Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.56 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

 

 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру 



курстарының бағдарламасы

 

 



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ   

Педагогикалық шеберлік орталығының жобасы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Мұғалімді бағалау қағидалары

 

 



«МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ»  

бағдарламасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бірінші басылым 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

 

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы баспаға ұсынған



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2015   

Барлық  құқықтар  сақталады.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 

құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда, 

авторлық  құқық  берушінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып 

шығаруға немесе таратуға тыйым салынады. 





Мазмұны

 

1



 

Кіріспе 

4

 



2

 

Портфолионы бағалау 

5

 



2.1

 

Портфолионы бағалау қағидалары 



5

 

2.2



 

Портфолионың мазмұны 

5

 

2.3



 

Портфолионы бағалау үдерісі 

8

 

3



 

Таныстырылымды бағалау 

8

 



3.1

 

Таныстырылымды бағалау қағидалары 



8

 

3.2



 

Таныстырылым мазмұны 

8

 

3.3



 

Таныстырылымды бағалау үдерісі 

9

 

4



 

Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы 

9

 



5

 

Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға

 

ұсынылған мұғалімдер тізімін ресми бекіту 

10

 

 



1-қосымша  «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы

 

бойынша мұғалім



 

стандарттары 

11

 

2-қосымша  Портфолио бөлімдеріне қойылатын талаптар 



14

 

3-қосымша  Критерийлер бойынша бағалар сипаттамасы 

16

 

 



 



1



 

Кіріспе

 

 



Бұл  бағдарлама  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасы  бойынша  мұғалім 

стандарттарына қол жеткізу үшін мұғалімдерді даярлау мақсатында жасалды (1-қосымша). 

Стандарттар  әріптестердің  кәсіби  дамуына  көмектесетін  және  рефексиялауға  қабілетті 

тәжірибелі  және  табысты  практик  болып  табылатын  мұғалімдерге  бағдарланған. 

Бағдарламаның басты басымдықтары:  

 



оқыту мен оқудағы жаңа әдістер мен тәсілдердің маңыздылығын түсінуі және 

түйсінуі; 

 

әріптестермен жұмыста коучинг пен тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру.  



 

«Бетпе-бет»  оқудың  бірінші  аудиториялық  кезеңінде    мұғалімдерге  бағдарламаның  екі 

бағыты  ұсынылатын  болады:  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер,  оқыту  мен  оқудағы 

инновациялық тәсілдер мәнмәтінінде әріптестердің коучингісі мен тәлімгерлігі.  

 

Мектептегі  төрт  апталық  тәжірибе  барысында  мұғалімдер  «бетпе-бет»  оқудың  бірінші 



аудиториялық  кезеңінде  өздері  жоспарлаған  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  өткізеді. 

Сонымен қоса әріптестердің шағын тобымен екі коучинг сабақ өткізеді. Коучинг фокусы 

әріптестермен  талқылау  арқылы  анықталады,  олардың  қажеттіліктеріне  негізделеді  және 

Бағдарламаның жеті модулінің бір немесе бірнеше идеяларына қатысты болу керек: 

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер («Диалогтік оқыту және оқу», «Қалай оқу 



керектігін үйрету»); 

 



Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету; 

 



Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау; 

 



Оқытуда АКТ қолдану; 

 



Дарынды және талантты балаларды оқыту

 



Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; 

 



Оқытудағы басқару мен көшбасшылық. 

 

Сондай-ақ  мұғалімдер  әріптестердің  бірімен  тығыз  байланыста  жұмыс  істейтін  болады. 



Оның  оқыту  тәжірибесін  жетілдіру  мақсатында,  әріптестер  тобына  коучинг  өткізуде 

көрініс тапқан идеяларды назарда ұстай отырып, тәлімгерлік жүргізеді. 

  

«Бетпе-бет»  оқудың  екінші  аудиториялық  кезеңі  барысында  мұғалімдер  сыныпта 



тізбектелген  сабақтар  топтамасын  өткізу  кезінде    нені  үйренгені  туралы  талқылап, 

рефлексия  жасайтын  болады,    сондай-ақ  бағдарлама  аясындағы  мектептегі  тәжірибе 

кезінде коучинг пен тәлімгерліктің қандай тәжірибесін жинақтағанын талдап, бағалайтын 

болады. Аудиториялық оқудың екінші кезеңінде мұғалімдер дәлелдемелер портфолиосын 

Бағдарламаның екі бағытына қатысты түзету бойынша жұмысты аяқтайды. 

 

Бағдарламаның  табысты  аяқталуы  үшін  мұғалім  тәжірибесінің  үш  түйінді  критерийге 



сәйкестігін анықтауда портфолио негіздеме құжат болып табылады. 

 

Бұл критерийлер мыналарды қарастырады: 



1.

 

мұғалімдер  Бағдарламада  ұсынылған  түйінді  идеялар  туралы  қажетті  білім  мен 



түсінік алады; 

2.

 



мұғалімдер бұл идеяларды өздерінің педагогикалық тәжірибесінде қолдана  алады

3.

 



мұғалімдер  жаңа  тәсілдерді  өздерінің  тәжірибесіне  енгізу  жөнінде  рефлексия 

 



жасайды  және  олардың  маңыздылығын  өзінің  кәсіби  қызметін  одан  әрі  дамытып, 

жетілдіру үшін қарастырады. 

 

Мұғалімнің  стандарттары  (1-қосымша)  бұл  критерийлер  қалай  жүзеге  асатынын  егжей-



тегжейлі сипаттайды. 

 

Суммативті (жиынтық) бағалау үдерісі бағдарламаның жеті модулінің идеяларын мектептегі 



тәжірибе кезінде қолданғанына қатысты мұғалімнің рефлексиясына шоғырланады.  Мұғалім 

түйінді  критерийлерге  сәйкестігінің  және  мұғалім  стандарттарына  қол  жеткізгенінің 

дәлелдемелері 

мектептегі 

тәжірибе 

үдерісінде 

орындалған 

портфолиода 

және 

таныстырылымда  көрініс  табады.  Таныстырылым  мұғалімнің  портфолио  үшін  жасаған 



жұмысына негізделеді. 

 

Мұғалімдер  сертификаттаудан  өту  үшін  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы» 



бағдарламасының  түйінді  идеяларының  негізінде  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 

ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» (әрі қарай – ПӨО) филиалы өткізетін емтихан 

тапсыру керек. 

 

 



2

 

Портфолионы бағалау 

 

2.1

 

Портфолионы бағалау қағидалары 

 

Бағдарламаның  өзара  байланысты  екі  бағытының    идеяларын  мұғалімнің  игергенінің 



дәлелдемесі  портфолиода  болуы  керек.  Тізбектелген сабақтар топтамасы  бойынша  есепте 

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мәнмәтініндегі өзінің түсінігі мен тәжірибесінің,  сондай-

ақ  коучинг  пен  тәлімгерлікке  және  олардың  нәтижелерін  бағалауға  қатысты  идеяларды 

түсінуінің  дәлелдемелері  ұсынылуы  қажет.  Тәжірибенің  рефлексиясы  портфолионың 

барлық  үш  компоненті  үшін  маңызды  болып  табылады.  Портфолионың  кейбір 

бөлімдерінде  бір  критерийдің  дәлелдемесі  басқаларына  қарағанда  анағұрлым  сенімді 

болуы  мүмкін.  Мұғалімнің  қандай  да  бір  критерийге  сәйкестігін  анықтау  үшін  аса 

негізделмеген  бірнеше  дәлелдеме  жеткіліксіз,  ал  екі  немесе  тіпті  бір  ғана  сенімді 

дәлелдеме жеткілікті болуы мүмкін. 

 

Портфолионы  бағалау  кезінде  тренерлер  мұғалімдердің  әр  есепке  қойылған  талаптарды 



орындағандығын  көруі  керек  (2-қосымша).  Түйінді  критерийлерге  сәйкестік  болса, 

айтылған  барлық  талаптарсыз  да  портфолиоға  «есептелді»  бағасы  қойылуы  мүмкін. 

Сонымен қатар, егер есептерде елеулі элементтер болмаса, ол бағада көрсетілуі тиіс. 

 

2.2



 

Портфолионың мазмұны 

 

Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  мұғалімдер  оқыту,  коучинг  және  тәлімгерлік  сияқты 



бірқатар іс-әрекетке тартылып, кез келген тәсілмен жазба жүргізе алады. Бағдарламадағы 

бағалау  үдерісін  басқарылатындай  ету  үшін  мұғалімдерден  жүргізілген  жұмыстар 

бойынша  жазбалардың  барлығын  бағалауға  арналған  өз  портфолиоларына  енгізу  талап 

етілмейді.   Дегенмен мұғалімдер бағаланған жұмыстарды және/немесе олардың оқуы мен 

кәсіби  дамуын  растайтын  жазбаларды  портфолиоға  енгізу  керек.  Бұл  қосымша  жазбалар 

әріптестермен және тренерлермен талқылау кезінде пайдаланылуы мүмкін. «Бетпе-беттің» 

екінші  аудиториялық  кезеңі  барысында  мұғалімдер  бағалауға  арналған  портфолионың 

кейбір  есептерін,  таныстырылымды  толықтырып,  жетілдіретін  болады.  Мұғалімдердің 

суммативті  (жиынтық)  бағалауға  арналған  жазбаларын  жетілдіру  мақсатында  тренерлер 


 

өздерінің  оқу  топтарындағы  мұғалімдерге  портфолионың  мазмұны  мен  құрылымы 



бойынша формативті (қалыптастырушы) кеңестер беріп, қолдау көрсететін болады.  

 

Бағалауға арналған портфолионың мазмұны  



 

1) Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша рефлексиялық есеп (2000 сөз):  

 

Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізудің негізділігі 



мен әдістемесі; 

 



Оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  оны  басқару  әдістемесі  мен  тиімділігін 

көрсететін  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  жүзеге  асырылуын  талдау,  ол 

төмендегілерді қамтиды:  

- мұғалімнің Бағдарламаның жеті модулін өзінің оқыту мен оқу тәжірибесінде қолдану 

әдістемесін  көрсететін  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  (төртеуден  кем  емес) 

орта мерзімді жоспары (түсініктеме 250 сөз); 

жоспарланған  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішіндегі  бір  сабаққа 



Бағдарламаның  бір  немесе  бірнеше  модулінің  енгізілгенін  көрсететін  бір  сабақ 

жоспары (түсініктеме 250 сөз). 

 

2)  Коучинг-сабақ  арқылы  әріптестер  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  бойынша 



рефлексиялық есеп (1000 сөз), ол төмендегілерді қамтиды: 

 



әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу негіздемесі

 



коучинг үдерісінің жүзеге асырылуын талдау және өзгеріс енгізу тиімділігі;  

-

 



Коучинг-сабақ жоспары   (түсініктеме 250 сөз). 

 

3)



 

 Әріптестердің  бірімен  тәлімгерлік  үдерісінің  жүзеге  асырылуы  туралы  бір 

рефлексиялық  есеп  (1000 сөз), ол төменгілерді қамтиды: 

 



әдістемелік  бірлестік  деңгейінде  өзгеріс  енгізу  мақсатында  тәлімгерлік  үдерісін 

жүзеге асыру қажеттілігінің негіздемесі; 

 

тәлімгерлік үдерісінің жүзеге асырылуын талдау және өзгеріс енгізу тиімділігі; 



-

 

тәлімгерлік үдерісінің  жоспары   (түсініктеме 250 сөз). 



 

Мұғалімнің  білімі  мен  тәжірибелік  қызметін  растайтын  дәлелдемелерден  тұратын 

портфолио құрастырады. Портфолио мынадай үш бөлімнен тұрады: 

А Түйінді идеяларды білуі және түсінуі; 

В Тиімді тәжірибелік қызметі

С Рефлексия және даму. 

Мұғалімдерге төмендегілерді көрсетуге мүмкіндік беру үшін портфолио мазмұны мұқият 

сұрыпталу керек: 

•  негізгі тұжырымдамаларды түсінуі (1-түйінді критерий); 

•  бұл критерийді тәжірибелік қызметінде қолдану (2-түйінді критерий); 

•  жаңа тәсілдерді  енгізу  жөніндегі  сыни рефлексияны және оның болашақ даму үшін 

маңызын қарастырады (3-түйінді критерий). 

 

А бөлімі. Түйінді идеяларды білуі және түсінуі (2000 сөз) 

 

 А1 Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп (1000 сөз): 



- Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді негіздеу

-  жоспарланған  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішіндегі  бір  сабаққа  бір  немесе 

бірнеше модульдің қалай және неге енгізілетінін түсіндіру.  

*Бірінші  аудиториялық  кезеңде  құрылған  орта  мерзімді  жоспар  және  бір  сабақтың 



жоспары ұсынылады. 

 



А2  Коучинг-сабақ  арқылы  әріптестердің  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  туралы 



рефлексиялық есеп (500 сөз):  

- әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу негіздемесі;  

- әріптестердің тәжірибесін дамыту үшін өзгеріс қалай және неге енгізілетінін түсіндіру. 

*Бірінші  аудиториялық  кезеңде  құрылған  бір  оқу  коучинг-сабағының  жоспары 



ұсынылады.  

 

А3  Әріптестердің  бірімен  тәлімгерлік  үдерісі жүзеге  асырылғаны  туралы  рефлексиялық 

есеп (500 сөз):  

-  әдістемелік  бірлестік  деңгейінде  өзгерістер  енгізу  мақсатында  тәлімгерлік  үдерісін 

жүзеге асыру қажеттігінің негіздемесі; 

-  әріптестердің  бірінің  тәжірибесін  дамыту  үшін  өзгеріс  қалай  және  неге  енгізілетінін 

түсіндіру. 

Бірінші аудиториялық кезеңде құрылған тәлімгерлік үдерісінің жоспары ұсынылады.  



 

В бөлімі. Тиімді тәжірибе (1000 сөз) 

 

•  Мұғалімнің  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның  жеті  модулін  енгізу 



әдістемесін  көрсететін  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  орта  мерзімді  жоспары 

(төртеуден кем емес); 

Түсініктеме  (250  сөз)  мұғалім  Бағдарламаның  жеті  модулін  тізбектелген  сабақтар 

топтамасына қалай және неге енгізгенін түсіндіреді.  

 

•  Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабақтың жоспары



ол  Бағдарламаның  бір  немесе  бірнеше  модулін  мұғалім  қалай  және  неге  енгізгенін 

көрсетеді; 

Түсініктеме  (250  сөз)    жоспарланған  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішіндегі  бір 

сабаққа Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулін мұғалім қалай және неге енгізгенін 

түсіндіреді. 

 

•  Әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу әдістемесін көрсететін  бір коучинг-



сабақтың жоспары; 

Түсініктеме  (250  сөз)  коучинг-сабақ  үдерісінің  таңдалған    тақырыбының  түйінді 

идеялары мәнмәтінінде әріптестердің қажеттілігіне сәйкес оқыту және оқу тәжірибесіне 

өзгеріс енгізу қажеттігін түсіндіреді.   

 

•  Әріптестердің  бірінің  тәжірибесін  дамыту  үшін  мұғалімнің  Бағдарлама  идеяларын 



енгізу әдістемесін көрсететін тәлімгерлік үдерісінің жоспары.  

Түсініктеме  (250  сөз)  Бағдарламаның  түйінді  идеялары  мәнмәтінінде  әріптестердің 

бірінің  оқыту  және  оқу  тәжірибесіне  қажеттілігіне  сәйкес  өзгеріс  енгізу  қажеттігін 

түсіндіреді.  

 

*Мектеп әкімшілігі бекіткен жоспарлардың сканкөшірмелері ұсынылады.    



 

С бөлімі. Рефлексия және даму (2000 сөз) 

 

Өз  тәжірибесі  мен  мектептегі  әріптестер  тәжірибесіне  өзгерістерді  енгізу  және  басқару 



бойынша рефлексиялық есеп, ол төмендегілерді қамтиды: 

 

-  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  жүзеге  асырылуын  талдау,  оқыту  және  оқу 



тәжірибесіне өзгеріс енгізу тиімділігі және оны басқару; 

 

- коучинг үдерісінің жүзеге асырылуын талдау, өзгеріс енгізу тиімділігін бағалау;  



-  тәлімгерлік үдерісінің жүзеге асырылуын талдау, өзгеріс енгізу тиімділігін бағалау;  

- келешекте тәжірибеде пайдалану үшін қорытынды жасай алу білігі.   

 

2.3

 

Портфолионы бағалау үдерісі 

 

Мектеп  тәжірибесі  кезеңі  барысында  тренерлер  өз  тобындағы  барлық  мұғалімдердің 

портфолиосын  аяқтауға  қолдау  көрсетеді.  Екінші  аудиториялық  кезеңде  тренерлер  өз 

тобындағы  барлық  мұғалімдердің  портфолиосын  бағалайтын  болады.    Бағалау  «жақсы», 

«қанағаттанарлық»,  «шекті  деңгей»,  «қанағаттанғысыз»  бағаларын  қою  арқылы 

жоғарыда  сипатталған  критерийлерге  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Болашақта  оқыту 

бағдарламаларында  үлгі  ретінде  қолданылуы  мүмкін  жұмысқа  «жақсы»  бағасы 

қойылады.  Бұл  бағалардың  сипаттамасы  3-қосымшада  берілген.  Тренерлер өз тобындағы 

әрбір мұғалімге портфолионы бағалау рубрикасын толтыратын болады. 

 

Мұғалімдер өз портфолио есебінің электронды нұсқасын бағалауға өткізеді, топ тренеріне 



қолжетімді  болады.  Екінші  «бетпе-бет»  аудиториялық  кезеңде  тренер  зерделеп, 

портфолионы  бағалайды.  Егер  топ  тренері  «шекті  деңгей»  деп  бағаласа,  мұғалім 

портфолиосына эксперт модерация жасайды. 

 

 



3

 

Таныстырылымды бағалау 

 

3.1

 

Таныстырылымды бағалау қағидалары 

 

«Бетпе-беттің» екінші аудиториялық кезеңі кезінде мұғалімдер өз портфолио есептерімен 



байланысты  таныстырылымдарын  қорғайды.  Таныстырылым  мұғалім  портфолиосының 

аутентикалығын анықтауға және олардың таныстырылымды қорғау дағдыларын көрсетуге 

көмектеседі.  Таныстырылым  білім  беретін  мектептер  тәжірибесіне  бағдарламаның  екі 

бағыты идеяларының енгізілуіне шоғырланатын болады. 

 

3.2

 

Таныстырылым мазмұны  

 

Таныстырылым мазмұны: 

Өз  тәжірибесі  мен  әріптестер  тәжірибесіне  өзгерістер  енгізу  және  оны  басқару  бойынша 

рефлексия (20-22 минут).  

Бұл  таныстырылым  келесі  сұрақтарды  ашатын  алты  слайдтан  немесе  алты  постерден 

тұрады: 


 

Өзгеріс енгізу нәтижелері және мұғалімнің болашақ тәжірибесіне әсері: 

-  кемінде  төрт  сабақты  қамтитын  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның 

жеті модулін қалай кіріктірген

-тізбектелген сабақтар топтамасына модульдердің бірі қалай және неге кіріктірілген; 

- оқушылардың оқу үдерісінің іс жүзіндегі дәлелдемелерін ұсыну

-  оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  қалай  және  неге  енгізілді,  болашақ  шаралар 

туралы қорытындылар (болашақта өзінің кәсіби тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізіледі). 

Таныстырылымның мақсаты үдерістің мәнін түсіндіру емес, мұғалімнің алған нәтижелерін 

өзінің  болашақ  оқыту  мен  оқу  тәжірибесінде    қалай  қолдану  ниетінде  екенін  білуін 

түйіндеу. 

 



Коучинг  үдерісін  жүзеге  асыру  кезеңінде,  әріптестердің  оқуына  сәйкес 

материалдардың дәлелдемелерін ұсына отырып  талдау: 

- таныстырылым жүзеге асқан коучинг үдерісінің қысқаша сипаттамасын көрсетеді; 

-  таныстырылым  мазмұны  басым  түрде  оның  әріптестері  жаңадан  не  үйренгендерін 


 

түсіндіру  және  көрсетуге  арналады,  сондай-ақ  Бағдарламаның  таңдалған  идеяларының 



жүзеге  асырылғанын  көрсететін  топтың  фотосуреттері,  сабақ  барысында  әзірленген 

плакаттар,  бағалау  нәтижелері,  әріптестердің  оқу  сабақтарының  жоспарлары  сияқты 

дәлелдемелермен қуатталады. 

 



Әріптестердің  бірімен  жұмыс  кезінде  қолданылған  тәлімгерлік  үдерісінің 

тиімділігі, соның ішінде тәліптің оқып, үйренгенінің дәлелдемелерін ұсыну (әріптестің 

оқуының  табыстылығының  дәлелдемелері  ретінде  фотоларды,  бейнежазбаны,  сабақ 

жоспарларын,  мұғалім  қойған  оқушылардың  жұмыстарын,  белгілерін  қолдану 

ұсынылады). 

 

3.3

 

Таныстырылымды бағалау үдерісі 

 

Таныстырылымды  суммативті  (жиынтық)  бағалауға  мұғалімдерге  таныс  емес  тәуелсіз 



тренерлер  жауапты  болады.  Бағалаудың  үш  түйінді  критерийі  негізінде  таныстырылым 

бағаланады.  Мұғалімдердің  таныстырылымы,  жалпы  алғанда,  барлық  үш  критерийге 

сәйкес  болуы  керек,  бірақ  әрбір  слайд  екі  немесе  ү ш   критерийге  басым  шоғырлануы 

мүмкін.  Таныстырылымда  үш  түйінді  критерийдің  қалай  қолдану  мүмкіндігінің мысал 

арқылы түсініктемесін және слайдттарда көрініс табуы мүмкін  критерийлер  туралы  егжей-

тегжейлі  ақпаратты  алу  үшін  2-қосымшаны  қараңыз.  Таныстырылым  «жақсы», 

«қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз»  деп бағаланатын болады. 

 

Топтағы  б а с қ а   мұғалімдер  өз  әріптестерінің  таныстырылымын  бақылайды.  Барлық 



мұғалімдердің  оқу  үдерісіне  әріптестерінің  таныстырылымын  бағалауға  белгілі  бір  үлес 

қосады.  Әріптестердің  бағалауын  тәуелсіз  тренер  ескеруіне  болады,  бірақ  қорытынды 

бағаны  дербес  шығарады.  Тәуелсіз  тренердің  бағалауын  эксперт,  егер  ол  үдерісті 

бақылаған  болса,  құптауы  мүмкін.  Эксперттер  модератор  бола  алады  және  қажет 

жағдайда  тренердің  шешіміне  араласып,  түзету  енгізе  алады.  Эксперттің  мұғалімдердің 

таныстырылымына  қатысуы  тренерлерді  қолдау  және  бағалау үдерісіне  белгілі  бір үлес 

қосады. 

 

Тәуелсіз  тренерлер,  әріптестер  мен  эксперттер  Бағалау  жабдықтарындағы  профор- 



маларды таныстырылымның әрбір элементін бағалау үшін қолдана алады. 

 

 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал