БАҒдарламасы елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру ісіне жоғары талап межесін қойды



жүктеу 20.67 Kb.

Дата28.04.2017
өлшемі20.67 Kb.

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Елбасы    Н.Ә.  Назарбаев  отандық  білім  беру  ісіне  жоғары  талап  межесін    қойды. 



Қазақстан  мектебінің  түлектері  еш  қиындықсыз  шет  мемлекеттерде  жоғары  оқу 

орындарын  жалғастыру  үшін  бәсекелестікке  қабілетті,  жоғары  сапалы  біліммен 

қарулануы  тиіс.    Біздің  маңызды  стратегиялық  мақсатымыз:  біріншіден,  Қазақстан  білім 

беру  ісінің  озық  дәстүрін  жалғастыру,  екіншіден,  түлектерді  халықаралық  біліктілік 

сапамен  қамтамасыз  ету,  лингвистикалық  сананы  жетілдіру  негізінде  мемлекеттік  және 

шет тілін меңгерулерін қамтамасыз ету. 

 

Білім беру жүйесін жаңартудың  басты бағыты  көптілді педагогикалық кадрларды 



даярлау.  Көптілді білім беру – екі не одан да көп, бірнеше тілді меңгерген көп тілді 

тұлғаны қалыптастыруға  негіз болатын мақсатты түрдегі үрдіс. 

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің    жолдауын  іске  асыру  мақсатында  «Жаңа 



өмірдегі  жаңа Қазақстан» сонымен қатар  «Қазақстан Республикасының 2011-2020 

жылдарға  білімді  өркендету»  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  І.Жансүгіров 

атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті  32  ЖОО  қатарында    көптілді  білім 

беруді  енгізді. 

 

2012-2013  оқу  жылынан  бастап  университетте  екі  арнайы  топта:  5В070300  – 



«Ақпараттық  жүйелер»  және  5В010300  –  «Педагогика  және    психология» 

мамандықтарына енгізілді. 

 

ЖМУ-да көптілді білімді іске асыру мақсатында келесі жұмыстар жасалынуда:  



 

Арнаулы бөлімдердің жұмысы бойынша  ЖОО жоспары құрастырылған

 

Көптілді  бағдарламаны  ұйымдастыру  мүмкіндігін  іске  асыруға  бағытталған  



көптілді білім бағдарламасы құрастырылды

 

Ағылшын тілінде өтетін пәндер тізімі анықталды



 

Қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  мен  арнайы  пән  бойынша  жұмыс  көлемі  де 

есептелінді; 

 

Көптілді  білім  бағдарламасын  іске  асыру  үшін  мамандық  бойынша  оқу-жұмыс 



жоспары құрастырылған

 

Көптілді топтарда сабақ өткізетін оқытушылар анықталған



 

Көптілді топтарда тілді модельді  деңгейде оқыту үлгісі енгізілуде

 

Педагогикалық 



іс-тәжірибені 

 

қаланың 



арнайы 

мектептерінде 

өту 

ұйымдастырылған; 



 

Білім  алушыларға  шет  тілін  үйрену  әрі  дамыту  үшін  курстар,  үйірмелер  

ұйымдастырылған; 

 

ЖОО  әкімшілік  тарапынан  ағылшын  тілінде  сабақ  беретін  оқытушы-



профессорларды материалдық ынталандыру жүйесі қарастырылған

 

Кафедраларда  көптілді  топтарда  жүргізілетін  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінің  



және ағылшын тілінде  өтетін пәндердің оқу-әдістемелік кешені құрастырылған; 

 

Көптілді  білімді  оқу-әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету  мақсатында  кафедрада 



жыл  сайын  хабарлама  жасалып,  ағылшын  тілінде  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен  

қамтамасыз етіледі. 

Көптілді    топтың  студенттері  академиялық  ұтқырлық    бағдарламасы  бойынша  

академиялық бір кезеңін шет елдің  ЖОО-да жалғастырады.  

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті  2015-2016  оқу 

жылдарынан  бастап  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  екі  мамандыққа 

көбейді.Осы  оқу  жылынан  бастап  5В011000-Физика  және    5В011300  –Биология 

мамандықтары бойынша арнайы топтар ашылды. 



 

 

 

 

БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 

 

 

Бірлескен  білім  беру  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарының  бәсекеге 



қабілеттілігін  арттыру    және  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  нәтижелілігінің  айғағы  болып  

табылады.  Қазақстан  Республикасының  бірлескен  білім  беру  бағдарламасын  жетілдіру 

арқылы  өзге  елдердің    білім  беру  нарығына  шығу  мүмкіндігі  бар.  Бірлескен  білім  беру 

бағдарламаларын    мамандықтардың  жоғары  деңгейде  қалыптасуына  және  білікті 

педагогикалық  кадларды дайындау сапасын  арттыруға мүмкіндік береді. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік  университеті 2012-2013 оқу жылынан  

бастап  ҚР  Білім  және  ғылым    министрлігінің  2012  жылдың  18  маусымының  №  283 

бұйрығы  бойынша  бірлескен  білім  беру  бағдарламаларын    3  педагогикалық  мамандық 

бойынша дайындайды: 5В010900 – Математика, 5В011300 –Биология, 5В011400 –Тарих. 

Бағдарламалар  жоғары  оқу  орындары-серіктестіктерімен  бірігіп  жасалған.  Лодз 

университеті  (Польша)  5В010900  –Математика  мамандығы  және  5В011300  –Биология 

мамандығы бойынша, Варшава университеті және Лодз университеті (Польша), 5В011400 

–Тарих мамандығы бойынша жасалды.  

Бесінші семестр академиялық ұтқырлық семестрі болып  саналады. Бірлескен білім 

беру бағдарламалары бойынша білім алған білімгерлер жоғары оқу орындар-серіктестері 

ұсынған элективті пәндер бойынша білім  алуға мүмкіндіктері бар.  






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал