Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет8/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

«БАҚЫТ ЖОЛЫНА» СЫН

(Үш бөлімді пьеса)

Садуақас  Сейфоллаұлынікі.  Бастырушы  Қазақстанның 

мемлекеттік баспасөз баспаханасы. 1922 жыл, Орынборда.

Сейфоллаұлының өлең, пьеса кітаптарымен қазақ халқын 

ағарту жолына Қазақстан баспасөзі бел байлап, əбден кіріссе 

керек.  Сейфоллаұлы  журнал  оқушыларына  мəлім. «Темір-

қазықтың» өткен санында да Сейфоллаұлының үлгілі, дəм-

ді өлеңдерін жырлағамыз. Өлеңдерінің қызық жерлерін оқу-

шыларымызға тартқамыз. Əрине, Қазақстан баспасөзінің на-

дан қазақ елін ағартамын деген жолы – қасиетті жол. Бірақ, 

бұл  қасиетті  жолды  қалай  іске  асыруға  керек.  Мінеки,  гəп 

сонда. Қазақстан баспасөзінің жолы – баяғы жол, қалың бұ-

қараны қалай ағартуға білмейді. Сорлы «Асау тұлпарда» не-

ні көрсек, «Бақыт жолында» да көргенімізді растап отыр.

Пьесаға келейік. Пьесада не көрсетіледі? Пьесаның қыс-

қаша мағынасы мынау: Мүслима деген қызды əкесі Терлікбай 

Нөгербай деген болысқа бермекші болады. Терлікбай қызын 

болысқа  берумен  екі  пайда  таппақ;  бірінші  жұмысқа  алы-

найын  деп  тұрған  баласын  босатпақ. (Қызыңды  берсең, 

балаңды  іспескіден  шығарам  деген  болыстың  уəдесі  бола-

ды).  Мүслиманың  кəрі,  бай  Нөгербайға  барғысы  келмейді, 

Мүслиманың сүйген ғашығы Біржан деген мұғалім болады. 

Мүслиманы болысқа беруді үлкен ағасы Ермек те ұнатпайды. 

Ермек  əкесіне  ұрсады.  Жігіттерді  жиюды  пайдаланып,  ха-

лықты  жеген  би,  переуодшиктерді,  қалпелерді  тілдейді. 

Олардың арсыздығын, сатылатындығын, өтірік діншілдігін 

бетіне басады. Рас, Ермектің халықтың надандығымен – жа-

ман əдетпен күресуі кейбір жерлерінде балалық, топастық, 

томырақтығын  көрсетеді.  Мəселен,  молдалардың  алдында 

«мұқатам»  деген  кісіше  Ермек  бөріксіз,  жалаңбас  отыра-



117

ды.  Домбыра  шертеді,  шылым  тартады.  Желіге  көтеріліп, 

əйелдің теңдігі туралы сөздер сөйлейді. Бірақ, бұл мінездер-

дің бəрі көзге түсе қоймайды. Пьесаның негізгі мағынасымен 

білінбейді. 17-ші  жылы  ақпан  төңкерісі  болады.  Дуанда 

«халық» үкіметі құрылады. Əйелге жол ашылады. Мүслима 

сүйгенімен қашады. Міне пьесаның бар мағынасы осы. Те-

атр кітаптарына қоятын өлшеуді бұл пьесаға өлшеп болмай-

ды.  Жазушының  жақсы  ойы,  қазақ  ішінде  қазақ  əйелінің 

теңсіздігін  көрсету.  Бұл  міндетін  жазушы  өз  шамасынша 

жығыла, сүріне орындаған. Қазақтың бір бұрышында болған 

уақиғаны  жазу  үшін,  тек  сыршылдық,  өзгерісшілдік  керегі 

жоқ. Сахнада пьеса көрушілерге не реніш қыларлықтай, не 

сүйенерліктей жаңа рух бермейді. Өйткені, бұл пьесада он-

дай  «өзгеше  бір  əлеуметшілдік  оты»  жоқ.  Пьесада  теңдік 

сезімінің өзі Ермектің басында ғана. «Таң еркіне» Мүслимада 

алып  ұшып  тұрған  ештеңе  жоқ.  Мүслиманың  теңдікке  өзі 

селқос. Бұлай болғанда, бұл уақиғаны пьеса деп жалпайтпай-

ақ  тұрмыстаналынған  сурет  (картина)  деп  қана  қою  керек 

еді. Ол уақытта қоятын өлшеу де басқа болар еді. Бірақ сұм-

дықтың  бəрі  пьесада  емес,  драматургтың  қабаттастырған 

эпилог өлеңінде. Эпилогтың нағыз «маңызды, үлгілі» жері:



«Қалың қиын бөгетті

Кеудемен бұзу, жол ашу.

Тұманнан шығу жарыққа;

Бақытқа тынбай таласу,

Сүю, сүю! һəм құшу!..

Махаббат шарабын ішу!

Міне өмірдің дəні осы!

«Тіршіліктің мəнісі!..»

Міне, жазушының сиқы. Қазақ əйелін теңелту деген мəсе-

лені қалай шешеді?! Айтатын ақылы не?

Сүю, сүю! һəм құшу!

Міне өмірдің дəні осы!

Тіршіліктің мəнісі.


Алжысаң осылай алжы! Тіршіліктің мəнісі «құшу, сүю». 

Өмірдің дəні де «сүю, құшу!» дегенді Сəкен жолдастан есті-

дім. Сəкен көргенін жазғанда тыңдауға, оқуға болады.

Ал  енді  өзінен  бірдеңе  жазам  деп  «білім»  шығарам  де-

генде, Сəкенді «құдай» ұрады. Сəкеннің айтатыны баяғы бір 

Қаратау,  баяғы  бір  мінез,  баяғы  бір  сөз. «Мен  оны  құшақ-

тадым,  ол  мені  құшақтады»  тіршіліктің  мəнісі  сүю,  құшу! 

Сəкеннің өзінен шығарған психологиясының негізі осы.

Тұрмыстың талқысына түспеген, келешектен күткені көп, 

жас  оқушыларымыздың  «тіршіліктің  мəнісі  сүю,  құшу» 

деген  «терең»  сөздерімен  Сəкен  «ақын»  жүрегін  айнытып 

бітіреді. Сəкеннің қай «философиясы» болсын жүрегіңді ай-

нытпай қоймайды. 1923-ші жылда, кеңес үкіметінің алтын-

шы жыл дəуірінде халықты бұлай ағартуға болмайды. Кеңес 

үкіметі бұлай ағартпақ емес. Сəкен жолдасқа айтатын ақыл, 

қашанда  болса  не  істесең  де,  не  сөйлесең  де  ойлауға  ке-

рек, революцияға не пайдалы? Не сөйлегеніңді өзің білмей, 

жоқты  барды  сөйлеу  ме,  жоқ,  бірдеңе  деуден  бұрын  əуелі 

өзіңе  біліп  алу  керек  пе?  Басында  ақылы  бар  адам  соңғы 

жолды қабылдаған.

Біздің тұрмысмызда да соңғы жол пайдалы.


119

Нəзір ТӨРЕҚҰЛОВ

«ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» ТУРАЛЫ

БІР-ЕКІ СӨЗ

Осы күні орысша болсын, қазақша болсын Қазақстандағы 

төңкеріс қозғалысы жайынан мынау дерлік көрнекті, негізді 

бір еңбек жоқ. Ең болмаса келесідегі «ұлы» жұмыстың кере-

гіне  жарарлық  «шикі»  деректер  жиналып  шықса  да  біздің 

əдебиетке үлкен олжа болар еді. Сəкеннің «Тар жол, тайғақ 

кешу»  атты  кітабы  (Қазақстан  мемлекет  баспасы. 421-бет, 

бағасы 3 сом 70 тиын) дүниеге келгенде, қай түрмен болса 

да жоғарғы айтқан жыртық жамауға жарайды екен ғой деп 

ойлаған  едік.  Өйткені  жазушы  Сəкен  мұны  жазғандағы  өз 

міндетін  былай  депті: «Ұлы  өзгерістің  Қазақстандағы  өзім 

көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде із қалдыру... 

(Беташар, 6 жол)... бұл кітабымның көп жерлері тарихи мағ-

лұмат болуға жарар деп білдім (Беташардың аяғы).

Француз  жұртында: «Сұлу  əйел  қанша  сұлу  болса  да 

бойындағы  барынан  басқаны  бере  алмайды»  деген  мақал 

бар.  Біздің  Сəкен  бұл  мақалдың  айтқанын  келтірмей  ауда-

нынан шығып кететін «сұлу əйелдердің» тұқымына қосыл-

майды  ғой.  Бірақ  шынында  Сəкен  қылығы  бүгінге  дейін 

осылай  болып  келді.  Біз  қазақ  оқушыларының  алдында, 

жұртшылық  алдында  Сəкенмен  шығып  отырғанымыз  бұл 

ғана  емес.  Сəкен  жұртқа  баяғыдан  əйгілі  таныс.  Орысша 

болсын,  өзгеше  болсын  кеңес,  партия,  баспасөз  жүзінде 

оның  ақындық  «ожарлығының»  жайын  кезінде  жұртқа 

жайғамыз,  таныстырғамыз.  Орынборда  болған (1923 ж.) 

Қазақстандағы  партия  ұйымының  конференциясындағы 

сөзінде  де  жолдас  Яролавский  «Біздің  қайғы  бай» (горе 

поэт) ақынның өлеңіне бірталай тоқтап, тұқырта тексерген 

еді.  Сəкеннің  партия  жолына,  бағытына  баға  кесілген  еді. 

Қазақ  əдебиетінде  түбі  айтылған  еді.  Осылардан  кейін  біз 

Сəкен  енді  ойланар-ау,  бағытын  түзеуге  шындап  кірісер-

ау, өзінің семинариядан алған «білімімен» табандап тұрып 



120

қалмай,  аз  да  болса  саяси  сауатсыздығын  жоюға  ұмтылар-

ау деп ойлаған едік. Бірақ оның ең соңғы жазған өлеңдері, 

əсіресе  «Жан  жолы»  деген  поэмасы  жоғары  үмітіміздің 

күлін көкке ұшырды. Сəкен – баяғы Сəкен. О күнде айтқан 

«төңкеріс  өз  бетімен  кетіп  барады»  деген  сөзіміз  əлі  сөз. 

Сəкен өзінің ту баста таңдап түскен жолында. Ол əлі Азия-

ның – қазақтың  көткеншек  дарашылдық  ескі  жолымен  əлі 

кетіп барады. Сəкен шала-шарпы жаурыпаласқан «сал» үлгі-

сіндегі  қараңғы  «қазақшылық»  жолымен  əлі  күресіп  келе 

жатыр.  Бұған  кешіктірмей  келесі  мақаламызда  айырықша 

тоқтармыз.  Кəзір  Сəкеннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешуі»  тура-

лы ғана біраз сөз жазбақпыз. Бұл кітапта Сəкен өз аузынан 

1916 – 1919 жылдардағы  қазақ  жұртшылығының  басынан 

өткен оқиғалардан өз байқағанын жазып, қорытынды бермек. 

Айталық,  Сəкен  кітаптың  тарихтығына  өзі  де  таласпасын. 

Ол «көргенін, естігенін ғана» айтсын. Біз де осы өлшеумен 

жақындалық.  Олай  қылсақ  та  оның  кітабы,  жазған  өнері, 

тапқаны,  таянғаны  ондай  да  өлшеуге  келмейтін  бір  «зат». 

Бірінші – бұл «затты» əдебиеттің қай түріне қосарын (исто-

рия, очерк, монография, мемуар, воспоминание, автобиогра-

фия и др.), жазушы өнерінің қай саласына санарын ешкім де 

ажырата алмайды (Сəкен өзі де қайда қоярын білер ме екен). 

Мұны біздің жазушымыздың кезекті «інжуі» дейміз да.

Қожанасыр  қонақ  шақырыпты.  Қонақтарының  алдына 

астауға  су  толтырып  əкеп  қойыпты  да,  қонақтармен  қоса 

отырыпты.  Қонақтар  Қожаның  не  қылғанына  түсіне  алмай 

алақтасыпты.  Мұны  Қожа  сезіп: «Ғажаптанбаңыздар,  мей-

мандарым. Егер бұл астаудағы судың артығын төксе, сонан 

соң күріш салса, май қосса, ет тураса, сарымсақ, сəбіз салса, 

тұз  сепсе,  сонда  дегенбай  палау  болады»  деген  екен. «Тар 

жол,  тайғақ  кешу»  туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Егер 

Сəкен кітабының артық кітабын төксе (тəржіма, қалды Сəкен 

айналсоқтап шықпайтын толып жатқан құба қыздарды, құла 

қыздарды, ерні қызылша қыздарды, иегі ұзынша қыздарды, 

бетсіз, шетсіз, ауыл қыдыруларды, қымыз ішулерді жəне сол 

сияқты  жұртқа  керексіздерін  шығарып  тастаса),  күнбатыс 


121

Сібірдегі  төңкеріс  қозғалысы  тарихынан  болмыстарды 

(пакті) қосса, сонан соң марксшіл əдіске алып отырып тап 

айқастарын,  ұлт  қатынастарын  талдауға  салысса,  сондай 

төңкеріс  қозғалысы  тарихының  бір  парасы  (очерк)  бола-

ды.  Ал  мына  қалыбында,  үш  қайнатса  басы  қосылмайтын 

былықпалардың  мына  түрінде  «мен»  деп  басталып, «мен» 

деп бітетін бұл «затты» өзгеше түрдегі «Сəкеннама» деуге 

ғана келеді.

Əр нəрсеге рабай керек қой. Біздің Сəкеніміз осы рабайдың 

өзіндегі кемтарлығынан ақсайды. Сəкен жөндіні жөнсізден, 

мəндіні  мəнсізден,  керекті  керексізден  дым  да  (абсолют-

но) ажырата алмайды. Оның кітабының басынан бақайына 

шейін жапса жапсырылмайтын өзін өзі өрескел мақтай беру 

(грубая самореклама). «...Арқаның жұтынған сұлулары бəрі 

қосылғанда  кімді  мас  қылмас,  кімді  балқытпас...  Бəйсейіт 

екеуміздің ортамыздағы қара торы қыз əн салды. Бұл орта 

бойлы қара торы жастау қыз» (9-бет).

«...Жылқының шетінде текемет үстінде қотанды күзетіп 

Балабайдың  қызымен  екеуміз  ғана  ояу  отырмыз.  Ақырын 

домбыра  шертіп  Сəулем  отыр.  Шалқамнан  көкке  қарап, 

жұлдыз  санап  мен  жатырмын (388-бет). (Сəкен-ау  жұлдыз 

қанша екен?)

«...Салаумағалайкум  Сəкен! – деді...» «Кəдімгі  Сейфол-

ланың Сəкені деді»... «Шіркін, Сəкен жігіт еді ғой деді...». 

«Шіркін, Сəкен кетті ғой деді» (393-бет)... «...Шіркін, Сəкен 

Түркістанға тартты ғой деді»...

«...Шіркін, Сəкен домбырашы ғой деді. Ақмолада қымыз-

шыларды аралап қымыз ішкенде, қымыз ішіп отырып дом-

быраны алып, қағып-қағып жіберіп əн салушы еді!..»

«Шіркін, Сəкен, тамаша еді ғой!.. деді» (441-бет). (Сəкен-

нің басқа да өнері бар)...»

«Қара көз қыздың бетін жарыққа шығарып қойып, қада-

лып отырған көзіне қапияда мен де қадала қалдым... Қыздың 

шешесі жеңгеймен арбасып (жылан ба екен), сөйлесіп оты-

рып, көлеңкедегі қара көзге оқ жіберіп отырдым (369 – 370-

бет)...»


122

Мінеки,  біздің  шіркін,  Сəкен!  Жігіт  Сəкен!  Тамаша  Сə-

кен! Сал Сəкен. «Тар жол, тайғақ кешудің» басынан аяғы-

на  шейін  осындай.  Мұндайын  терем  деген  адам  шіркін, 

Сəкеннің мына дəу кітабын қайта қотарып шығу керек.

Біздің  ауылдағы  Қырықбайлардың,  Сырықбайлардың 

бəрі  де  үй  арасындағы  бозбалашылығын,  қой  үркіткенін,  ит 

үргізгенін  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  деп  «тарих»  қылып 

жаза берсе, оны мемлекет баспамыз баса берсе, біз қайдан 

шығар екеміз? Бүгінге шейін жер жүзінде үлгісі жоқ Сəкен 

бастатқан  «əдебиеттің»  жаңа  жаныры  (жанр)  Қазақстанда 

туғаны да!

Олай емес. Бізді, коммунистерді төңкеріс қозғалысының 

тарихында жеке адамның қара басы оншалық қызықтырмай-

ды.  Əсіресе  Сəкеннің  ана  сықылды  өмірбаянына  онша 

өксімейміз,  біздің  ұлы  үйретушілеріміз  (учитель)  Маркс, 

Энгіліс, Лениндердің дəстүрі (традициясы) бізді əркім өзін 

мақтай  беруге  үйретпейді.  Қоғамның  əлеумет  саяси  құры-

лысын  қайта  жасауға  үйретеді.  Əсіресе  өзін  дəріптеу,  өзін 

мақтау сияқтыларды сүймеген, өте жек көрген, Ленин дəстүрі 

бізге  өте  ардақты.  Сəкеннің  кемінде 50 %-і  өзін  мақтаған 

кітабына  біздің  коммунистердің  қалай  қарайтындығымыз 

осымен ашылады. Жалғыз-ақ Сəкен мына кітабына ат таба 

алмай əурелендім (Бет ашарда) дегенше өз «өжеттігімен-ақ» 

«Мен жəне төңкеріс» деп қалайша атандырмады деп көңілге 

келеді.


Екінші – Сəкен қоғам өмірінің суретін беруге талпынады. 

Сол дəуірдегі қазақ өмірінде елеулі орын алған «Алашорда-

ны»  недəуір  айналдырмақшы  болады.  Ондай  жұмыстарды 

қолға  алған  коммунистердің  қай-қайсынан  болса  да  соған 

сүйеніп  білім  жалпылауын  (науч.  марксист.  обобщение) 

істейтін  дерек  беруді,  болмыс  (пакті)  беруді  талап  ету-

ге  қақымыз  бар.  Ондай  жұмысқа  Сəкеннің  күші  келмейтін 

сияқты. Сəкеннің болмағанда көркем əдебиет түрінде болса 

да  қоғам  қатынасын  талдауға  таянарлық  сурет  беруге  қо-

лынан келмейді. Оның бар білгені анық саяси айтыста есеп-

ке кіре алмайтын толып жатқан бір тұтас боқтық, сөгу, была-


123

пыт, балағат. Міне, төңкеріс қозғалысының «тойын» Сəкен 

осылай қылып, жұртқа осындай «табақ» тартады.

Болмаса  Тынышбайұлы  мен  Қоңырқожаның  жауында 

ықтап  отырғанда  мойнынан  суды  сонша  сорғалатқанмен 

(151-б.) тап «кегіміз» табылмайды. Олардың далада қонғаны, 

тоңғаны не жылынғаны Сəкеннің өзінің домбыра шерткені, 

«кəрлен  кесемен  қымыз  ішкені», «қызбен  қадалысқаны» 

сиақты керексіз нəрселер ғой. Бірақ амал бар ма, «Тар жол, 

тайғақ кешудің» басы да, аяғы да осы. Бұл Сəкен ойларының 

өте əлсіздігі. Байқау, бақылау деген көрген, білгеніңді «кө-

же»  қыла  бер  деген  емес.  Ондайды  қыла  берсе,  қымызды 

кім  ішпейді,  қызды  кім  құшпайды.  Əрбір  əліпби  танитын 

ауылнай-ақ, болмаса бұрынғы Бұқар əмірінің сарайындағы 

сарай тарихшысы-ақ (История граф) талай «Тар жол, тайғақ 

кешуді» жазып тастайды.

Үшінші – егер  Сəкен  көрген,  білгенін  дəл  бұлжытпай 

жазатын  таза  хабаршы  (хроникер)  болса,  онда  оның  та-

лай  білімсіздігін  кешер  едік  қой.  Сəкен  ондай  болмайды. 

Ол  қазақ  жұртшылығы  өмірінде  ұлы  мəні  бар  нəрселерді 

өзінше  бұзады.  Өзінше  бояйды.  Соны  оқушыға  ұсынады. 

Мəселен,  аты  əйгілі  қазақ  Қылестаковы  (Хлестаков) – Тө-

гісұлы  Көлбайға  арналған  кітабындағы  беттердің  құны 

қанша!  Сəкенше  Көлбай  Сəкеннің  көлінен  жүзіп  отырып, 

төңкерісшіл, социалист болып шыға келеді. Егерде Сəкеннің 

«Марксшіл» əдісі алашордашылар жамандағанның барлығы 

да  ашаланбай,  ажыралмай  төңкерісшілдерге,  социалистер-

ге санала беретін болса, онда біз Сəкенді құттықтамаймыз! 

Егер Сəкеннің «қолы тисе» қазақша болсын, орысша болсын 

партия кеңес баспасөзінде, жұрт алдында осы мəселелер ту-

ралы аз əңгімелесек болар еді.

Сөз Сəкендікі. Біз жалғыз-ақ Көлбайларға, Көлбай сияқты-

лар коммунистердің ішінен өзіне жақтаушы тапқандығына, 

Көлбайлардың Қазақстандағы коммунизмнің тұңғыш «көсе-

мі» болып шыға келгеніне ішіміз қатты ашиды. Ұят-ақ! Бұл 

ұят. Бұл масқаралық! Бұл ұят. Бұл тентектік.



124

Сəбит МҰҚАНОВ

СЫНҒА СЫН

«Жазушының жазғанына сыншы би, сыншының жазғаны-

на оқушы би» дейді «Темір қазық» журналының 1923 жы-

лы  шыққан  бірінші  санында  Сəкен  Сейфуллиннің  «Асау 

тұлпар» атты өлеңдер жинағына жазған мақаласында Нəзір 

Төреқұлұлы. Оның бұл сөзіне менің де қол қойғым келеді. 

Жазушының шығармасын бағалау сыншының еркінде болса, 

оның сынын қалай бағалау оқушының еркінде. Сондықтан 

мен, Нəзір жолдастың сыны туралы бір-екі сөз айтып өтуді 

мақұл көрдім.

Нəзірдің  бұл  сыны – қазақ  совет  əдебиетіндегі  алғашқы 

сын мақалалардың бірі. Бүгінге дейін қазақ тілінде жазылған 

шығармаларға  партия  қызметкерлері  назар  салмағандықтан, 

партиялық  тиісті  сын  жөнді  болмады,  сондықтан,  комму-

нист  Нəзір  Төреқұлұлының  сын  жаза  бастауы  жақсы  бета-

лыс. Қазақ республикасында марксизмге буыны қатпаған жас 

əдебиетшілердің  баспада  жарияланғандарының  бəрі  дұрыс 

болып көріне беруі ықтимал. Сондықтан, əр басылған кітапқа 

марксизм тұрғысынан баға беріп отыру қажет болады.

Бірақ, бұл секілді жауапты жұмыста Нəзіршілеу лайықсыз-

ақ. Олай дейтін себебіміз, – Нəзір «Асау тұлпарды» қолына 

алғаннан-ақ, о жақ, бұ жағын сығалай қарап, ішінен сөкет нəрсе 

табуға тырысады. «Асау тұлпардағы» жақсы шығармалардың 

ешқайсысын көрмейді, ол шығармалардың революциялық, со-

веттік қазақ əдебиетіндегі алғашқы қарлығаштар екенін айт-

пайды. Ол, тек, бұл жинақтың қате, кемшіліктерін ғана тереді. 

Бізде бұл мақалада «Асау тұлпардағы» жақсы шығармаларға 

талдау  жасамай,  Нəзір  Төреқұлұлының  қате,  кемшіліктерді 

қалай сынауына ғана тоқталамыз.

Кемшілікті ғана іздеген оның көзіне ең алдымен мемле-

кеттік  баспаның  басып  шығаратын  кітаптарының  сыртына 

қоятын маркасы түседі. Онда «күш – білімде» деп жазылған. 

Нəзір осыны оқиды да, «Бəсе күш білімде, дедім де, Сəкен 


125

бізге не білім береді екен, деп басынан аяғына шейін оқып 

шықтым» дейді.

Нəзір  жолдас, «сын»  ісіне  бұлай  қарау,  цирктегі  Бим-

Бомдарға  ғана  лайық.  Олар  халықты  күлдіру  үшін  аузы-

на  келгенін  айтады.  Біздің  Нəзір  де  сөйтіп,  сыншылық 

бетіне  мемлекеттік  баспаның  маркасын  ұстай  келеді  де, 

сөзін  жазушының  шығармасын  мысқылдаудан  бастай-

ды.  Мемлекеттік  баспаның  таңбасы  тұрмаса  Нəзір  «Асау 

тұлпарды» оқып шықпақ емес.

Осы  да  сөз  бе  екен?  Кітаптың  өзіне  емес,  сыртындағы 

маркасына қарап оқуға бола ма екен? «Асау тұлпарды» осы-

лай қисая оқыған Нəзірдің шығармаларға беретін бағасына 

келейік.


«Сынның»  дұрысы – əрбір  коммунист,  олардың  ішінде 

Нəзір  сықылды  жауапты  қызметкер  қазақ  тілінде  шығып 

жатқан жаңа кітаптың бəрін оқып, біліп отыруға тиіс. Баспа-

сөз – тəрбие қаруының бірі. Бұл қаруды Коммунистік партия 

кім  көрінгеннің  қолына  беріп  отыра  алмайды.  Бұны,  Нəзір 

жолдас та білетін сияқты. Бірақ таңқалдырарлық нəрсе – ол 

Түркстан  республикасында  басшылардың  бірі  боп  тұрған 

шағында,  онда  басылған  кітаптардың  ешқайсысына  сын 

жазған емес. Кітаптарды былай қоя тұрғанда, соңғы екі-үш 

жылда  «Ақ  жол»  газетінің  беттерінде  коммунистік  идея-

ға  жат  талай  мақалалар  басылды.  Нəзір  жолдас  ол  кезде 

Түркстан Орталық Атқару Комитетінде жауапты хатшы еді. 

Нəзір жолдас сыншы болса сонда қайда қалған?

«Асау  тұлпарды»  сынаумен  Нəзір  ескі  қарыздарын 

үстінен түсіре алмайды. Түркстан республикасының баспасө-

зінен  Орта  Азия  жастары  түгел  тəрбие  алуға  тиісті.  Бірақ 

оның  беріп  отырған  тəрбиесі  қандай?  Ондағы  баспасөз 

орындарының  көбінде  Қазақстаннан  сытылып  барған  бай-

шыл-ұлтшылдар отыр. Нəзір олардың Совет өкіметіне қар-

сы  жазып,  баспада  жариялап  жүрген  шығармаларын  неге 

көрмейді?

Нəзір жолдас «Асау тұлпардың» халыққа тарап кетуінен 

қорқады, сондағы дəлелі: «69 өлеңнің төрттен бірі əйелге де-


126

ген махаббат туралы жазылған. Əйелдің түрілген жалаңаш 

балтыры да өлеңге косылған».

Шариғатта əйелдің екі қолының басынан, бетінен басқа 

денесі  «ғаурат».  Нəзірдің  осы  «қағиданы»  əлі  ұмытпағаны 

ма? Ескілік шырмауындағы өзбек əйелдері бетін де қымтап 

жауып алады. Нəзір əйелдерді əлі де солай ұстау керек дей 

ме? Пушкин, Лермонтов секілді орыс ақындарының əйелді 

сипаттауын  Нəзір  оқымаған  ба?  Қазақ  ақыны  Абайдың 

əйелді сипаттауын қайда қояды екен ол? Басқа ақындардан 

да бұл секілді өлеңдер аз табыла ма?

Нəзір Сəкенге «əйел туралы көп жаздың, төңкеріс тақы-

рыбына аз жаздың» десе сыйымды нəрсе ғой. Ол өйтпейді... 

«Жұмыста жүрген əйелге құмартасын» деп, Сəкенді күрекпен 

қақ бастан салып жібергісі келіп тұрады.

Нəзір бұл «қиын мəселені» өзінше оңай «шешіп», Сəкеннің 

қасында əдепті революционер көріне калғысы келеді. Жоқ, 

Нəзір жолдас, болмайды ол! Əйелге деген махаббат – табиғат 

заңы. Махаббат байлыққа, кедейлікке, жұмыскерлікке, капи-

талистікке қарамайды. Нəзірдің Сəкенге: «жұмысшы əйелге 

қарама» деген «ақылына» қосыла алмадық. Əйел сүюді ре-

волюцияның тыйғанын мен əлі естіген жоқпын. Бұндай «ре-

волюция» ишандардың «революциясы» болуы мүмкін, бірақ 

пролетариат революциясы бола алмайды.

Нəзірдің «Айт күні» деген өлең туралы сынына қосылуға 

болады.  Бірақ,  қосыла  алмайтын  жерім: «Сабаз  исламды 

білмейді, – деп кейиді Нəзір Сəкенге, – «ақиқаттың қай күні 

түскенінен,  туысқандықтың  қай  күні  құшағын  ашқанынан 

хабары жоқ. Махаббат һəм əйел туралы қанша білімді болса, 

«ислам» туралы да сонша!».

Бұдан көрінетін нəрсе, Нəзірді Сəкеннің айт күнін мақта-

ғандығы  емес,  ислам  дінін  білмегендігі  ренжітеді.  Сəкеннің 

ислам діні туралы білімі толық болса, Нəзір оған ренжу орны-

на қуанады. Бұлай сынаудан, сынамай тек отырған көп, жақсы. 

Сəкен сияқты коммунист «Айт күнін» мақтап жасөспірім аза-

маттарды  бір  адастырса,  ислам  дінін  біліп,  жеткізіп  мақтай 

алмадың деп, Нəзір екі адастырған болып табылады.


127

«Азия» өлеңіне шыққан сыны да сын көтермейді. Сəкен 

Азияның майын ағызып мақтаса, Нəзір де сөйтіп, Еуропаға 

кір жуытқысы келмейді. Шынында екеуінікі де қате.

Нəзір сынының ішінде оқушының езу тартып күлетін же-

рі, Сəкеннің:



«Əн мен күйге түйе де

Шаттанар, хайуан десек те,

Сезбейтін оны, адамды

Салпаң құлақ есек те»... –

деген  жолдары.  Нəзір  Сəкенді  «Ақмоланың  түйелері  бол-

маса, басқа жақтың түйелері əнші, күйші болғанын көрген 

жоқпын» деп сықақтайды. Жанды-жансыз табиғатты күйге 

елтіту  Сəкен  бастаған  ғана  жол  ма?  Қай  елдің,  қай  кездің 

əдебиетінен кездеспейді ол?

Нəзір жолдас əдебиет ісінде өзін білімсіз деп санамайды. 

Əдебиетте салыстыру, суреттеу бар нəрсе. Олай болса, Нəзір 

сыны сын емес, оның аты құр байланысу мақсаты.

Сəкеннің «Жапон əдебиетінен» деген аудармасында:



«Сүйгеніме жасырын

Түнде жалғыз барсам мен...

... Арсылдап ит сен мені

Қорқытпа...........................

... Тастасам сүйек, үрмессің...» –

деген  жолдар  бар.  Нəзір  бұл  өлеңге  былай  байланысады: 

«иттің көңілін табу жолын Жапонға бармай-ақ білуге мүмкін 

ғой.  Түнде  қызға  барғанда  жанына  құрт  салып  кететін 

қазақтың бозбалалары да оны біледі ғой!».

Осы да сын боп па? Бұл өлеңді мейлі жапон жазсын, мейлі 

Сəкен, мейлі түнде жапон жігіті итке сүйек тастап жүретін 

болсын,  мейлі  қазақ  жігіті  қалтасына  құрт  салсын,  мұнан 

революцияға келер не пайда, не зиян бар?

Нəзір  «Асау  тұлпар»  туралы  мақаласын  «Темір  қазық» 

бетіне  жариялаумен  қанағаттанбай,  Қазан,  Уфа,  Ташкент 


газеттерінің бетінде де жариялатты. Онымен де қанағаттан-

бай,  Мəскеудегі  орыс  тіліндегі  журналға  да  өткізді.  Естіп 

отырмын,  Бұқара  һəм  Қырымда  да  басылған  дейді.  Бұның 

аты  не?  Бұл  сын  ба,  болмаса  бір  жолдасты  бүкіл  Ресей 

халықтарының  бетіне  қаратпастай  етейік  деп  тырысқан 

науқан ба? Əрбір саналы кісіге соңғысы екені айқын көрініп 

тұр.  Бірақ,  одан  ешнəрсе  өнбейді.  Сəкеннің  кім  екенін, 

Нəзірдің кім екенін қазақ еңбекшілері жақсы біледі. Октябрь 

төңкерісіне кімнің шын, кімнің өтірік қатынасуы да оларға 

мəлім.  Байлар  мен  байшігештерге  Сəкеннің  ұнамайтынын 

білеміз. «Асау тұлпар» төрт аяғынан түгел басқан шығарма 

деп  ешкім  де  айтпайды.  Тұлпардың  сүрінген,  жығылған 

жерлері де бар. Бірақ, ол қазақ еңбекші табының мүддесінен 

туған  бірінші  көркем  шығарма.  Ендеше,  оны  ешбір  қарсы 

науқан жоққа шығара алмайды.


129

Сəбит МҰҚАНОВ



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал