Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет20/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

БІЗ СƏКЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

Ұлы  ғасырымыздың  басында,  кеше  мен  бүгіннің  ұлы 

айқасы  тұсында  есейіп  шыңдалған,  сол  майданда  сана-

лы  күрескер  болып  қалыптасқан  Сəкен  Сейфуллин  аса  бір 

ғажайып тұлға.

Сəкен Сейфуллин оңы мен солын жедел танып, алдына ірі 

саяси мақсат қойған, мінез-құлқы жағынан алып қарағанда, 

қайсар,  жаратылысы  басқа,  айрықша  адам.  Сəкенді  біз 

көрмедік.  Бірақ  көрмесек  те,  ақын  тұлғасы  көзге  осылай 

елестейді. Көргендер əңгімесінен, естеліктерінен айырықша 

тұлға байқалады.

Байырғы қазақ жерінің перзенті арпалыс заманда өз жо-

лын  тауып,  халқы  үшін  қалтқысыз  іс  атқарған  Сəкен  Сей-

фуллин  айта  қаларлықтай  қайраткер  ретінде  тарихқа  енді. 

Қазан төңкерісін ол заманның бағы деп таныды, тап күресін, 

тап  тартысын  нағыз  əділет  жолы  деп  түсінді;  ол  шақтың 

шындығы солай еді, оны жырлағаны үшін Сəкенді кінəлау 

обал.


Əділетсіздікке,  озбырлыққа  жаны  қас  ақын  төңкерісті 

адам  қоғамының  мəн-мазмұнын  түгелдей  өзгертетін  жаңа 

идея, жаңа мақсат деп білді.

Сəкен (Сəдуақас) Сейфуллин (1894 – 1938) Ақмола уезі 

Нілді  болысы,  бірінші  ауылда  (қазіргі  Жезқазған  облысы, 

Ақадыр ауданында) орта шаруаның отбасында дүниеге кел-

ген. Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс 

зауытындағы  орыс-қазақ  мектебінен  білім  алады.1908 – 

1913  жылдары  Ақмоладағы  орыс  приходская  школасында, 

кейіннен екі класты училищеде оқиды, 1916 жылы Омбының 

мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.

С. Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер 

жинағы 1914 жылы Қазанда жарық көреді.

Бұл  жылдардағы  өлең-жырларында  ақын  қарапайым 

еңбекшілер,  мал  баққан  кедей-батрактарды  аяусыз  қанауға 


328

ұшыратқан  қазақ  байлары  мен  патша  əкімдерін  сынға  ала-

ды.  Патша  өкіметіне  карсы 1916 халық  көтерілісі  тұсында 

С.Сейфуллин қалың бұқара жағында.

1917  жылға  қарай  С.Сейфуллин  қазақ  топырағында  ал-

ғашқылардың бірі болып, қоғам қайраткері ретінде қалыпта-

са бастайды. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату жолындағы 

ауыр  күрес  мезгілінің  бірінде  ол  ақ  гвардияшылардың  қо-

лына  түсіп,  атаман  Анненковтың  азап  вагонында,  Колчак 

түрмесінде  жеті  ай  болып,  сан  алуан  қорлық,  зұлымдық 

тозағын бастан кешіреді.

Қазан төңкерісі кезінде С.Сейфуллин қазақ еңбекшілерін 

тізе  қоса  топтастыруға,  кеңес  өкіметін  нығайту  үшін  күш 

салуға  үндейтін  жырларын  жазды. «Жас  қазақ  марсельеза-

сы», «Кел, жігіттер», «Асығып тез аттандық», «Жолдастар» 

сияқты т.б. өлеңдері осындай өршіл сипаттағы дүниелер.

С.Сейфуллин жиырмасыншы жылдары жас Қазақ кеңес 

республикасының  саяси-қоғамдық,  мемлекеттік  өміріне  ті-

келей  араласады.  Ол  ВЦИК  пен  КазЦИК-тің  мүшесі,  рес-

публика  халық  ағарту  комиссарының  орынбасары,  Қазақ-

стан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болады. Оты-

зыншы  жылдары  ол  республиканың  мəдени-ағарту,  оқу-

педагогикалық, көркем əдебиет істерімен айналысатын ме-

кемелерімен қызмет атқарады.

Аса  зор  қоғамдық  еңбек  пен  жемісті  шығармашылық 

ізденістерін терең ұштастыра білген С.Сейфуллин 20-жыл-

дардың өзінде қазақ кеңес əдебиетінің қалыптасып, дамуы-

на  негіз  салған  іргелі  ақын  ретінде  танылды.  Бұл  дəуірде 

оның «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» 

(1926), «Тұрмыс  толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) 

тəрізді  т.б.  өлеңдер  мен  поэмалар  жинақтары  жарияланды. 

1927 жылы «Тар жол тайғақ кешу» романын жазды.

30-жылдары  С.Сейфуллин  «Альбатрос» (1932), «Қызыл 

ат» (1934), «Социалстан» (1935) атты жаңа кітаптарын шы-

ғарды.  Қаламгердің  əр  уақытта  жазылған  əңгіме,  повес-

тері 1935 жылы «Айша» деген ортақ атпен жеке жинақ бо-

лып басылды.


329

С.Сейфуллин  драматургия  саласында  да  табысты  еңбек 

етті.  Ол  Қазан  төңкерісі  оқиғаларына  байланысты  «Бақыт 

жолында» (1917), «Қызыл  сұңқарлар» (1922) пьесаларын 

жазды, «Бақыт жолында» қазақ тұрмысының ауыр халі, əйел 

теңсіздігі мəселелері қозғалып, жаңа заман қарсаңында жəбір-

жапа  көрген  Мүслима  тағдырының  азаттық  таңына  ұласуы 

баяндалса, «Қызыл  сұңқарларда»  нақты  революциялық  кү-

рес  бейнесі,  Еркебұлан  жəне  оның  табы  мен  мақсаты  бір 

достарының патша əскеріне қарсы айқасы, табанды ерлігі мен 

қажырлы əрекеттері суреттеледі. Кейіпкерлердің мінез-құлық, 

көзқарасындағы ерекшеліктер ашылып, диалог арқылы олар-

дың  көңіл-күй,  бет-бағдары  анықталып  отырады.  Пьесаның 

бір міні драмалық қақтығыстардың ширақ өрістеуіне саятын. 

Алайда ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбына бару та-

лаптарына жол ашатын құнды дəстүрлер қалдырды.

Сəкен Сейфуллиннің өзгеден өзгеше, айырықша ақындық 

белгісі асқан жаңашыл – өнерде де, өмірде де жаңаға құмар 

ақын болып қалыптасуында. Екі түрлі идея, екі дүние бел-

дескен  ғасырдың  қиын  асуында  тəуекел  сапарға  аттанған 

Сəкен  теңдікке  алып  барады  деп  ойлап,  социализм  жолын 

таңдап алды да, биік асуға қарай өр кеудесімен қасқая қарсы 

жүрді. Оның жаңашыл келбетінен қайрауы мен қайнары мол 

халық  қуатын  танисыз.  Өмірде  де  өзгеше  Сəкен  поэзияда 

мүлде соны, өлең туын көтереді. Қазақ поэзиясының үздік 

дəстүрлерін бойына сіңірген ақын ендігі жерде ұлттық өнерді 

тың  мазмұнмен  байытты.  Біз  осы  дəуірлерден  алыстаған 

сайын Сəкен поэзиясының қызыл алауын, отты жылдардың 

ыстық лебін неғұрлым айқын сезіне түсеміз.

Сəкен ақын тұлғасының мына бір жайына айырықша кө-

ңіл аудармай болмайды.

1924 жылдың қақаған қаңтарында Ленин табытының жа-

нында тұрып, Сəкен Сейфуллин ойға шомады: «асыл туған 

арыстан, жер үстіндегі жалпы еңбекшіл таптың жолбасшы-

сы Ленин жолдас еді... Барлық əлем Лениннің есімімен жал-

пы  еңбекшіл  таптың  азаттығы,  бақыты  үшін  ашылған  һəм 

ашылмақ қанды майдандармен Лениннің есімі байланысты 


330

екенін һəм сол майдандардың қызыл туы, қаһарманы Ленин 

екенін жер жүзі біліп еді».

Ой мен санада, көңілде тап ұғымы əбден терең орнаған 

ақын  Ленин  көсемі  дүниеден  кеткенде  осылай  қамығады. 

Бар күш, пəрменімен бұрын езілген, жаншылған халқының 

мұқтажын,  мүддесін  жоқтаған  ақын,  соған  лайық  таптық 

поэзия тудырды. Осы арада біз Сəкен Сейфуллиннің таппен 

туған, онымен біте қайнаған тұлғасына, сол кездегі əдебиет 

жайына əдейі көңіл аударып көрелік. Тап мүддесі, тап жайы 

деген белгілі ұғымдар сол тұстарда Ресей мен қазақ жерінің 

өне  бойын  түгел  жайлаған  да,  бүкіл  өмір-тіршілік  тек  осы 

тұрғыдан қаралып, осы тұрғыдан шешілетін. Сəкен өз басы 

бұған  құдайдай  сенді.  Басқа  мүдде,  басқа  мақсат  болады 

деген  ой  онда  болған  емес.  Адам  қоғамында  шешілмеген 

мəселе болса, ол екі таптың ара қатынасы еді. Дұрысында да 

солай.  Социалистік  төңкерістің  ең  артықшылығы  да  осын-

да. Ал барлық жұртты тең ету, материалдық байлық, өмір-

тұрмыс жағынан бара-бар ету, құлдықтан құтқару, біреудің 

еңбегін  біреуге  жегізбеу  деген  мақсаттан  артық  не  бар. 

Осы  үміт,  осы  арман  жан  біткеннің  тұла  бойын  тұтас  би-

леп алды да, қазан төңкерісінен соң, мида бір-ақ ой, ауызда 

бір-ақ сөз жүрді, ол – «жасасын революция», «тап теңдігі», 

«бостандық».  Сəкен – осы  ұлы  өзгерістердің  жаршысы, 

ұрангері.  Өзі  əуелден  кəміл  сенген,  ісімен  де,  сөзімен  де 

осыған қызмет еткен, қазан төңкерісінен кейін тап жалауын 

биік  ұстаған  күрескер.  Бұған  əуелден  қайсар  кейіп-қалпы, 

осы жолдағы күрделі ісі дөп келді, талант, білімін түгелдей 

дерлік жаңа тап мүддесіне бағыштады. Бұл ақынның өзгеше 

сом  тұлғасын,  биік  мұратын,  төңкерісшіл  жігер-қайратын 

байқататын  жай.  Сəкеннің  артықшылығы  да,  қайраткерлігі 

де  осында.  Ал  егер  ақындық  өнері  асып,  төгіліп  жатқан 

көреген  күрескердің  жалпы  адамзаттық,  жалпы  дүниелік 

тақырыпқа баруы, оны игеруі қалай десек, Сəкен Сейфуллин 

бұл жағынан айтарын түгел айта алмай кеткен талант. Нағыз 

таптық ақын, замана ақыны дəрежесіне көтерілуіне, рас, бұл 

нұқсан  келтіріп  тұрған  жоқ.  Сəкен  туған  халқының,  туған 


331

жерінің ұлы азаматы екенінде шүбə жоқ. Ол өз елінің тари-

хын, тағдырын ойлап, жан ауыртқан қайраткер. Бұл тарапта 

ұлы  Абайды  өткен  ғасырда  өмір  кешкен,  қазақтың  ұлттық 

ақыны  десек,  Сəкенді  үміт  пен  арманның  жарық  сəулесі 

көріне  бастаған  жаңа  замандағы,  ұлттық  ақыны  дей  ала-

мыз. Жалпы Сəкен тұлғасы, оның жарқын бейнесі əлі біздің 

бойымызға сіңіп, ұғып бітпеген дүние. Жарқ етіп жанған да-

рын  аз  уақыттың  өзінде  айналасын  шарпып  өткендей  əсер 

қалдырды. 20 – 30 жылдардағы  қазақ  əдебиетінің  шапағы, 

əрине, Сəкеннен. Тек бүгіндері ойлайтынымыз: сол жалын-

ды поэзияны, жанған отты күрт үзіп сөндірмесе, қандай өнер 

қазынасына кенелер едік деу! Революциялық жігермен, сана, 

парасатпен суарылған, эпикалық құлашты, лирикалық нəзік 

поэзия онан əрі ұлғайып, таптық аяны əрі итеріп, бүкіл адам-

зат көшіне кең, кемел қадам басып, молырақ ілесер ме едік? 

Қарап  отырсақ,  бүкіл  адам  баласының  ұғым-ойға  таптық 

мақсат сыяды да, ал тек тап деген түсінікке бүкіл дүниелік 

тəжірибе,  парық  сыя  бермейді.  Əттең,  біз  бұл  ұғымнан 

тысқары қалып, шу дегеннен дүниені солай түсіндік, солай 

үйрендік. Əуелде, төңкеріс тұсында дұрыс басталған таптық 

уағыз, кейін ұлы мақсат орындалғаннан соң, еңбекші тап өз 

билігін өз қолына алғаннан кейін, қоғам ойы құлашын кеңге 

жазып,  алысқа  сермеуі  керек  еді,  бүкіл  дүниелік  ағымға 

қарайлау,  соған  ілесу  лайық  еді  жəне  онан  қалыс  қалмау 

қажетті. Тіпті, қым-қиғаш тап тартысы кезінің өзінде, барлық 

іс, рухани өсу, даму таппен шектеліп қалмайды, социалистік 

төңкерістің арғы арманы бүкіл адамзат қол жеткізген руха-

ни байлықпен суарылу, жан азығынан қуат алу жəне соған 

үлес  қосу  міндет  етілгенді.  Бірақ  революция  жеңіп,  азамат 

соғысы аяқталып, бейбіт дəуір басталғаннан кейін де, біздің 

аузымыздан  тап  сөзі  кетпеді.  Ақылға  салсақ,  ерік  алған 

қоғам еркін дем алуына болатын еді. Бірақ барған сайын ты-

ныс тарылып, тұншыға бердік. Сол тұншығудан, айдаудан, 

бір  есеп  бойынша 40 млн,  бір  есеп  бойынша 50 млн  адам 

зəбір  көрген.  Өзімізге  өзіміз  іс  тауып,  арамыздан  жау  тау-

ып, бүліншілікпен жүріп жаттық. Зеңбірек оғынсыз, барабан 


332

үнінсіз, сырт қарағанда «тып-тыныш» қалыпта қантөгіс өмір 

сүріп  келдік.  Өнеркəсіппен  ауылшаруашылығында  қуғын-

сүргін  өз  алдына  жаңа  қоғам  орнату  жолындағы  қатаң 

науқан еді бұл. Саясатта солай. Ал əдебиет пен мəдениеттегі 

науқан не? Ылғи ғана бір тақырыпты, бір сөзді төпей беру 

керек  пе  еді?  Соғыс  алдындағы  ширек  ғасыр  «тап-тап» 

деп  келген  екенбіз.  Ойдан,  қолдан  шиеленістірген  сол  тап 

күресінің нəтижесі əлгі құрбандар болды. Бейбіт замандағы 

ғаламат құрбандық. 1932 жылғы аштықта қырылған 2,5 млн 

қазақ та сол тап күресінің құрбаны. Осындай жаппай қуғын 

кезінде  əдебиетте,  мəдениетте  бірбеткей,  бір  сүрең  өсті. 

Саясатқа  əбден  жегілді,  телінді.  Дүниежүзілік  мағынадағы 

көркем  ұғым,  бүкіл  адам  баласының  түсінігі  өз  жайына 

қалды. Ал шындығына келгенде, саясатпен əдебиет жасауға 

болмайтынын,  саясатпен  əдебиетті  тек  құртуға  ғана  бола-

тынын  біз  білмедік.  Білмедік  те,  білгізбеді  де.  Оны  былай 

қоялықшы: тіпті қазақ халқының өз басына тəн рухани сезім 

байлығы  аяққа  басылды,  алыстан  танып,  көпті  аңғарар  та-

ланты бəсеңсіді, тапсырма тақырыптың ауқымында қалды. 

Сонан  да  ол  кездегі  сөз  төркіні: «бəрін  айт  та,  бірін  айт, 

коллективтің  жырын  айт», «тыр-тыр  трактор,  бенттерін 

бұрап  тұр», «Шоқпыттың  шаруасы», «Бесікте», «Інгə»  ор-

нына уілдеп, «Тап» деп жатқам, «Колхозды ауыл осындай», 

«Кел,  Мырқымбай», «Сорлайды  екенбіз»  деген  сияқты  бо-

лып келетін. Рас Сəкен ол тракторды басқаша ұғады: «трак-

тормен надандықты айғызда, сасық иісін айналаға жайғызба» 

деді. Бұл, əрине, бөтен сөз, дұрыс сөз болатын, мұнда біраз 

басқа  ұғым  жатыр.  Қазақ  жұртын  қан  қақсатқан  кəмпеске 

жылдарын:



Ұлы Октябрь бізсіз өтіп,

Сізге ұятты ек «сыйсыз» кетіп,

Он бір жылда бердік міне

«Кіші Октябрь» шыж-мыж етіп, –

деп те өлеңдеттік, осындай поэзия жасадық (С.Дөнентаев). 



333

Мұның  арты  есік  алдында  аштан  қырылып,  жинаусыз,  кө-

мусіз  қалған  өліктерге  əкеліп  соққаны  белгілі.  Өктемдік, 

күш,  бұйрық,  зорлық  заманында  поэзия  жабық  шыныдағы 

көбелектей өмір сүрді. Сəкен де мұнан тыс қалмады. Бірақ 

əуелден  құдіретті  тұлға  көп  нəрсеге  биіктен  қарай  алды. 

Революциялық өршілдік бір жақтан келген, біреуден жұққан 

дүние емес, өзінің төл қасиеті болғандықтан, ол олай да, бұлай 

да айта алды. Ең алдымен тап жауына бітіспей күреске шығу, 

күрескер болу оның өзіндік табиғатын танытса, оған ресми 

саясат  дəл  келді.  Теңдік  кімге  де  болса,  асыл  арман  екені 

белгілі.  Оны  қастерлеп  жырлау  Сəкен  сияқты  ақындардың 

қолынан  келді.  Бұл  міндетін  ақын  толығынан  орындағаны 

даусыз.  Əрине,  Сəкен 

тұбасалы

  онымен  шектеліп,  бітіп 

қалатын емес-ті. Жігер де, тегеуріні де бір талантқа жетерлік 

тəкаппар  тұлға.  Сəкен  əдеби  қазынамызда  алабөтен  жеке 

тұр.  Егерде  бір  замандарда  əдеби  шежіре  жазыла  қалса, 

Сəкен Сейфуллин жаңа заманның жаршысы ретінде тек қа-

зақ  тарихы  көлемінде  ғана  емес,  бүкіл  Орта  Азия,  Шығыс 

Түркістан аумағы, Мағжан Жұмабаевша айтсақ, бүкіл Тұран 

жерінің қайраткері ретінде айтылар еді. Қазір де Сəкен тура-

лы бұл жайт аз айтылып жатқан жоқ.

Ендігі  ойлайтынымыз  Сəкен  Сейфуллин  бастаған  сол 

жаңа əдебиеттің өрісі мен өресі. Алғашында шын жүректен, 

Октябрьге деген ақ көңілден жарқылдай туған əдебиет, бірте-

бірте  тап  тартысының  талқысына  түсіп,  жасқаншақ  бола 

бастағаны, сонан барып, жарамсақтыққа ұрынғаны шындық. 

Айдың-күннің аманында, барған сайын тап күресі шиеленісе 

түседі  деген  науқан  басталғанда,  əдебиет  ашықтан-ашық 

құлдық  ұрған  қошемет  сөзге  айналды.  Бірде  аты  айтылып, 

бірде  аты  айтылмай,  əйтеуір  бір  биіктегі,  əрідегі  қол  жет-

пес басшы адам жаққа қарайлап, Алланың сөзі де рас, өзі де 

рас  дегендей,  жаппай  бас  шұлғу  етек  алды. 20-шы  жылда-

ры тағы да қайталап айтамыз, азат болған елдің азаттықты 

жырлаған əдебиеті ақыр соңында, тап деген бір ғана тақ-тұқ 

ұғым аумағынан аса алмай, қасаң сөзді сағыздай езген, дəм 

татусыз  қауқайған  поэзия  шыға  келді. «Альбатрос», «Ақ 


334

аю», «Мұз  тұтқыны», «Уборщица», «Құтқару», «Күзетте» 

сияқты бер жағы ерлік туралы да, ар жағы «құдай» көсемге 

бағышталған құлаш-құлаш поэмалар қаптады. Мұны əрине 

қате болды дегелі тұрған жоқпыз, бірақ кемшілік еді, жап-

пай  кемшілік  заман  ағымы.  Көркемдік  ізденістердің,  ой 

шеңберінің тарлығы, тапшылығы. 30-жылдары, яғни террор 

салдарынан қоғам алғашқы беталыстан ауытқыған бұл екін-

ші кезеңде, сескеніп, іш тартып қалған қаламгер өмір фило-

софиясын,  сана  мен  ақылды,  жалпы  дүниелік  мəселелерді 

ысырып тастап, күнделікті тұрмыста жоқ, тіпті орайы да кел-

мейтін ішкі жаугершілік деген жалған уағыздың жетегінде 

кетті. Сөз инфляциясы туды. Осы көбік сөз 1949 жылы ұшар 

деңгейіне  дейін  көтеріліп, 1953 жылдары  ғана  бəсеңсіді. 

Бұл  нəубет,  рас  барлық  əдебиетте  де  орын  алды.  Орыс 

əдебиетінде  азырақ,  ал  ұлт  əдебиеттерінде  орасан  салын-

ды  боп,  таза  суды  жібермейтін  нөпір,  бөгесінге  айналды. 

Бұған себеп – ұлт əдебиеттері иланғыш, сенгіш еді, ал сол 

əдебиетті жасаушылар, жетпей жатқаннан гөрі, асырып түсі-

рейінші  дейтін  аса  бір  ақ  көңіл,  елгезек  жандар  болатын. 

Орыс əдебиетіндегі Ильф пен Петров, Бабель мен Платонов 

сияқтылар бізде болған жоқ. «Социализм жайында «Котло-

вандай» сатира жазу ердің ерінің-ақ қолынан келер.

Əйтпесе,  халық  басына  күн  туып,  трагедия  бірінен  соң 

бірі  орнап  жатқан  заманда,  көркем  əдебиетте  бəрі  жақсы, 

бəрі тамаша болып көрінуі қалай? Халық өміріндегі орасан 

бір трагедиялық кезең əдебиетте сол қалпында жабулы қазан 

жабулы  күйінде  қала  берді. 1927-28 жылдардағы  кəмпеске 

елді аздырып, тоздырса, 1930-32 жылдардағы колхоздастыру 

миллиондаған қазақты аштыққа ұшыратты. Бұл тақырыпқа 

əдебиет бармаған. Осындай ел басына туған трагедия ашып 

айтылмай  аза  күйінде  қалды.  Сөйте  тұра  əдебиетте  «жа-

сасын»  көбейді, «алға», «шапшаң», «тез», «жылдам»  де-

ген  сөздер  поэзия  бетін  бермей  кетті.  Бұған  себеп  не,  осы 

қарабайыр  белсенділіктің  түбі  неде?  Ең  алдымен,  əрине 

саясатта,  ұстанған,  алған  бетте,  бұлтартпайтын  бұйрықта, 

салынған  тыйым  мен  өктемдікте. «Қызыл  тіл  кісендеулі, 


335

қолым  емес»  деп  Мағжан  Жұмабаев  бұрынырақ  айтса  да, 

біліп  айтқан.  Не  жазып,  не  қою  керек  екенін  функционер 

надандар  айтып  отырған  соң,  не  болсын!  Ал  оған  көнбе-

сең – айдау, асу, ату. Мұндай заманда, рас кім батылы барып 

шындықты  айта  алады,  кешірілмес  қателерді  көрсете  ала-

ды. Ол замандарды еске алғанда, енді бүгіндері түк үндемей 

отыруға  болмайды-ақ.  Сəкен  Сейфуллин,  Сəбит  Мұқанов, 

Ілияс  Есенберлин,  Бейімбет  Майлин,  Мағжан  Жұмабаев, 

Міржақып  Дулатов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мұхтар  Əуезов 

жайын  сөз  еткенде,  əсіресе  осылардан  Сəкен  Сейфуллинді 

бөліп  айтқанда  немесе  жалпы  қазақ  əдебиетінің  кешегі  та-

рихын  ойлағанда  бұл  жайлы  ескермеу  қиын.  Қоғамдық 

жағдай  мен  əдебиеттегі  хал,  рухани  болмысымыз,  барған 

деңгейіміз, оянған санамыз немесе «дос құбылып əуре еткен 

(Абай), құрыққа сырық жалғап күнелткен», талай сабаздардың 

байбалам  дау-шары – онан  туған  қиян-кескі  қырсық  талай-

ды  опат  еткені  белгілі – осының  бəрі,  сол  əдебиетте  болды 

жəне оны ұмытқан ешкім жоқ. Бұған қол қойсақ, əділет үшін 

оны  ашығынан,  толығынан  əңгіме  етуіміз  жөн.  Сондықтан 

да  біз  бүгін  Сəкен  есіміне  байланысты  бірсыпыра  жайларды 

жаңғыртып  отырмыз.  Бұл  өткенге  салауат  деп,  қоя  салатын 

дүние емес. Онда көп нəрсенің обалына қалар едік. Анық біліп 

отырған нəрсемізді ашық айтқанымыз дұрыс. Бұл бұрыннан-

ақ  белгілі  талап.  Айырып  айталық;  Сəбиттің  «Майға  сəлем», 

Тайырдың  «Бесжылдықтың  балғасы»,  Асқардың  «Турксибі», 

Əбділдəнің  «Айнабұлағы»,  Ғалидың  «Шеңбері»  əрине  жөні 

бөлек өлеңдер. Оларды аса биік мақсатпен шабытпен айтылған 

шынайы сөздер деп ұғамыз. Мұның өнімді түрлерін Ілияс пен 

Бейімбеттен көреміз. Адал еңбектің адал жемісін шын көңіл-

мен қызықтаған туындылар. «Социалстан», «Советстан» деген 

сөздердің  өзі  жаңа,  тың  ұғым  əкеліп,бүкіл  елдің  алған  бағы-

тын,  көш  бетін  аңғартып  тұрғаны  түсінікті.  Бейнелі,  бедерлі 

сөз, жадыраңқы көңілдің айғағы. Тіпті Тайырдың:



Жұмыскер мен дихан шаруа,

Құшақтасты еңбек таңда.

336

Айқасты кеп сұлу айдай,

Алтын орақ, болат балға! –

дегенінде  де  үлкен  бейне,  үлкен  ұғым,  уақыттың  символы 

жатыр.  Өмір  тұрмыстың  салты  мен  санасы,  керек  десеңіз, 

өнімді берекелі ісі осы жолдардан көрінеді. Адамдар тілегі 

мен пиғылының, олардың еңбек құралының жаңа мағынада 

көрінуі  уақытпен  үндес,  əрі  тым  ұрандап  та  тұрған  жоқ. 

Ғалидың  Чемолғанға

  поезд  келгенде, «Социализмге  бір 

станция  жақындадық»  деуінің  де  терең  мəні  бар.  Мұның 

бəрі  дұрыс-ақ,  айтатыны  жоқ,  толығынан  қолдайтын,  қол 

қоятын  өлеңдер,  сөйтсе  де,  жоғарыда  айтқандай,  таптық 

ұғым, таптық уағыз деп алып, таптық поэзия төпеп жазылып 

жатты. Ақыр соңында мұның бəрі əйгілі 37-ші жылға əкеліп 

соқты. Əдебиет мүшкіл халді басынан кешірді.

Осындай  шым-шытырық  кезеңде  қара  түнек  қоршап, 

əділетсіздік  ден  алып  бара  жатқанда,  сенім  туын  қолынан 

жықпаған Сəкен Сейфуллинді кім деп танимыз?

Сəкен Сейфуллин – табым, халқым деп өткен. Октябрь-

ге,  революцияға,  социализмге  сенген,  оған  шын  берілген, 

қазақтың жаңа əдеби сөзін бастаған заңғар каламгер. Өткен 

тарихты  бүгін  біз  қалай  түсініп,  калай  айтсақ  та,  Сəкен  өз 

парызын  толық,  адал  өтеп  кеткен  адам,  бүгін  біз  орынды, 

əрі  заңды  түрде  мақтан  тұтатын  ақын.  Ол  заманның  өмір 

шындығын рухани шындықтан бөліп алып қарауға болмай-

ды. «Время  вперед»  деген  ұрандарда,  мəселен  не  кемістік 

бар еді? Ол дұрыс болатын. Ынта, жігер, энтузиазм болма-

йынша,  жаңа  тұрмыс  орнамақ  емес-ті.  Сəкен  соның  бас-

таушысы. Өзі жазғандай – дауылпазы, альбатросы. «Ту тіге-

тін,  мінекей  замандарың,  басатын  темірдей  табандарың, 

Жолдастар!  Теңдік,  бақыт,  əділдік  орнаталық,  Бұзып  кіріп 

дұшпанның қамалдарын, Жолдастар!» – деуі де сонан.

Кеңес  Одағының  ұлы  досы  Ромен  Роллан  əдебиеттің 

мəнді  сипаты,  жазушылардың  қаламгерлік  парызы  туралы 

айтқан бір сөзінде былай деген екен: «Егер əрбір суреткер 

ой  мен  форма  саласында  жаңалық  ашушы  болса  жəне  сол 


337

жаңалығының  назар  аударарлықтай  мəн-маңызы  болса,  ол 

қайтсе де өзгелерді өз арнасына бұрып əкетпей қоймайды». 

Осы айтылғандай жаңа əдебиеттің жаңашыл бастаушылары 

Өзбекстанда Хамза Хаким-заде Ниязи, Тəжікстанда Садрид-

дин Айни, Арменияда Егише Чаренц, Ресейде Горький мен 

Маяковский, Қазақстанда Сəкен Сейфуллин болды. Бұл су-

реткерлер соны үрдісті орнықтырудың сан алуан қиындығы-

на қарамастан, мазмұны мен пішіні жағынан жаңа əдебиет 

үшін  күресушілер.  Тыңнан  жол  табушы  сөз  зергерлерінің 

осынау үркердей шоғыры төңкеріс мұраттары мен істеріне 

барша  жан-дүниесімен  беріліп,  қару  мен  қаламын  қатар 

алып шайқасты да, əрдайым жаңа мəдениет мүдделері үшін 

айнымас азаматтық, қаламгерлік қайрат-жігерін жұмсады.

Жаңашыл жазушылардың тағы бір құдіреті байырғы, клас-

сикалық əдебиеттегі үздік дəстүрлерден үйрене отырып, оны 

байыта түсу арқылы бүкіл бұқара халықтың ортақ игілігіне 

айналдыра білуінде. Бұл тұрғыдан қарағанда Сəкен Сейфул-

лин ұлы Абайдан алған өнеге жемісін бүгінгі ұрпақ, бүгінгі 

əлемге,  біздерге  ұсынып, «соқтықпалы  соқпағы  көп»  ауыр 

жолдардан  алқынбай  өткен  ақын.  Жаратылысынан  жайсаң 

азамат, əрі тамаша ақын Сəкен Сейфуллин туған халқының 

ақыл-ой ірілігін, жаңаға сусалы көңіл жайын, іргелі мақсат 

жолына жігер, күш-қуатын əр қырынан-ақ танытады.

А.М.Горький  «Менің  университеттерім»  атты  автобио-

графиялық  романында  «Адамды  оның  қоршаған  ортаға 

қарсыласа  білу  қабілеті  қалыптастыратынын  мен  ерте-

ақ  ұқтым» – дейді.  Бұл  сөздерді  кең  мағынасында  алсақ, 

табиғатынан қайраткер, мардымды əрекетке бейім адамдар 

белгілі  дəрежеде  айналасындағы  дүние  құбылыстарына 

əсерін  тигізеді,  өздері  де  сол  сыртқы  күштердің  ықпалына 

түседі,  сол  арқылы  дара  тұлға  иелері  ретінде  қалыптасып, 

жетіле беретінін пайымдаған болар едік.

Ғылыми мəні жағынан жаңашыл бастама, жалпы алып қара-

сақ,  шексіз  көп  шығармашылық,  теориялық  мəселелерді 

қамтиды. Əдетте біз мазмұн жаңашылдығы, пішін жаңашыл-

дығы  деп  айтамыз.  Алайда  оларды  бөлек  алып,  жіктеп 


338

қарау қиын. Қайта өрлеу дəуірі, кейінгі романтизм дəуірінің 

классиктері,  реализмнің  барша  бағыт,  ағымдарындағы 

озық қаламгерлер, əрине бəр-бəрі де жаңашыл болды. Олар 

жаңашыл  болмаса,  өздері  де  шынайы  талант  ретінде  та-

нылмас  еді,  тұтас  мектеп  жасап,  өмірді  көркем  бейнелеу 

əдістерін  де  қалыптастыра  алмас  еді.  Леонардо  да  Винчи, 

сөз жоқ жаңашыл суреткер, өйткені ол Джоконданы дүниеге 

əкелді, адам дүниесін, оның рухани байлығын дəріптеді. Ра-

фаэль де жаңашыл, өйткені ол діни тақырыптағы сюжеттер-

мен əуестенген сияқты көрінсе де, жер басқан адамдардың 

ұлылығын дəріптеді.

Поэзияның  табысы  да,  олқы  соғатын  жері  де  жаңаны 

іздеп табу немесе таба алмау жайына тəуелді. Жаңашыл поэ-

зия ақынның жаңа өмірдегі барша тың мағына мен сан ал-

уан көріністерді неғұрлым жіті көріп, толық жинақтай білуі 

нəтижесінде тумақ-ты.

Бастапқы  кезеңде  мазмұн  мен  форманың  арасындағы 

кейбір  алшақтық  ақындарға  едəуір  қиындық  əкеледі.  Тек 

Сəкен Сейфуллиндей əрі батыл, əрі бүкіл болмысымен со-

ныдан  сүрлеу  салуға  құмар  кесек  дарын  иелері  ғана  жаңа 

мазмұнға сəйкес пішіндік бітімді дер кезінде тапқырлықпен 

үйлестіріп отырды.

С.Сейфуллин шыншыл жырлары арқылы жаңа өмірді ту-

ған өлкесінің қиыр түкпіріне дейін жеткізе насихаттағанын 

заңды мақтаныш етті. Кешегі жалшы, малма тымақ малшы 

еңбекші қауым жаңа сарындағы поэзия үнін құлақ түре қа-

былдап, бірлік, теңдік ұранындай сезінді, содан жігер алып, 

намысын  қайрап,  таптық  мүдде,  адамдық  парыз  жолында 

жанына серік етті.

Ақын поэзиясының жаңа мəні өз дəуірінің өзекті пробле-

маларын  зор  ынта,  қуатпен,  терең  құштарлықпен,  тебірене 

жырлау  сипатынан  аңғарылады.  Өнердегі  жаңалық,  əрине, 

тек  көркем  бейне,  бейнелі  ой  бедерлерімен  ғана  көрінуге 

тиіс. Сондықтан тақырып, объект қаншалықты зəру жайды 

танытқанымен, шеберлік пен көркемдік арна толымсыз боп 

жатса, өнер атаулыға, поэзияға орын жоқ.


339

Сəкен  Сейфуллин  жаңа  мазмұнды  еркін  меңгеріп,  оған 

сай  орамды  форма  табу  нəтижесінде  қазақ  өлеңі  мен  қара 

сөзін соны əуен, өзгеше леппен сөйлетті, тың ұғым термино-

логияны пайдалана отырып, жекелеген сөздердің мағыналық 

ауқымын, мүмкіндік мөлшерін барынша арттыра түсті, өмір 

құбылыстарын дəл суреттейтін бейнелі тіркестер легін кең 

қолданады.  Осы  қасиеттері  қаламгерді  жаңа  əдебиеттің 

нағыз көш бастаушы қайраткері есебінде танытты.

Ақын өзінің жаңа қоғам құрушы күрескер азаматтардың 

бірі ретінде түсініп, көптің тілегін, түпкілікті ниетін білдіре, 

таусылмас жігерімен қайрат бере сөйлейді. Айтылар ақыл, 

көрсетер  меже,  ұстанар  саясатта  кедей  қауымы,  езілген 

таптың  мүддесі  үшін.  Рухани  жағынан  езілген  таптың 

ар-намысы  аяққа  басылып  қор  болғаны,  енді  оның  басқа 

халықтармен алға басуы ақын шығармаларының өзекті ар-

насы.

С.Сейфуллин  жаңалығының  тағы  бір  қыры  неде?  Ол – 



жаңа идея, жаңа дүниетаныммен қатар, метафора, куаты мол 

екпін, серпінді ырғақ көріністері, өлеңнің өткір айшықтары. 

С.Сейфуллин  жаңа  өмірді  алға  карай  зулаған  жүйрік  экс-

пресс бейнесінде суреттейді.

Мұндай  өлеңді  біз,  рас,  кейіннен  басқа  ақындардан  да 

кездестіреміз. Бірақ С.Сейфуллин жаңа өмірдің ыстық лебін, 

оның  жүрдек  қарқынын  ілгеріде-ақ  терең  сезініп,  серпінді 

өжет жырларына қосты. Төгілген шумақтар уақытпен жүйт-

кіген экспрестің қозғалыс сипатынан қоғамдағы алуан өзге-

рістерді танып, білуге шақырғандай:



Айғырдың тоқпақ жалындай,

Бөкеннің серке санындай

Қайыңның қырған безіндей,

Шортанның жұмыр беліндей

Ширатылып түйілген

Болаттай күшпен иілген

Бұлшық етті білек пен

Балтырдан күшті дене жоқ, –

340

деген «Бұлшық ет» атты өлеңін де Сəкен еңбек тақырыбын 

нақты  мысалмен,  өзіне  тəн  таным,  түсінікпен  жырлай-

ды.  Жұмысшы,  жұмысшының  қажырлы  қолы,  бұл  дəуірде 

қалалар  тұрғызып,  егін  егетін,  тау  қопарып,  кен  қазатын 

жұмысшының бұлшық еті бұрынғы құрсау заманда кімнен 

қадір  көруші  еді?  Сəкен  жұмысшының  бұлшық  етін  бар 

дүние  тетігін  ұстайтын  теңдессіз  күш  есебінде  қабылдап, 

оны алабөтен құрметпен, қызыға таңдана өлеңге қосады.

Қазақ  тұрмысының  келмеске  кетіп  бара  жатқан  кешегі 

күндерін  бейнелейтін  «Қарлы  аязда», «Ызғырық  аязда  ке-

дей ауылы» атты өлеңдерде де ескі мен жаңаның көріністері 

сəтті ұштасып жатыр:

Жерді басқан аппақ қар...

Соғады аяз ысқырып

Қызыл шұнақ жалмаңдап,

Билеп күледі сызғырып,

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады

Құлақтанып қызыл күн

Жасыл ұшқын шашады.

Бір есептен Абай дəстүрін еске салатын бұл үзінді де  таби-

ғат  жанды  сипат  алып,  кейде  тіпті  əзіл,  күлкі  реңкінде 

кейіптелген. «Қызыл шұнақ», «Қызыл күн» деген жеке тір-

кестердегі тұрақты эпитеттер байырғы өрнекті аңғартқаны-

мен Сəкеннің өз қолтаңбасы анық аңғарылады.

Жаңашыл  ақын  Сəкен  Сейфуллин  бұрынғы  жазғанына 

көңілі  толмағандай,  таныс  тақырыптарға  жаңа  тұрғыдан 

қайта  оралып,  жаңа  көркемдік  жетістіктермен  байытып 

отырған.  Ақын  үшін  қасиетті  тақырыптар – Ұлы  Октябрь 

революциясы,  Ленин,  бесжылдықтар.  Өнеркəсіп  пен  кол-

хозды ауыл тағдырын ақын «Жас қазақ марсельезасы», «Со-

ветстан», «Көкшетаудан»  бастап, «Социалстан», «Альба-

трос», «Қызыл  атқа»  дейін  тереңдей  жырлайды,  жырлаған 



341

сайын айдалада өтіп жатқан сан алуан құбылыстардың мəн-

маңызын  айқындай  түсіп,  шындықтың  толымды  суретін 

жасауға ұмтылады.

Жауапты  міндет  шындықты  дұрыс  тану,  шеберлік  тə-

сілдерін  ұштау,  ең  бастысы,  жаңа  өмірді  бейнелеудегі  ба-

тыл,  əрі  жаңашыл  ізденістерді  молайту  болатын.  Ол  ізде-

ністер  алынған  тақырыпты  идеялық  биіктен  қамтығанда 

ғана  нəтиже  бермек  еді.  Ал,  С.Сейфуллин  қалам  сілтеген 

тақырыптардың  ауқымы  кең  еді.  Проза  мен  драматургия-

да,  саяси  мақала,  сөздерінде,  əрине  əсіресе,  поэзияда  ақын 

жұмысшы  тақырыбын,  жаңа  құрылыстармен  жаңғырған 

дала,  колхоз  тұрмысы,  мектеп,  оқу,  пионерлер  жайын-

да,  халықтар  достығы,  қысқасы,  жаңа  өзгерістің  барлық 

саладағы жеңістері мен ілгері басқан өміршең қадамдарын 

шынайы, асқақ сезіммен жырлады.

Сəкен  Сейфуллин  қазақ  ақындары  ішінде,  сол  кездегі 

ұғым бойынша, Ленинге алғаш өлең арнаған. «Келешектің 

құраны да Ленин» дейді.

Белгілі «Альбатрос» поэмасында ол Ленинді былай түсі-

неді: 

Марксизммен

Белді бекем буына,

Салып ұран

Жұмыскер тап нуына,

Майдан бастап,

Ұран тастап,

«Алға бас, тап!..

Ленин шыққан

Шақырып өз туына».

Жоғарыда  айтқанымыздай  «Келешектің  құраны  да  Ле-

нин»  дегенде  ақын  байырғы  халыққа  түсінікті  ұғыммен 

келіп  отыр.  Бұл  арада  А.Блоктың  «Он  екі»  поэмасы  еске 

түседі.  Онда  революция  əскерлері  арасында  Иисус  Хрис-

тос  яғни  Иса  пайғамбар  жүреді  ғой.  Тек  Блокта  ол  рево-



342

люция  жетекшісі  ретінде  алынады.  Сəкенде  теңеу  ретінде. 

Бұл  жағынан  айырмашылығы  бар.  Дегенмен  төңкерістің 

алғашқы жылдарында осындай ұғыныстар болған.

Сəкен  Сейфуллиннің  батыр,  əрекетшіл  сипаттағы  лири-

калық қаһарманы революциямен бірге туып, бірге шыңдал-

ған, жауына қатал:

Жауыздың тамырын қияйық!

Қулардың аранын тияйық!

Ақ ниет азамат ерлерді

Бір тудың астына жияйық!

Ақын  кеңес  елін  экспреспен  жүйткіген  біртұтас  алып 

қауым ретінде көріп, социализм жеңісіне зор үміт, сеніммен 

қарайды. «Советстан», «Көкшетау» поэмалары мен көптеген 

өлеңдерінде  С.Сейфуллин  жаңа  өмірдің  ырғақ,  тынысын 

өсу  қарқынын  жырлайды.  Зауыт,  фабрик,  құрылыс,  шахта 

жұмысшыларына  арналған  жырларында  ақын  жаңа  қоғам 

жасаушы белсенді еңбеккерлер тұлғасын жасай отырып, кей 

сəтте  үндеу,  насихат  стиліне  тəн  белгілерді  пайдаланады. 

Мұндай  шығармалары  көркемдік  жағынан  дəрежесі  үнемі 

жоғары  бола  бермегенімен,  сол  уақыт  үшін  аса  қажетті 

дүниелер болып танылады.

Сəкен Сейфуллин таланты соны мазмұнға сай пішін тап-

қан актуальды туындыларымен ғана емес, қазақ халқының 

өткен заманы, əр алуан аңыз, əңгімелерге негізделген шығар-

маларынан  да  аңғарылады.  Бұл  ыңғайдағы  өлеңдерінде 

лирикалық  саз,  əуезділік  мол,  төскейін  кернеген  жұпар 

ауа,  тау  мен  теңіз  самалы,  бұлақ  сылдыры,  сайраған  құс 

қиқуы  құлаққа  келіп,  көңіл  сарайына  нұр  төгеді.  Туған 

жер  табиғатының  сұлу  суретін  «Көкшетау»  поэмасынан 

көреміз. Ақын көне қазақ жерінің жасарған көркін таниды, 

өзгерген  өлкеде  пионерлер  əні  естіледі,  жаңа  ұрпақ  білім 

көзінен нəр іздесе, егісте тракторлар гүрілдеп, адам атаулы 

достық, ынтымақпен тізе қосқан, кең əлемді зауыт пен фа-

брик гудогі кернеген. Əрине, тек жаңғырған дала дидарын 


343

суреттеуге ұмтылу жаңашылдық болып табылмас еді. Бірақ 

С.Сейфуллин  поэзиясының  бүкіл  рухы  мен  ырғағына  ішкі 

қуат, пафос, жаңа мазмұнды орнықтыру тəн.

Дүние  жүзілік  жəне  орыс  классиктерінен,  замандас  қа-

ламгерлерден  шығармашылық  тұрғыдан  өнеге  іздеу  Сəкен 

талаптарының  бірі.  Ол  Мицкевич,  Пушкин,  Лермонтов 

мұраларын  жетік  меңгерген,  өз  тұрғыластарын  да  мұқият 

оқыған. Тек аты үшін ғана емес, жан-сезімі мол, кəдімгі тірі 

Пушкинді сүйген Владимир Маяковский сияқты Сəкен Сей-

фуллин қаламын найзаға балап, поэзияның асқақ үнінен үдей 

түскен  төңкеріс  дүмпуінің  зор  дабыл,  жаңғырығын  естуге 

ұмтылады.  В.Маяковский  жырларымен  үндес  өлеңдерінен 

ырғақ, тармақ, фразалық тіркестері осы тұста өрістейді.

Екі  қаламгер  де  бір  кезде  өмір  сүріп,  бір  мезгілде  жаз-

ды, революция идеялары оларға ортақ тақырыптар ұсынды. 

В.Маяковскийдің шығармашылық тəжірибесін тыңғылықты 

түрде зерттеп, меңгеру кезеңі төңкеріс жылдары емес, кейінгі 

дəуірлерге  тап  келген  тəрізді.  Таптық  күрес,  социалистік 

төңкерістің  мəні  қаналған  халық  санасында  түсінікті  еді. 

Осындай ортақ тақырыптар ақындарды белең ала бастаған 

жаңалыққа жүрек қуанышымен ұмтылдырады.

Кейіннен, жаңа мазмұнды байырғы форма арқылы жеткі-

зуге болмаған шақта ақын, жазушылар жаңа көркемдік бей-

нелеу тəсілдерін іздестірді. 30-жылдарға қарай жарияланған 

С.Сейфуллин өлеңдері мен поэмаларын осындай шығарма-

шылық қор жинау, көркемдік жағынан ұшталу нəтижесі ре-

тінде бағалауға тиіспіз.

Жаңа құбылыстарды көнерген теңеулермен тұрпайылан-

дырмай барынша реальдық болмысымен нанымды бейнеле-

уінде.  Жаңашыл  ақын  өмірге  ене  бастаған  жаңалықтан 

қашпаса  керек.  Жаңаны  ежелден  мəлім,  жаттанды  амал-

əдістермен  суреттеу  жарамайды.  Азат  еңбек  пен  соған  сай 

жаңарған  сананың  символы  сияқты  надандықгы  трактор-

мен  айғыздайтын  еңбек  құралы  ғана  емес,  надандық  пен 

тағылықтан құтылу, тəрбие мен ағарту жолына көшу екенін 

уағыздайды.  Бұл  ретте 30-шы  жылдардағы  Н.Тихонов  пен 


344

В.Луговскойдың  Түрікменстан,  яғни  «трактормен  ақсиған 

шөлдер  үстемдігін  құлатып  жатқан» (Н.Тихонов), «алтын 

ерекше  құм,  мəңгілік  қара  құм  машина  шуына  бөленген» 

(В.Луговской) өңірдегі адамдардың жаңа еңбегі туралы жыр-

лары еске түседі. «Шайтан арба» деген өлеңінде Д.Бедный 

да  «Турксибті»  толғаған  ғой.  Бұл  шығармалар  бұрынғы 

шет аймақтарда жаңа əдебиеттің даму барысына зор ықпал 

еткені аян.

Ақын  дəстүрін  сол  кездегі  замандастары  мен  кейінгі 

толқын өкілдері жалғастырып əкетті. Əрине, республиканың 

қоғамдық,  əдеби  өміріндегі  Сəкеннің  бастамасы  тек  Сəкен 

тұлғасына ғана лайық, соны ғана танытатын белгілер болып 

қалды.


С.Сейфуллин  поэзиясының  өзіндік  жай-күйі  ғылыми-

теориялық тұрғыдан кең көлемде зерттелуге тиіс. Біз пішін 

жаңалығынан  гөрі  мазмұн  жаңашылдығын  сөз  еттік.  Куз-

нецк мен Кузнецкстройды жырлаған В. Маяковский тəрізді 

С.Сейфуллин  де  еңбек  адамдары  туралы  шабытқа  толы 

шығармалар берді. Ақын шығармашылығының бұл қыры да 

кезінде жан-жақты қарастырылуы шарт. Айтылған мəселелер 

негізінен  В.Маяковский  ғана  емес,  А.Безыменский,  В.Лу-

говской, М.Светлов сияқты т.б. кеңес ақындарының шығар-

машылығымен  тығыз  бірлікте  тексерілгені  дұрыс.  Жаңа 

шындық суреттерін жасауда ақындар қолданатын образ, ме-

тафора, эпитеттерде ұқсастық мол. Сондай-ақ, олардың дара 

шығармашылық үлгісі де əр алуан.

Жазушының проза саласындағы əйгілі шығармасы, əрине 

«Тар  жол  тайғақ  кешу».  Жанрлық  болмысын  əр  зерттеуші 

əртүрлі  ұғындырып  келе  жатқан  «Тар  жол  тайғақ  кешу-

де»  бір  ғана  адам,  не  бір  ғана  жердің  тіршілігі  емес,  бүкіл 

қазақ  даласының  түкпір-түкпіріндегі  ояну,  ашыну,  таласу, 

бостандық ұранын жүзеге асыру мезеттері берілген. Соны-

мен  бірге  бүгінгі  көзқараспен  қарасақ  шығармада  таптық 

түсінік  тым  бірыңғай  мадақталып,  алашорда  қозғалысы 

қатты  сынға  алынғанын  да  айтпай  кетуге  болмайды.  Кітап 

бұл жағынан əсіреқызыл большевиктік бағытта жазылған.


345

Жалпы  алғанда,  С.Сейфуллин  əдебиеттің  барлық  жанр-

ларында – шағын əңгіме, очерктерден үлкен прозаға дейін, 

саяси,  азаматтық  лирикаларынан  көлемді  поэмаларына 

дейін, драмалық шығармаларында қазақ əдебиетін идеялық, 

көркемдік,  шеберлік  жағынан  дамытуға  баға  жетпес  үлес 

қосты.

Сəкен  Сейфуллиннің  прозалық  шығармаларындағы  не-



гізгі тақырыптар – Казақстанда кеңес өкіметін орнату, қазақ 

ауылындағы таптық күрес, жаңаның туып, социалистік өмір 

салтының қалыптасуы, қазақ əйелінің теңдікке қолы жетуі, 

ұлттық жұмысшы табының есею жолдары.

«Айша»  повесі 1922 жылы  жазылып. 1935 жылы  қайта 

өңделген. Повесте төңкеріске дейінгі қазақ ауылында қазақ 

қыздарының қалың малға сатылып, бас бостандығынан айы-

рылар ауыр тағдыры суреттеледі. С.Сейфуллин кейіпкері – 

осынау құрсау салт-санаға қарсы алғаш бой көтерушілердің 

бірі. Ол туған-туыс, ата-ана ұйғарымымен келіспей, қолдауды 

зауыттағы орыс-қазақ жұмысшыларынан іздейді. Бұл жаңа 

дəуірдің, болашақ азат тірліктің лебін сезіну, ескілікке деген 

қату наразылық көрінісі ретінде бейнеленген.

«Жемістер»  повесі (1935) Қазақстанда  кеңес  өкіметінің 

орнағанына 15 жыл  толуына  арналған.  Шығармада  қазақ 

еңбекші  қауымының  төңкерістен  кейінгі  күндері,  өткен 

қиындықтар мен жеткен жетістіктер пайымдалады. Бұрынғы 

өмір  мен  бүгінгі  уақыт  салыстырыла  баяндалатын  туынды 

да Нияз, Ғайни образдары арқылы замандас тұлғасына хас 

нұрлы қасиеттер шынайы мүсінделеді.

Жаңа заман оқиғалары туралы «Жер қазғандарда» (1928) 

қаламгер  тың  тақырып – темір  жол  салушы  жұмысшылар, 

шахтерлердің  зор  еңбегімен  қажырлы  өмірін  суреттеген. 

Бұзаубақ,  Халқан,  Хасер,  Əзімхан  сияқты  жұмысшылар 

Бұзаубақтың  əйелі  Гүлия,  ауылнай  Шəкір,  милиционер 

Қапан бейнелері 30-шы жылдардағы ел тірлігінен, ескі мен 

жаңаның  қақтығысынан  мол  хабар  береді.  Мұнда  да  əйел 

теңдігі  мəселелері  қозғалып,  соны  көркемдік  шешім  таба-

ды.


346

Жаңа адам тұлғасын жасаудағы С.Сейфуллин ізденісте-

рінің бір қыры «Бандыны қуған Хамит» əңгімесінен байқа-

лады. Жазушы кеңес партия қызметіндегі қазақ жігітінің тап 

жаулары  ұйымдастырып  жүрген  бандитизм  элементтеріне 

қарсы күресі ретінде дəлелденген озық адамгершілік, ерлік, 

қырағылық  сапаларын  кең  ашуды  көздейді.  Шығармада 

жер  аттары,  оқиға  өтетін  мезгіл,  мекен  дəл  аталады.  Тап 

дұшпандарының  айлалы,  зұлымдық  əрекеттері  нанымды 

сипатталған. Автор Хамиттің сырт келбеті мен жан дүние-

сінің бірлігін, көп уақыт бойына созылған моральдық, дене 

шынықтыру дайындықтарын көрсету арқылы қанды айқаста 

жеткен жеңісін аса тартымды баяндайды.

С.Сейфуллин мұрасы елу-алпыс жыл өткеннен кейін де 

баяғысындай жаңа, тың. Бүгінгі ұрпақ ақын поэзиясынан со-

нау құрылыс жылдарының қарқын, екпінін сезінеді.

Ұлы  ақынның  өршіл  тұлғасы,  жалпы  алғанда,  бəрімізге 

аян. Өзінің замандасы Сұлтанмахмұт «қараңғы қазақ көгіне 

өрмелеп  шығып,  күн  болам»  десе,  Сəкен  сол  күнді  біраз 

жақындатқан, білімгерлік, ағартушылық, оқу, өнер əлеміне 

қолына шам ұстап мұндалап, бүкіл жұртты рухани тазаруға, 

жақсаруға  шақырған  күрескер,  үміткер.  Өсіп-дамудың 

қиын-қыстау жайларын бастан кешірген Сəкенді түсінбеген, 

түсінгісі келмеген жандар да болды. Мұндай мінез-əрекеттер 

оны сан рет ашындырған да, күйіндірген де, Сəкенді рево-

люционер ақын ретінде зерттеген, монография жазған бел-

гілі  ғалым  Е.Ысмайылов  ақынның  кейбір  шығармаларын 

көріне  бұрмалаушылар  болғанын  айта  келіп,  сол  кездегі 

ҚазАПП  басшыларының  бірі  М.Қайыпназаровтың  мына 

пікірін келтіреді. «Соңғы кезде басылып шыққан Сəкеннің 

«Көкшетауы» салт-сана жағынан барып тұрған зиянды кітап. 

Ақсүйектер дəуірін жырлайды. Қажымұқаннан, Біржан əні-

нен үлгі ал дейді. Қазіргі Көкшетауда болып жатқан жаңа со-

циалды қатынасты айтпайды». Міне біз айтқан нағыз рево-

люционер, тапшыл деген ақынға берілген бағаның түрі. Əде-

биетті тізгінмен ұстап, нұсқаумен, бұйрықпен жасаймын де-

ген  орталықтан  тарап  жатқан  өктемдікке  Қайыпназаровтар 


347

дəл  келіп  тұр.  Бұл  жағдай  күні  кешеге  дейін  созылғанын 

жоғарыда айттық. Əлі де құлан-таза арылып біткен жоқпыз. 

Бірақ  арылу  керек.  Оны  түсініп  өткен  жолдың  қиыр-шиы-

рын  мойындасақ,  көңіл  біраз  жеңілденер  еді.  Əдебиетті 

бұйрықпен  жасаймыз  деп  жүргенде,  аямызды  тарылтып, 

бүкіл  дүниелік  ұғым-біліктен  қалғанымыз  шындық.  Бұл 

бүкіл  кеңес  əдебиетіне  тəн  жай.  Сəкен  Сейфуллин  сияқты 

алып  тұлғаларды  еске  алғанда,  мəдениет,  əдебиет  тарихы-

ның  осындай  əрқилы  мəселелері  ойландырмай  қоймайды. 

Бұл  өте-мөте  қажет.  Барымызды  бар,  жоғымызды  жоқ  де-

мей, өрескел қателіктерді мойынға алмай, ілгері дами алма-

сақ  керек.  Ең  қиыны,  əрине,  біз  бəрін  ұғып,  бəрін  түсініп 

біткен  жоқпыз.  Мұның  бəрі  əлі  алда.  Екшеу  барысында 

асықпағанымыз да жөн, сонымен бірге жайбарақат болу да 

кешірімсіз.

Ең бергісі Сəкен мен Мағжан тағдырын алайық. Бір ұядан 

ұшқан екеуі екі түрлі жолмен өсіп бекіп, танылса да, сол жол-

дары трагедиялық нүктеге келіп қиылыспай ма? Жұмсартып 

айтқанда, біреуі əдебиеттің оңы, екіншісі солы сияқты ұғы-

лып  келді.  Ал  екеуінің  де  жазықсыз  жазаланғанын  біле 

тұрып,  олардың  сонда  айырмашылығы  неде,  қайда  деген 

сұрақ қоя алмадық. Біреуі ақталып, екіншісі қара күйінде қа-

ла беруі жауап тілемейтін түсінікті жай деп ұғылды. Бұл ара-

да ресми пікірді айтып отырмыз. Əйтпесе Мағжан ақталуын 

тілеушілер  аз  болмағаны  белгілі.  Шындығында  тағдыры 

да,  шығармашылығы  да  бір  алтын  теңгенің  екі  жағындай 

бірін-бірі толықтыратын жандар емес пе. Əрине екеуінің де 

алып  талант  екенін  бұқара  халық  білді.  Бірақ  жетекшілер 

тек тап мүддесінен, тап саясаты тұрғысынан қарады. Сөйтіп 

жүргенде,  Қазақстанда  кеңес  өкіметін  орнатушы,  револю-

ционер Сəкеннің өзі мерт болды. Адалы мен арамы аралас, 

қарбалас  заманның  түсінуі  қиын  жұмбақтары  көп-ақ.  Қа-

зіргі  жұртшылық  осының  бəріне  хал-қадірінше  жауап  із-

деуде.

Əлеуметтік делік, халықтық, не ұлттық делік, не десекте 



Мағжан Жұмабайұлының мына өлең жолдары неден кем:

348

Қор болдың өнер қумай, қайран елім!

Күш кетіп талай жаннан көрдің керім,

Сұлық боп, жан шыққалы тұр таяулап,

Маңдайдан шып-шып шығып, өлім терің, –

дейді. Нағыз азамат ақын сөзі айтуға жарар. Сəкеннің траге-

диялық  тағдыры  жайында  енді  бірер  сөз.  Өскен,  мəдениет-

ті  ел  біледі,  жазба  адамының  туындыларымен  қатар,  оның 

өмірі,  қуанышты-ренішті  кездері  қатар-қатар  зерттеледі. 

Көлемі жағынан алсаңыз, екеуі кейде пара-пар, ал кейде ме-

муарлық  зерттеу  басымырақ  шығып,  көркем  шығармалары 

жайындағы  зерттеуден  гөрі  қызығырақ  оқылады.  Əңгіме, 

əрине, қызықтауда емес. Сөз – ақын өмірінің бай мазмұнында, 

мінез қалпында, кейде олай, кейде бұлай, бірақ əрдайым ішкі 

астары бар іс-қылығында. «Ақын өлер, бəріне де таңқалып» 

деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, ақын өмірінің де, өлімінің 

де бір алапат сыры болмай тұрмайды. Жатқа айта салғанның 

өзінде  Пушкин,  Лермонтов,  Есенин,  Маяковский,  Хамза 

Хаким-заде  Ниязи,  Егише  Чаренц  өлімдері  осы  күнге  дейін 

зерттеледі.  Соңғы  төртеуі  Сəкен  Сейфуллиннің  замандасы, 

осы дəуірде жасап, дүниеден кеткендер. Бұған қоса револю-

ционер  ақындар  Христо  Ботев  пен  Шандор  Петефиді  айтар 

едік. Жақында, 1989 жылы, Шандор Петефидің сүйегі Байқал 

маңындағы  Баруздин  селосынан  табылыпты.  Венгриядағы 

1848 жылғы төңкеріс кезінде оққа ұшқан деп айтылатын. Бұл 

сенсацияны совет-венгер антропологтары, оқымыстылары бо-

лып зерттеуде. Қалай болған күнде де, əрқилы қазаға ұшыраған 

бұлар жəне басқа сондай көп ақындардың тағдыры, айналып 

келгенде, сан қилы саяси, əлеуметтік дүлей күштердін салда-

рынан  екенін  ұғамыз.  Сондықтан  да  кейінгі  ұрпақ  олардың 

өмірін үңіле, қадағалай зерттейді.

Партиясы мен табына шүбəсіз сенген С.Сейфуллин 1937 

жылдың аласапыран кезінің өзінде «Алтын күз» деген өлең 

жазыпты, онда:



Шаттық пен күн көкке əуелеп əрбір тұстан,

Естіледі адам түгіл ұшқан құстан

349

Алтын күз өте-мөте биыл күйлі,

Биыл шат өте-мөте Советстан, –

дейді.


Сол  күзде  өзінің  «халық  жауы»  болып  ұсталғанын  еске 

алсақ, бұл өлеңді оқи отырып, ішің удай ашиды.

Əйтсе де осы өлең бекер жазылмаған. Əлгідей жолдарды 

айтпас бұрын, ақын табиғат көркіне сүйініп, оған сыйынып, 

көңіл күй жайын білдіргендей ишарат жасайды:

Алтын күн бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.

Ағашта жапырақтар сыбдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Жер мен көк сап-сары ала, алтын күзде,

Қызыл өрт жалқын жалын құба түзде.

Тоғайда жапырақтар сары алтындай

Төгіліп судырайды басқан ізде.

Көкірегі қақ айырылып, қара уайым, күдік басқан ақынның 

жападан-жалғыз тау баурайында көк орманды кезіп жүргені 

көз алдыңа келеді. Мына жайнаған дүние бұзыла ма, қирай 

ма дегендей.

Сол жылғы тамыздың 29 күні М.Қаратаевтың «Социалис-

тік Қазақстанда» басылған «Жазушылар одағындағы Авер-

бахшылдықтың  қалдығын  толық  жою  керек»  деген  жəне 

«Казахстанская  правданың» 16 қыркүйектегі  «Қазақстан 

Жазушылар одағындағы национал-фашистерді түп-тамыры-

мен  жояйық»  мақалаларында: «Сəкен  тауда  жатып  алып, 

Одаққа,  тіпті  партия  жиналысына  да  келмейді»  деген  кінə 

тағылыпты.  Онысы  шындыққа  жанасады...  Өйткені  шүбə, 

күдік басқан, айнала оқиғаға аң-таң ақын жиналысқа қалай 

келсін...

Қазір бізде соңғы ақталулардан кейін, қалай, қайда, қан-

дай жағдайда қаралы үкімге душар болғаны мəлімсіз есім-

дер көбейді. Олар əлі тексерілер, қарастырылар деп сенеміз. 



350

Ал  Сəкен  жайына  келсек,  бұл  сұрақ  мұнан 30 шақты  жыл 

бұрын, ақталысымен-ақ қойылған. Оған қоса «Монолог» поэ-

масында Əбділда Тəжібаев жазған шумақтар да əлі есімізде. 

Оған да міне ширек ғасыр болып қалды. Өлең жолдарындағы 

риторикалық  сұрақты  жабайы  түсінді  деп,  Əбекең  бізге 

кейімес, бірақ, қалай да, дəл айтылғандықтан, əркім-ақ оны 

қайталап, өз сұрағынша қойып жүр.

Сəкеннің аузымен былай делінеді:

Дүние қандай жарық еді,

Сəулетті еді заманым.

Арман қандай ашық еді...

Енді кімге обалым?

Кімге обалым айтсаңдаршы,

Қаным қайда төгілген?

Ат! Деген кім? Атқан қайсың?

Қабірім қайда көмілген?

Я, бұл ауыр сұрақ, керек десеңіз, үкім сұрақ. Əділетсіздік 

обалын кім көтереді, жауабын кім береді? Əр нəрсенің бір 

сұрауы болатыны рас болса, сол сұрау бүгін қойылып отыр, 

жауап керек.

Осы  поэмасында  Ə.Тəжібаев  əрі  қарай,  Сəкеннің  мына 

өлең жолдарын келтіреді:

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос санама.

Белгілі жай, орынды айтылып тұр.

1989 жылдың көктемінде қазақ КГБ-сының жазушылар-

мен  кездесуінде: «сонда  Сəкенді  ату  жазасына  кесуге  не, 

нендей нəрсе себеп болды?» деген сұраққа Комитет басшы-

лары ойланбастан: «Міне 1937 жылы 16-қыркүйекте шыққан 

«Казахстанская правда» газетіндегі мақала тақырыбы: «Вы-


351

корчевать национал-фашистскую мразь из союза писателей 

Казахстана», атуға осы материал жетіп жатыр, ішінде Сəкен 

бастан-аяқ қараланған» деп жауап берді. Мақаланың авторы 

көрсетілмеген. Ал, оның алдында 29-тамызда «Социалистік 

Қазақстанда»  бұл  мақаланың  қазақшасы  басылған-ды.  Ма-

қала  аты: «Жазушылар  одағындағы  Авербахшылдықтың 

қалдығын толық жою керек» деген. Авторы М. Қаратаев. Жала 

мақала. Осы мақалаларды оқып, іштей күйінген Сəкен Левон 

Исаевич  Мирзоянға  барады. «Орталық  партия  комитетінің 

екі бірдей органы қара күйе, жала жауып, қараспанды үйіп 

отыр, Левон Исаевич, бұл не қастандық?» дегенде, Л. Мир-

зоян: «өзім де қайранмын, іс ырықтан шығып барады», – деп 

дəрменсіздігін  мойындайды,  оған  салса,  Сəкенге  тағар  еш 

айып  жоғын  айтады. 1937 жылдың 25-қыркүйегінде  Сəкен 

ұсталады.  Байқасаңыз,  екі  мақала  да  мылтықтың  оғындай 

тиеді.  Əдейі  жазылғаны  анық.  Бірінші  мақала – 29 тамыз, 

екінші мақала – 16 қыркүйек, ал 24-қыркүйекте Сəкен үйінен 

əкетіледі. Осы анық жайды тұмандатып, 1988 жылы «Өркен» 

газетіне берген жауап хатына қаралық. Алдында сол газет-

те «Белі бүкір, алысқа түкір» деген мақала жарияланғанды. 

Онда  жоғарыда  айтылған  газеттегі  екі  қара  күйе  материал 

сынға  алынып,  ақсақал  бұл  қалай,  жаланың  төркіні  қайда, 

түбірі неде, райдан қайтар кез болды емес пе, дегендей уəж сөз 

айтылған. Жауап материалында Мұқамеджан Қожасбайұлы 

оған, яғни мақала авторы С. Ақатаевқа: маған жала жаптың 

деп  дүрсе  қоя  берді.  Сөйтіп  ақыр  соңында  кінəлі  Сəкенді 

өлімге байлаған, жала мақала жариялаған М. Қаратаев емес, 

оныңыз ұят емес пе, ақсақал, деген С. Ақатаев болып шыға 

келді. Ол кезде жұрттың бəрі сөйткен деп, «дəлелдеді». Со-

нан кейін С. Ақатаевта үн жоқ. Ал осының бəрін: баяғысын 

да, қазіргісін де көріп, біліп отырған мына жұрт не деуі ке-

рек? Онымен Мұқамеджан Қожасбайұлының ісі жоқ, санас-

пайды. Кезінде нақ бір дұрыс жұмыс бітірген адам сияқты.

Ар-ождан, намыс, сыпайгершілік дегендер халық туғыз-

ған қасиеттер ғой, бірақ сол халықтың кейбір өкілдерін де 

ол  қасиет  тапшы,  ал  қайсыбіреулерінде  мүлде  жоқ  болуы 


352

мүмкін. Көрер көзге ақты қара, қараны ақ деп тұрған адам 

қайсысына жатпақ?

Сорақысы сол «Өркендегі» мақала жайын Академия бір 

топ адамға тексерткен болды. Оған қатысқан біз: 1937 жылғы 

мақалалар  да, «Өркендегі»  С.  Ақатаев  мақаласы  да  факті, 

оны ешкім жоққа шығара алмайды, ал өз ожданын білдіру 

М.Қаратаевтың өз ісі, ары не дейді, айтсын дегенбіз. Өйткені 

бұл  комиссия  ісі  емес  қой,  тап  қазір,  керек  десеңіз,  адам 

сотының, заң сотының да ісі емес (егер туыстары ізденбесе), 

бұл ар сотының мəселесі. Бірақ кейін білдік, Мұқадмеджан 

Қожасбайұлының  жеткен  жері  «Өркендегі»  өрепкі  жауап 

болыпты. Катесін мойнына алмай, бет қаратпаумен ажарым-

ды сақтаймын деуге бола ма?

Я,  мынаны  ұққанымыз  дұрыс-ау:  біз  бұл  сөзді  өзіміз 

үшін, бұл қалай деген сауалға жауап іздеп айтып отырмыз. 

Мұқамеджан  Қожасбайұлына  естіртіп  айтып  отырмыз.  Сə-

кен Сейфуллиннің ол заманда əркімде-ақ өші кеткен. Қазір 

ешкім де оны өтеп бере алмайды, ешкім де орнын толтыра 

алмайды.  Бірақ  бүгін,  мына,  Одақ  үйінің  төрінде  отырған 

Сəкен атын лас, күйе, бəледен тазартып алуға шамамыз кел-

мей ме? Меніңше, 1937 жылғы екі мақаланы да қайта басты-

рып,  оған  тиісті  баға  беру  керек.  Сəкен  жинақтарында  да, 

ол  туралы  зерттеулерге  де  енгізу  жөн.  Жақында  «Өркен» 

газеті  Мұқамеджан  Қожасбайұлының  «Литературный  Ка-

захстанда»  сол  жылы-ақ  басылған  тағы  бір  мақаласынан 

үлкен үзінді келтірді. Онда ол Сəкенді «фашисткий наймит» 

деген. Сонда үш мақаланы аз уақыт ішінде жазып үлгергені 

ғой. Ата жауыңның да соңына бұлай түспессің.

Өзі де құқай көрді ғой дейтіндер бар. Бірақ ол жала мақа-

лалары үшін емес қой. Ұмытпалық: сол қиянат мақалалар-

дан  кейін  М.Қаратаев  Жазушылар  одағының  бірінші  бас-

тығы  болып  көтерілді.  Демек,  неге,  не  үшін  жазатынын 

білген. «Простор» журналының 1989 жылғы 10-шы санын-

да  Алексей  Дебольской  дегеннің  мақаласы  басылыпты. 

Онда: істі заңдату үшін «доносчик» керек болған, оның көр-

сеткені  негізгі  документ  болған,  ал  доносчиктерге  əртүрлі 


353

жақсылық уəде берілген: қызметке жоғарылату, пəтер беру 

т.б. Сондықтан олар бар жанын салған, – дейді. Бұл жерде 

«біреуге ор қазба» деген сөздердің өте əлсіз екені байқалып 

тұр, сыпайы сөздер. Сəкенге құрылған қақпан құтқармайтын 

қақпан еді. Өз басын арашалап қалу үшін, біреуді оққа бай-

лау, қай халық ожданында болса да, жақсы аталмаса керек. 

Бұған  тарихтан,  я  əдебиеттен  мысалдар  келтіріп  жатудың 

қажеті жоқ – белгілі, танымал нəрсе.

Басқалар да жазды деген де, тағы бір айырып айтар жай 

бар.  Ол  кезде  ірілі-уақты  сын  мақалалар  көп  болған;  онда 

шығарманың əлсіз-əлсіз жақтары баса айтылып, автор қатты 

сынға алынатын. Ал адамның өз басын жау, дұшпан ретінде 

баяндап,  сілейтіп  салу – ол 37-ші  жыл  жағдайында  өлім 

жазасына  кесумен  тең  еді.  Жоғары  да  айттық:  қазақ  КГБ-

сының басшылары бұл мақалаларға дұрыс мінездеме берді. 

Ал екі мақаланың төркіні бір екенін С. Ақатаев дəлелдеді. 

Бізді қайран қалдыратыны автордың өкінбеуі, соным дұрыс 

деп  қаймықпауы.  Асылында,  адам  арасында  ар  мəселесі 

арнайы сөз бола бермейді, өйткені ол бар жерде, жұрт ты-

ныш,  жайбарақат,  бəрі  орнында.  Ал  жоқ  болса,  дереу  өре 

түрегелеміз,  шошынамыз.  Бұл  бір  дəрменсіз  не  деріңді 

білмейтін, күйзеліс жай. Александр Солженицын «Архипе-

лаг  «ГУЛАГ»  романында  «Жалақорлардың  беті  қызармай-

ды,  қараяды,  өйткені  бойындағы  қара  қаны  бетіне  тебеді», 

депті. Меніңше дұрыс айтылған.

Соңғы кезде ашылып жатқан ащы шындықтар ашындыр-

май қоймайды. Сөйтсе де адам қасиетінің биік көрінісі, ар-

намыс өшпейтініне көзің жетіп тұшынасың. Б. Астров деген 

қазір 90-ға  келген  «Правданың»  бұрынғы  басшыларының 

бірі Сталиннің көзінше болған тергеуде, ұсталған Н. Буха-

рин жайында: ол астыртын ұйымға қатысуы мүмкін бе де-

ген  сұраққа,  мүмкін  деп  жауап  бергеніне  осы  күнге  дейін 

өкінетінін  айтады,  кейінгі  ұрпақ  жаңсақ  түсінбесін  деп, 

кешірім сұрайды. КСРО Халық суретшісі Б. Ефимов Н. Бу-

харин  туралы  бір  ғана  рет  карикатура  салғанына  ренжиді, 

өкінеді.  Соған  қарамастан  қазір  бүкіл  дүние  жүзіне  аты 


354

мəлім  болған  карикатурашы  Михаил  Златковский:  Бо-

рис  Ефимовты  барлық  атағынан  жұрдай  ету  керек  деп, 

карикатурашылардың  бүкілодақтық  ассоциациясында  рес-

ми мəселе қойып отыр. М. Шолохов 1937 жылы қара бұлт 

төніп тұрған кезде, Сталинге барып, Вешенск аудандық пар-

тия комитетінің хатшыларын түгелдей атылар жерінен аман 

алып қалады. Ал Г. Серебрякова, Сəкеннің досы, үстін-үстін 

тергеуден,  азап  пен  қорлаудан  дəрмені  бітіп,  қажыған  бір 

күні шешесіне жүгінеді. Ежов пен Ягода: Серебряковты, Со-

кольниковты  қарала,  куəлік  бер,  сонда  босатамыз,  əйтпесе 

атамыз дейді, не істемекпін, арым қалай барады оған деген 

де, шешесі тұрып, өлімнің бəрі бірдей емес, оның да жақсы, 

жаманы болады, арыңды сатып арамза болып өлгенше, адал 

өл,  таза  өл, – депті.  Г.  Серебрякова  сол  көнбеген  күйінде 

18  жылын  адақтап  шыққан.  Ғ.  Мүсіреповтың  сол  заманғы 

тергеулерде: «Бейімбет жау болса, мен де жаумын» дегенін 

бəріміз де білеміз. Қандай тазалық. Я, мұндай адамгершілік, 

ар-намыстан өсесің, биіктеп қаласың.

Сəкен Сейфуллиннің шаңқан шағы мен қара бұлт басқан, 

қара күндерін ойға келтіріп байқасақ, əдебиетпен қатар, кешегі 

азаматтық тарихымыздың сан қилы күйлері, бұрма жолдары 

көз  алдыңа  келеді.  Өйткені  Сəкен  сол  өмір-тұрмыспен  біте 

қайнасқан.

Əлемдік  дамудың  ұлы  бетбұрыс  шағында  өтіп  жатқан 

тарихи  істермен  байланысы  аз,  соқа  бастың  қамынан  аса 

алмаған адамнан жаңа ой күту қиын. Нағыз революциялық 

дəуір  перзенті  болған  Сəкен  Сейфуллин  қазақ  ауылына 

дүбірлі заманның төңкерісшіл идеяларын алғаш таратушы-

лар  тобынан  табылды.  Не  егіншілік  мəдениетінен,  не  ірі 

өнеркəсіп  құрылыстарынан  кенеулі  қор  жасай  алмаған, 

қаймағы бұзылмаған көне феодалдық салт-сана құшағындағы 

ұлан-байтақ  қазақ  даласы  төңкерісшіл  идеялар  жедел  өріс 

алып  кете  қоятындай  қолайлы  орта  емес  еді.  Алайда,  Ок-

тябрь дабылы ұйқыдағы даланы дүр сілкіндірді де, елді ұлы 

күреске  бастады.  Сол  күрестің  жыршысы  да,  жаршысы  да 

Сəкен Сейфуллин болды. Ол еңбекші халыққа қызмет етіп 

отырмын деп ойлады.



Сəкен Сейфуллиннің алып бейнесі қоғам дамуының əр-

қилы  жұмбақтарымен,  сан  қилы  оқиғаларымен  қоса  айты-

лып,  əр  жағынан  талданып,  өне  бойы  өнеге  тұтуды  тілеп 

тұратын  бейне.  Ақын  жайында  ылғи  шуақ  сөздерді  тізілте 

бермей, ойлану, толғану болғаны да дұрыс, оның тағдырына 

назар  аудару  жөн.  Шешілмеген,  атқарылмаған  міндеттерді 

қарастыру  қажет.  Ұсыныс,  ой,  пікірлер  туындап  жатса 

жақсы-ақ. «Үлкеннің  көлеңкесі  де  үлкен»  дегендей,  халық 

қадірлі ұлдарын есте сақтағанда, оған қоса көп үміт, арма-

нын, тілегін де білдірмек. Кешегі шуағы мен ызғары қатар 

жүрген заманда Сəкен Сейфуллин соның бел ортасында еді, 

қызығынан  гөрі  азабын  көбірек  тартқан  ел  мен  жұртының 

мұңшысы, тілеуқоры болды. Адамның іштей арылуын, таза-

руын грекше «катарсис» дейді екен. Сəкен Сейфуллин есімі, 

тұлғасы, өлеңі, əні, ісі бізді сол катарсиске жетелейді, іштей 

арылуға, тазаруға, тазалануға бастайды. Бұл – қасиетті бас-

тау.

1989 жыл. Монография.

Көрікті ойдан – көркем сөз.

Зерттеулер мен мақалалар.

104 – 129-беттер. Алматы.

«Рауан» 1994 жыл.


356

Серік ҚИРАБАЕВ



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал