Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет4/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

АҚЫН МЕН АҚҚУ

Бұл естелікті осы Нілді заводының мектебінде Сəкенмен 

бір класта оқыған, қазіргі қарт Қаленов Ақмедияның, Омаров 

Қамажанның ақын алғашқы оқуға келгенде жатқан Көпбаев 

Зікірбектің інісі Тұрмағанбеттің баласы Рақымжанның аузы-

нан, осы заводта жұмыс істеген Мергенбаев Хасеннің, Ніл-

дідегі  қарт  адамдардың  айтуы  бойынша  жазып  отырмын. 

Сəкен Сейфуллиннің тұңғыш білім, тəрбие алған мектебі – 

осы күнгі Успендегі біздің мектеп.

– Алдымен Нілді заводына Сəкеннің 70 шақырым жерден 

келуінің себебі қандай, ол кезде Сəкеннің жатқан үйі Көпбаев 

Зікірбек  кім  еді?  Сондай-ақ  шешен,  əңгімеші,  дарқан  ұста 

Ыбыраймен қалай танысты, міне осыларды айтайын, – деп 

бастады сөзін Хасен қарт.

Сейфолланың бұл заводта тамыры да, ағайыны да, таны-

сы  да  жоқ  еді.  Бірақ  талапты  ұлы  Сəкенді  Нілдіден  орыс-

қырғыздар  үшін  ашылған  бастауыш  мектепте  оқуды  өзіне 

міндет етіп қойды. Сөйтіп, баласы жататын қолайлы үй із-

деді. Сөз арасында айта кеткен жөн, Сейфолланың дəулеті 

нашар еді.

  Сол  кезде  Нілді  заводын  басқарып,  қожалық  жасаған 

фермердің  атшысы – Көпбаев  Зікірбек  еді.  Ол  кісі  аздап 

орыс тілін білетін, Нілді болысы мен Қызылтау болысының 

шекарасын,  жаз  жайлау  қонысын,  қыс  қыстауын  жақсы 

білетін.  Нілді  елінің  болысы  Мұстафа  ұлы  Жəкен  еді.  Жə-

кен  мен  Сейфолла  немерелес  туыс.  Жəкен  болысқа  завод 

басқарушысымен  бірге  келіп  жүрген  Көпбаев  Зікірбекке 

Сейфолла  жолығып,  өзінің  хал-жағдайын,  баласы  Сəкенді 

қалаға  жіберуге  дəулет  жайы  жетпейтінін  айтады.  Бұған 

ақ  көңіл  Зікірбек  оқу  басталысымен  баланы  Нілдіге  алып 

кел,  өз  үйімде  жатады, – деп  уəде  береді.  Осыдан  кейін 

көп кешікпей Зікірбек пен Сейфолла өмір бойы дос болып 

кетіпті, – деп сөзін жалғастырды Хасен.


46

Орыс-қырғыз бастауыш мектебінде Нілді елінің болысы 

мен Қызылтау болысынан отызға тарта шəкірт болды.

Жаз айында Сəкен сабақтан шығысымен үйге келіп, тама-

ғын ішіп, мұғалім Роман Николаевичтен алған қалың кіта-

бын  көлдің  жағасындағы  көгалда  отырып  оқитын.  Көлдің 

ортасында  қайықпен  сайрандап  жүрген  ағылшын  балала-

рынан көз алмайды, кейде біреуді күткендей алысқа қадала 

қарап отыратын.

Сəкен  сүйегі  тəуір  жылқы  көрсе-ақ  болғаны,  оны  екі-үш 

рет  айнала  қарап,  кімнің  жылқысының  тұқымынан,  қайдан 

алдыңыз? – деп тəптіштеп сұрап жүргені. Аңға өте құштар бо-

латын. Əсіресе, қыран бүркіт, жүйрік тазыға көзі тез түсетін.

Ұмытпасам 1906 жылдың  мамыр  айының  аяқ  кезі  еді. 

Сəкен ертемен мектепке оқуға кетті. Кешікпей қайтып келді. 

Жанында Роман Николаевич, бірге оқитын ағылшынның екі 

баласы бар. Маған қарап:

–  Рақымжан,  құс  аулауға  мыналармен  бірге  «Көктің-кө-

ліне»  барайық,  көп  қызық  көреміз.  Кешке  дейін  қайтып 

келеміз, олар пар ат алды, – деп асығыс Сəкен далаға шықты.

Бəріміз «Көктің көліне» келдік. Атты Сəкен екеуміз доға-

рып жатырмыз, екі көзіміз мұғалімде. Ол көлге қарай кетіп 

барады. Аттың жемін алдына қойып, екі баланың соңынан 

біз  де  жүрдік.  Мұғалім  көлге  жақындап  барып,  мылтығын 

оқтады, бір нəрсені көздей бастады. Екі бала да, біз де жерге 

жата қалдық. Көлдегі құстың қалыңдығында жік жоқ. Əлден 

уақытта  мылтық  дауысы  гүрсілдеп  көлге  қарай  көк  түтін 

бірінің  артынан  бірі  кетіп  жатты.  Сегіз-тоғыз  рет  мылтық 

атылды.

Құстың оқ тигені ұша алмай, көлдің үстінде бір қанатымен 



суды сабалап, жан далбаса істеп, жағаға қарай жүзіп келеді. 

Екінші  құс  бірден  көтерілді  де  алдымен  оқ  тиген  серігінің 

үстінен екі-үш рет, одан соң көлмен қоса бізді бір рет айна-

лып ұшты да мұңлы дауысы, үні алыстап ғайып болды.

Сол  кезде  Сəкен  көлдегі  жаралы  құсты  алу  үшін  тез 

шешініп,  күмп  етіп  суға  түсті.  Құсқа  қарай  жүзіп  барады, 

мұғалім Сəкенге қарап, дауыстап бірдемелер айтып тұр. Əл-


47

ден  уақытта  Сəкен  құстың  суды  ұрып  жүрген  қанатынан 

ұстады-ау. Көлден шығып жүгіріп келеді.

– Бұл аққу, тоңып барамын, – деп киімдерін жылдам киіне 

бастады. Бұл менің аққуды бірінші көруім еді.

Сəкеннің құсты аяғаны сонша, екі көзі жасаурап, аққуды 

қайта-қайта  жотасынан  сипай  берді.  Құсты  арбаға  мінген 

соң жақсылап құндақтады. Сəкенге қарасам, өңі құп-қу бо-

лып,  еріндеріне  шейін  көгеріп  кетіпті.  Сөйлегенде  дауысы 

дірілдеп,  қабағын  қатты  түйіп,  ренжіп  келеді.  Байқаймын, 

екі бала да, мен де, мұғалім де үнсіз отырмыз.

Нілдіге  кіші  бесіннен  төмен  түскенде  жеттік.  Аққуды 

ауылға  тірідей  əкелдік.  Бізге  қараған  төрт-бес  үйдің  адам-

дары  тегіс  есік  алдында  тұр  екен.  Атты  Зікірбек  атамның 

үйінің алдына тоқтаттық.

Аққу қап-қара көздерін қадап, жиналған жұртқа жаутаң-

дағандай. «Жазықсызбын, озбырлығым жоқ еді. Жыртқыш 

құстар  бүркіт  те,  лашын  да,  қаршыға  да  мені  сыйлап,  көл 

құсының патшасы, амансың ба? деп өтуші еді. Енді сендердің 

əмірлеріңдемін», – дегендей мойынын созып, кең дүниемен 

қоштасқандай жан-жағына қарайды-ай кеп аққу.

Міне тап сол кезде Сəкеннің жаны аққумен бірге шығып 

кете  жаздап  тұрды.  Құсқа  мейірі  түскен  ол  өзін-өзі  ұстап 

тұра алмай, ағыл-тегіл егіліп жылап жібергені бар емес пе?

– Мына аққу мал бола ма, не істеуім керек? – деп тағы да 

жылап  жіберді.  Жиналған  жұрт  Сəкенге  қарап: «бір  жерің 

жазым болып келген жоқсың ба? Мылтығы құрғырды атқан 

өзің бе?» – деп сұрап жатыр Ыбырай атам.

– Жоқ, мына аққу, – деп өксігін əрең басып, көз жасын 

теріс қарап сүрткені бар емес пе!

– Ой, балалық-ай, қорқып қалсам. Мал болғанда қандай, 

бірақ аққу құсты үйге де, қораға да қоюға болмайды. Ол жа-

ман иістен сеспей қатады, – деді атам.

Атам Сəкенге қарап, қазір саспа! Алдымен таза шүберек 

əкел, – деп бəйбішесіне жұмсады. Аққуды өзіне жақындатып, 

сынған  жерін  тауып,  сынықты  орнына  салып,  шүберекпен 

таңды. Сау қанатын бостау қылып байлап қойды. Сөйтті де 


күрке істеуіміз керек, – деді. Есік алдында жатқан көмір жə-

шіктің түбін қағып тастап оны үйдің үстіне шығарды. Сөйтіп 

аққуға кең күрке жасады.

– Құсты түнде осы күркеге қой, күндіз бір мезгіл көлге 

алып бар, ертең оның жейтін шөбін тауып алып келемін, – 

деп атам Сəкенді көңілдендірді.

Əлі есімде, тап екі жеті бойы, əсіресе алғашқы үш тəулік 

бойы Сəкен дамыл көрген жоқ, жүдеп кетті. Бір жеті өткен 

соң  үйдің  сыртындағы  көлдің  суына  аққуды  Сəкен  алып 

шықты. «Аққудың» тамашасын сол суға барған күні көрдік. 

Құс өзінің шебер жүзгіштігін, сұлулығын, денсаулығы жақ-

сарғанын көрсетті.

Екінші жеті өткен соң аққудың оқ тиіп, байланған қана-

тын шештік. Құс судың ортасына барып, қанатын қағып рақ-

мет, Сəкен, саған! – дегендей үн шығарды. Құс қанатын көп 

қақты. Ертеңіне Сəкен сабаққа бармай, Ыбырай атам екеуі 

аққуды «Көктің көліне» алып барып қоя берді.

Сəкен кейін айтып жүрді, аққу бірден атам екеуін, одан 

соң  көлді  айналып  қоштасып  əсем  дауыспен  үн  шығарып, 

ұшып кетсе керек.

Осы жай Успен руднигінің тұрғындарына аңыз болып та-

рап кетті, – деді əңгімесін аяқтаған қарт.



49

Таутан АРЫСТАНБЕКОВ

ОМБЫ СЕМИНАРИЯСЫНДА

Сейфуллиннің  қызғылықты  өмірінің  көбі  көз  алдымнан 

өтті. 1914 – 1916 жылдары Омбыдағы оқытушылар семина-

риясында  бірге  оқыдық;  жақын  жолдас  болдық. 1921-24 

жылдары Орынборда, 1926 – 1937 жылдары Қызылорда, Ал-

матыда бірге істедік. Бөлек жүрген уақыттарда хат арқылы 

байланысымыз үзілген жоқ. Жазып отырған естелігім – Омбы 

дəуірі ғана. Өйткені, Сəкен өмірінің бұл кезеңі өзі жазған «Тар 

жол,  тайғақ  кешу»  атты  мемуарлық  шығармасында  да  жə-

не  Сəкен  туралы  жазған  басқа  жолдастардың  еңбектерінде 

де көбінесе ескерусіз калып келеді. Ал, Омбы дəуірі Сəкен 

өмірінде  елеулі  кезең  болды.  Өйткені,  Сəкеннің  алғашқы 

əдеби  адымдары,  саяси-əлеуметтік  көзқарастары  сол  жыл-

дардың өзінде-ақ қалыптаса бастаған еді.

...1914  жылы  тамыз  айында  мен  Омбыға  барып,  оқыту-

шылар семинариясына емтихан тапсырып, оқуға түстім. Сти-

пендия алатын болған соң, мектептің жатақханасына орна-

ласайын деп, тамыздың 29 күні жатқан пəтеріммен есеп айы-

рысып,  төсек-орнымды  кенеп  қабыма  салып,  аузын  буып 

арқалап алып, қуанышым қойныма сыймай, ентелей басып 

семинарияға  келдім.  Мектептің  алды  толған  семинаристер 

формасын киген оқушылар. Солардың ішінде 3  – 4 қазақ жі-

гіті  анадай  жерде,  орындықта  əңгімелесіп  отыр.  Киімдері 

əдемі, өңкей сары ала түймелі. Үстімдегі көнетоз қазақ киім-

нен  қорғалап,  бұлардың  көзіне  түспей,  жатақханаға  кіріп 

кетейін дедім де, сол жақтағы үлкен есікке қарай бұрыла бер-

дім. Бірақ, олардың көзі мені шалып қалған екен, біреуі:

– Əй, қазақ, бері кел, – деді. Кейіннен білсем бұл Сəкен 

екен. Жасы 19 – 20 шамасына келген, қара торы, сұлу жігіт, 

қасында отырғандар – Нығмет Нұрмақов, Оқас Арысланбе-

ков (Қарқаралынікі), Тұрғанбек Байлин екен.

Қастарына  келдім.  Əлгі  мені  шақырып  алған  жігіт  Сə-

кен:


50

– Биыл бір қазақ баласы алынды деп еді, сол сенбісің, қай 

класқа  түстің?  Қай  жерден  келдің,  өзің  кішкентайсың  ғой, 

нешедесің? – деді.

–  Иə,  менмін... 17-ге  қараймын...  дайындық  класқа  түс-

тім... Қостанай уезінен, – дедім.

Сəкен менің үстімдегі киімімді көзімен бір шолып өткен-

дей болды да:

– Өзің сірə, кедей баласысың ғой?.. – деді.

– Ие...


– Бұрын мұндай үлкен қалада болып көріп пе едің?

– Жоқ, – деп жауап бердім.

Сол  арада  Сəкенге  таяу  отырған  қызыл  шырайлы  жігіт, 

маңдайына түскен қуқылт қара шашын (кейіннен білсем ол 

басының жалтырын жасырып парик киеді екен) оң қолымен 

жоғары қарай бір қайырып тастады да, күлімсіреп:

– Ендеше, Сəкен, бұл баланың тойы бар екен ғой... Мен 

«Аюға»  бəріңді  бастап  алып  барайын

1

...  Сүйтіп,  тойлата-



йық, – деп, орнынан қозғалып-қозғалып қойды да, ыржалаң-

дап жан-жағына қарады.

Əлі  есімде:  нақ  сол  секундта,  Сəкен  кенеттен  улы  жы-

лан шағып алғандай, орнынан ұшып тұра келді, тұла бойы 

тітіркеніп, бет-əлпеті сұрланып кеткен, көзін аларта, ашулы 

дауыспен Оқасқа қарап:

–  Əй,  Оқас! «Аюға»  барып  өзіңнің  бүлініп  болғаныңа 

қарамай, енді мына баланы да бүлдіргің келді ме?! Қаланы 

жаңа ғана көріп отырған жасқа үйрететін өнегең бе бұл! Өй, 

жексұрын неме! – деді.

Оқас сасып қалды, беті өрттей болып қызарып күле берді. 

Нығмет пен Тұрғанбек Сəкенге қарап жымиып күлімсіреді 

де, біреуі:

– Сəкен-ау, ол Оқастың өзін де, сөзін де не қыласың? Ашу-

ды  қой,  онан  да  Белгібайдікіне  (қымызшы)  барып,  қымыз 

ішсек қайтеді? – дегенді айтты.

1

  Ескерту:  патша  үкіметі  тұсында  үлкен  қалаларда, «көпшілік  үй» 



деп  аталатын  үйлер  болған.  Ол  үйлерде  «əйел  тəнімен»  сауда  етіледі 

екен.  Міне  осындай  «кəсіппен»  Омбыда  Медведева  дейтш  бір  бай  əйел 

айналысқан. «Аю» деп соның үйін айтады екен.


51

Сəкен ашуы аздап тарай бастаған жүзбен:

–  Міне,  бұл  тапқан  ақыл!  Барып  домбыра  тартып,  кө-

ңіл көтерейік. Сендер күте тұрыңдар, мен мына баланы жа-

тақхана  бастығына  апарып,  орын  əперейін,  сонсоң  бəріміз 

бірге барармыз, – деді.

«Ұялған тек тұрмас» деген ғой, əлгі Оқас:

– Əне көрдіңдер ме! Сəкен Белгібайдың қара қызын көр-

месе отыра алмайды. Сол қара қыз... – деп тағы да қалжыңдай 

бастағысы келіп еді.

Сəкен:

–  Сол  қара  қыздың  перне  басқан  саусақтарынан  садаға 



кет-ау сен! – деп қолын бір сілтеді де, мені ертіп жатақханаға 

қарай жүрді.

Жатақханаға орналастырғаннан кейін: «ақшаң болса ма-

ған беріп қой, сенен біреу ұрлап алады, ертең дүкенге ертіп 

барып,  киім  əперейін», – деді.  Сəкенге  сене  қалғандығым 

сондай, қалтамдағы бар ақшамды ұстата бердім. Мұндай қам-

қорлықты ата-анамнан да көрмеген тəріздімін.

Далаға шығып, манағы үш жігітті ертіп алып Белгібайді-

кіне келдік. Амандасып отырғаннан кейін, қазақша киінген, 

дөңгелек жүзді қара торы қыз біздің алдымыздағы тапалша 

үстелге  орта  шара  қымыз,  бес  кесе  əкеліп  қойды  да,  ілулі 

тұрған үкілі домбыраны Сəкенге ұсынып:

– Домбыра шерте отырыңыз... Сіз өте жақсы тартасыз... – 

деді.


– Жоқ... сіз отырған жерде мен домбыра тартуға жүрексі-

немін... Өйткені, сіз тартқанда домбыраға тіл бітеді ғой... – 

деп жауап қайтарды.

Сəкен  домбыра  тартып  отыр,  біраздан  кейін  қыз  бізге 

қарап:

– Осы Мағжан дейтін жігіт сіздің мектепте оқи ма? Жаңа 



ғана  осы  үйден  қымыз  ішіп  шықты...  Өзін  керемет  ақын 

дейді ғой. Бірақ отырыс, тұрысы, мінезі біртүрлі көрінді ма-

ған... – деді.

– Ие... ол... – деп келе жатты да Сəкен сөзін кілт тоқтата 

салып:


52

–  Оны  қоя  тұрып,  өзіңіз  Тоқаның  күйін  тартып  жібері-

ңізші... – деп қолындағы домбыраны қызға берді. Қара қыз 

көп өтіндірмей-ақ домбыраны шертіп-шертіп алып, күй тар-

та жөнелді. Шынында бұл қыз асқан домбырашы көрінеді. 

Бəріміз де ұйыдық та қалдық, əсіресе Сəкен. Оның екі көзі 

қыздың перне басқан саусақтарында... Тек, Оқас қана анда-

санда төмен қарап жымиып қояды. Осылайша бір-екі сағат 

отырып мектепке қайттық.

Міне,  Сəкеннің  өзгеше  асыл  мінездерінен  алғаш  алған 

əсерім осындай еді.

Омбы  семинариясының  курсы  төрт  жылдық  болатын, 

даярлағыш класс, сонсоң 1, 2, 3 кластар. Қалалық мектепті 

бітіріп  барғандар  əдетте  емтиханмен  даярлағыш  класқа 

түсетін. Ал, бірінші класқа емтихан тапсырушылар өте си-

рек  болатын.  Сəкен  даярлағыш  класты  аттап  өтіп,  бірден 

бірінші класқа түсіпті. Бұл да оның оқуға алғыр болғандығын 

көрсетпей ме!

Өтірікті, өсекті, жағынуды, көлгірлікті, қиянатты, əртүрлі 

лас қылықтарды (ішкілік, карта, т. б.) жан-тəнімен жек көре-

тін турашыл. Сəкен оқушылар арасында аса беделді болды. 

Əсіресе,  кемтарлықта  жүрген  балалардың  мұң-мұқтажын 

аса сезгіш еді. Ол қолдан келген жəрдемін, ақылын аямай-

тын. Мысалы, ұмытпасам 1914 жылы Быков дейтін бір кедей 

орыс баласы бірінші тоқсанда үш пəннен «2» алып, педсо-

ветте стипендиядан уақытша шығарылып тасталды. Үйінен 

келетін  жəрдемі  жоқ,  енді  оқуды  тастауға  мəжбүр  болды. 

Осы жайды Сəкен ести сала, оқушылар арасында подписной 

лист  (тізім)  жүргізіп,  əлгі  балаға  екінші  тоқсанның  аяғына 

дейін жететін қаржы жинап берді. Сəкеннің мұндай істерінің 

талайын көрдім, оның қайсысын айтып тауысарсың...

Сəкен  ол  кезде,  əрине,  большевик  емес.  бірақ  сол  жас 

кезінің  өзінде-ақ  оқушыларды  «орыс», «қазақ»  деп  жікте-

мейтін. Бұл ол дəуірде таңқаларлықтай мінез емес пе! Орыс 

шəкірттерінің ішінде оның Зверев, Головин, Антонов, Маль-

цев сықылды өте жақсы достары болды. Ал сол семинария-

да  оқитын 8 – 9 қазақ  балалары  тегісінен  дерлік  (Мағжан 


53

Жұмабаевтан  басқасы)  Сəкеннің  тілінде  болдық,  соның 

басшылығымен «Бірлік» ұйымының жұмысына қатынасып 

жүрдік.


Сол  кезде  Омбының  орта  мектептерінде  жүзге  тарта 

қазақ  балалары  оқыды.  Солардың  ішінен  іріктеп,  таңдап 

алғандай-ақ,  Сəкен  көбінесе  нашарлардың  балаларымен 

ғана  жақындасып,  достасып  жүретін.  Атап  айтқанда,  орта-

лық фельдшерлер мектебінде оқитын Шəймерден Əлжанов 

пен  Шайбай  Айманов,  қалалық  мектептегі  (городское 

высше-начальное  училище)  Əбілқайыр  Досов,  орта  ауыл 

шаруашылық  мектептегі  Біркей  Айбасовтар  сықылды 

оқушылар. Сөз арасында айта кетуге тура келеді, семинария-

да оқитын Мағжан Жұмабаев Сəкеннің соңынан ергендерді 

əзілдеп, «Сəкеннің  жалаң  аяқ  қара  тобырлары»  дейтін  еді. 

Өйткені, Сəкен тобында гимназияда оқитын бай, чиновник 

балаларынан бірде-біреу болған жоқ.

Семинариядағы оқытушылардың көбі дерлік монархист-

діншілдер  еді.  Васильев  дейтін  директорымыз  Сəкеннің 

басқан  ізін  бақылаумен  болды.  Оның  артынан  «тыңшы» 

қойғаны  да  анық. 1915 жылы  күзді  күні  бір  орыс  баласы 

(атын ұмыттым, өзі поптың баласы еді, оны оқушылар «ар-

хиерей»  деп  мазақтайтын)  Сəкенді  оңаша  шығарып  алып: 

ой-бай, Сəкен, мен мүшкіл халге кездестім. Кеше директор 

мені  кабинетіне  шақырып  алып: «Сен  Сейфуллинмен  ете-

не  достасып  алудың  ретін  тап,  содан  кейін  оның  сөйлеген 

сөздерін, баратын жерлерін бақылап жүр де, маған жеткізіп 

тұр. Осыны орындап тұрмасаң, менен жақсылық күтпе», – деді. 

Ал  енді  мен  сені  сыртыңнан  жақсы  көруші  едім,  қалайша 

өсек  тасимын,  не  істеуім  керек?!»  дейтін  көрінеді.  Сəкен 

оған: «Сен  бұған  саспа!  Бұдан  былай  екеуміз  дос  кісіше 

жүрейік  те,  сен  анда-санда  директорға  барып: «Сəкеннің 

айтатын  əңгімелерінің  бəрі  де  құрғақ  қалжың,  не  болмаса 

ауылындағы ойын-той, қыз-ойнақ екен. Баратын жері – бір 

татар  қызының  үйі,  соған  ғашық  көрінеді» – деп  айт  десе 

керек. Міне осы оқиғаны сол кезде Нығмет екеумізге өз ау-

зынан айтып еді.


54

Семинария  оқытушыларының  ішінде  Г.И.Томп  дейтін 

(неміс) болды. Ол қол еңбегі сабағын беретін. Оны «охран-

каның  тыңшысы»  деп  оқушылардың  көбі  жек  көретін. 

Əсіресе, турашыл Сəкен оған тітіркене қарайтын. Оның да 

Сəкенмен  жұлдызы  қарсы  болып  бақты, «айтқанды  тың-

дамайды, өзімді мазақ қылады, мастерскойда менің тапсыр-

мамды  орындаудың  орнына  ылғи  домбыра  жасайды»  деп, 

Сəкеннің үстінен директорға талай арыздар түсірген.

Сəкенді  жақсы  көретін  А.И.  Покровский  дейтін  оқыту-

шымыз  бір  күні  Сəкенге  ақыл  ретінде: «Сен  өлең  жазып, 

əлеумет жұмысына қатынасады деп естимін, оның жарайды, 

бірақ сақ болсайшы... Анау Томп жаман адам, оның сүйені-

ші – қауіпті жер, онымен ерегісе беруді қой. Одан сен түгіл 

біз де қорқамыз. Бірақ менің бұл ақыл айтқанымды ешкімге 

білдіре көрме» деген екен.

Сəкеннің  басқан  əрбір  қадамын  бақылаушылар  дирек-

тор мен Томптың өздері ғана емес, бұлардың негізгі тамы-

ры жандармерияға барып тірелетінін ол жақсы білетін. Өзі 

ылғи  сақтанып  жүретін.  Директордың  күдіктене  қарайтын 

шəкірттерінің бірі – Н. Нұрмақов еді. Сондықтан Сəкен оған 

үнемі сақтық ережелерін үйретіп отыратын.

Табиғат тануды оқытатын А.Н.Седельников дейтін оқы-

тушымыз  Батыс  Сібірдің  ғалымдарының  бірі  болған 

адам  еді.  Өзі  Омбыдағы  Батыс  Сібір  географиялық  қоға-

мының  бастығы  болып  жүрді,  кадет  партиясының  мүшесі, 

Бөкейхановтың  досы  еді.  Семенов-Тяншанскийдің  редак-

циясымен  шыққан  «Россия»  дейтін  кітаптардың XVIII то-

мы «Киргизский край» деп аталатын. Сол кітаптың көп та-

қырыптары Седельниковтың еңбегі еді, 1916 жылғы қыстың 

бір  кешінде  А.Н.  Седельников 8 – 9 қазақ  семинаристерді 

жинап  алып,  əлгі  айтылған  «Қазақ  өлкесін»  жаздыртып 

алыңдар деп үгітеді. Кітаптың мазмұнын түсіндіре келе, оның 

ішінде Ғ. Бөкейхановтың да жазғаны бар дегенді айтты. Со-

дан кейін Бөкейхановты мақтай жөнелді. «Ол асқан ақылды, 

ғалым  адам,  қазақ  даласында  ондай  данышпан  ұл  мың-

даған  жылдарда  ғана  біреу  туады.  Сендер  соның  етегінен 


55

ұстаңдар!  Соның  айтқанын  имандай  тұтыңдар,  сонда  ғана 

адам  боласыңдар!» – деді.  Бізде  үн  жоқ.  Сəкенге  қарадық. 

Сонда Сəкен отырып:

–  Александр  Никитич,  кітапты  алдырамыз,  ол  дұрыс. 

Ал  енді  «қазақ  даласында  ондай  ұл  мыңдаған  жылдарда 

ғана  барып  біреу  туатын  болса,  қазақ  халқының  ел  қата-

рына қосылуына миллиондаған жылдар керек болады десе-

ңізші...  Бұл  арасына  мен  түсіне  алмай  отырмын.  Екінші – 

Ғ.Бөкейханов хан тұқымынан ғой. Ол баяғы хандықты көксей-

тін шығар, қазақтың ақсүйектері мен əйдіктерін ғана тани-

тын тəрізді. Менің өз қарабасым оған табына алмаспын. Та-

бынса мынау Оқас табынар, өйткені, бұл да «ақсүйек, төре 

тұқымынан шыққан», – деп сөздің аяғын əзілге араластырып 

жіберді. Біз ду күлдік, Седельников те езу тартып:

– Əй, Сəкен-ай, əйтеуір!.. Бірақ сен қателесесің... Əлде бол-

са да ойлан.., ойлан, – деді де орнынан тұрып жөнеле берді.

Сəкеннің Седельниковпен батыл сөйлесу себебі бұл оқы-

тушымыз момын, адамгершілігі мол, шəкірттеріне қиянат ой-

ламайтын жəне директорды жақтырмайтын адам тəрізді еді. 

Қанша сенгенмен Сəкен оның ықпалына түспей-ақ кетті.

Сəкен  оқуға  зирек,  алғыр  еді,  естігенін  я  оқығанын 

ұмытпайтын.  Бірақ  оқу  кітаптарына  көп  көңіл  аудармай, 

оқытушының  класта  айтқанын  бұлжытпай  қағып  алып, 

сабақ  сұраса  сонымен  жауап  беретін.  Оның  ынталанып 

оқитын пəні – «Əдебиет тарихы», «Əдебиет теориясы», «Те-

ория  словесности»  еді.  Мұны  А.И.  Покровский  оқытатын. 

Ол сабақтан тысқары уақытта жасырын жерде Сəкенге – Бе-

линский, Чернышевский, Добролюбов, М. Горький сияқты 

жазушыларды  оқы  деп  ақыл  айтады  екен.  Шынында  да 

Сəкен  осындай  кітаптарды  бір  танысы  арқылы  «қалалық 

кітапханадан»  алып,  көп  оқитын. (Бұл  кітаптар  семинария 

кітапханасынан бізге берілмейтін.) Ашық оқуға болмайтын 

болған соң, Сəкен күздікүні, жазғытұры күн жылыда 1 – 2 

шақырым  жердегі  орман  ішіне  кетіп,  я  басқа  бір  пана  та-

уып алып, кітап оқып отырғанын, не өлең жазып отырғанын 

көретінбіз.


56

А.И.Покровскийдің  басшылығы  арқасында  Сəкен  сол 

дəуірдегі əртүрлі əдебиет ағымдарына да недəуір жақсы та-

ныс  еді.  Шəкірттердің  бірқатары  Мережковский,  Зинаида 

Гиппиус,  Бальмонт  сықылды  символистерді  «пір  тұтып» 

кейбіреулері – имажинистерді,  футуристерді  қызыға  оқып, 

əлдебіреулері – Леонид Андреевтің пессимизміне əуестеніп 

жүргенде,  Сəкен  орыс  əдебиетіндегі  реалистердің  жолына 

нық түскен болатын.

Мысалы,  семинарияға  түскен  жылы  мен  Арцыбашевтің 

«Санин», Вержбицкаяның «Бақыт кілті» дейтін романдарын 

қызыға  оқып  жүргенімді  көріп,  маған  мұндай  кітаптарға 

əуес болма, бұдан өнеге ала алмайсың, сен алдымен Гоголь, 

Пушкин, Лермонтов, Некрасовтарды оқы деп ақыл айтқанын 

əлі ұмытпаймын.

Басқа пəндерден «орташа» баға алып жүргенмен, ол əде-

биет сабағынан алдыңғы қатарда болды. Оқытушы: өздерің 

таңдап  бір  тақырып  алып,  соған  шығарма  жазыңдар,  деп 

тапсырғанда, Сəкен 1916 жылы «Кешкі ауыл суреті», «Тау 

ішінде»  деген  тақырыптарға  орысша  екі  шығарма  (сочи-

нение)  жазды.  Екеуі  де «5» деген  баға  алды.  Шығармадан 

«5» алу ол кезде семинарияда өте сирек болатын. Сəкеннің 

осы жазбаларын А.И.Покровский басқа кластардың шəкірт-

теріне, тіпгі басқа мектептерге де апарып оқып, үлгі есебінде 

көрсетіп жүрді.

Семинария  дəуіріндегі  Сəкеннің  əдебиетке  көзқарасын 

суреттейтін  тағы  бір  мысал  мынау: 1916 жылғы  қыста  се-

минарияда əдебиет кеші өткізілмек болды. Сол кеште қазақ 

оқушыларынан  Мағжан  Жұмабаев  пен  Сəкен  тақпақ  (де-

кламация)  оқуға  тағайындалды.  Мағжан  Мережковскийдің 

«Сакья-Муни» дейтін өлеңін оқымақшы. Сəкенге директор-

дың  көрсетуімен  Бальмонттың  бір  өлеңін  оқы  делінді.  Сə-

кен: «жоқ, мен Бальмонттың өлеңін оқымаймын. Рұқсат етсе-

ңіздер  Горькийдің  «Сұңқар  туралы  жырын»  оқып  берейін 

дейді.  Мұны  естіген  Покровский  «Ойбай,  мынауыңды  ди-

ректор ести көрмесін, ол зəуғалам естіп қалса екеумізге де 

жақсы болмайды», десе керек. Сонымен ол «кеште» Сəкен 

сахнаға шықпай қалды.



57

Сəкеннің бір өзгешелігі – жазған кейбір өлеңдерін ең ал-

дымен жақын жолдастарына (Н.Нұрмақовқа, Ш.Əлжановқа 

т.  б.)  оқып  солардың  сынын  тыңдап  алушьі  еді.  Айтылған 

сынды  орынды  деп  тапса  өлеңін  түзетіп  қайта  жазатын, 

сөйтіп,  қайта  оқитын.  Бұдан  кейін  өзінің  байланыс  жа-

сап  жүрген  жұмысшыларына  апарып  оқитын.  Олардан 

мақтау  естіп  қайтса,  масаттанып,  бізге: «Сендерден  гөрі 

оқымаған  қара  қазақ  тереңірек  сынайды-ау  деймін.  Сен-

дер  «кітап  сынын»  айтасыңдар,  аналар  нағыз  тұрмыс  сы-

нын  айтады»  деп  күлетін.  Мұны  əдебиет  майданында  ал-

ғашқы  қадамдарын  нық  баспағандықтан  өз  күшіне,  өзінің 

көңілі  сене  қоймағандықтан  туған  əдет  деуге  болмайды. 

Сəкеннің бұл əдетінің сыры тереңіректе болуы керек. Неге 

десеңіз, ол 1921 – 1925 жылдарда, қазақ совет əдебиетінде 

көшбасшы болып жүрген дəуірінің өзінде де кейбір жазба-

ларын  Нығмет  Нұрмақов,  Қайып  Айнабеков,  Ш.  Əлжавов 

сықылды  достарына  оқытып  алатын-ды. 1926 жылдың  бас 

кезінде  Қостанайда  жүргенде  маған  хат  жазды.  Хатын-

да  бұрынғы  (Казсовнаркомға  председатель  кезіндегі)  көп 

жолдастарының бəрі дерлік соңғы кезде одан (үкімет басы-

нан түскен Сəкеннен) алыстай бастағанын айтып налиды... 

«Қазір қасымда Шайбай екеуің ғана қалдыңдар» деп келеді 

де,  хаттың  ақырында  «Сыр  сандық»  деген  өлеңін  жазды. 

Осы өлеңім қалай, бұған көпшілік түсінер ме екен? – дейді. 

(Бұл хат кейін басқа хаттармен бірге жойылып кетті.)

Міне осы айтылғандардың бəрі де Сəкен өз шығармала-

рына  əр  уақыт  нағыз  қымбат  сынды  көпшілік  бұқарадан 

күткендігін суреттейді деп түсінемін, өйткені ол көп бұқара-

ның бірі – əлгі аталған жолдастары, жұмысшылар емес пе?

Сəкен ол кезде тек əдебиетпен ғана шұғылданып қойған 

жоқ, білімнің басқа тарауларына да қол созып бақты. Тарих, 

этнографиямен  көп  шұғылданып  жүрді.  Бартольд,  Радлов, 

Потанин, Харузин, Аристов сықылды ғалымдардьщ еңбек-

терін көп оқыды.

Саяси кітаптарды тауып алып оқу ол кезде өте қиын, өте 

қауыпты болатын. Ш. Əлжанов, Ережеп Итбаев, А. И. По-


58

кровский,  Антон  Сорокин  (Омбыда  болған  орыс  ақыны), 

т.б.  арқылы  саяси  кітаптарды  қолына  түсірсе, «ойдан-ой-

ға», «қырдан-қырға»  тығылып  оқитын.  Ондай  кітаптарын 

ол  жақын  жолдастарына  да  өне  бойы  көрсете  бермейтін, 

қайтадан біреудің көзіне түсіп қала ма деп сақтанатын. Бірақ 

оқығанын  сенетін  адамдарына  кейіннен  баяндап  беретін. 

Осылайша  Бебельдің  «Социализм  жəне  əйелдер», «Фран-

цуз революциясы» сықылды кітаптарының мазмұнын бізге 

айтып  бергенін  білем.  Алайда,  жүйелі,  терең,  толық  түрде 

саяси  білім  алуға  ол  кезде  оның  мүмкіншілігі,  əрине,  бола 

қоймаған.  Ресейдегі  əртүрлі  саяси  партиялардың  програм-

маларын  да  шəкірт  уақытында  жалпы  түрде  ғана  болмаса, 

жете білді дей алмаймын. Бірақ, мықтап ұстаған жолы – пат-

ша үкіметіне, байларға, қазақ ұлтшылдарына қарсы күресу, 

кедей бұқараның мүддесін қорғау болды. Бұл ұстаған жолы 

большевиктер партиясының программасына жақын жанаса-

тынын Сəкен 1916 жылы ғана (семинарияны бітіретін жылы) 

айқын,  анық  түсіне  бастап  еді. 1916 жылдың  қысында  ол 

Ш.Əлжанов арқылы большевик-жазушы Ф.Березовскиймен 

танысты.  Онымен  екі-үш  рет  қана  кездесіп  əңгімелеседі. 

Бұдан  кейін  Березовский  басқа  бір  жерге  кете  ме,  қалай, 

əйтеуір  Сəкен  оның  ізінен  айырылып  қалады.  Бері  келген 

соң 1921-24 жылдарда  Сəкен  əңгіме  ішінде  «Осы  күнге 

шейін бір өкінетін нəрсем: 1916 жылы Омбыда Березовский-

мен танысуым өте қысқа мерзімді ғана болды ғой. Əйтпесе, 

партияға сол кезден кіріп, марксизм-ленинизм теориясымен 

жақсылап ертеден танысып алмаймын ба!.. – деп арман етіп 

отырушы еді. Осы арада ескерте кетуге тура келеді, Березов-

ский  мен  Сəкен 1916 жылы  Жанайдар  Сəдуақасов  арқылы 

танысыпты деу қате болады. Себебі – Жанайдар «Гимназия 

Чумакина» дейтін мектепке Сəкен семинарияны бітіріп кет-

кен жылы келіп түседі. Екінші – Жанайдардың өзі де Бере-

зовскиймен 1917-18 жылдары ғана танысады.

Сəкеннің Омбы дəуіріндегі əлеуметтік əрекетін көбінесе 

«Бірлік» ұйымының төңірегінде етті деуге болады. Омбыдағы 

100-ге тарта қазақ шəкірттерінің басын қосып, 1913 жылдың 


59

күзінде  ұйымдастырушылар  Ш.Əлжанов  пен  Сəкен  екен. 

Ұйым  басшылығына  да  осы  екеуі  сайланыпты.  Əлжанов – 

председатель,  Сəкен – орынбасар. «Бірлік»  ұйымы  алғаш 

құрылуында тек қана «əдеби ұйым» деп құлақтандырылған 

көрінеді.  Бұған  «əлеуметтік»  немесе  «саяси»  деген  атақты 

жалғастыруға  ол  кезде,  əрине,  болмайды.  Бірақ  ұйымның 

негізгі  мақсаты – əлеуметтік  əрекеттер  (оқушы  жастарға 

қоғамшылдық  тəрбие  беру,  ел  арасында  патша  үкіметінің 

қысымына  қарсы  үгіт-насихат  жүргізу  сықылды)  екенін 

«Бірліктің»  əрбір  мүшесі  бірінші  күннен-ақ  жақсы  білген. 

Сондықтан көп ұзамай (сол 1913 жылдың өзінде) «Бірліктің» 

ішінен екі жік шығады, «оңшылдар» жəне «солшылдар» топ-

тары. «Оңшылдар» тобын Мағжан Жұмабаев (семинарист), 

Сейітовтар, ал «солшылдар» тобын Ш. Əлжанов пен Сəкен 

бастайды. Бұл екі топтың туу тарихы мынадай: Орынбордағы 

ұлтшылдар («Қазақ»  газетіндегі)  атынан  М.Дулатов  Мағ-

жанға тіреп «Бірлікке» хат жазады. Хатында «Бірлік» жас-

тарын  ұлтшылдық  жолына  үгіттейді.  Осы  мəселені  Мағ-

жан  «Бірліктің»  жалпы  жиналысына  салып,  Дулатовтың 

үндеуін қабыл алуға шақырады. Бұған Əлжанов пен Сəкен 

қарсы шығады, саяси жолдарын айтады. Айтыс үлкен бола-

ды,  ақырында  Сəкеннің  ұсынысы  бойынша  бұл  мəселе  уа-

қытша  ашық  түрде  (кейінге)  қалдырылады.  Бұл  ұсынысты 

кіргізгендегі  Сəкеннің  мақсаты  кейіннен  шəкірттерді  үгіт-

теп, көпшілікті өз жағына аударып алу екен. Сонымен мəселе 

«ашық»  қалғаннан  кейін,  Сəкен  оқушыларды  жеке-жеке 

үгіттеп, өз тобының санын бұрынғыдан да көбейтіп алады.

Міне  осы  бағдарда  Сəкеннің  «Өткен  күндерін» «Бір-

лік» атынан баспаға жіберу мəселесі қолға алынады. Бұған 

Мағжан  қарсы  шығып  «Кітап  Сəкеннің  өз  атынан  жібе-

рілсін» деп көп таласатын көрінеді. Алайда, көпшілік Сəкен 

мен  Əлжанов  жағына  шығып,  қолжазба  Қазан  баспасына 

жіберіліпті. Кітаптың алғы сөзін Əлжанов жазады. 1915 жы-

лы  оқуын  бітіріп  кеткен  Əлжановтың  орнына  «Бірлікке» 

жаңадан председатель сайлау мəселесі көтерілді. Сол кезде 

оңшылдар мен солшылдардың екі орталығында бейтараптау 


60

боп жүрген Мұхтар Саматов председательдікке сайланады. 

Кейіннен бұл да оңшылдарға қосылып кетеді.

Ұлтшылдық  жолына  ашықтан-ашық  түсіп  алған  оңшыл 

топ пен бұқарашыл топтың арасындағы күрес «Бірлік» ішін-

де 1917 жылдың күзінде қатты шиеленісті. Сол уақытта Ақ-

мола жағында тұратын Сəкен бізге хат жазып, енді «Бірлік-

тен»  іргелеріңді  аулақ  салатын  мезгіл  жетті.  Өз  алдарыңа 

бөлек ұйым ашып, еңбекші жұмыскер туының астында бо-

лыңдар» деп ақыл айтумен болды. Біз 25 – 30 шəкірт «Бір-

ліктен» үзілді-кесілді бөлініп шығып, 1917 жылдың аяқ ке-

зінде  «Демократияшыл  шəкірттер  советі» («Демократичес-

кий совет учащихся») атты ұйым аштық. (Оқушым, өзін-өзі 

əйгілегені  ғой  бұл  деп  түсінбеңіз,  кішкентай  болса  да  та-

рихи факт деп, дұрысын жазып отырмын.) Жаңа ұйымның 

председательдігіне – мен,  секретарлыққа – Жанайдар 

Сəдуақасов, президиум мүшелігіне – Əбілқайыр Досов сай-

ланып  еді.  Міне,  Омбы  «Шəкірттерінің  демократияшыл 

советі» ұйымын құруда да Сəкеннің сырттан берген көмегі 

аз емес.


Сəкеннің Омбы дəуірінде жүргізген саяси-əлеуметтік жұ-

мысы,  қорытып  айтқанда,  Омбыдағы  қазақ  жұмыскерлері, 

кедейлері  арасында,  шəкірттер  арасында  «ұлтшылдарға» 

қарсы, патша үкіметінің жауыздығына қарсы үгіттеу болды. 

Бұл жұмысты Сəкен Омбы қаласынан 3 – 4 шақырым жерде 

отыратын «Қаржас» дейтін ауылға барып та жүргізе баста-

ған еді. Өйткені, демалыс күндері сол ауылға кетіп қалатын. 

Семинария  педсоветінің 1914 жылы  қазанда «...кешкі  са-

ғат  алтыдан  кейін  Сейфуллиннің  интернаттан  шығуына    

тыйым салынсын» деген қаулысы, Сəкеннің «Қаржасқа» ба-

рып,  мектепке  кешігіп  келгендігіне  байланысты  шығарыл-

ған еді.


Бір  кезде  «ұлтшылдар»  Сəкенді  ақсатамыз  деп,  оның 

əйелге  көзқарасы  туралы  неше  түрлі  сұмпайы  əңгімелер 

туғызып баққанын бəріміз де білеміз. Шынында; ондай жек-

сұрын мінез Сəкеннің бойында албырт жас шағында да бо-

лып көрген емес. «Сүйсе» – шын сүйді, «күйсе» – шын күйді. 


Онда – көрсеқызарлық  сықылды  опасыз  мінез  болып  көр-

ген  жоқ.  Мұны  растайтын  нақтылы  дəлелдерім  толып  жа-

тыр.

Октябрь революциясының ұлы ұраны қазақ даласына да 



жеткен кезде жан-жағына қарап алақтамай, іркілмей, бірден 

Ленин  жолына  түскен  Сəкеннің  Омбы  дəуіріндегі  саяси 

бет  алысы,  бірінші  қадамдары,  мінез-сипаттары,  қысқаша 

айтқанда, осындай еді.



62

Венедикт Константинович ИВАНОВ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал