Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет3/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

V

Енді  Сəкенді  қанаттандырған  екі  ұя  туралы  айтпақшы-

мын.  Сəкеннің  бойындағы  азаматтық  биік  қасиеттердің 

бəрі  де  оған  өзі  өскен  ортадан,  халықтың  қалың  еңбекші 

бұқарасынан  ауысқан  үлгі  демекпін.  Жас  күнінде  оған 

өнер  өнегесін,  ерлік  пен  еңбек  үлгісін  көрсеткен  орталар, 

біріншіден – өзінің ауылы болса, екіншіден – Успенскі кенін-

дегі жұмысшы қауымның ортасы болды. Бұл екеуі қыранның 

балапанын қанаттандырған екі ұя сияқты еді. Бірінші ұядан 

оған өнер, ақындық нəр, шешен тіл ауысса, екінші ұядан оған 

қанаушы тапқа, оның қорғаны болған патшалық құрылысқа 

қарсы күрес ұғымы, революциялық мұрат ауысты.

Біздің  ауыл  сыншыл  көз,  ойлы  сөздің  кені  еді.  Қазіргі 

Жаңаарқа  ауданының  Ор-Аба  деген  тауының  бөктерінде, 

Қарашілік деген жерде қыстауымыз, Есеннен өтіп келіп қо-

натын Маржанкөл, Жаманкөл, Ағаштыкөл деген кең алапта 

жайлауымыз болған. Қыс қыстау, жаз жайлау əнші, күйші, 

айтысшыл ақын, орақ тіл шешен жандарға толы келеді. Ар-

ғысын айтпағанымның өзінде, біздің тұсымызда ауылымыз-

да Тұрысбектің Əзімханы, Омардың Құсайыны, сияқты қис-

саны,  өлеңді,  дастанды  жаттап  алып,  махамына  келтіріп, 

əндетіп орындайтын өлеңшілер болды. Сəкен бұл екеуімен 



34

де сырлас дос еді. 1915 жылы, жазда каникулға келгенінде 

Əзімхан оның күндіз-түні қасынан қалмайтын серігі болды. 

Онда Сəкен қиылған қара қасы бар, тығыз қара шашты, ұялы 

мөлдір көздері дүниеге оймен қарайтын, талдырмаш бойлы 

ақсұр  жігіт.  Алтыбақан,  шілдехана,  үйлену  тойы  сияқты 

ойын-сауықта  Сəкен  Əзімханмен,  Құсайынмен  ылғи  бірге 

болады,  олардың  кəдімгі  осы  заманның  əртістеріндей  ажа-

рын келтіріп, бейнелеп орындайтын өлеңдерін, қисынымен 

келетін əңгімелерін тыңдайды. Жақсы сөзді, кербез əнді Сə-

кендей құмарта тыңдап, рухани лəззат алатын адамды мен 

оған дейін де, одан кейін де тым сирек кездестірдім. Ауы-

лымызда Сейітбек дегеннің əйелі Тəуірбала есімді келіншек 

əнші-ақ еді. Бас қосыла қалған жерде Тəуірбаланың əн шыр-

қауы өмірдің бір қызығы болатын. Тəуірбалаға əн салдырып, 

Сəкен  оны  ұйып  тыңдайтын.  Ойын-сауықта  Тəуірбаланы 

құрметпен шақыртып алып, əндерін бас алмастан тыңдаудан 

Сəкен де, басқалар да еш жалықпайтын. Осы күнде мен екі 

Розаның,  Бибігүлдің,  басқа  да  сахна  саңлақтарының  əнде-

рін  тыңдап  отырып,  қара  торы,  нəзік  бойлы,  бұлбұл  жан 

Тəуірбаланы еске түсіремін, қазіргі күнде жасаса, шіркін-ай, 

ол да сахнамыздың көркі болар ма еді, қайтер еді деп ойлай-

мын.

Өзінің жасында көп əсер алған адамдарын, өнер үлгісін 



шашқан жандарды Сəкен кейін де ұмытпай, олардың кейбі-

рінің бейнесін шығармаларына енгізіп те жүрді. Жоғарыда 

мен айтқан Əзімхан өлеңші – қасынан екі елі қалмаған сері-

гі болды, сол Əзімханның бейнесі кейін Сəкеннің «Жер қаз-

ғандар» деген повесінде өз бояуын тауып, бас кейіпкерлері-

нің бірі болып сипатталған.

Ауылдан алыстап кеткен шақтарында да ол жас күнінде 

өзіне  өнерден  сусын  берген  ұясын  ұмытпай,  сағынышпен 

еске түсіріп отыратын. Колчак үкіметінің түрмесінде отыр-

ған  кездерінде  шығарған  өлеңдерінде  де  елді,  оның  жақсы 

дəстүрін, оның өнерін сағыну сарыны басым болып отыра-

ды. «Терезеде  отырып – сөйлесті  көңілім  елменен»  деген 

өлеңінде қаншама сағыныш, ауылды қадір тұту бар десеңіз-


35

ші! Сонау, жас шағындағы Кəдіштің көп өлеңін мен Сəкеннің 

аузынан бертінде де бірнеше естідім.

Сəкеннің жүрегі жастайынан ауыл кедейлерінің жағында 

болды, өз басы да кедейшілік тақсыретін көп тартты. Бірақ, 

ол дəулетті адамдардың ішінде де адал пейіл, ізгі адамдардың 

болғанын көрмей қалған жоқ. Біздің көрші ауылда Аман де-

ген дəулетті адам болды, оған кезінде тəуір мал бітті. Сұра-

ған жаннан көлік күшін аямайтын қайырымды жан еді. Бұл 

адамның  үй-ішімен  Сəкен  де  жақсы  қарым-қатынаста  бол-

ды. Сəкен ауылды жерде, қаншама характерді, қаншама қай-

шылық арқалаған, түрлі-түрлі адамдарды көріп өсті. Оның 

бойына халықтың өнері, өлеңі сіңді. Бұл ұя Сəкеннен келе-

келе белгілі ақын, азамат шығаруға себепкер болды.

Ауылдан басқа, ес білген кезінен бастап Сəкен жұмысшы-

лар қауымының қанаудағы тұрмысын да, олардың есе-тең-

діктен  жұрдай,  езгідегі  хал-ақуалын  да  көріп,  көкірегіне 

түйді. Успенск қалашығы біздің ауылдан жүз шақырымдай 

жерде. Сəкен сол Успенскіде орысша мектепте оқыды. 

Ағылшын капиталистерінің орыс пен қазақ кеншілеріне 

көрсеткен  зорлық-зомбылығы,  бұл  шетелдік  мырзалардың 

жергілікті  орыс  капиталистерімен,  қазақ  байларымен  ауыз 

жаласып, жұмысшы халықты бəрінің бірлесіп қанауы Сəкен-

нің  көз  алдында  өтіп  жатты.  Сəкен  Успенск  руднигінде, 

Ыбрай деген ұстаның үйінде тұрды. Оның баласы Нұрғали 

Сəкенмен қатар өсті. Осы екі балаға Ыбрай жұмысшылардың 

бастан  кешіріп  келе  жатқан  қайғы-азабын  жыр  етіп  айтып 

беретін.  Ол  кезде  кен  қазу  жұмысында  ешқандай  техника 

күші  деген  жоқ,  барлық  ауыр  жұмыс  қолмен  атқарылады. 

Жұмыс уақыты таңның атқанынан күннің батқанына дейін. 

Осындай ауыр еңбек атқарғанда кеншінің алар еңбек ақысы 

өлмес  ауқатқа  ғана  əзер  жетеді.  Жұмысшылар  арасын-

да  бостандыққа  талпыну,  қанаушы  қапиталистерге  қарсы 

күресу,  патшалық  құрылысты  жек  көру  талабы  күшті  бол-

ды.  Россиядағы  социал-демократ  бағытындағы  жасырын 

əдебиеттер де Успенскіге жетпей қалған жоқ, саяси бағыт-

тағы үгітші революционерлер де кеншілер арасында жұмыс 


36

жүргізді. Мұның бəрі Сəкеннің бойына жастай дарыған үл-

кен  күрес  мектебі,  келешек  революционердің  қалыптасу 

мектебі еді.

Қазақтың ауыз əдебиет үлгілерін, орыс əдебиетінің клас-

сиктерін оқып сусындаған Сəкен енді марксшіл əдебиетпен 

де таныса бастайды, бірте-бірте француз революциясының, 

Париж  коммунасының,  Батыс  Еуропадағы  революциялық 

қозғалыстар тарихымен танысады, олардың жетекші қаһар-

мандардың  ерлікке  толы  өмірін  өзіне  үлгі  тұтынатын  бол-

ған.  Осылайша  келіп,  Сəкен 1916 жылғы  көтерілісті  бас-

тан өткерді. 1905 жылғы бірінші орыс революциясының са-

бақтарын  көңіліне  тоқыды.  Лениннің  ұлы  жолына  беріліп 

өле-өлгенінше  сол  лениндік  сара  жолдан  айнымай  кетті. 

Меніңше, осы күнге дейін Сəкен творчествосы, оның ақын-

дық жолы біршама зерттелінгенімен, оның революцияшыл 

жауынгер  боп  қалыптасу  жолы  тым  аз  сөз  болып  келгенге 

ұқсайды.


Міне, сонда, Сəкеннің революционер-күрескер ретіндегі 

тұлғасы сөз болғанда, бала жасынан бастап қашан, заңсыз-

дыққа  ұшырап,  мерт  болғанға  дейінгі  бүкіл  өмірінде  оны-

мен бірге болған менің көз алдымда Успенскінің кеншілері, 

ондағы  жұмысшы  табы  перзенттерінің  ерлігі  мен  еңбегі 

тұрады.  Жоғарыда  өзім  айтқандай,  балапан  қыранға  қанат 

бітірген  екі  ұяның  бірі – Успенскі  жұмысшыларының  өмі-

рі.  Бүкіл  өмірінде  Сəкен  Сейфуллин  өзін  саналы  күреске 

баулыған жұмысшы табының ісі мен мұратына адал болды, 

Коммунистік партияның ісі мен жолына адал болды.



VI

Ендігі бір сөзді мəдениет майданындағы Сəкеннің ақын 

жанды қарындастары жайында айтқым келеді. Саналы өмі-

рінің алғашқы қадамынан бастап-ақ Сəкен арысы бүкіл шы-

ғыс əйеліне, бергісі қазақ əйеліне жанашырлықпен қарады. 

Ол  қазақ  əйелінің  қапастағы  тағдырын  ел  ішінде,  ауыл 



37

өмірінде  өз  көзімен  көрді,  олардың  қайғы-мұңына  іштей 

ортақтасып өсті. Сəкен əйелдерге ақ сүтімен азамат өсірген 

ана, өмірдің түп төркіні, дүниенің көркі деп қарады.

–  Ақындық  маған  анамнан  келген  қасиет, – деп  отыра-

тын ол. Шынында, ауыз əдебиетінің ел ішіндегі небір тама-

ша нұсқаларын – ертегілерді, жырларды, шежіре, шешендік 

сөздерді Сəкен бала жасынан бастап өз анасының аузынан 

естіді.

Сəкен əйелдердің өнеріне де ерекше баға беріп, тіпті со-



лардың  өнерінен  ақындық  əсер  алып,  үйренуші  еді.  Біздің 

ауылда Айша Нұрымқызы, Тəуірбала Меңлібек келіні деген 

жас əйелдер асқан əнші болды. Сəкен бұл екеуінің əндерін 

ақындық  əсер  ала,  тəтті  зейінмен  тыңдайтын.  Ауылдағы 

сауық-сайран,  ойын-тойда  бұл  өнерпаз  адамдарға  құрмет 

көрсетіп, басқаларды да осыған баулитын еді.

Əйелге  тең  праволы  азамат,  өнердің,  ақылдың  иесі  деп 

қарау  Сəкен  санасында  ерте  оянған, 1916 жылдың  жазын-

да  Сарыарқадағы  Шұбыртпалы  елінде  кездескен  Хабиба 

қыздың əншілігін ақындық асқақ сөздермен «Тар жол, тайғақ 

кешу» романында əсерлі етіп жазды. Қыз салған «Əупілдек» 

əнінің  қайдан  шыққанын,  əннің  қасіретті  сырын  баян-

дай  келіп,  əйел  тағдырына  байланысты  жан  тебірентерлік 

жайларды  көркем  сөздердің  кестесіне  түсірді. 1918 жылы 

Ақмола совдепі арқылы бостандық алып, сүйгеніне барған 

Хабиба əлі бар көрінеді.

Сəкеннің «Бақыт жолына» деген пьесасы тұңғыш рет 1918 

жылдың  бірінші  майында  Ақмола  сахнасында  қойылған. 

Пьесаның да алға тартар негізгі бір өзегі – əйел теңдігі мəсе-

лесі.  Осы  пьесаның  бас  кейіпкерінің  рөлдерінде  Жаңыл 

Шашдəулетова мен оның күйеуі Хұсайын ойнаған еді. Сол 

Жаңыл да қазір тірі, Алматыда тұрады. Қазақ əйелінің сонау 

1918 жылы сахнаға шығуы, бостандыққа ұмтылған кейіпкер 

тұлғасын  бейнелеп,  көп  алдында  көрінуінің  де  зор  саяси 

тəрбиелік мəні бар-ды.

Совет өкіметі орнаған соң бақытқа ұмтылған еңбекші қа-

зақ халқының, оның əйелдерінің еркін тіршілігін көргенде, 


38

Сəкен бұл үлкен əлеуметтік өзгерістен жаңа шығармаларына 

шабыт  алып  отырады. «Тоқыма  фабрикасында»  деген  өле-

ңінде  жұмысшы  əйелдердің  еңбегі  мен  шеберлігін,  техни-

каны  игеруін  бейнелесе, «Вагон  терезесінен»  атты,  Сара 

Есоваға  арнаған  өлеңінде  өшпес  өмірдің  тұлғасын  лирика-

лық сөзбен жырлайды. Сара Есова, Нағима Арықова, Нəзипа 

Құлжанова секілді қоғам өміріне белсене араласқан білімді 

əйелдердің жемісті істеріне Сəкен қуанатын, оларды барын-

ша қолдайтын.

Орынборда  тұрғанда  Қазақ  АССР  Халық  Комиссарла-

ры Советінің председателі Сəкен мемлекеттік үлкен жұмыс-

тарының арасында уақыт тауып, поэзияның əйелдерден шық-

қан  алғашқы  қарлығашы  Шолпан  Иманбай  қызына  өлең 

жазудың шеберлігіне жететін жолдар мен тəсілдерді айтып, 

кеңес, ақыл беріп отыратын.

Революциядан бұрынғы өмірі аянышты болған Шолпан-

ның кейбір өлеңі шерлі, мұңлы сарынға құрылушы еді. Осы-

ны байқаған Сəкен ақын қызға:

– Поэзия дегеніміз – өмір. Қайғы-шердің өмірге келтірер 

зияны сияқты, поэзияны да мерт етуі ықтимал. Ақын өз мұ-

ңы мен қуанышын қағазға түсіргенде де алдында оқушысы 

тұруы керек. Оқушысын тым қайғыға көме берген шығарма-

дан гөрі, бізге бүгін оған рухани серік бола алатын, көңілін 

көтеріп, жанын сергітетін, күрес пен еңбекке баулитын шы-

ғарма керек, – деп ақыл берді. Өзінің əдеби мақалаларында 

Иманбаеваны  жаңа  поэзиямыздың  қарлығашы  деп  атап, 

оның ақындық қасиеттерінің қалыптасуына, ақындық даңқы-

ның тарауына Сəкен үлкен себепші болды. Шолпан да ақын 

ағасын  артықша  қадір  тұтып,  өле-өлгенше  оның  алдында 

өзін қарыздар санап өтті.

Менің  қолымда  Сəкеннің  Ғайша  Шариповаға  жазған 

бес  хаты  сақтаулы.  Мұнда  ол  өз  шығармаларының  Ғайша 

аудармасымен  орыс  тілінде  жариялануы  жайынан  əңгіме 

қозғайды. «Қымбатты, Ғайша ханым!» деп басталатын бұл 

хаттардың  мазмұнынан  да  үлкен  ақынның  кішіпейілдігі, 

əдебиеттің əйел қайраткерлеріне деген мəдени ілтипаты, сы-

пайы көзқарасы анық көрінеді.



39

Сəкен Қазақстанның сол кездегі атақты жазушыларының 

бірі  бола  тұра,  менмендікке  салынып,  өзін  коллективтен, 

қаламдас  жолдастарынан  жоғары  ұстаған  жан  емес.  Ол 

кісі,  əсіресе,  əйел  азаматтардың  алдында  сыпайы,  жоғары 

мəдениетті еді. Оның бұл биік қасиетін Москва жазушысы 

Галина Серебрякова өзінің Сəкен туралы естеліктерінде ше-

бер көрсете алған. Сəкен Сейфуллиннің 70 жасқа толу мере-

кесін Отанымыздың астанасы Москвада өткізген комиссия-

ның құрамында Серебрякова да болды.

Сəкен Сейфуллин əйел бақытын, оның бостандығы мен 

еңбектегі рөлін жоғары бағалап, мұның өзі еңбекші халықтың 

Совет  өкіметі  жылдары  ішінде  қолы  жеткен  табысы  деп 

білді. Сəкеннің əйелдерге көзқарасы нағыз коммунистің, елі-

нің, қоғамның мүддесін əр істе жоғары санайтын күрескер 

азаматтың көзқарасы еді.



VII

Сəкен  əн  мен  күйді  өте  сүйетін  еді.  Əнші,  домбырашы 

ауылға  келе  қалса,  яки  ел  маңынан  өтсе,  оларды  тыңдау, 

шақырып  əкеліп  қонақ  қылу  оның  əдеті  болатын  дегенді 

айттық.

Домбыраны  Сəкен  жақсы  тартатын.  Əкем  Сейфолла  да 



күйші  еді.  Шешеміз  əн  салатын.  Ал,  Мəлік  бəрімізден  де 

домбырашы еді.

Əлі есімде, Мақаш деген жігіт қонаққа келді. Қасына 4 – 5 

əнші, күйші жігітті ертіп алыпты. Сəкен оларды асыға күтті. 

Əсіресе, белгілі күйші Əбікен Хасеновтың өнері оған қатты 

ұнаған еді. Күйшілер біраз уақыт домбырамен кезектесіп күй 

тартысты да, бəрі бірін-бірі қайталамады, Сəкен қуанып:

– Осындай өнері бар күйшіден айналмаспысың, күй ту-

ғызған халықтан айналмаспысың! Арқа тұрған бойы күй да-

ласы  ғой.  Оны  көргенде  Құрманғазының  да  арқасы  қозып, 

«Сарыарқаны» берген жоқ па! – деді.

Сəкеннің  домбыраға  арнап  жазған  мына  бір  өлеңі  жəне 

бар:


40

Домбырам, күйлер қоссын

 

 

 

пернелерің

Тарқатшы көкіректегі кектің

 

 

 

 

шерін.

Қабағын қарыс жауып

 

 

 

тұнжырайды,

Түнеріп түгі шығып, қайратты

 

 

 

 

ерің.

Домбырам күйлегенде шыққан сарын,

Көкіректен əн салғанда шыққан жалын.

Күйдіріп, бір мұздатып жан мен тəнді

Əлемге біздің халдің айтшы

 

 

 

 

бəрін, –

дейді.


Демалысқа келгенде Сəкен үйде отырмайтын еді. Ол кез-

де  Есіл  бойы  қалың  жыңғылды  көк  тал,  жағасына  тұнған 

шие-жидек  өсетін.  Өзенге  шомылу,  көл  ортасындағы  аққу 

құсты тамашалау, бозторғай мен бұлбұл əнін тыңдау, аққу 

құстың қанатының сазын есту, орман аралау, аңдар тірлігін 

барлау,  ағаш  арасының  жұпар  иісіне  қану,  бұлақ  басында 

отыру,  жер,  су  тау,  орман  жайлы  халық  аңызына  құмарту, 

тыңдау, жазып алу Сəкеннің мінезіне тəн қасиет еді.

Табиғат  туралы  лирикасында, «Көкшетау»  поэмасында 

Сəкен  сол  қасиетін  өзі  де  танытады  ғой. «Аққудың  айры-

луы» деген балладасы осыған дəлел емес пе? Немесе аққуға 

арнап:


Келеді мұңлы дауыс құлағыма,

Япырмай, бір сорлы əйел жылады ма!

Сағынып əлде қымбат бір адамын –

Көл қылып көздің жасын бұлады ма?

Жоқ! Əне, саңқылдаған аққу екен,

Тапсырсам сəлемімді айтар ма екен!

Ей! Аққу! Сəлем деші жолыққанда,

Сарыарқа сансыз сұлу біздің мекен.

41

Сəкеннің екі сөзінің бірі Көкшетау болатын еді. Ол: – Мен 

Көкшенің жерін ғашық жарымнан кем сүймеймін. Көкшетау 

елімнің  үкілі  бөркі,  сəнді  қиімі,  əдемілігінің  белгісі,  ғажап 

қиялы, – деп отыратын еді.

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» деп басталатын поэма-

ның жолдарын оқушылар жақсы білетін де болар. Өйткені:

Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,

Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.

Бір шың бар етегінде тіп-тік найза

Адамзат жасағандай құйып тастан.

деген жолдармен:



Бурабай желді күні толқындайды,

Ысқырып, дауыл соқса, бұлқынады.

Жайындай найза тиген ойран болып,

Соқтығып, кырға шашып жұлқынады, –

деген шумақ бəріміздің есімізде емес пе?

Əрине, Сəкеннің бұдан басқа да қасиеттерін айтып беру-

ге  болар  еді.  Оған  шағын  ғана  естеліктің  көлемі  көтермей 

отыр. Менің айтпағым: жас буын ел өмірін Сəкенше сүйіп, 

əн-күйді  Сəкенше  тыңдап,  əдемілікті  Сəкен  аталарынша 

құрметтесе екен дегім келеді.

Жылдар жылжып өтер. Жас буын аталарының мұрасын 

əлі  де  оқи  біле,  тани  түсер.  Сонда  олар  аталарының  анаға, 

елге, Отанға деген махаббатынан нəр алар.



VIII

Сəкен  жалғыз  менің  ғана  емес,  барша  жастарымыздың 

ардақты ағасы. 

1923  жылы  Сəкен  Сейфуллин  жас  Қазақ  Республикасы 

Халық  Комиссарлары  Советінің  Председателі  болып  таға-


42

йындалды да, орасан зор қуат пен жігерді талап ететін мем-

лекеттік  жұмысқа  кірісіп  кетті.  Жаңаарқада  жатқан  маған: 

«Орынборға  кел,  рабфакқа  түсіп  оқы» – деген  сəлемін 

жолдады.  Естуімше,  ол  сол  кезде  «Еңбекші  қазақ» (қазіргі 

«Социалистік Қазақстан») газетінің де бас редакторы.

Ағамыздың 28 жасында  Қазақ  Республикасының  бас-

шысы болғанын іштей мақтан тұтып мен, ауылдың саптама 

етік, түлкі тымақ киген қыр баласы, өз өмірімде алғаш рет 

Жаңаарқа даласын артқа тастап, жолға шықтым.

Орынбор – ол кездегі астанамыз. Мені көргенде Сəкеннің 

қуанышында шек болмады. Қайта-қайта құшақтап, үй-ішін, 

ауыл-аймақты  əсіресе  анамыздың  денсаулығын  тəптіштеп 

сұраумен  болды.  Тіпті  жаңа  құрылған  жас  республиканың 

28 жасар басшысы секілді емес, балаша жайраңдап, бізбен 

өте қарапайым əңгіме-дүкен құрды.

Сəкен Деев алаңы № 5 үйде тұрады екен. Өзі бойдақ. Он 

бөлмелі үйі бар. Бірақ соның екі бөлмесі ғана өзіне тиісті де, 

қалғандарын  студенттерге  жатақхана  етіп  беріпті.  Яғни  ол 

онға  тарта  оқушымен  бірге  жатақханада  тұрады  екен.  Сол 

топқа келіп мен де қосылдым.

Сəкенде кішкене-кішкене екі бөлме бар еді. Бірі – жатақ 

жайы,  онда  бір  кісілік  кереует  жəне  киім  ілгіш  қана  бар. 

Екіншісі – кішкене жазу үстелі бар, жұмыстан оралған соң 

қағаздарын  қарайтын,  кісі  қабылдайтын  «кабинет».  Кітап-

хана,  этажерка  деген  атымен  жоқ.  Бар  қағазы – «Еңбек-

ші қазақ» газетінің тікпелері əлгі үстел үстіне таудай болып 

үйіліп жатады.

Тамақ  ішетін  ұзынша  үлкен  бөлме  бар.  Лиза  дейтін  бір 

əйел ас дайындайды. Ертеңгілік он шақты студент əлгі бөл-

меге  жапырласып  келіп  тамаққа  бас  қоямыз,  Сəкен  үнемі 

бізден сəл кеш тамақтанатын-ды. Ондағы ойы – біздерді қы-

сылтпау, еркін отырғызу. Сол себепті шайдың қызылы Сов-

нарком Председателіне жетпей де қалып жүрді.

Сəкеннің  пəтеріне  күні-түні  кісі  келеді.  Оның  кеңседен 

шаршап қайтқанын біз ғана білетін едік. Бірақ жəрдем бере 

алмайтынбыз.  Өйткені  ол  есік  қаққан  адамның  барлығын 


43

қабылдайтын еді. Түнімен отырып «Еңбекші қазақ» газетінің 

материалдарын  қарайтын. «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  жа-

затын.  Жұмыс  басты  оны  қатты  аяйтын  едім.  Бірақ  Сəкен 

онымды ескермегендей, үнемі сөзді басқа тақырыпқа бұрып 

жіберуші еді.

Сəкеннің өзі оқуға орналастырып, онымен бірге тұрған-

дардың ішінде Салық Айнабеков, Бозтай Батырбеков, Сəбит 

Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, тағы басқалары болды.

Сəкен осылардың қай-қайсысымен болсын жиі əңгімеле-

сіп,  қолынан  келген  жəрдемін  аяған  жоқ.  Бұлардың  алды 

оқуын бітіріп кетісімен үйіне студенттердің жаңа тобын ер-

тіп келумен болатын.

Жазғы  каникулда  мен  елге  келдім  де,  ол 1924 жылдың 

шілде-тамыз айларында Көкшетауға барып, Бурабай курор-

тында дем алды. Бірақ бұл демалу емес-ті, ол атақты «Көкше-

тау» поэмасын жазу үстінде болатын.

Маған салған хатында Сəкен Орынборға жүру жолымда, 

Бурабайға соғуды жəне оқуға түскісі келетін талапты ауыл 

жастарын, қанша болса да, ерте жүруді тапсырды.

Бір топ жігіттерді ертіп Бурабайдағы Сəкенге жетіп бар-

дым.  Сəкен  əрқайсымызбен  құшақтасып  амандасты.  Жол-

дастарыммен шүйіркелесіп, нендей қызметті сүйетінін, қан-

дай оқуға түскісі келетінін сұрады. Сəкен қолымызға жолда-

ма жазып беріп, бəрімізді Қызылжар арқылы Орынбор қала-

сына аттандырып жіберді.

Көп  ұзамай  ол  «Көкшетау»  поэмасын  бітіріп  астанаға 

оралды.  Бурабайдағы  кездесуден  есте  қалған  тағы  бір  жай 

Сəкен  осы  шығармасын  тұңғыш  рет  оқу  іздеп  аттанған 

əлгі жігіттерге оқып берген-ді. Əсіресе бізді ертіп Бурабай 

маңына саяхат жасағаны естен кетпейді.

Ол  қолына  таяғын  ұстап,  бізді  балапандарынша  ертіп 

«Анау тұрған «Оқжетпес» шыңы, анау «Жеке батыр» – дейді 

де,  позманың  жекелеген  тарауларын  жатқа  айтады.  Біздің 

көңіліміз ақын қиялымен қоса самғайды.

Мен ертіп барған жігіттердің төртеуі əскери училищеге, 

екеуі  милиция  мектебіне  түсіп,  сап-сары  ала  болып  шыға 

келгенде Сəкеннің қуанышы қойнына сыймады.



– Шіркін, жас осылай болар! – деп, əлгі студент-курсант-

тарды рабфакшылармен қоса үйіне қонаққа шақырғаны, қо-

сылып əн шырқағаны əлі көз алдымда тұр.

Сəкеннің мемлекеттік жұмыстары көп болды. Оған газет 

шаруасы қосылды. Москвадан жиі-жиі кісілер келетін. Жаңа 

құрылған  жас  республиканы  аяқтандырып  жіберу  үшін  ол 

нағыз лениндік стильмен алыптарша жұмыс істеді. Бірақ он 

бөлмелі  үйі – «Жатақханасы»  жастардан  бір  босаған  емес. 

Кейде оның жамылатын көрпелері де болмай қалатын. Себе-

бі, алған еңбек ақысын ауылдан келген жастардың оқуына, 

киім-кешегіне жұмсап жіберетін.

– Біздің жастар білімге алғыр ғой, – дейтін ол екі сөзінің 

бірінде. – Оларды əлі де оқуға тарта түсу керек, ауылдан ұза-

тып алып шығу керек, ысылдыру қажет.

Əрине, Сəкен қамқорлық жасап тəрбиелеген жастар өте 

көп.  Оны  түгел  айтып  шығу – арнаулы  естеліктің  міндеті. 

Мұндағы менің айтпағым, бəріміздің ортақ ағамыз, кейінгі 

буынның атасы – Сəкеннің жастарға деген ықыласы кіршіксіз 

таза, кішіпейілдігі орасан зор еді.

* * *


Мен  бұл  естелігімде  Сəкеннің  күнделікті  тұрмыста,  қо-

ғамдық  қызметте,  жолдас-жора  арасында – соның  бəрінде 

санасы биік, мəдениетті, байсалды азамат, жаңа өмір жолын-

дағы  күрескер  болған  əрқилы  жағынан  алып,  жеке  мысал-

дармен  көрсеткен  болдым.  Ол  жайында  айтқанымның  бə-

рі – көргенім.

Менің  жазғандарым  өмір  тарих  емес,  ғылми  талдау  да 

емес, туған ағасы туралы көзі тірі інісінің көрген, білген ес-

теліктері. Мұным Сəкен жайындағы үлкен арналы еңбекке 

қосылған бір кішкене бұлақ суындай болса, онда еңбегімнің 

өтелгені деп білемін.


45

Нұрман БАЙДІЛДАЕВ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал