Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет2/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ІІІ

Ағалы-інілі Сəкен екеуміздің арамызда тату-тəтті, сыйлы 

да  тəлімді  талай-талай  кездер  өтті.  Інілері  ол  кісіні  əкедей 

құрмет  тұтты,  ойындағысын  қабағынан  түсініп,  тіршілікте 

соның дегенін қалт еткізген кезіміз болған жоқ. Əрқашан оған 

көмекші, қосшы болуға тырыстық, оның қоғамдық өмірдегі, 

творчество майданындағы ізгі істеріне жəрдемдесіп тұрдық. 

Əсіресе мені Сəкен əрқашан көмекшілікке алатын. Осының 

бір мысалы ретінде, мен енді Сəкенмен бірге өткізген 1930 

жылдың күзіндегі бір сапарым жайында əңгіме айтсам дей-

мін.

Сол жылдың жазында ол Қазақстан өлкелік партия коми-



тетінің тапсырмасымен Шет ауданында болды, жолындағы 

Қоянды жəрмеңкесі маңында бір жеті аялдаған. Содан кейін, 



17

қазіргі  Жаңаарқа  ауданындағы  «Айша»  деген  хикаясында 

толық сипатын тапқан Есен деген өзеннің бойында отырған 

10 – 15 үйлі  өз  ауылына  келіп, 15 күндей  дем  алды.  Бірақ 

ол қандай «дем алыс» еді десеңізші! Сол күндердің бəрінде 

ол  өзен  жағасына  келіп,  жаңа  отырықшылана  бастаған  ке-

дей  ағайындардың  үйлерін  салысты,  өз  қолымен  балшық 

құйысты,  кірпіш  қаласты,  қара  жұмыстың  қандайын  болса 

да бəрімізбен бірге жадырап, жарқылдай жүріп істеді. Ауыл 

адамдары  жабылып  кетіп,  күніне  бір  үйдің  қабырғасын 

тұрғызамыз.  Сəкеннің  жақсы  көретін  адамдары  етікші  Ах-

метбектің, қарт Сатайдың жəне басқалардың үйі бірінен соң 

бірі ірге көтерді. Тамағымыз қымыз бен айран, ортамызда – 

Сəкен. Дамыл кезі əңгіме-дүкен болып өтеді. Сəкен біздерге 

жаңалық өмірдің, жаңа еңбектің мəн-мағынасын айтады. Ол 

бір мен үшін естен кетпес дəурен еді.

Еңбектің, əрекеттің, күрестің, шыдамдылықтың адамы еді 

Сəкен. Қолына алған іске құныға берілетін, асқа да, шөлге де 

тағаты бəрімізден күшті. Көлемі қанша шағын болғанымен 

жаңалық  атаулының  бəрін  қуаныш  санайтын.  Жұрттың 

ұйымдасып, отырықшылана бастауы да, кооператив таратқан 

көк соқа да, сүт тартатын сепаратор машинасын да бəр-бəрін 

келешегі  үлкен,  өрісті  істің  қайнар  көзі  деп  білетін.  Оның 

«Сепаратор» деген өлеңі өзінің туған ауылында болған осы-

нау сапарының əсерімен жазылған еді.

Отызыншы жыл болғанымен, Сəкен мінемін десе машина 

да,  самолет  те  табылады.  Бірақ  Алматыға  атпен  қайтқысы 

келді. Жер көремін, ел көремін, Бетпақдаланың, Балқаштың 

үстін басып, Алатауға дейін табиғат аралап барамын деген 

ойы болды. Тегінде атпен жол жүру, далада түнеу, даланың 

жаздағы ыстығын, самалын, жаңбырын, күздегі бозқырауы 

мен қысқы боранын, қарын өз басынан кешіру Сəкен үшін 

қызық  бір  өмір  еді.  Менің  мектебімнің  бір  үлкені  қырдың 

табиғаты ғой деп отыратын ол.

Сəкеннің  табиғат  көркін,  адамдардың  қарым-қатынас, 

мінез, сөзін, тіршілік көрінісін қалай тамашалайтынын мен 

осы Арқа мен Алатау арасындағы ұзақ жолда да əбден көріп 


18

білдім.  Қазанның  төртінде  Есен  өзені  бойындағы  ауылдан 

Алатауға бет алдық.

Сəкеннің мінгені қамыс құлақ, оқтаудай жұмыр «аяңы ты-

мақты  алшы  кигізген»  теңбіл  қаракөк,  үстінде  қынама  бел 

қалың  шапан,  басында  түлкі  тымақ,  аяғында  саптама  етік, 

сырты қырша, іші қалаша киінген. Менің астымда жирен бие, 

жетегімде азық-түлігімізді артқан шудалы қара бура бар.

Ауылдан шыққанда, менің жолдан адаспаймыз ба деген 

сұрағыма, Сəкен: «Сұрай-сұрай Мекені де тапқан» деп жа-

уап қайтарған... Онысы рас та болды: бір елді қонысқа келсек, 

екінші елді қонысқа, ауылдан ауыл қандай жолмен баруды 

сұрап білеміз. Жол қай жерге дейін барады, айырық жолдың 

қайсысына түсу керек, қай тұста құдық, бастау, бұлақ бар, 

осының бəрін кездескен адамнан сұрап, біліп, жазып алып 

отырамыз. Жолымызда кездесетін «Айдарлы», «Шеңгелді» 

деген құдықтар да, «Күйлі», «Қашқан теңіз», «Ит ішпестің 

ала көлі» деген көл-өзендер де, Балқаш жағалауындағы Бу-

рылбайтал  балық  заводы  да  сол  бір  қалыптарымен  көз  ал-

дымда тұрады.

Əуелі жолдағы Успенскі кенінде аялдап, Сəкен жұмысшы-

лардың тұрмысымен танысты, олармен небір қызық əңгіме-

лер өткізді. Əңгіме өзегі Совет үкіметінің саясаты, жұмысшы 

табының  сол  кездегі  рөлі  туралы  болды.  Бірақ  небір  сая-

си  тақырыптағы  сөздің  өзі  дастанға  бергісіз  тартымды  бо-

лып өтеді. Ақын Сəкен бұл сапарында шынайы үгітші еді. 

Ылғи  ғана  солтүстікке  бұрылып  тұратын  компастың  тілі 

сияқты,  Сəкеннің  бүйірі  де  жұмысшылар  қауымына  қарай 

үнемі  бұрылып  тұратын.  Бұл  мінезін  ол  Бурылбайталдағы 

балықшылармен  өткізген  əңгімелерінде  де  анық  аңғартты. 

Тұрмысы, жұмыс жайы əлі жолға қойыла қоймаған балықшы 

қауыммен бірер күн ішінде бауырласып кетті. Балықты əзір-

леп, тұздаудағы олардың жіберіп отырған кемшіліктерін де 

беттеріне айтты.

Біздің  жолымыз  суыт  сапар  болған  жоқ.  Суыт  кеткенде 

Алматыға 12 – 13 күн  шамасында  жетуге  болар  еді.  Олай 

емес, бұл өзі Сəкеннің Арқадан Алатауға дейін жасаған үгіт 


19

шеруі,  ел  өмірін  зерттеуі,  туған  өлкенің  табиғатын  көруі 

еді.  Бір  елді  қоныста 2 – 3 күндеп  қалатын  да  кездер  бол-

ды. Сəкенді сүйген жұрт қонбасына да қоймайды. Есеннен 

30 – 35 шақырым  жердегі  Успенскіде  жұмысшы,  Тарақты 

руының қазағы Сыздық Дəулетбаевтың үйінде екі қондық, 

Шұбыртпалы  еліндегі  баяғы  Ағыбай  батырдың  ауылында 

Босаға деген жерде ұзақ аялдадық.

Күндіз  көріп,  білген  əсерлерінің  екшелген  көріністерін 

кешкілікте  Сəкен  не  үйде,  не  далада,  өзге  жұрттан  оңаша 

отырып, өзімен-өзі болып, дəптеріне жазып қоятын еді. Ал-

матыға  дейін  қалың  бір  дəптер  Сəкеннің  ұсақ  əріптермен, 

қарындашпен жазған сөздеріне толды. Осындай əрбір əсер, 

көріністің алғашқы нұсқасы түскен дəптерлер К.Маркс көше-

сіндегі  Сəкен  үйінде  тұрушы  еді.  Сəкеннің  қыр  киімдері: 

шапаны,  тымағы,  саптама  етігі,  жанындай  жақсы  көретін 

домбырасы да кабинетінде дайын тұратын. Соның бəрі кейін 

жоқ болды.

Ауылдан шыққанда ағалы-інілі екеу ғана едік. Жолда Сəкен 

тобы көбейе берді. Ілескен адамдар екінші ауылға дейін, тіпті 

бір-екі көштік жерге дейін Сəкенді шығарып сап, кейін оралып 

отырады.  Алматыға  дейін  ілескендер  де  табылып,  жолаушы 

саны  келе-келе  сегіз  адам  болдық.  Бізге  қосылған  алтаудың 

бірі Жақия Рахымбеков еді. Астанаға жеткеннен кейін Сəкен 

оны «Комвузға» оқуға түсірді. Қазір ол астана маңындағы бір 

колхоздың председателі. Үй жолдас сол жолаушылардың ішін-

де  есімде  көбірек  сақталғандары  Серік  Өдешев,  Ақытай 

Сəкенов, Баспақ Жүсіпбеков. Əсіресе осы Жүсіпбеков əңгімеле-

рін жол-жөнекей Сəкен ықыластана тыңдайды. Бұл ел аузын-

дағы хикаяларды, ертегі, əзіл, сықақ сөздерді көп білетін, білге-

нін келістіріп айта алатын ойнақы тілді, ойлы адам еді.

* * *


Жүріп келеміз. Көбіне аяң, ара-тұра бұлаң құйрық, бүлкек 

араласады. Бірақ бұлаң құйрық та, бүлкен желіс те, ұзақ жол 



20

да серік емес, оған адам да, ат та шыдамайды. Ұзақ сапардың 

жүрісі де ұзақ, біркелкі, мимырт аяң. Бүгінгі бетіміз, қонар 

бағдарымыз Қызылшоқы болмақ. Онда Бақыр деген кісі бар. 

Сəкен де, бəріміз де ол кісіні Бəкең дейміз.

Қарагерді сылай қамшылап, кейде аяңға, кейде жорғасына 

басып келе жатқан Тəлікке қарап Сəкен:

– Сен аяңмен отыр, Тəлік! – деп күлді, – жорғалата бер-

ме, онда бізден қара үзіп кетесің, «жорға мінген жолдастан 

айырылады»  деген  қазақ.  Аяңмен  отырып-ақ  кешке  қарай 

Қызылшоқыны маңайлап қалармыз.

– Қайда қонамыз сонда, – дедім мен де сөз араластырып.

– Қайда қонушы едік, Бақырдың өз үйіне, əрине, – деді.

Бəріміз де осыны мақұлдадық.

Күн батуға айналғанда Қызылшоқының басы да көрінді. 

Біз суыт жүріспен жағалап келіп ауылдың шетіне де іліндік. 

Ауыл  шетінде  суға  бара  жатқан  бір  əйел  кездесті.  Мен 

Бақырдың үйін сұрадым. Əйел бес үйден кейінгі бір үлкен 

қоңыр үйді Бақырдікі деп нұсқады. Жолдағы үйлерді айна-

лып  өтіп  Бақыр  ағаның  үйіне  аттың  басын  тіредік.  Үйден 

бір  бала  жүгіріп  шығып,  бізді  көріп  үйге  қайта  еніп  кетті. 

Кешікпей Бəкеңнің өзі шығып, Сəкенді құшақтап көп қысып 

тұрды. Қарасам, Бəкеңнің көзінен жас тамып тұр екен.

Сəкен: – Бəке, неге босайсың, аман-есен көріскен қуаныш 

емес пе деп Бəкеңді жұбатты.

Бақыр туыс болғанмен қоныс шалғай болып сирек кездес-

кендіктен де босап тұр. Бақыр аға Сəкенге қарап, Сəкенжан, 

осы  жерде  кідіре  тұрайық,  жеңгең  төрге  көрпе  жайсын, – 

деді.

Тəлік үшеуміздің де атымызды ашаға байлап, кейін ше-



гініп тұрдық.

Ауыл күздің амалына толық қамданғандай. Бала да, үлкен 

де қыс киімін сайлап киінген. Ауыл айналасында жайылған 

төрт  түлік  мал  да  ашқарақ,  жер  бетінің  шөбін  қалдырмай 

жеп қалғылары келетіндей бастарын жерден алмай жалмап 

жұлып барады. Сəкен мендегі дүрбіні алып жан-жаққа қарап, 

айналаны шолып бола бергенде Бəкең:


21

–  Қарағым  Сəкен,  үйге  еніңдер, – деді  де,  өзі  алдымен 

есікке келіп, киіз үйдің есігін ашып бізді үйге кіргізді. Ауыл-

дың  амандығын  сұрап  болғаннан  кейін,  Бəкең  Сəкенге  қа-

рап, – сені Қоянды жəрмеңкесінде көрдік деп ауыл жəрмең-

кешілдері айтып келіп еді, Алматыдан шыққаныңа көп бол-

ды ма, Сəкенжан, – деді.

Сəкен Алматыдан Қазақстан өлкелік партия комитетінің 

Шет  ауданына  жібергенін,  онда  тапсырманы  орындаған 

соң, Қоянды жəрмеңкесін көргенін, одан елге соғып, ауыл-

да  болғанын  содан  енді  Алматыға  атпен  сапарлап  бара 

жатқанын айтты. Бəкең:

–  Сəкен  қарағым-ау,  сонау  Алматыға  осы  атпен  барам 

дейсің бе? Алматың сондай жақын ба? – деп таңданғандай 

болды. Сəкен Бəкеңе қарап күлді де, атқа жер алыс болмай-

ды  ғой.  Мен  Бетпақдаланы  Балқаштың  көлін  жағалап  сол 

жолдағы елді, жерді, суды көргім келді. Поезбен жүрсең көп 

ештеңе көре алмайсың. Сондықтан осы ойымды орындайын 

деп, атпен шыққан сапарым осы деді.

– Тəлік пен Мəжит те бара ма? – деді Бəкең. Сəкен өз ше-

шімін айтты:

– Тəлік осы арадан кейін қайтады, Мəжит менімен; бірге 

барады.

Мен  ішімнен  қуанып  отырдым.  Ұзақ  жолдың  бейнетіне 



қарамастан, Сəкенмен бірге сапар жасау мен үшін бір дəурен 

еді.


Ұзамай осы үйге ауыл адамдары да жиналып келіп, бəрі 

де Сəкенмен бірі құшақтап, бірі қол ұстасып амандасып оты-

рысты.

Амандық сұрасып болған соң Бəкең Сəкенге қарап, сапа-



рың оң болсын, осында Жақия деген інің бар, шешесі өз ше-

шеңмен бір елдің қызы. Соны ілестіріп ала кет, оқуға ынта-

лы бала, шаруа жағдайлары онша емес, – деді.

– Бəке, айтқаныңыз орындалады, Жақия бірге жүрсін, өзі 

қайда, осында келсін, – деп Сəкен Өдешке қарады.

Ақмадия, Өдеш тағы басқа отырғандар да Сəкеннің сөзіне 

риза болғандай бастарын изеп қойды. Ақмадия Сəкенге қа-


22

рап  «ауылдың  қазір  берекелі  бір  кезі,  асықпа,  біраз  жатып 

кет», – деп көп атынан тілек білдірді.

Сол ауылда 4 – 5 күн болып, Бəкең тапсырған Жақияны 

қасымызға  ертіп,  Алматыға  беттедік.  Сəкен  сол  Жақияны 

оқытып, кейін өз үйінде үйлендірді.

Қазір  Жақияның  Алматы  маңындағы  озық  колхоздың 

председателі  екенін  мен  жоғарыда  айттым.  Бұл  күнде  ол 

да енді бала өргізіп, немере сүйіп отырған қарттардың бірі 

болды. Ол өз өміріне риза, 21 жыл бойына үзбестен колхоз 

жетекшісі болып келеді, еңбегі абыройлы.

–  Менің  тағдырымды  жарқын  жолға  бастаған  əу  баста 

Сəкен аға ғой, – деп отырады Жақия.

Жақияны Сəкен əуелі кəсіподақ мектебінде оқытты. Оны 

бітірген  соң  ол  Алматының  облыстық  атқару  комитетінде 

Ораз  Жандосовтың  қарауында  қызмет  істеді.  Одан  кейін 

«Комвузға» түсіп оны бітірген соң агроном болған. Кейін кол-

хоз басшылығына жоғарылаған. Жақияның өмірі – Сəкеннің 

жастарға деп жасаған қамқорлығының көп мысалының бірі 

ғана.


Сонымен біздер Қызылшоқыдан аттанып, Алматыға бет 

ұстап тағы да сапарға шықтық. Енді Тəліктің орнына қасы-

мызда жас Жақия.

Бұл  кездегі  жол  онда  жоқ.  Біздің  алған  бағытымызда 

көптен-көп меже етеріміз Ақмола мен Піспек (Фрунзе) ара-

сындағы қырғыздың көпесі Қали дегеннің салған жолы еді. 

«Қали салған қасқа жол» дейміз біз оны. Ол адастырмайды, 

Фрунзеге тура тартады.

Қоналқаға түскен жерімізде күн ұзаққа ат соқты болған 

Сəкен аз уақыт дем алады, шай-пүй ішкен соң жұртпен əңгі-

меге беріледі, содан кейін ұмытып қаламын ба деген жайлар-

ды дəптеріне түсіруге кіріседі. Біздер жазуға кіріскен Сəкенді 

оңаша қалдыруға, ойын бөлмеуге тырысамыз. Жазу үстінде 

өте байсалды, жадыраңқы отырады, өзгедей əрекеттің бəрін 

тоқтатып, өз ойымен ғана болады.

Сəкен өзін өзгеден бөліп ұстамайтын, далаға қонып, ерте-

мен аттанғанымызда атын өзі ерттеп мінеді, тек елді қоныс-

та қонғанда ғана амал жоқ (Сəкеннің атын қошеметпен ерт-



23

теп жатқан адамдардың қолын қағуға болмайды ғой). Ерек-

ше жағдай да тілемейді, жолдастары не ішіп-жесе, мұның да 

ауқаты сол.

Сəкен сол тұста көмірдей қара шашын тымақ ішіне сый-

ымды етіп, қысқа ғана өсірген, шет-шетін ұстарамен іріккен 

қою қара мұрты бар, жаудыр қара көзді, қасы мен қабағы, 

маңдайы  сұлу  да  сүйкімді  райымен  адамды  өзіне  тартып 

тұратын,  адамға  ойлы  көздерін  төңкеріп  тура  қарайтын  ер 

тұлғалы жігіт еді. Бəріміз аға санап, аға емес-ау, əке санап, 

сыйлап, ұйып тұратын едік. Сол сапарда Сəкен бірде қыр-

дың астау жон, аласа төбесінің басында жазу жазып отыр-

ды.  Жігіттер  ойпатта  от  жағып  кешкілік  ас  əзірлеп  жүр. 

Жүсіпбеков  екеуміз  көліктерді  отқа  жіберу  қамында  едік. 

Күздің қызыл күні осы маңға, ойпаттағы шоқ-шоқ тоғайға, 

қоңыр  қырқаларға,  ойдағы  бізге,  төбедегі  Сəкенге  қызыл 

арай нұрын еркін төгіп, ұясына еңкейіп бара жатқан кез.

– Біздің осы Сəкен де табиғаттың берген нұрлы перзенті 

ғой. Көрмейсің бе, табиғат сəулесінің құшағында, анасының 

аймалауында отырғандай бал-бұл жайнауын, – деген сондағы 

Жүсіпбеков сөзі əлі құлағымда.

Сəкен  жылқыны,  соның  ішінде  өзінің  астындағы  атын 

азаматқа серік санап, жанындай жақсы көретін. Балқаш бо-

йындағы Мыңарал деген жерде қамыстан басқа өсімдік жоқ. 

Қырдың көк шалғыны мен жоңышқасына, қияғы мен тарла-

уытына, көдесі мен бетегесіне үйренген біздің аттарымызға 

Мыңарал маңында қиын болды. Қамыстың үлпілдек собы-

ғын талшық етті. Бірақ бұдан көліктеріміздің іші бұзылды. 

Жері де құмайт, тастақ болғандықтан аттарымыз тосырқап, 

жол бойы тағалатып алуымызға тура келді. Осындай бір кез-

де Сəкеннің теңбіл көкке ер салып жатып, онымен кəдімгідей 

«тілдесіп» тұрғанын байқадым.

– Гауһар көзіңді жарқырат, қабағың түспесін, – дейді ол 

атының маңдайын сипап, алақанымен көзін сүртіп, – Алматыға 

да жетеміз, сұлыға қоямын сені. Əзір сыр білдірме!

Сөйтіп,  төртінші  қазанда  Есен  өзенінің  жағасынан  ат-

танған біз 4 қарашада Қаскелең жақтан Алматы көшесіне де 

келіп кірдік.



24

Енді ойласам, Сəкенмен өткізген сол бір сапар тым қызық 

та сағынышты екен. Ол поэзия сапары, ақындық ізденіс, елді, 

жерді көзбен көріп, сезіну сапары еді. Сəкеннің бұл шеруінің 

бүгінгі жазушы ұрпаққа айтары да мағыналы: туған еліңді, 

табиғатты сүйе біл, аралап көре біл, бай қазына халық орта-

сында,– дейді ол.

ІV

Ол жылдары Сəкен жанұясы Алматыда К. Маркс көшесін-

дегі 81 үйде, екі ғана бөлмеде тұрды. Пеш отпен жылына-

ды,  үйге  кешкісін  ондық  керосин  шамы  жағылады.  Пешке 

от  жағу,  үй  ішінің  ондық-мұндық  шаруасын  істеп  тастау 

Сəкеннің əдеті еді. Қысқы кештерде ала көлеңке үйде, маз-

дап жанып жатқан пештің алдында тізесін қыздыра отырып 

қасындағылармен əңгімелесу Сəкен үшін қызықты бір шақ 

болатын. Тіпті пеш алдында көңілінің шарты келіп, домбы-

расына қол созып «Сары жайлау», «Қосбасар» сияқты небір 

сазды  күйлерді  де  шертіп  отыратын.  Сол, 1931 жылдың 

қысында,  Сəкен  үйінде,  бізбен  бірге  өзіміздің  ауылдың 

адамы  Өдеш  Биқанов  тұрды.  Ол  палуан  денелі,  қайратты 

жігіт  еді.  Аз  сөйлейді,  көп  тыңдайды.  Ал  көңілінің  шарты 

келіп, сөйлей қалса, əңгімені қиыстырып, шешіліп кететін ер 

келбетті, ақын жанды адам еді. Сəкен осы адамды өте сый-

лап, оның сөзін зер сала тыңдап отыратын еді. Биқанов екі 

айтып, бір айтып, біздерге оқудағы Серік деген баласын тап-

сырады, соған бас-көз, ақылшы болыңдар дейді. Биқановтың 

бұл аманатын Сəкен де орындады, Серіктің оқу бітіріп сана-

лы азамат болуына көмектесті.

Сəкеннің жазу кабинеті де, дем алып, ұйықтайтын орны да 

бір бөлме. Ол кезде ауыл шаруашылық институтында оқуда 

жүрген мен де Сəкенмен бірге бір бөлмеде жатамын. Кешкі 

астан соң, дастарқан басындағы əңгіме-дүкен тоқтаған кез-

де, сағат түнгі ондардан бастап Сəкен жазу үстеліне отыра-

ды.  Анда-санда,  оянып  кеткенде  көз  қырымды  тастаймын, 


25

жазуға кіріскен Сəкен бас алмай, мойын бұрмай, өз ойымен 

өзі,  қаламымен  ғана  сырласып,  сағат  таң  алдындағы  үшке, 

не  тіпті  төртке  дейін  жұмыс  үстінде  болады.  Ол  жылдары 

«Қызыл ат» поэмасын жазып жүрген кезі. Сол тұста «Қызыл 

сұңқарлар»  пьесасын  да  қайта  өңдеген  еді.  Таңертең  мен 

тұрғанда  оның  ұйықтап  жатқанын  көремін.  Кейінірек  ағам 

Мəліктің қызы Күлзағипа да Сəкеннің қолында тұрып, Ал-

матыда  оқу  оқыды. (Қазір  ол  Қарағандыда  тұрады.)  Ол  үй 

ішінде  тақ-тұқ  басып,  қатты  жүреді.  Мұнысымен  кейде  ол 

Сəкенді ойынан бөледі. Сəкен оған ренжіп те қалатын:

– Сен жерді ойып кеткендей, сарт-сұрт басасың. Мынау 

Мəжит қыстай менімен бірге тұрып келе жатыр, бір рет сы-

тырын естіртпейді, – дейтін. Бəрі де үйдің тарлығынан еді. 

Одан  кейін  тұрған  Красин 22-дегі  пəтеріміз  де  оңған  жоқ, 

екі бөлмеден аспады. Сəкен жанұясын өзінің 1937 жылдың 

қыркүйегіне дейін тұрған, соңғы пəтері К. Маркс кешесіндегі 

97 үйге көшкенде, біз сол Красиндегі үйде қалып қойдық. Біз 

дегенде, бұл кезде əке-шешеміз де көшіп келіп, бірге тұрған 

болатын. Анам Жамал 63 жасында, 1933 жылдың шығысын-

да, 1934 жылдың кірісінде, қыс ішінде қайтыс болды.

Өмірімде Сəкенді талай қайғылы, қатал шақтарда көріп 

жүріп, тіпті сонау бір Колчак қылышының астында, өлім ау-

зында көргенімде де көзіне жас алғанын, көңілі босағанын 

көрген  жан  емес  едім.  Анасының  қазасы  үстінде  Сəкеннің 

ұялы қара көздерінен моншақ-моншақ жас парлап, ұзақ жы-

лағанын көрдім.

* * *


Анаға  деген  аяулы  көзқарас,  өз  анасын  артықша  қадір 

тұту Сəкеннің азаматтық тұлғасын аша түсетін жарқын бір 

жағы екенін де осы тұста айта кеткім келеді.

Анамыз Жамалдың жас кезіндегі тағдыры да қиын бол-

ған. Бірақ қаншама қиыншылықта, тапшылықта жүрсе де ол 

өз  тұңғышы  Сəкеннің  азамат  болып  қалыптасуына  аналық 



26

тəрбиесін сіңірді. Келешек революционердің, ел азаматының, 

дарынды ақынның бойына ана тəрбиесінен ауысқан сапалар 

да көп. Сəкен бертін келе біздерге: мені адам еткен де, ақын 

еткен анам ғой, – деп мақтанышпен айтып отыратын еді.

Өгей əкенің қолына келін болып түскен шешеміз жасын-

да көп қиындық, кемшілік көреді. Талай ауыр жағдайды ба-

сынан кешіреді. Ішерге асы болмай жоқшылық, тапшылық 

көрген жас ана тұңғыш баласы Сəкен туып, қуанғанынан өмір 

азабын  да  ұмытады.  Бар  ойы,  бар  үміті,  жұбанышы  Сəкен 

ғана болады. Тұңғышы Сəкен ес біле бастағанда анасының 

ауыр  азабын  көреді,  қаршадайынан  анасының  ауыр  халіне 

көңілмен арашашы боп, жанашырлық сезімі оянады. Ананың 

осы  ауыр  халі  жас  Сəкеннің  жүрегінде  шер  болып  қалған. 

Сол өмірді еске сақтаған Сəкен кейін «Ананың хаты» деген 

өлеңінде, сол күндегі анасының тілегін, ойын, жүректегі қа-

сірет мұңын ақындық тілмен кестелеген:

Балам едің емшек берген,

Түн ұйқымды төрт бөліп,

Анаң едім жапа көрген,

Сені өсіру дерт болып.

Жас күніңде көп ойлаушы ем,

Сені əлдилеп тербетіп,

«Арманым жоқ» деп ойлаушы ем,

Қалқам өссе ер жетіп...

Талай жылап жүруші едім,

Сенің бала кезіңде,

Неге екенін білуші едің,

Қалқатайым, өзің де. 

Алданышым қалқам едің,

Сонда менің қуатым,

Сен тұңғышым – марқам едің,

Бар қайғымды жуатын.


27

Көрмеп едім жар қызығын,

Бір сен едің тілегім,

Бір сен едің бар қызығым

Шыбын жаным, жүрегім.

Бала едің сен жыламайтын,

Еркелікті білмеуші ең,

Жоқты бер деп сұрамайтын,

Жəне орынсыз күлмеуші ең..,

Осылайша ана жүрегінің тілегін, өмірінде есіне сақтаған 

Сəкен «Анаға жауап» деген өлеңінде оған деген өз сүйіспен-

шілігін дəл де, əдемі де келтірген:



Əлі есімде мені талай,

Аш бауырыңа басқаның.

Ұмытылады, айтшы қалай,

Талай тамғаң жастарың.

Мені басып аш бауырыңа.

Ыңыранушы ең, ырғаушы ең,

Домалаушы ед жас бауырына,

Қасірет мұңын жырлаушы ең.

Жадымда əлі мені тербеп,

Талай айтқан жырларың,

Жүрегімде қатқан шер боп,

Қасіретіңнің сырлары.

Сонда-ақ білгем талай сырды,

Сол заманның жалғанын,

Қасірет көріп жас өмірді,

Көңілің сөніп қалғанын.

Сол уақытта-ақ əр сөзіне,

Имандай-ақ нанғамын,

28

Маған шаққан зар сөзіңе.

Мен де күйіп жанғамын.

Шындап сүйген жанның сыйын,

Сенен ғана алғамын,

Кемшіліктің зарлы күйін

Сенен естіп қалғамын.

Шын сүюді сенен көріп,

Сенен ғана білгенмін,

Күлсең мен де саған еріп,

Қуанғаннан күлгенмін.

Кемшілікке ызаланып,

Кейде отырып жылаушы ең,

Жоқшылыққа назаланып,

Көктен жауап сұраушы ең...

Сенің жасың маған шер боп,

Балдырым-дақ күйгенмін.

Теңдік алсам, өсіп ер боп,

Жүрекке ант қып түйгенмін

Ананы  құрметтеуді  Сəкен  өмір  бойы  есінен  шығарған 

емес. Оқудан дем алыс кезінде ауылға келіп, бір ай жарым-

дай болып жүрген күндерінде, ананың аясында болып, оны 

ылғи құрметке бөлеудің жолында болатын.

Бір  жылы  көп  ауыл  қатар-қатар  «Есен»  деген  мекенде 

отырған. Менің жас кезім. Сəкен оқудан дем алысқа келген. 

Біздің бір бойдақ қой жоқ болып кетті. Шешем ренжіп, «мына 

көрші ауылдың қойларынан қарау керек еді, пілдей бір қой 

босқа  жоғалып  кеткені-ай,  қарайтын  кісінің  жоқтығынан-

ау», – деп еді.

Сəкен маған қарап: «Сен танимысың қойды?» – деп сұра-

ды. Мен танимын дедім. Сəкен шешеме қарап: «Мен ертең 

ерте түйеге мініп, мына Мəжит екеуміз барлық ауылдың қо-

расындағы қойлары өрмей тұрып қарап шығамыз» деді.


29

Ертеңінде таң атысымен тұрып, мені оятып екеуміз түйе-

ге мінгесіп, көрші ауылдардың қорада жатқан қойларын ара-

лап шықтық, өзі маған «қой ішін əбден қара» деп қояды. Екі 

ауылдан таба алмай, үшінші ауылға келдік. Тани кеттім, сол 

ауылдың қойында жүр екен.

Тұсақты ұстап алып, Сəкен түйеге өңгерді, солайша үйге 

келдік. «Шешеміз Сəкенжан болмаса, бұл қой жоғалып ке-

тетін  еді» – деп,  қуанып  қалды.  Осындай  ананың  қабағын 

шыттырмауға  тырысып,  ол  əрқашан  ұсақ  шаруада  да  оған 

қолғабысын тигізетін еді.

Алыста  жүргенде,  хат  жазғанда  алдымен  Жамалекеме 

деп жазатын.

Бертінде, Сəкен демалысқа ауылға келіп бірнеше күндер 

жатып кететін. Бірде төр алдында жантайып жатып, мұртын 

сипап  қойып,  шешеме  жымиып  күліп  қарап: «Мен  кімге 

тарттым, Жамалеке?» – деп қалды.

Жамалекем: «Сəкенжан,  сен  нағашыңа  тартқансың»  деп 

еді. Ойлаған жерімнен шықты дегендей болды. Сəкен шеше-

сін аса жақсы көргендіктен бе, нағашысына тартты дегенді 

ұнататын.

Расында  нағашымыз  Тышамбай,  халық  аса  сыйлаған, 

шыншыл, бетті, ер, турашыл, шешен адам болған көрінеді.

Түс бейнесі, дене тұлғасы да сол əкеме тартқан деп Сəкенді 

шешем мақтанышпен айтатын еді. Шешеммен бірге туысқан 

Əбіш деген інісі бертінде өлді, ол да Сəкен бейнелес еді, əсіресе 

мұрны,  мұрты  дəл  келетін,  домбыра  тартқаны  да  ұқсайды. 

Мінезі де келісті, орынсыз сөйлемейтін жан болатын.

1933  жылы  əкем,  шешем,  біз  бəріміз  Алматыға  келдік. 

Сол 1934 жылдың басында ұзақ аурудан кейін анамыз қай-

тыс  болды  дедім.  Бұл  қаза  бəрімізге  де  ауыр  болды.  Бірақ 

Сəкеннің назалануы өзгеше еді. Ұзақ уақыттар анасы оның 

ой  санасынан,  көз  алдынан  кетпеді.  Анасының  өлімін  ой-

лап  көңілі  құлазып  кеткен  шақтарында  домбыра  шертіп, 

жұбаныш табатын.

Анасының өлімі ауыр тиіп жүрген сол бір шақтарда «жұт 

жеті ағайынды» дегендей, кейбір солақай сындар да ақын-

ның мазасын алып жүрді.



30

Қазақстанның  ол  кездегі  белгілі  əдебиет  сыншылары-

нан  Ғаббас  Тоғжанов  «Қызыл  сұңқар»  пьесасын  сынап, 

Ілияс Қабылов «Қызыл ат» поэмасын сынап мақалалар жаз-

ды.  Өз  атына  айтылған  небір  теріс  сөздер  кетіп  жатса  да, 

Сəкен елең қылмай, іштей ширығып жүретін. Тіпті Ғаббас 

«қазақта Еркебұлан деген кісі аты болмайды» дегенге дейін 

барғанында,  Сəкеннің  оған  қайтарған  жауабының  мысқыл 

əжуаға  толы  болғаны  əлі  есімде. «Тоғжан  деген  есім  тоқ 

адам деген екі сөзден екен. Тоқшылдықты арман етіп осы-

лай ат қойған қазақ даланың бұланындай əм еркін, əм ерке 

болуды неге арман етпесін! Еркебұлан сондай тілекпен, екі 

сөзден құралған есім» деген болатын.

* * *


Бұл  естелігімде,  жоғарыда  айтқанымдай,  мен  Сəкеннің 

қоғамдық  қайраткер,  аса  көрнекті  ақын-жазушы  ретіндегі 

рөліне  тоқталмадым.  Себебі  бұл  жағы  осы  жинаққа  кірген 

арысы бүкіл елімізге, берісі республикамызға аттары белгілі 

əдебиет қайраткерлерінің, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйым-

дар  өкілдерінің  пікірлерінде  жеткілікті  сөз  болып  отыр. 

Мен  болсам,  оның  өміріндегі,  үй  ішіндегі,  көп  алдындағы 

жекеленген  азаматтық  санасын,  адамгершілігі  биік  əрекет 

көріністерін баяндауға тырыстым.

Осы қатарда мен Сəкеннің адал адамдарға деген рақым-

шыл  қасиетін  айта  кетпесем,  ол  туралы  айтқанымның  бəрі 

олқы болып шығар еді. Бұл тұста да мен оған жай мінездеме 

беріп, жалпы айтудан аулақпын. Сөзімді мысалмен жеке бір 

жарқын көрініспен түйіндесем деп ойлаймын. Сəкеннің өзі 

де біреуге жай, құрғақ мінездеме беруді, жалпылап сөйлеуді 

өмір бойы жақтырмай кеткен адам.

1934  жылы  Секербек  Жақыпбеков  деген  адам  жаламен 

сотталып, аяқ астынан еңбек-түзеу лагеріне жіберілді.

Ол заты біздің елдің қазағы болатын, сол кезде Алматы 

іргесіндегі бір колхозда председатель болып тұрған. Өштес-



31

кен бір жандардың жаласымен көз алдымызда жазықсыз жа-

заға тартылып кете барды.

Секербектің  əйел  Жұқаш  емшектегі  баласын  көтеріп, 

сол  бір  ауыр  халдің  кезінде,  біздің  үйге  көбірек  келетін 

болды,  бірнеше  күн  болды,  үнемі  Секербектің  жазықсыз 

кеткенін  айтып  жылай  береді.  Секербектің  ағасы  Əуеспек 

Құлатаев та сол кезде қала іргесіндегі Чапаев атындағы кол-

хозда жұмыс істейтін. Ол да біздікімен жиі қатынас жасап 

тұрды. Сəкен бұл адамды: «Сауатсыз болғанымен, қарадай 

жүйріктің нағыз өзі, еңбекқұмар, көңілі кең сарайдай кісі» – 

деп сыртынан мақтап, «Əуке, Əуке!» деп сыйлап отыратын. 

Міне  сол  Əуеспек  бір  келгенінде  Сəкенге  мұңын  шақты, 

біртіндеп  отырып  Секербекке  тағылған  кіналардың,  бəрін 

жоққа  шығарды.  Сəкен  ол  кісіні  байыппен  тыңдап  алды, 

сөздерін  еш  бөлген  де  жоқ.  Тек  əбден  дəлелдеп  болғаннан 

кейін, мұртын ширата отырып, қалжың айтты:

– Əуке! – деді ол, – оқуыңыз болса, нағыз қоғамдық қор-

ғаушы болатын түріңіз бар ғой!..

– Қарағым, Сəкенжан, – деді ол да күліп, – жасымда оқу 

түгілі,  тіршілік  етудің  өзі  қиын  болды,  енді,  мына  заман 

түзелген шақта, жас өтіп кетті, кеш қалдым.

Əуеспектің  Секербекті  ақтап  айтқан  сөздерін  тыңдаған-

нан  кейін,  оның  өтінішін  көкейге  қондыра  отырып,  Сəкен 

көп ойланып отырып қалды.

– Ертең бір соғып кетерсіз, Əуке! – деп жауап берді. Əу-

кең  кетісімен  Сəкен  əдеттегісінше  жақсы  киініп,  қолына 

таяғын  алып  шығып  кетті  де  Қазақстан  Жоғарғы  сотының 

мекемесіне барды.

Ертең  түс  ауа  Əукең  де  айтқандай-ақ  атпен  келіп  үйге 

түсе  қалды.  Сəкен  шай  қойғызып,  Əукеңмен  шай  үстінде 

əңгімелесіп,  ұзақ  отырды.  Əукең  кетейін  деп  оқталғанда 

ғана:

– Кешегі жұмысыңыз орындалды, Əуке! – деді, – көп ұза-



май Секербек ініңіз үйіңізге келеді!

Əукең: «Рас па, бауырым, Сəкенжан» деп Сəкенді құшақ-

тай  алды.  Қарасақ,  Əукеңнің  сақалынан  көзінің  жасы 


32

ағып  тұр  екен.  Қой,  Əуке, – деп  қойғыздық,  бізге  қарап: – 

Шырақтарым-ай, қуанған да, қорыққан да бірдей деген емес 

пе, – деп атына мініп алды да, ауылына қарай шаба жөнелді.

Айтқандай, 15 – 20 күннің шамасында Жақыпбеков Секер-

бек аман-есен келіп, өткен күн бір күндей болмай, жанұясы 

мəз-мейрам  болды  да  қалды.  Сол  Əуеспектің  қазір  жасы 

сексеннің  жоғары  жағында.  Ақадыр  станциясында  тұрады. 

Жақыпбеков Секербек бала-шағасымен Қарағанды облысы, 

Жаңаарқа ауданы, Успенскі совхозында тұрады, пенсионер. 

Жұбайы Жұқаш та балаларымен жақсы өмірдің құшағында 

жүріп жатыр. Күні бүгінде бұл екі кісі Сəкенге дəн риза.

* * *

Бірге де, көпке де қолынан келгенше жақсылық етуді, аз-



ды-көпті өз рақымын тигізіп отыруды Сəкен көп мұраттары-

ның бірі санайтын.

Сəкен көптің арасында жиі болуды, ала-шұбар қалың топ 

ішінде көзге түспей, адамдарға көз салып, əр алуан мінездерін 

көріп, сөздерін естіп зерттеуді сүйетін. 1937 жылдың жазын-

да  Сəкен  Талғардың  бергі  жағында  киіз  үй  тіктіріп,  сонда 

дем алды. Түнде киіз үйдің сыртында, алма ағаштарының ая-

сында, ашық аспан астында ұйықтайды. Қасындағылармен, 

өте-мөте  ел  адамдарымен  ұзақ  əңгімелеседі.  Демалыс  күн-

дері жұпыны киініп, мені ертіп Талғардың базарын аралай-

ды, ел қатарлы асханаға кіріп, көптің арасында отырып ау-

қаттанады.

Сондай жүрістерінде өзін жұрттың елемей, көңіл аудар-

мағанын  мақұл  табатын,  неғұрлым  ешкім  танымаса  екен 

дейтін.  Ел  өмірінің  əрбір  көрінісіне  солайша,  қарапайым 

адамша көз жіберіп, көңіл қоюға тырысатын.

Сəкенді салтанатты мерекелі жағдайда да талай көрдім. 

1936  жылдың  жазында  Алматыда  Сəкеннің  творчествосы-

ның жиырма жылдығы аталып өткен үлкен тойы болды. Қа-

зақстан  үкіметі  оған  жеңіл  машина  тарту  етті.  Москвадан 



33

омырауына Еңбек Қызыл Ту орденін тағып қайтқанында, Ал-

маты 1 станциясында Сəкенді жұршылық үлкен құрметпен 

қарсы  алды.  Ілияс  Қабылов,  Нығмет  Сырғабеков,  Жанай-

дар  Садуақасов,  Хамза  Жүсіпбеков  сықылды  азаматтар 

алдынан  шықты.  Соның  бəрінде  Сəкен  асып-тасқан  жан 

емес, қуанышты күндерде шамадан аспайтын, қиыншылық 

күндерде абыржып-саспайтын байсалды бір жан ед. Ол ар-

дақты ақын, күрескер азамат, халқының революционер ұлы 

ғана емес, ағайын-туған, дос-жаран ортада тəлімді-тəрбиелі, 

аяулы аға да болған еді. Оның нұрлы жүзі, айтқан əңгімесі, 

жазған сөзі əрқашан да өшпей, көз алдымызда тұрады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал