңа  амалдарды 



қолдану. 

ДАҒДЫЛАРДЫ 

МЕҢГЕРУІ ТИІС: 

 



компьютерлік және коммуникативтік сауаттылықты; 

 



сын  тұрғысынан  ойлау  мен  шығармашылық  ойлау  бойынша  кіші  мектеп 

жасындағы балалармен сабақ өткізу және ұйымдастыруды; 

 

бастауыш  мектептің  педагогикалық  үдерісінде  инновациялық  технологияларды 



қолдану; 

 



озық  педагогикалық  тәжірибені  меңгеру  мен  талдау  және  оны  практика  жүзінде 

қолдану жұмыстарын ұйымдастыруды.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛУ: 

 



бастауыш мектеп педагогикасы мен психологиясының әдіснамалық негіздері мен 

категорияларын; 

 

бастауыш  мектеп  оқушыларының  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  мен  дамытудың 



психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын

 



кіші  мектеп  жасындағы  балаларды  жас  ерекшелік  анатомиялық-физиологиялық 

дамытудың негізгі заңдылықтарын;  

 

бастауышта білім беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының оқулықтар мен 



оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнын

 



бастауыш  мектептің  дамудың  қазіргі  кезеңінде  оқытылатын  пәннің  мақсаттары 



 

 

«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ»  

ТРАЕКТОРИЯСЫ 

БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ 

НӘТИЖЕЛЕРІ 

мен міндеттері, оқытылатын пәннің теориялық негіздері; 

 

бастауыш мектептерде оқу пәндерін оқыту әдістемелерінің теориялық негіздері; 



 

баланың  психикалық  дамуының  ерекшеліктерін,  психологиялық  жаңалықтарды, 



шеберліктің,  білімнің,  дағдылардың,  тұлғалық  және  тұлғаралық  білімнің  жас 

ерекшелікке және қоғам талаптарына сай болуын.  



ІСТЕЙ АЛУ: 

 



рефлексия,  мақсатты  тұжырымдау,  диагностика  жүзеге  асыра  отырып, 

педагогикалық қызметті ұйымдастыру; 

 

оқушылардың  жас  ерекшелік  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  оқу-танымдық 



қызметті ұйымдастыру; 

 



«e-learning» электрондық оқыту жүйесінде оқу-педагогикалық жүйені жүргізу; 

 



оқыту мен тәрбиенің заманауи технологияларын қолдану;  

 



сабақта және сабақтан  тыс  уақытта оқушылардың оқу-танымдық  қызметке деген 

уәждемелерінің негізінде негізгі құзыреттерді қалыптастыру

 

мектептегі оқыту үдерісінде баланың  психологиялық-педагогикалық статусы мен 



оның психологиялық дамуының динамикасын қолдану, жүйелі түрде тексеру; 

 



оқушыларда  өзін-өзі  тану,  өздігінен  даму  және  өзін-өзі  билеу  қабілеттерін 

қалыптастыру. 



ДАҒДЫЛАРДЫ 

МЕҢГЕРУ: 

 



компьютерлік және коммуникативтік сауаттылықты; 

 



бастауыш 

мектеп 


оқушысы 

тұлғасының 

психологиялық-педагогикалық 

диагностикасын; 

 

кіші  мектеп  жасындағы  оқушылармен  түзете-дамыту  сабақтарын  ұйымдастыру 



және дамыту; 

 



бастауыш  мектептің  педагогикалық  үдерісінде  инновациялық  технологияларды 

қолдану; 

 

оқыту  мен  тәрбие  үдерісінде  жеке  және  сараланған  амалдарды  ұйымдастыру 



мақсатында  білім  алушылардың  және  ұжымдардың  тұлғасын  зерттеу  бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал