Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет9/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ҚАЗАҚ СОВЕТ ƏДЕБИЕТІНІҢ ТҰҢҒЫШЫ

Совет халқы бүгін Сəкен Сейфуллиннің əдебиет қызметі-

не араласқанына жиырма жыл болғанын тойлап отыр. Өнді-

рістерден, колхоздардан, мəдениет орындарынан, жеке адам-

дардан алған хаттарға, телеграммаларға қарағанда, бұл той-

ды  барлық  қазақ  еңбекшілері,  Қазақстандағы  барлық  ұсақ 

ұлттар  еңбекшілері,  көрші  республикалардың  еңбекшілері 

шын ықыласымен қуанып қарсы алғанын көреміз.

Бұл неліктен? Соған жауап берейік. Бір сөзбен айтқанда, 

оның  себебі:  Сəкен  Сейфуллин  шын  мəнінде  қазақ  совет 

əдебиетінің ағасы болып саналады. Бұл даусыз шындық.

Сəкеннің қазақ совет əдебиетіне қалай аға болғанын то-

лығырақ  түрде  дəлелдеуден  бұрын  ескере  кететін  бір  сөз, 

оның революциядан бұрынғы шығармалары туралы.

Өмір  тарихына  қарағанда,  Сəкен 1913 жылдан  бастап 

жазған. Оның алғашқы басылып шыққан еңбегі 1915 жылғы 

«Өткен күндер», «Өткен күндерде» басылған бірнеше өлең 

1922 жылы басылатын «Асау тұлпарға» кірген. Сол өлеңдерге 

қарап, кейбір сыншылар Сəкенді ұлтшылдардың қатарына, 

асса  алашордашылардың  қатарына  қосуға  тырыспақ  бола-

ды. «Қазақстанның XV жылдығы»  деген  жинақта  «Қазақ 

əдебиеті» деген мақаланың авторы «Сəкен 1917 жылы төң-

керіске қарсы алашордадан айырылды» дейді. Бұл сөзді біз 

түбірімен қате дейміз.

Революциядан  бұрын  саяси  сезімі  оянған  азғана  қазақ 

оқығандарының біразы ұлтшыл болды. Россия патшасының 

отаршылдық  уысында  тұншыққан  қазақ  елінің  тағдырына 

саналымын  деген  оқығаннан  қайғырмаған  адам  аз.  Бірақ 

ұлтшылдықтың ұлтшылдығы бар. Байлар базардан үйреніп 

қайтатын бір ұлтшылдық бар. Үйткені, əр ұлттың, «жас байы-

на» негізгі мəселе базар. Оның мақсаты басқа ұлттың бай-

ларымен базар таласында жеңіп шығып, өз тауарын өткізу. 

Осыдан  барып  оның  «өзінің  туған»  базарын  жасау  тілегі 

шығады. «Буржуазияны  ұлтшылдыққа  үйрететін  бірінші 



130

мектеп – базар»  дейді  Сталин.  Ұлтшылдардың  бір  жүйесі 

осы буржуазияның жоқшылары.

Екінші  жүйедегілер  ұлтшылдар  бұқара  тілегіне  жақын-

дар, «қазағым», «елім» деген сөзді айтқанмен олар қазақтың 

өзін жіктеп, бай, кедейге айырады. Отаршыл Россия патша-

сының  қазақ  елін  жаншуын  айтуымен  бірге,  қазақтың  өз 

байларының қазақ кедейіне істейтін қиянатын көрмей оты-

ра  алмайды.  Сəкен  төңкерістен  бұрын  ұлтшылдықтың  осы 

жүйесіне еліктеген адам. Оған дəлел – «Бірлік». Бөкейханов-

тың кадеттік бағытын қолдаушылар – патша үкіметінің негі-

зіне  тимей,  кейбір  жетіспеген  жерін  жамайық  деушілер. 

«Бірліктің» бұл бұтағы, 1917 жылы алашорда ұйымына ай-

налып  кеткен.  Екіншісі,  патша  үкіметін  құлатпай  жақсы-

лық  жоқ  деушілер,  патша  құлаған  күнде  орыстық  еңбекші 

бұқарасының  етегінен  ұстаймыз  дегенді  айтушылар  «Бір-

лікте»  Сəкен  екінші  жүйеге  жатқан.  Бұл  жүйе 1917 жылы 

большевиктердің  артынан  ерген.  Сондықтан 1917 жылғы  

алашорда түгіл, одан бұрынғы ұлтшылдарға Сəкенді қосақ-

тауға  болмайды.  Алашордаға  қосылмаған  Сəкенді  одан 17 

жылы айырылды деу жала.

Ұлтшылдыққа еліктеген күннің өзінде де Сəкеннің бұқа-

рашылдығы  басым  екендігіне,  кедейді  сүйетіндігіне,  оның 

ауыр  халін  қайғыратындығына,  байдың  кедейге  істейтін 

қиянатына қарсы екеніне «Тар жол, тайғақ кешудің» бас жа-

ғы  куə. 1916 жылы  қазақ  еліне  түскен  ауыртпалықты  айта 

кеп,  Сəкен  былай  дейді: «Ел  шабуылда.  Ұлықтан  ынсап 

кеткен. Кім ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады. 

Жұрт малдан шығып кеткен. Байға білінетін емес. Кедей сы-

пырылып  жатыр.  Осындай  ауыр  халге  түскен  елдің  кедейі 

«Жалпақ  теңіздей»  қозғалды.  Тұңғиық  қара  теңізге  қара 

дауыл соқтықты. Теңіз шайқалып күңіренді». Осы толқыған 

теңіздің бетін оңға бұруға Сəкеннің ниеті сол кезде кетеді. 

Бірақ санасы піспеген, саяси беті ашылмаған кез. Қалай бас-

тауды білмейді.

Сəкеннің саяси бетін ашқан 1917 жылғы революция. Ең-

бек  дүниесі  мен  қанаушы  тап  бетпе-бет  кеп  майдандасқан 

күндерде, барлық ұлттың байлары мен еңбекшілері екі жік-



131

ке  бөлініп,  бірі  мен  бірі  жауласқан  күнде  «ұлтшылмын» 

дейтіндердің  бірсыпырасы  көптің  тілегіне  қайшы  кеп,  қа-

зақтың  азшылығы – байларының  сойылын  соғып  кетеді. 

Ұлтшылдардың бетпердесін революция ашады. Кімнің кім-

дік екендігі айқын көрінеді. Міне, осы кезде Сəкен де бетін 

бүркемей, ашық, айқын пролетариат жағына шығады.

Сəкен «таза» ғана əдебиетшіл адам емес. Ол əлеуметшіл, 

саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен 

ғана қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ ауылында 

бірінші Советті құрды, бірінші партия ұясын ашты, бірінші 

партизан боп жазылды, Совет үкіметін қорғау жолында бі-

рінші  рет  жаумен  майдандасты,  бірінші  рет  алашорда  мен 

Колчак бандыларының айуандық азабын тартты, қалам мен 

найзаны жауға бірдей сілтеп, қан майданда жауды жеңісіп, 

еңбекші бұқараға мəңгілік бостандық əперушінің біреуі бол-

ды.  Сəкенді  бүгінгі  күні  еңбекші  елдің  ардақтайтын,  сый-

лайтын,  əдебиетке  істеген 20 жылдық  еңбегін  тойлайтын 

себебі сол. Ол, аты ақын ғана емес, революционер, больше-

вик ақын. Ол еңбекші бұқараның ақыны ғана емес, Октябрь 

майданында жауын жеңіскен батыры.

Сəкен азамат соғысында

Əрбір  ұлтта  еңбекші  жəне  еңбекті  қанаушы  екі  тап  бо-

латынын, еңбекші бұқараның кеудесіндегі зары əлсіз түрде 

болса да əдебиетке түспей қоймайтынын, осыдан əдебиетте 

бұқарашылдық тегі болатынын марксизммен таныс кісілер 

жақсы  біледі.  Торайғыровқа  дейін  қазақта  бұқарашыл  əде-

биет болған жоқ дейтін сыншылар бар. Егер ол пікірге қол 

қойсақ, қазақта Торайғыровқа дейін еңбекші бұқара жоқ де-

ген  пікірге  қол  қойған  болар  ек.  Ондай  пікірге  марксизмді 

жақсы ұғатын адам, əрине, бара алмайды. Қазақ əдебиетінде 

бұқарашыл  бағыт  Сұлтанмахмұтке  дейін  де  болды.  Ондай 

бағытты біз жазба əдебиет түгіл ауыз əдебиеттің өзінен де 

байқаймыз.  Рас,  Торайғыров  «Кедей»  деген  поэмасында 

еңбекші  бұқараның  байлардан  көретін  қысымын  бұрынғы 

ақындардан ашығырақ жазды. Ол қазақта кедей былай тұр-

сын, пролетариат табы барын айқын көрсетті. Бірақ онымен 



132

Торайғыров пролетариат ақыны, пролетариат идеологы бо-

ла алған жоқ.

Пролетариаттың,  кедейдің  тұрмысының  ауырлығын 

көрсетумен  ғана  пролетариат  ақыны  бола  алмайды.  Про-

летариат  ақыны  болу  үшін,  пролетариатқа  қиын  халден 

қайткенде  құтылудың  жолын  көрсету  керек.  Ол  жол  про-

летариат диктатурасын орнату. Қанаушы таптың үстемдігін 

құлатпай,  үкіметті  қолға  алмай,  пролетариат  ешуақытта 

азат  болмайды.  Сұлтанмахмұт  пролетариаттың  ауыр  халін 

көрсеткенмен, сол кездегі тұрмысты түбірімен өзгертуге аяқ 

баспаған ақын.

Қазақ  əдебиетінде  пролетариат  үстемдігін  бірінші  рет 

жырлаған,  бірінші  рет  капитал  дүниесін  тамырымен  қопа-

руға шақырған ақын Сəкен. Сəкеннің қымбаттылығы, ардақ-

тылығы  осында.  Еңбекші  бұқараның  оны  сүйетін  себебі 

осы.  Ендеше  Сəкенді  қазақ  совет  əдебиетінің  ағасы  дейтін 

себебіміз осы.

Сəкен – пролетариат ақыны. Қазақтың пролетариат əде-

биетінің бірінші кірпішін қалаған Сəкен. Оған ешкім таласа 

алмайды. Таласам дегенмен тарих таластырмайды. Сəкеннің 

осындай  пролетариат  ақыны  болуының  бір  себебі  ілгергі 

кезге жатады.

Алашордашылдардың қазақта тап жоқ деген пікірді айт-

қандағы бір «дəлелі» – «қазақта капиталист жоқ, сондықтан 

онда жұмыскер жоқ» деген сандырақ болатын. Революция-

дан  əлденеше  жыл  бұрын  қазақ  даласына  орнаған:  Рид-

дер,  Екібастұз,  Ақжал,  Қоңырат,  Спасскі,  Қарсақпай,  Эмбі 

сықылды кəсіп орындарын, бір ұлттан жұмыскер табы құралу 

үшін,  сол  ұлттың  өзінен  капиталистер  шығуының  міндетті 

емес екенін олар көрсе де көрмейтін. Көргісі келмейтін. Бұл 

өндіріс орындарындағы қазақ жұмыскерлері революциядан 

бұрын  таптық  мақсатын  орыс  пролетариатындай  дəрежеге 

қоюға  жеткен  жоқ.  Саяси  санасы  өскен  жоқ.  Бірақ  одан, 

қазақ  жұмыскерлері  құлдық  қамытын  өгізше  сүйрей  берді 

деуге болмайды. Талай жерде қазақ жұмыскерлері стачкалар, 

ереуілдер жасаған. Солардың ішінде көзге ерекше көрінетін 


133

біреуі, 1905 жылы Успенскі заводында желтоқсанда болған 

ереуіл. Уақыт жағынан бұл ереуіл, Москва жұмыскерлерінің 

құралды  көтерілісімен  бір  мезгілде  келген. «Еуропа-

ны  шолған  коммунизм  сəулесі» (Маркс)  қазақтың  қиыр 

даласындағы  заводқа  да  жарығын  түсірген.  Қазақ  жұ-

мыскерлері  «Бүкіл  жер  жүзінің  пролетариаты,  бірігіңдер!» 

деген  ұранға  үн  қосты.  Міне,  осындай  тарихи  маңызы  зор 

оқиғаны завод мектебінде орысша оқып жүрген жас Сəкен 

көзімен көрген. Жұмыскердің ауыр тұрмысымен Сəкен жас 

кезінде танысқан. Сол ауыр тұрмыстың құрсауынан шығам 

деп бұлқынған жұмыскерлердің қозғалысы болашақ проле-

тариат ақынына қатты əсер еткен. Мұны ол өз өмірбаянында 

айтады.


Бірақ, сол күннен бастап пролетариат бағытымен жазуға 

Сəкенге  басшы  болмаған.  Өзі  бастауға  жасы  да,  білімі  де 

жетпеген.  Завод  мектебінен  жеткесін  ол  ұлтшылдардың 

ортасына  түсіп,  солардың  ықпалында  революцияға  дейін 

болып,  революция  тұсында  шыныққан  большевиктерге 

кездесіп,  саяси  бетін  содан  кейін  айқындаған. 1929 жылғы 

болатын  Крайкомның  алтыншы  пленумында  Голощекин: 

«қазақ совет əдебиеті, менімше, 25 жылдан басталды» деді. 

Əрине,  ол  кісі  ол  сөзді  қазақ  əдебиетін  оқып  барып  айтып 

отырған жоқ, оған «солай» деп түсіндірушілер болған. Сын 

мəселесінде марксшілмін дейтін кейбіреулер ол кезде тіпті 

Голощекиннен əрі кетіп «қазақтың пролетариат əдебиеті əлі 

жоқ, ол алдағы нысана ғана» дейтін. «Пролетариат əдебиеті 

қазақта  болған  жоқ  жəне  келешекте  де  болмайды»  дейтін 

ешбір негізсіз алашорда сынына біз бұл арада тоқтамаймыз.

Жоғарыда  айтылған  сыншылардың  қате  пікірлері  про-

летариат  əдебиетінің  не  екеніне  түсінбегендіктен  шыққан. 

Марксшілмін  дейтін  кейбір  сыншылар  бір  кезде  «завод, 

фабрикті жазбаған кісі пролетариат жазушысы емес» деп те 

жүрді. Сол сыншылар Сəкеннің 1917 – 1919 жылдары аза-

мат соғысы туралы жазған шығармаларын «завод, фабрикті 

суреттеген  шығарма  емес»  деп,  пролетариат  əдебиетінің 

үйіріне  қосқысы  келмеді.  Қайталап  айтқанда,  азамат  соғы-


134

сында пролетариаттың үстемдігін мұрат қыла жырлап, бай-

лардың үстемдігін талқандауға шақырған жазушының про-

летариат  жазушысы  екенін  ұқпады.  Пролетариат  ақын, 

жазушыларының  алдына  қате  міндет  қойды.  Мəселе  алған 

тақырыпта еместігін, сол тақырыпты пролетариат мүддесіне 

сай жазуда екендігін түсінбеді.

Сəкен  революцияның  бастапқы  күндерінен-ақ  пролета-

риат бағытымен жырлаған адам. «Асығып тез аттандық» де-

ген өлеңінде (революцияның бас кезінде жазылған):



«Тəуекел қып аттанып,

Атқа қамшы бастық біз,

Неше қатер жерлерден

Аман-есен астық біз,

Зенгер тауға кеп жетіп,

Биігіне өрледік,

Тұлпарларды орғытып,

Көкке құлаш сермедік,

Шың басына кеп шықтық,

Көк аспанмен тілдескен,

Биікке кеп таласып,

Бұлттарменен күндескен...

Кешікпей-ақ қызыл күн

Шыға келді жарқырап,

Тұлпарлар да шаттанып,

Тұра қалды арқырап», – 

дейді.


Ақынның  мұндағы  шыққан  шыңы – революция.  Шық-

қан күні Октябрь. Бірақ, бұл күнді бүркейтіндер барын ақын 

түсінеді де, тауға шығып тамашалап қарап тұрмай, жанын-

дағы жігіттеріне «Аттан!» салады.



«Кел, жігіттер,

Болыңдар, ел,

Жүйткіт, орғыт тұлпарды!» – 

135

дейді  ол.  Ақынның  «болыңдар  ел»  дегені  баяғы  ұлтшыл-

дықтың сарыны деп ойлап қалатындар болуы мүмкін. Олай 

емес.


«Залымдық пен Əділдіктің

Алысқанын айтайық,

Жер жүзінде Бай мен кедей

Шабысқанын айтайық!» – 

дейді ол. Бай мен кедейдің шабысқан қызығына қарап жəне 

тұрмайды  Сəкен.  Ол  шабысқан  екі  жақтың  кедейіне  болы-

сып:


«Салып ұран,

Кедей құрал!

Кедейден топ жасайық!» –

дейді.


Революцияның бастапқы күндерінде-ақ Сəкеннің бет алы-

сы осылай. 

Сəкеннің  сол  кезде  жазған  «Бабаларыма»  деген  өлеңіне 

қарап  біреулер  оның  революционер  ақын  екендігіне  шек-

тенеді.

«Сұм заман басқа салды мұндай шақты,

Қайтейін медеу қылдым жалғыз хақты,

Ұрпағың өсіп-өнген рулы ел боп,

Дейтін ед, бабам Тоқа аруақты!».

– Міне, – дейді ақылдымсып əлгі күдіктенушілер, – «көрдің 

бе, революционеріңнің кімге жалбарынып отырғанын! Аруақ-

қа, Құдайға сыйынған кісі революционер бола ма екен?!».

Мұндай  сыншылар  адам  дегеннің  жан  жүйесінде  бола-

тын  (қиын  кезеңді  ұқпайтын,  адамға  механика  көзімен  қа-

райтындар.  Бір  минутте  большевик  бола  қоймағанын,  бір-

неше  сын,  толғану  елегінен  өтіп  барып  большевик  жолын 



136

түсіне  бастағанын  Сəкеннің  өзі  де  жасырмай  «Тар  жол, 

тайғақ  кешуде»  айтады.  Сүтпен  кірген  діншілдік  сүйектен 

тез арыла қою оңай жұмыс емес. Сəкеннің аруаққа сыйыну-

ын, əрине, марксизмге піспегендігі. Бірақ марксизмді жақсы 

біліп  болмаған  кісі  революционер  емес  деуге  болмайды. 

Оған дəлел азамат соғысының атақты батырының біреуі Ча-

паев.  Интернационалдың  не  екенін  білмеген  Чапаевты  ин-

тернационалист емес деп кім айтады.

Сəкенді революционерлікке ешкім қаға алмайды. Өйтке-

ні сол «Бабаларыманың» өзінде Сəкен:

«Ел жеген жауыздарға қарсы тұрдым,

Нашармен қол ұстасып бірге жүрдім,

Бай, болыс, би, төренің малдарына

Сатылмай əділшілік жолын құрдым!» – 

дейді.


Ақын ру басына сыйына отыра, сол рудың ішінде кімнің 

сойылын соғатындығын ашық айтады.

«Тар жол, тайғақ кешуді» оқыған кісіге, Сəкенді Колчак 

пен алашорда абақтыға салып ауыр азап көрсеткені белгілі. 

Егер  Сəкеннің  табанында  бүр  болмаса,  пролетариаттың 

таптық  тұғырына  берік  орнықпаса,  ол  абақтыдан  қашып 

шыққаннан кейін «я, аруақ өзің сақта» деп жатар еді. Ауыр 

азап тартқаннан кейін саяси бетін түбірімен өзгерткен адам-

ды біз тарихта аз кездестірмейміз. Мəселен, орыстың атақты 

жазушысы Достоевский.

Өлім  жазасынан,  Колчактың  қамауынан  қашып  шығып 

тұрған минуттің өзінде Сəкен:



«Уһ, жүрейін, жүрейін,

Осы арадан кетейін.

Бостандық, теңдік, бақытқа,

Күн-түн қатып жетейін!» –

деп жігерленеді.



137

Қашып жүрген кезінде ол:



«Үйде сапы, карабин,

Белдеуде найза шашақты!..» –

дейді.


Революцияның бастапқы жылдарында Сəкеннің идеоло-

гиясына  революционерлік  практикасы  жетекші  болғанын 

байқаймыз. Абақтыға түсіп, ауыр азап шеккенде аруақ пен 

Құдайға сыйынған Сəкен, біраздан кейін ол ойдан алыстай-

ды. «Жолдастар» деген өлеңінде ол:

«Жалбарынып, жалынып сұрағанда

Байың, патшаң, тəңірің беріп пе еді!» – 

дейді. Онымен қоймай:



«Қайраттанар кез келді уақыттарың

Өз қолыңмен жасалар бақыттарың!» – 

деп, бақыттың тізгіні тəңіріде емес, пролетариаттың өзінде 

екенін айқын ұғады. Сондықтан:

«Неше мың жыл құлданған бай мен патша;

Талқан қылып жояйық тақыттарын!» – 

деп, пролетариат диктатурасын бұрынғыдан да ашық қояды.

Азамат соғысы қазақ əдебиетінде Сəкеннен басқа жазу-

шының  шығармасында  жөнді  көрінген  жоқ.  Оған  себеп  өзге 

жазушылардың  азамат  соғысына  аз  араласқандығы,  аз  бі-

летіндігі болуға тиіс. Сəкеннің азамат соғысын көп жазғаны, 

жəне біліп жазғаны – өзі сол соғыста мылтық асынып бірге 

жүріп, барлық жағдайын жақсы білгендігінен.

Азамат соғысын əдебиетте көрсету жөнінен Сəкен Қазақ-

стан түгіл жалпы Совет Одағының əдебиетінде сыйлы орын 

алады. Ол тақырыпқа Сəкеннен көп жазған жəне Сəкеннен 

артық біліп жазған жазушы Одақ көлемінде де аз.



138

Біз жоғарыда мысалға Сəкеннің «Асау тұлпар» деген жина-

ғындағы өлеңдерін ғана келтірдік. Оның азамат соғысының 

тақырыбына жазған «Асау тұлпардан» басқа екі шығармасы 

бар.  Олар: «Қызыл  сұңқарлар», «Тар  жол,  тайғақ  кешу». 

Бұл  екеуі  де  өте  үлкен  тарихи  документ. «Тар  жол,  тайғақ 

кешу»  бір  жағынан,  тарих,  екінші  жағынан  саяси  оқулық, 

үшінші  жағынан  оқушыны  өзіне  еріксіз  тартып  отыратын 

өте  көркем  шығарма. «Сəкеннің  прозасы  нашар  болады» 

деген  сөздің  қателігіне  «Тар  жол»  айқын  дəлел. «Қазақ 

əдебиеті»  газетінің  Сəкеннің 20 жылдығына  арналған  са-

нында «Тар жолдың» үзінділері басылды. Соларды оқыған 

кісі  Сəкеннің  прозасы  да  өте  сұлу  жазылатынын,  адамды 

толғандыратынын, сезіміне қатты əсер ететінін көреді. «Тар 

жол, тайғақ кешу» сюжетті шығарма. Оның ішіндегі герой-

лар – күрескен  екі  тап.  Композициясы  өте  шебер  келген. 

Адамды  оқығанда  жалықтырмайды. «Енді  не  болар  екен» 

деп, аяқтап шыққанша адам құмартады. Кей жері күлдіреді, 

кей жері қайғыртады. Кітапта бас герой екеу: біреуі проле-

тариат,  біреуі  буржуа.  Кітапты  бітіргеннен  кейін  пролета-

риатты  оқушы  (əрине,  біздің  оқушылар)  сүйеді,  буржуаға 

өшігеді.


«Қызыл сұңқарлар» қазақ драматургиясының тарихында 

саяси тақырыпқа бірінші рет жазылған пьеса. Мұнда жазу-

шы семья тұрмысын суреттеу дəстүрінен шығып, əлеуметтік 

жағына  баса  зер  салған.  Жеке  адамның  тілегі  бұл  пьесада 

əлеуметтік тілекке орын берген. «Тар жолдың» да, «Қызыл 

сұңқарлардың»  да  өте  бір  ерекше  жері  интернационалдық 

тəрбие жағы. Бұлардан бұрын жазылған «Иван менен Мыр-

забек» деген өлеңінде Сəкен:



«Жолдасым серік, Иваным,

Болса түзік иманың...

Сен бауырымсың туысқан» – 

деп, Иванды Мырзабектен кем көрмейтіндігін айтқан. Ұлы 

орысшылдығын  көрсетсе  Иванға,  ұлтшылдығын  көрсетсе 

Мырзабекке жау екендігін жасырмаған.



139

«Қызыл  сұңқарлар»  мен  «Тар  жолда»  бұл  интернацио-

налдық ерекше орын алады. Октябрь төңкерісінің интерна-

ционалдық маңызын ақын айқын түсінеді. «Қызыл сұңқар-

лардағы»  Нестеров,  Лозовойларды  ақын  Еркебұлан  мен 

Жұмаштан  кем  көрмейді. «Тар  жолдағы»  Катченко,  Анан-

ченко, Кременской, тағы басқаларды Сəкен жанындай жақсы 

көреді.


Сəкен ұлтшылдық емес, тапшылдық бағыт ұстайды. Бар-

лық ұлттың еңбекшілерін бауыр көреді, барлық ұлттың бур-

жуйларын жау көреді. Бұл бағыт Сəкеннің барлық дəуірдегі 

шығармаларының  ешбірінде  əлсіреген  емес.  Қысқасы,  Сə-

кен  қазақ  əдебиетінде  бірінші  интернационалист.  Оның  ең 

қымбат жерінің біреуі осында.

Сəкеннің азамат соғысы кезіндегі шығармаларына көбі-

рек  тоқтаған  себебіміз,  сол  жылдарда  да  қазақтың  проле-

тариат  əдебиетінің  мықты  іргесі  қаланғанын,  қазақта  про-

летариат əдебиеті 25 жылдан туды деген пікірдің қателігін, 

Октябрьмен бірге туған қазақ пролетариат əдебиетінің ағасы 

Сəкен екенін дəлелдеу.



Сəкен НЭП кезінде

Сəкен «Азия», «Совет баласы» тағы сол сықылды бірне-

ше  қате  шығармалар  жазады.  Азия  туралы  жазған  бір  ма-

қаласында  Сəкен:  ол  кезде  Еуропада  зорлық  күшейген  еді, 

империалистік соғыстың артынан Еуропада күштілер əлсіз-

дерді аңша талап жеген еді, «Азия» өлеңі сол рақымсыз қара 

күшке  білдірген  қарсылығым  еді  дейді.  Біз,  əрине,  Сəкен-

нің  сөзіне  сенеміз,  оның  ақ  ниетіне  күдік  жасамаймыз.  Бі-

рақ  ақын  тұрмыс  шындығын  қате  түсінген  уақытта  оның 

ниеті  мен  қорытындысының  арасында  қайшылық  туады. 

«Азияда»  Сəкен  Еуропаға  «Сен  түгел  жауызсың»  дегенді 

айтады.  Азияның  «əділдігін»  Еуропаның  «жауыздығына» 

қарсы қояды. Тұрмыстың шындығы осылай ма? Əрине, жоқ, 

Еуропаның  жауызы – буржуалары.  Еуропаның  жұмыскер 

табы мен еңбекші бұқарасы Сəкен айтқандай «ақиқатқа қар-

сы»  емес.  Ақиқатты  шын  мағынасында  орнататын  құрал 



140

пролетариат революциясы. Пролетариат революциясын ту-

дырушы Еуропа пролетариаты, орыс пролетариаты.

Шығыстан Еуропаға жібердім деген: Айса, Мұса, Шың-

ғыстармен Сəкен Марксты қатар қояды. Шығысты əділдіктің 

ордасы деп түсіндіреді. Шығыста да құлданушы, құл болу-

шы екі тап барын айтпайды. Шығыс елінің біреуі, қазақтың 

ішінде екі тап бар деп жырлаған өлеңдеріне Сəкен «Азияда» 

қайшы келеді. «Азияның» аяғында Сəкен:

«Қой бауырым, əлде болса тас болма,

Бүліншілік жауыздыққа бас болма» – 

дегенімен өлеңінің саяси қателігі кемімейді.

«Азиядағы» қателігін Сəкен сол жылы жазылған «Алтай», 

«Германия жұмыскеріне» деген өлеңдерінде түзейді. Еуро-

па  елінің  біреуі – Германиядағы  жұмыскер  тапқа  Локарна 

шартының ауыртпалығы түскеніне Сакеннің іші ашиды.



«Құтырған байлар мас болып,

Пуанкаре бас болып,

Именбей басты кеудеңді,

Барлық əлем көріп тұр.

Арам тамақ өрмекші,

Қаныңды сора бермекші

.........................................

Қара пəле албасты,

Жиналып бəрі жалғасты.

Қарусыз сорлы жұмыскер

Қойныңа қолын сұғып тұр» – 

дейді ол. Германия жұмыскеріне туысқандық жаны ашыған 

Сəкен:

Бауырлар-ау, тұрсайшы,

Пəлені бетке ұрсайшы.

Ақырып қайрат қылсайшы.

Жігерің не қып жасып тұр!


141

........................................

Алыстан сенен көз алмай,

Сенен бір сертті сөз алмай,

Бұл жақта бауырың телміріп,

Жүрегі қайнап ашып тұр! – 

деп пролетариатты майданға шақырады. Россия пролетариа-

ты  капитал  тырнағынан  қан  майдан  арқылы  босанғанын 

көзімен көріп, ішінде бірге болған ақын, Россия жұмыскер-

лерінің  практикасын  Германия  жұмыскерлеріне  ұсынады. 

Міне, бұл – нағыз лениншіл, большевик ақынның сөзі.

«Алтай» атты өлеңінде Сəкен Азия мен Еуропа елдерін 

тапқа бөледі де:



«Төмен тап Еуропада майдан ашса,

Майданға сертпен шығып туын жазса,

Алтайдан жəрдем күтіп жаудан қайтпай

Не өлмек, не жеңбек боп ұрандасса.

Алысқан бауырларға көзді салсақ,

Ерлерін Азияның жинап алсақ,

Жаңғыртып жер-дүниені жау қайдалап

Лек-лек боп зор майданға біз де барсақ.

Жауды езіп Еуропадан өтсек аттап.

Дүниені ұрандатып алсақ қаптап,

Орнатып жер жүзіне тегіс теңдік,

Жоқ қылсақ жуандарды жерге таптап! – 

деп, «Бүкіл дүние жүзінің пролетариаты, бірігіңдер!» деген 

ұранды мұрат қыла жырлайды. «Азиядағы» қате пікір «Ал-

тайда» атымен сезілмейді.

«Азиядағы»  Сəкеннің  қателігімен  пайдаланып,  оны  ая-

ғынан  шалғысы  келетін  садуақасовшылардың  боянған  əр 

түрлілері, алашордашылдар Сəкенді Мағжан қатарына апар-

ғысы келеді. Мағжан «Күн шығысты» жазса, Сəкен «Азия-

ны» жазды, екеуінің арасында қанша айырма бар дегенді ай-

тады.


142

«Азияның» саяси қате шығарма екенін жоғарыда айттық. 

Бірақ онымен қатар, сол жылдары Сəкен «Германия жұмыс-

кері» мен «Алтайды» жазғанын сыңаржақ сыншылар көргісі 

келмейді. Төңкеріске қарсы Мағжаннан «Алтай», «Германия 

жұмыскеріне»  сықылды  өлең  еш  уақытта  шықпайтынын, 

«Күншығыста» айтқан пікірді Мағжандар принцип қып қоя-

тынын, Сəкеннің «Азиясы» оның негізгі көзқарасынан емес, 

мəселеге үстірт қарап, қатеден сүрінгендік екенін олар айт-

пайды. «Азия» мен «Совет баласына» қарап Сəкенді партия 

жолына қарсы көрсетуге тырысатындар, сол кездерде оның 

Ленин  туралы,  ленинизм  туралы  жазған  шығармаларын 

көрмейді. Мысалға оның 1923 жылы жазған «Ленин» атты 

өлеңін алайық:



«Ғылым, тарих қағидасы – 

 

 

 

өзі.

Бақыт, жоба, ұйым басы, – 

 

 

 

тезі...

Адамзаттың бақытына,

 

 

 

сəті,

Аят, қадис уақытына – 

 

 

 

аты... 

Саясаттың мыс қазаны – 

 

 

 

Ленин!

Бостандықтың таң азаны – 

 

 

 

Ленин!»

Бұл өлеңді түгел оқып шыққан адам Сəкеннің шығарма-

сында Ленин образы өзге образдарының қасында, басынан 

адам аса аламайтын асқар тау сияқты көрінеді Ленин атын 

айтқанда ақын Лениннің өлуіне арнаған осы жинақтағы екі 

өлеңінде Сəкен қабырғасы қайыса қайғыруымен бірге:



«Кек, қайрат көкірекке қайнап толған,

Тайдырмас үлкен аға салған жолдан.

143

Лениннің тігіп кеткен қызыл туын

Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан!» – 

дейді. Қысқасы Ленин жолында оның табаны берік. Ол шын 

мағынасындағы лениншіл.

1922 жылы жазылатын «Совет баласы» деген өлеңінде Сə-

кен НЭП-тың саяси-шаруашылық маңызын толық түсінбейді.

«Мынау қу НЭП,

Қойды ғой жеп,

Шіркін Совдеп

Келер ме еді айналып».

Сəкеннің  ойынша  кедейдің  НЭП-ты  бағалауы  осылай. 

Сəкен кедейлердің ол бағасына өз қолын да көтеріп, өз дау-

сын да қосады.



«Дейді кедей,

Қайтсын демей,

Тірі жемей,

Қояр емес байларың» – 

дейді Сəкен. Сəкен НЭП байының шаруашылық ықпалы ға-

на бар деп ойламайды. Оның ойынша:

«Бай Нардомда,

Исполкомда,

Мұнда, онда,

Байлар тағы торлады.

Байлар қуаң!

Кейбір суаң,

Емес жуан

Еппен сені қорғады!».

Сəкеннің НЭП-ті бұлай түсінуі, əрине, қате. Рас, шаруашы-

лық  ретінен  егер  дұрыс  басқара  алмаған  күнде  НЭП-тің 


144

қаупі  барында  дау  жоқ.  Ленин  «Кімді  кім?»  деген  ұранды 

сондықтан айтқан. Бірақ НЭП саясатын дұрыс түсінген кісі, 

бұл жөнінде партияның беті ашық екенін, бұл шара белгілі 

жоспармен  істелгенін  көреді.  Партияның  НЭП  саясатынан 

мақсаты – бір  адым  шегініп,  бойға  күш  жинап,  екі  адым 

ілгері аттау. НЭП Совет елінің шаруасын өз ықпалына алып 

кетуге  мүмкін  емес,  өйткені  НЭП-ті  жоспарлап  отырған, 

Сəкен  айтқандай  байлар  емес, «Наркомда,  Исполкомда, 

онда-мұнда,  байлар  тағы  торлады»  деген  Сəкеннің  сөзі 

қате. Үкімет басына, партия жолбасшылығына байлар бізде 

ешуақытта  отырған  жоқ.  НЭП  Совет  үкіметін  басқарған 

жоқ, Совет үікіметі НЭП-ті басқарды. НЭП-тің тізгіні Совет 

үкіметінде  болғандықтан, «Кімді  кім?»  майданында  НЭП 

жеңілді.  Совет  Одағының  шаруасында  капиталистік  бағыт 

күн  санап  əлсіреп,  социалистік  бағыт  күшейді.  Отанымыз 

НЭП-ті дұрыс пайдаланудың арқасында социалистік шаруа-

ны нығайтып алды.

НЭП туралы Сəкеннің қате пікірі өзге шығармаларында 

да біразға дейін көрініп жүрді. «Жұмсақ вагон» поэмасын-

да  саудагер  өзбектің  қызыл  партизанды  поездан  құлатып 

кетуі  осы  қате  пікірден  шыққан. «Жұмсақ  вагон» «Со-

вет  баласының»  жалғасы,  екеуінің  пікірі  бір.  Екеуінде  де 

Сəкеннің НЭП-ті ұқпауы көрініп тұрады.

Сəкеннің жазушылық өмірінде бір жақсы жері, қателескен-

мен, тұрмыстың шындығына тез оралады, тез көреді: Біреулер 

Сəкен  НЭП-ке  қарсы  бетін  өзгерткен  жоқ  дейді.  Ол,  əрине, 

қате.


Сəкеннің «Советстан» деген поэмасы 1925 жылы жазыл-

ды.  Осы  поэмада  Сəкен  кімді-кім  жеңіп  шыққанын  айқын 

көреді. НЭП саясаты Совет отанын күшейтуге себеп болғанын, 

партия  бұл  саясатты  өте  данышпандықпен  ойлап  тапқанын, 

Совет елі жер жүзінде күшті ел болғанын ақын шалқып жыр-

лайды. Ақын НЭП саясатының ірі табыстарын айтады:



Бұрын атым тұлпар еді бəйге көк,

Міне, енді поезд болды, тұлпар жоқ.

145

Ұзақ жолға,

Тұлпар қол ма, – 

Мейлі жорға! –

Тұлпар міну Сарыарқада жүрсең тек, – 

дейді  ақын. – «Поезд», «Қарайғыр», «Отарба», «Экспресс» 

деген  сықылды  өлеңдер  Сəкенде  ертеден  кездеседі.  Бұл 

өлеңдердегі Сəкеннің поезы, бір жақтан, Совет Одағындағы 

ірі өнеркəсіптің символы болса, екінші жақтан, революцияның 

символы. 1921 жылы жазылған «Қарайғыр» деген өлеңінде 

ол поездың жүрісін сипаттай келіп:

Алып қара бұл айғыр,

Ерлер күшпен жаратқан,

Патшаларды құлатып,

Екпін күшке қаратқан.

Дүниені орап жаңғыртып,

Күңіреніп ұран таратқан.

Керемет күштер жасаушы,

Жалшылар енді азаттан! – 

дейді. Бұндағы ақынның алдына қойған мақсаты, поезды су-

реттеу арқылы жұмыскер таптың құдіретті күшінің қандай 

екенін көрсету. Əлемнің тəңірісі еңбек екенін айту.

1922  жылы  жазылған  «Біздің  тұрмыс  экспресс»  деген 

өлеңіндегі поез тұп-тура революцияның бейнесі.



Жарым артта қаларын,

Маржандай жасы тамарын,

Білсем де маған қарарын

Поезға міндім таласып, – 

дейді ақын. Бұл өлеңінде Сəкен тап ісін қара басының ісінен 

қымбат көріп жары мен революция қатар тұрғанда, қимаса 

да  жарын  тастап,  революциямен  кеткенін  айтады.  Өлеңді 

Сəкен былай аяқтайды:


146

Зырла экспресс, ұш, зырла!

Жұлдыздай ақ, құлдыра!

Құйындай құтыр, бұлдырла!

Аямай жүгір барыңды.

Ерлер мінсе шыдасын,

Қорқақтар мейлі жыласын,

Шыдамаса құласын,

Аямай сілте барыңды!

Революцияға  белін  бекем  буған  ақынның  сөзі  осылай 

келеді.

1925 жылдарда да революцияға ерген Сəкеннің сол жол-



да табаны əлі де мықты екенін көреміз.

Міне заулап отарбада келеміз,

Кейде жүйткіп, кейде бүлік-бүлік желеміз. –

Жолы құрыш,

Жолы өріс,

Аумай бұрыс

Қарақшыға апарады сенеміз!

НЭП-тің революцияға бөгет болуға əлі келмейтінін көр-

ген Сəкен:

Поезд өсті дауам қайнап құбылмақ,

Əлсіз сорлы сəкі астына тығылмақ,

Біреу жетпек,

Біреу кетпек,

Мінгендер тек,

Біртін-біртін ырғытылып жығылмақ, – 

дейді Сəкен. Поезға тегін мінетіндер, əрине буржуа. Совет 

заманында олардың сəкі астына тығылатыны рас. Бірақ, ты-

ғылғанмен, біртіндеп ырғатылып жығылатынында сөз жоқ. 

Сəкі  астына  (НЭП-ті  жамылып)  тығылған  буржуйлардың 

азайып келе жатқанын Сəкен көреді.



147

Жауыз бидің заманында жауыздар,

Толған еді, арамтамақ ауыздар.

Қуды бəрін

Жуды нарын,

Бұққандарын,

Бірте-бірте, кондукторлар, қауыздар.

Бұл өлеңнен аңғарылатын нəрсе: Сəкен «Совет баласы» де-

ген өлеңінде айтқанындай, билікте (исполкомда) буржуйлар 

отыр демейді. Тізгін кондукторда екенін, олар революцияның 

(поездың) нарына жұққан кірді (капитализм тегін) жуып та-

зартып  жатқанын  айтады.  Бұл  арадағы  кондуктор – Совет 

үкіметі, Советтің əкімшілігі.

Жас арыстан күшейесің айына,

Қылыш қайрап дүниенің байына,

«Шешен мырза»

«Көсем құлжа»

«Енді риза»

«Сасық» деген табанының майына, – 

деп  шалқиды  Сəкен.  Совет  елінің  бұлай  жас  арыстан  боп, 

дұшпанын  бұқтыру  себебі  жалғыз  ғана  НЭП  саясатын 

жүргізе білуде емес.



Атпен жүрсе алты айлық жол жерің бар,

Советстан сан рулы елің бар.

Сан рулы,

Заң құрулы,

Бір-ақ тулы

Бір-біріне туысқандық сенім бар – 

дейді Сəкен. Бұдан ұғылатын мағына: Ленин партиясы шар-

уаны ғана социалистік бағытпен өсіріп отырған жоқ, бүкіл 

адам атаулыны социалистік бағытпен есіріп, сан рулы елді 

бір  тудың  астында  бірге  туғандай  рухпен  тəрбиелеп  отыр. 


148

Совет елінде жаңа шаруамен бірге жана адам жасалып жа-

тыр.

Міне, мұның бəрінен көрінетін нəрсе, 1922 жылдары НЭП 



билеп  кетеді  деп  қорыққан  Сəкен, «Кімді  кім?»  ұранында 

капиталистік  бағытты  социалистік  бағыт  жеңетініне  күдік-

тенген  Сəкен, 1925 жылы  ол  пікірінің  кате  екенін,  партия 

саясатының  дұрыс  екенін,  НЭП  саясатын  партия  дұрыс 

жүргізу  арқылы  Совет  Одағы  дүние  жүзіне  айбынды  ел 

болғанын көреді. Көріп қана қоймайды, шалқып, шаттанып 

жырлайды.

Табысты шаттанып жырлаумен бірге Сəкен «вулкан» бар-

лығын, «сақ болудың» қажеттігін, əлі де «жол ұзақ» екенін 

ұмытпайды.  Бірақ  ақын  «Маркс-Лениннің  қоспақ  темірден 

салған құрыш жолы, поезды аудармайтынына» сенеді.

Айда отарба, тынбай заулап айдап бақ,

Дөңгелегің зырылдасын тақ-тақ-тақ,

Шанқан жарық,

Шамға қарық,

Болсын халық,

Электр жақ, тынбай айда жол ұзақ, –

дейді  Сəкен.  Мұндағы  халық  жарығына  қарық  болсын 

деген  Сəкеннің  шамы – бір  жағынан,  Лениннің  елімізді 

электрлендіру  жоспарын  жырлағандық,  екінші  жағынан, 

коммунизмді электр жарығына ұқсатқандық.

«Советстан» – жалпы совет поэзиясының ең биік өркеші-

нің біреуі. Бұл поэманы мазмұн жағынан да, түр жағынан да 

бүкіл  Одақтағы  совет  поэзиясының  маңдай  алдындағысы-

ның қатарына қосуға болады. Ақын мұнда ұлы қарқынмен 

ілгері  зырлап  бара  жатқан  социализм  дəуірінің  бейнесін 

мазмұнмен ғана емес, түрмен де береді. Сөздердің құралуы, 

дыбыс  үндестігі,  ырғақ,  үйлес  жақтары  қызу  қарқынға  өте 

дəлденіп жасалған. Оқыған уақытта поэма экспрестей адам-

ды ілгері алып ұшып отырады. Қазақ ақындарының, əсіресе 

жастардын  көбі  «Советстанға»  еліктейтін  себебі  осы.  Түрі 


149

мен  мазмұны  бірдей  түскен  бұл  сықылды  сұлу  поэзияны 

қазақ əдебиеті Сəкеннен бұрын аз көрді. «Советстан» жалпы 

қазақ поэзиясын бұрын шықпаған жоғарғы сатыға көтерді.

Қорыта  айтқанда  Сəкен  НЭП  тұсында  кері  кетті  деген 

пікір атымен қате. Кейбір кемшіліктері, қателіктерімен бірге 

ол партия жолынан, Ленин жолынан табанын аударған жоқ.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал