Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет7/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

«ҚЫЗЫЛ СҰҢҚАРЛАР»

(Сын)

Орынборда биылғы басылған кітаптардың ішінде «Қызыл 

сұңқарлар»  деген  Сейфуллиннің  бір  кітабы  шықты.  Бұл 

өзі  пьеса.  Бірақ  бұл  күнге  шейін  пьеса  жазған  жазушылар 

кітабына орынды, орынсыз болса да не комедия (күлкі), не 

драма (қайғылы хал), не трагедия (қанды оқиға) дегендей ат-

тарды қоюшы еді. Соныменен бұл кітаптың негізі, мақсұты, 

беті бар кітаптан айырылушы еді

1

.

Біздің  жазушы  кітабын  жоғарғының  қайсына  қосарын 



білмей  дағдарған  ба,  болмаса,  ананың  бəрі  де  өзінің  бір-

ақ  кітабынан  табылған  ба  (дұрысы  соңғысы  болса  керек), 

əйтеуір пьеса деген жалпақ атты бір-ақ отырғызыпты.

Бұл  сөздерге  қарап,  оқушы  шүбəланып  жүрмесін, «Қы-

зыл  сұңқардың»  пьеса  екендігінде  дау  жоқ.  Себебі  сырты-

на  қазақшаға  түсінбесең  міне  орысшам  дегендей  қылып, 

қазақша, орысша да «пьеса» деп қойған

2

.



Ал, кімде болса пьесалығына сендік, қазақтың тілінде жа-

зылған, қазақ өмірінен алынған қазақ пьесасы дейік те қарап 

көрейік.

Бұл  күнге  шейін  дүние  жүзінде  жазылған  пьесалардың 

мақсаты, бағыты, неше түрлі болғанымен бəрінің де əдебиет 

жолында  амалсыздан  бағынатын  бір  заңы  бар.  Ол:  пьеса-

ның  ішінде  сөзімен,  мінезімен,  ісімен  кім  екендігі  анық 

1

 М.Əуезовтің бұл мақаласы «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2 – 3 



сандарында жарияланды. Мақала содан қайтып ешқайда басылып көрген 

жоқ. Елу томдық академиялық толық басылымға Сұңқар Жұртбаевтың ки-

рилл һарпіне көшіруі негізінде жіберіліп отыр.  «...бар кітаптан айыры-

лушы еді» – басқа кітаптардан ерекшеленіп тұрушы еді – деген мағына 

береді. (Əуезов М.О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 2-том. 

Ғылыми түсініктер. «Қызыл сұңқарлар» 335, 339-беттер).

2

 «...пьеса деп қойған» – Бұл арада араб жəне кирилл һарпінен екі рет 

«пьеса» деп жазылғандығын айтып отыр.


97

көрінетін белгілі типтер шығару

1

. Біреу жақсылықтың үлгі-



сі, біреу жаманшылықтың айнасы, біреу қорқақтықтың, бі-

реу  биліктің,  біреу  ақмақтықтың,  біреу  қаттылықтың  тағы 

осы  секілді  көп  мінездердің  үлгісі  болып  көрінуіне  ке-

рек.  Сондай  мінезімен  көрінген  адамдар  арқылы  бүтін  бір 

таптың,  бір  таптың  ішіндегі  əр  мінезді  болып  жаратылған 

адамдардың жақсы жағы да жаман жағы да көрінетін болуы 

керек. Сондықтан пьеса жазушылар əуелі типтерінің жайын 

ойлайды.


«Қызыл  сұңқарды»  əуелі  осы  жағынан  алайық:  бұнда 

пікірлері  бір  болса  да  мінезімен,  сөзімен,  анда-сандағы 

ісімен  бірінен-бірі  айырылатын  жеке-жеке  адам  бар  ма? 

Қазақтығын, орыстығын былай қойғанда жеке-жеке əр адам-

ның өзіне һас болған мінездерімен көрінетін революционер-

лер бар ма?

Бұған жауап: «Қызыл сұңқарда» бөлек типтер жоқ, жал-

ғыз Ахметқалидан басқасы бəрі бір-ақ адам, шынында Ерке-

бұлан,  Жұмаш,  Жағыппар,  Лозовой,  Нестеров,  ауырып 

қалғаны  болмаса  Бəйділда  түгелімен  бірі  айтқан  сөзді  бірі 

айтатын  тұтас  бір-ақ  адам  емес  пе?  Бəрінің  мінезін  жиып 

келсек  бір  Еркебұланнан  табылады,  Лозовойдың  мінезін 

алсаң  бəрінен  табылады.  Бəрінің  халі  бір,  пікірі  бір,  өмірі 

бір болғанымен де бірі оны ойлағанда, бірі мынаны ойлай-

ды,  бірі  оны  қиял  қылғанда  бірі  басқаны  қиял  қылатын, 

сөйлессе  ылғи  біріне  бірі  (бас)  шұлғи  бермей,  дауласатын 

да  жерлері  болады.  Адам  шын  өмірін  алсақ  осындайдан 

құралады, бір кездескен он адамның бəрі бірден бір уақытта, 

ой  ойлап,  бір  уақытта  бір  мінез  істеп,  бір  уақытта  бір-ақ 

нəрсені  қиял  қылады  деу  психология  заңында  бірінші  рет 

қана айтылған сөз. Ол үшін бəйге тисе – біздің Сейфуллин 

алады.  Əйтпесе,  бəрі  сөйлетіп  қойған  граммафон  секілді, 

бəрін  Сейфуллин  бір-ақ  қалпына  соққан  жансыз  адамдар. 

Екінші:  бұл  пьеса  қазақ  өмірін  көрсете  ме,  қазақ  пьесасы 

екені  таныла  ма?  Қазақ  баласы  осы  кітаптың  ішінде  бар 

1

 «...белгілі типтер шығару» – жиынтық бейне, кейіпкер образын да-

ралап беру.


98

ма?  Менің  ойымша,  казақ  пьесасы  болып  саналуы  мүмкін 

емес. Жоғарыдағы айтқан əр геройлары түгелімен бір-ақ кісі 

болудың  үстіне,  оларда  қазақтықтан  һеш  бір  белгі  де  жоқ. 

Бұлардың құр сарнаған сөзінен басқа жайшылықтағы мінезі 

мен  ісі  көрінбегендіктен,  əдеті  мен  жайшылықтағы  əлді 

жері,  əлсіз  жері  сезілмегендіктен,  тегінде  қандай  екендігін 

білу де мүмкін емес. Сондықтан қазақтығын былай қойып, 

жеке ғана бір адам болғанда да кім екенін білу киын. Олай 

болса, пьесаны қазақтікі деп адасудың орны жоқ. Қазақтан 

кірген, артқы өмірі көмескілеу, бір тип – Ахметқали болса, 

ол мазақ есебінде көрсетілген. Орынсыз қылжақ Сықақтың 

қол жаулығы болған.

Бəйділданың: «шынына  келгенде  құдай  мен  құмалақ 

өзі  екеуі  бірдей!  Екеуі  де  əншейін  сорлы  жұртты  алдауға 

жасаған  былшыл», – деген  сөзінен  жоғарғының  шындығы 

көрінеді.

Қазақ өмірін көрсетпек болған ақырғы бөлім, қазақ өмі-

ріндегі Сейфуллиннің қиялы болмаса, анық өмірі емес. Қиял 

турасынан  не  айтуға  болады.  Кезі  келіп  шалқығанда  фу-

туризмге  де  апаратын  қиялға  біз  не  дейік.  Бірақ  пьесаның 

ішінде  қазақ  бар  ма  деген  жерде  айтатынымыз – барлық 

пьесаның ішінде Ахметқали мен Еркебұланның шешесінен 

басқа қазақ жоқ. Кітапта олар да тип болып көрінбейді. Ұзын 

өмір

1

 кітаптың бір-ақ беті (нен) ғана болымсыз сезіледі?



Онан соңғы бір сөз декларацияны сипаттауда. Төртінші 

бөлімде: «Оң  жақта  анау  биік  таулар...»  сөзден  бастап  сол 

беттің аяғына шейін ойын бөлмесінің сипаты кетеді

2

.



Түгелімен поэтической описание. Пьесаның беті

3

, мақсұ-



ты  үшін  сонша  тамылжытпақ  болып  əйгіленуі  неге  керек 

екенін жазушының өзі білмесе, оқушы біз, білмедік.

Тағы бір сөз кітаптың бас геройы Еркебұланның аты ту-

ралы: бұл қазақта кез келмейтін ат. Мұнда қойылса – мақ-

1

  «Ұзын  өмір...» – бұл  сөйлемде  баспахананың  терілімінен  кеткен 

селкеулік  бар.  Жалпы, «ұзақ  өмірдің  көрінісі  кітаптың  бір-ақ  бетінде 

баяндалған» – деген мағына береді.

2

 «...сипаты кетеді» – сипатталады деген мағына береді.

3

 «Пьесаның беті...» – шығарманың тақырыбы, бағыты деген мағынада 

қолданылып отыр.



99

сұтпен  қойылған  болуы  керек.  Сондағы  мақсұт  не?  Бұл 

атта  мырзалық  пен  серілік  бар.  Бұла  болып,  болпаш  бо-

лып  өскен,  ерке  жалғыздың  сипаты  бар,  болмаса  басы 

ауған  жағына  кететін  сəйдік

1

  сипаты  бар.  Бірақ  бұл  атты 



ешуақытта  еңбекшілдің  қамқоры,  от  пен  судың  азабында 

жүрген  бейнетқорға  жабыстыруға  болмайды.  Ол  болмаса, 

бұл  адамның  аузынан  көбігін  ағызып  жүрген  былшылды-

ғы – бір келістігінен, бұлаңдығынан шыққан ғана уақытша 

бір мінез болуы керек. Онда негіздің жоқтығы білінеді.

Əйтпесе, бұл кітаптың бəрі бастан-аяқ қазақ əдебиетінің 

ішіндегі  еркелік  пен  шолжыңдық  шығар.  Еркебұлан  деген 

атпен жазушы соны көрсетпек шығар.

Тіпті болмаса бұланның кім екенін білдірмей жұртты сан-

далтып қуланғанша, өзі көрген кісілерінің шын атын атаға-

ны дұрыс емес пе. Сонда өмірге жақын болмас па еді. Кітап-

тың шын мақсұты мен мағынасы да ұғылмас па еді?

Осы себептерге қарағанда жазушы келешекте шынын ай-

тар деген үміттеміз. Əзірше кітапта түгел көрінетін бір адам 

(законченный  цельный  тип)  жоқтықтан,  жазушының  адам 

танымайтындығынан  бар  кісісі  тұтасып,  бір-ақ  кісі  болып 

кеткендіктен,  екінші:  адамдардың  жан  сипаты  көрінбейтін 

жарты адамдар болғандығынан, үшінші: Еркебұлан деген ат 

сияқты һеш бір ойсыз, ақылға симайтын, қисындылық (целе-

сообразность) дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, 

бұл кітапты өзге жақтарынан сынау орынсыз деп білемін.

Кітаптың бір мақсұты – агитация десек, онда да жоғарғы 

шарттарды  орындап  отырып  агитация  жүргізуге  болады. 

Болмаса мұндайларды желігіп отырған жеңіл қолмен жазып 

жіберген  реклама  дейді.  Оның  ішінде,  мақтанып  кеткенін 

байқамай қалатын əңгүдіктік болады.

Əйтпесе, не жазушылықтың, не жан сипатының (психо-

логия)  адам  баласы  түгел  қолданған  заңдарына  бағынбай, 

ауыздығымен алысып кеткен қисынсыздықтарына жоғарғы-

дан басқа себеп таба алмаймыз.

1

 «...сəйдік» – толық  ажыратылмаған  сөз,  сойқан,  жеке  жүрген  адам 

деген мағына береді. «Салдық» – деген сөз болуы да мүмкін.



Өмірінің қызуы мен салқыны жоқ, ойы менен қыры жоқ, 

ұзақ бейнет, ауыр жаза, өлім қаупі болса да, бір-ақ сөз, бір-ақ 

іс, бір-ақ мінез, бір-ақ қиялда тұратын он шақты адам бола-

ды деп бұл күнге шейін һеш кім жазып көрген жоқ. Мұндай 

жандар  болмайды.  Сондықтан  мұнда  өмір  жоқ,  жан  жоқ. 

Көбінесе шынға қосып бұлдырды аламыштаған пьеса.

Бұл  кітаптың  болашағына  келгенде  айтатыным(мыз) 

сол:  қазақ  əдебиетінің  жұрнағы  болып  ішінен  орын  алуы 

неғайып.  Олай  болса  қызыл  түсті  сұңқар  көрінгенше  бұл 

кітаптың  ішіндегі  шала  көрінген  геройлардың  сұңқарлығы 

да түсініксіз бола тұрар.

«Қызыл сұңқарлар» туралы енді тілейтін тілегіміз: басын-

да да өлі аруақ, тірі достың талайына сый есебінде арналған 

екен, оның үстіне Орынбордағы жиын сайын жиылушыларға 

сый  деп  үлестіріледі – дейді.  Баяғының  қазағы  біріне  бірі 

сыйға тауыстың бір тал құйрығын бергенде қуанысып алы-

сады екен. Тек мына сыйымыз сол құйрықтай қуантуға жа-

рап, сондай кəдірлі болғай еді.



Қоңыр

101

Мұхтар ƏУЕЗОВ

ШЫНШЫЛ, ТƏКАППАР АҚЫН

Желісі  үзілмей  келген  жиырма  жылдық  ақын  жолы  же-

ңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істегі нəр атаулының бар-

лығын қуаныш пен күйініш, қинау мен тебірену араларында, 

жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық 

жас  қуаты,  өмірлік  бейнеті,  жүрек  қаны  сарп  етілген.  Осы 

күй əсіресе Сəкен басынан мол кешті.

Еңбек  дүниесінің  күні  тумай,  шөл  ғасырлардың  кер  за-

маны меңдеп тұрған күндерде шығып, тарихи сын күндерде 

кері  кетпей,  өмірдің  өріне  тарту,  əуелгі  адамның  өзінде-ақ 

«оңай жол болайын» деген жоқ-ты.

Осы жиырма жыл бойын басып озып отырған ақын еңбе-

гіне  сыншы  да,  тарихшы  да  емес,  жай  қатардағы  оқушы 

есебінде  көз  жіберіп  қарасаң  өзгеде  жоқ  екі  түрлі  ерекше, 

ірі қасиеті басымдап айқындана шығады. Мұның біріншісі: 

жалтағы жоқ шыншылдығы. Екіншісі – ақындық тəкаппар-

лығы. Жай мінез молшылығын айтпаймын, ақындық еңбегі-

нің сипатын айтам.

Ең əуелі тəкаппарлық дегенге тоқтасақ: бұл сөз қазақ құла-

ғына тосаң тиетін, өзінің нəрлі жақсы мағынасынан айрылған 

сөз еді. Оның тарихи себебі де бар еді. Отар күні ошарыла 

басқан  құлдық  күні  болатын.  Құлдық  психологиясын  елге 

мінез етіп басқалар: хан, төре, би, болыс, чиновник-тілмаш, 

ескішіл-байшыл  ұлтшылдар  етіп  еді.  Жалыну  мен  жағыну 

үстінде де өз күндерін кешіп еді. Адамның шын адам мүсі-

нін көрсететін, өз басын «өзгеден кем емеспін, теңмін» де-

ген сенім, санаға жеткізетін, қадірлі сипат-тəкаппарлық ана-

лар тұсында сөнген, солған еді. Ол тіпті айыпты мінез, шам 

сөздің  мағынасында  қалып  еді.  Октябрь  революциясы,  Ле-

нин жолы бізді, міне мақтандыратын, тəкаппарландыратын 

күнге  жеткізіп,  одақтық  сүбе  елінің  бірі  етті.  Пролетариат 

революциясының басынан басталған партия тəрбиесі бүкіл 

дүние  еңбекшілерімен  қатар  Қазақстан  еңбекшілеріне  де: 


102

«дүниеге өзін, қожамын деп біл», «бұқпантайлама, өркөкірек 

бол» деп көптен баулып келеді. Əрбір елдің елдік қасиетінің 

іргесі соған тірелуші еді.

Міне, біздің əдебиетте қаламның буыны беки бастағаннан 

бері қарай осы қасиетті берік ұстанған жалғыз ақын – Сəкен. 

Тəкəббірлікті  жақсы  мағынасында  танытып,  əдебиетте  де, 

ой-санаға да сіңіріп келе жатқан еңбегі айқын.

Жақсы  мағынасында  дегенді  баса  айтамын.  Өйткені, 

«Арыстанмын», «Күнмін», «Пайғамбармын», – деп  қоғам-

нан,  тарихтан  қағылып  қалып,  далада  истерикамен  жалғыз 

өзі шабынғандікін біз жаңағы айтып отырған тəкəббірлік де-

мейміз, истерика дейміз.

Ал, Сəкеннің ақындық асуларында, əр жотадан атой бер-

гендей,  тəкаппар  сөз  үндері: «жабы  емеспіз,  тұлпармыз», 

«құладын  емес  сұңқармыз»  деп  бұрынғы  өткен  тарихқа, 

бүгінгі  оянған  табыңа,  езілген  еңбекшілерге  дабыл  ұрады. 

Бұл  сияқты  тəкаппар  үнінің  өскелеңдеп,  үндеп  келген  бір 

тұрғысы – «Альбатрос» заманының қасарысып соққан дауы-

лына қасқиып ап, қанатымен қар сабап, қарыса ұшқан «Аль-

батрос» анау. Сұңқар «тұлпардың» екінші аты. Ол СССР – 

тəкаппарлықпен қарысқан СССР. Сəкен өзімен, өз басымен 

тəкаппарлық етпейді. Табымен, Отанымен тəкаппарлық ете-

ді. Олардың да алысқа құлаш ұрған ізімен, қиынға самғаған 

қанат қағысымен тəкаппарлық етеді. Соны біздей бұрыннан 

ылғи жасандық, бəсеңдікпен келген елдің көкейіне көбірек 

сіңіріп, бүгінгі бақыт, теңдік күнінде өрлендіре, өршелендіре 

бастыртады. Ақындық еңбегінде мұндай өнімді сарын тау-

ып  отырған  ақын,  əрине,  өзінің  тарихтағы  орны  мен  ма-

ңызын  қамтамасыз  еткен  ақын  болмақшы.  Əр  ақынның 

осындай  өзіндік  пішіні,  осындай  барлық  еңбегімен  туатын 

тұтас, үлкен қорытындысы болса екен дегізеді. Мұндай дұ-

рыс  жолдағы  революциялық  тəкаппарлық  пен  сол  ақынды 

шығарған орта тəкаппарлана алады.

Сəкен ақындығының екінші зор қасиеті – шыншылдығы. 

Оның  шығармаларына  біткен  сезімнің  барлығы  да  айқын, 

ашық. Тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті бү-


тіндігі  бар  сезімдер.  Белгілі  шығармаларынан  өлеңін,  əңгі-

месін, поэмасын алсақ – барлығында да сүюі мен ашуы, ыр-

залығы  мен  наразылығы,  үміті  мен  күдігі  əрқашан  барын-

ша шын сезімнің толқыны боп білінеді. Сонысымен əсерлі 

де,  күшті  боп  шыға  алады.  Өз  ішінде  тұрған  көңіл  күйін 

оқушыға жеткізіп, қондырып ұқтыра алады.

Лебімен тартатын өнімділік, ұтымдылық табады. Шыны 

қайда, өзі қайда екенін білдірмейтін, жаза баспайтын, ішіне 

тығынған кедір-бұдырсыз тақ-тақ жолдың ақыны Сəкен емес. 

Оның  шыншылдығы  қозып,  жанып  отыратын,  буы  білініп 

тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сон-

дықтан мұның жолы əр адымын санап басқан кісінің жолы 

емес,  ылдиы  бар,  өрі  бар – шын  өмір  жолы,  ыстық  қанды 

нағыз ақын жолы.

Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен 

еңбек туса осындай қайнар көзден шығуға лайық. Біздің бү-

гінгі  əдебиеттің  əлі  заманымызға  сай  үлкен  обобщениені 

жеке-жеке  кесек,  ірі  шығарма  түрінде  бере  алмай  келе 

жатқаны  мəлім.  Жиырма  жылды  басып  өтіп,  күш-қуаты 

шын  толған  кезіне,  кемеліне  жеткен  Сəкеннен  енді  сон-

дай  қорытынды  еңбектерді  күтеміз.  Соны  бере  алады  деп 

сенеміз.


104

Нəзір ТӨРЕҚҰЛОВ

«АСАУ ТҰЛПАР»

Таласпа, жаным-ай,

Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске.

Абайдан.

(Сəкен) Садуақас Сейфоллаұлының 1914 – 1922 жыл ара-

сында жазған өлеңдері. Орынбор, 1922.

Сыншы (критик) мен доктор арасында бір-ақ айырма бар. 

Ол айырма: ауру кісі өлетін халге келіп қалған болса, док-

тор қарап, шынын сөйлемей, аурудың көңілін көтеріп кетсе, 

ол докторды ешкім айыптамайды. Шынын сөйлеу-сөйлемеу 

доктордың өз еркінде, доктордың «өтірігінен» жұртқа зиян 

жоқ...

Сыншы  болса  ше?  Сыншы  əр  уақыт  шынын  сөйлеуге 



міндетті. Шынын сөйлеу – сыншының қарызы. Сыншының 

«өтірігі» – жұртқа  зиян,  жазушы  мейлі  «өлетін»  бол-

сын,  критикасы  көңіліне  тіпті  ауыр  тиетін  болсын,  жазу-

шының мінезі мейлі жаман-ақ болсын, аждаһадай «жұтам» 

деп тұрған болсын, иə болмаса «жат туған бұл дүниеге мен 

бір ғаріп» деп көзіне жас алып жалынған болсын, сыншы еш 

нəрсеге қарамай, өз міндетін атқаруға тиіс!..

Жазушының жазғанына сыншы – би; сыншының сынына 

оқушы – би. Келелік енді мақсатқа: «Асау тұлпарға».

«Асау тұлпар» – Сəкеннің 1914 – 1922 жыл арасында жаз-

ған кітабының аты. 8 жыл жазған өлең-жырлары!..

Кітаптың  бір  шетінде  «күш – білімде»  деп  жазып  та 

қойылған! «Бəсе, күш – білімде» дедім де: «Сəкен бізге не 

білім береді екен?» – деп басынан аяғына шейін оқып шық-

тым.  Қарасам, «Асау  тұлпар»  дегені  шынында  да  «асау» 

екен, бірақ «асау» болғанда, «білімсіз асау» екен! Дəлел ке-

рек пе? Дəлел керек болса, мен үндемейін – Сəкеннің өзін 


105

сөйлетейін. Не туралы? Мəселен, қатын туралы жырласын. 

Қатын – дүниенің шырайы, еркектің жолдасы, жаңа тұрмыс 

келе жатыр.

Қатынды не біледі Сəкен – қарайық. Бұл – қиын мəселе. 

Бұл  мəселеге  келгенде  көп  азаматтар  сүрінген.  Революция 

бұл  мəселені  шешті.  Революция  заманының  қазақ  ақыны 

əйелді қалай түсінген екен?

Мысал үшін 1921 жылы 15 мамырда Омбы – Қызылжар 

жолында  вагонда  отырып  жазған  «Маржан»  деген  өлеңін 

алайық. («Асау тұлпар», 8-бет):

«Маржан, Маржан, қарағым!

Күлімдейді қабағың».

Сəкеннің көзі Маржанның аяғында...



«Түріліпті балағың,

Жалаңаш, балғын балтырың

Не деген сұлу, жарқыным».

Маржанның жұмыста жүргенін Сəкеннің өзі де біледі:



«Маржан, Маржан, жүрегім,

Қолыңда сенің күрегің.

Жұмыста жүрсің білемін».

Жұмыста  жүргенін  өзі  біліп  тұрса  да,  басында  өз  «қай-

ғысы»:

«Жалаңаш жұмыр білегің,



Мойнымнан құшшы – тілегім» (?)

Орынсыз жерде, іс қылып жүрген бір қатынға барып жа-

быса  кету  таңқаларлық.  Бірақ  ойлап  қарағанда  таңқалатын 

дəнеме жоқ. «Жұмыста жүргенде» оның ісі бар ма?! Сөйтсе 

де, Сəкен «өз қайғысын» ойлап жүргенде есіне заман түсіп 

кетіп, ұялғаннан өлеңін былай аяқтайды:



106

«Маржан, Маржан, мініскер,

Сымбатты, күшті, жұмыскер,

Шын сұлу, таза, біліскер,

Піскен алма қойныңда,

Білегіңді артшы мойныма.

Маржан, көзің көмірдей,

Арам бітіп семірмей,

Денең күшті темірдей,

Бай қызындай керілмей,

Іс істе, жаным, ерінбей» (?)

«Маржан» білмейді енді: білегін ақынның мойнына арт-

сын ба, жə болмаса «бай қызындай керілмей» іс істесін бе? 

Менің ойымша, ең жақсысы, іс уақытында келіп «білегіңді 

артшы мойныма» деп қыңқылдап жүрген кісіні сол «күрек-

пен» басқа салып қалу керек. Болмаса, бұл өлеңде не бар? 

Революцияның бізге берген не көркемдік сезімі! Не ағалығы, 

не ақылы! Бұлардың ешбірі болмаған соң, жауабы «күрек» 

болады! Мысал үшін, міне, екінші өлеңі: «Марияға» («Асау 

тұлпар», 130-бет):



«Өмірде іздегенім,

Талай іздеп, көздегенім,

Сен едің, жаным, сен едің,

«Бақытым менің жалғыз сенде,

Барлық дүние саған тең бе? – (?)

Деп едім, жаным, деп едім.

Ауыл бардық, жүрдік, қондық,

Ойнай, киіз үйде болдық,

Жаттың маған тақалып,

Ақырын жұмсақ қол ұстастық.

Жүрегіңе қысып бастың,

Қолымды ұстап апарып».

Сонан соң? Сонан соң, өзің білген баяғы мінезі. Мінез – 

табиғат. Өз табиғатынан шыға алмайды, байғұс! «Мен оны 


107

құшақтадым, ол мені құшақтады, бір-бірімізді құшақтадық» 

дегеннен басқа «білімді» білмейді:

«Құшақтадым, қыстым сені

Сен де сүйіп, құштың мені»...

Бұл  өлең 1922-ші  жылы  Орынборда  жазылған. 1922-ші 

жыл, революциясыменен өз жолында кетіп барады – Сəкен 

болса,  өз  жолында...  баяғы,  баяғы!  Жеті  жыл  бұрын  да  ол 

тап осылай болған – сонан бері ол тіпті өзгермеген. Мысал 

үшін сабаздың 1915-ші жылда жазған «Жазғы түнде» деген 

өлеңін қаралық. Сабаз далада. Мұндай түнде Сəкенді тауып 

болмайды.

Ол «уағдалы жерде»:

«Дорыб шыққан жарыңды,

Уағдалы жерде барыңды,

Білдіресің көрініп».

«Жары» жетіп келгеннен соң, тағы бəрімізге белгілі баяғы 

əңгімелері:

«Ерінге ерін тиісіп,

Бал алып тілден сүйісіп,

Жандырар жарың лебімен,

Төсіне қысып төсіңді.

Махаббат жеңе есіңді».

 

 



 

 

            («Асау тұлпар», 9-бет)



Кейде  сабаз  жас  қыздарға  да  кез  келіп  қалады.  Сонда 

ақынның басына келетін «пікір» не? Бұл «пікірді» білу үшін 

«Асау тұлпардың» 97-інші бетіндегі «Надежда, Үміт, Оми-

ла» деген өлеңін оқыңыз:



«Надежда, Үміт, Омила,

Аққуымсың, сəулемсің».

........................................

108

«Түйін салып жас балдыр,

Алма ер жетіп өседі. (?)

Албырап, биік саяда

Уыздай болып піседі,

Не шіриді, не құрт жеп,

Не бір пенде үзеді»

......................................

«Сен алмасың биікте,

Сен əлі жас баласың.

Түскеніңді үзіліп,

Білмей қалқам қаласың» (?)

Бұл өлеңнің астында 1922-нші жыл тарихы тұр! Кітапта 

68  өлеңнің  төрттен  бірі  əйел,  махаббатқа  арналған.  Бірақ 

байғұстың  білген  əйелі  осы.  Бөтенін  білмейді,  көрмейді. 

Бірақ трагедия мұнда емес. Білмегендігін өзі сезбейді. Міне, 

трагедия  қайда!  Арабтың  «жаһилмеркеп»  дегені  осы  бола-

ды.

Сəкеннің  философиясына  келелік.  Философиясы  шолақ: 



Бұқара диуанасының «философиясына» бір-екі жаңа «сөздер» 

жалғаған. Бір-біріне бірақ жанаспай қалған. Жақсылап жана-

суға  шамасы  келмеген.  Мысал  үшін  «Айт  күнін»  оқыңыз. 

(«Асау тұлпар», 15-бет):



Бүгін айт, құрметті күн исламның,

Мейрамы күллі момын

 

 

 

мұсылманның.

....................................................

Есігі сегіз ұжмақ ашылған күн,

Халықтың рахмат нұры

 

 

 

шашылған күн,

«Тəңіріне шүкірлік қылып,

 

 

 

тілек тілеп,

Сəждаға барша момын бас ұрған күн.

Сəулесі түскен күні ақиқаттың,

Қалдырған ізгілігі Мұхамедтің.

109

Ортақтық, туысқандық,

 

 

 

қайрымдылық (?)

Құшағын ашқан күні махаббаттың (?)»

...........................................................

«Талғамай жақсы-жаман,

 

 

 

кəрі – жасың,

Бай, кедей, бөтен, жақын

 

 

 

ауылдасың.

Һəр момын күтетін күн келгендерді,

Құрметпен алдарына жайып асын.

Міне, философия! Не дейсіңдер?....

Бірінші: Сабаз исламды білмейді: Ақиқаттың қай күні түс-

кенінен, «туысқандықтың» қай күні құшағын ашқанынан ха-

бары жоқ. Махаббат һəм əйел туралы қанша «білімді» болса, 

«ислам» туралы да сонша.

Екінші: өзің білмеген, нанбаған нəрсеңді жұртқа үлестіру-

ден не пайда?! «Ермек» үшін барды-жоқты шатқаннан кімге 

пайда. Бұл өлең революциядан бұрын-ақ жазылған болсын, 

бірақ 1922-ші жыл бастырып шығаруда не мəні бар еді, біле 

алмадым. «Орыс ойына келгенін қылады» дегендей, Сəкен 

де «ойына келгенін» жазады.

Бұл сөзге дəлел қылып екінші бір өлеңін де көрсетуге бо-

лады. «Кітабының» 98-ші бетінде «Азия» деген өлеңін оқы-

ңыз. «Азиясына» біз баға берместен бұрын, тағы Сəкеннің 

өзі біраз сөйлеп өтсін. «Азия» Еуропаға айтады:



«Мен жібердім семитімнен

 

 

 

 

Мұсаны,

Ибраһим, Дəуіт пенен Исаны,

Тағы талай көп пайғамбар жіберіп,

Ақырында Мұхаммедті жұмсағам.

Адамзаттың шыңырауға батқанын,

Былғанышта үйелесіп жатқанын,

Əуелден-ақ құтқарушы сен бол

 

 

 

 

деп,

110

Семитімнің ұрпағына артқанмын».

Еуропа Азияның тілін алмаған соң

Мен жібергем қару, садақ

 

 

 

жарақпен,

Гүн, мадияр, бұлғар, мавр, арап

 

 

 

 

бен

Түрік-татар, монғолымды көргенсің,

Олар сені ұшықтаған садақпен.

Мынау жері тағы қызық:



....................................................

Жібітуге жүрегінің тастығын,

Семитімнің көп ұрпағын тағы да

Жұмсадым мен Маркс қылып бастығын.

Ал  енді  Еуропа  көнбесе  не  болады?  Ол  уақытта  жаман 

болады!

Теңсінбесең паң қып ұстап өзіңді,

Күшпен үйрет мынаны деп

 

 

 

жұмсармын,

Монғолымды, қиғаш садақ көзімді.

Еуропа не қылса Азияның көңілін тапқан болады:



Семитімнің балалары бастады,

Ер соларға, енді оларға қас болма.

Бұл «өлең» 1922 жылы маусымның 10-ында Орынборда 

жазылған! Айтамын ғой: революция өз жолыменен кетіп ба-

рады да, Сəкен өз жолымен айдап барады. Бұрылып та қара-

майды.

Бұл өлеңін жазғанда сабаздың не мақсаты бар екен? Ан-



тисемитизмге  қарсы  жазайын  деген  болса  ниеті  жақсы,  бі-

рақ пайдасы жоқ. Өйткені қазақ арасында мұндай нəрсенің 



111

жоқтығы бəрімізге белгілі. Еуропаны жақсы жолға бастайын 

деген болса, Еуропаға қазақша жазудан пайда шамалы.

Шамалы «ақыннан» шамалы пайда.

Бұл өлеңнің мəнісін тексерсек, «ботқадан» басқа дəнеме 

шықпайды.  Бірінші:  Азияның  қазіргі  заманда  Еуропаға 

«жолбасшы» боларлығын енді естіп отырмын. Екінші: гүн, 

бұлғар, монғолдардың Еуропаға келгенде тегін келмей, «ақи-

қат» орнату үшін келгендігі де бұл уақытқа шейін, шыным-

ды айтайын, білгенім жоқ. Бірақ мен білмегенменен, «Еуро-

па – Азия» да білмейді. Егер «Орынборда Сəкен деген бір 

қазақ  ақыны  осындай  бір  пікір  «шығарыпты»  делінсе,  сол 

күні-ақ Сəкенді Орынбордан алып келіп, бір музейге кіргізіп 

қояр еді. Мұндай қызық кісіні музейден басқа жерге қойып 

та болмайды!

Үшінші: революция семит(Сам) балаларының сыбағасы, 

«еншісі»  болғанын,  бүтін  ұлттар  солардың  артынан  еруге 

керектігін білгенім жоқ.

Бұл уақытқа шейін менің білгенім – ортада принцип бар 

еді, марксизм білімі бар еді. Байғұс Маркстің не жазығы бар: 

Қазақстан  топырағында  семит  балаларына  бастық  қылып 

қойған.  Өліктің  тірілуі  мүмкін  болғанда  Мəрекең  келіп 

Сəкенге айтатын сөздерін айтар еді.

Сөздің қысқасы: мұндай білімсіздікпен өлең жазып, əуре 

болып жүруінің өзі ұят. Білімсіз болғанда, ұятты болу керек. 

Болмаса «Еуропаны» жамандау керек болса, ауылда жүрген 

əншейін бір қара ақынға: «Базарбай, кəне, бір Еуропаны жа-

мандап  бер», – десең,  сол  да  шамасы  келгенше  жамандап 

берер еді. Сол да Сəкеннен өткізбесе, қалыспас еді. Бірақ не 

пайда?!


Жамандағанда біліп жамандау керек. «Уа, Еуропа уа, Еу-

ропа» дегенменен болмайды. Əдебиет «митинг» емес, біздің 

міндет: Еуропаның білімін, техникасын алып, капитализмнің 

бізге  керекті  өнерін  үйреніп,  Кеңес  үкіметін  көркейту,  кү-

шейту, «Қиғаш  көзді  монғолдан»,  оны  өлең  қылған  қазақ 

ақындарынан  не  Азияға,  не  дүниеге  «сауап»  жоқ.  Жаңа 

өлеңдерінен  Сəкеннің  өз  ақылыменен  жазғандары  түкке 


112

жарамайды.  Мысал  үшін  «Иван  менен  Мырзабекке»  деген 

өлеңін оқысаңыз жетеді. Бұл өлеңде Сəкен өзінің «ұлтшыл-

националист» еместігін, интернационалист екендігін білдір-

мекші  болған  деп  ойласа  да  болады.  Жə,  Сəкен  кім  болса 

сонымен  төбелесіп  кете  беруге  білдірген  десе  де  болады. 

Екеуінің  бірі:  Иван  мен  Мырзабек  не  кедей  табынан,  не 

буржуазия табынан. Екеуі де кедей болғанда, оларға «най-

за оқталып» жүруі жарамайды. Екеуі де ақсүйек төрелерден 

болғанда, оларды үгіттеу артықша жұмыс. Не десең де бай-

ғұс  Сəкен  өзінен  шығарып  бір  ұнамды  пікірлі  өлең  айта 

алмаған. «Қазақ  марсельезасы», «Жұмыскерлерге»  деген 

өлеңдері – бəрі Сəкеннің пайдасына жүрмейді. Өйткені:

Патшада əділдік жоқ еді,

Ұлықтар парақор тоқ еді,

Бұқара халықты кем тұтқан,

Жек көрген, итімен тең тұтқан.

Қоспаған санына адамдық,

Айламен ұстаған надан ғып, –

 

 



 

 

          («Асау тұлпар», 62-бет)



деуіменен ғана кісі революция ақыны болып кетпейді.

Революционер ақын басынан аяғына шейін бір түсте, бір 

қалыпта болады.

Бір жақтан порнография жазған, бір жақтан Азия менен Еу-

ропаны айыра алмай, басындағы ботқасын жұртқа үлестіріп 

берген,  бір  жақтан  өзінен  шығарып  жазуға  тура  келгенде 

«білімсіздігін» интернационализм қылып көрсеткен кісіні ре-

волюционер-ақын  деп  айта  алмаймыз. «Революционермін» 

деген кісіні əсіресе санасыз «ақыннан» шыққандарды қатар-

ға  алудан  бұрын  бес-он  «електен»  өткізу  керек.  Оның  үс-

тіне «електің» көзін күннен-күн тарайту керек болады. Біз-

дің мұнда Сəкенді өткізіп отырған «елегіміз» – Октябрь ре-

волюциясының бізге берген сезімі, бұл сезім өлшеу болуға 

жарайды.


Енді  Сəкеннің  тəржімелеріне  көз  салайық!  Тəржімелері 

де  таңқаларлық!  Бөтен  жұрттың  əдебиетінен  бір  нəрсені 



113

тəржіме  қылмақшы  болғанда  белгілі  бір  пікірге  қарап,  сол 

пікірге тура келгендерін ғана тəржіме қыла беру керек! Əйт-

песе, жараған-жарамағанын тəржіме қылу болмайды. Сəкен 

қайтеді? Сəкеннің мұнда да белгілі бір пікірі көрінбейді. Сол 

пікірдің өзі түбінде жоқ білем. Болғанда өз-өзінен жарқырап 

шыға  келер  еді.  Мысалы:  Шайх  Сағдидан («Асау  тұлпар», 

34-бет).


Əн мен күйге түйе де (?)

Шаттанар хайуан десек те.

Сезбейтін оны адамды,

Салпаң құлақ есек те.

Сағдидың «мұндай» өлеңі барлығын енді көремін. Жарай-

ды  Ақмолада  отырып  Сəкеннің  «оқыған»  Сағдиды  жазған 

болсын. Бірақ бұл өлеңдегі «түйеге» мен таңқаламын: «Ақ-

моланың түйелерін білмеймін, көргенім жоқ, басқа жердегі 

түйелердің əншіл, күйшіл болғанын білгенім жоқ». Егер Ақ-

моланың  түйелері  «күйшіл»  болса,  Сағдидың  одан  хабары 

болмаса керек, «оны сезбейтін ақынды» енді біз не дейміз?

Мынау Сəкеннің Жапоннан барып алып келген өлеңі:

Сүйгеніме жасырын,

Түнде жалғыз барсам мен,

Терезе ашып сүйісіп,

Аузынан бал алсам мен.

«Арсылдап, ит, сен мені

Қорқытпа – деп: қабармын,

Тастасам сүйек үрмессің,

Көңліңді сөйтіп табармын.

 

 



 

 

          («Асау тұлпар», 35-бет)



Иттің көңілін табу жолын Жапонға бармай-ақ білу мүм-

кін еді ғой. Түнде қызға барғанда жанына құрт салып кететін 

қазақтың бозбалалары да оны біледі. Сəкен мұнша алыс жер-

ге барып жүрмесе де жарар еді. Түбінде осы өлеңді Сəкеннің 

өзі жазған-ау деймін.


114

Терезе ашып сүйісіп,

Аузынан бал алсам мен, –

деген сөз Сəкеннің өзінен шығады. Бəрін өзім жазған бол-

майын деп, ұялшақтық қылып, Жапонға сілтеген деймін. Не 

болмаса, «хикметі» терең сөздер!

Мынау Сəкеннің əлгі ұрысқан Еуропасынан «Мицкевич-

тен» деп алып келген малы:



Жақсы көрсін десең ит,

Жақсы көр итті өзің де,

Ұмытпайтын бұл бір сөз,

Лұқман айтқан сөзіне.

 

 



 

 

          («Асау тұлпар», 35-бет)



Асыл сөздер, терең сөздер! Бірақ қазір бізге керек өмес 

сөздер!...

Еш  нəрсеге  жарамаған 69 өлең  хақында  мұнша  ұзын 

критиканың өте қажеті жоқ та шығар. Сонда да ұзын крити-

ка жазуға мына пікірлер себеп болды:

Бірінші:  Қазақ  республикасы  кітапқа  кедей  жұрт,  оқуға 

ынтық. Мұндай уақытта қазақ оқушысының қолына мұндай 

кітапты  ұстату  үлкен  қате.  Мұндай  кітап  беру  жұртты  кі-

таптан  бездіру  деуге  болады.  Жұртты  ілгері  бастыратын, 

көтеретін,  тəрбие  қылатын  санасы  болмаса – «кітап»  кітап 

болмайды.

Екінші: əдебиет көптің малы. Аяқбай, таяқбайдың малы 

бола  алмайды.  Бұл  себептен  əдебиет  үйіне  кіретіндер  əр 

уақыт «қатты тергеуден» өтуі тиіс. Əйтпесе, əркім өз қайғы-

сын жаза берсе, əдебиет ермек болып кетеді.

Сəкеннің «Асау тұлпары» болса оқыған кісіге ауыр пікір-

лер береді. Қазақ халық əдебиетінің енді аяққа тұрайын де-

ген уақытында мұндай «кітаптың» Қазақ республикасының 

астанасында шығуы қайырлы емес. Неге десеңіз:

Бұл кітаптың не санасы бар,

Бұл кітаптың не ахлақы бар,


Бұл кітапта революцияның не рухы бар, не берген?...

Сана орнына «ботқа» берген,

Ахлақ орнына порнография берген,

Революция рухы орнына «асаулық» берген.

Кім оқысын бұл кітапты?

Қазақ кедейіне беруге болмаса,

Мектеп баласына жарамаса,

Əйел-қыздарға көрсету ұят болса,

Сəкен өзін де келеке қылған, əдебиетімізді де!

1500  жыл  бұрын  «жабайы»  арабтың  жазған  «махлұқат 

сыбұғасы»  электрик,  радио  заманы  ақынының  жазғанынан 

1500 мəрте артық.

Мұны Сəкен білмегенде, Орынбордың халық ағарту ко-

миссариаты білсе керек еді. Бұл туралы комиссариат өз жа-

уабын  соңынан  жазып  жатар,  бірақ  қазірден  қылынатын 

жұмыс мынау:

Жасөспірім жігіттерімізге шын революция тəрбиесі бері-

луіне зиян тимесін деп жастар ұйымы бұл кітапты жастарға 

оқытпасқа тиіс.

Кісі өзінің кім екендігін, дүниеге қалай қарау керектігін 

білмесе  тұрмысқа  жарамайды,  революцияны  түсінбейді. 

«Асау тұлпарды» оқыған кісі өзінің кім, дүниенің не екенді-

гін білу былай тұрсын, оң аяғы менен сол аяғын білмей қалу 

ықтималы бар.

«Кітаптың» осы «қасиеттері» критиканың ауыр болуына 

себеп болды.



116

Нəзір ТӨРЕҚҰЛОВ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал