Бағдарламасы Жалпы ережелер



жүктеу 470.71 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі470.71 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3

 

6D020300 – Тарих мандығы бойынша PhD докторантурасына алу  бойынша қабылдау 

емтиханының  

бағдарламасы 

1.

 

Жалпы ережелер 

6D020300  –  Тарих  мандығы  бойынша  PhD  докторантурасына  қабылдау  бойынша  қабылдау 

емтиханының  мақсаты  –  кәсіби  білімнің  тереңділігін  және  талапкердің  өзіндік  ғылыми-зерттеу 

жұмысына дайындығының деңгейін орнату. 

Мемлекеттік  талаптарға  сай,  6D020300  –  Тарих  мамандығы  бойынша  PhD  докторантурасына 

өту  емтиханының    бағдарламасының  құрылымы  отандық  тарихтың,  әлемдік  тарихтың, 

тарихнаманың,  деректану және тарихи зерттеулер әдістерінің өзекті мәселелерінен тұрады. 

Әрбір  емтихан  билеті  отандық  тарих,  әлемдік  тарих  және  тарихнаманың,  деректану  және 

тарихи зерттеулер әдістерінің бөлімдері бойынша үш сұрақты құрайды.  

Емтиханда  талапкер  отандық  тарихтың,  әлемдік  тарих  және  тарихнаманың,  деректану  және 

тарихи  зерттеулер  әдістерінің  барлық  бөлімдерінің  теориясы  мен  тұжырымдамасын  білуімен  қоса, 

тарихи ғылымның категориялық аппаратын меңгеруін көрсетуі тиіс. 

 

Тарихи ғылымдағы қазіргі заманғы мәселелерді талдау үшін талапкер зерттеулердің теориясы 



мен әдістерін пайдалануды меңгере алатынын көрсетуі тиіс. 

 

Талапкерден  теориялық  материалды  анық  және  нақты  баяндау,  таңдап  алған  өз  көзқарасын 



дәлелді  қорғау,  тарихи  терминологиясын  меңгеру  және  жауаптарында  көрсету,  сонымен  қатар, 

отандық тарихтың, әлемдік тарих және тарихнаманың, деректану және тарихи зерттеулер әдістерінің 

өзекті мәселелеріне өзінің  көзқарасын қалыптастыру талап етіледі. 

 

МАЗМҰНЫ: 



  Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты мен міндеттері 

  Қабылдау  емтиханы  магистранттың  тәжірибелік  және  теориялық  дайындығын  анықтау  үшін 

арналған  және  дайындықтың  бағыты  бойынша  докторантурадағы  білім  алудың  талаптарына 

талапкердің білімі, икемділігі және дағдысының сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі. 

  «Тарих»  мамандығы  бойынша  қабылдау  емтиханы  үміткерде  ғылыми-зерттеу  және  таңдап 

алынған  мамандығы  бойынша  педагогикалық  қызметпен  айналысуға  қабілетінің  барын  анықтауды 

мақсат  тұтады.    Талапкерлердің  дайындық  деңгейі  5B020300  –  «Тарих»,  5В011400;  6М020300, 

6М011400  –  «Тарих»,    мамандықтары  бойынша  Мемлекеттік  білім  беру  стандарттарына  сай  болуы 

тиіс.  Сонымен  қоса,  олар  негізгі  теориялық  және  тарихи  білімдерін  ғана  емес,  сондай-ақ,  жоғарғы 

кәсіби тарихи ойлау деңгейін, тарихи заңдылықтардың мәнін ұғына білу,  шетелдік теориялық және 

тарихнамалық  мектептерді  білу,  тарихи  мәтіндер  мен  деректерге,  тарихи  ой  классиктерінің 

еңбектеріне талдау жасай білуі,  дербес логикалық треттілікте,  дәйекті пайымдауларға қабілеттілігін 

таныта білуі керек.  

  Бағдарламаның міндеті: 

-

 

Қабылдау  емтихандарын  ойдағыдай  тапсыру  үшін  білуге  және  ұғынуға  қажетті  бір  топ 



мәселелерін анықтау. 

Қабылдау  емтиханынының  бағдарламасы  бұрынғы  заманнан  бастап  біздің  күнімізге  дейінгі 

отандық  және  әлемдік  тарихтың  күрделі  мәселелері  бойынша  анағұрылым  маңызды  сұрақтарды 

қамтиды. 

PhD докторантурасына түсетін талапкерлердің дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар. 

Қабылдау емтихандарын тапсырғанда талапкер: 

-

 

ел ішінде және шетелде тарихи ғылымның даму тенденциялары туралы жүйелі түсінігі болуы; 



-

 

 отандық  және  әлемдік  тарих,  сонымен  қатар,  сабақтас  әлеуметтік  гуманитарлық  пәндер 



бойынша қажетті фактографиялық білімге ие болуы

-

 



мамандықтың  теоретикалық-әдістемелік  негіздерін,  тарихнамалық  мектеп  пен  бағыттардың 

пайда болу заңдылығын білуі; 

-

 

тарихи ақпаратты талдай, жүйелей және жалпылай білуі



-

 

мамандықтың арнайы кәсіби терминологиясы мен лексикасын меңгеруі



-

 

маңызды  тарихи  оқиғалар  мен  феномендерін  талдау  және  бағалауда  кәсіби  дәлелдеме 



икемділігіне ие болуы; 

-

 



қазіргі  кездегі  және  тәуелсіз  Қазақстанның  туындау  үрдісінде  тарихшы  кәсібінің  әлеуметтік 

жауапкершілігі мен маңыздылығын ұғынуы тиіс. 

Сұрақтарға жауап беру кезінде: 

-

 



фактілерді таңдау, маңыздыларын белгілеу, тарихи дерек пен құбылыстың мәнін ашуы

-

 



жүйелілік, реттілік, баяндаудың ойға қонымдылығы

-

 



қорытынды мен жалпылаудың дәлелділігі; 

-

 

сонылығы, шығармашылық даралығы, үміткердің ақыл-парасаты; 



-

 

тарихнаманың  маңызды  даулы  сұрақтарына  қатысты  өзінің  көзқарасын  тұжырымдай  білуі 



есепке алынады. 

Білім  беру  бағдарламасының  деректемелері  –  ББ  магистратурасында  оқудың  нәтижесіндегі 

білімнің көлемі. 

 

КІРІСПЕ 

Қазақстан  тарихы  курсының  пәні  мен  міндеттері.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқытудағы 

Қазақстан  тарихы  курсының  мағынасы  мен  орны.  Қазақстан  тарихы  ғылыми  дәуірлерге  бөлінуінің 

негіздері. Қазақстан тарихының дереккөздері мен оларды зерттеудің әдістері туралы жалпы ұғым. 

Отандық тарихтың теориялық-әдістемелік мәселелері. 

Қазақстан және ежелгі дүние. Антропогенез. Адам дамуы эволюциясының жалпы сипаттамасы. 

Отандық  тарихтың  дәуірлерге  бөлінуінің  мәселелері.  Қазақстан  территориясындағы  өркениеттердің 

негізгі ошақтары. Дала  өркениетінің дамуындағы жалпы  ерекшіліктері.  

Еуразия    территориясындағы  этносаяси  және    этномәдени  удерістері.    Қазақстан 

территориясындағы  тайпа  одақтарының  этникалық  және    саяси  тарихына  байланысты  тарихи 

тұжырымдамалар.  Ежелгі  және  ортағасырлар  Қазақстан  территориясындағы  этномәдени  үдерістер. 

Династиялық    хроника,  Сыма  Цяннің    «Тарихи  жазбалары»    б.з.д.  I  мыңжылдықтын    ортасындағы 

Қазақстан  және  Орта  Азиядағы    этнолингвистикалық  жағдай.  Ұлы  Жібек  жолының  пайда  болуы.  

Сак,  үйсун,  қаңлы,  юечжилердің  тілдік  қатыстылығы    бойынша  пікір-сайыстар.  А.Н.  Бернштам,  В. 

Бартольд, К. Акишев, К. Байпаковтың  және басқалардың қала мәдениетінің мәселелерін зерттеудегі 

қосқан үлестері. 

Ерте  ортағасырлық  мемлекеттер  (VI-Х  ғғ.).  Ортағасырлық  Қазақстанның  өркениеттік 

ерекшелігі. 

Түрік  мемлекетінің  даму  кезеңдері.  Түрік  мемлекетінің  тарихи  негіздері.    Қазақ  халқының 

этногенезіндегі түрік тайпаларының  рөлі. Еуразия халықтарының өзара этномәдени байланысы.  

Ежелгі  түрік  жазбалары:  шығу  тегі  мәселесі,  уақыты,  құпия  таңбаларды  анықтау,  мағынасын 

зерттеу.  Ежелгі  түрік  жазбалары  және  түрік  мәдениетінің  ескерткіштері.  Ежелгі  түрік  және  түрік 

жазба ескерткіштерін зерттеу тарихы. 

Дүниежүзілік тарих контексіндегі түрік өркениеті.   Күлтегін ескерткішіндегі және де басқа да 

орхон  жазбаларындағы  түріктердің  этникалық  және  тарихи  сана  сезімдерінің  дамуы,  бірігу  және 

тәуелсіздік идеялары (VIII ғ.). Академик В.В. Бартольдтың ерте ортағасырлық дәуіріндегі ғылыми  – 

білім  мұсылмандық  өркениет  туралы.  Түрік-көшпенділерінің  исламға  дейінгі  салт-дәстүрлері  мен 

ислам  ұстанымдарының  синтез  нәтижесіндегі    аймақтық  ислам  формаларының  қалыптасуы. 

Қазақстан тарихы бойынша араб және парсы зерттеулері IХ-ХII ғғ. Мұсылман  ренессансы  және оның 

тарихи  ғылымдағы  ролі.  Араб-мұсылмандық  өркениетінің  әсері  мен  қоғамдық  ғылымдарының 

дамудағы саяси  жағдайы. Түрік дәуірінің ойшылдар еңбектері тарихи дерек ретінде. 

Дамыған  ортағасырлық  мемлекеттер (XI -  XIII ғ. басы).  Қарахан мемлекетінің түрік  тілдес 

әлемінің мемлекетттік және өркениеттік дамуындағы  орны: ислам ұқсастығының қалыптасуы, «Ұлы 

Даланың  саяси,  этникалық  және  әлеуметтік  тарихының  жаңа  кезеңі»  (С.  Кляшторный).  Орта 

ғасырлар Қазақстан тарихындағы «Дешт-и-Қыпшақ»тың орны туралы зерттеудегі Б. Кумеков пен  С. 

Ахинжановтын қосқан үлесі.  

Қазақстан  тарихындағы  моңғол  кезеңі  бойынша    деректерді  жіктеу  және  зерттеу  мәселесі. 

Қазақ хандығының, ортағасырлық мемлекеттерінің және моңғол ұлыстарының этникалық және саяси 

сабақтастықтары туралы мәселелер.  

Тарих  ғылымындағы қазақ  халқының  этногенез     мәселесін  зерттеу  және    кешенді  зерттеудің 

қажеттілігі.  Ортағасырлық  қазақ  көшпенді  этностың  күрделі  ішкіэтникалық  (ру-тайпалық) 

құрылымы,  үш  жүздің  қалыптасуы    (В.  Юдин,  Ю.  Зуев).  Қазақ  хандығының  қалыптасуы  ғылыми 

мәселе ретінде. Қазақ хандығының қалыптасу уақыты туралы пікір-сайыстар (1465/1466 ж., XVғ. 60-  

ж., 1470/1471 ж.), қазақ  хандар династияларының  қалыптасуы туралы дискуссиялар. 

М.  Абусеитова,  Т.  Султанова,  С.  Кляшторный  және  тағы  басқаларының  еңбектерінде    Қазақ 

хандығының  XV – XVII ғғ.  даму кезеңдерінінің зерттелуі.  

Қазақ  халқының  этникалық  аймақтарының  қалыптасуы.  Қазақ  хандығының  көрші  халықтар 

мен мемлекеттерімен өзара қатынасы.  Қазақ халқы этногенезінің  қорытынды кезеңінің мәселелері. 

Тарихнамасы.  Деректер. 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  мұсылман  дін  басыларының  ролі.  Көшпенді  өркениет,    оның 

дамуындағы  өзіндік  ерекшелігі.  Шаруашылық  -  мәдени  типтері.  Тарихнама.   Деректер.    Қазақстан 

тарихының жаңа кезенінің өзекті мәселелері.  XVIII-XIX  ғасырдағы қазақ – орыс және  қазақ – қытай  

қарым қатынастары. Теориялық - әдістемелік мәселелері. Тарихнамасы.  Деректер. 


Қазақстанды  зерттеудегі  XVIII  ғасырдың  орыс  тарихи  ойларының    теориялық-әдістемелік 

мәселелері.  Провиденциализмнен  рационализмге   аусуы. 

 В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904 гг.) проблемалар жиынтығы.  «Исторические известия о киргиз-

кайсаках  и  сношениях  России  со  Средней  Азией  со  времен  Абулайхана».  «Исследование  о 

касимовских  царях  и  царевичах»  еңбектері.  А.И.  Левшинның  (1799-1874)    «Описание  киргиз-

кайсацких,  или  киргиз-казачьих»  орд  и  степей»  еңбегінің    Қазақстан  тарихи  ғылымындағы  алатын 

орны. Н.Я. Бичурин  (1771-1853),  оның  Қазақстан тарихын зерттеудегі қосқан үлесі.   Халық  ауыз 

әдебиет шығармалары дала тарихнамасының   формасы ретінде. Қазақ - жоңғар бейнелері халық ауыз 

тарихнамасында. 

Ресей  империясының  отарлау  жүйесіндегі  Қазақстан.  Қазақ  мемлекеттігінің  жойылуы. 

Теориялық - әдістемелік мәселелер. Тарихнамасы.  Деректер. 

Кеңес  тарихи  ғылымындағы    Қазақстаннның      Ресейге  қосылу  мәселелері:    «абсолюттік  

зұлымдылықтан» (ХХ ғ. 20-40-шы жж.), «ең аз зұлымдылыққа»»  «абсолютттік  ізгілікке» (ХХ ғ. 60-

80-ші  жж.)  дейін.    Қазақстаннның      Ресейге  қосылу  мәселелері  бойынша    қазіргі    көз  -  қарастар:  

«қосылуы»  термині  бойынша  пікір  таластар,  қосылуының  сипаттамасы  және  әлеуметтік-  саяси, 

мәдени зардаптары. Қазақстан территориясындағы Ресейдің   саясаты және империя  ретіндегі ролі. 

Империялық нарративті түсінігіндегі жалпы конструктті түсінік (А. Миллер).  

XVII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  қоғамының  отарлау  жағдайларына  бейімделеу  кезіндегі  

әлеуметтік-экономикалық  және  демографиялық    ерекшеліктері  мен  қорытындылары.  Теориялық  - 

әдістемелік  мәселелері. Тарихнамасы.   Деректер. Қазақстанның  жаңа  тарихы  бойынша  шетел жазба 

ескерткіштерінің  деректану мәселелері.  

Қазақ  халқының  ұлт-азаттық  қозғалысының    кезеңдері,  ерекшелігі  мен  тарихи  маңызы. 

Тарихнамасы.  Деректер. Теориялық  - әдістемелік мәселелер.  Тарихи әдебиеттерде қазақ халқының 

ұлт-азаттық  қозғалысының  зерттеу  мәселесі.    М.П.  Вяткинның  Қазақстандағы  ұлт-азаттық 

қозғалысының    зерттеу  мәселесі.  Қазіргі  заман  Қазақстан  тарихынының  тарихнамасындағы  1916 

жылдың көтерілісін бағалау бойынша жаңа көзқарас.  

Қазақстандағы   ұлт-азаттық қозғалысының ерекшеліктері  ( XIX ғ. соңғы ширегі -  ХХ ғ. басы 

).  Ресей  империясындағы  мұсылман  реформалық  қозғалыстар.    Қазақстандағы  Джадид    мектебесі 

және    медреселер.  1905-1907  жылдарындағы    орыс  революциясы    және      марксисттік,  социал-

демократтік,  кадеттік  топтардың және ағымдардың қалыптасуы. 1905 жылы  Каркаралы петициясы. 

Қазақ  элита  өкілдерінің жалпы  ресейлік  мұсылмандық    съездеріне  қатысуы    (Н-Новгород,  1905;  С-

Петербург,  1906;  Н-Новгород,  1906,  1907).    Қазақ  зиялалардың  мұсылман  қозғалысына  қатысуы,  

«Иттифак-эль-муслиминнің»  (Мұсылман  кеңесі)  қоғамдық  -  саяси  ресей  мұсылман  қозғалысының 

қалыптасуындағы  рөлі.  I-II  Ресей  Мемлекеттік  думасының    қызметіне  қазақтардың  араласуы.  

Мемлекеттік  Думасындағы  мұсылмандық  фракциясы. Аграрлық сұрақ және   А. Беремжанов пен  Б. 

Каратаев қазақ депутаттарының сөз сөйлеуі. 

Қазақ  саяси,  ақыл  парасатты,  рухани  зиялы  қауымы  (А.  Бөкейханов,  М.  Дұлатов,  А. 

Байтурсынов,  Досмухамедовтар, М. Тынышпаев, Ш. Құдайберды  және т.б.). Қазақ халқының ұлттық 

сана  сезімінің  қалыптасуындағы    «Қазақ»  газеті  мен    «Айкап»  журналының  ролі,    парламентаризм  

және ұлттық автономиясы туралы идеялары. 

 «Алаш»  қозғалысы:  дерек  көздері  және  тарихнамасы.  Қазіргі  заман    Қазақстан  тарихының  

теориялық  және  әдістемелік  мәселелері.  Қазақ  ұлттық  демократиялық  зиялалардың  еңбектеріндегі 

1917  жылдың  қазан  төңкерісінің  мазмұны  мен  мәні  туралы.  Қазақстандағы  азамат  соғысының 

тарихнамасы.  А.  Байтурсыновтың    «Төңкеріс  және  қырғыздар»  мақаласы.    М.  Шокайдың 

естеліктеріндегі 1917 жылдың оқиғалары. Қазақстан және Түркістанның  автономиясы туралы қазақ 

ұлттық зиялалардың  тарихи көзқарастары.   

Қазақстандағы  кеңестік  мемлекеттік  құрылыстын  зерттеу  әдістемесі.  Кеңес  билігін  және 

әкімшілік-топтық  жүйесінің  қалыптасуымен  нығайту  мәселелері,  тарихи  тәжірибесі.  Қазақстан  мен 

Орталық Азия мемлекеттік-аумақтық делимитациялауы. Қазақстандағы кеңес үкіметінің әлеуметтік-

экономикалық  саясат:  салдары  мен  зардаптары.  Ашаршылық  пен  мемлекеттік  әкімшілік  тарапынан 

саяси  жазалауы  –  қазақ  халқының    трагедиясы.  Тарихнамасы.  Дерек  көздері.  Мәселені  зерттеудегі  

теориялық-әдістемелік көзқарастар.  

Қазақстандағы  ғылыми-тарихи  орталықтар    мен  мекемелерінің  қалыптасуы.  Тарих  ғылымының 

ұйымдық қағидаттарын қалыптастыру. Ғылыми қоғамдар.   Академия орталығы.  Қазақстанды зерттеу 

қоғамдары.  Қазақстан  тарихын  зерттеудегі  алғашқы  еңбектер.  Республика  халығының  әлеуметтік, 

демографиялық  және  этникалық  құрылымының  динамикасы  (1937  жылдың  «репрессиялық»    санақ 

материалдары мен  жалған санақ мәлеметтері).  ХХ ғ. тоталитаризм құбылысы. Тарихнамасы. Дерек 

көздері.   Теориялық-әдістемелік мәселелері.  



М.  Абдыкалыкова  мен  А.  Панкратова  редакциясымен  жасалған    «  Ежелгі  заманнан  қазіргі 

заманға  дейінгі  ҚазКСР  тарихын»  дайындау  және  жариялауға    байланысты  ғылыми  пікір-таластар. 

(Алма-Ата,  1943  ж.).  Қазақстан  кеңестік  ғылым  және  мәдениет  феномені.  Қазақстан  тарих 

ғылымының кәсіби кеңес мектебінің қалыптасуы мен дамуы.  

Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері. Қазақстан халықтардың жер аударуы.  

«Хрущев онжылдықта» барысындағы Қазақстан (1953-1964 жж.): теориялық мәселелері..  Тың 

жерлерді  игеру.  Жаңа  фактілер  мен  жаңа  зерттеулер.  Кеңес  экономикалық  және  әлеуметтік-саяси 

жүйесінің өсіп келе жатқан дағдарыс кезінде Қазақстандағы зерттеу теориялық және методологиялық 

мәселелері  (1964-  1985  жж.).  Әлеуметтік  тарихы,  ауызша  тарих,  күнделікті  өмірде  тарихы,  мәдени 

жад: кеңестік қоғамның тарихын зерттеу тарихи және әдістемелік тұжырымдамалар қалыптастыру. 

Социалистік  жүйенің  дағдарысы  және  оның  Қазақстандағы  көрінісі.  Қазақстан  тәуелсіздігін 

алуы.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  құрылыс.  Нарықтық  экономикаға  Қазақстанның 

көшу  кезеңдері.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту.  Адамдардың  күнделікті  өмірі.  Тарихнамасы. 

Дерек көздері. Теориялық және методологиялық мәселелері.  

Тәуелсіз  Қазақстан  және  әлемдік  қоғамдастық.  Жаңа  сынақтар  мен  қатерлерге  тұрғысынан 

Қазақстан.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  аймақтағы  және  әлемдегі  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету үшін бастамалары.  

Қазіргі заманғы тарих ғылымының әдістемелік негіздері. Отандық тарихтың өзекті мәселелерін 

зерттеу  қазіргі  заманғы  тәсілдері.  Ұлттық  идея  мен  ұлттық  тарих.    Н.  Назарбаевтың  Қазақстан 

тарихының  өзекті  мәселелері  бойынша  еңбектері.  «Мәдени  мұра»    мемлекеттік  бағдарламасының  

мәні. «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. 

Жаһандық 

тарихтың 

контексіндегі 

Қазақстан 

тарихы. 


Қазіргі кезеңде Қазақстан тарихын қайта тұжырымдамалық қарастыруы.  Қазіргі қазақ әдебиетіндегі 

қазақ  даласының    ресей  отарлау  саясатының    зерттеу  әдістемелік  аспектілері.  Қазақстан  жаңа 

тарихының жүйелік талдау ғылыми-зерттеу моделін мемлекет басшысының саяси өмірбаяны арқылы 

қалыптастыруы.  Қазіргі  заманғы  тарихи  әдебиетте  қазақ  ұлттық  қозғалысының  теориялық  және 

тұжырымдамалық  тәсілдер  арқылы  бағалауы.  Генеологиялық  шежірелер,  «ауызша  дала 

тарихнамасы»  деп аталатын, халық ауыз әдебиет  материалдарын  тарихи зерттеулерде  пайдалануы. 

«Ұлттық  тарих»  анықтамасын  анықтау.  «Воображаемая»  тарихы  (Б.  Андерсон),  B. 

Успенскийдің    семиотикалық  тұжырымдамасы.  Қазіргі  заманғы  Қазақстан  тарихнамасының  үстем 

үрдістері.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы.  Оның  мақсаты  мен  жүзеге  асырудың  негізгі 

бағыттары, мәдени мұранын кешенді ғылыми-зерттеу жүйесін құру. 

ХХ  ғасырдың  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  тарихын  зерттеу  проблемасы.  Жаңа 

экономикалық  саясат  тарихын  зерделеудегі  ұлттық  тарихнамасындағы  қазіргі  көзқарастар. 

Ұжымдастыру  мен  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  экономикасын  реттеу  жөніндегі  пікірталастар. 

Т.Рысқұловтың  хаттар мазмұны.   1920 -  1930-шы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту 

тарихын қазіргі заманғы зерттеу әдістері  

Тарихнама  және  деректанудың  теориялық  және  методологиялық  мәселелері.  Тарихи 

зерттеу әдістері. 

Тарихнамасы. Тарихи зерттеу объектісін  мен мақсатын  анықтау. Тарихи білімді қалыптастыру 

және  дамыту  заңдары.    Тарихи  оқиғаларды  ғылыми  тұрғыдан  талдаудың  алғы  шарттарына    өтуі. 

Тарихи  фактілердің  түсіндірмесі:  әлемдік  -  тарихи  (сызықтық),  либералды  -  эволюциялық, 

жаңғыртулық. 

Антикалық тарихнамасының  қалыптасуы және дамуы. Антикалық  философиялық ойлар мен 

тарихнамасы. Рим  тарихнамасы. Антикалық  тарихи ойлардың ерекшеліктері. 

Орта  ғасырларда  тарихи  ой  негізгі  беталыстары.  Гуманистік  тарихнама.  Рационализм  және 

оның тарихи ойларға әсері. Ағарту кезеңіндегі тарихи ойлар. Тарихтың  ағарту философиясы. 

 XVIII ғасырдағы   француз буржуазиялық революциясы  және тарихи ой. Тарих ғылымындағы 

неміс-роман  мәселесі.  

XIX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  тарихи  зерттеулердің  негізгі  мәселелері.  Сыни  әдісінің 

дамуы. Қосалқы тарих ғылымдарының дамуы. 

Әлемдік  тарих  мәселелері  бойынша  К.  Маркс    пен  Ф.  Энгельстің    көзқарастары.  Ресейде  

әлемдік тарих мәселелерінің зерттелуі. 

Тарихи  және  әлеуметтік  ұғымдар.  Билік  қатынастарының  теориялық  және  методологиялық 

мәселелерінің тарихнамасы. Шығыс пен Батыстың ежелгі өркениеттер тарихи-мәдени мұрасы. Ежелгі 

өркениет. Шығыс пен Батыс арасындағы Византия өркениеті. Рим құқығы негізгі институттарының 

тарихы  (олардың  шығу  тегі,  дамуы  және  қабылдау)  және  қазіргі  заманғы  еуропалық  құқық 

дамуындағы рөлі. Орта ғасыр: қоғам, саясат, мәдениет. Ортағасырлық қоғам және оның динамикасы. 



Шығыс  және  Батыс:  ұғымдардың  мазмұны,  әрекеттесудің  қайнар  көзі.  Шығыс  және  Батыс 

ежелгі  заманда  және  ортағасырларда.  Өңірлік  өркениеттер.  Дін  және  саясат.  Шығыс  пен  Батыстың 

әрекеттесуінің  Ұлы  Жібек  жолы.  Зиялы  қауым  мен  көпшіліктің  діні  және  саясаттық  мәдениеті. 

Өркениет  және  олардың  байланысы:  әрекеттесу,  диалог  (монолог),  қарсыластық.  М.  Бубер,  М.М. 

Бахтинге  және  т.б.  сай  диалог  пен  әрекеттесу.  Өркениеттердің  қақтығысу  тұжырымдамасы  Батыс 

өркениеті  монологының  жалғасы  ретінде.  Шығыс  және  батыс  мәдениеті  мен  өркениетінің 

әрекеттесуіндегі дін ролін зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі.  

Позитивизм.  АҚШ  мен  европа  елдеріндегі  тарихнаманың  позитивисттік  ерекшеліктері.  Неміс 

идеалисттік тарихаят.  

Тарихи-экономикалық  бағыттың  дамуы.  Тарихи  зерттеу  әдістемесінің  жетілдірілуі.  Тарихи 

ғылымның  дағдарысы  ұғымы.  М.  Вебердің  «идеалды  түрлер»  теориясы.  О.  Шпенглердің  тарих 

философиясы. Тарихи-мәдениеттік зерттеулердің дамуы. Мәдени-тарихтық тұжырымдамалар. 

Евразиялықтардың тарихи тұжырымдамасы.  Н. Трубецкой, П. Савицкий, В. Вернадский  және 

басқалар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихи ой. А. Дж. Тойнби тарихнамасы. «Анналдар» 

мектебі және оның тарихи ғылым дамуындағы орны. Ф. Броделдің «Ғаламдық тарихы». 

Батыс  тарихнамасының  теориялық-әдістемелік  негіздерінің  жаңғыртылуы.  «Жаңа  ғылыми 

тарих».  Тарихи  зерттеулердегі  пәнаралық  әдістемелердің  ролі.  Жаңа  зерттеу  әдістемелерінің  пайда 

болуы. 


Ділдер  тарихы.  Модернизмнен  кейінгі  және  тарихи  ғылым.  Тарихи  білімнің  ізгілендірілуі. 

Әлемдік тарихтың кеңестік тарихнамасының дамуы. 

Марксизмің догматизациясы және оның дүниежүзілік тарихты оқытудағы көрінісі. Шығыстану 

зерттеулері. Л. Н. Гумилевтің тарихи тұжырымдамасы. 

ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басының тандық тарихнамадағы дәстүрлер мен жаңартпалары. 

Деректану. Тарихи дереккөзі туралы ұғым. Тарихи білім және оның анықтығының мәселелері. 

Деректану арнайы тарихи пән ретінде. Деректанулық мектептер және бағыттар. 

Тарихи  дереккөзін  пайдалану  мен  зерттеу  әдістері.  Тарихи  дереккөздерінің  жіктелуінің 

қағидалары.  Тарихи  дереккөзі  мен  тарихи  факт.  Деректанулық  талдау  мен  тарихи  дереккөздерінің 

сыналуы. Зерттеудің деректемелік базасының  қалыптасуының негізгі қағидалары. 

Деректанулық  зерттеулердің  қазіргі  заманғы  тәсілдемесі.  Дәстүрлер  мен  деректанулық 

зерттеулердің  сабақтастығы.  Дереккөздерін  зерттеудің  әдістемелеріне  жаңартпалар.  Отандық 

деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері. 

Тарихи  зерттеудің  әдістері.  Негізгі  ұғымдар,  терминдер  мен  тарихи  ғылымның  категориялық 

аппараты.  Тарихи  ғылымның  әлеуметтік  қызметтері.  Әлеуметтік  және  гуманитарлық  білім 

жүйесіндегі тарих. Тарихи кеңістік пен уақыт тарихи танымда тарихи және логикалық әдістемелердің 

онтологиялық  негізі  ретінде.  Тарихи  нақтылықтың  синхронды  және  диахронды  оқытылуының 

мүмкіндіктері,  «горизонталь  бойынша»  және  «вертикаль  бойынша».  Тарихи  зерттеудегі  логикалық 

әдістің  қызметтері.  Өткенді  танудағы  тарихи  әдісінің  мағынасы.  Тарихаяттың  қағидасы  ғылыми 

танудың маңызды қағидасы ретінде. Нақтылы-тарихи зерттеу тәжірибесіндегі тарихи және логикалық 

әдістер.  Ғылыми-тарихтық  танудағы  абстракттысы  мен  нақтысы.  Абстракциялаушылықтың 

амалдары  мен  нұсқалары.  Тарихи  зерттеулердегі  жіктелуі  және  тұрпаттамасы.  Жүйелік  тәсілдеме 

және  жүйелік  талдау,  тарихи  зерттеулердегі  жүйеліліктің  мағынасы.  Жүйенің  мағынасы,  оның 

құрылысы,  құрылымы  және  қызметі.  Жүйелердің  құрылымдық  және  қызметтік  талдауы.  Нақтылы-

тарихи  зерттеулер  тәжірибесіндегі  жүйелі  тәселдеме.  Тарихи  зерттеулердегі  үлгілеудің  мәселелері. 

Тарихтағы  үлгілеудің  мәселелері  бойынша  қазіргі  заманғы  және  шетел  тарихнамасындағы 

пікірсайыс.  

Тарихи  танымның  жүйесі.  Тарихи  танымның  қағидалары.  Тарихаят  ойлау  тәсілі  мен  ғылыми 

танымның  қағидалары  ретінде.  Тарихи  танымдағы  объективтілік  пен  субъективтілік.  Тарихи 

фактілерді түсіндіру. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарихи уақыт. Тарихи кеңістік. 

Тарихтың объективтілік мәселесі. Тарихи дағды мен қазіргі заман.  

Тарихтағы кездейсоқтық. Тарихи альтернативтік. Тарихтағы детерминизм. 

Тарихтағы құндылықты тәсілдеме. Тарихты оқытудағы жүйелілік қағидасы. Өткенді ұғынудағы 

формациялық және өркениеттік тәсілдеме.  

Теориялық-әдістемелік  синтез:  әдістеме  және  тарихи  таным.  Әдістеменің,  теорияның  және 

тәсілдердің арақатынасы. Әдіс танымның негізгі қаруы ретінде. Жалпығылыми тәсілдер мен олардың 

тарихи  зерттеудегі  орны.  Тарихи  зерттеудің  тәселдері.  Тарихи  зерттеудегі  сандық  және  сапалық 

тәсілдер. Тарихи үрдістерді үлгілеу.  




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал