Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет21/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

СƏКЕН ТУРАЛЫ ЖАҢА СӨЗ

Сəкен Сейфуллин – қазақ əдебиетінің жаңа дəуірін баста-

ған  айрықша  биік  тұлғаның  бірі.  Оны  кезінде  «революция 

дауылпазы», «Қазақ совет əдебиетінің негізін салушы» деп 

атап  жүрдік.  Бəрі  де  рас.  Біздің  қоғамымыздағы  бүгінгі 

өзгерістер, совет өкіметін, социалистік революцияны жаңаша 

түсінуге  тырысушылық  ұлы  ақынға  берілген  халықтық 

бағаны өзгертуге тиісті емес. Сəкен атына, оның мұрасына 

басқаша қарау – оны кемсіту ғана емес, біздің тарихымызды, 

оның жарқын беттерін жоққа шығарумен бірдей.

Қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, тəуелсіз 

ел болуы, халықтың сауаттылыққа, білім-ғылым жолына ұмты-

луы – біздің ғасыр басында өмір сүрген рухани көсемдеріміз-

дің барлық арман-мұраты болатын. Олар қазақ қоғамының 

сол  кездегі  мешеулігіне,  халықтың  надан  қалпына  күйінді, 

екі  жақты  қанаудан  азап  тартқан  елді  қайтсек  азат  етеміз, 

тəуелсіздікке жеткіземіз деп армандады.

Жақсылыққа, жаңа өмірге, қиялдағы ғажайып тіршілікке 

жету  жолы  оңай  емес.  Адам  баласы  осы  күнге  шейін  оған 

жетудің  нақты  жолын  таппай  əр  бағытта  ізденіп  келеді. 

XX  ғасыр  басындағы  біздің  ізденістеріміз  де  осындай  əр 

бағытта  болатын.  Əркім  əртүрлі  жол  ұсынды,  сол  жолмен 

азаттыққа,  тəуелсіздікке  жетеміз  деді.  Сондай  жолдардың 

бірі – большевиктердің, коммунистердің жолы еді. Олар жа-

ңа қоғам құруға революция арқылы билікті күшпен тартып 

алып, жұмысшылар мен шаруаларды қоғамның негізгі күші 

ету, үстем тапты тежей отырып, кейін тап есебінде жою сая-

сатын ұстанды. Социалистік революция үшін, Совет өкіметі 

үшін күрес басталды. Мұны дүние жүзінің езілген, өмірден 

жапа шеккен тобының бəрі де қолдады. Қазақ кедейлерінің 

ұлттық  мүддесіне  де  бұл  жат  емес  еді.  Сондықтан  бұл 

жолды  қолдаған  Сəкен  көзқарасынан  қателік  іздеу  дұрыс 

емес.  Қазақ  халқының  тəуелсіздік  жолындағы  күресі  осы 


357

идеямен  байланысты  екенін  кезінде  қазақтың  бас  көтерер 

азаматтарының көбі-ақ қолдаған. Ахмет Байтұрсынов 1920 

жылы  РКП(б)  Орынбор  комитетіне  коммунистік  партия 

қатарына  кіру  үшін  берген  арызында: «Азат  етілген  қазақ 

халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ға-

на  яғни  дүниежүзілік  революция,  дүниежүзілік  федерация 

арқасында  ғана  бақытқа  жете  алады.  Таптар  мен  ұлттарды 

іс  жүзінде  толық  азат  етуді  өзінің  алдына  тікелей  мақсат 

етіп қойған жəне ішінара жүзеге асырған интернационалдық 

коммунистік  партиядан  басқа  ешқандай  партия  мұны  жа-

сай алмайды», – деп жазды. (Известия Киргизского обкома. 

1920. 15 апреля).

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ел қорғаны» пьесасының бір 

қаһарманы: «Ахмет Байтұрсыновты естулеріңіз бар шығар. 

Ол кісі қазақтың автономиясын алуға Мəскеуге барды... Ол 

кісі  қазаққа  зиянды  болса,  Ахмет  оларға  қосылмас  еді»,... 

дейді (Ж. Аймауытов. Шығармалар. 1989. 432-бет).

Олардың бəрі де осылай сеніп келді, бірақ алданды, өздері 

де сол алданудың, сенімнің құрбаны болып кетті.

Большевиктер жолының қазақ халқының өміріне күрделі 

өзгерістер  алып  келгенін,  Қазақстанның  іргелі  мемлекет 

болғанын,  халықтың  сауаттанып,  мəдениетті  елдер  қатары-

на көтерілгенін де жоққа шығаруға болмас. Алайда осы жақсы-

лықтың бəрі үлкен қиыншылықпен келді. Қазақ қоғамының 

өзгерісі  ұлттық  мүддені  қирату  негізінде,  қуғын-сүргінмен 

жүргізілді.  Орталық  үкімет  біртіндеп  негізгі  бағдарламадан 

ауытқып,  отаршылдық  саясат  ұстанды.  Ұлы  орысшылдық 

үстемдік алды. Ұлт өкілдеріне сенім азайды, мұның аяғы ұлт-

тың бас көтерер адамдарын құртуға əкеп соқты. Сəкеннің де, 

азаттық  пен  тəуелсіздік  іздеудің  əрқилы  жолын  өтіп  Совет 

өкіметін  паналаған  Ахмет  пен  Жүсіпбектің  де,  олар  сияқты 

көптеген ұлы қайраткерлердің – Шəкерімнің, Міржақыптың, 

Мағжанның, Бейімбеттің, Ілиястың, Тұрардың, тағы басқалар-

дың ауыр тағдыры бұған куə бола алады.

Сəкеннің  осылардың  ішінде  айырықша  қызылшыл  бол-

ғаны  да  жасырын  емес.  Оны  бұл  идеяға  ол  өткен  күрес 


358

жолының ауырлығы, Колчактың лагері, атаман Анненковтың 

азап  вагоны  алып  келіп  еді.  Ол  өзі  тұтқын  бола  жүріп, 

ескі  режимнің  тозғанын,  күні  өткенін  сезінді.  Бұл  ақынды 

ұстанған жолының дұрыстығына сендіре түсті. Оның үстіне 

революцияны  өткен,  оның  тарихын  оқыған  адамның  бəрі 

біледі – ол кезде баррикаданың екі басында тұру ғана есепке 

алынатын, аралық жүйе деген болмайтын.

Сəкеннің қазақ үкіметінің басшылық қызметінде жүрген 

кезінде бірбеткейлік танытқаны, əдебиетте таза пролетарлық 

бағыт ұстанғаны да осыдан деп ойлау заңды.

Бірақ Сəкеннің өмірі мен қоғамдық қызметіне, шығарма-

шылық  жолына  зер  салған  адамның  оның  өкіметке,  пар-

тия жолына сенімі көзсіз сену емес екенін анық байқайды. 

Өкімет те оны «революционерсің», «адал коммуниссің» деп 

маңдайынан  сипап  отырмаған.  Саясаттағы  солақайлықты 

көрген  Сəкен  де  басшылыққа  жалтақтамай,  пікірін  анық 

айтқан.  Өкіметпен  қарым-қатынастың  мұндай  күрделілігін 

біз  Сəкеннің  «Асау  тұлпар», «Бақыт  жолында», «Қызыл 

сұңқарлар»  атты  кітаптарына  жазылған  сындар  мен  оны 

қолдаушылардың  позициясынан  бір  көрсек, 1923 жылғы 

өлкелік III партия  конференциясының  материалдары-

нан  екінші  рет  танимыз.  Бұл  конференцияда  сөйлеген 

РКП(б)  Орталық  Комитетінің  хатшысы  Е.  Ярославский 

де,  оны  қолдаған  кейбір  қазақ  коммунистері  де  Сəкеннің 

ұлтшылдығын  «əшкерелеуге»  тырысқан.  Оған  тілге  тиек 

болған  ақынның  ертерек  жазған  «Айт»  деген  өлеңі  мен 

1922 жылы жариялаған «Азия (Еуропаға)» атты туындысы 

болатын.  Алғашқы  өлеңдегі  қазақтын  ұлттық  мейрамы  ту-

ралы  ақын  сезімін  діншілдік  деп  айыптау,  соңғы  өлеңдегі 

езілген,  қаналған  Азияның  озбыр,  отаршыл  Еуропаға  дөң 

айбат шегуін ұлтшылдық деп түсіну бұл сындардың негізгі 

мазмұнын құрайды. Сəкен революцияға алданып, аз күннің 

өзінде-ақ  опық  жеген  халықтың  жан  сырын  «Аш  қазақ», 

«Отарбаның  жұмсақ  вагонында»  деген  шығармаларымен 

де суреттей білді. Жаңа экономикалық саясаттың онсыз да 

жүдеу қазақтың тұрмысына ауырлық ала келгенін, «мынау 


359

қу қап НЭП, қойды ғой жеп» деген сөздермен сездірді. Осы 

шығармалардың көбі осы күнге шейін саясатқа дəл келмей, 

Сəкеннің қателері ретінде бағаланып келді.

Орталықтың  жүргізген  жолына  бас  шұлғи  бермейтінін 

Сəкен  қоғамдық  қызметінде  де  көрсеткен.  Қазақ  үкіметі 

мен  партия  басшылығында  болған  ұлт  қайраткерлері  сол 

кездің өзінде-ақ Қазақстанның Автономия алуын (1920) дер-

бес ел болудың басы деп ұғып, мемлекет басқару саясатын 

қазақтың ұлттық егемендігі мүддесіне лайықтап жүргізе бас-

тады.  Қазақ  коммунистерінің  мұндай  «еркіндігі»  ұнамаған 

Орталық, Қазақстанның орыс басшылары оларға «ұлтшыл» 

деген  атақ  жапсырды.  Осындай  жазықсыз  айыпталған 14 

коммунистің  (С.Меңдешев,  А.Асылбеков,  С.Сейфуллин, 

Ж.Садуақасов, Х.Жүсіпбеков, Ы.Мұстанбаев, М.Атаниязов, 

Ш.Тоқжігітов,  Н.Нұрмақов,  М.Жəнібеков,  М.Саматов, 

Х.Нұрмұқанбетов,  Н.Залиев,  Н.Байсақалов) III партия  кон-

ференциясы  тұсында  арнайы  хат  жазып,  Е.  Ярославскийге 

шағынғаны  да  бар.  Е.  Ярославский  іштей  ұнатпағанымен, 

оларды  түгелдей  жамандай  алмай,  əңгіменің  аяғын  жуып-

шайған. «Бəріңе емес, ол 2 – 3 адамға жасалған ескертпе ғана 

екен» деп, қазақ тілінде іс жүргізу, аударма əдебиетті көбейту 

жəне  жақсарту  шараларын  қолдарлық  комиссия  құрған. 

1924  жылы  қазақ  тілінің  орыс  тілімен  қатар  мемлекеттік 

статус  алуы  осы  дүмпудің  əсері  болатын.  Сəкеннің  Халық 

Комиссарлар кеңесінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінде, 

«Қызыл Қазақстан» журналында редактор болған кездерде 

жазған мақалаларында ұлт мүддесін, елдің егемендігі идея-

сын қорғауға арналған ойлар тіпті көп.

Жиырмасыншы жылдары Сəкен – Қазақстанда Голоще-

кин  жүргізген  саясатқа  ашық  қарсы  болған  адамның  бірі. 

Ол,  тіпті  Голощекиннің  қабылдауына  бармай  кеткен,  оны-

мен кездесіп қалса, теріс айналып кететін болған. Сəкеннің 

бұл  мінезін  кек  тұтып, «өркөкірек»  ақынды  жуасытып  алу 

үшін  Голощекин  оған  қарсы  мақалалар  ұйымдастырып, 

партиялық тазалаудан өткізген. Бұл мақалалар мен партиялық 

тазалаудың  құжаттарында  Сəкенді  «Сейфуллинщина»  деп 


360

аталған  жікшілдік  топтың  басында  болды,  солшылдық 

өмірінде  оңшылдық  қателерді  көп  жіберді,  саяси  өмірден 

ауытқып, пессимистік өлеңдер жазды деп айыптаған. Оның 

бəрін  кейін  тарих  ысырып  тастап,  ақынның  адал  комму-

нист болғанын дəлелдеді. Голощекин басшылығының қазақ 

елін  қандай  күйге  жеткізгенін  Сəкен  «Қызыл  ат»  поэмасы 

мен  аяқталмай  қалған  «Біздің  тұрмыс»  романында  сынай 

суреттегені көпке белгілі.

Осының бəрі ешбір үкіметке қолшоқпар болмай, Сəкен-

нің революциядан күткен арманын, оған сенімін таза сақта-

ғандығын көрсетеді. Ол еңбекші халық мүддесін бəрінен де 

жоғары  қойып,  қоғамдағы  өзгерістерді  соның  тілек-тала-

бымен салыстыра қарады. Осы жолда табандылық, беріктік 

танытты. Революциялық идеал мен социализм құрудың тə-

жірибесі  сəйкеспей  қалған  тұстарда,  ойын  сезімін  жасыра 

алмай күйзелді, күйзелісін қаламына төкті.

Суреткер есебінде Сəкен – жаңашыл. Оның шығармалары 

қазақ əдебиетіне азаттық үшін күрестің қаһармандарын алып 

келді,  олардың  халық  бостандығы  жолындағы  табандылы-

ғын, ерлігін суреттеді. Олар мазмұн жағынан да, түр жағынан 

да  ұлттық  əдебиетті  байытты.  Сəкен  қазақ  еңбекшілерінің 

бостандық  үшін  күресінің  көркем  шежіресін  жасаумен  бір-

ге  қазақ  жеріндегі  жаңалықтың  нышанын  қадағалап  жазып 

отырды.  Ол  жұмысшылар  өмірін,  қоғамның  жаңашыл  сыпа-

тын,  ленинизм  идеясын  жырлады.  Мұның  бəрі  ұлы  идеяға, 

сенімге  негізделді.  Ақынның  тегеуірінді  өлең-жырлары  ре-

волюция  тілегіндегі  елдің  арманын  түсінуден,  соларды  бола-

шаққа сендіріп, қайрат-жігер бере сөйлеу ниетінен туды. Сə-

кен  жасаған  серпінді  өлең  үлгілері,  ырғақ  өлең  өлшемінің 

жаңалығы, қуатты екпін, жаңа метафоралар мен тіл айшықтары 

сол  туындылардың  жаңашыл  мазмұнына  лайықталды.  Жаңа 

қоғамның, соған сүйенген адамның асқақ сезімі оның жырла-

рына арқау болды. Бұл бағыт жаңа дəуір əдебиетінің бостандық, 

азаттық күресі тудырған жемісті саласы еді.

Алайда  Сəкен  шығармашылығын  осылай  бірбеткей  түсі-

ну де қате болмақ. Ақын сенген идея, ол жасаған жаңа əдебиет 


361

бірте-бірте тап тартысының, партия идеологиясының құра-

лына  айналды,  шындықтан  жалтарып,  жарамсақтыққа 

ұрынды.  Өмірдегі  өзгерістер  бір  жақты  суреттеліп,  тірші-

ліктің  қайшылықты  құбылыстары  жұмсартылып  кетті. 

Əдебиет  дамуының  осы  тенденциясы  Сəкенге  де,  оның 

шығармашылығына  да  əсер  еткені  даусыз.  Ол  өмірді  бір 

жақты жырлады, социализм жеңісін мадақтаумен болды. Жаңа 

заманның  пафосты  тенденциясын  ұстанды.  Ал,  баррикада-

ның ана басындағылар бұл өмірдің екінші, қайғылы жағын 

көрді.  Мағжан  өлеңдеріндегі  өмір  суреттері  осындай.  Егер 

Сəкен көрген өмірдің күнгей жағы мен Мағжан суреттеген 

ауыртпашылықты,  азапты  тіршілікті  тең  алса,  олардың  бі-

рін-бірі толықтырып, шындықты дəл түсінуге себін тигізген 

болар еді.

Лирик Сəкеннің біз үшін қымбат мұрасында оның туған 

ел, табиғат жайлы өлең жырлары ерекше орын алады. Оның 

бұл  саладағы  туындыларында  даланың  өз  табиғатындай 

кеңдік, əсемдік, тазалық бар. Лирикалық сазға, əуезге сүйен-

ген  өлең  шумақтарының  көбі  əнге  айналып  кеткен.  Оның 

Көкшетауы, Айнакөл, аққуы, лашыны, ақсақ киігі – бəрі де 

дала табиғатының пəктігін сезімталдықпен суреттеудің биік 

үлгілері.

Сəкеннің кейбір шығармаларындағы тарихқа көзқарасы, 

жеке  адамдарға  берген  бағасы  біздің  бүгінгі  ұғым  түсіні-

гімізбен қабыспай жататын кездері де кездеседі. Оны заман 

талабынан туған жеке адамның түсінігі деп ұққан жөн. Ол 

«Көкшетау»  поэмасында  Абылайды  хан,  үстем,  зорлықшы 

тап  өкілі  есебінде  суреттесе, «Тар  жол  тайғақ  кешуде» 

революцияға  қарсы  күштерді  сынай  көрсетеді.  Мұны  жеке 

адамдарды  жамандау  емес,  тарихты  өз  талғамымен  түсіну, 

өзінің ұстаған жолын, бағытын қорғау деп білеміз. Бостандық 

дегеннің  өзі,  ең  алдымен  адамның  ұғым  түсінігін  азат  ету 

ғой. Сəкен социалистік революциядан əркім өз ойын еркін 

айта алатын, өзі таңдаған жолмен жүретін заман күтті. Өзі де 

осылай еркін өмір кешті. Азаттық дегеннің шартты екенін, 

əрбір іс пен сөздің артында есеп барын ол кейін білді, содан 


362

опық  жеді.  Соған  қарамастан  мұндай  адамдардың  желдің 

ыңғайына  қарай  қозғалатындардан  парқы  бөлек.  Жас  кезі-

нен Сəкен атын туған халқына кең таратып, оның сүйіктісі ет-

кен де қайраткер ақынның осы мінезі, адалдығы, табандылығы 

болатын. Ол қара басының қамы үшін өмір сүрмеді, еңбекші 

елінің қамын жеді, соның тағдырын ойлады.

Сəкен революцияның қызыл туын көтеріп əдебиетке кел-

генде,  Қазақстанда  онымен  қатар  тұрар  адам  болмайтын. 

Жалғыздығына  қарамастан,  ол  жаңа  əдебиеттің  ұраншысы 

болды, оның жас кадрларын тəрбиелеп, оларға бағыт сілтеді. 

Еңбектерімен жəне жаңа құрылған жас күштерді жинақтап, 

жаңа  əдебиеттің  негізін  қалады,  қабырғасын  тұрғызды, 

аяғынан тік қойды. Мұны қазақ əдебиетін зерттеушілердің 

бəрі ақ айтқан, мойындаған. Тарихи бұл бағаға ешкім де та-

ласпайды.

Сəкен  жөнінде  замандас  қайраткерлерінің  де,  қаламдас 

достарының  да  жақсы  пікірлері  сақталған.  Жазушылар-

дан Бейімбеттің, Ілиястың, Мұхтардың, Сəбиттің, Ғабиттің 

мақалалары,  естеліктері  бар.  Оларда  Сəкеннің  жан-жақты 

қоғамдық, əдеби қызметі, адамгершілігі жайында қызықты 

деректер мол. «Оның шыншылдығы», – деп жазды Мұхтар 

Əуезов – қызып жанып отыратын, буы білініп тұратын, ба-

рынша  шын  сезім,  шын  жүрек  шыншылдығы.  Сондықтан 

бұның жолы – əр адымын санап басқан кісінің жолы емес, 

ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстыққанды нағыз ақын 

жолы» («Қазақ əдебиеті» 1936, 12 шілде).

Сəкен  жөнінде  көп  жазып  кеткен  адамның  бірі – Ғабит 

Мүсірепов еді. Ол естеліктер де, мақалалар да, көркем шы-

ғармалар  да  жазып,  Сəкеннің  əдеби  бейнесін  жасауға  көп 

еңбек сіңірді. Таяуда ғана жарық көрген Т.Кəкішевпен маг-

нитофонға  жазылып  алынған  сұхбатының  да  көп  бөлігін 

ол  Сəкенге  арнапты. «Сəкен  адам  ретінде,  мемлекет  бас-

шысы ретінде, менімше, ешкімге жақсылықтан басқа нəрсе 

ойламайтын» – депті  Ғабит. – «Сəкен  анаған  қарсы  бол-

ды,  мынаған  қарсы  болды»  дейді  ғой.  Бұның  көпшілігі – 

Сəкеннің атымен жасалған істер» (Т. Кəкішев. Ескірмейтін 


363

естелік. 1994. 271-бет). Сонымен қатар Ғабит Сəкеннің «Зор 

адамгершілігін,  іштей  көп»  еске  алады. «Бесеудің  хатынан 

кейін Сəкен маған ерекше көңіл танытты, – дейді одан əрі 

Ғабең. – Сəкен мені алақанына салып алардай қуанды... егер 

шындықты айта алмасақ, жазушы болып неге керек, адалын 

айт, адалынан өлсең, арманың бар ма? – деді».

Мұның  бəрі  революцияға  араласу,  оның  жолын  ұстану, 

Адам ақын, қоғам қайраткері Сəкеннің халықтық еңбегіне, 

беделіне  азаматтық  тұлғасына  нұқсан  келтіре  алмайты-

нын  дəлелдейді.  Ол  не  істесе  де,  елім,  халқым  деген  адал, 

ақ  көңілмен  істеді.  Халық  мүддесіне  жат  саясатқа  ашық 

қарсы тұрып, халқы үшін жанын құрбандыққа шалды. Оның 

бүкіл  өмір  жолы,  қолы  жеткен  табысы,  жіберген  қателігі – 

сол  халқымен,  революцияны  жақтаған  топпен,  тұтас  бір 

жаңашыл  ұрпақпен,  қалың  көппен  бірге  өтті.  Өр  тұлғалы 

ақын бар талантын соларға арнап, жыры мен қайраткерлігін 

бір  жерге  тоғыстырды.  Артық  айтса  да,  заманына,  еліне 

сенгендіктен  айтты.  Осы  істің  нəтижесін  ол  ойланбай  өтті 

десек те, əділ болмас еді. Оның «Отарба терезесінен», «Сыр 

сандық»  сияқты  өлеңдері  дəуір  ісі,  адам  тағдыры  жайлы 

ойланудың басы еді. Бірақ оны ақын жеріне жеткізе алмады, 

мұршасы келмеді.

Қандай да болмасын өзгеріс заманы белгілі бір қайраткер-

лерді  ілгері  шығарады.  Бұл  қоғамдық  өмірде  ғана  емес, 

əдебиет  өмірінде  де  солай.  Сəкен  қайраткерлігі  жағынан 

да  жалғыз  емес.  Ленин  бастаған  революция  сарбаздары, 

оның  Қазақстандағы  өкілдері  Ə.Жангелдин,  С.Меңдешев, 

Н.Нұрмақов,  Т.Рысқұлов,  О.Жандосов,  Ə.Айтиев,  М.Жəні-

беков  тағы  басқалармен  қатар  жұмыс  істеді.  Əдебиетте  ол 

М.Горький, В.Маяковский, Я.Колос, Хамза С, Айни Е., Ча-

ренц  Г.Ибрагимов  сияқты  ұлт  əдебиетінің  жаңа  бағытын 

бастаған адамдармен бастас болды, достасты, солармен бірге 

жаңа əдеби дəстүр қалыптастырды. Қазақтың төл əдебиетін-

де Б.Майлин мен І.Жансүгіровті қатарына алып,өмір еңбек 

жолын  бірге  өткізді.  Жас  кезінде,  революцияның  тар  жо-

лында  əртүрлі  бағыт  ұстанғанмен,  Совет  өкіметін  мойын-


дап келген Ахмет Байтұрсыновты да ол құшағын жая қар-

сы  алды.  Мағжанның  Алматыға  келуіне  көмектесті.  Оны 

Сəкеннің  қалай  қарсы  алып,  бауырмалдық  көрсеткенін 

замандастарының  естелігінен  де,  тарихи  мəліметтерден  де 

білеміз.  Осының  барлығының  ар  жағында  үлкен  жүректі, 

пейілі кең, халқым деген Азамат тұр. Ол ақындығымен де, 

қайраткерлігімен  де,  адамгершілігімен  де  тарихи  дəуірдің 

ұлы ұрпағының есебіне кіреді. Оны шын атымен Садуақас 

демей, «Сəкенім» деп анасы сүйіп қойған есіммен ардақтаған 

елі қазақ халқы ешуақытта ұмытуға тиісті емес.



«Қазақ əдебиеті», № 38,

23 қыркүйек, 1994 жыл

365

Тұрсынбек КƏКІШЕВ

САХАРА СҰҢҚАРЫ

Қазақ  еліне  тəуелсіздік  келгеннен  бері  талай  игі  істер 

жасалып  жатыр.  Соның  ең  негізгілерінің  бірі – рухани 

байлығымызды  жаңаша  бағамдау.  Бұл  қазақ  халқының  та-

рихына,  мəдениетіне,  əдебиетіне,  өнеріне,  əн-күйіне,  тұр-

мыс-тіршілігіндегі  əрқилы  машықтары  мен  тəлім-тəрбие 

саласындағы  үлгі-өнегесіне,  не  керек,  бір  сөзбен  айтқанда, 

рухани əлеміне жаңа заман биігінен қарап, салыстыра зерт-

теу, дəстүрдің озығы мен тозығын айқындап, өркениетіміз-

дің  бұрмаланбаған  келбетін,  лайланбаған  кəусар  ойын  сол 

қалпында жеткізу, жалғандыққа ұрынбаған шын табиғатын 

таныту мақсатынан туып отыр.

Қазақтың «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалы жөнін-

де совет тұсында білдіртпей жасырып, қазір ашық айтып келе 

жатқан бір ойым бар: ол – «қазақ үшін сөз – материалдық 

байлық» деген пікір. Қазірде де бұған қосылмайтындар табы-

лар, сонда да осы пікірімді түсіндіре кеткенімнің артықтығы 

жоқ.


Əдетте, материалдық байлық дегенді қолмен ұстап, көз-

бен  көретін  дүние  деп  есептейміз  де,  əр  елдің  интеллекту-

алды  (зиялылық)  парқын  зəулім  сарайлар,  көркейген  қала, 

салынған жол, не керек, өмірде нақты қолданатын заттарға 

қарап бағалап, мəдениетінің өскен-өспегендігін соған қарап 

баға  беру  əдетке  айналған,  əлі  де  одан  ұзап  кете  қойған 

жоқпыз.

Марксизмнің  материалистік  теориясы  көшпенділердің 



мəдениеті  бар  деп  танымағандықтан  көшіп-қонып  жүріп 

өмір  сүрген  халықтарды  тағылық  жайлаған  ел  деп  білді. 

Оған  В.И.  Лениннің  қазақ  сахарасы  туралы:  қараңдаршы, 

мына далиған далада жабайылық, нағыз тағылық жайлаған 

ғой деп нығырлап айтқаны осының нақты мысалы.

Осындай тұжырымдарға сеніп, біз өзіміздің елдік намы-

сымызды да, өрелі ойымызды да таптаттық.


366

Міне сондай уақытта «сөз – материалдық байлық» дегенді 

ашық айту қиын болуының үстіне қауіпті де еді. Қазақ да-

ласына  əлдеқалай  саяхаттап  келгендер  болсын,  не  қазақ 

даласының нəрін сормақ ниетпен келсін, не қазақты өзінің 

құлына айналдырғысы келген отаршылдар болсын, əйтеуір 

рухын  езіп,  жан  дүниесін  жүдетіп,  орыс  халқының  санын 

көбейту  саясатын  жүргізгендер  алаш  ұлдарын  тең  көрмесі 

бұлай тұрсын, оның ұнжырғасын түсіріп, меселін басу үшін 

түрлі «хикаяларды» ойлап шығарды, халықтығымызға қауіп 

төндірді. Тарихымызды өздерінің ойына лайықтап жазды, өз 

білгендерін істеді.

1974 жылы 25 шілде күні Ғабит Мүсіреповпен магнито-

фон  арқылы  сұхбат  өткізгенімде  бір  керемет  ой  айтты: 

«орыс  патшасы  бізді  сырттан  иемденгеніне  мəз  болушы 

еді, ал советтер бізді іштен алып кетті ғой» деген соң алаш 

қайраткерлеріне  байланысты  сұрақтарымды  əдейі  қою-

латып, əлгі ойына тізгін тастағанымда «патшалық құрылыс 

тұсында  қазақ  даласы  өзінің  мəдениеті,  əдебиеті,  тұрмысы 

оқшаулықта болды. Демек, бұл елдің ішкі дүниесінің жасыры-

нып жатқан жері болған» (Т. Кəкішев. «Ескірмейді естелік», 

1994. 290 – 291-беттер)  дегені,  əсіресе,  сөз  өнеріне  тіке-

лей қатысты болса керек. Сонда Ғабеңнің «Дүниеде бір ой 

айтылуы қиын, айтылған ой өлмейді» (293) дегеніне бақсақ, 

«сөз – материалдық байлық» деген пікірдің шындыққа жа-

қын екендігіне шүбə болмаса керек. Қазақтың өлмейтін ойды 

көп айта білгені сөзінен анық көрінеді.

Құдай қазаққа басқаны бермесе де сөзді берудей-ақ беріп 

баққан. Сөзбен бар жағдайдың жөнін келтіре аламыз. Сөзбен 

қайғылыны жұбатқанбыз, ердің құнын шешкенбіз, қуаныш-

шаттығымызды  аспандатқанбыз.  Сөзбен  зəулім  қалалар 

мен  салтанатты  сарайларды  салғанбыз.  Сөзбен  уанғанбыз, 

сөзбен қуанғанбыз. Ұлттың рухына қажеттінің бəрін сөзден 

тапқанбыз. Сондықтан, қазақ пен сөздің кіндігі бір. Осындай 

құдіретке  көтерілген  сөз  өнерімізді,  соны  жасаушыларды 

қадірлей білмесек, онда біз дүниедегіні парықтау қабілетінен 

айрыламыз. Тарихтан үміт ете алмаймыз.




1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал