Бағдарламасы құрастырылады. Сабақты жүргізу әдістерін анықтау кезінде курстың



жүктеу 39.13 Kb.

Дата13.03.2017
өлшемі39.13 Kb.
түріБағдарламасы

Жокушева З.Г., Хасанова А.И. 

 

Экология сабақтарында қолданатын кейбір  әдістер 

 

             Экология  және  тұрақты  даму  пәні  жалпы  барлық  мамандықтар  бойынша 



жүргізіледі.  Әр  мамандыққа  байланысты  Экология  және  тұрақты  даму  пәнінің  ӛз 

бағдарламасы  құрастырылады.  Сабақты  жүргізу  әдістерін    анықтау  кезінде  курстың 

жалпы  қорытындылау  сипаты  мен  студенттердің  қандай  мамандығы  бойынша 

оқитынының  ерекшеліктерін еске алуымыз қажет. Оқыту әдістерінің түрлері кӛп,  ал біз 

оқыту  әдісін  таңдау  кезінде  оқу  материалының  мазмұны  және  мамандық  бойынша 

студенттерге  келесі  әдістерді  қолданамыз:  олар  репродукциялық,  проблемалық-ізденіс, 

оқулық және техникалық  жүйе.   Танымдылық әрекеттері  – репродукциялы (еске түсіру, 

иллюстрациялы)  немесе  зерттеу  сипаттарымен  анықталады.  Жаңа  келген  бірінші  курс 

студенттеріне    репродукциялық  әдістерді  кӛбірек  жүргізген  дұрыс,  танымдық  әрекет 

кезінде оқытушыдан, кітаптан, оқу фильмінен даяр информация алатын болғандықтан оны 

онша кӛп қиналмай еске түсіреді.  

            Студенттің танымдық әрекетін зерттеу сипаты ӛздігінен  жұмыс істеу кезінде 

ӛте  айқын  байқалады.  Экология  пәнінің  мазмұны  мен  құрылымын  және  сабақ  ӛткізуге 

тиісті  материалдарды  сараптап  алуын  тағайындаудан  басқа,  ең  бір  басты  маңызды 

мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. Пәннен сабақ 

ӛткізу  әдісін  дұрыс  таңдай,  қолданбаған  жағдайда  әрбір  ұстаз  алдына  қойған  мақсатына 

жете алмайды.       Бірінші курс студенттеріне оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре 

отырып,  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдағанда  ғана  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  етуге 

болады.  Оқыту  әдісі  дегеніміз  –  оқытушы  мен  студенттердің  алдына  қойған  мақсатына 

жету  үшін  екі  жақты  іс-әрекеттері  деп  айтуға  болады.  Сондықтанда  осындай  іс-әрекетті 

дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту 

деп те айтуға болады.  

              Оқыту  әдісі  дегеніміз  –  ұстаздың  білім  беру  әдістері  деп  қарасақ,  екінші 

жағынан  студенттердін  білімді  игеру,  қабылдау  кабілеттілігі  немесе  әдісі.  Оқыту 

әдістерінің құрылымы сабақ ӛткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз  – оқыту әдісінің 

бір  ғана  элементі,  оның  жеке  бір  бӛлігі.  Экологиядан  сабақ  беру  тәжірибесінде  оның 

кӛптеген  әдістері  бар  екендігін  байқауға  болады.  Оларды  кейбір  белгілеріне  қарай 

отырып,  былай  топтастыруға  болады.  Дәстүрлі  сабақ  беру  әдістері,  ол  сол  ертедегі 

философтар  мен  педагогтардың  сабақ  беру  жүйелері  болып  есептеледі.  Бұл  әдістегі  ең 

басты мақсат студенттерге  білім берудің қайнар кӛзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері 

бойынша  қолданады.  Бұл  әдіс  бойынша  білімнің  қайнар  кӛзі  үшеу  деп  кӛрсетеді: 

тәжірибе,  кӛрнектілік,  сӛз.  Соңғы  кездерде  тағы  бір  әдістер  қосылды,  ол  –  оқулық  және 

әртүрлі техникалық жүйелерді қолдану.  

            Сондықтан  бұл  топтан  бес  әдісті  бӛліп  қарауға  болады:  тәжірибелік, 

кӛрнектілік,  сӛйлеу,  оқулықпен  жұмыс  жүргізу,  техникалық  құрал-жабдықтарды 

пайдалану.  Осы  әдістердің  ӛзіне  тән  қолдану  ерекшеліктері  бар.  Атқарылатын  міндетіне 

қарай  топтастыру  әдістері.  Сабақты  ӛткізу  процесінің  жүйелілік  кезеңіне  байданысты 

топтастыру.  Ол  мынандай  әдістерден  тұрады:  а)  білімді  игеру;  ә)  шеберлігі  мен 

дағдылығын  қалыптастыру;  б)  білімді  іс  жүзінде  қолдану;    в)  шығармашылық  қызметі;      

алған  білімді  бекіту,  баяндау;  ғ)  білімін,  шеберлігін,  іскерлігін  тексеру    Осы  айтылған 

әдістердің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оқу  процесін  ұйымдастырудың  классикалық 

схемаларына  сәйкестелінген,  оқытушыларға  оқу-тәрбие  жұмысын  іске  асыруға  үлкен 

кӛмегін тигізетіндігі айқын. 

2.  Танымдылық  іс-әрекетіне  сәйкес  топтастыру  (И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин).  Бұл 

әдістердің  кӛмегімен  оқытушының  кӛрсеткен  тапсырмасы  бойынша  студент  ӛзінің  білім 

деңгейін  ӛз  бетінше  игеру  (СОӚЖ).  Бұл  әрине  әрбір  студенттін  ойлау  қабілеттілігін 

арттырады.  Бұл  топқа  бірнеше  әдістер  кіретіндігін  айту  керек:  -  бейнелеу  арқылы 


түсіндіру (ақпаратты-рецептивті); - репродуктивтік; - проблемалы мазмұндау; - жартылай 

ізденіс  (эвристикалық);  -  зерттеу    Егер,  танымдылық  іс-әрекетті  тек  қана  оқытушының 

кӛмегімен іске асырылса, студенттер дайын материалдарды ұғып, есте сақтап, оны қатесіз 

айтып  берумен  ғана  шектелген  жағдайда,  олардың  ойлау  белсенділік  деңгейінің 

тӛмендігін кӛрсетеді  Егер студенттің ойлау қабілеттілік деңгейі ӛте қарқынды болса, ол 

танымдылық  іс-әрекетінде  шығармашылық  еңбектің  нәтижесінде,  ӛз  бетінше  ізденіс 

жасау  және  зерттеу  әдістерін  қолдану  нәтижесінде  ғана  табысқа  жететіндігін  байқауға 

болады.    Мысалы,  ақпаратты-рецептивті  (қабылдау)  әдістің  басты  мәні,  олар  мынандай 

белгілерімен сипатталады: 1. Студенттке білімді «дайын» күйінде ұсынады. 2. Студентке 

дұрыс  түсіну  үшін,  оқытушы  әртүрлі  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  оқу  процесін 

ұйымдастырады  3. Студент білімді қабылдап және оны есте сақтайды. Білімді қабылдауда 

барлық  ақпарат  кӛздерін  (сӛз,  кӛрнектілігі  т.б.),  мазмұндау  логикасының  индукциялық 

және дедукциялық жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады. Репродуктивті 

әдістің ерекшелігі  пайдалы әсерлерінің бірі оқу материалын жедел игеруді,  тәжірибелік, 

еңбекке  деген  шеберлігі  мен  іскерлігін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етумен  бірге,  оқу 

процесіндегі  білімділігін,  шеберлігін,  іскерлігін  басқаруды,  кейбір  қателік  жақтарын 

айқындауына  мүмкіндік  береді.  Сондықтанда,  жоғарыдағы  айтылған  кӛптеген  пайдалы 

жактарын  басқа  әдістермен  байланыстыра  отырып,  күнделікті  оқу  процессіне  қолдана 

білген жӛн. Проблемалық-ізденіс оқыту әдістерінің ең басты принциптері оқу процесінің 

кейбір  кезеңдерінде  оқушы  кейбір  проблемалық  мәселелерді  ӛз  бетімен  шешуге  әлі 

мүмкіншіліктері  жоқ,  сондықтан  мұғалім,  осы  проблеманы  шешу  үшін  белгілі  бір 

жүйемен,  бағытпен  оқушыларды  тарта  отырып,  олардың  белсенділігін  арттыра  отырып, 

жаңа  білімді  игеру  жолдарын  кӛрсету  арқылы,  оқу  материалының  танымдылық  жағын 

арттыруға  кӛмектеседі.  Проблемалы-ізденіс  оқыту  әдістері  кӛп  жағдайларда  оқушының 

шығармашылық  шеберлігін  дамытуда,  оқу-танымдылық  және  еңбектену  іс-әрекетінің 

дамыту,  ойлану  және  ӛз  бетімен  білімді  игеру,  жеке  басының  еңбекке  деген 

шығармашылық кӛзқарасын, белсенділігін, саналылығын дамытуға тиімді әдістердің бірі 

болып  саналады    Проблемалы-ізденіс  әдістерін  қолдануының  тағы  да  тиімді  жерлерінің 

бірі  –  оқу  материалының  мазмұнындағы  жаңа  ғылыми  түсініктер  мен  заңдылықтарды, 

теорияларды  қалыптастыруда  ең  басты  рӛл  атқарады.  Осы  алған  білімдерінің  негізінде 

проблемалық  ситуацияларды  ӛз  бетімен  іздену  барысында  жаңа  ғылыми  мәліметтерді 

шешуге, игеруге, түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдісті ең бір ерекше түрі 

деп  есептеуге  болмайды,  себебі  бұл  әдіспен  оқыту  кӛп  уақыт  алумен  қатар,  жаңа  оқу 

материалын  игеруге,  оқушының  базалық  білімі  болмаса,  оны  қолдануда  дұрыс  нәтиже 

бермейді, осы мәселеге орай бұл әдісті студенттердің мектебте  биологиялық негізі болу 

себебіне байланысты қолданылады.  

     Бақылау  ісін  ұйымдастыру  үшін  студенттер  экскурсия  туралы  есеп  беруге 

арналған  қажетті  тапсырмалар  мен  жоспарларды  пайдаланады.  Мысалы,  Ӛсімдіктер 

экологиясы және Құрлық және су экожүйесі экологиясы пәндерінен  студенттер түрлердің 

құрылыс  құрамын,  биоценоздағы  коректену  тізбегін  зерттеу  үшін  мынадай  тапсырмалар 

алады: 1. Ӛсімдіктердің негізгі түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын және егер мүмкіндігі 

болса, зерттелетін биоценозда орын тепкен жануарлар түрлерін анықтау. 2. Ӛсімдіктердің 

белдеу (ярус) орналасу заңдылықтарын ашу және олардың мекен ортасын сипаттап жазу. 

3. Негізгі түрлер организмдеріндегі абиотикалық және биотикалық факторларға бейімделу 

ерекшеліктерін  анықтау.  4.  Мүмкіндігінше  биоценоздың  мекендеушілері  арасындағы 

қоректік  байланысты  айқындау.  5.  Ӛсімдіктер  тіршілігіндегі  (егер  мүмкіндігі  болса, 

жануарлардың  да)  маусымдық  ӛзгерістерді  сипаттап  жазу    Студенттер  бақылау 

нәтижелерін  жазбаша  есеп  ретінде  дайындайды,  оған  қоса  гербарий  материалдарын, 

коллекцияларды,  фото-суреттерді,  биоценоз  құрамының  популяциялар,  түрлер  саны, 

табиғаттағы маусымдық ӛзгерістер туралы таблицаларды және т. б. әзірлеп береді. Бұдан 

басқа  экскурсия  соңынан  ӛткізілетін  жалпы  қорытындылаушы  әңгіме  бақылаудың 

тиімділігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. қараңдар.   



         Білімді бекітудің әдістері 

Студенттердің  білімін  тексеру.  Білім  тексеру  де  негізгі  экологиялық  ұғымдарды 

қалыптастырып,  білімді,  іскерлікті  және  дағдыны  баянды  ету  мақсатын  атқарады. 

Оқытудың  әр  түрлі  кезеңдерінде  студенттердің  білім  жағдайын  анықтау  –  оқу  процесін 

жетілдіріп,  оның  сапасын  арттырудың  ӛте  қажет  жағдайы.  Жүйелі  түрде  тексеріп 

отырғанда студенттердің оқуға жауапкершілікпен қарау әдеті тәрбиеленіп, олардың жеке 

ерекшеліктерін  айқындауға  мүмкіндік  береді,  сӛйтіп  олардың  әрқайсысына  түрліше 

ыңғаймен келуге болады.  

    Жалпы  экология  курсында  мына  әдістер  мен  білім  тексеру  формалары  кӛбірек 

таралған:  әрбір  сабақтарда  қолданылатын  жеке  және  жаппай  ауызша  сұрау  мен  тестік 

бақылау.  Тестілік  бақылауды  жалпы  тақырыбтың  әр  аттестациялық  кезеңнің    соңында  

қорыту  ретінде  пайдаланады.  Алайда  тексерудің  бұл  формасының  сӛзсіз  бірқатар 

артықшылықтары бар: студенттермен қолма-қол байланыс жасау, студенттердің қайтарған 

жауабын  олардың  кӛз  алдында  тексеру,  түсініксіз  сұрақтарды  дереу  түсіндіру 

мүмкіндіктері  болады.  Тестінің  мыналарға:  а)  студенттердің  нақтылы  білімді  меңгеруін 

тексеруге; б) алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білетіндігін бақылауға; в) себеп-

салдарлық байланысты белгілеуді айқындауға басқа да ойлана білу операцияларын жүзеге 

асыруға арналуы мүмкін.  

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.Педагогика. Учебное пособие Л.Р. Болотина., С.П. Баранов. М,: Просвещение. 



2005г 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал