Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет5/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

КӨЗ АЛДЫМДА

Омбының  мұғалімдер  семинариясында  аз  жыл  сабақтас 

болсам да, Сəкен бейнесі көз алдымнан əлі күнге дейін кет-

пейді. Оны естен шығару тіпті мүмкін де емес. Өйткені, көз 

тоймайтын көрік пен келбет, сұлу тұлға, жан жадыратар мі-

нез  қалайша  естен  шықпақ.  Қою  қара  мұртының  астында 

маржандай тізілген ақ тістерінің өзі-ақ сүйкімділікті паш ете 

түскендей еді.

Сəкен  семинария  залында  пианино  ойнап,  қазақ  əнінің 

мақамдарын салалы саусағымен теріп отырушы еді. Аузы-

мыздың суы құрып тұрған біздер көңілденсін дей ме екен, 

ара-тұра би музыкасын да тартып-тартып жіберетін.

Сəкеннің  киім-киюінің  өзі  бір  тамаша  болатын.  Ауыл 

мен  селодан  жиналған  бізге  оның  ақ  жағасы  көк  тужурка-

мен  тұтас  тігіліп,  өмірі  кірлемейтін  заттан  жасалғандай 

боп  көрінетін.  Тазалық,  ұқыптылық,  сəнділіктің  не  екенін 

Сəкенді көргенде ғана айқын түсінетінбіз.

Сəкеннің  үсті-басына,  жүріс-тұрысына  осынша  сұқтана 

қарауыма  жəне  оны  айрықша  құрметтеуіме  мынадай  бір 

жағдайдың  септігі  де  аз  тимеген  сияқты.  Біздің  Тюмень 

уезінің  Гугулым  селосынан  Иван  Петрович  Мальцев  де-

ген жерлесіміз Сəкенмен бірге оқыды. Иванның жанындай 

жақсы көрген жолдасы атбасарлық Тұрғанбек Байлин (1917 

жылы сүзектен қайтыс болды) біздің елге каникулге келген-

де, екеуі Сəкенді аузынан тастамай, мақтаумен болған.

Семинарияға келгеннен кейін Сəкеннің өлең жазатынын, 

өзінің ана тіліне орыстың ұлы ақындарын аударып жүргенін 

естіп, сымбатына сыры мен ісі сай жігітке зор ілтипат көр-

сеттім.

Сəкеннің  аузымыздан  түспеуіне  тағы  да  бір  себеп  бар. 



Орыс тілі мен əдебиетінен сабақ беретін Александр Ивано-

вич  Покровский  өте  талғампаз,  сөздің  жүйесіне  ғана  емес, 

əр əрпіне мəн бере қарайтын ұстаз еді. Одан «5» деген ба-


63

ға алу қияметтің қиыны. Оған талайымыздың қолымыз жет-

пейтін. «Шығарма  жазу  сабағынан  тек  екі  қазақ  баласы 

ғана  бестік  бағаға  ие  болады  да  жүреді»  деген  шəкірттер 

күңкілін естігенім де бар. Соның біреуі – Сəкен болатын. Ал 

Покровскийдің  əділдігіне  жəне  қатаңдығына  біз  еш  уақыт 

шүбəланып көрген емеспіз.

Тұрғанбекпен ет жақын араласып кеткендіктен де болар, 

мен қазақ шəкірттерінің оқу үлгеріміне де, игі ынталарына да 

іштей қуанатынмын. Кейіннен өзіммен бірге оқығандардың 

шығармаларын  газет-журналдардан  көргенде  қуанышымда 

шек болмайтын.

Бəріміздің де жанымыздай жақсы көретін ұстазымыз, жа-

ратылыс тану пəнінің маманы Александр Никитич Седель-

ников  еді.  Ол  орыс  географиялық  қоғамының  Батыс-Сібір 

бөлімінің  секретары, 1917 – 1919 жылдары  председателі 

болған.  Батыс-Сібір  мен  Алтайды,  Қазақстанды  көп  зерт-

теген ғалым. 1903 жылы шыққан «Киргизский край» деген 

XVIII  томның  негізгі  жəне  күрделі  тарауларын  Александр 

Никитич жазған. 1917 жылы семинаристердің шешімі бой-

ынша ол біздің директорымыз болып сайланып, аянбай қыз-

мет атқарып жүргенінде 1919 жылы сүзектен қайтыс болды. 

Оны қадірлемейтін, құрметтемейтін бірде-бір шəкірт болған 

емес.


Александр Иванович Покровский Москва университетін 

бітірген, демократиялық ой-пікірдегі жан еді. Семинаристер 

одан  еркін  ойлауды,  өзінше  қорытынды  жасауды  үйренді. 

Тарихшы В. В. Лабунский мен талантты суретші И. В. Вол-

ков, педагогика пəндерінің маманы Н. В. Гоголь оқыған Не-

жин лицейін бітірген, ептеп өлең жазатын, бірақ шəкірттерге 

өте қатал жəне формалист А. П. Васильев сабақ берді.

Бүкіл  семинаристердің  əсіресе,  Сəкен  мен  Тұрғанбектің 

өте  жек  көретін  мұғалімі – қол  еңбегінің  маманы  Генрих 

Иванович Томп болды. Орыс тілін шала біліп, қате түсінетін 

Томп  жан-тəнімен  орыс  самодержавиесіне  қызмет  етуге 

дайын еді. Біз оның патша охранкасының тыңшысы екеніне 

шүбə келтірмейтінбіз.


64

Əртүрлі көзқарастағы ұстаздарымыз бола тұрса да, біздің 

семинарияда  ағартушы-демократтық  дəстүр  күшті  болды. 

Оны  архив  деректері  де  дəлелдейді, 1905 жылы  семина-

рия шəкірттері революциялық қозғалысқа қатысқан. Семи-

нарияны бітірген Н.П.Смирнов 1910 – 1912 жылдары боль-

шевиктік  жасырын  жұмысқа  араласқан.  Рузаев  деген  ком-

мунист  ұстазымыз  Колчакқа  қарсы  күресті.  Революционер 

Залман Лобков басқарған саяси үйірмеде біздің семинарис-

терден  Н.Г.Кудрин  (кейіннен  Қызыл  Армияның  саяси  бас-

қармасының ірі қызметкері болды). И.С.Молоков, Л.А.Осиев, 

қазір  башқұрттың  ауыл  шаруашылық  институтының  про-

фессоры болып жүрген К.Т.Маньков, атаман Семеновқа қар-

сы 1917 – 1919 жылдары күресуге тіленіп кеткен Мартынов 

біздің семинарияның түлектері еді.

1917 – 1919 жылдары  семинариядағы  қазақ  жастары  да 

əлеумет ісіне көп араласты. Көлбай Тоғысов бастаған «Үш 

жүз» партиясына бізден Таутан Арыстанбеков, Мұхаметжан 

Бейсенов қатынасып жүрді. Семинариядағы қазақ шəкірттері 

ағарту ісімен көп шұғылданып, сауатсыздықты жоятын курс-

тар ұйымдастырып, спектакльдер қойды. Біздің семинария-

да  қазақтың  халықтық  өнеріне  арналған  бірнеше  кеш  бол-

ды, ал Омбы қаласындағы ең зəулім де кең үй – «Қоғамдық 

жиындар» сарайында пьеса (ұмытпасам Көлбай Тоғысовтың 

пьесасы болса керек) қойып, қазақ кешін өткізді.

Осындай игі дəстүрі бар семинарияда Сəкен Сейфуллин-

мен  қатар,  психология  профессоры,  СССР  педагогика  ғы-

лымдары академиясының толық мүшесі Корнилов, ботани-

ка  профессоры  В.Ф.Семенов,  Сібір  жазушысы  Е.А.Минин, 

медицина  ғылымының  докторы  Г.С.Залесский,  экономика 

ғылымының  кандидаты  Н.М.Добродеев  сияқты  талай  да-

рындар оқып шықты.

Сəкеннің  өзіне  қатысы  жоқ  біраз  əңгімелерді  шерткен-

де, мен ол оқыған семинарияның қандай дəстүрі барын, ұс-

таздары  жəне  оны  бітірген  шəкірттердің  кім  болғандығын, 

осындай  ортадан  Сəкендей  ардагердің  шыққандығын  зор 

мақтанмен айтқым келіп еді.


65

Сəлкен БАЛАУБАЕВ

БАҚЫТ ЖОЛЫНА

1917  жылдың 27 ақпанында  патша  тақтан  құлатылған-

нан кейін Спасскіде слесарь болып істейтін көзі ашық Пру-

дев деген азаматтың ақыл беруімен бір топ жастар мəдени 

ағарту  жұмысын  жүргізуге  бел  байладық. «Бұл  əрі  өзіңді 

өсіретін,  əрі  халыққа  мəдени-тəрбие  беретін  жұмыс»  деп 

ұйытты ол бізді. Жастар дегенде Орынбек Беков, Аманбай 

Қаспақбаев, Кəрібоз Шектібаев, Ахмет Қойкеліков, Жиенқұл 

Омаров, Нұрмаш Байсалықов тағы басқалар бар.

Мəдени-ағарту жұмысының ұйтқысы концерт пен спекта-

кль. Бізде сол екеуінің бірі де жоқ. Дағдарып жүрдік, іздестіруде 

болдық. Сол жылы наурыз айында мен Ақмола қаласына кел-

дім.  Ақмоладағы  Көжебай  Ерденаев  қалам  қызметіне  бейімі 

бар сауатты жас еді. Соған келсем, ол Сəкеннің «Бақыт жолы-

на» пьесасының қол жазбасын оқып жүр екен. Мен Спасскідегі 

мəн-жайды, өзіміздің мақсат-талабымызды айтып, «Бақыт жо-

лына» пьесасын сұрадым. Ол Сəкенсіз бере алмады.

Екеуміз  Шашдəулеттің  Құсайынының  үйіне  Сəкенге 

бардық.  Менің  жайымды  білген  соң  Сəкен  талабымызға 

сүйсінді. «Сендердің  жұмысыңа  беташар  болсын,  қолжаз-

баны берейін. Патша түскен соң əуелгі атын өзгертіп, мазмұ-

нын да жаңғыртып едім. Кейін қайта жазбақпын», – деп қол-

жазбасын берді. Мен көшіріп алдым.

Олжалы сапардан келген соң жиналып отырып, кітапты 

оқып дуылдадық. Жолдастар құлшына шығып: «Мен Біржан 

болам», «Мен  Телжан  болам»  деп  жамырасты.  Ортамызда 

əйел  жоқ-ты.  Əйелдің  рөлін  кім  ойнайды  деген  сұраудың 

шешуі қиын еді. Заводта бір жұмысшының бойжеткен əнші 

қызы болатын. Бетіне шешектің ізі тым өрескел дақ салып, 

бетінің ажарын алған қыз еді. Аты Рымжан, бірақ шын атын 

ата-анасы, туысқаны ғана атайды. Сырттағы ел «Шұбар қыз» 

дейді. Мүслиманың рөлін ойнауға рұқсат сұрап, Рымжанның 

əкесіне бардық. Əкесі рұқсат етпеді.


66

Содан  кейін  Мүслиманың  рөлін  Кəрібозға,  Жəмилəнің 

рөлін  Ахметке  беріп,  репетицияға  кірістік.  Репетиция  қо-

рада  болады.  Күнде  ойнаймыз,  жаттығамыз,  таласамыз. 

Ұрысамыз.  Бірақ  жұмыс  тоқталмайды.  Күн  сайын  ысылға-

нымызды  көріп  сүйсінеміз.  Не  керек  ақыры  ойын  дайын 

болды. Керекті киімді əркім өзі тауып киіп келді. Жəмилəні 

ойнаған Ахметтің бетіне шақ кимешекті зорға таптық.

Спектакль  Сейіт – Ахмет  Мұхаммедовтың  қорасында 

ойналды.  Бұл  кісі  Түркиядан  қашып  келіп,  қазақ  ішіне 

сіңген  офицер.  Мəдени-ағарту  жұмысынан  тəжірибесі  бар 

адам  еді.  Репетиция  процесінде  біраз  басшылығы  болды. 

Қораның  ішінде  аласа  үстелдің  биіктігіндей  етіп  төсеген 

тақтаның үстіне алдыңғы екі керегесін алып тастап киіз үй 

тіктік. Қораның ішіне елден жиналған алаша, текемет, кілем, 

сырмақ төселген. Көрермендер сол төсеніштің үстіне отыр-

ды.  Жұмысшыларды  жəне  Көкөзектің  жатақтарын  хат  жа-

зып құрметтеп шақырдық. Үй жабдығы, киім-кешек, төсек-

орынды  олардан  сұрамай,  жақын  ұрымтал  жерлерден  ғана 

алдық.


Спектакльдің  басталар  сағаты  жақындады.  Сахнаға 

шығатын  киімді  киіп,  гримді  баттастыра  жағынып,  сақал-

мұрт  тағынып,  Мүслимаға  шаш,  шолпы  тағып,  Жəмилəға 

кимешек  кигізіп,  əбден  дайын  тұрмыз,  уақыт  өтіп  барады. 

Шақырылғандар  келмеді,  тек  үйінен  киім,  бұйым  алған 

біраз адамдар келді. Күттік, күттік, енді ешкім келмесіне көз 

жетті. Келген аз кісіге ойнап бердік. Көрермендер риза бол-

ды. Өзіміз қатты жабырқадық.

Ертеңіне  спектакльге  елді  қайта  шақырдық.  Үйлерінен 

киім,  бұйым  ала  шақырдық.  Оның  үстіне  кешегі  келген  аз 

кісі  елге  көп  хабар  таратты.  Бұл  жолы  шақырғандар  түп-

түгел бала-шағасымен келді. Үйлерінен көрпелерін ала ке-

ліп  астына  төсеп  отырғандары  да  болды.  Біз  көңілденіп, 

бар ықыласымызбен ойнадық. Ел көп күлді, сірə Ахметтің 

бəйбіше,  Кəрібоздың  қыз,  Жиенқұлдың  Нөкербек  болып, 

Орынбектің  Терлікбай  болғанына  күлсе  керек.  Күлуден 

басқа  сүйсіну  де  аз  болмады.  Айқайлап,  ұнатып,  дауыстап 


67

қошеметтесті. Халық риза болып алғыс айтып, тағы да ойын 

көрсетіңдер деп қолқа салып тарады.

Бұл мамыр айының аяқ кезі еді. Біз спектаклімізді 1 май ме-

рекесіне арнадық.

Тұсауымыз  кесілді,  өзіміз  ысылып  қалдық.  Халық  тағы 

да ойын көрсетуімізді қолқалады. Бірақ көп халық жинала-

тын кең үй қайда.

Осы  қиындықтан  неліктен  көңілі  түскенін  өзі  білсін, 

əйтеуір  завод  директоры  ағылшын  Вильсонның  əйелі  құт-

қарды.  Ол  Россияда  туып,  Россияда  оқып,  бойжеткен  соң 

ағылшынға күйеуге шыққан орыс қызы екен. 15 күн ішінде 

бос қалған бір үлкен магазинді спектакль үйіне айналдырды. 

Ішіне арқалығы бар орындықтар орнатып 300 кісілік жай да-

ярлатты.  Кең,  биік  сахна  жасатып,  реквизит  алуға 200 сом 

ақша берді.

Енді  ойнайтын  үйіміз  бар, «Бақыт  жолына»  пьесасын 

сахнаға  тағы  шығармақпыз.  Бір  əйелдің  рөлін  ойнауға 

Кенжеш бар. Екіншісіне қалай да Рымжанды шақырып ал-

мақпыз. Əкесіне келдік, өзін қалдырмай спектакльге шақы-

рып  жүретінбіз,  соның  əсері  болар,  əйтеуір  қызына  рұқсат 

берді-ау.

Сөйтіп, «Бақыт жолына» пьесасы енді «театр» үйінде қо-

йылды. Ойын көңілді өтті. Спектакльде орыстар мен татар-

лар да болды. Төңіректегі, түстік жердегі ел шақырылмай-ақ 

қаптап келді.

Сөйтіп, Сəкеннің «Бақыт жолына» пьесасы сахна өнерінің 

маманы Орынбек Беков, қоғам қайраткерлері Аманбай Қас-

пақбаев,  Нұрмақ  Байсалықов,  Кəрібоз  Шектібаев  сияқты 

біркелкі  жұмысшы  жастар  біздердің  əлеуметтік  жұмысқа 

бетімізді  түзеді.  Қабілет  қуатымызды  қозғап,  ой-көзімізді 

ашты.  Сонымен  бірге  Сəкеннің  өзі  туып-өскен  топырағы 

бұрынғы  Ақмола  уезінің  күншығыс-оңтүстігі – Спасскі 

жұмысшыларының,  заводтың  төңірегіндегі  айнала 20 – 30 

шақырым жердегі елдің сахна мəдениетіндегі меңіреу қараң-

ғылық қамалын бұзды да, жас талапқа жол ашты.



68

Кəрібай КЕНЕТАЕВ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖАЙ

Сəкен Сейфуллинді мен 1908 жылдан бастап білетін едім. 

Ол  кезде  Сəкен  Спасск  заводындағы  бастауыш  мектепті 

бітіріп, білім тұнығынан одан əрі сусындау үшін Ақмолаға 

(қазіргі  Целиноград)  келіп,  қалалық  училищеге  түсті.  Ол 

фельдшер Ш. Ниязовтың үйінде тұрып оқыды. Ал мен бас-

тауыш  мектепте  оқитынмын.  Сəкенмен  үнемі  жолығысып, 

əңгіме-дүкен құрып, пікірлесіп тұратынбыз.

1912  жылы  С.  Сейфуллин  қалалық  училищенің  беретін 

білімін тəмамдап, Омбы қаласына барып мұғалімдер семи-

нариясына түсті. Сөйтіп төрт жылдан соң оны да ойдағыдай 

бітіріп  Ақмола  уезіне  қайтып  оралды.  Əлеуметтік  өмірге, 

дүниеге деген көзқарасы мүлде өзгеріп қайтқан Сəкеннің ойы 

толысып, жүрегі, жаны абзал адамға тəн асыл қасиеттермен 

молыға түскен екен.

Дүниенің, болашақ өмірдің тетігі оқуда, өнерде деп білген 

Сəкен Ақмоладан 60 шақырым жердегі Ахмет ауылы деген 

жерде қазақ балалары үшін мектеп ашып, өз білгенін, өз кө-

кейіне  тоқығанын  енді  болашағы  зор  жас  балдырғандарға 

бере бастады. Ал демалыс күндері ол қалаға келіп, біз оны 

қуана қарсы алып отыратынбыз.

Октябрь  таңының  нұрлы  шұғыласы  Ақмола  қаласына 

шын мəнінде 1918 жылы келіп жетті. Сол жылы мұнда Со-

вет өкіметі орнап, Совдеп президиумының құрамына енген 

Сəкен  халық  ағарту  комиссары  болып  тағайындалды.  Сол 

кезде мен Совдепте əрқилы техникалық жұмыстарды атқа-

рып жүретінмін.

Алдырған жаудың, ашынған дұшпанның ашулы келетіні 

белгілі ғой. Биліктен айырылып, күні мүлдем қараң болуға 

таянғанын білген тап дұшпандары қаны қарая жанталасты. 

Өлім  алдындағы  жыртқыштың  ақырғы  рет  тырмыса  тұяқ 

серіпкеніндей  олар  ең  соңғы  сұмдықтарын  жасауға  жанта-

ласа əзірленіп жатты.


69

Міне осы сияқты əрекет 1918 жылдың маусымында бұрқ 

ете қалды. Көтеріліс жасаған жергілікті ақ казактар Совдеп 

орналасқан үйді қоршап алған екен. Таңертең қызметке бар-

сам, гүрс-гүрс атыс. Аш бөрідей жалақтаған ақ казактардың 

ортасында  қолын  дамылсыз  ербеңдетіп,  қол  орамалын 

желбеңдете бұлғап жанұшыра айқайлап біреу тұр. Абайлап 

қарасам, Совдептің председателі Бочек, бекініп алып атысып 

жатқан қызыл гвардияшыларға айқайлап: «Беріліңдер!.. Ом-

быда, Қызылжарда, Көкшетауда – бəрінде де Совет өкіметі 

құлатылды.  Қан  төгіс  қылмай  беріліңдер!»  деген  өктем 

сөзін естігенімде өнебойым қалтырап кетті. Жалт бұрылып, 

кейін жүгіре жөнелдім. Ойым – тезірек жетіп Сəкенге хабар 

беру.  Сəкен  ол  кезде  Мешіт  көшесінде  (қазіргі  Аманкелді 

көшесі)  Мұқымбай  деген  өзбектің  үйінде  тұратын.  Екі  өк-

пемді  қолыма  ала  бүліншілік  хабарды  Сəкенге  бастан-аяқ 

жеткізіп, «енді бір жаққа бой тасалаңыз əйтпесе олар аямай-

ды» дедім.

Сондағы Сəкеннің батылдығына, жолдасын жауға таста-

мас  адамгершілігіне  қатты  сүйсінгенім  бар.  Суық  хабарды 

естіген  сəтте  ол  абыржып  күйректікке  салынудың  орнына 

ойлы көзін бір нүктеге қадап тұрып: «Ешқайда да қашпаймын, 

жолдастарымды  жауға  тастап,  өзім  жан  сақтасам,  сонда 

менің кім болғаным?» – деп жауап берді. Сол сəтте атқа салт 

мінген  қала  саудагерлері  Сейт  Латыпов,  Шəріп  Ялымов, 

Нұри  Тойғыновтар  екпіндете  жетіп  келіп  Сəкенге  қамшы 

жаудырды.  Ал  күрескер  азаматтың  жау  қолында  көрген 

қорлығына  шек  жоқ.  Ақмола  большевиктерінің  бұлайша 

жау қолына оңай берілуіне кейбір жолдастардың: «алдымен 

Бочек кінəлі» деуі əбден орынды. Сол қиын-қыстау кезеңде 

құрамында 300-ге тарта жауынгерлері бар қызыл гвардияның 

қоршауды бұзып шығып, оңтүстікке қарай шегініп сытылып 

шығып кетуіне əбден болатын-ды. Сонда Сəкен сынды аза-

маттар мұндай қорлықты көрмеген болар еді.

1919  жылдың  қаңтар  айындағы  үскірік  боранда,  қатты 

аязда Сəкен мен өзге он саяси тұтқын күшті күзетпен Ом-

быға  жіберіледі.  Мұнда  олар  Колчактың  «азап  вагонына» 


отырғызылып, қиындық көрді. Осы вагонда Сəкен аштықтан, 

суықтан жəне азаптан жапа шегіп, қаза тапқан əлденеше дос-

тарымен мəңгілік қош айтысады.

Біраздан  кейін  Сəкен  жолдастарымен  бірге  Омбыдағы 

концентрациялық лагерьге жіберіледі. Мұнда да азап үстіне 

азап кездеседі, тұтқындардың көрмеген қиыншылығы бол-

майды. «Азап  вагонынан»  аман  қалғандарының  бірталайы 

осындай қорлықпен қаза табады. Солардың ішінде өзім біле-

тін  Бəкен  Серікбаев,  Ж.Нұркин,  Г.Дризге  сияқты  тамаша 

азаматтар, жалынды большевиктер бар еді.

С.  Сейфуллин 1920 жылы  Ақмолаға  қайтып  оралғанда  

Совдеп президиумының мүшелері Баттал Смағұлов, Мұқа-

тай  Игекбаев,  Михаил  Юдин,  Б.  Бекмұхамбетовтер  оны 

салтанатпен қарсы алды. Осы топ қалаға кірген бойда түр-

меге келді. Абақтыда Ялымов, Дауылбаев, Носершин, Айма-

ғанбетов  сияқты  тап  дұшпандары  жатқан  болатын.  Кешегі 

күні  аяқ-қолына  кісен  салып,  азаптаған,  қорлық  көрсетіп 

қинаған ата жауларын көрген сəтте Юдин қайнап кетіп, ашу-

ызаға шыдай алмай маузерін жұлып алып: «Атып тастаймын 

бəрін де» деп ұмтылды. Сол сəтте Сəкен тұра ұмтылып оның 

қолынан маузерін жұлып алды да:

– Большевиктер адамды кез келген жерде өлтіре бермейді. 

Бұлар революциялық əділ заң бойынша жазаланады, – деді.

–  Сəкен-ау,  бұлардың  не  істегенін  ұмыттың  ба? – деп 

Юдин көз жасы сорғалап жылап жіберді.

Иə,  егер  Сəкеннен  басқа  біреу  болса  сол  жерде  бəлкім 

Юдиннің  қолын  қақпаған  да  болар  ма  еді,  қайтер  еді.  Ал 

Сəкен  ондайдың  адамы  емес  еді  ғой.  Оның  мінез-тұлғасы, 

адамгершілігі,  лениндік  қағидаға  деген  қалтқысыз  көңілі, 

өмір  жолы  бүгінгі  жастарға  үлкен  өнеге.  Өзім  куə  болып, 

қайран  қалған,  өле-өлгенімше  ұмытылмас  осы  екі  жайды 

сол себепті де бүгінгі күні əдейі есіме түсіріп, айтып беріп 

отырмын.


71

Жұмабай ОРМАНБАЕВ

КЕДЕЙ БАЛАЛАР МЕКТЕБІНДЕ

– Əке, шешем қара жұмыс істейді. Қалада «Мыңшұқырда» 

(Ақмолада  осылай  деп  аталатын,  жатақ  болатын)  тұрамыз. 

Шешем  мына  жерде  жүн  жуып  жүр,  əкем  Омбыға  байдың 

өгізін  айдап  кеткен, – дедім  мен,  жөнімді  қысқаша  баян-

дап. – Оқитын мектеп жоқ.

– Жүн жуатын жерге ертіп барсаң қайтеді, – деді бейта-

ныс.


– Барайын, – дедім де, қармақтарымның жемін жаңғыр-

тып,  балықтарымды  шыбыққа  тізіп,  суға  салдым  да,  ағаға 

ілесе жүрдім.

Жұмыс басына келгеннен кейін ол əркімге жолығып, əң-

гімелесті. Түскі тыныс алу кезінде айдалада ыстық су ішіп 

отырған  қалың  адам  жусаған  қой  тəрізді.  Бұл  да  отырды. 

Амандықтан кейін əңгіме қызды.

– Түсте тамақтанып, тыныстап алатын баспана болмай ма 

екен?

– Қайдағыны айтып отырсыз. Күніне алатынымыз 20 – 30 



тиын, – деді көйлегін шалбарланып алған орта жастағы əйел. – 

Айдалаға баспана жасау былай тұрсын, қалада баспанамыз 

жоқ.

– Күніне 14 – 16 сағат жұмыс істейсіздер, – деп бастады то-



сыннан  келе  қалған  жігіт, – алатын  ақыларыңыз  тым  аз,  ең 

болмағанда  ішетін  таза  су  да  жоқ.  Іш  ауруы  көп,  өлген-

дер  бар  деп  отырсыздар.  Ал  мына  байлықты  ұқсатып, 

байдың  дəулетін  онан  сайын  тасытып  жатқан  сіздерге  де 

тіршілік керек. Еңбекақыны көбейттіру керек. Тынығатын, 

тамақтанатын  орын  болуы  шарт.  Дұрыс  ыдысқа  құйылған 

қайнаған су үнемі дайын тұруы міндет.

Жиналған жұрт күлісті.

– «Иттің  ұлығанын  қасқыр  естімейді.  Қасқырдың  ұлы-

ғанын тəңірі естімейді» деп, – деді көптен оқшауырақ тұрған 

таңқы мұрын, кеспелтек қара жігіт, – сонда біздің үнімізге 


72

құлақ  қоятын  кім,  айтып  тұрғандарыңызды  кім  орында-

мақшы.

– Талап ететін сіздер, орындайтын байлар, тек ынтымақ-



тарыңыз, бірауыздылықтарыңыз берік болсын, – деді қызыл 

көйлекті жігіт нығарлай сөйлеп, – егер байлар бас асаулық 

етіп көнбесе, оларды жөнге салатын күш те өздеріңіз.

– «Жақсы сөз, жарым ырыс», қолма-қол бөліп берері бол-

маса  да,  лебізі  жақсы  екен, – десті  көп  ішінен  біреулер. – 

«Түсі игіден түңілме» деген ғой, өзі де жігітім-ақ екен, – деп 

жатқандар да бар.

Тотыққан,  жарылған  қоңырқай  беттер,  кезерген  еріндер 

жалаңаш-жалпы қара қайыс денелер жанданып жылуарланған 

тəрізді.


– Үкіметке барамыз, талаптарды айтамыз, – деді сыпайы 

жігіт, – бірнеше адамнан өкілдер сайлай қоясыздар.

Жиналыс  тоқтамға  келді.  Бұлардың  өкілдері  Əміре  Са-

тыбалдин,  Нұрлан  Тұраров,  Бақытжан  Ағыбаев,  Кенже 

Бекмұхамбетов  болды.  Олар  майдан  жұмысынан  қайтқан 

жігіттер болатын. Көп ұзамай-ақ білдім, маған Есіл жағасында 

жолыққан, мені ертіп жүн жуушыларға барған, бейнет шек-

кен  адамдардың  жанашыры  болып,  ақылын  айтқан  жігіт 

Сəкен Сейфуллин екен, мен аяулы ағамен алғашқыда осы-

лай кездескен едім.

Келесі күні Сəкен жүн жуатын жұмысшылардың өкілде-

рін  ертіп,  уақытша  үкіметтің  уездік  комиссары  Петровқа 

барды.

– Жүн жууда жүрген еңбекшілердің қамқоры жоқ, – деді 



Сəкен  күн  сайынғы  айтыс-тартыста  өзінің  əбден  үйренісіп 

алған əріптесіне, – жұмыс істеу жағдайлары айтуға келмей-

тін ауыр, өз көзіммен көрдім. Мына жігіттер солардың өкіл-

дері, жалдаушы байларды шақырт, сөйлесеміз.

Үнемі  алдау-арбаумен  келесіңдер,  еңбекшілерге  ешқан-

дай  жақсылық  еткен  жоқсыңдар  деп  большевиктер  қыр 

соңынан  қалмай  жүр.  Мына  қызыл  көйлекті  сынға  келіп 

отыр. Айтқанына көніп, айдауына жүрмесем ол мені əшкере-

лемек,  қанаушылардың  қолшоқпарысың,  қырылып  жатқан 


73

жұмысшыларға  мойын  бұрмайсыңдарды  қазір-ақ  айтпақ. 

Сөйтіп бұлар талаптарын менсіз де орындатпақ. Жоқ, бұлар-

дың талабын өзім орындаттырам. Бір жолға түгі де кетпейді. 

Мүдде  құрбаны,  байларды  көндірем.  Сенімсіздіктен  құты-

лып, үкімет беделін көтерем. Осы шешімге тірелген комис-

сар:

– Жүн иелерін дереу шақыр, – деп əмір берді ол хатшысына.



– Сүйреп əкелсін, – деп жігерленді Петров Сəкенге қарап 

қойып, – еңбекшілердің талабын орындатам.

Кешіккен жоқ, алқынып, аптығып байлар да кірді.

–  Жүндеріңізді  жуып  жатқан  адамдардың  да  қамқоры 

бар, – деді комиссар Сəкенге бір қарап. – Олар жұмысты өте 

ауыр  жағдайда  істейді  екен,  мұндай  жағдайға  төзе  беретін 

заман өтті ғой. Мына кісілер талабын айтады, сіздер табанда 

орындайсыздар.

Жұмысшы жігіттер Сəкенге сіз сөйлеңіз дегенді байқатты. 

Комиссар да бұл жолы дегеніңе көнем дегенді аңғартып боль-

шевик өкілге жалтақтай беріп отыр. Осы жағдайды таныған 

Сəкен сөзін ажарламай, неғұрлым кесе, батыра, ашық айта-

тын əдетіне басып:

–  Жалақыны  күніне  ауыр  жұмыстағы  жігіттерге 50 ти-

ыннан, əйелдерге 30 тиыннан, жасөспірімдерге 20 тиыннан 

өсіресіздер. Сол жерде ас пісіретін, су қайнататын плита ор-

натасыздар.  Түс  кезінде  жатып  тынығатын,  отырып  тамақ 

ішетін  сəкісі  бар  шатырлар  тіктіресіздер,  бірнеше  бакпен 

қайнаған су қойылсын, қайнатып ішетін, жуынатын таза су 

да  үнемі  əзір  тұрсын,  сырқаттанып  қалғандарына  дəрігер 

апарып  емдетесіздер,  қазіргі  талап  осылар, – деді  Сəкен 

сабырлы  сөйлеп. – Егер  бұл  талап  орындалмаса,  бір  адам 

жұмыста қалмайды, жаңадан да ешкімді барғыза алмайсыз-

дар.  Есептеп  отырмыз.  Осы  еңбекшілердің  сіздерден  ала-

сы  ақысы  көп.  Өздеріңіз  жақсы  білесіздер,  революцияны 

жасаған,  патшаны  тақтан  жұлып  тастаған  еңбекші  халық, 

сіздерден табанақы, маңдай терінің басы ашық құнын да ала 

біледі. Көнесіздер, көнбейсіздер, жауапты осы арада естиміз. 

Келісімге қол қоямыз.


74

Бір сағат үзілістен соң, байлар көнді. Талапты үш күнде 

орындаймыз деп, келісімге қол қойды. Сол өкіл жігіттер осы 

күннен  бастап  Сəкеннің  жақын  жолдастары  болып  алды. 

Бұларды,  тағы  да  басқа  осындайларды,  Дүйсенді  Сəкен 

кешкі  мектебіне  кіргізіп  оқытты.  Кейіннен  олар  Совдептің 

қызыл гвардиясына кірді. Казармада емес, əскери қызметке 

өз  үйлерінен  барып  жүретін  жергілікті  жігіттер  Совдеп 

құлағанда ақтардың қолына түспей кетті.

Жүн жуатын жерге бұдан соң да Сəкен мезгіл-мезгіл ба-

рып  адамдардың  хал-жағдайларын  біліп  жүрді.  Əрбір 

барғанда  жүн  жуушылар  оны  қуанышпен  қарсы  алатын-

ды. Сəкен келген сайын бұларға хабарлар əкелетін. Ленин-

ді, большевиктерді, болашақ советтік жаңа өмірді ол жұмыс-

шыларға жалықпай ұғындырып жүрді. Сəкен жұмыс басына 

тағы бір барғанда, сол өкіл жігіттер қарсы алды да:

–  Алып  қойған  бір  саба  қымызымыз,  бір  бағланымыз 

бар еді, соны жеп кетесіз, – деді олар. – Тездетіп жібереміз, 

бөгелмейсіз, – деп  жедеғабылдатты.  Сəкен  көнбеді,  мен 

бөтен емеспін, өздеріңмін. Өздерің ішіп-жеңдер, маған сол 

қанағат. Күтіп тұрған жұмыс көп деп зорға босанып кетті.

Сол 1917 жылдың  қыркүйегі  таянып  қалды.  Кедей  бала-

лары үшін мектеп ашылады дегенді естідік. Шешем мені сол 

мектепке кіргізбек. Көйлек-дамбалымды жуып, бір ескіден же-

летке тігіп беріп, мені оқуға барымен əзірлеп жүрді. Көптен 

бері асыға күткен мезгіл жетті. Шешем əркімнен сұрастырған 

екен,  білетіндер,  осында  большевик  учитель  бар,  мектептің 

қожайыны  сол,  кедей  десе  болғаны,  қабылдай  береді  депті. 

Мектепке келдік. Кіреберісте жолығып қалдық. Анадағы қы-

зыл көйлекті аға Сəкен. Шешем де оны тани кетті.

– Ə, балықшы батыр, сен де жеткен екенсің ғой, – деп ол да 

жылышыраймен күлімдеп, мені басымнан сипады, – дұрыс-

ақ келгенің.

– Осында бір болшайбек ушитіл бар дейді ғой, – деді ше-

шем, таныс емес сөздерді бұрмалай сөйлеп, – баланы оқуға 

сол кісі алады екен.

Бұрыннан жымиып тұрған Сəкен, ірі аппақ тістерін түгел 

көрсете күлді.



75

– Жүріңіз, – деп Сəкен бізді ертіп ішке кірді. – Іздеп жүр-

ген болшайбегіңіз мен. Бұл балақайды оқуға алалық.

48 болыс қазақ елі қарайтын уездің орталығы Ақмоланың 

да  өмірінде  көрген  қазақ  мектебі  осы  еді.  Менің  де  табал-

дырығын аттаған тұңғыш мектебім болатын бұл. Сондықтан 

да алғашқы мектептің əсері, жарыққа бастап өміршеңдікке 

баулыған  тамаша  ұстаздың  өнегелі  қылықтары  өз  алдына 

бір сала əңгіме. Мұнда оқудан сырт болған сол күндердің бі-

рер көріністерін еске түсіре кету артықшылық емес.

Қаңтардың орта шені, бір күні оқу біткен соң да класта 

отырыңқырап  қалдым.  Аспан  ашық,  желсіз  күн  шытқыл 

аяз. Көше қары тапталған теп-тегіс. Белді қайыс белбеумен 

буып,  ескі  тонмен  жүретінмін.  Мектеп  қаланың  Слаботка 

деген бөлегіне таман шеткері еді. Көп ұзағам жоқ, мектеп-

тен  шыққаным  сол,  бұрыштан  айнала  берісте  жалтыраған 

əмірқан бұлғарыдан əдемі қабы бар алтыатар мылтық жатыр. 

Ала сала қойныма тығып жібердім. Ілгері қарай жүріп барып 

тоқтадым. Сəкенді мұғалім демей, учитель дейтінбіз. Мұны 

учитель  ағаға  бергенім  дұрыс  деген  ой  келді  де,  бұрыла 

тарттым. Менен бұрын шыққан оқушы Жəркеш Байнауры-

зов  əудем  жерде  ілгері  кетіп  бара  жатқан.  Менің  бірнəрсе 

тауып алғанымды ол байқап қалған екен.

– Əй, ол не, көрсет, – деп дауыстады.

– Кітап, учительге табыс етем, – деп тұра жөнелдім. Жəр-

кеш аз тұрды да жүріп кетті.

Мен есік қақтым. Бөлмеге сықырлап кимелей кірдім. Учи-

тель жалғыз екен, қолында газеті бар, маған қарсы жүрді.

– Əй, немене, киіп-жарып келе жатқаның, – деді жылуармен.

Мен асып-сасып, тапқанымды қойнымнан суырып алып, 

ұстата бердім. Сəкен мылтықты қабынан суырып алды. Кө-

гілдір болат, адамның жүзі көрінетін, жап-жаңа.

– Мынау наган ғой, қайдан алдың, – деді ол таңырқап.

–  Тауып  алдым,  ешқайда  бұрылмастан  сізге  əкелдім, – 

дедім мен олжамнан көз алмай тұрып.

– Адыраңдаған алаңғасардың бірі ғой түсіріп алған, – деді 

ол күліп. – Бұл қолға түспейтін зат. Маған керек-ақ еді сен 

мұны ешкімге айтушы болма!..



76

– Жарайды, тіпті апама да айтпайын, – дедім мен. Солай, 

ешкімге айтпадым да.

Қараңғы суық зынданды

Жатақ қылды тəніміз.

Қылыштың жүзі, мылтықтың

Аузында болды жанымыз,

Бір шұңқыр су, түйір нан

Үйреншікті ас болды.

Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,

Жастығымыз тас болды.

1918 жылғы мамырдың аяқ шенінде Сібірдің басқа да қа-

лаларындағы  тəрізді,  Ақмолада  да  Совет  өкіметі  құлады. 

Контрреволюциялық  переворот  кезінде  Сəкен  пəтерінде, 

жұмыс үстінде отыр еді. Хабар келді. Бочек қызыл гвардияға 

бұйрық берді, аттырмады. Совдеп алынды. Қашу керек де-

лінді. Сəкен көнбеді. Жолдастарды жау қолына тастап, қашып 

кету, ант бұзған – барып тұрған опасыздық деді Сəкен. Ол 

дереу киімдерін, өзіне тəн заттарын, кітаптарын жинастыр-

ды.  Керекті  документтерін  тығып,  көп  қағазды  жақтырды. 

Төл  наганын  алды  да  оғын  түгендеді.  Запас  оқтары  да  бар 

екен. Сол сəтте үй иесі, орта жастағы əйел:

–  Шырағым-ай,  кетіп  қалсаң  етті, – деді  көзінен  жасы 

мөлтілдеп.

– Жолдастармен хабарласпай қайда кетем, – деді сұрла-

нып алған Сəкен. – Мейлі келсін. Келгенін мен өлтірем, олар 

сонсоң жабылар. Мені де өлтірер.

Əйел еңіреп жіберді.

– Олай деме, шырағым. Бала-шағам бар ғой, менің үйімде 

өйте көрме, – деп мөлтілдеді ана.

– Солай екен ғой, жарайды... Байғұс ана, – деді ол сабыр-

мен, – мейлі, – деді  де  қалтасынан  наганын  алып  үстелге 

қойды.

–  Ойбай,  келіп  қалды  ғой, – деді  кіреберістен  естілген 



дауыс.

77

– Қарсылық пайдасыз, бəрі қолға түсті, – деп тақылдады 

мылтықты екі солдатты алдына сала кірген адам, – сіз тұт-

қындалдыңыз. – Солдаттар  Сəкенді  ортаға  ала  мылтық-

тарын  сарт  ұстап  тұра  қалысты.  Сəкеннің  үстінде  қызыл 

көйлегі,  ешкімге  қарамай  қозғалыссыз  тұр.  Сəйгел  тиген 

сиырша танаулары делеңдеп, кие-жара кірген қаланың бай 

саудагерлері Шəріп Ялимов пен Аймағамбет Нөсершин.

– Неге кідіріп қалдыңыздар, – деп бажылдады. Бөшкеге 

ұқсас, мес те тапал Аймағамбетті жұрт Тəшти дейтін. Ол келе-

ақ  Сəкенді  шаштан  алмақ  болып  тырбаңдап  еді,  Сəкеннің 

асқақ  басына  бойы  жетпеді.  Көздерін  сəл  жұмыңқырап, 

астыңғы  ернін  жымыра  тістеп  тұрған  Сəкен  болар-болмас 

жымиып еді. Солдаттар да езу тартты. Шермендеген Тəшти 

бір қадам үстелге қарай ойысты да, үстел үстіндегі наганды 

қалтасына сүңгітіп жіберді.

– Қара, бас имеуін, мізбағар емес, – деді тістене сөйлеп, 

Сəкеннің жауырынын ала қамшымен тартты-ай келіп.

–  Ұрып  қалыңыз,  Сізге  менің  қылғаным  көп  еді, – деді 

маңдай алдынан көз алмай тұрған Сəкен, онан сайын ажуа-

лай жымиып. Арқасын осып түскен қамшыны ол мүлде сез-

бегендей,  сескену,  түршігу,  қабақ  шыту  сезімін  байқатпай 

қозғалыссыз тұра берді. Тəшти Сəкенді қайталап ұратын еді, 

бірақ ұра алмады. Теріс айналып кетті.

– Қарсылық жасаған жоқ қой... – деп қалды солдаттың бірі.

–  Қарсылығын  жасап  болған  бұл  найсап, – деді  Тəшти 

үйді тінтушілерге қолғабысын тигізе бастап.

Ялимов қағаз, кітап, фотосуреттерді будыратып үстел үс-

тіне  шығарып  болып,  енді  киімдердің  қалталарын  тəптіш-

теп қарап жатыр. Келіп Сəкеннің өн бойын қарап шықты.

– Құртқан екенсің бəрін, – деді ол да Сəкенге кіжініп, – 

таптыртамыз,  табасың, – деді  тұтқынды  алақанмен  жақтан 

тартып-тартып жіберіп. Сəкенде ешқандай жасқаныш, кірпік 

қағу, қозғалып, рең өзгертіс болған жоқ.

Алғашқыда бастап кіріп, Сəкенге тұтқындау жариялаған 

казак-орыс үнсіз де қозғалыссыз, барлық көріністің айғағы 

ғана болып тұр.


78

Тінтушілер тапқан-таянғанын буып-түйіп болдық дегенді 

аңғартты. Төртеу-бесеуі Сəкенді ортаға ала түйдек шықты. 

Еңбекші халық сол бір тұста өздерінің аса сүйікті аяулы аза-

матынан  осылай  айрылған  еді,  бірақ  ол  уақытша  айрылыс 

болған-ды.

1920  жылғы  сəуірдің  бас  шенінде  Ақмоланың  уездік 

чекасына Тəшти мен Ш. Ялимов шақырылды. Сол перево-

рот күнгі дүрбелеңде бұлар сотқарлардың маңдай алдында 

жүрді. Большевиктерді дүрелеп, мүліктерін талап, тонасты. 

Бірақ  онда  бұлар  көптің  бірі,  істеген  айуандықтары  есепте 

емес. Онан соң Колчак үкіметіне қызмет те етті бұлар, шаруа-

лар  көтерілістерін  қырып-жойып  басуға  да  қатыстары  бар, 

мұнысынан қорқып тұрған жоқ, Колчакқа қызмет еткендер 

көп, көтерілісшілерді басуға қатысқандар да аз емес. Байқап-

ақ жүр. Мұндайлардың бəр-бəрін іздестіру, зерттеу ескеріле 

қоймайтын тəрізді.

Міне, келмеске кетті делінген Сəкен де келген. Ол уездің 

екі-үш  бастығының  бірі.  Дегенін  істететін  алапатты  адам, 

табанды  большевик.  Мына  екі  белогвардеец  бұдан  қалай 

құтылмақшы. Бұлар оны өз қолдарымен тұтқындады, ұрды, 

тонады. Бұлтаруға жол жоқ, өлген жеріміз осы десті өздері 

де. Бұлар қалай кешір дей алады, ол қалайша кешірмек.

Чекаға келген Ялимов пен Тəштиді бір бөлмеге кіргізді. 

Кіре бере екеуі қалшиып тұрып қалды. Ұясынан шығып кете 

жаздаған  көздері  бажырайып,  бойлары  қалтырап,  иектері 

кемсеңдеп,  қолдарын  қусырып,  бастарын  тұқыртып  шұлғи 

берді, тілдері күрмелген, үн шығара алар емес. Жарық, кең 

бөлменің  төрінде  Сəкен  отыр.  Сымбатты,  маңғаз  тұлға, 

толқынды  қара  бұйра  шаш,  жарты  қарыс  кең  маңдай, 

мөлдіреген үлкен көз, жебелі мұрт, қара костюм, ақ көйлек, 

онда көргендерінен гөрі толысқан, келбеттенген, келісті-ақ. 

Мұны абақты қысымын көрді, сан рет дүреленді, азап ваго-

нында өлім аузында болды, лагерьде аштық пен сүзектің шең-

геліне  түсті,  қашқындық  сүргінінде  екі  мың  шақырымнан 

аса  жер  жаяу  жүріп,  азап  атаулыны  басынан  кешірген  деп 

кім айтар...


79

Бөлме жым-жырт. Сəлден соң Сəкен орнынан тұрды.

– Амансыздар ма, – деді ол болмашы езу тартып, – оты-

рыңыздар.

– Сəкенжан, – деді де Тəшти өкіре еденге етпетінен түсті. 

Тілге келе алмады, Сəкеннің алдына Шəріп те тізерлеп шөге 

қалды, – өз қолыңмен өлтір, атпа, тіке бауызда мен есекті, не 

істесең де ризамын.

– Мен доңызды да сойғыз, – деді Ялимов та жыламсырап.

– Тұрыңыздар, – деді Сəкен түсін суытып, – мен қасапшы 

емеспін,  сіздерді  сойып,  бауыздайтын.  Қаруын  тастап, 

дұшпандығынан безіп, қолға түскен жауға кек сақталмайды, 

өлтірілмейсіздер, жүре беріңіздер тірі.

– Енді тыңдаңыздар, – деді Сəкен күле сөйлеп, олар еден-

нен  тұрып,  көз  жастарын  сүртіп,  рақмет  алғыстарын  жау-

дырып болған соң. – Сол мылтықты қан майданға шығарда 

маған  бір  «тəңірінің»  өзі  көктен  тастаған  еді,  ол  ақтың  да, 

қызылдың да наганы емес, ал сіздер оны ешқайда жіберген 

жоқсыздар.  Осы  екеулеріңіздің  біреулеріңізде,  соны  өзіме 

қайтып  бересіздер,  басқа  затымды  сұрамаймын.  Осымен 

есеп айырысамыз.

Тəшти қасындағыға қарады, Шəріп оны түртіп қалды да, 

сен айт дегенді аңғартып, ым қақты.

– Иə, Сəкенжан, наганың бар, бізде, əдейі өзіңе берейік 

деп сақтап жүр едік, – деді Тəшти ебетейсіз сасқалақтап, – 

сол қалпы, майлап, жабағыға орап қойғам, оғы да түгел, үй 

жақын ғой, қазір əкеле қояйын, – деді де, бортаңдап тұра-ақ 

жөнелді. Сəкен күліп, оның артынан біраз қарап тұрды да, 

ерсілі-қарсылы жүрді.

Сонша болған жоқ, Тəшти де кірді. Ешқандай кіршігі жоқ 

жалтылдап тұрған көкшіл наганды Сəкеннің алдына қойды. 

Сол  минутта  бөлмеге  Чека  бастығы  Логачев  кірді.  Сəкен 

оған қарап күлді.

– Бар екен, міне, – деп оған үстелдегі наганды көрсетті.

– Бұл оңбағандарды, тек осы үшін ғана атып тастар едім, – 

деді  Чека  бастығы  ызбарланып, – жарайды,  бақытты  неме 

екенсіңдер, жүре беріңдер.


80

Захар КАТЧЕНКО

Ақмола совдепінің тұңғыш председателі



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал