Бағдарламасы және оқыту әдістемесі


Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты



жүктеу 35.84 Kb.
бет2/7
Дата03.11.2022
өлшемі35.84 Kb.
#23234
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
БМЖаңарт бб негізі 1-2 лекция
9-сынып қазақ әдебиеті БЖБ 1 4-тл0сан
Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім  беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және 6ілім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.
Бағдарламаның міндеттері:
*бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылы­мымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсат­тарымен таныстыру;
*бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес ке­летін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
*бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
*мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағ­дыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер
*мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
* бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
*бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
*мұғалімдердің орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының тұлғалық -бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің  қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның кipiгyi көзделеді.

жүктеу 35.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет