Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет22/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
367

Оның шет жағасы шығып та жатыр. Өзіне дейін өзгелер 

де өмір сүргенін аңғармайтын, өз айтқанынан басқаны түкке 

тұрмайды деп білетін «данышпандар» шыға бастаған уақыт-

та тарихи қайраткерлердің қайсы болса да сасық көкіректен 

«сыбағасын алып» таяқ жейді екен. Оған басқаларды былай 

қойғанда өңгені емес, сөздің жанын білетін шығар деп ойлай-

тын  қаламгерлеріміздің  шайыла  бастағандары  қынжылта-

ды.  Əрбір  қайраткердің  ісі  өзінен  кейінгілердің  бүгінгі 

түсінігімен емес, өзіне дейінгілерге қарағанда не тындырға-

нымен,  өзі  өмір  сүрген  заман  түсінігімен  бағаланатынын 

ұқпау əрине білгеннің ісі емес.

Мұндай ауру қазір бүкіл əдебиет əлемін жаулап барады.

Баяғыда жалғыз Белгібай ағамызды білуші едік, енді оның 

баласы  түгіл,  немере-шөберелері  шыға  бастапты.  Сəкен-

дердің  «сырты  ғана  жылтыраған,  құр  кеуде.  Сірə  іші  əнте 

қуыс.  Басы  да  қуыс»  екендігін  өздеріне  салыстыра  қарап 

анықтайтындар шығуда. Бұған əлеуметтік тосқауыл болма-

са,  қазақ  əдебиеті  мен  мəдениеті  шынында  да  қуыс  кеуде-

лерге толып кетер...

Керуеннің көше берерін «Қазығұрт» баспасы қазақ ақын-

жазушыларының  көп  томдықтарын  шығару  үрдісімен-ақ 

аңғартып жатыр.

2004 жылы, тілейік мейлі, тілемейік мейлі, қазақ халқы-

ның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің тарихында керемет үрдіс 

жасап, адамзат дамуына талай қиындық пен жақсылықтар-

ды əкелген төңкерістің, соның жырын жырлаған əдебиеттің 

серкелері Сəкен, Ілияс, Бейімбеттердің 110 жылдығы болды. 

Өздері өмір сүрген заманнан, өздері орнатқан қоғамнан рахат 

көре  алмай,  қорлық-зорлыққа  тап  болған  ұлыларымыздың 

шығармалар жинақтарын шығару елдігіміздің үлкен белгісі, 

санамыздың  ұлы  қуанышы.  Осыған  орай  олардың  кешегі 

рухын, түсінік-танымын бүгінгі ұрпаққа таныстыратын, сəті 

түскен  кезде  көркемдік  лəззатына  батыратын,  ақыл-сана-

сының  өсуіне  ықпал  жасайтын  туындылары  жарық  көрер 

алдында  қалың  оқушыға  тəуелсіздік  əкелген  көзқараспен 

олардың  өмір  жəне  өнер  жолдарын,  тарихтағы  орындарын 

жаңаша баяндап берген орынды болмақ.



368

* * *


Қазақ кеңес əдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, 

айбынды  күрескер,  қоғам  қайраткері  Сəкен  Сейфуллиннің 

өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихы-

ның ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.

Сарыарқаның Ор, Аба таулары мен Есіл, Нұра өзендерін 

жайлаған  саятшы  Сейфолланың  семьясында 1894 жылы 

Сəкен жарық дүниеге келген.

Ауыл  молдасы  Ағашаяқтан  сауатын  ашқан  Сəкен 1905 

жылы  Нілдіге  келіп,  орыс-қазақ  мектебіне  түсіп, 1908 

жылы  Ақмоладағы  екі  сыныпты  приход  школына  ауыса-

ды.  Оны  тəмамдағаннан  кейін  қалалық  училищеде  оқуын 

жалғастырады.  Ақмоладан  да  гөрі  ірі,  өнерлі  жерде  білім 

алу қажеттігін сезген соң 1913 жылы Омбының оқытушылар 

семинариясына  көп  қиындықпен  қабылданады.  Осында 

болашақ  ірі  қоғам  қайраткері  Нығмет  Нұрмақовпен  екі, 

қазақтың  ұлы  ақыны  Мағжан  Жұмабаевпен  үш  жыл  бірге 

оқиды.

Омбы – Сəкеннің  білімін  молайтып  қана  қоймай,  оның 



демократтық  көзқарасын  қалыптастырған,  ақындық  дары-

нын ұштаған қала. Қазақ жастарының демеуімен 1914 жылы 

«Өткен  күндер»  атты  өлеңдер  жинағын  шығарып,  мəдени-

ағарту  мақсатын  көздеген  «Бірлік»  қоғамы  төрағасының 

орынбасары  болады.  Омбы  жұмыскерлерінің  өмірімен  та-

нысып,  демократ  А.  Сорокин,  революционер  жазушы  Фе-

октист  Березовскиймен  жақын  болуы  Сəкеннің  ағартушы-

демократтық  көзқарасының  өрістей  қалыптасуына  жағдай 

жасаса, 1916 жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысы  күрес  жолын 

таңдау қажеттігін сездірген.

Омбы  полициясының  қара  тізіміне 1914 жылы  іліккен 

Сəкен  өзінің  ізін  бағып  жүрген  тыңшыларға  қарамастан 

1916  жылғы  санақ  алу  жұмысына  қатысуы,  Бұғылы  ауы-

лында мектеп ашып, бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде 

қала  жатақтарымен  тағдыр  тəлкегін  бөлісуге  бел  байлауы, 

Ақмолаға келе сала «Жас қазақ» ұйымын ашуы, 1917 жылы 



369

«Тіршілік» газетін шығаруы, замана жайын түсіндіруі, Қазан 

төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды қатар 

ұстауы əншейінгі жастық желігі емес еді.

Күрескерлік  сананың  əсерімен  Ақмола  совдепінің  пре-

зидиум  мүшесі  жəне  халық  ағарту  комиссары  болып, 

төңкерісшіл  өлең-жырдың  туын  көтеріп,  таптық  сыңай  та-

нытты. 1918 жылдың  маусымында  тұтқынға  алынып,  ата-

ман  Анненковтың  азап  вагонында  ажалмен  алысуы,  асқан 

ерлік  көрсетуі,  түрмеден  қашып  шығып  Түркістан  өтуі, 

кеңес  өкіметі  қайтадан  орнағаннан  кейін  Ақмолаға  келіп 

əлеуметтік істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі 

өмірінің айшықты беттері.

1918  жылы  компартия  мүшелігіне  қабылданған  азғана 

қазақтардың бірі де Сəкен Сейфуллин.

1920 жылы бүкіл қазақстандық құрылтай съезіне арнайы 

шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мү-

шесі  болды.  Оқу  халық  комиссарының  орынбасары, «Ең-

бекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 

1922  жылы  Халық  Комиссарлары  кеңесінің  төрағалығына 

сайланды.

1922  жылы – қазақ  кеңес  əдебиетінің  олжалы  жылы. 

Сəкеннің 1915 жылдан  бері  жазып, «Тіршілік» (Ақмола), 

«Кедей  сөзі» (Омбы), «Ұшқын», «Еңбек  туы», «Еңбекші 

қазақ» (Орынбор) газеттерінде əр кезде жариялаған өлеңде-

рінен  құралған  «Асау  тұлпар»  жинағы, 1917 жылы  жазы-

лып, Ақмола сахнасына қойылған «Бақыт жолына» пьесасы 

мен  тұңғыш  революциялық  «Қызыл  сұңқарлар» (1920 ж.) 

драмасы,  А.  Асылбековтың  «Біздің  де  күніміз  туды»  пу-

блицистикасы, М. Əуезовтің «Еңлік-кебек» трагедиясы мен 

«Қорғансыздың  күні»  əңгімесі  жеке  кітап  болып  басылып 

шықты.


Сəкен Сейфуллин 1917 – 1925 жылдар арасында Қазақ-

стан көлемінде өткізілген барлық ірі науқандар, мəнді мəжі-

лістерге, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. Ел-

ді электрлендіру (ГОЭЛРО жоспары) туралы В. И. Ленин ба-

яндамасын өз құлағымен тыңдап, ұлт республикалары ком-


370

мунистерінің  Мəскеуде  өткен  кеңестерінде  белсенділік  та-

нытты.

1924  жылы пролетар көсемі В. И. Ленин дүние салғанда 



Қазақ  республикасының  делегациясын  басқарып  Мəскеуге 

барды, қазақ ақындарының ішінен бірінші болып «Қайғылы 

хабар»,  «Қаралы күн» өлеңдерін жазды.

1925  жылы  Қазақстан  пролетар  жазушыларының  ассо-

циациясын (Каз АПП) ұйымдастырып, Қызылордадағы ха-

лық ағарту институтының директоры, өлкелік партия  коми-

тетінің  жанындағы  испарттың  меңгерушісі  болды. 1927 – 

1929 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының 

(Казпедвуз) директоры қызметін атқарып,  1929 жылы күзде 

Алматыға зорлықпен шақыртылды. 1930 жылдан 1937 жыл-

ға  дейін  КазПИ-де  доцент, 1934 жылы  Қазақтың  комму-

нистік  журналистика  институтының  профессоры  міндетін 

атқарды.

1927 – 1928 жылдары  «Жыл  құсы»  альманағы  мен 

«Жаңа  əдебиет»  журналын  шығаруды  ұйымдастырып, 

ұзақ  уақыт  «Əдебиет  майданы»  журналының  редакторы 

болды.  Əдебиет  пен  мəдениет  ісіне  басшылық  ететін  та-

лай ұйымдардың жетекші құрамына сайланып, 1934 жылы 

бірінші  бүкілодақтық  жазушылар  съезінде  айбынды  сөз 

сөйледі.  Орыс  ақыны  А.С.Пушкиннің  қаза  болуының 100 

жылдығын  өткізу  жөніндегі  одақтық  комитеттің  мүшесі 

жəне республикалық комиссияның төрағасы болды.

Сəкен – қоғам,  əлеумет  істерімен  өзінің  творчестволық 

өнерпаздығын қисынын тауып қабыстыра білген қайраткер. 

Бүгінгі  өмір  шындығы,  кезең  тудырған  келелі  мəселелер 

оның  ақындық  жанарынан  сырт  қалмай,  үнемі  көркем  сөз 

өресінен көрініс беріп отырды. Қазақ халқының тарихында, 

əсіресе  əдебиетінде  үлкен  белес  жасаған  «Тар  жол,  тайғақ 

кешу»  атты  роман-эссесін 1922 жылы  бастап, 1927 жылы 

жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада «Домбыра» (1924), 

«Экспресс» (1925) жинақтары  мен  «Ұйым  жəне  еңбек 

шарт-жалшылар қорғаны» (1926) атты өлең-жырын жария-

лады.  Қазақ  əдебиетінде  жұмысшылар  өмірін  суреттеудің 


371

тырнақалдысы  болған  «Жер  қазғандар»  повесі 1927 жылы 

жазылса, «Тұрмыс толқынында» жинағы 1928 жылы шықты. 

Қазақ əдебиетінің классикалық туындысына айналған «Көк-

шетау» дастаны 1925 – 1928 жылдар аралығында жазылып, 

1929 жылы жарық көрді.

Өзі  қолымен  жасаған  социалистік  қоғамға  «Советстан» 

(1925) «Альбатрос» (1933), «Социалистан» (1935) трипти-

хын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, əсіресе 

кəрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін əш-

керелеген  «Қызыл  ат»  дастанын  жазды.  Бұлар  күрескер 

ақынның поэзия саласындағы толассыз еңбегіне айғақ бол-

са, 1922 жылы жазылған «Айша» əңгімесін 1935 жылы по-

веске  айналдыруы,  қазақ  интеллигенциясының  республи-

ка  басшылығына  рухани  қарсылығын  суреттеген  «Біздің 

тұрмыс» (1932 – 1934) романы  жəне  республиканың  өсу 

белестерін  баяндаған  «Жемістер»  атты  публицистикалық 

повесі, сол кездегі идеологиялық қыспақ құрсауында өңде-

ліп, толықтырылған «Тар жол, тайғақ кешудің» екінші 1936 

жылғы басылымы көркем қарасөз саласындағы ірі туынды-

лары еді.

Жаңа  өмірді  өрге  сүйрелеген  жалынды  қайраткердің 

творчестволық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 жылы ата-

лып,  зор  құрмет  көрсетілді.  Қазақ  жазушыларының  ішінен 

тұңғыш  рет  Еңбек  Қызыл  ту  орденімен  марапатталған  да 

Сəкен болды.

Дəуір  дауылпазы  туралы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде 

1923  жылы  жарияланған  мақала  «Жыл  құсы»  деп  аталып, 

«Сəкен Сейфуллин біздің қазақ əдебиетімізде жаңа дəуірді 

бастап  отыр.  Оның  шығармаларының  əдебиет  майданында 

жаңа жол көрсетіп шығуы Октябрь төңкерісімен байлаулы 

нəрсе. Бұл өзгерісті жұрттан бұрын сезген Сəкен. Бұл жаңа 

жол, жаңа пікір туғызушылардың саны əзір көп емес, бірақ 

түбінде  жеңбекші.  Жаңа  жазушылардың,  жаңа  балапандап 

туып  келе  жатқан  ақындардың  бастығы – Сəкен  Сейфул-

лин. Қазақ əдебиетінің бет алысын жаңа ағымға бұрып, жол 

салған»  Сəкен  екені  ашық  жазылды.  Мұндай  ой-пікір  сол 


372

кезде  басқа  ақын-жазушылардың  ешқайсысына  айтылған 

емес.

Қазақ  кеңес  əдебиетінің  негізін  қалаушы  болу  үшін  ең 



алдымен  табанды  таным,  көзқарас  керек  болса,  екіншіден, 

жаңа идеяны қалың оқушыға жеткізе алатын оңтайлы түр – 

форма  табу  шарт.  Жаңа  мазмұнға  лайықты  жаңа  түр  табу 

арқылы замана образын жасау қажет.

Қазақ  кеңес  əдебиетінің  серкесі  болу  үшін,  үшіншіден, 

əдебиеттің  əр  жанрында  еңбектеніп,  жоқты  табуға,  толым-

сызды толықтыруға, жетімсізді жетілдіруге тиісті, міндетті 

болды.  Мұны  да  Сəкен  абыроймен  атқара  бастаған  шақта 

əдебиетіміздің көсегесін көгерткен Бейімбет, Мұхтар, Сəбит, 

Ілияс сияқты ұлы дарындар көмекке келді.

Қазақ кеңес əдебиетіне қөшбасшы болу үшін, төртіншіден, 

жаңа  бағытты  қабылдайтын  жас  творчестволық  күштерді 

өсіріп,  олардың  идеялық-көркемдік  консолидациясын  жа-

сау,  ынтымақ-бірлігін  күшейту  шарт.  Осыны  да  қолымен 

атқарған адам Сəкен. Бұл салада Сəбит Мұқанов қана Сəкен-

мен деңгейлес бола алады дегеннің өзінде сол Сəбиттің өзі, 

онан  кейін  Ғабит  Сəкен  пəтерінде  жатып  оқуы,  əдебиетке 

араласуы ағайындықтың, туыстықтың, жерлес-руластықтың 

əсерінен емес, кеңес əдебиетіне жаңа творчестволық күшті 

тəрбиелеп  өсірудің,  басқа  ықпалдарға  шалдырмаудың,  жас 

жебелерді ұштап-қайраудың мақсатынан туған болатын.

Ол ол ма, Бейімбет сияқты ұлы дарынды кеңестік əдебиет-

тің даңғылына түсіруде Сəкен əрекетінің орны бөлек. Қос-

танайда  «Ауыл»  газетінде  жүрген  Бейімбетті  «Еңбекші 

қазақ» газетіне жауапты хатшылыққа алдырды. Орынборға 

көндікпей, біраздан кейін қайтып кеткен Бейімбетті қоярда-

қоймай  қайтадан  шақыртып  алуы  қазақ  əдебиетінің  образ-

дар  галереясында  Мырқымбайдың  төрден  орын  алуына 

жағдай жасағанын естен шығармаған абзал.

Тоқалдықтан босап, қуаныш-шаттығын сыртқа шығаруға 

талпынған  Шолпан  Иманбаеваны  əдебиетіміздің  қызыл 

гүліне  айналдырған,  революция  күндеріндегі  қанды  көй-

лек жолдасы Сабыр Шариповтың «Қызыл Қазақстан» жур-


373

налының  əр  санында  шашырап  жатқан  «Алтыбасарын» 

қолымен  көшіріп,  кітап  етіп  шығарған  да  Сəкен  болатын. 

Өнерпаз дарындарды осылай тірнектеп жинаудың арқасында 

ғана 1925 жылы қазақ жазушыларының тұңғыш өнерпаздық 

ұйымы – ҚазАПП-ты – қазақ пролетар жазушылар ассоциа-

циясын  құрып,  оған  басшылық  етуі  айтуға  ғана  оңай  жай-

лар.  Сондықтан  Сəкеннің  қазақ  кеңес  əдебиетінің  негізін 

қалаушы екеніне күдіктене қараудың өзі күпірлік.

Қазақ  əдебиеттану  ғылымында  «Сəкенді  қазақ  совет 

əдебиетінің  негізін  қалаушылардың  бірі  ғана»  деу  тарихқа 

қиянат  жасау.  Ол  «бірі»  болар  еді,  егер  Октябрьден  туған 

қазақ  совет  əдебиетінің  алғашқы  іргесін  онымен  қатар 

қаласқан  тағы  да  біреулер  болса. 1919 жылға  дейін  бір  де 

адам  болған  жоқ.  Сəкен  қазақтың  Маяковскийі  ғана  емес, 

Максим Горькийі, яғни қазақ совет əдебиетінің өркендеушісі 

ғана  емес,  оны  бастаушы»  деген  Сəбит  Мұқановтың 1936, 

1957 жылдарда ағынан жарылып айтқанын місе тұтпай, əр 

ауылдың  жүйрігін  бəйгеге  қосу  ниеті  күшейе  бастағанда 

Ғабит  Мүсірепов  «Сəкеннің  қазақ  əдебиеті  мен  қазақ  со-

вет мəдениетінің, жалпы халық ағарту жұмыстарының бет-

алыс табуындағы орны ерекше. Сəкен алғашқы кезде жапа-

жалғыз.  Жаңа  əдебиет,  жаңа  мəдениет  дегеннің  бағытын 

жапа-жалғыз белгілеген адамымыз.

Сəкенді біз совет əдебиетінің негізін қалаушы деп атай-

тын  болсақ,  ең  алдымен  Сəкеннің  сол  майданды  жалғыз 

басқарып,  совет  ұранын  көтергенін  ескеруіміз  керек»  деп 

1974  жылы  тағы  да  бір  пысықтап,  нығыздағанын  естен 

шығармаған абзал. Орынсыз ожарланғандардың қысыр ой-

лары тарихтың күресінінен табыларына еш күмəн болмасқа 

керек.

* * *


Сəкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға 

беру  дұрыс  болмайды.  Қазақтың  мақтанышына  айналған 

азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.


374

Сəкен  ең  алдымен  өзінің  өмір  сүрген  дəуірін  жырлап, 

оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл 

ұлы ақын. Құдай берген дарынын сəулелендіруге сазгерлігі, 

композиторлығы  едəуір  демесін  жасап,  сал-серілігі  мен 

саятшылығы ажарлай түскені тағы бар. Қазақ тарихындағы 

осы ұлы құбылысты ажарландыра, мəндендіре түскен өнер-

паздықты атап-атап көрсеткен абзал.

Сəкен  Сейфуллин – ірі  мемлекет  қайраткері.  Қазақстан 

елдік пен азаттыққа үміттенген шағында республика басшы-

ларының  бірі  болғанын,  ең  бір  шешуші  кезде  жан-тəнімен 

жұмыс істеп, басқа елдермен халқының терезесін тең қылу 

жолында аласұрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ол 

өзінің өлең жырларында, көркем шығармаларында ғана емес, 

əрбір  іс-əрекетінде  осы  арманын  жүзеге  асыруға  жан  сал-

ды, талаптанды. Оның журналистік қаламы осы мақсаттың 

үлдесінен шығып, сөзі мен ісі бір жерден шығуына жағдай 

жасады.


1922 жылы аз уақыт оқу-ағарту комиссарының орынба-

сары болғаннан кейін шілде айында бүкіл жаңалықтың жар-

шысы, сөзіне еріксіз құлақ асатын партия органы – «Еңбекші 

қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде, яғни 

қарашада Қазақстан үкіметінің, яғни Қазақ АССР Халық ко-

миссарлары  Кеңесінің  төрағасы  қызметіне  сайланды.  Осы 

екі  міндетті 1925 жылға  дейін  қоса  атқаруында  үлкен  мəн 

бар. Төрешілдікті көздеген адам газет маңына жоламайды, 

оның жанып тұрған от екенін, сыр шашып қоятынын біледі. 

Ал Сəкен болса іс пен сөзді тұтастыру үшін, айтылған мен 

жазылғанның іске асуы үшін екі негізгі тұтқадан айырылма-

ды.


Халық  комиссарлары  Кеңесіндегі  пəрменді,  өмірі  біт-

пейтін  жұмыстар  бір  адамға  аздық  қылмайтынын  Сəкен 

өте  жақсы  білді.  Істеліп  жатқан,  істелейін  деп  жатқан  жұ-

мыстарды,  бұйрық-жарлықтарды  оңтайлы  да  дəйекті  на-

сихаттау  бір  адамға  аздық  жасамайды.  Осыған  қарамастан 

Сəкен  екі  тізгінді  қатар  ұстап,  өзінің  шын  азамат  екенін, 

оның көздегені өзінің мансабы емес, елдің өркендеуі екенін 


375

анық танытты. Қазақтың «қолында тұрған соң қонышынан 

басады»  деген  күдікшіл  ойынан  шығайын  деп  емес,  елге 

пайдамды  тигізейін  деген  мақсатпен  Сəкен  Совнаркомдегі 

күндіз атқарылған мəнді істерді газетке түнде жазып отыр-

ды. Əуелгі кезде үш-төрт материал берген кезі де бар. Осы екі 

қызметті қоса атқарған уақытта Сəкен публицистикасының 

басым көпшілігі, ең аз дегенде екі жүздей (200) мақала, ха-

барлары  жарияланды.  Жəне  олары  көр-жерге  емес,  үлкен 

əлеуметтік, мемлекеттік мəселелерге арналды.

Мемлекет билігі қолына тигенде 1923 жылы 15 ақпанда 

«Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген ащылығы удай 

мақала жазды. Теңдік беремін деп дуылдатқан 1917 жылдың 

өзі «Киргиз» деген атаудан бізді құтқармаған-ды. Сəкен ашу-

ызаға  толы  осы  мақаласын  «бүгінге  шейін  қазақты  орыс-

тар  киргиз  деп  келеді,  орыс  патшасының  төрелері,  жаса-

уылдары қазақты біртүрлі мүгедек, мақау жануар деп санап, 

«киргиз»  дегенде  біртүрлі  менмендік  қиянатпен,  қорлаған 

мазақпен айтатын... Төрелердің қатындары итіне ұрысқанда 

«ах, ты Палкан, киргиздан да жамансың» дейтін... Қазақты 

қорқытқанда көзін алартып, тісін қайрап: «у, у, у, Киргиз!» 

деп ызбарланып айтатын» дегендерді бүгін оқудың өзі қиын. 

Большевизм дəуірлеп тұрғанда ауыз екі айту былай тұрсын, 

газетке жазудың өзі қаншама қажыр-қайратты талап еткенін 

құдай білсін.

«Басқа жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз.  Бұл 

біздің əлсіздігімізді көрсетеді», – деп алады да «Қазақстанның 

орталық  өкіметі  «киргиз»  дегенді  қойып, «қазақ»  деген 

есімді қолдануға жарлық (декрет) шығару керек. «Қазақты» 

қазақ  дейік,  тарихи  қатені  түзетейік»  деп  ұсыныс  жасапты 

1923  жылы.  Қазақ  тілінде  жазылған  ойлар  республиканың 

шовинист басшыларына қалай аударылып жеткізілгенін құ-

дай білсін, үкімет бастығының ұсынысына дереу құлақ асқан 

партия,  совет  органдары  болмай,  əйтеуір  Орта  Азиядағы 

жер бөлінісінің дүмпуімен 1925 жылдың жазында, V съезде 

əрең дегенде тарихи атымызға ие болдық-ау. Соны көтерген 

Сəкеннен басқа кім болды осы кезде? Біреудің еңбегін біреу-


376

ге ойланбай, білмей таңа салатындардың осыдан хабары бар 

ма екен?

Осы стратегиялық ойдың жалғасын Сəкен көп тостырған 

жоқ. Партияның ұлт мəселесін алғаш жəне соңғы рет арнайы 

қараған XII съездің  шешіміне  арқа  сүйей  отырып,  Сəкен 

күні  бүгінге  дейін  қиюы  табылмай  келе  жатқан  қазақ  тілі 

мəселесін  көтерді. 1923 жылы 9 маусымда  «Кеңсе  істерін 

қазақ тілінде жүргізу керек» деген атақты мақаласын жария-

лады. Бұл мəселені көтерерден бұрын Халық комиссарлары 

Кеңесінде сəуір айының ортасындағы отырыста барлау жасау 

мақсатымен  осы  ойының  шетін  шығарғанда  «Байқасайшы 

Сəкен» деп сақтандырғандар да, көзін алартқандар да болған. 

Соны  анық  сезген  Сəкен  шамырқанып: «Қазақстанның  ең-

бекші табы шын қатарға кірсін, өз тізгінін өзі алсын деген 

азамат бұл іске жан аямай кірісуі керек!» – деп талайлармен 

алакөз болды. 25 маусым күні «Кеңселерде істі қазақ тілінде 

жүргізуге кірісу» деген екінші мақаласын жариялады. Газет 

редакторлығының  керектігі  осындай  ғұмырлық  мəселелер 

төңірегінен айқын көрінеді. Курс ашу, кадр даярлау, студент-

терді  пайдалану  сияқты  нақты  істердің  көзін  көрсетіп,  но-

байын  келтіріп, 1923 жылдың 22 қарашасында  Орталық 

Атқару  Комитетінің  декретін  қабылдатты.  Кеңселердегі 

істерді  қазақ  тілінде  жүргізу  бүкіл  республика  көлемінде 

1924  жылдың 1 шілдесінен  басталатын  болды. «Бұрынғы 

жəне қазіргі үкіметтердің саяси тарихында мұндай айрықша 

мəні  бар  шара  болып  көрген  емес»  деп  қуанған  Сəкен 

игілікті  істің  бірден  қарқын  алып  кетуіне  кедергі  жасаған 

жағымпаз төресымақты кездестіре берген соң: «Біздің қазақ 

коммунистерінің кейбіреуі қазақ тілі туралы қатты кірісуге: 

«біреу ұлтшыл деп айтады...» деп бой тартады. Бірақ бұл – 

қулық,  бұл – коммунистік  қылық  емес,  ол – жарамсақтық, 

жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз демагог өзін «жақсы 

коммунист екен» деп айтсын деп, қазақ тілін кіргіземін деп 

жүрген белсенді адамдарды «анау ұлтшыл, мынау ұлтшыл» 

дер,  одан  қымсынбай,  айылын  жинамай  іске  кірісе  беру» 

керектігін  айтып 9 мақала  жазды.  Совнарком  тарапынан 


377

бұйрық беріп, қолынан келгеннің бəрін жасады. Не керек... 

өзімізге өз тіліміз бұйырмай əлі келе жатырмыз ғой.

Сəкеннен  кейін  үкімет  басына  келген  Н.  Нұрмақов  тұ-

сында мекемелерді жергіліктендіру науқаны жайындағы аз-

мұз  талпыныс  аштық  əлегіне  ұшырады.  Содан  кейін  бірде 

бір үкімет басшысы қазақ тілінде іс жүргізу былай тұрсын, 

қазақша  сөйлеуден  қалды,  тіл  мəселесіне  араласпай,  үн-

түнсіз кеткендер қаншама!

Сəкеннің  мемлекет  қайраткері  ретінде  бұдан  кейін  ай-

рықша  қайрат-күш  жұмсаған  саласы – оқу-ағарту  майда-

ны. «Қазаққа оқу бұрын бір мəртебе керек болса, енді мың 

мəртебе  керек.  Оқусыз  қазақтың  болашақтағы  күні  қараң. 

Енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың 

қатарына қосылуы керек» деген түбегейлі бағдарламасы бар 

Сəкен Сейфуллин өзі үкімет басында отырғанда республи-

каның жартымсыз бюджетінің тең жарымын оқу-ағарту са-

ласына  бөліп,  Өлкелік  партия  комитетінен  ескерту  алған 

кезі де болды. Соған қарамастан астымдағы орындығымнан 

айрылып  қалам-ау  деместен,  жер-жерлерде  мектептер  аш-

тырып,  совет  үкіметіне  көңілі  толмай,  қырын  қарап  жүр-

ген  оқығандарды  ағарту  майданына  тартып,  игілікті  іске 

араласқандарды  қолдап,  демеп,  газет-журналдарға  жаз-

ды.  Оқу  орындарының  жатақханасына  барып,  асханадағы 

тағамдарының  жұғымдылығына  дейін  назар  аударып,  шет 

елдер  мен  Мəскеу-Питерге,  өнерлі  қалаларға  топ-тобымен 

қазақ жастарын оқуға алдыртып, ақшадай көмек беріп, «қа-

зақ  оқушы  жастарының  жерлестігі»  ұйымдастырған  кезде-

сулерге барып, сөз сөйлеп, тарыққандарына қаражат тауып 

бергені айтып тауыса алмайтын хикая. Оны мына жанашыр 

сөзінен аңғаруға əбден болады.

«Елдің атқа мінген бастықтары оқу ісіне қарамай кетсе, 

ел балалары оқусыз жүрсе, атқа мінген ел адамдарының мой-

нына  қазақтың  келешек  жас  буынының  мың  лағынеті  ар-

тылады.  Көңілінде  азырақ  адамдықтың  саңылауы  бар  əр 

қазақтың, əр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолы-

нан келген жəрдемін тигізіп отыруы мойнына артылған зор 

парыз.


378

Ісіңмен,  күшіңмен,  тіліңмен  болса  да  оқу  ісіне  жəрдем 

қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді» деп 

шамырқанған Сəкеннің жан айғайын «Еңбекші қазақ» газеті 

қолында болмаса елге жеткізе алар ма еді?! Міне екі тізгіннің 

бір қолда болуының пайдасы осы.

Сəкен – үлкен қоғам қайраткері. Бұл жарлықсыз, мандат-

сыз берілетін атақ. Халық оған лайық деген азаматын ғана 

аспанға көтереді, махаббатына бөлейді, қадірлейді. Осының 

бəрі  бір  Сəкеннің  тұлғасынан  табылуы  тарихта  өте  сирек 

кездесетін бақытты сəт. Міне осы қасиеттер Сəкенді басқа 

қайраткерлерден даралап, тарих бетінен жарқырап көрінуіне 

мүмкіндік берді.

Коммунист,  интернационалист  бола  жүріп  ұлтшыл, 

ұлтжанды  болу  мүмкін  бе?  Əбден  мүмкін!  Ол  үшін  ел-

жұрт  тілеуін  шын  тілеу,  арман-мұратын  арлау,  қасықтай 

қанын, шыбындай жанын беруге бел байлау керек. Алдын-

ала жасалатын бір ескертпе: біз кеңес заманында Сəкеннің 

қызылдығын-большевиктігін бадырайта көрсетуге айрықша 

құмар  болдық. «Анау-мынау  еркелігін»  төңкерісшілдігінің 

құрбандығына шалдық. Сөйтіп біздің көз алдымызда «Қызыл 

сұңқар» көк аспанға еркін самғады, титығы қалмай, арқасы 

жауыр  болған  «Қызыл  атымыз»  бəйгенің  алдын  бермеді. 

Бұған  бүкіл  ел  болып,  жұрт  болып  қол  соқтық,  қуандық 

жəне сендік. Сонда Сəкеннің ішкі дүниесінде алай-дүлей бо-

расындар жүріп, дауыл-құйындар соғып жатқаны ескерусіз 

қалды.  Оны  ескерейік  десек  партия  ұнатпайды,  əбден  ен-

деп  кеткен  идеология  теріс  қарады.  Амалсыздан  аузымыз-

ды  жаптық,  тілімізді  байладық.  Əйтпесе  Сəкеннің  көңіл 

күйі,  түсінік-танымы  болып  жатқан  құбылыстарға  барлық 

кезде  бірдей  бола  бермегенін  оқыдық,  білдік,  сездік.  Енді 

осыған сабырмен бір қарайықшы, мүмкін, біз айтпай-жазбай 

келгендеріміздің  ішінде  кеше  де,  бүгінде  өтпелі  заманға 

тап  болған  қазақ  халқына,  оның  ойлы  азаматтарына  айтар 

ғибраты, елге еңбек етудің үлгі-өнегесі болар. Соларды са-

намыздан  сараптап  өткізсек,  мөлдір  қайнардан  сусындап, 

шөліміз қанар.


379

* * *


Ұлтын,  халқын,  елі-жұртын,  ата-анасын  сүймейтін  пен-

де болмайды. Бұл жөніндегі түсінік əртүрлі аталғанмен саяр 

жері біреу-ақ, ол – ұлтжандылық, патриотизм.

«Айқап»  журналының  материалдары  таяуда  жеке  кітап 

болып  шықты.  Бұрын  оқығандарымды  қайтадан  пысықтап 

оқып  келе  жатқанымда  Сəкеннің  «Туған  жерім – өз  елім» 

(Шетте жүргенде) деген № 11.1914) өлеңнің соңғы екі жолы: 

«Сөйткен жерге хахол келіп орнады, Арманда боп, жылай-

жылай қалғаным» Дегенін оқып, «шошып» кеттім демей-ақ 

қояйын, көптен бері ойлап жүрген, яғни Сəкеннің ұлтжандығы 

жөнінде  жазсам-ау  деп  жүрген  ойыма  қамшы  болды.  Бұл 

өлеңді Сəкен өзі көзі тірісінде шыққан кітаптарына қосуды 

«ұмытып кеткен» сияқты, ал 1960 жылы шығармаларының 

2  томының 271-бетінде  «Жаңадан  табылған  өлеңдері»  деп 

жарияланғанда əлгі екі жол түгіл, сондай ойға алып келетін 

бір шумақ алынып қалыпты. Оны істегендер 60-жылдардағы 

лито  не  редактор,  редколлегия  болуы  ғажап  емес.  Қалай 

болғанда да Сəкеннің атамекенге арнаған жырындағы:



Сағынып, Нұра, мен келдім,

Бұрынғы иең-байғұсың.

Айрылған сенен көп елдің

Жатырсың көрмей қайғысын, –

деген шумақ бүгінгі оқушыға жетпей қалған. Бұл шумақтар, 

сөз жоқ, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағындағы» пікір-

лерден бастау алғаны сөзсіз.

Себебі жер мəселесі – туған елдің тағдыры – XX ғасыр 

басындағы əдебиетіміздің мəнді тақырыбы ғана емес, елдік 

пен  ерліктің,  тірлік  пен  болашақтың  ең  үлкен  проблемасы 

болғаны белгілі.

Сəкеннің демократиялық көзқарасы 1914 жылдан бастап 

көріне  бастаған-ды. «Бірлік»  қауымын  құрып,  оның  сол 

қанатын  басқарған  уақытта  Шəймерден  Əлжанов  екеуінің 


380

«егер  восстание  бола  қалса  қазақ  халқы  орыстың  шаруа-

жұмысшыларымен  бірге  боларына  кəміл  сенеміз»  деулері 

əншейінгі  сөз  емес  екенін  кейінгі  өмір  жолдары  айқын 

көрсетті.  Солай  бола  тұрса  да  Сəкенді  бірден  төңкерісшіл 

ете салу орынды бола қоймас.

Сəкен қалай болғанда да Омбыдан ілгершіл ой-тілекпен, 

жұрттың бəрін «теп-тегіс бірдей қылсам» деген игі мұратпен 

оралды.  Ол  түсініктен 1916 жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысы 

кезінде  де  безіне  алмады. «Толқын»  өлеңі  оған  дəлел. 

«Қазақ»  газетін  шығарып  жатқан  ағаларына  алаңдаған, 

«шіркін,  қазақ  жастары  солдатқа  барып,  əскердің  өнерін 

үйреніп  келіп,  мылтықпен  патшаға  қарсы  тұрғанда  жақсы 

болар еді-ау» деп ойлап, Ахмет, Əлихан, Міржақыптардың 

«Ашық хатында» айтылған пікірге де ден қойған сəті де жоқ 

емес.  Сəкеннің  ізін  баққан  қызыл  көздер  «С.  Сейфуллин  в 

своей книге «Тяжелый путь, трудный переход» совершенно 

неправильно  оценивает  восстание 1916 года  и  неправиль-

но  излагает  позицию  националистической  интеллигенции 

и казахского байства – он по существу оправдывает их по-

зицию» («Большевик  Казахстана» 1932, №5, 21-бет)  деп 

1932 жылы айыптаған болатын.  1917  жылғы жалпы қазақ 

съездерінің шешімдеріне жалтақтап қарайлағаны да ұлттық 

таным-біліктің,  алаш  ағаларының  төңірегінен  шыға  алмай 

жүргендігін көрсетеді.

1916  жылғы  қозғалысқа  белсене  араласа  алмағанына 

іштей  күпті,  халық  алдында  кінəлі  адамдай  сезініп  жүрген 

Сəкен ақпан төңкерісінде «қуантуға ел-жұртты, асығып тез 

аттанады» да, Ақмолаға келіп саясаттың мыс қазанына күмп 

беріп түсіп кетеді.

Алаш  қозғалысының  көсемі  Ə.  Бөкейхановтың  ақпан 

күндерінде  «еккен  де  жоқ,  сепкен  де  жоқ,  қазақ  халқы 

бостаншылыққа ортақ болып отырмыз. Біз кəзіргі əділ үкімет, 

азат Россиямен бір тілекте, бір кемедеміз. Кемедегінің жаны 

бір. Тілек бірге болған соң, тірі болсақ бір төбеде, өлсек бір 

шұқырда болуымыз керек» (Ə. Бөкейханов. Шығармалары. 

235-бет) дегені бұрыннан іштей де, сырттай да, əсіресе төре 


381

тұқымынан  шыққандығын  ұнатпай  жүрген  Сəкенді  қатты 

шошындырып, іргесін аулақ салу қажеттігін аңғартты. Осы 

кездегі  толып  жатқан  оқиғалар  Сəкенді  солшылдандыра 

берді.  Қазан  төңкерісі  күндерінде  «Кел,  жігіттер»  өлеңін 

жазып, «кедейден  топ  жасайық!»  деген  идеяның  жаршы-

сына  айналды.  Коммунистік  партияға  кірді,  совдептің  бар 

əрекетіне араласып, оқу комиссары болды.

Советтердің  бірінші  құрылтайында  Ə.Жангелдин  баста-

ған 20 шақты большевиктердің құрамында болып, алашшыл-

дардың мандатын жоймақ болғандары, Кир-ЦИК президиу-

мы  мүшесі  болып  сайлануы,  қазақ  баспасының  алғашқы 

уығын қадауы, «Ұшқын» газетін «Еңбекшіл қазаққа» айнал-

дыруы,  Семей  мен  Ақмола  облыстарын  Қазақ  АССР-ына 

қосатын төтенше комиссияда болуы, В.И. Ленин мен М.И. 

Калининнің  оң  қабақтарын  көріп,  қазақ  жеріне  қызыққан 

Сибревком ниетін тоқтату процесіне қатысуы Сəкеннің со-

ветшіл болғандығын мықтап дəлелдейді.

Қып-қызыл коммунист болған Сəкен қай жерде, қашан өз 

ұлтына, қазаққа жаны ашыпты, ұлтжандылығын көрсетіпті, 

жіліктің майлы басын интернационализм туы астында оты-

рып қалай ыңғайлапты дегенге келер болсақ, Сəкен ыңғайы 

келген  тұста  қазаққа  бұра  білгендігін  талай  іс-қимылынан 

анық  көреміз. «Ойпырмай  қу  НЭП,  қойдың  ғой  жеп»  деп 

жаңа экономика саясатына қарсы шығуы жалпылық сипат-

та  болса,  онда  «жер-жердегі  мекемелер  һəм  Қазақстанның 

бас мекемелері қолындағы барлық қаражаттың қақ жарты-

сын (50 процентін) оқу ісіне жұмсау керек!» – деп бұйрық 

беруі, партия мен өкімет тұлан тұтып жатқанда Ахмет Бай-

тұрсыновтың елу жылдығының салтанатты жиналысын өзі 

ашып,  екі  мақала  жазуы,  алаштың  көсемін  ардақтап  жа-

тырсың деп əсіретөңкерісшілдердің шаптыққандарына пыс-

қырып та қарамай «Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйе-

тін, шын ұлтшыл» деп газетке жазып, құрмет көрсетуінің өзі 

Сəкеннің түпкі пиғылынан хабар берсе керек.

Коммунистік пердені жамылған шовинистер шет аймақ-

тарда, əсіресе Қазақстан мен Түркістанда əрбір ой-пікірден, 


382

аттаған  қадамдардан  ұлтшылдық  ниет  тауып,  Мəскеуді 

паптюркизммен,  паписламизммен  əдейі  қорқытып  жатты. 

«Издавались  антимарксистские,  националистические  по 

духу брошюры С. Садвакасова. Глубоко ошибочным были 

отдельные опубликованные в печати произведения С. Сей-

фуллина.  Ошибки  в  произведениях  Сейфуллина  имели  се-

рьезный  политический  характер  и  могли  быть  использова-

ны  во  вред  нам  нашими  врагами»  дегендер  Сəкеннің 1922 

жылғы «Азия (Еуропаға)», Троцкийге арнаған «Қара бүркіт» 

өлеңдеріне  байланысты  айтылып, III партия  конференция-

сында  Мəскеу  өкілі  Е.  Ярославскийдің  аузымен  айтылды. 

Оны өзіміздің белсенді апамыз А. Оразбаева ашық қолдады. 

Олардың пікіріне қосылмаған он төрт «Киргизские комму-

нисты  категорически  протестуют  против  предъявляемых 

им  обвинений  в  национализме»  деп  конференция  үстінде 

мəлімдеме  жасады.  Сəкен  конференция  өтісімен  «Қазақты 

қазақ  дейік,  қатені  түзетейік», «кеңсе  істерін  қазақ  тілінде 

жүргізейік»  деген  айбынды  да  ұлтжанды  науқандарға  жел 

беріп, басшы болды.

Идея айту да оңай емес, ал сол ауыздан шыққанды іске 

айналдырудың қиындығына келгенде Сəкендей табанды, бір 

сөзді  азаматтардың  көрген  тақсіреті  аз  болмағаны  белгілі. 

Елге,  халыққа  деген  жанашырлық  тек  «ұлтшылдықтың» 

төңірегінде қалып қоймайды екен. Орыс отаршылдарының 

мұсылман қозғалысынан өлердей қорқып, шошынуының ар 

жағында пантюркизм, панисламизм, паназиятизм түтіні жа-

тады дегені белгілі дəрежеде шындықпен түтіндес болаты-

нын Сəкен ізденістерінен анық байқаймыз.

Оған  Сəкен  əдейі  барды  десек  орынсыздау  болар,  өмір 

толқынының өзі осы жолға түсіріп, таным-білігін көрсетуді 

қажет еткенде Сəкен іркілмей сілтеді.

«Түріктің  бұрынғы  ерлері  Азияға,  Африкаға,  Еуропаға, 

яғни дүниенің көп жеріне түрік жұртының дəуірін сүргізді. 

Түрік  жұртының  дəулеті  шалқыды.  Түрік  елі  жан-жағына 

құлашын  жайып,  қолын  артты.  Түрік  жұрты  айбынды  ел 

болды» (31 қазан 1922 жыл.) деп кешегі тарихты көлденең 


383

тартып, бүгінгі Түрік республикасы орнардан бір жыл бұрын 

жазған  болатын.  Тарихпен  жігерлендіру  мақсатын  көзде-

ген-ді.


«Басшысыз үйді қонағы билейді», «Қырық уыс топырақ», 

«Жыландар  басын  көтерді», «Жыландар  шаға  бастады», 

«Түркиенің  жайы»  деген  публицистикасында  Сəкен  ер 

түріктің  өткенін  кім  көрінгенге  бүгін  таптатып  отырған 

ездердің  істерін  əшкерелей  отырып,  Мұстафа  Кемелдің 

ерлігін басқаларға үлгі етеді. «Түркие тарихы жаңадан бас-

талды. Жалпы адамзаттың бақыты – бауырмалдық тұрмысқа 

Түркиенің еңбекші табы жетпек. Əрине, жол қиын, жүк ауыр, 

жол бойы, əр асуда əртүрлі ит үре бермек, оған алаңдамай 

алға тарта беріңдер, бауырлар» деп тілек қосады.

Əрине, Түркиеге арналған мақалалардан түрікшілдік ту-

ындамайды,  алайда  оның  ішкі  динамикасы,  түпкі  пиғылы, 

ой-ниеті  көп  жайды  аңғартары  сөзсіз.  Түрікшілдік  идея, 

оның  үстіне  Сəкеннің  түрікшілдігі  тек  Түркиеге  деген 

көзқараспен,  жазған  мақалаларымен  өлшенбейді.  Бірақ  та-

рихи оқиғалардың тоғысуы сол кезде Түркиеге байланысты 

шоғырланғаны, түрікшілдік идеяның шарықтап көтерілуіне 

себепші  болғаны  өтірік  емес.  Тұрар  Рысқұлов 1920 жылы 

біртұтас  советтік  түркі  республикалары  федерациясын 

құру жөніндегі ұсынысын айтқанда,  Мəскеу шошып кетіп, 

И.В.  Сталиннің  орынбасары  қызметіне  шақырып  алып, 

тұншықтырғаны  белгілі.  Ал  ақындық  шабытпен  Мағжан 

мен  Сəкеннің  түрік  елі  жаңа  жолға  түсіп  жатқанда  талай 

шығармалар жазғаны рас.

Сəкен 1922 жылдың  қарашасында  Халық  Комиссарла-

ры  Кеңесінің  төрағасы  болып  сайланды.  Ақын,  журналист 

Сəкен  енді  ресми  төраға  ретінде  ой-пікірді  өлшеп  айтуға 

тиіс  болды.  Бұрынғыдай  еркін  сілтеуге  болмайтынын  сез-

генмен,  шабыт  қысқан  шақта  қалам  ұстаудан  тартынбады. 

Жəне  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  жауапты  редакторлығын 

қоса  атқаруы  бұған  себепші  əрі  демесін  болды.  Сəкенді 

«паназиялықпен» айыптауға негіз болған «Азия (Еуропаға)» 

өлеңі 1922 жылы 10 маусымда жазылып, 10 шілдеде жария-


384

ланды. Онда дүниені жалмап бара жатқан Еуропа империа-

листерінің зұлымдығын əшкерелеп, адамшылық жолына тү-

суге шақырғанда:



Тазартуға дүниенің ластығын,

Жібітуге жүрегінің тастығын –

Семитімнің көп ұрпағын тағы да

Жұмсадым мен Маркс қылып бастығын, –

деп мейірімділікке үндейді. Бірақ империалистер өзінің той-

ымсыз пиғылынан айнымайтынын көрген соң:

Тыңдамасаң бұл жалынған сөзімді,

Түсінбесең, паң ғып ұстап өзіңді,

«Күшпен үйрет мынаны» деп жұмсармын

Монғұлымды – қиғаш садақ көзімді, –

деп қорқытады. Əрине, бұл өлең марксизм-ленинизм қағида-

сына үйлеспейтінін Е. Ярославский 1923 жылы ІІІ партконфе-

ренцияда айтып, Сəкеннің ұлтшылдығының негізінде «пан-

азиялық» пиғыл жатыр деп айыптаған болатын.

Сəкеннің бұл өлеңі Мағжанның «Пайғамбар», «Күншы-

ғыс» топтамасымен үндеседі, себебі Еуропа империалисте-

рін əшкерелеуге келгенде екеуі де жантүршігерлік қиястық 

пен жауыздықты көзге елестете келіп, Мағжанның

Қисық көзді Күншығыс

Болсын соңғы бұл жүріс. 

Күнбатысқа жүрелік

Желкілдеген туменен,

Жер күңіреткен шуменен

Қаласына кірелік –

деген айбарынан аңғарылып, үндестік тауып жатады.

Халықаралық тақырыпқа бару жəне оны есте қаларлық-

тай суреттеу сол кездегі қазақ поэзиясына биік өре сыйла-

ғандығын енді ашық айтуымыз керек.


385

Сəкеннің  «Қара  бүркіт»  өлеңі  ептеп  түсіндіруді  қажет 

етеді. «Азия  (Еуропаға)»  ғана  емес, «Қара  бүркіт»  өлеңі 

де  Сəкеннің  «коммунистік  жолдан»  шығып  бара  жатыр 

деушілерге  дəлел  болғанына  мəн  бере  қарасақ  ұлтшылдық 

пен  түрікшілдіктің  бірлігін  аңғарамыз  да,  кімнің  не  үшін 

күрескенін жазбай танимыз.

Өмірде айбынды азамат болудың жөні басқа жəне қиын. 

1922  жылы  Сəкен  «Қара  бүркіт»  өлеңін  Арыстан  (Лев) 

Дəуітұлы (Давыдович) Троцкийге арнағаны үшін көрмегені 

мен  естімегені  аз.  Шығарманың  идеялық  арқауы  «Азияға» 

өте ұқсас, тіпті бірін-бірі толықтырып та жатады.



Ол көрді Азияны мұнар басқан,

Ол көрді Еуропаны сұмдығы асқан.

Борсықтай дүниені сора бермек

Бұл күнде қу Еуропа жанталасқан, –

деген шумаққа Сəкен «Гаага, Лозанна деген қалаларда биыл 

Еуропаның  қазіргі  жалмауыз  сұм-сұғанақ  үкіметтері  Азия-

Күншығыс  халықтарын  сыпайылап,  тірідей  қалай  жұтып 

қоямыз деп кеңескен» деген сияқты түсіндірме беріп, онан 

əрі тұздықтай түседі. Бұл ой Түркие жайында жазған публи-

цистикасында айқын айтылып, езілген елдердің, оның ішінде 

Азия мен Түріктің жоғын жоқтаушы болғанын жасырмайды. 

«Алтай» деген өлеңінде Сəкен:

Бүркіттей отырсам мен келіп қонып

Айнала дүниені көзбен шолып,

Саңқылдап Азияға салсам ұран

Жиналса қызыл ерлер лек-лек болып –

десе, Мағжан:



Қырағы Тянь-Шанымен Памир, Алтай

Күтеді көптен сені қарай-қарай.

386

Кене мен Абылайдың жолын қумай

Жапанда жайылудың мəні қалай?! –

деп ішке тартса, Ілияс Жансүгіров:



Сол тұманнан шыға алмай,

Жүрегі жара, көзі – көл

Гималай сорлы, сор маңдай... –

дегенді ашық айтады. Қазақ поэзиясында шетел тақырыбы  

Азияның  жоғын  жоқтау  арқылы  келгенін көреміз. Комму-

нистер əсіресе орыстар өлердей қорқатын жəне басқаларға 

құбыжық  етіп  көрсететін  паназиялық,  пантюркистік,  ұлт-

шылдық дегендер өмір шындығына оранып, оп-оңай өлеңге 

айналып,  əдебиетті  өркендете  түсетін  арна  болғандығын 

енді көрмеуге болмайды.

Өзіңді  өзің  сыйласаң  ғана  өзгеге  қадірлі  боласың.  Ұл-

тыңды  сүймей  мұратқа  жете  алмайсың.  Мұратыңа  жету 

үшін ұлы идеялардың аясында өзіңнің елдігіңді, ұлтыңның 

мақсатын қаймықпай ашық айтып, басқалармен тең сөйлесе 

білсең ғана еленесің, құрметтелесің. Сонда əлемдік, азиялық, 

түріктік, ұлттық түсініктер тұтастық табады, авторлары қан-

шама қияс сөзге қалғанмен ел-жұрт алдында абыройлы бола 

түседі.


Сəкеннің  қоғамдық  қайраткерлігінде  ұлтжандылық  пен 

құлаштылық  ұштасып  жатқанын  көрмеу,  əйтеуір  боль-

шевик  болған  соң  не  тындырды  дейсің  деп  сырттай  тон 

пішіп, ғайбаттау орынды болмақ емес. Қоғам қайраткерінің 

айтқандары еленбей жатуы жиі кездескенмен халықты, елді 

саналандыру, желпіндіру, жігерілендіру үшін пайдасы зор. 

Соны  біз  С.Сейфуллиннің  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  алып 

тұлғасынан табамыз, пəрменді де парасатты қайраткерлігінен 

көреміз, осындай азаматымыздың болғанына қуанамыз.

Осыншама  үлкен  қадір-қасиет  пен  атақ-даңқты  өмір 

өткелдерінде  аударып-төңкеріп  алмай  өтуіне  Сəкеннің 

пенделік  сипаттары,  əсіресе  өтірік  айта  білмеуі,  кіршіксіз 



387

адалдығы,  қандай  күйге  түссе  де  өкінбейтін  табандылығы, 

бір  сөзбен  айтқанда,  кімді  болса  да  сүйсіндіретін  арлы 

азаматтығы себепші болды.

Сəкен  өзінің  қарақан  басының  бақ-дəрежесі  үшін  емес, 

елді  өркендету  қамында  жүргенде  артық-кем  сілтегені 

аз  емес,  əсіресе  таптық  позиция,  лениндік  идея,  кедей 

теңдігі  дегенге  имандай  сеніп,  ойланбай  өрекпіген  тұсы 

да бар. Сəкеннің тарих алдында кінəсі бар болса ең үлкені 

большевиктік ұранға құлай берілуі, иман деп тапқаннан та-

бан аудармауы, көз жазбауы, алданып қалмаймын ба деп бір 

сəтке ойланбауы деуге болады.

Осы  принцип  Сəкенді  өмірдің  асу  белдерінде  бірде 

сүріндіріп,  бірде  жарқыратып  көрсетіп  отырды.  Тіпті  өзі 

орнатқан  кеңес  үкіметі 1937 жылы  өзіне  ауыз  салғанда  да 

бір сəтке шүбəланбауы ғажап. Сенім күшінің бақыт та, сор 

да болатыны рас болса, онда Сəкен трагедиясы осында.

Қазан төңкерісі қазақ зиялыларын екіге бөлді. Азы – ре-

волюцияны қолдады, көбі – ұнатпады. Ақпан төңкерісі бер-

ген  шолақ  бостандықты  зорлықпен  тартып  алған  қазаннан 

жақсылық күтуге болмайды деп білгендер аз болмады. Осы 

үлкен объективті түсінік уақыт өте келе нақты сипат алып, 

идеологиялық айтыс-тартысқа ұласты.

Сəкен  мен  Сəбитті  алашордашыларға  қарсы  болды 

деп  кінəлау  обал.  Бəрі  де  бір  қазақтың  бағын  іздеді,  жол-

дары  басқа  болды.  Сондықтан  Сəбит  пен  Сəкенді  алаш 

азаматтығынан  бөліп  тастау  дұрыс  болмайды.  Тұтастықты 

қарастырып, ой түзген абзал.

Алғашқы сəтте төңкерісшіл зиялылар аз болғанымен, ке-

ңес өкіметі мен коммунистік партияның тікелей қолдауымен 

өсіп-жетіле берді. Газет-журнал беттері алашшыл, «ұлтшыл-

байшылдар» мен төңкерісшіл, тапшыл, кеңесшілдердің ай-

тысына толып, 20-жылдар тартыспен өтті. Бірін-бірі мінеу, 

сынау, ожарлана пікір айтуда кенделік болған емес.

Қазан төңкерісінің қазақ еліне, кедей-кепшікке əкеле жат-

қан жаңалықтарын Сəкен жатсынған жоқ, қайта қуана қарсы 

алды. Оған өзі əр тұста дем де беріп отырды, халыққа сор 


388

болады  деп  ойлаған  емес.  Көргенін,  білгенін  анық,  ашық 

айтып-жазуды жəне іске асыруды парыз санады. Алдындағы 

ағаларын  қаншама  аяулы,  ардақты,  құрметті  дегісі  кел-

се  де  Сəкен  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  тарихи  шындық 

шеңберінен шығып кете алмады. Өтпелі дəуірге кез болған 

қазақ  зиялыларының  тарих  шарайнасынан  қалай  көрінерін 

ойламай,  көрген-білгенін,  естігенін  нақты  деректерге  арқа 

сүйей отырып жазды. Алаш азаматтары төрт көзі тірі кезінде, 

нақты деректерге сүйене отырып жазды. Бір ғажабы, кітапта 

суреттелген  қайраткерлердің  бірде  біреуі  қарсы  шықпады. 

Сəкен олардың ұрпағы өсіп-жетілетінін білмеді емес, білді, 

бірақ шындық қуатына сенді. Тарих сотынан қорықпады.

* * *


Сəкеннің өзімен қатарлас, қанаттас болған қоғам жəне мем-

лекет қайраткерлерінен бір өзгешілігі – оның ұлы ақындығы. Ал 

ақындығының ең мəнді сыры – жаңашыл реформаторлығын-

да. Жаңашылдықтың ең негізгі арнасы – өзі өмір сүрген зама-

наның  образын  жасауында.  Қай  ақын-жазушы  болса  да  өз 

заманының  бейнесін  жасауға  талаптанады,  ұмтылады,  бірақ 

ондай бақыт ілеуде біреудің ғана маңдайына жазылады.

Абайдан  басталған  жаңашылдық  рухы XX ғасырдағы 

қазақ  ақындарының  ішінде  Мағжанда  бейнешілдікке  ойы-

сып,  сөз  құдіретін  асқақтату  жағынан  көп  көрінсе,  сыртқы 

түр  мен  екпінді  ырғақ  арқылы  тоникалық  өлеңге  іш  тар-

ту  Сəкенде  мейлінше  анық  байқалды.  Жаңа  мақам  іздеген 

уақытта Сəкен дəстүр шарттылығына онша бағына бермеген. 

Бұл жолда тамаша табысқа жеткенімен орынсыз ожарланған 

тұста омақаса құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең 

өрнегіне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сəкен 

жасаған өлең өрнектері Абаймен деңгейлес болмағанымен, 

реформаторлық рухтары жақын екендігі сөзсіз.

Абай  ағартушы-демократтық  бағытқа  ден  қойғанда  ескі 

арна  арқылы  жаңалық  аша  қояйын  деген  жоқ.  Сондықтан 



389

ол бұрынғы дəстүрлі машықтар мен мақамдарды, терме мен 

толғауларды өзгерте, іштей түзете, кейде қирата бұтарлады. 

Е.Ысмайылов,  З.Шашкин,  С.Мұқанов,  Х.Жұмалиев,  З.  Ах-

метов  тұжырымдауындағы  Абай  жасаған  түрлердің  көбі 

осындай төңкерісшілдіктің жеңісі екенін аңғарамыз.

Осы рух кезі келгенде, уақыты туғанда кеңес əдебиетінің 

серкесі болған Сəкенге дарыды, жұқты. Дəуір төңкерісі, қиын 

өткелдер оп-оңай өте салмады. Ол ойға да, ниетке де, өлеңге 

де өзінің дабын салып, ою-өрнегіне талай жаңалықтар əкелді. 

Осы процесс Сəкен өнерпаздығында алабөтен болғандықтан 

ол ұлы жаңашыл болып танылып, қазақ кеңес поэзиясында 

ұзақ уақыт серкелік жасады.

Абаймен табақтас, рухтас еткен өлең өрнегіне келсек, он-

да Сəкеннің атақты «Советстан» түрін алдымен ауызға алу 

шарт.  Өйткені  ол  Сəкеннің  ілгерінді-кейінгі  ізденістерінің 

қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгі-

сі. Абайдың «Сегіз аяғы» сияқты өнегелі өрім, талай ақындар 

еліктеп, пайдаланған өрнек.

Талай  ғасырдан  бері  əдебиетіміздің  қайнар  бұлағы, 

өркендер  арнасы  болып  келген  поэзия  жаңа  дəуірде  соны 

сипат алып, профессионалды поэзияның образ жасау жолы-

на түскен уақытта əрқилы көркемдік тəсілдер тоғыса келіп, 

С.Сейфуллин творчествосында өмір шындығы өршіл роман-

тика арқылы жарқырай көрінді.

«Ақырды  асау – жаңғырды  дала,  тулады,  орғыды  асау – 

дүбірлеп күңіренді дала... Көкіректі кернеп, кең даланы кү-

ңірентіп, қатты айғайлап əн салдым. Əніме қосылды – кең 

дала,  аққулы,  қазды  шалқар  көл,  қамысты,  құрақты  көк 

өзен, – қосылды  бəрі  шуласып,  қосылды  бəрі  шаттанып», – 

деген  асқақ  романтика  алып  екпінмен  орнап  келе  жатқан 

жаңа өмірдің адуындығын аңғартқандай. Сондықтан «Асау 

тұлпар» арқылы аумалы-төкпелі заманды бейнелеуге жарай-

тын образ тапты.

Бұл  образда  біріне  бірі  сабақтасып,  іштей  қабысып 

жатқан  екі  жай  бар.  Бірі – тұлпар  қазақ  əдебиетінде  ерек-

ше қастерленгендіктен оның дəстүрлік сипаты қалың. Сəкен 


390

«Асау  тұлпарды»  жырлағанда  қазақ  халқының  таным-білі-

гінен алыстамай, дəстүрлі теңеуді пайдалану арқылы елдің 

көркемдік танымына əсер ету мақсатын көздеді. Сондықтан 

да халық «Асау тұлпарды» жатсынбады. Екіншіден, Сəкен 

толғамында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі 

мазмұны,  көздеген  мақсаты,  мінез-құлқы,  іс-əрекеті  мүлде 

жаңаша суреттелді. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясын-

да Сəкен сіңіре бастаған жаңалық, новаторлық əуелінде ескі 

дəстүрге сыйымды болып, соның бесігінде ер жетіп, заманға 

лайық  жаңа  түр  керек  екендігін  анық  аңғартты.  Соның 

нəтижесінде «Асау тұлпар» жаңа өмірдің апалаң-топалаңы 

мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың об-

раз болды.

Сəкен 20-жылдардың  ортасына  қарай  замана  ағымына 

қарай  қара  айғыр – отарбаны  ауызға  ала  бастады.  Пара-

возды – қара  айғырға  теңеу  арқылы  Сəкен  «дайындық 

жұмыстарын»  жүргізіп,  оқушының  поэтикалық  түсінігін 

келесі  жаңа  образға  бейімдеді.  Соның  нəтижесінде  «Біздің 

тұрмыс – экспресс» деп жар салуға мүмкіндік алды.



Бұрын атым – тұлпар еді бəйге көк,

Енді, міне, поезд болды, тұлпар жоқ.

Ұзақ жолға!

Тұлпар қол ма?

Мейлі жорға!

Тұлпар міну – Сарыарқада жүрсең тек, –

деген  түйінге  мықтап  бекіді.  Негізі  жаңа  қалана  бастаған 

өмірдің  бейнесін  осылай  суреттеу,  тілейік  мейлі,  тілеме-

йік  мейлі,  қазақ  əдебиетінің  сол  кездегі  дамуының  зор  та-

бысы  болды  жəне  өмір  шындығы  көркемдік  тəжірибеде 

романтикалық  арна  тауып,  осылайша  қанаттанды.  Орнық-

паған, əлі де талай өзгерістерге кезігетін заманның  негізгі 

бағытын айқындауда Сəкеннің романтикалық леппен, публи-

цистикалық  сазбен  жазған  «Советстан»  жаңашылдықтың 

асқар асуы болуы осыдан.



391

Өзінің  шырқау  биігіне  көтерілген  реформаторлық  рух 

«Советстан» өрнегіне дейін талай ізденістерді артқа салған 

болатын. Əдетте басқалар үлгі тұтатын жаңа түрдің дүниеге 

келуі ақынның шабытын талай қамшылатып, талай экспери-

менттер жасатып, біртіндеп шыңдалып туады.

Қазақ  поэзиясының  дəстүрлі  он  бір,  жеті  жəне  ара-

лас  буынды  өлеңдері  ұлы  Абайдан  кейін  құбыла  молаюы 

Сəкен  тұсында  мейлінше  күшейе  түсті.  Өйткені  қазақтың 

ақындық  аспанында  Мағжан,  Ілияс,  Бейімбет,  Сəбит  сын-

ды  сəйгүліктердің  бəсеке  жарысы  айқын  естіліп  жатты 

жəне жаңа заманның дауылы, толқын-ырғағы өлең өрнегіне 

жаңалық əкелмеске шараларын қалдырмады. Жаңа мазмұн 

жаңа түрді қажетсінді, талап етті.

Сəкен  поэзиясында  силлабиканың  шарты  сақталғанмен 

тоникаға  іш  тарту  басым.  Ұйқастан  туатын  ырғақты  инто-

нациялық екпінмен жеткізу қазақ поэзиясына сіңе бастаған 

жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге тоника элемент-

терінің  ене  бастауы  еді.  Абай  мұны  білдіртпей,  сездірмей 

жүзеге  асырса,  Сəкен  осы  принципті  «Советстанда»  əбден 

орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа 

түр жасады.

Замана бейнесін жасау мақсатына ден қойған автор кө-

біне жеделдікті, екпінділікті, өзгеріс-құбылысты беру үшін 

ойды  төгіп-төгіп,  бастырмалатып  айту  замана  динамика-

сына сай келетінін анық ұққан. «Ақырды асау, жаңғырды 

дала» деген сияқты қимылды тездете түсуге мүмкіндік бе-

ретін  мақамды  көп  қолданды.  Қазақ  өлеңдерінің  негізгі 

құрылысы  əн-əуенге,  саз  ырғағына  бейімделгендіктен  ин-

тонациялық принцип көбіне тақпақтап, түйіп-түйіп айтуға 

іш тартып тұрады.

Зырла, экспресс, ұш, зырла!

Жұлдыздай ақ, құлдыра!

Құйындай құтыр, бұлдырла!

Аямай жүгір бəрің де! –


392

деген өлеңінің бар динамикасы дауыс екпініне құрылады да, 

өлең ұйқасы екінші қатарға көшіріліп, айтар ой ақырғы жол 

өзгешілігінен табылып жатады.



Егер мінсе – шыдасын

Қорқақтар мейлі жыласын!

Шыдамаса, құласын,

Аямай сілте барыңды! –

деп жігерлі түйінделеді. Аралас буынды өлеңнің ежелгі құ-

рылысы сырттай сақталғанмен, дауыс ырғағы бірінші орынға 

шығып, жаңа леп пайда болған.

Силлабикалық өлең жүйесіне тониканың ырғағын енгізу 

талабы  Сəкен  поэзиясында  ерте  басталыпты. 1915 жылы 

жазған «Жазғы түнде» деген өлеңінің əр шумағы жеті жол-

дан  құрылып,  оның  алғашқы  екі  жолы  бір  ұйқаспен  (а,  а), 

4 – 5 жолы бір ұйқаспен, 3 – 6 жолдары кейде ұйқасып, кей-

де ұйқаспай ой екпініне бейімделіп, ақырғы жетінші жолы 

екінші жолдың логикасымен сабақтасып жатқанын көреміз.

Осы өлеңнің ішкі ырғағына назар аударғанда алғашқы үш 

жолдың тынысы, лебі бір болып, ой ағынының алғашқы бөлегі 

тұйықталады.  Ал  қалған  төрт  жолдың  тек  алғашқы  екеуі 

ғана ұйқасқанымен үшінші жолы ой ағынын айқындайды да, 

төртінші жолы шумақтағы негізгі ойды түйіндейді.

Сонда  ойды  ырғаққа,  интонациялық  лепке  бағындыру 

талабы  күшті  екенін  көреміз  де,  Абай  жөргегіне  ора-

лып  шыққанын  байқаймыз.  Осының  жетілген  түрін  «Кел, 

жігіттер» өлеңінен анық көреміз.

Ал  енді  Сəкеннің  «Түрмеден  қашып  шыққанда»  деген 

өлеңінің өрнегінде əуен мен ырғақ, бунақ пен ұйқас ажыра-

мас тұтастық тапқан. Ой, пікір түюге арналған шумақтардың 

өзі  əрқилы  болғанымен  дауыс  үндестігіне  интонациялық 

ырғаққа негізделеді де, ішкі ұйқасты-аракідік сақтайды. Бəрі 

де іс-қимылды аңғартатын етістікпен өріледі.

Мұнан  кейінгі  өлеңдерінде,  əсіресе  «Ұлтшылдың  сан-

дырағы», «Біздің ұлан», «Ленин» атты өлеңдерінің жаңалық 

нышандарын жетілдіре келіп «Советстан» түрін жасады.


393

«Советстан» түрі алты жолдан құрылып,  ішкі буын,  бунақ 

қатаң  сақталады.  Егер  өлеңнің  ішкі  құрылысында  ешбір 

өзгеріс,  жаңалық  болмаса  жол  саны  мен  буын-бунақтың 

мəні  аз  болар  еді.  Бірақ  бəрі  де  керісінше. «Советстан» 

II.II.4.4.4.II.  буынды    тұрғанда  силлибаканың  негізгі  шар-

ты  сақталғанымен де, тоникалық интонация айқын сезіледі, 

екпін ғана емес, ырғақтың өзі күшейе түседі.

1, 2 жəне 6 жолдар бунақтап айтуды 4, 5 жолдар міндетті 

түрде  нəшпен  бөлшектеуді,  тақпақтап  айтуды  талап  етеді. 

Демек  интонациялық  принцип  өлеңнің  өн  бойына  емес, 

белгілі бір жолдарына (3, 4, 5) дарып, екпінді ырғақ пайда 

болады. Ішкі ұйқастың да атқарып тұрған рөлі зор. Бунақтар 

əр  жолда  тұрақты  буынмен  беріледі  де,  дауыс  ырғағына 

əрқашан екпін түсіріп, экспрессияны күшейтеді. Сонда бүкіл 

өлең шумағына динамика еніп, қимыл-əрекет өзінен-өзі пай-

да болады.

            4                    4                  3



Айда отарба, /күш аямай/ айдап бақ, /ІІ/ а

           4            4                   3



Дөңгелегің /зырылдасын/, тақ-тақ-тақ! /ІІ/ а

Шаңқан жарық,                                       /4/ б

Шамға қарық,                                          /4/ б

Болсын халық                                          /4/ б

               4                 4                  3



Электр жақ /тынбай айда/ жол ұзақ   /ІІ/ а.

«Советстан» өрнегіне интонация ортақ қазық болып, əр-

қилы  леп-əуендерді  өзіне  бағындырады,  адуынды  тірлікті 

жаңа мақаммен жырлауға мүмкіндік беретін түрге айналды.

«Қазақ поэзиясының мазмұнына революция жасаған Сə-

кен дəл осындай революцияны оның лексикасы мен түріне 

де жасады. Оған көп мысалдың біреуі – «Советстан» – деп 

түйген  С.Мұқанов  пікірі  қазақ  поэзиясына  келген  жаңа-

лықтың сырын терең ұққандық.


394

Сонымен  «Советстан» – қазақтың  силлабикалық  өлең 

жүйесіне  тоникалық  элементтерді  молынан  енгізуге  бола-

тындығын  əбден  дəлелдеген  туынды.  Оның  ұнамды  бол-

ғандығы сонша, 20 – 30 жылдарда өлең жазған ақындардың 

«Советстан»  үлгісіне  соқпағандары  өте  аз.  Осы  ынта-

талап уақыт өткен сайын күшейіп «тіпті эстрадаға шығып» 

(Ғ.Мүсірепов)  кете  жаздағаны  өтірік  емес.  Ол  машық  қа-

зақ  кеңес  поэзиясына  əбден  сіңісті  болып  кетті.  Мұны 

сəтті  қолданғандар  өз  өлеңдеріне  жаңа  ажар  тапса,  ал  құр 

еліктегендер  қазақ  поэзиясына  көп  қиындықтар  əкелді. 

Мұқағалидың қазақтың қара өлеңіне шекпен кигізіп қайтар-

мақ  болған  ниеті  жаңалықты  шамадан  асырып  алғаны-

мыздың бір белгісі, орынсыз ожарлықтан тандырудың ама-

лы болғанын ұмытпайық.

Сəкен  өлеңді  ойға  құру,  ақ  өлеңге  іш  тарту,  мазмұнды 

түрмен ашу сияқты ізденістерді өрістете келіп, сылқым сыл-

дыры, ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге əкелді.



Сыр сандықты ашып қара, /8/

Ашып қара сырласым. (7)

Сым пернені басып қара, /8/

Басып қара жырласын. (8)

Өлеңді  дөңгелендіре  өрнектеу  де  қазақ  поэзиясы  үшін 

тың жаңалық болумен қатар, осы шырқ айналған сөздердің 

сазы көңіл хошын тез тауып, еріксіз би билеткендей. Шалыс 

ұйқаспен жазылуы да өлеңнің инверсиясын күшейтіп, дина-

микасын ойнақы еткен Сəкеннің мəнді ізденістері осындай 

сəтті  түрлерге  жеткізіп,  халықтың  эстетикалық  талғамын 

қалыптастыруға жəрдемін тигізді.

Сəкен қазақ поэзиясының қыр-сырын жетік біліп, сөз құ-

діретін еркін меңгерген суреткер.



Қара жерден аспан ашып ұшайық,

Жерді, аспанды біріктіріп құшайық.

Аспан, жерді қуыршақтай қапсырып,

Алып қолға ырғап-шайқап қысайық, –

395

дегендегі өр рух пен бейнелі образ көрінген ақынның қиялы-

на  келе  бермейтіні  белгілі.  Аспандағы  қызыл  жұлдызды 

жердің  сəніне  айналдыру  ниетінің  өзі  қандай  өрелі  бол-

са,  жер  мен  көкті  қуыршақтай  ойнатуды  өзі  сөз  құдіретін 

меңгергендіктің  ұлы  көрінісі.  Мұнда  ақындықтың  інжу-

маржандары Сəкенде аз емес, өйткені ол, «тұла бойы тұнған 

ақын» (Ғ. Мүсірепов) болды.

М.  Əуезов  ойымен  түйіндесек, «Сəкеннің  ақындық  асу-

ларында  əр  жотадан  атой  бергендей  тəкаппар  сөз  үндері 

«жабы  емеспіз,  тұлпармыз», – «құладын  емес,  сұңқармыз» 

деп  бұрынғы  өткен  тарихқа,  бүгінгі  оянған  табына  дабыл 

ұрады.  Оның  шығармаларына  біткен  сезімнің  барлығы 

да  айқын,  ашық.  Тұтас  бітімді,  жоталы  тұлғадан  туатын 

көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, 

жанып  отыратын,  буы  білініп  тұрған  барынша  шын  сезім, 

шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы əр ады-

мын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар – 

шын  өмір  жолы,  ыстық  қанды  нағыз  Ақын  жолы.  Тегінде 

мағыналы, өрісті көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса 

осындай қайнар көзден шығуға лайық» (11, 100 – 102) деген 

кемеңгер  ой  Сəкеннің  ұлы  ақындығын  қалтқысыз  түсініп, 

əдебиеттегі  орнын  айна-қатесіз  белгілейді.  Замана  саясат 

дауылына  кезіккен  тұста  Сəкен  де  дəуір  талабын  орын-

дады,  тіпті  мұрындық  болған  кезі  де  жоқ  емес,  өйткені  ол 

жаңа  заманның  жыршысы,  ұраншысы  ғана  болып  қоймай, 

оны орнату, орнықтыру үшін серке болу міндетін өзіне та-

рих  жүктегендей  сезінді.  Еңбекші  бұқараға  ұнайтын,  со-

лар түсінетін шығармалар беруге міндеттімін деп есептеді. 

Басқа  қайраткерлер  сияқты  белгілі  арнада  айтуым  керек, 

таптық  көзқарастың  төңірегінен  шығандап  шығып  кет-

пеуге  тиістімін  деп  ұқты. – Міне  осы  тұста  социалистік 

реализм  теориясы  тұжырымдалды  да,  дүниенің  бəрін  бір 

қалыпқа  соқтыратын  принцип  қалыптасты.  Əуелгі  кез-

де  мұның  жөн-жосығы  бары,  мəдениет  саласынан  кен-

же  қалғандардың  тезірек  ұғуына,  түсінуіне  қолайлылығы 

есте  тұтылғанмен,  кейіннен  мүлде  еркінсіп,  ожарлыққа 


396

салынды,  бұлтартпайтын  догмаға  айналды.  Бұған  мойын 

ұсынбағандар қашты, пысты, абақтыға жабылды, зорлықпен 

мойындағандар да көп болды. Солардың бірі Сəкен болғаны 

да белгілі. «Азия (Еуропаға)» өлеңін жазғанда партия тара-

пынан көргені, «Асау тұлпар» жинағында махаббат, сезім ли-

рикасын жазамын деп «Темір қазық» журналынан естімеген 

сөзі  қалмағаны, «Аққудың  айырылуы»  мен  «Жұмсақ  ва-

гонда»  шығармалары  үшін  күйректікке  салынған  ақынсың 

деп  сыналғаны, «Көкшетауда»  Абылайды  мадақтадың  деп 

«троцкийшіл» болғаны, соның салдарынан «совет əдебиетін 

жасаушы  емес,  əншейінгі  досы,  одақтасы»  ғана  деңгейіне 

түскен  кезі  болып,  талай  тезден  өткеніне  қарамастан  осы 

идеологияға жастай араласқандықтан оның бар жақсылығына 

да, жамандығына да ортақпын деп білді, жауапкершіліктен 

қашпады.


Əуелінде романтикалық леппен «Кел жігіттер болыңдар 

ер, кедейден топ жасап, бақытты заман орнатып берейік» де-

ген  ұранның  туын  қазақ  əдебиетінде  алғаш  көтеріп, «Асау 

тұлпармен»  қазақ  даласына  жар  салды.  Мынадай  адуынды 

заманға  тұлпар  қол  болмайтынын  сезген  соң  қара  айғыр – 

паравозға, поезд, экспреске ауысты. Олардың екпінді күшіне 

елігіп «Социалистанды» орнатуға шақырды.

Сөз бен істің біртіндеп алшақтай бастағанын сезген тұста 

зымыраған «Отарба терезесінен» қарап, бəрі де көңілдегідей, 

ойдағыдай  болып  жатпағанын  көріп  «Сыр  сандық», 

«Аққудың  айырылуын», «Лашын»  хикаясын  жазғанда  зор-

лап  отырып  қателескенін  еріксіз  мойындаттық,  ашық  хат 

жазғыздық,  болашақ  зорлыққа  дайындық  жасай  бердік. 

Бірақ өмір оңалмай қусырыла берді, компескеден кейін кол-

хоздасу,  индустриялау  науқандары  біріне  бірі  ұласып,  ел 

бұрынғы күйіне зар болды. Аштық жайлап, халық қырылды. 

Осы  тұста  «Қызыл  атты»  жазған  Сəкеннен  басқа  бірде-бір 

ақын-жазушы  болған  жоқ.  Тұяқ  серіппек  былай  тұрсын, 

серік болуға ешкім шықпады. Орнап жатқан завод-фабрика, 

колхоз-совхозды, нефтістан мен көмір коммунизмді жырға 

қосып,  социалистік  мадақ  дастандарды  қоздатқандар 


397

көбейді.  Рапорт  үстіне  мəлімет,  ақпар  берген  өлең  очерк-

тер  тасқындады.  Сəкен  қара  тасқынға  еріп  кетпей,  өзінің 

азаматтық үнін сақтап қалуға тырысты.

Өмірде  өз  орнын  таба  білуден  артық  бақыт  жоқ.  Дүние 

төңкеріліп  астан-кестені  шығып  жатқанда,  жаңа  заманды 

қалыптастырып жіберуге белсене араласу, игілікті істердің 

басы-қасында болу кімге болса да үлкен абырой. Патшалық 

езгі  мен  тепкіден  есеңгіреген  елін  азаттыққа,  теңдікке 

жеткізу үшін қажетті болған жəне қолынан келген істің бəрін 

істеді.  Оның  бар  арман-тілегі – кешегі  өткенді  бүгінінің 

пайдасына жарату, сөйтіп жаңа əдіспен қанат жая бастаған 

əдебиеттің  негізгі  өркендеу  арнасынан  көз  жазбау  болды. 

Оны талай шығармалармен дəлелдеп, өлмес мұра қалдырып 

кетті.  С.  Мұқанов  сөзімен  түйіндесек, «Сəкен  Сейфуллин 

барлық жанрда да елеулі еңбек атқарып, бəрінің де алғашқы 

бұлжымас берік қадасын қағып берді».

Сəкеннің  қоғамдық-əлеуметтік  салада  да,  мемлекеттік 

іс  ауқымында  да  тындырғандары  өте  көп.  Осының  бəрін 

жайната, жарқырата түсетін керемет өнерпаздықтың, ақын-

жазушылықтың өн бойынан табылғанының мəні зор. Жаңа 

заман  əдебиетінің  мазмұны  мүлде  соныланып,  суреттелер 

кейіпкерлері  өзгергендігін  жыға  түсінген  Сəкен  драматур-

гияда  Еркебұланды  сахнаға  шығарса,  өмір  бойы  поэзияға 

үйреніп  қалған  халықты  қара  сөзден  нəр  алуға  шақырып, 

заман  шындығына  негізделген  шығармалар  жаза  бастады. 

Оның ең ірісі – «Тар жол, тайғақ кешу».

«Қазақ  əдебиеті  тарихында»  бұл  шығарма  «қазақ  əдебие-

тінің  қалыптасу  дəуірінде  шешуші  рөл  атқарды.  Фактілер-

дің, документтердің молдығымен де, жазушының нақты көр-

кем  суреттеумен  де  жеткізіп  суреттейтін  күрделі  роман  əрі 

тақырып  жаңалығымен,  əрі  тарихшылық  пен  суреткерліктің 

жарастық  табуымен  кімді  болса  да  қызықтырды» («Қазақ 

əдебиеті тарихы», 3 том, 1 кітап. 1967. 320-бет) деп бағалаған.

XX ғасыр басындағы тарихи оқиғалардың энциклопедия-

лық анықтамасы болған роман-эссенің тарих пен əдебиеттің 

бел  қайыстырар  ауыр  жүгін  қосарлай  арқалауы,  құйынды 


398

да  дауылды,  шапағатты  да  қасіретті  кезеңнің  шежіресін 

жасап  беруі  Сəкен  үшін  ғана  емес,  бүкіл  əдебиетіміз  үшін 

орасан олжа. Өйткені ұлтымыздың тағдыры тəлкекке түскен 

1916  жылғы  зобалаңның, 1917 жылы  елді  қансыратқан 

төңкерістердің  басы-қасында  қазақтың  ойы  толғамды,  тілі 

өткір, қаламы жүйрік сөз зергерлері аз болған жоқ. Алайда 

солардың  ішінен  шыңға  шыққан  шынардай  тек  Сəкеннің 

ғана  «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  жазуы,  бірінші  уақыт  тала-

бы  болса,  екінші  автордың  қаһарман  батылдығын,  ұрпақ 

алдындағы адалдығын, əлеуметтік парызын мықтап сезгенін 

аңғартатыны сөзсіз.

Ал енді осы шығарманы онша сөзге сараң Ғабит Мүсіре-

повтің ойымен бір толғайықшы: «Сəкеннің «Тар жол, тайғақ 

кешуі»  өзіндік  ерекшелігі  бар  ғажап  нəрсе.  Мемуар,  доку-

мент, көркем проза жанрлары араласып келген, сөйте тұра 

бұл  өзі  біртұтас  дүние.  Екінші  бір  адам  «Тар  жол,  тайғақ 

кешуді»  қайта  жазып  шыға  алмайды.  Бұл  бір  дəуірдің 

таңба  басатын  жеріне  таңба  басып,  мөр  басатын  жеріне 

мөр  басқандай  əсер  етеді» (281) дегенін  еш  уақытта  естен 

шығармау  керек.  Өйткені  ол  замана  энциклопедиясы,  ұлт-

азаттық  қозғалысының  өзекті  мəселелері,  əсіресе  қазақ 

елінің  автономия  алып,  теңдікке  қол  жеткізу  жолындағы 

ізденістері,  бүкіл  алаш  қозғалысына  ұйымдық  сипат  да-

рытатын  партия  құрылу  мəн-жайы,  алаш  көсемі  Əлихан 

Бөкейханов  пен  кемеңгер  Ахмет  Байтұрсынов  жайындағы 

Сəкен  көзқарасы  мен  қарым-қатынасы  тарихи  шындық 

деңгейінде  əсіресе 1927 жылғы  басылымында  байсалды 

суреттелген. Сондықтан ол  – қазақтың төңкерісшіл, социа-

листік  реализм  бағытымен  дамыған  əдебиетінің  ғана  емес, 

бүкіл  сөз  өнерінің  ұлы  да  кезеңді  (этапты)  шығармасы  бо-

лып тарих бетінен орын алады.

Шығармашылық жағынан келгенде қазақ əдебиетінде ро-

ман  жанрының  қалыптасуына  ықпал  етіп,  тарихи  оқиға-

лардың мəнін ұғуға, нақты сезінуге, жанды бейнеде көруге 

мүмкіндік  берген  қайталанбас  шығарманың  басқаларға 

тигізген  шапағаты  көп  болды  əрі  белгілі  дəрежеде  тарихи-


399

мемуарлық дəстүр жасады. Көркем образ жасау үшін кейіп-

кердің  барлық  болмысын  қамтитын  ұзақ-сонар  суреттеу-

лерге  бара  қоймағанымен,  ойдым-ойдым  миниатюралар 

арқылы шеберлігін танытты. Автордың өзі негізгі кейіпкер 

болғандықтан шығарманың композициялық тұтастығы мен 

сюжеттік  желісі  роман-эссеге  мемуарлық  қасиет  те  дарыт-

ты.


Қазақ  прозасының  алғашқы  туындыларында  шытырман 

сюжеттік желі, психологиялық талдаулар, образды сомдау, 

типтендіру  некен-саяқ  болғаны  рас.  Олай  болған  себебі, 

біріншіден, біздің жазушыларымыздың көркемдік шеберлігі 

мəрелі  биікке  көтеріле  қоймаған  болса,  екіншіден,  мирас 

болып  келе  жатқан  дəстүр  онша  мол  емес  еді.  Үшіншіден, 

негізі жаңа қалана бастаған, əлі қалыптасып болмаған өмір 

өзін  пəрменді  насихаттауды,  тезірек  орнықтыруды  ақын-

жазушылардан қатаң талап еткен болатын. Соның салдары-

нан шала дүниелер жас қаламдардан аз туындамады.

Көркемдік  шеберліктің  талай  шарты  орындалмай  жатқа-

нына қарамастан «Тар жол, тайғақ кешу» – қазақ əдебиетін-

дегі белеңді (этапты) туынды. Қазақ жазушыларының үлкен 

полотно жасап, роман жанрын игеруге əбден мүмкіндігі ба-

рын айқындап берді.

С.Сейфуллиннің  эпикалық  жанрға  ден  қоюының  себебі 

не  деген  мəселеге  үңіле  қарасақ,  негізі  қаланып  жатқан 

жаңа өмір поэзия шеңберіне сия бермеді, ел ішіндегі жаңа-

лықтарды, халық тірлігіндегі өзгерістерді алымы кең проза 

арқылы суреттеу қажет болды.

Сəкенді  прозаик  ретінде  таныта  алатын  жəне  туу,  өсіп-

өркендеу  дəуірін  басынан  атқарып  келе  жатқан  қазақ  про-

засына оның қаншалықты үлес қосқанын айқындап беретін, 

ешкімнен жеңілдік жасауды тілемейтін, өз тағдыры үшін өзі 

күресе алатын айбынды шығармалары бірқыдыру. Сəкеннің 

қара  сөзге  қаламының  ыңғайлы  болғанына  «Омар», «Сы-

рын  білмей – сыртына  сенбе», «Екі  кездесу»,  тағы  басқа 

əңгімелерін былай қойғанда Ш.Айманов атындағы «Қазақ-

фильмнің»  толық  қанды  шығармасы – «Даладағы  қуғын» 


400

фильмі  Сəкеннің  «Бандыны  қуған  Хамит»  атты  əңгімесі 

негізінде  жасалғанын  еске  алсақ  та  жеткілікті.  Əңгіме  сю-

жетіндегі қоюлық, оқиға динамикасы, өмір көріністерін шы-

найы қалпында өрістете суреттеу алымы молайып, еуропа-

лық үлгіге түскен əсем туынды болуға əбден жарағандай.

20-шы  жылдардың  екінші  жартысында  дүниеге  кел-

ген  «Жер  қазғандар» (1927) повесінің  де  өзіндік  мəні  бар. 

«Жер  қазғандардың»  сюжеттік  желісі  мықты  тартылмай, 

композициялық  құрылысының  босаң  болуы,  басы  артық 

оқиғалардың кездесуі, кейбір кейіпкерлердің ішкі дүниесінің 

көмескі  қалып  қоюы  сияқты  көркемдік  кемшіліктері  бола 

тұрса да, қазақ жұмысшыларының образын жасау мақсатын 

көздегенін  аңғармасқа  болмас.  Шығарма  арқауы  Ақмола – 

Қызылжар  теміржолын  салу  кезіндегі  құрылысшылардың 

өмірі.  Талай  жыл  Нілді  мен  Қарағанды  кенінде  еңбек  ет-

кен  Бұзаубақтың,  оның  досы  Əзімхан  мен  Хасендердің 

жанқиярлық  еңбектері  суреттеліп,  Бұзаубақ  пен  Гулия 

арасындағы  сюжеттік  желінің  ширақ  тартылуы  Сəкеннің 

прозалық  қаламының  кемеліне  келе  бастағанын  ғана  емес, 

қазақ  прозасы  тақырып  жағынан  кең  өріске  шыққандығын 

айқындады.  Қазақ  əдебиетінде  өндіріс  тақырыбы  мен 

жұмысшы  жайын  тұңғыш  қолға  алған  «Жер  қазғандар» 

өзінің осы жаңалығымен құнды.

Сəкеннің  жалпы  жазушылық  өнерпаздығын  айтқан 

уақытта  осы  уақытқа  дейін  еленбей  келе  жатқан  бір  ро-

манын  айрықша  ауызға  алған  орынды.  Өмір  шындығы – 

көркем  шығарманың  қадір-қасиетін  айқындайтын  негізгі 

критерийлердің бірі болса, онда 1931 – 1933 жылғы қырғын 

ашаршылықты,  адамдардың  азғындалуын  суреттеген 

шығарма сирек. Сəкеннің «Қызыл ат» дастаны мен «Біздің 

тұрмыс»  романы  болмаса, «социалистік  заманның»  бетіне 

түскен қара дақ мүлдем атаусыз кетуі де мүмкін екен.

Сатиралық  бағытта  жазылған  «Біздің  тұрмыс»  романы 

ащы  шындықтарды  айтудан  еш  қысылмаған,  тартынбаған. 

Романның  негізгі  кейіпкері  Аян – Сəкен  «Орталық  пар-

тия  комитеті  қазіргі  Қазақстан  жайын  біліп  отырған  жоқ. 


401

Мұндағы  отырғандар  дұрыс  мағлұмат  беріп  отырған  жоқ, 

білдіруге  қорқады.  Жылы  орнымыздан  айрылып  қалмасақ 

екен  деп  бұғады.  Ылғи  жетіскендіктен  басқа  ешбір  кемші-

лігіміз жоқ деп сөйлейсіңдер. Əсіресе, саған таңғалам. Сен 

жазушы-ақын  емессің  бе?  Кемшілікті  айтпай,  ауыр  халді 

көрмей,  ылғи  «жасасын»  деп  заулай  берудің  ақыры  совет 

үкіметіне,  партияның  жолына  дұрыс  бола  ма?» (5.270) де-

ген  күпті  сауалдардың  қырғын  аштық  жүріп  жатқан  кезде 

айтылып-жазылуына, «Əдебиет майданы» журналында жа-

риялана  бастауына  мəн  бермей  келдік.  Сəкен  ақталғаннан 

кейін  де  онша  мəн  бермедік,  өйткені  социалистік  реализм 

принципіне дəл келмеді, «порнография» арқылы қарсылық 

жасауға болмайды деп түсінуіміз қырсығын тигізді.

Көркем  шығарма  арқылы  жасаған  Сəкен  ерлігін  танып-

білуге  жүрексіндік.  Əйтпесе  «Аян  крайкомге,  Голощекин-

ге  жолықпақ  болып  барып  еді. «Сыпатаевтармен  сөйлес» 

деп  қабылдамады.  Голощекиннің  бөлмесінен  шығып  келе 

жатып  Аян  ішінен  «Жүні  түскен  қияли  қарт  Бура!»  деді. 

Сыпатаевтың  қолынан  ештеңе  келмейтінін,  пəлен  жерге 

бар, сөйлес деп қағаз беретінін ойлап тұрғанда қасынан өтіп 

бара жатқан қазақ трубка сорғылап барады екен. «Бұл да Го-

лощекин секілденіп, Сталиннің трубкасына ғана еліктейді» 

деді ішінен. Аян крайкомнан көңіл сезімдері қанағаттанбай 

шыққан соң үйдің үстінде күншығысқа қарай қолын созған 

Лениннің суретіне қарап біраз тұрды. Ішінен: «Қырағы да-

нышпан, ұлы көшбасшы! Қуат бер дағдарған жанға! Жолы-

нан адастырма дала құлынын» деп тілеуі Сəкеннің ғана емес, 

сол кездегі елдің көңіл-ауаны екені даусыз. Іштей қарсылық-

ты, көңілі толмаушылықты үмітпен жалғастырмасқа шара-

сы қалмаған пенденің кейпін көреміз.

Ешбір ақын-жазушының болып жатқан шындықты сурет-

теуге тəуекелі жетпеген шақта Сəкеннің «Біздің тұрмыс» ро-

манын жазып, публицистикалық «Қызыл ат» поэмасын жа-

риялауы қай ерлік шеңберіне болса да сьійғандай. «Қызыл 

атты» сол кездегі қызыл көздердің қалай сабағаны, сынаға-

ны, талағаны белгілі. Сəкенді кеңес əдебиетінен қуып шы-


402

ғып,  одақтас  жазушылар  қатарына  қосып,  өткендегі  «қате-

лерін»  əлсін-əлі  ескертіп  отыруы  «социалистік  реализм» 

əдісінің машықты тəсілі болатын, қара тақтаға жазып таңба-

лайтын.

Солай бола тұрса да қазақ əдебиетінде социалистік реа-



лизмнің  орнығуына  мұрындық  болған  Сəкенді  одан  бөліп 

ала алмаймыз. Оның табысына да, кемшілігіне де Сəкен ел-

ден бұрын жауапкер.

Социалистік  реализмнің  осы  қатаң  принциптерін  сына-

ған  уақытта  оның  орнығуына  себепкер  болған  дарындар-

дан безінуіміз керек пе? Жоқ, жоқ, мың рет жоқ. Бұл əдеби 

дамудың  бір  кезеңі,  сондықтан  оның  артықшылығын  да, 

кемшілігін  де  ашық  айтып,  əдебиет  тарихынан  класси-

цизм,  романтизм,  эмприосионизм,  сыншыл  реализм  орын 

алса,  ағым-бағыт  ретінде,  өркендеудің  бір  кезеңі  ретінде 

социалистік реализм де сондай орын алуға, сарапқа түсуге, 

зерттелуге тиіс. Бұл көркемдік əдістің ұлы да кемеңгер қа-

ламгерлері болғандығын еш уақытта ұмыта алмаймыз, ұмы-

туға  тиісті  емеспіз.  Сондықтан  М.Əуезов  сияқты  бұқпалаң 

жүріп қосылғандар ғана емес, Сəкен, Сəбит сынды түзу жол-

мен ойланбай тартып, əдебиетімізді өрге сүйрелеген, сөйтіп 

жүргенде  артық-кем  сілтеген  жəне  оны  қателік  деп  есеп-

темеген  дарындардың  бəрі  де  өздерінің  қосқан  үлестеріне 

қарай тарихтан орын алады. Тарих олардың еңбегін ұмытуға 

тиісті  емес.  Сəкен  шығармаларының  идеялық-эстетикалық 

нысанасына  назар  аударған  уақытта  жазушылық  машықты 

ұстарту жолындағы ізденістеріне көз салмасқа болмайды.

Сəкен прозасында еленуге тиісті бір өзгешелік – публи-

цистикалық  саздың  қалың  болатындығы.  Мұны  біз  оның 

өлеңдері мен поэмаларынан ғана емес, прозасынан да айқын 

байқаймыз. «Тар жол, тайғақ кешуді» айтпай-ақ қойғанның 

өзінде «Жемістер» повесінде 1919 – 1935 жылдары қазақ да-

ласында болған ащы-тұщы өзгерістердің шынайы көрінуіне 

публицистика өзінің септігін тигізген. Шығарманың сюжет-

тік  желісін  тартқанда  Сəкен  кейіпкерлердің  əрекет  ететін 

сахнасынан  белгілі  бір  ойдың  ұшығын  шығаруға  қажетті 


403

жағдайларды ыңғайластырғанда, сөз бояуына тарлық жаса-

майтын  машығын  байқаймыз.  Бұл  жағынан  алғанда  уақыт 

мерзімін барынша ықшамдауы ұтымды. Шығарманың оқиға-

сына қатысатын кейіпкерлердің қайсысының болса да əуелі 

істейтін іс-əрекетіне сай түр-келбет беріледі де, жан дүниесін 

ашуға мүмкіндік жасалады.

Көркем  шығармада  пейзаждың  үлкен  мəні  бар.  Мүсли-

маның  мұңына  қара  түн  сай  келсе,  еріксіз  ұзатылып,  сор 

өмірдің  тепкісіне  шынымен-ақ  түсемін  бе  деген  Айшаның 

жарым  көңіліне  сүреңсіз  сұр  даладағы  шошақ  моланың 

сұсты суреті қабысып жатады. Қастерлене суреттелген пей-

заждар негізгі тұлғалардың психологиялық өзгерістерін көр-

сетуге  бағындырылып,  шығарманың  əсерлілігін  күшейтіп 

отырады. Сөйтіп Сəкен қалыптасып келе жатқан профессио-

налды прозаға өзінің үлесін қосты.

Көркем туындының қадір-қасиеті оның санымен айқын-

далмайды.  Сəкен  драматургия  саласында  сарылып  еңбек 

етпегенімен 1917 жылдың  күзінде  жазылып, 1918 жылдың 

мамыр  айында  үш  күн  бойы  Ақмола  жұртшылығына  көр-

сетілген  «Бақыт  жолында»  пьесасы 1916 жылғы  өмір 

шындығын көрсетті. Алғашқы тəжірибе табысты болды.

Əлеумет  мəселесін  өзек  етіп,  бүгінгі  күн  шындығын 

шиеленіскен тартыс үстінде көрсету қажеттігін ұққан Сəкен 

драматургияның өзіндік талаптарын орындауға қабілеті же-

тетіндігін 1920 жылдың желтоқсанында жазған «Қызыл сұң-

қарлар» атты драмасымен дəлелдеді. Оны 1922 жылы 10 мың 

таралыммен жеке кітап етіп бастырып шығарды. Репертуарға 

шөлдеген  жəне  төңкерісшіл  іс-əрекетті  насихаттап,  жаңа 

өмір жолындағы күресті бейнелеген шығарманы өнерпаздар 

сахнасы қуана қарсы алғаннан кейін автор 1926 жылы бірқы-

дыру өзгерістер жасағаннан соң республика театрлары мен 

өнерпаз жастар сахнасында толассыз көрсетілді. 

Жұртшылық  тілегіне  сай 1936 жылы  «Қызыл  сұңқар-

лар»  драмасы  түбегейлі  болмағанмен,  жетілдіріліп,  толық-

тырылып  бүгінгі  М.Əуезов  атындағы  академиялық  дра-

ма  театрында  қойылды.  Аншлагпен  бес-алты  қойылымы 


404

өткен  соң  Мəскеуден  бір  жансыз  келіп,  драманы  сахнадан 

алып  тастауға  нұсқау  бергендегі  дəлелі  мынау: «Пьессаға 

жүгінсек,  Қазақстандағы  революциялқ  қозғалысқа  қазақ 

интеллигенті  басшылық  жасаған.  Ол  орыс  жұмысшысы 

мен  неміс  эмигрантына  жəне  украиндыққа  ақыл  үйретеді. 

Қазақстандағы  революциялық  оқиғаларда  орыс  проле-

тариаты  мен  большевиктік  партияның  рөлі  бұрмаланып 

төмендетілген» деген «сұмдықты» шығарды. Бұрын қызыл 

сөз шылауымен көрінбей келген шовинизмнің кеулеп, еркін-

си бастағанын анық көрсетті.

Бұған  республикалық  өнер  басқармасының  бастығы 

Ғ.Тоғжанов, өлкелік партия комитетінің мəдениет бөлімінің 

меңгерушісі  Ғ.  Мүсірепов  еш  қайран  қыла  алмағандығын 

былай  қойғанда,  өз  тараптарынан  біраз  тұздық  қосты  да, 

спектакльді  сахнадан  алдырып  тастағандары  да  тарихқа 

белгілі.  Кеудесінде  жаны  бар,  елдік  оты  бар  шығармалар 

əрқашан осындай пəлеге кездесіп отырды.

Сəкен  əдебиеттің  бар  жанрында  қалам  сілтеген  дарын. 

1914  жылы  «Айқап»  журналына  «Манап  драмасы  тура-

лы» мақала жазды. «Əдебиет һəм оның бағыттары» (1922), 

«Асау тұлпар» туралы (1923), «Қазақ əдебиетінің қысқаша 

тарихы» (1924), «Ұлт  театры  туралы» (1926), «Қазақтың 

көркем əдебиеті», «Əдебиет майданында» (1928), «Тар жол, 

тайғақ кешу» туралы, «Көшпелі дəуірдегі қазақ əдебиетінің 

күйлерінен» (1929), «Өрлеу үстінде» (1934) сияқты көптеген 

мəнді  де  принципті  айтысын  мақалалар  жəне  жинақтарға 

алғысөздер жазып, жазушылардың съезі мен пленумдарын-

да сөйлеген сөздерімен қазақтың əдебиет сынына өз үлесін 

қосты.


Əдеби  мұраны  халықтың  тарихи  жады  жəне  көркемдік 

шеберліктің  қайнар  бұлағы  деп  ұққан  Сəкен 1931 жылы 

Бейімбет,  Ілияс  жəне  Əмина  Мəмбетовамен  бірігіп 

«Əдебиеттану оқу кітабын» жазды. «Қазақтың ескі əдебиеті 

нұсқаларын»  жариялады. 1932 жылы  жоғары  оқу  орында-

ры  үшін  «Қазақ  əдебиеті  (билер  дəуірінің  əдебиеті)»  атты 

оқулық-хрестоматия жасады.


1933  жылы «Батырлар жырының жинағын» шығарды.

1934  жылы  Өтебай  Тұрманжановпен  бірлесіп 5-сынып 

үшін «Көркем əдебиет» атты оқу құралын жазып, 1934 – 1935 

жылдары Ыбырай Алтынсариннің, Ақан серінің, Ақмолданың 

(Муптахиддин Мұхамедияровтың), Шəкəрімнің шығармалар 

жинағын құрастырып, қалың оқушы жұртшылыққа ұсынды. 

Осы  еңбектің  қай-қайсысы  болсын  Сəкеннің  халық  твор-

чествосы  туралы  толымды  ой  толғап  қана  қоймай,  ауыр 

бейнетті (жинау, жариялау) қолымен атқарғанын көрсетеді.

Қазақ  мəдениетінің  тарихында  үлкен  құбылыс  болған 

«Қазақ əдебиеті» атты монументалды еңбегінің орны бөлек. 

Өйткені  ол,  біріншіден,  жоғары  оқу  орындарының  оқу  құ-

ралдарына  зəрулігін  өтеді.  Рас,  М.Əуезовтің  «Əдебиет  та-

рихы»  деген  еңбек  жазып, 1927 жылы  шығармақ  болғаны 

бар. Бірақ сол кездегі əпербақандар ол кітапты шығартпады, 

дайын  ауыз  əдебиетінің  тарихын  Сəкен  ғылыми  жүйемен 

талдап, қазақ фольклористикасының негізін мықтап қалады. 

Ондағы толымды да шұрайлы ойлары қазір өрістей дамып, 

ғылыми арнаға айналуда. Тарих əркімнің тілегімен жасалып, 

жоспарланбайды. Замана ағымын аңғарып, кезең шындығын 

түсінген  саналы  азамат  қана  көздеген  мақсатына  жетеді, 

абырой-беделге  ие  болады.  Сондықтан  «Сəкен – қазақ  со-

вет əдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшы бол-

ды.  Тарих  оған  жүктеген  міндетті  ешқайсымыз  атқарған 

жоқпыз» – дегенді Ғабит Мүсірепов айтқан уақытта Сəкен 

өнерпаздығы мен қайраткерлігін түгелдей ескерген болатын. 

Өйткені,  Сəкеннің  замана  бейнесін  жасап,  жаңа  мазмұн-

ға лайық жаңа түр тапқанын, əдебиеттің бар саласында ең-

бектеніп, қадау-қадау биіктерін жасап бергенін тарих еш уа-

қытта ұмытпайды.



406



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал