Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет6/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ДОС, СЕРІК

Туған елінде жалынды революционер əрі атақты жазушы 

Сəкен Сейфуллиннің 70 жасқа толу мерекесі тойланып жат-

қан  кезде  мен 1917 – 1920 жылдары  Ақмолада,  Омбыда, 

Қарағандыда, республиканың тағы басқа жерлерінде болған 

революциялық оқиғаларды еске түсіріп, сол жайларды тағы 

да бастан өткізгендей боламын.

Қазіргі Целиноград, бұрынғы Ақмолаға мен 1917 жылдың 

қараша айының соңына таман Омбыдан келген болатынмын.

Ақмолада Кривогузов, Монин сияқты большевиктермен 

жолықтым. Тезірек актив жиналысын шақырып, Совет өкі-

метін орнату жолында көпшілік арасында қауырт жұмыс іс-

теу қажет болды.

Əлі есімде, орысы бар, қазағы бар 30 адам жиылдық. Сəкен 

Сейфуллинмен осы жиында таныстым.

Сұңғақ  бойлы,  қап-қара  төгілген  қалың  шашты,  жылы 

жүзді, сымбатты жас жігіт – Сəкен бір көргеннен-ақ адамды 

өзіне тартып алады. Жиналыста 11 – 13 адамнан большевиктік 

комитет құрылды, онын құрамында Сəкен Сейфуллин жəне 

мен де бармын.

Жаңа  комитет  «Империалистік  соғыс  жойылсын!», 

«Шаруаларға  жер  берілсін!», «Совет  өкіметі  үшін!»  деген 

большевиктік ұрандарды еңбекшілерге түсіндірді.

Митингілерде,  адамдармен  əңгімеде  біз  оларға  шындық 

көзін аштық. Қалалық жиналыс өткізіліп, оған кедейлер, орта 

шаруалар, бұрынғы майданға қатысушылар шақырылды.

Большевиктер  өздерінің  сөзінде  патша  жендеттерінің 

тас-талқанын  шығарып  əшкереледі.  Сəкен  Сейфуллин  мен 

Бəкен Серікбасвтың байлар мен алашордашыларды түйреген 

мірдің  оғындай  өткір  сөздері  əлі  құлағымда.  Жиналғандар 

«Контрреволюционерлер өкіметті халық қалаулыларына тап-

сырсын!» деген қаулы алды.



81

1918 жылдың 15 – 18 ақпанында еңбекшілер депутаттары 

Советінің 1-ақмолалық уездік съезі болды. Съезде Сейфул-

линнің ұсынысы бойынша мемлекет есебінен жаппай сауат-

тандыру жəне мектептер салу жөнінде қаулының ең басты 

пункті қабылданды.

Еңбекшілер депутаттары Советінің жаңа атқару комитеті 

Сейфуллинді  уездік  бірінші  халық  ағарту  комиссары  етіп 

сайлады.  Еңбекшілер  депутаттарының  Ақмола  советі  жаңа 

өкіметтің толық жеңісі жолында жан-жақты жұмыстар жүр-

гізді.  Бірақ  жасырынған  контрреволюционерлер  тыныш 

таппай, астыртын əрекет жүргізіп, 1918 жылғы маусымның 

2-нен 3-не  қараған  түнде 300-ге  жуық  большевиктер  мен 

оларға жақтастарды қамауға алды.

Сəкен алда, одан 20 қадамдай жерде мен келемін. Сол арада 

аттылы  екі  қазақ  байы  Сəкенге  екі  жақтан  жабысып,  шашы-

нан жұлып, қайта-қайта соқтықты. Тұла бойы қанға малынған 

Сəкен сонда да былқ етпей, тəкаппар шалқая басып, жүріп кетті.

Мені де ұрды, ақыры бір жерге апарып қамағанда, бұрын 

қамалған  жолдастар  бізді  танымай  қалды.  Біздің  осынша 

тартқан азабымыз байлар мен шонжарларға аз көрінсе керек, 

олар  өздерінше  сот  құрып,  арамыздағы  ең  белсенді  деген 

15-імізді атпақ болды. Оның ішінде Сəкен Сейфуллин мен 

Бəкен Серікбаев, Дризго, Авдеев, Кривогуз тағы басқалары 

бар. Бірақ сұмдық сот іске асырылмады. Ақмола тұрғыны, 

юрист Буевтің ара түсуі, ашынған дұшпандарымыздың қара 

пиғылын іске асыруына бөгет болды.

Қамауға алынған күннің ертеңіне бізді түрмеге отырғыз-

ды.  Ал  біраз  уақыттан  соң  елу  алты  адамды  аяқ-қолын  кі-

сендеп,  арбамен 500 шақырым  жердегі  Петропавловскіге 

айдады.  Арба  деген  аты  болмаса,  көбіне  жаяу  жүреміз,  он 

тоғызыншы  жылдың  қысы  қатты  болды.  Жол-жөнекей  тү-

нейтін  жерлеріміз  де  азынаған  суық  қоралар.  Жолда  бізді 

офицерлер тағы атып тастамақ болды, бірақ ат айдаушылар-

дың қарсыласуымен аман қалдық.

Петропавловскіге 18 күн дегенде зорға жеттік. Бəрімізді 

аңлау-саңлау азынаған екі суық вагонға əкеліп қамады. Сəкен 


82

кейіннен ол туралы «Атаман Анненковтын ажал вагонында» 

деп жазды. Біз Сəкен, Бəкен Серікбаев, Дризго, Авдеев бір 

вагонда болдық.

Көрген азабымызды тілмен айтып жеткізу қиын. Нансыз, 

сусыз,  суық  вагонда  үш  тəулікке  дейін  отырған  кездеріміз 

болды.  Жолдастарымыздың  жетеуі  өлді,  солардың  ішінде 

Сəкен  екеуміздің  аяулы  досымыз – Бəкен  Серікбаев  та  бар. 

«Ажал вагонында» 48 күн болып, Омбыға да жеттік. Контр-

революциялық  түрмеге  əкеліп  қамады.  Лагерьде  сүзек  ау-

руы  асқындап  тұрды.  Көптеген  саяси  тұтқындар  ауру  мен 

аштықтан  баудай  қырылып  жатты.  Сəкен  жəне  бірнеше 

адамдар  ауру  достарымызға  қайтсек  қол  ұшын  береміз, 

қайтсек ажал шеңгелінен босатамыз деумен болдық.

Қоймай жүріп лагерь комендантын ауруларға анда-санда 

дəрі-дəрмек, нан алып келу үшін сыртқа шығуға бізге рұқсат 

беруге көндірдік. Оған мен баратын болдым. Екі рет қалаға 

шықтым, ал келесі бір жолы өзіммен бірге Сəкенді де алып 

жүруге қарауылды көндірдім. Сөйтіп, бізге таныс жолдас Мұ-

қан Айтбеновтікіне кіріп шығуға мүмкіндік туды. Ол бізге 

көмектеспекші  болды.  Омбының  жасырын  большевиктері 

лагерьден  қоқым-соқым  алып  шығатын  шанашылармен 

келісіп, бірнеше жолдастарды қамаудан құтқарды. Сəкен де 

солай  қашып  шықты.  Қоқым-соқым  тиелген  арбаға  Сəкен-

ді өзім жасырдым. Арбакеш бірінші күзетшіден өтіп, екінші 

күзетшіге таянған кезде, үстіне салмақ батқан Сəкен қозғалса 

керек,  арбадан  кесек  мұз  түсіп  қалды,  осыдан  ба  күзетші 

қоқым арасына қылышын сұғып кеп қалғаны. Бақылап тұр-

ған біз жүрегіміз жарылып кете жаздады. Сəкен өлген шығар 

деп едік...

Сейфуллин  сияқты  ерекше  қайратты  да  қажырлы  адам 

ғана ажал шыңырауынан осыншалық қатерлі тəуекел жасап 

қашып  шығар  еді.  Дала  қыраны  бұғаудан  босап,  Жетісуға 

аттанды.  Сəкеннен  соң  лагерьден  мен  де  қашып  шықтым. 

Бұрынғы Тобольск губерниясында партизандарға қосылып, 

Колчакқа соққы бердік.

Сейфуллин екеуміз – ол оңтүстіктен, мен солтүстіктен ту-

ған Ақмоламызға 1920 жылы оралдық. Бойымыздағы боль-



шевиктік бар күш-жігерімізді аямай жұмсап, қайнаған қалың 

іске ерекше шабытпен кірісіп кеттік.

1920 жылдың қыркүйегінде Сəкенді жəне басқа делегат-

тарды  Орынбордағы  Қазақ  ССР-інің  бірінші  Құрылтай 

съезіне  шығарып  салдым.  Съезде  ол  Қазақ  республикасы 

үкіметінің мүшесі болып сайланды.

Аяулы  досым  Сəкеннің  туған  елі  қазір  қандай  ғажап. 

Қазақ  даласының  гүлжазира  əсем  көрінісі,  адамдарының 

шат-шадыман жарқын өмірі Сəкен Сейфуллиннің асыл ар-

манының жүзеге асқанын дəлелдейді.



84

Серке ҚОЖАМҚҰЛОВ

ӨНЕР ЖАНАШЫРЫ

Сəкенді  тұңғыш  рет 1920 жылы 4 қараша  күні  көрдім. 

Бұл менің Орынборда оқып жүрген кезім. Сəкен біздің бар-

лық ойын-сауықтарымызға үнемі қатынасып жүрді. Ол ма-

ған барлық кинотеатрларға, Орынбор орыс театрына пропус-

ка  бергізген  еді.  Орыс  театр  өнерін  көр,  келешегіңе  берер 

көмек, əсері болар дейтін. Сəкен менен тақпақ өлеңдер тың-

дап, жөн-жосық айтатын.

Орынборда жүргенде 1920 жылы «Қызыл сұңқарларды» 

қойдық. Кейін 1925 жылы «Қызыл сұңқарларды» Қостанайда 

өзім сахнаға шығардым. Орынборда «Еңлік – Кебекті» қой-

ғанда  осы  Сəбит  Мұқанов  Көбейді,  мен  Еспенбетті  ойна-

дым. Осының бəрін Сəкен көзімен керіп, көп ризашылығын 

білдірген еді. 1926 жылы театр ашылғанда Сəкен біздің твор-

честволық жұмысымызға ақыл-кеңесін беріп отырды.

Сəкен адамның барлық қасиетіне көңіл бөлуші еді. Алғаш 

рет мойныма галстук салып бір күні театрға келгенімде, міне 

осылай, актер деген басқаға үлгі болып жүру керек деп, бек 

қуанып қалды.

Қазақ  театрының  алғашқы  актерлері:  Қалибек,  Құрман-

бек,  Елубай,  Күлəштардың  Сəкеннен  алған  əсері,  өнеге-

үлгілері  аса  көп.  Біздің  творчестволық  өсуімізге  Сəкен  аға 

тигізген ықпал күшті. Ол нағыз көркемөнердің адамы бола-

тын. Сəкен аға өнерпаз адамды бірден танып, одан барлық 

қамқорлығын  аямайтын.  Марқұм  күйші  Əбікен  Хасеновты 

театрға алдырған да Сəкен. Бейімбеттің «Майдан» атты пье-

сасын театрда алғаш оқығанда алдымен құттықтап сөйлеген 

де Сəкен еді. Бейімбетті «бұл біздің Гоголіміз ғой» деп мақ-

тағаны əлі есімде.

Ол  өзінің  ойын  бірден  үзіп-кесіп  бір-ақ  айтатын,  шын 

көңілмен,  жанашырлықпен  айтып  салатын.  Сондықтан  да 

оның сөзіне ешкім ренжімейтін еді.

Менің творчестволық өсуіме Бейімбет, Ілияс, Мұхтардың 

ықпалы зор болса, сондай жақсы ағалардың бірі Сəкен еді.



85

Қапан БАДЫРОВ

АҚЫЛШЫ

1922  жылы  мен  Орынбор  қаласындағы  қазақтың  халық 

ағарту институтында оқитынмын. Сəкенді алғаш осы қалада 

көрдім.


Сол жылдары Орынбордағы ойын-сауық, мəдениет жұмысы-

ның орталығы біздің институт болатын. Мейрам күндеріне кі-

ші-гірім пьесалар қойып, концерт беріп, қаланың Сəкен бастаған 

бар интеллигенттері жиналып қатысатын «Шығыс кештерін» 

өткізіп жүрдік. Бұл кештер Свердлов атындағы клубта өтетін. 

Бір жолы Жақсылықов Меңетайдың басқаруымен Кенжеғали 

Абдуллинның  «Қажымас  Қарашаш»  атты  пьесасын  қойып, 

соған  мен  артист  болып  қатыстым.  Бұдан  түскен  қаржыны 

«Өртең» газетінің (5 – 6 номері шығып жабылды) пайдасына 

бермекке  ұйғардық.  Концерт  программасы  жөнінде  əртүрлі 

пікір боп отыратын. Осындай кездерде Сəкен аға кім қандай 

əн  салса  да,  сол  əннің  кімнің  əні  екенін,  оның  неге  арналып 

айтылғанын  жəне  басқа  деректерді  дəлелге  келтіріп  айтып 

беретін. Ол əрбір əннің əсемдік қасиетін, көркемділігін бағалай 

білуге үйрететін еді.

Ол күнгі ойын-сауық, думанды кештің ұйтқысы өзіміздің 

Елубай  Өмірзақов  еді.  Елубайдың  өнеріне  өте  риза  болған 

Сəкен: «Елден  шыққан,  аршылмай  жатқан  алтын  қазына 

осылар ғой. Бұндайлар бір емес, мың ғой. Осылардың басын 

қосатын орын шіркін-ай, театр болса» – деп арман ететін-ді.

1923 жылы қысқы демалыс кезінде институт директоры сту-

денттерге би үйрету мақсатымен бірқатар мүғалімін қызметке 

алды. Осыдан бір топ балалар би үйреніп, кейін үлкен кештерде 

топқа түсіп билеп жүргенімізді көрген Сəкен, зор мақтанышпен 

ризалығын білдіргені əлі есімде. «Бірыңғай өздерің билей бер-

мей, бұған қыздарды да көбірек тартыңдар» дейтін.

1936  жылы  «Қызыл  сұңқарлар»  пьесасын  біздің  театр-

да  режиссер  М.Насонов  қойды.  Пьесаның  өте  қажет  сол 

нұсқасы күні бүгінге дейін еш жерде жоқ, табылмай келеді.


Бір жолы Сəкеннің үйіне Насоновпен бірге еріп бардым. 

Насонов пьесадағы əйелдер жайында айтылған ерсілеу деген 

орысша  сөздерді  аздап  жеңілдетуін  сұрады.  Сонда  Сəкен: 

«Бұл  сөздер  бүгінгі  біздер  айтып  отырған  сөздер  емес,  ре-

волюция  кезінде  ақтың  мас  офицерлерінің  айтқан  сөздері, 

олардың ой-пікірлері солай. Бұны өзгертіп, басқа сөз салу-

дың қажеті жоқ. Үйтіп пьесадағы кейіпкерлер характерін əл-

сіретуге  болмайды»  деп,  режиссердің  бұл  байыптауы  қате 

екенін көптеген мысалдармен дəлелдеп берді.

Сəкен ағаның өнерге деген қамқорлығы күшті еді. Сондай-

ақ өзі де өнер сипаты мен өзгешелігін жетік білетін еді. Осы 

күнге дейін əрбір жаңа рөлді ойнарда Сəкен кеңестері ойыма 

оралады да, ширыға түсемін.


87

Елубай ӨМІРЗАҚОВ

ЖОМАРТ ЖҮРЕК СЕНІМІ

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты, биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап тау қыстайтын,

Меймандос берекелі елдері бар.

Думанды шалқар көлдері-ай,

Еркін дала белдері-ай.

Қаздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен елдері-ай.

А-ай, Сарыарқа,

Елің алыс,

Қалды шалыс,

Жат жерде талай елмен болдық таныс.

Сəкен ағаның қуғында жүрген кезінде шығарған əні екен. 

Мен бұл өлең жолдарын алғаш рет, 1923 жылы «Қызыл Қа-

зақстан» журналынан оқып, жаттап алған едім. Оның қысқа 

тарихы былай басталады.

Өмірге көзімді ашып, үлкен өнер жолына түсуіме себепші 

болып жəрдемін тигізген адам – марқұм Бейімбет Майлин. 

Бейімбет мені 1921 жылы Қостанайдағы милициялар даяр-

лайтын алты айлық курсқа жіберді. Оқуды бітірісімен Енес-

ке келіп қызмет істедім. Ал жұмыстан қолым бос кездерінде 

мектеп оқушылары арасында көркем үйірме ұйымдастырып 

ойын-сауық кештерін өткізіп жүрдім. 1923 жылдың сəуір ай-

ында  Бейімбет  Қостанайдан  маған  хат  жəне  жаңағы  Сəкен 

ағаның  «Сарыарқа»  өлеңі  бар  «Қызыл  Қазақстан»  журна-

лын  қоса  жіберген  екен.  Хатта  Бейімбет  маған  Орынборда 

жаңадан  ашылған  қазақтың  халық  ағартушылар  институ-

тына  (КИНО)  түсуіме  жағдай  жасап  қойғандығын  айтып, 

қайткенде де соған баруымды сұрапты. Сонымен мен 1923 

жылы Орынборға келіп институтқа оқуға түстім. Институтқа 

түсуім де, «Сарыарқа» əні де менің келешектегі өміріме үл-

кен өзгеріс жасаған еді.


88

«Сарыарқа»  менің  домбыраға  қосып  айтатын  ең  сүйікті 

əніме айналды. Сонда, əттең осындай өлең жолдарын жазған 

адамды көрсем-ау деп армандаушы ем. Осы əнді қазір айт-

сам да Сəкенмен алғашқы кездескенім, оның сұлу тұлғасы 

көз алдыма елестеп кетеді. Ақын ағаны тұңғыш рет сол ин-

ститут  қабырғасында  кездестірдім:  Иса  Байзақов,  Тайыр 

Жароков,  Қапан  Бадыров,  Сейфулла  Байғожин,  Жүсіпбек 

Оспанов,  Əбілқай  Абдуллиндер  болатын.  Бір  күнгі  сауық 

кешінен  кейін  Сəкен  ағамен  жүзбе-жүз  кездесіп  қалдым. 

Сəлем беріп өзімді таныстыра бастап едім. «Қарағым, ойын-

концертіңді көріп жүрмін, сені білемін ғой» дегені. Мен не 

айтарымды білмей аңырып тұрып қалдым. Ер жігіттің нағыз 

көріктісі  екен,  дауысы  қандай  десеңші!  Сол  сəтте  «Сары-

арқа»  өлеңіндегі  жігіт  сымбаты  көз  алдыма  елестей  кетті. 

«Ер-палуан,  əншіл-сері»  сұңқар  жігіт  өзіңсің,  өзің  екенсің 

ғой, Сəкен аға, дегім келді. Сол 1923 жылдан бастап Сəкен 

ағамен достасып кеттім.

Мен  институтта  оқып  жүрген  кезімде  партия  қатарына 

кіруге  ячейкаға  арыз  берген  едім.  Ол  кезде  партия  қата-

рындағы адамдар аз болатын. Маған куəлік беретін кісі та-

былмады. Сонда тағы да үлкен сенім білдіріп, достық қолын 

ұсынған  Сəкен.  Сонымен 1925 жылы  Сəкен  Сейфуллин, 

Əліби Жанкелдин, Смақұл Садуақасов, Молдағали Жолды-

баев  жолдастардың  куəліктерімен  партия  қатарына  өттім. 

Сол жылы театрға келіп қызметке орналасқаннан кейін, көп 

кешікпей партия қатарын тазартудың алғашқы науқаны бас-

талды.  Алдағы  болатын  партия  жиналысына  маған  куəлік 

берген бір адамның қатынасуы, мен туралы сөйлеуі тиіс еді.

Мен  тағы  да  Сəкен  ағаның  көмегіне  мұқтаж  болдым. 

Сəкеннің үйінің қасына келсем де, кіруге ұялып, терезенің 

алдынан үш-төрт рет өттім. Терезеден мені көріп қалған ол 

«Елубай үйге неге кірмейсің, жай ма?» – деді. Мен жайым-

ды  айттым.  Ертеңінде  ол  мені  жиналысқа  өзі  ертіп  барды. 

Жəне  жиналыс  басқарушыларынан: «Алдымен  Елубайды 

жіберіңдер, оның театрда ойыны бар ғой жəне оған бірінші 

куəлік берген менмін, алдымен сөзді маған беріңдер» деді. 


89

Отырғандар Сəкен сөзін ду қолшапалақтаумен қарсы алыс-

ты. Маған көп сұрақ қойған жоқ. Бұл Сəкен ағаның мен ту-

ралы берген екінші куəлігі десе де болғандай.

Біздің  театрдың  актерлері  Сəкен  ағамен  оның  «Қызыл 

сұңқарлар» пъесасын дайындау кезінде жақынырақ танысты. 

Спектакльді қойған Жұмат Шанин. Бірақ Сəкен көптеген ре-

петицияларға  өзі  қатынасып,  пьеса  оқиғасы  жөнінде,  жеке-

леген  кейіпкерлердің  характері  туралы  көптеген  түсініктер 

беріп  отыратын.  Жалғыз  бұл  ғана  емес-ау,  ол  театрдың  мə-

дени  өмірімізде  атқарар  міндетін  де  сөз  ететін.  Шынайы 

үлкен  өнер  жасауға  шақыратын.  Бір  ғажабы,  оның  театрға 

келуінің өзі үлкен бір оқиға еді. Сəкен ағаның со бір сымбат-

ты тұрысынан, ажарынан өзіңе нұр алғандай, айтқан сөзінен 

көкірегіңе сана құйылғандай болатынсың. Үлкен ғибрат алу-

шы ек, оны бек құрметтеуші ек, өйткені ол əндерді, өнер адам-

дарын жақсы түсінетін, сыйлайтын дархан көңілді ақын еді.

Сəкен ағамен өткізген бір түн əлі есімде. Жаздың бір са-

малды кешінде біз терезені ашып тастап, əн шырқап ақын аға 

төрінде отырғанбыз. Күйші Əбікен Хасенов пен мені Сəкен 

қонаққа шақырған еді. Бізбен бірге менің институттағы ұс-

тазым  Молдағали  Жолдыбаев  та  болды.  Сəкен: «Молдеке, 

сіз  театрға  көп  бара  бермейсіз,  шəкіртіңізді  тыңдап  көр» 

деп  маған  алдымен  сүйікті  «Сарыарқасын»  айтқызған  еді. 

Аяңшыл ақ боз атпен айлы түнде сылаңдатып келе жатқан 

жас жігіттің тау күңіренте салған махаббат əні Сəкен ағаның 

сұлу кескініне сүйкімді күлкі ұялататын. Өзіне ғана жарасты 

күлкі  еді  бір.  Əбекең  «Сарыжайлау»  мен  «Сылқылдақты» 

тартқанда, «Көкейкестіге»  басқанда  көңілі  қатты  толқып 

үнсіз  отырып  қалатын. «Күй»  төресі  осы-ау,  осы  ғой»  дей 

беретін.  Сол  түні  ардақты  аға  ұнататын  талай  əсем  əн  мен 

асқақ күйлер шертілген, айтылған еді. Сол түн есіме түссе 

«Сарыарқаны»  шырқағым  келеді.  Дəл  өзінің  алдында 

отырғандағыдай:



Жеріне біздің жақтың лайық ері.

Ер-палуан, оңшыл-мерген əншіл сері.

Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,

Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.

Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,

Жазушы ек қанат сұңқардай,

Асауменен алысып,

Қашағанды құтқармай,

Ай-ай, Сарыарқа,

Елің алыс,

Қалды шалыс

Жат жерде талай елмен болдық таныс.

деп  шырқап,  Сəкеннің  өз  өлеңімен  өз  тұлғасын  жасағым 

келеді. Ол шын мəнісінде елін, жерін, халқын сүйген, оның 

бақытты  өмірі  үшін  бітіспес  күрестің  тар  жол,  тайғақ  ке-

шулерінен өткен нағыз халық перзенті еді. Абзал аға маған 

үлкен  сеніммен  қарап,  бірінші  болып  лениндік  партияның 

мүшесі  болуыма  куəлік  берді.  Мен  ұзақ  жылдар  бойы  сол 

Сəкен артқан сенімді ақтауға тырыстым.



91

Болат ҚАЛИЕВ

ОРАЛ ДƏПТЕРІ

1923 жылдың аяқ шенінде Сəкен Оралға сайлау науқанын 

өткізумен  бірге,  əдеби  творчестволық  сапармен  келген-ді. 

Бұл тұста ол өзінің атақты романы «Тар жол, тайғақ кешуді» 

жаза бастаған болатын. Күрделі шығармаға күрмеу боларлық 

материалдар, деректер іздеу мақсатымен шыққан Сəкен кел-

ген бетте бірден Жымпитыға тартты.

Сəкеннің Оралға келуі оған үлкен əдеби шабыт туғызды. 

Ол осы сапарынан алдымен бірнеше жол-жөнекей очерктер 

жазды.  Олары: «Орал  губерниясы», «Жымпиты  уезі – ала-

шорда ойнағы», «Орал қаласы» деп аталады.

«Тар  жол,  тайғақ  кешудің» «Орал  облысында», «Алаш 

ханның  үйінде», «Батыс  Қазақстан  «хан»  болғылары  келе-

ді», «Қаратөбе съезі», «Қаратөбе съезінен кейін Орал айма-

ғында»  жəне  «Тұңғыш  қазақ  офицерлері»  деген  бөлімдері 

жазушының осы сапарында жинаған материалдарынан тұра-

ды.

Сəкен мемлекеттік маңызы зор жұмыстарды атқару үстін-



де де ақындық шабыттан кол үзіп көрген емес. Əрине, оның 

өлеңді  белгілі  толғанысқа,  көңіл  тасқынына,  саяси  оқиғаға 

жазатыны анық. Сəкенді өмірден алған əсер ғана шабыттан-

дыра алатын еді. Автомобиль мініп, ауыл аралағанда оның 

машинасын елдегі қазақтар құмарта көреді. Ауыл адамдары 

автомашина  ауласында  тұрса  да,  жолда  кездессе  де,  оған 

таң-тамаша  қалады. «Біз  келіп  сыдыртып  өтіп  шығамыз. 

Кейбіреуі  аңырайып  қала  береді.  Кейбіреулері  айқай  са-

лып, қолын сілтеп қалады» деп суреттейді. Ал осының бəрі 

Сəкенге «Автомобиль» деген ұзақ толғауын жазуға себепкер 

болды. Толғау 1923 жылы 14 қараша күні Орал қаласында 

жазылды.


Сарыарқа сорлы сары бел,

Үйренер ме өнерге?

Сорлы кедей, надан ел,

Қатарға жылдам енер ме?

Автомобиль, далаға

Қаттырақ шығар шуыңды

Өнерге шақыр – қалаға,

Кейінгі жас буынды...

Елу екі шумақтан тұратын бұл толғауында азамат ақын 

автомобильдің  бұқара  халық  игілігіне  тегіс  асатын  қазіргі 

кезеңді аңсап еді.

Сəкеннің  ұлы  көсеміміз  Ленинге  арнаған  өлеңі  де  Орал 

қаласында  туды.  Советтердің  губерниялық V съезі  өтіп 

жатқан  кезде  Лениннің  денсаулығы  жөнінде  делегаттарға 

хабарлама жасау жəне оның тез айығып кетуіне тілектестік 

білдірілген телеграмма жіберу салтанаты Сəкеннің ұлы кө-

семге  деген  махаббатын  бұрынғыдан  бетер  арттыра  түсті. 

Осы толғаныс үстінде – съезд жүріп жатқан 1923 жылдың 30 

қараша күні «Ленин» деген өлеңін жазды. Пролетариаттың 

данышпан көсемінің образын, оның қазақ халқы үшін Шол-

пан  жұлдыздай  жарқырап  тұрған  бейнесін  жазуға  жаңа 

ырғақ, тың поэтикалық серпін керек еді. Асыл сөздің шебері 

Сəкен ондай ерекшелікті де таба білді. Осындай саяси мəні 

зор,  əдеби  дəрежесі  жоғары,  сөз  ырғағы  жаңаша  жазылған 

өлеңнің  революциялық  дəстүрлерге  толы  біздің  қаламызда 

жазылғанын да оралдықтар мақтаныш көреді.

Халқымыздың  ардақты  ұлы  Сəкен  Оралға  келген  сапа-

рында  мемлекеттік  қыруар  қызмет  атқарды,  өндіріп  əдеби 

еңбектер  жазды.  Жазушының  Орал  дəптерлері  бай  да,  қы-

зықты да.


93

Ғұсман АХМЕТОВ

ЖЫМПИТЫДАҒЫ КЕЗДЕСУ

– Жымпитыға Сейфуллин Сəкен келе жатыр! – деген хабар 

ауыл-аймаққа  лезде  тарады.  Ол  кез  Сəкеннің  мемлекеттік 

қайраткер ретінде де, ақын ретінде де аты шығып тұрған кезі. 

Көзімізбен көріп, сəті түссе ауызба-ауыз сөйлесуді армандап 

жүргеніміз рас. Мен, Бұлдырты болыстық атқару комитетінің 

председателі  едім.  Қасымда  бірнеше  жолдастарымыз  бар, 

белгіленген күні Жымпитыға жетіп келдік. Сəкендер Жым-

питыда  екен,  Ғазез  Каримов  деген  татардың  үйіне  түсіпті. 

Қасында губерниялық атқару комитетінің председателі Ки-

селев  жолдас,  губерниялық  партия  мектебінің  бір  мүшесі 

бар.


Біз Сəкенмен келесі күні уездік партия комитетінің бірінші 

секретары Жəку Канаровтың кабинетінде кездестік. Кіріп кел-

сек, Сəкен мен Киселев қастарында уездік атқару комитетінің 

біраз қызметкерлері бар бір істі қарап, қызу айтысып жатыр 

екен.  Істің  дəл  не  туралы  екені  қатерімде  қалмапты.  Аты-

жөнімді сұрап біліп алғаннан кейін Сəкен маған қарап:

– Мына істі қарамай, бұл жүрісіңіз қай жүріс? – деп сұра-

ды.  Қапелімде  дөйттеу  сөйлейтін  адам  екен,  ауызша  сөзге 

онша  шешен  көрінбейді.  Қарсы  алдымда  өзіміз  көрсек  де-

ген үлкен қара көзді, ақ құба өңді, сұлу мұртты, ұзын бойлы 

Сəкен тұрды. Мен қысылып қалдым. Сонда да:

– Бұл кісі мұндай арызының бар екенін маған айтқан жоқ, – 

деп ақталдым. Шынында да солай еді.

– Сіз немене, болыс, уезд басшыларына жолықпастан тө-

телеп жүргеніңіз бе? – деп Сəкен арыз иесіне сынай қарады. – Əл-

де оларды менсінбегенің бе? Жақсы емес. Ауылға барғансын 

болыстық атқару комитетімен жете сөйлес.

Сəкен бұдан кейін қабағын түйіп, ойланғандай біраз үнсіз 

отырды.

Уездік съезге делегаттар келіп үлгермеді де, съезд 22 қа-



зан күні ашылды. Оған Сəкенді ауылдың «зорлық қылды», 

94

«сайлауды  теріс  жүргізді»  сияқты  арыздары-ақ  босатпай 

қойды.  Соның  өзінде  де  ол  уақыт  тауып,  қаланы  аралады, 

тұрғын  халықпен,  делегаттармен  əңгімелесіп,  танысып 

үлгерді.

Баяндаманы Сəкен қазақша жасады. Баяндама тыңдаушы-

ларға өте ұнады. Сəкеннің сөйлемдері маржандай таза екен. 

Орнын  тауып  жұмсалған  əр  сөз  құлаққа  жағымды  естіліп 

жатты.  Сəкен  ауылдағы  сауатсыздықты  жоюға,  балаларды 

оқуға  беруге,  əйелдерді  совет  ісіне  көптеп  тартуға,  кедей-

лерге өкімет атынан жəрдем көрсетуге, қалың малға қарсы 

шығуға, баспасөзді кең таратуға шақырды. Үзіліс кезінде де-

легаттар Сəкенді қоршап алып, қызу əңгімелесті, түсінбеген 

сұрақтарын сұрады. Не керек əйтеуір Сəкен сол үш күн бойы 

делегаттармен ойнап-күліп жүрді, жұмысты қалай істеу, қай 

мəселеге баса назар қою керектігінен ақыл айтты. Сол бойда 

12 адамның уездік атқару комитетінің жаңа құрамы бекітілді. 

Председателі  Мəдияр  Үмбеталин  сайланды.  Мүшелігіне 

Қалиолла Ізбасов, Үмбет Жаманов (СССР халық əртісі Роза 

Жаманованың əкесі), Темір Бекмəмбетов, Сермұқан Бекба-

тыров жəне мен ендім.

Съезд 24 қазанда бітті. 23 қазан күні кеште уездік атқару 

комитетінің  жəне  партия  комитетінің  жігіттері  бірігіп, 

ақынның  «Қызыл  сұңқарлар»  пьесасын  орындап  бердік. 

Еркебұлан рөлінде С. Бекбатыров ойнаған еді. Біз бұл пьеса-

ны бұдан бұрын да талай қойып берген болатынбыз.

– Еркебұлан сөзін жігерлірек естірту керек. Ол халықтың 

өз  өкіметін  қорғауға  көзін  жеткізеді.  Революция  жолында 

біздің қандай қиын жолдардан өткенімізді білсін олар. Тағы 

бір  айтарым,  пьесаның  табиғилығына  біраз  қиянат  жасап 

жүрсіңдер-ау, – деп  алды  да,  Сəкен  бай  Маштайдың  сөзін 

өзі айтып, бізді қыран-топан күлкіге батырды.

Содан  кейін  Сəкен  көп  кешіккен  жоқ  жолдастарымен 

Елек уезіне жүріп кетті. Жүрерінде де көп кеңес айтты, жаңа 

заманның жұмысын жаңаша істеу керек деп қатты ескертті. 

Біз кейін Сəкен айтқан кеңеске, аманатқа мұқият көңіл қой-

дық. Қазір содан бері 40 жылдан астам уақыт өтсе де, Сəкен-


нің қайрат-жігері, қай мезгілде болсын ұстамдылығы, төзім-

ділігі, алғырлығы көз алдымнан кетпейді.

Сəкеннің  сол  сапарда  көргендері,  білгендері  оның  «Тар 

жол, тайғақ кешу» романында айна-қатесіз көрсетілген. Сөз 

жоқ, Сəкен келгенде Жымпитының тұрмысы онша емес бо-

латын. Елді «алшордашылар» қаптап кеткен еді. Солардың 

бəрі Сəкеннің «Жымпиты уезі – алашорданың ойнағы» де-

ген мақаласында да қатты сынға алынған. Аяғында «Міне, 

Жымпитының сыдырып қарап өткендегі жайы осы. Қазіргі 

халі  қайғылы.  Бірақ  қалай  болғанмен  Жымпиты  уезі...  ба-

йып, гүлденіп, болашағы зор түкпір» деп көрегендік, сенім 

білдіре жазды.

Сəкен Жымпитыны бүгін көрсе! Шаруашылықтарымыз-

ды аралап, еңбекте ер атанған тұрғындарымен кеңессе. «Жа-

райсыңдар, жігіттер! Қарыштаған екенсіңдер. Біздің де кү-

рескен ісіміз, арманымыз осы ғой!» – деп разы болар еді-ау 

деген ой оралады.


96

Мұхтар ƏУЕЗОВ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал