Бағдарламасы «Саламатты Қазақстан»



жүктеу 15.01 Kb.

Дата23.05.2017
өлшемі15.01 Kb.
түріБағдарламасы

Мінез

-құлық факторы қаупінің алдын-алу. 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы  

 «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына 

халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындардың 

денсаулықтарын нығайту мен қорғау, дамыту және аурулардың алдын алу 

шараларын жүргізу жатады. 

Бүгінгі күні Қазақстанда ауру-сырқау мен өлім-жітімнің негізгі себепшісі — 

созылмалы жұқпалы емес аурулар. Көптеген қауіп-қатер факторлары 

адамның мінез-құлқынан, өмір салтынан пайда болады. Ауру-сырқау 

деңгейін тек дәрілік заттарды және де күрделі емдеу әдістерін қолданып қана 

төмендетпейді. Салауатты өмір салтын түбегейлі ұстануда өзіндік әрекет 

жасау керектігін де ескеру қажет. 

«Денсаулық мектебі», қысқаша айтқанда,  аурудың туындауы мен даму 

себептерін жоюға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған алғашқы 

профилактикалық, әрі денсаулық сақтаудың бастапқы тізбегінде 

пациенттерге көрсетілетін медициналық алдын алу қызметінің топтық кеңес 

беру түрі. 

«Денсаулық мектебін» ұйымдастырудағы мақсат — халыққа салауатты өмір 

салты дағдыларын үйрету, пациенттердің ауру дамытатын мінез-құлық қаупі 

факторларының алдын алу, оны жеңуге бағытталған мақсатты әрекеттерді 

іске асыру дағдыларын үйрету, өздерінің денсаулығына қатысты мәселелері 

бойынша біліктіктерін көтеру және өздерінің өмірі мен маңайындағы 

жағдайды дербес түрде өзгерте алу қабілеттерін бойларына  сіңіру. 

«Денсаулық мектебіндегі» оқу бағдарламасы 7 сабақтан (модулдерден) 

тұрады. Бір дәрістің ұзақтығы — 1 сағат 40 минут. Топтағы пациенттер саны 

10 адамнан аспайды. 

— Қимыл-қозғалыс белсенділігі — салауатты өмір салтын қалыптастырудың 

негізі. Оның көмегімен жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдары 

ауруларының алдын алуға болады. Адам есейген сайын өзіне сәйкес 

мөлшерде қимыл-қозғалыс белсенділігінің маңызы ерекше. Қимыл-қозғалыс 

үшін аэробикалық жаттығулардың маңызы зор, олар ағзаға артық күш 

түсірмей жақсы әсер береді. Семіздікке душар болған пациенттердің дұрыс 

тамақтанбау әдеттері мен мінез-құлқы жылдар бойы қалыптасады. Оларды 

ұзақ уақыт бойы біртіндеп өзгерту керек. Семіздікке душар болғандар 

мұндай міндеттерді өздігінше игере алмайды. Пациентке көмек көрсетуде 

дәрігерлер үлкен роль атқарады. Алайда әр адам  өмір салтын өзгертуге 

құлықты болып өзі белсене  кіріскені жөн. Майы мен калориясы көп азық-

түліктерді майсыз әрі калориясы аз тағамдармен ауыстыру қажет. 

Адамдардың шамадан тыс семіруі — ауруға апарар жол. Сондықтан 


салауатты өмір салтын ұстанып тиімді тамақтану, спортпен айналысу өмір 

жасыңның ұзаруына ықпал етеді. Бұрынғылар түйе шұбатын, жылқының еті 

мен қымызын пайдаланғандықтан денсаулықтары жақсы болған. Солай бола 

тұрса да, шамаң келсе, нәрлі тамаққа, ағарғанға аңсарың ауары сөзсіз. 

Ал «Денсаулық мектебі» не үшін қажет? Соңғы уақытта тұрғындар арасында 

ауру-сырқаушылықтың көбеюі, темекі шегушілік пен алкогольді шамадан 

тыс қолданушылық, тиімсіз тамақтану, қоршаған ортаның ластануы орын 

алғаны белгілі. Скринингтік тексерулер көп жағдайдың бетін ашты. 

Туберкулез бен қатерлі ісік, семіздік ауруларының белең алуы дәрігерлерді 

алаңдатып отыр. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске 

асыру мақсатында медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) 

көрсететін ұйымдарда қауіптің мінез-құлық факторлары жөнінде осындай 

себептермен «Денсаулық мектебі» ашылды. «Денсаулық мектебінің» 7 

сабағы» курсының модульдері бойынша сабақ өткізудің бағдарламалары 

бекітілді. 1 сағат 40 минутқа созылатын сабақта тиімді тамақтану, дене 

шынықтырудың пайдасы, темекі мен алкоголь өнімдерінің зияндылығы 

туралы бейне көрініс көрсетіліп, қан қысымын тексеріледі, салмақ пен бой 

өлшенеді. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал