Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет18/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

– Сəкен-ай, күні бұрын уайым шақырмашы! Біз өлмеспіз. 

Өзің аман болшы! Жетім қозыға бір тал шөп артық шығады 

деген.  Ризығымыз,  несібеміз  таусылмасын.  Біз  көппен 

бірге  күн  көрерміз.  Ет  жүрек,  жай  қорқақтайсың  да.  Кінəң 

жоқ саған ешкім де тимейді, үкімет ақты-қараны тексерер. 

Ешкімге  зəредей  кінəң,  зияның  жоқ  сенде  не  ақысы  бар 

бұл иттердің, – деп мен қатуланып, қайтадан шай қоя бас-

тадым.  Қазақтың  қорықсаң  от  жақ,  тоңсаң  от  жақ  дейтін 

сөзі қандай орынды. Менің əлгі сөзімнен кейін, самауыр қоя 

бастағанымда бəріміз де бір сəт серігіп, кəдуілгідей жадырап 

кеттік. Ауылдың қотанында жусап тұрған саяқтың ортасына 

жасын түскенде нелер құрық бермейтін бойлауық асау жылқы, 

жайдың оғы тура түспесе де, кейде тұқырып, жата қалушы 

еді.  Міне,  біз  де  қорқыныш  сөзден  солай  болып  үрпиісіп 

отырмыз. Бірауыз жаман сөзден еңсе түсіп, бірауыз жақсы 

сөзден көңіл көтеріліп, күзгі қара суықта, боз қырауда жел-

ден қалт-құлт еткен қу шөптей, ақселеудей қалтырап отыр-

мыз. Сəкенім мені дəл жаңа ғана көргендей бетіме ерекше 

жылы  жүзбен  күлімсіреп  қарады.  Өзімше  бойға  қуат,  күш 

бергенімді, абзал ерімді бекіндіргенімді іштей ұнатып отыр. 


276

Əншейінде  ерлі-байлы  адам  сыйласа,  сырласа  бере  ме!  Ит 

басына іркіт төгіліп жатса да, қысқа жіп күрмеуге келмеген-

дей, бірдеңе жетпегендей, əлдененің реті келмей қабақ шыту, 

ренжісу  бола  береді  ғой.  Міне,  енді  өзіміздің  дүниемізді, 

жиған-терген  қаражатымызды  қайда  қоярымызды  білмей 

бөтен біреуге жалынып отырмыз.

Гүлбаһрамның  жас  шағында  қалай  сөйлейтінін  білмей-

мін, ал басынан нелер ауыртпалық өткізіп, міне жасы тоқтас-

қандағы  əңгімесінде,  арғы-бергі  білгенінде  ешбір  мүлтік 

жоқ. Жеңгеміздің сөзіне құлақ сала бердім.

– Үйіміз К. Маркс пен Виноградов көшелерінің мүйісінде 

болатынын  білесің.  Біздің  пəтеріміз  Виноградов  жағына 

қарайда, К. Маркс жағында Молдекең тұратын. Сəкеннің со-

нау Орынбордан бергі достарының бірі, өзінен жасы үлкен 

Молдағали  Жолдыбаев  қайнағамды  айтамын.  Ол  үйдің  ір-

гесі көтеріңкі болатын. Біздің іргеміз төмен еді. Денесі ал-

памсадай, ақкөңіл Молдекең Сəкеннің «Əдебиет тарихына» 

кіріспе де жазған ғалым, білімді адам еді. Ол əрі үлкен ау-

дармашы  еді.  Парықсыздау,  алқам-салқам  киініп  жүретін. 

Тамақсаулығы  да  бар  еді.  Еркелеп  үйге  келіп,  Сəкенмен 

əңгімелесіп те, дастарқанымыздан табағымыздан дəм татып 

та жүретін. Əйелі, абысынымыз поляшка еді. Балалары жоқ-

ты. Екеуі де біздің Аянжанды еркелетіп, балдай тəтті сөзіне 

мəз  болысып  кетуші  еді.  Ауламыздың  іші  биік-биік  емен, 

терек. Осы араға жақында жаңа биік үйлер салынды. Біріне 

өзіміздің қайнымыз Ғабит ағаң кірді. Сол емен, теректер сол 

жаңа үйлердің ауласында əлі де жапырақтары төгіліп тұр.

Сəкен, жұрт жатқан соң, Жақияны қасына алып, сыртқа 

шықты.  Баланы  ұйықтатып,  соңдарынан  мен  де  шықтым. 

Қолына  темір  күрек  алып,  Сəкен  бір  тізерлеп  отырып, 

сыртқы іргені шұқылап тереңдете қазды да, су өтпейтіндей 

ғып орап, ақшасын сол жерге көмді. Үстін тығыздап жапты. 

Үн-түнсіз үйге кірдік.

–  Көрдің  ғой,  қарағым!  Айтқаным  айтқан.  Алай-бұлай 

болсақ, бір түнде келіп, бір қалт еткенде қыбын тауып, қазып 

ал.  Жеңгеңнің  керегіне  жарат,  аман  болсақ  та  солай  жата 


277

тұрсын. Сақтықта қорлық жоқ деп Сəкен аманатын Жақияға 

құнттап  тапсырды.  Жақия  ол  күні  үйге  қонды.  Таңертең 

түндегі топырақты анықтап көріп, белгілеп алды.

– Бір-бірімізге сыр білдірмеген боламыз, – дейді Гүлбаһ-

рам, – тек іштей қорқып, 

шиті

 мылтық көрген запыс құстай 



шошынып,  əлде  неге  елегізіп,  жүрегіміз  өрекпіп  отырмыз. 

Күрсіне береміз. Адам еріксіз күрсінеді екен. Күлкіден, əзіл-

қалжыңнан  қалдық.  Бірдеңе  қыбыр  етсе,  қырғидан  бұққан 

торғайдай шошимыз. Жалғыз біз емес, күллі Алматы солай. 

Бүкіл ел солай дейді. Біреуге біреу бас бұқпайды.

Бір  күні,  қыркүйек  айының  аяқ  кезі,  күн  кешкіре  тысқа 

шықсам, көлденең көше ішінен аула жақты беттеп, екі адам 

тура біздің есікке қарай келе жатыр. Жайшылықта əрі өткен, 

бері  өткенді  онша  елей  қоймайтын  басым,  мына  екеуін 

көргенде жүрегім су ете түсті. Тура беттеп келеді. Жүрістері 

суыт.  Үйге  жүгіре  кірдім. «Ойпырмай-ай,  Сəкен-ай,  ана 

пəлелер  келіп  қалды  ғой» – деп  жылап  жібердім.  Жүрегі 

түскір  жамандықты  сезе  қояды  екен.  Аузымды  ашып-

жапқанымша  болмай,  түсті  суық,  сұп-сұр  екі  адам  ізім-

ше  үйге  үн-түн  жоқ  кіріп  келді.  Кірген  бетте-ақ  екеуі  жан 

алғыштай Сəкеннің екі жағына тұра қалды. Біреуі Сəкенге 

бір жапырақ қағаз көрсетті.

– Бұл не? – деді Сəкен сұлық сөйлеп. Отырған орнынан 

ешкімге  де  тұра  қоймайтын  Сəкенім,  абыржығандай  ор-

нынан  тұрды.  Қасқыр  көргенде  малды  қара  басып,  қандай 

асау жылқы болса да тұяқ серппей тұрып қалады деуші еді. 

Жайшылықта  ешкімге  бас  имейтін  асау  тұлпар  Сəкенім, 

онша тіл қата алмай сұлық, тіпті жуасып тұр.

– Ордер! – деді біреуі. Сəкен бір жапырақ қағазға немкетті-

леу көз салған болды. Бұл қағаздың не екенін айтпай-ақ біліп 

тұр. Сəкенді тұтқындайтын қағаз екенін мен де түсіндім.

– Киініңіз, жүріңіз, – десті екеуі де.

– Қайда? Неге? – Сəкен қайда баратынын білсе де, əлдеқа-

лай аузына түскен сөзді айта салғандай.

– Барған соң білесіз. Тезірек! Киініңіз! – Бара-бара екеуі 

екі жақтан шұқшия бастады. Оларға біздің у-шуымызды көр-


278

мей, жұртқа ізін білдірмей тез кету керек, үлкен, белгілі адам-

дарды қамау оларға дəреже, абырой, өнер сықылды. Сəкен 

бір  отырды,  бір  тұрды,  екі  беті  күреңденіп  кетті.  Біресе, 

жазғы,  біресе  қысқы  киімін  киді.  Қайта-қайта  шешінді. 

Қабағы қатты. Өз үйінен бір жендеттердің алдына түсіп кете 

бару кімге оңай?! Бұрын жай ғана асылып, еркелейтін Аян-

жан  шырылдап,  əкесінің  мойнынан  құшақтап  алды.  Айры-

лар емес. Ішім езіліп, қалтырап, күйіп барам. Көзі құрғырдан 

жас та шықпады. Қорыққанда жас келмейді екен. Ішінен не 

ойлағанын кім білсін, өзін қамағалы келген екі сұммен алы-

сып, жұлысқысы, айқасқысы келді ме, атысып қолдарында 

өлгісі бар ма, əйтеуір, Сəкеннің өңі қашып, көпке шейін ор-

нынан  тұрмады.  Тек  ешкімге  ешбір  жазығы  жоғын  ойлап, 

түбі аман қалармын деп үміттеніп, қайрат-жігеріне мінді ме, 

өзі  орнатысқан  өкіметі  анық-қанығын  айырар  деді  ме,  не 

қылса да, біраздан соң жұрт суретінен жақсы білетін құндыз 

жағалы қысқы былғары пальтосын, əдемі дөңгелек құндыз 

бөркін киіп, орнынан зорға тұрды. Екі сұр жігіт, бірі орыс, 

бірі қазақ, апан аузын күзеткендей сақ тұр. Біреуі Сəкеннің 

үстелін, шкафын тінтті. Сəкеннің ертеректе жұртпен түскен 

суреттерін, біраз құнды кітаптарын, наганын, бұрын үкімет 

мүшелігіне,  сол  кезде  КазЦИК  мүшелігіне  сайланған  ман-

дат-документтерін  жерден  жеті  қоян  тапқандай  алып  жа-

тыр.  Өй,  қорлық-ай,  үстіне  шыбын  қондырмайтын  үстелін 

қайдағы бір кəззап, қарақшылар өз көзімізше ақтарып, асты-

үстін  аударыстырып,  өздері  тығып  қойған  бір  заты  бардай 

тінтіп,  үй  ішінің  ойран-ботқасын  шығарып  жатыр.  Бұндай 

бассыздықты кім көрген?!

Бала  шырылдап,  Сəкеннің  мойынын  айқара  құшақтап, 

əкесінен айрылмады. Бір сұмдықты іші сезіп тұр. Екі жен-

дет  «Болыңыз,  тез»  деп  Сəкенді  асықтырып,  оның  қасына 

мені жақындатпай, екі араға түсіп тұр. Ақыры Сəкенім өмірі 

естен кетпес бота көзін, отты көз жанарын маған бір төңкере 

тастап, баланы қолыңа ал дегендей иегімен ишарат білдірді. 

Ішін  қанша  от  өртегенімен,  сабырлы  тұрды.  Амалым  бар 

ма, екі жендет екі жағында жан алғыштай қысталап, «Жүр, 


279

жүр» деп асықтырып тұр. Аянжанды қолыма алып, бауыры-

ма бастым. Бала шыр-шыр етеді. Əй, лағынеттер-ай, құстың 

да  балапанын  бауырынан  бүйтіп  алмас  адам!  Бірі  алдына, 

бірі  соңына  түсіп,  Сəкенімді  үйден  алып  шықты.  Екеуінің 

де оң жақ жамбастарынан бұлтиған наганның қабы көрінеді. 

Аяғын  кербез  басып  шыққан-кіргенде  үй  ішіне  төңірекке 

жарқыратып жарық түсіретіндей сымбатты, айбарлы, сұңғақ 

Сəкенім өз босағасынан əлдекімдердің алдына түсіп, айда-

уына  көніп  кете  барды.  Көшеге  шыққанда  жүзін,  келбетті 

дидарын бір көруге жұрт ынтық болатын аяулы, халқының 

еркесі  де  серкесі  Сəкенім  төмен  қарап,  топшысы  үзілген 

құстай екі иығы төмен түсіп, кете барды.

Баламды құшақтаған бойы соңынан жүгіре шықтым. Бар 

бітіргенім  «Сəкен-ай,  кеткенің  бе  шынымен?!  Кеш!  Құдай 

көрісуге жазсын!», – деп айғайладым. Ауланың түкпір жа-

ғында  түнде  қотан  аңдыған  қасқырдай  бір  қара  машина 

тұр.  Ішінен  екі  кісінің  басы  қараңдайды.  Жұрттың  «қара 

құзғын»  дейтіні  осы  қара  машина  екен.  Сəкен  дауысымды 

естіп,  жаутаң  қағып,  артына  бір  қарады  да, «қара  құзғын» 

құрсағына  кіріп  кетті.  Аяғымды  баса  алсамшы.  Аянымды 

құшақтап  жылаймын.  Ең  болмаса  көрісетін  абысын-ажын 

жоқ.  Жан  ашитын,  есіркеп-мүсіркейтін,  дем  беретін  ешкім 

жоқ.  Туған-туыс  жоқ.  Əншейінде  де  шыр  айналар  шіркін 

тауық,  жемің  болса  қолыңда  деп,  баяғыда  Сəкеннің  өзі 

жазғанындай,  басқа  қаралы  күн  түскенде  жұрт  енді  бізді 

неғылсын! Бəрі де іргесін аулақ салып кетті. Халық жауы бо-

лып, иесі қамалған қаралы үйдің есігін кім ашсын. Ертеңінде 

үйге Мəжит қайным ғана кіріп шықты. Оның да үрейі жоқ. 

Ағасының соңынан өзін де қамай ма деп қарасын да көрсетпей 

кетті. Əркімге жан қайғы. Жақия қайным із құрғатпай келіп 

тұрды. Үй іші аңырап бос қалды. Шаңырақ ортаға түсті деген 

осы екен. Мұндайда жұрт жиналып, жылап-сықтап, азалап 

қояды  ғой.  Жетім-жесірді  есіркеп  аяйды  ғой.  Күнім – түн, 

түнім – заманақыр, өзім тұл, көкірегім мұң, ұлым тірі жетім 

болды да қалды. Аяным есікке əкесінің ізіне, отырған орны-

на, төсегіне қарай береді. Шақырады. Бетін бетіме басып, екі 

көзінен жас мөлтілдейді.



280

Ертеде аяулы, қадірлі, жалқы, анадан жалғыз туған жігіт 

өлсе, оның астына мінген тұлпарының жал-құйрығын күзеп, 

тұл  қылып,  басынан  жүгенін  сыпырып  алып,  бет  аулаққа 

қуып тастайды, қыран-бүркітін томағасын алып, балақ бау-

ын  шешіп,  шаңырақтан  ұшырып  жібереді,  жары  тұлымын 

кесіп,  қара  жамылады  деуші  еді.  Сəкенімнің  асау  тұлпары 

да,  жезқанат  сұңқары  да  өзімен  бірге  кете  барды.  Мен  ер-

теде  Қызылжарда  оқып  жүргенімде,  Сəкен  бестемшелеп 

өріліп, беліме түскен оқтаудай қара шашыма қызығып еді. 

«Совпарттағы  қарындасыма»  деп  өлең  жазып  еді.  Сонда 

қалада  оқып  жүрген  қазақ  қыздарына  шаштарыңды  шол-

титып  қырықпаңдар,  шаш  əйел  көркі  деп  ақыл  айтып  еді. 

«Көркейтпей ме сені де, жібек шашың оралған, түскен асып 

тоқпақтай, аш беліңнен бұралған» – деп сүмбіл қара шашты 

мадақтаған еді. Содан бері арада он үш-он төрт жыл өтсе де 

шашым əлі жерге түскен ұзын еді, тарауға да қиын, қалың 

еді. Қайғылы, бақытсыз қыздың шашы ұзын болады деу рас 

білем.  Жасымда  əкеден  жетім  қалдым.  Одан  кейін  ауыр-

дым. Ақыры міне енді ғана перзент сүйіп, Сəкенмен отасып, 

жарастықты, сыйлас өмір сүре бастаған кезімде, тірідей мына 

пəлеге  ұшырап,  Сəкенімнен  айрылдым. «Неге  құшақтап, 

бетінен  сүймедім?  Неге  жібердім?  Келген  жендеттердің 

бетіне неге түкірмедім? Неге оқтау ала жүгірмедім?» – деп 

өкінем. «Қырсыққа, қасірет, бейнетке шыққан мұндай қолаң 

шашы  құрысын!» – деп  екі  иығымды  жапқан  шашымды 

көк желкемнен шорт кестім де тастадым. Алдымда шашым 

өрілген  бойы  ирелеңдеп  жатты.  Бір  кезде  өзіме  көрік  бер-

ген мынау енді өзімнің шашым емес, дəл бір өзімді шаққалы 

тұрған  қара  жыландай  болып  көрінді.  Қолыма  да  ұстамай, 

шымшыуырмен  қысып,  пешке  тастай  салдым. «Бас  аман 

болмаған  соң  бастағы  жалбыраған  шашы  құрысын!  Енді 

кімге керек, бұл шаш» деймін.

Арада  қанша  күн  өткенін  білмеймін.  Көп  ұзаған  жоқ, 

біреулер келіп маған үйден шық деп жатыр. Мұндай заң бар 

ма,  жоқ  па,  оны  қайдан  білем.  Алдында  Сəкеннен  бұрын 

қамалған  қызметкерлердің  бəрінің  де  қатын-балаларын 


281

үйлерінен  қуып  шығып,  басқа  біреулер  кіріп  жатқанын 

көріп, біліп отырғанбыз ғой. Не заң дейсің! Осы күні заң бар 

дейсің бе? Заң болса, адамға, өкіметке жақсылық істегеннен 

өзге,  шіркейді  де  жасқамаған,  бар  өмірін  кеңес  өкіметін 

орнатуға  сарп  етіп,  дамыл  таппай,  күні-түні  бел  шешпей 

ойға-қырға  шапқылаған,  ыстықты-суықты  болып  өкшелері 

жерге  тимеген  аяулы  азаматтарды,  бала-шағаларының 

көзінше үйлерінен малдай айдап, мылтықпен қуып шығып, 

түрмеге  жабар  ма  еді,  тəйірі? «Ордер»  деп  бір  жапырақ 

қағазбен  базарға  сататын,  қасапқа  соятын  малдай  нелер 

ер-азаматтарды  қайдағы  жоқ  бір  сұмдар  алдарына  салып, 

айдап  кете  бере  ме,  заң  болса.  Қашқан-пысқан,  ұры-қары 

кəззаптарды  абақтыға  жабушы  еді.  Олардың  өздерін  де 

жұртқа  көрсетіп,  айыптарын  мойындарына  қойып,  кінəсін 

айтып соттаушы еді, қырманнан бидай ұрладың, егінжайдан 

масақ  тердің,  өкіметке  астық,  май,  тері-терсек  бермедің, 

колхоздың атын өлтірдің, қос қатын алдың, қызыңды қалың 

малға  саттың  деп  айтып-айтып  жазалап  жатушы  еді.  Енді 

міне,  үндемей,  көрінбей  келіп,  жан  алатын  əзірейілдей  ел 

бастаған ардақты азаматтарды, Лениннің өз қолынан мандат 

алған, өз аузынан өсиет тыңдап, бүкіл елге соны насихаттаған 

көсемдерді, нелер шешендерді, Ленинді пайғамбарым, пірім 

деп өлең жазған жезтаңдай ақындарды, қыр басына апарып, 

атып  тастайтын,  орға  құлата  салатын  маңқа  жылқыдай,  өз 

үйлерінен  сүйрелеп  əкетіп  жатыр.  Жоқ  қылып  жатыр.  Бұл 

не сұмдық? Бұл неткен заң? «Ордер» деп қоймадан бір зат 

алатын қағазды айтушы еді. Енді адамды ордермен алатын 

заң шығыпты. Бəрі де із-түз жоқ жоғалып кетіп жатыр. Бəрін 

де жер жұтып жатыр.

Сталиндік  Конституция,  сталиндік  алтын  заң  осы  ма? 

Осы заңды қабылдайтын съезге былтыр ғана Сəкен өзі ба-

рып келіп еді ғой. Мұны енді Алтын заң дегенше, қаптаған 

қара  өрт,  ішке  дерт,  жегі  құрт,  оба,  есірапыл  сорын  үрген 

зобалаң  дауыл  десеңдерші.  Бала  күнімде  өз  туған  ауылым 

Ақмолаға жақын Нұра өзені бойында оба болып еді. Бірер 

күнде  ауылдың  көп  үйлерінің-ақ  түндіктері  жабулы  қалып 


282

еді.  Дəл  сондай  бір  кесапат  топалаң  Алматыны  қабындап 

кетті.  Барлық  жерде  осындай,  біреуді-біреу  біліп  болмай-

ды деседі. Газет оқысаң зəрең кетеді. Жұрт газеттен жылан 

шағып алатындай безеді.

Сəкен  бұдан  бірер  жыл  бұрын  өзінің  атақты  «Тар  жол, 

тайғақ кешуін» қайта түзеп, жаңадан латын əрпімен бастыр-

ған. Ертедегі қызу үстінде жазылған сөздерді біраз түзеттім, 

кейбір адамдарға тілім қаттырақ тиіп кеткені бар еді, аздап 

жеңілдеттім дейтін еді. Енді міне, мына сұрапыл 1937 жылы 

келгенде Сəкен осы кітабын қолына көп ала беруді шығарды. 

Ол  бірде: «Апыр-ай  заманның  бұлай  боларын  кім  біліпті! 

Бір кезде, төңкерістің аласапыран уақытында біреу ақ, біреу 

қызыл болып, алдағы күндерін жете ойламаған, болжамаған 

тұста  болған  оқиғаларды  ешкімге  қастық  қылайын  деп 

жазған  жоқ  едім.  Тіршіліктің  ескірген  тəсілдерін  тастап, 

өнімді өнер тəсілдерін жасаушы, ескірген надан əдетті, ба-

қытсыз  тұрмысты  жойып,  бақытты  жаңа  тұрмыс  жасаушы 

Қазақстанның  жас  жұмыскер  табының  екпінді  жастарына 

ұлы  өзгеріс,  ұлы  асудағы  көрген-білгендерімді  айтып  беру 

үшін жазып едім.

Енді  міне,  осы  кітаптағы  адам  аттары  бүгін  арандарын 

ашып, жер астынан пəле іздеген қу-сұмдарға дерек, мағлұмат, 

тиек болмаса жарады! Кітаптағы əртүрлі кісілердің өзіме ер-

теден  өшіккен,  іштей  кек  сақтаған  үрім-бұтақтарының  да 

маған  тасадан  оқ  атпасына,  тас  лақтырмасына  кім  кепіл? 

Өткендегі шындықты жазғаныма өкінбеймін. Өтірік, жалған 

ештеңе де жазғаным жоқ. Тек бүгінгі шын жаулардың арғы 

түбінде еш зілі жоқ баяғы бір өткінші тұстағы шындықты же-

леу етіп, көп жұртты жазықсыз жəбірлеулеріне өкінем. Бірақ, 

мына түрлерімен, менің «Тар жол, тайғақ кешуім» болмаса да, 

ешкімді оңдырмайтынын көріп отырмын. Москвада, Ленин-

градта, Украинада, еліміздің өзге де барлық аймақтарында қарт 

большевиктерді, нелер сыннан өткен басшы қызметкерлерді 

менің кітабымсыз-ақ қаусатып жатыр ғой.

Бұл бір елге келген ерекше алапат. Зырылдауықты желге 

қарсы  ұстап,  бір  айналдырып  жіберсе,  ол  көпке  дейін  тоқ-


283

тамайды.  Тау  басынан  домалатқан  тас  та  екпінімен  қашан 

ойға  түскенше  бөгелмейді.  Аспанға  атқан  қалауық  та  жер-

ге қайта келіп қадалғанша қалықтай береді. Бас асау ат та, 

қашан  не  бір  орға  құлағанша,  басына  бой  бермей,  тарта 

береді.  Шабаланып  үрген  қабаған  ит  те  өршеленуін  көпке 

дейін  қоймайды.  Дəл  сондай  мына  қабындаған  пəле  де 

əбден  өзін  өзі  жұтқанша  талай  уақыт  жан-жағын  жайпай 

береді. Желді күнгі қалың өрт көл томарға тірелгенше, ал-

дынан қарсы өрт салғанша сөнбейді. Мына қырғын да елді 

əбден титықтатпай, бұдан жаман бір кесапатқа ұрындырмай 

тоқтамайды. Ақырын біз көрмеспіз, кейінгілер көрер. Сонда 

мұны да бір «Тар жол, тайғақ кешу» деп жазатындар табы-

лар» деп, үй ішінде Сəкен ерсілі-қарсылы жүріп, толғанып, 

өзі-өзінен көп сөйлейді.

Сəкеннің  осы  бір  серпілісін,  өкінішін,  өзін  өзі  жеуін 

көргенде оның ертеде Есова Сараға жазған өлеңі есіме түсе 

береді.  Онда  қиялшыл,  жаны  күйрек,  нəзік  Сəкен  «Өмір 

шіркін, осы ма деп, керек емес уайым. Уақытымен болмақ 

əрне, күрсінбе ауыр мұңайып. Керуен көшер, керуен қонар, 

үйреншікті əңгіме. Бізден қалар талай белгі, кейінгіге, мəң-

гіге. Біздің шілде əлі өткен жоқ. Қыс түгіл, сұр күз де емес, 

оттай ыстық жүрек əлі, суынған жоқ, мұз емес», – деп ауыр 

күрсіне  жазып  еді.  Байғұстың  əуелден-ақ  жүрегіне  уайым 

тұнып,  шер  біткен  ғой.  Өзінің  керуенінің  ерте  көшетінін, 

жұртқа  өзі  қайтып  келмейтінін,  басына  бір  пəленің  ерте 

түсетінін түсінде аян бергендей көрген ғой. Міне, сол оттай 

ыстық  жүрегі  суынып,  енді  күз  түспей-ақ,  самайға  қылау 

түспей-ақ көкірегіне мұз қата бастады.

Əншейінде күллі кең сахара көкірек-кеудесіне сыйғандай, 

аспандағы  аққуға  үн  қосып,  Бетпақта  мергеннің  оғы  тиген 

ақбөкенді аяп, күллі əлемді көңілімен шыр айналып отыра-

тын,  басынан  орынсыз  бірауыз  сөз  асырмайтын  ақ  көңіл, 

ақжарқын, асқақ Сəкенім! Алатаудан, Алтай алабынан көңілі 

құс ұшыратын асыл Сəкенім жасы тоқтағанда көрген сүйікті 

жалғыз  ұлының  көз  жасына  жаутаңдап  қана  қарап,  ішіне 

шоқ түсіп, қанішер қарабет зұлымдардың алдына түсіп кете 


284

барды-ау! Əй, əділетсіздік-ай, қорлық-қысастық-ай! Көріңде 

өкіргір  зұлымдар-ай,  адамға  адам  осылай  жендет  болады 

екен-ау! Баяғыда кісі етіне жерік жалмауыз тажал бір патша 

болыпты. Ол адамдарды семіртіп, күнде біреуін жеп отырып-

ты.  Кезегімен  жейтін  кісі  əкелуге  жендеттерін  жібергенде, 

қамаудағы  семіртулі  жұрт,  бір  күн  де  болса  өлімнен  жал-

тарып, «мен  арық,  мынау  семіз»  десіп,  қасындағыларын 

көрсетіп отырады екен деуші еді. Осы сұмдық ертегінің рас 

болғаны ма? Бұл не сұрапыл!

Айттым ғой үйге біреулер көшіп келіп жатыр. Нəрселе-

рімізді,  төсек-орындарымызды,  Сəкеннің  баяғыдан  бері 

ұқыптап  жинап-терген  кітаптарын,  қағаздарын  жайратып 

далаға  лақтырып  жатыр.  Мені  жан  бар-ау  деп  көздеріне 

ілген  жоқ.  Ара-тұра  есім  кіргенде  құлақ  салып,  аңдасам, 

үйімізге  өзіміздің  жазушылардың  бірі  Қалмақан  қайным 

кіріп  жатыр.  Сəкен  журналға  редактор  болғанда  осы  қай-

ным баспаханаға баратын қағаздарды əкеліп, Сəкенге оқыт-

тырып, қол қойғызып əкететін еді. Одан бұрын Орынборда 

ма, Қызылордада ма, Сəкенге хатшы да болыпты, божысын 

ұстапты, оның алғашқы өлеңдерін газетке Сəкен өзі түзетіп, 

бастырыпты, батырақ ақын деп көмектесіпті деп еститінмін. 

Біреу  өлмей,  біреу  күн  көрмейді  деген  ғой.  Бұрын  қайда 

отырғанын  ит  біліп  пе,  өзі  салдырғандай,  баса-көктеп  үйі-

мізге көшіп келіп, кіріп жатыр. Өңеші сойған малдың кеңір-

дегіндей сорайған, екі көзі ін түбіндей шүңірейген, жағына 

пышақ  жанығандай  қара  жігіт.  Бұрын  оған  кім  көз  салған. 

Сөйтсек, Ілиястың, Бейімбеттің, Құдайбергеннің, Ғаббастың, 

жау  атанып  ұсталған  жұрттың  бəрінің  де  бала-шағаларын 

шулатып далаға қуып шығып, əркімдер дайын үйге көктен 

құймақ жауғандай жалақтап кіріп жатыр екен. Ұясы бұзыл-

ған құстай бəрінің де бала-шағалары улап-шулап қалып жа-

тыр.

– Қасымыздағы Молдекең де қамалған – деді Гүлбаһрам – 



ол үйдегі жеңешемізді де қуып шығып, біреулер кіріп алған. 

Жаз ел жайлауға көшіп кеткенде қаңырап иесіз қалған қора-

қопсыңа тағы мысық жүреді, көң-қоқысты борсық, зиратты 


285

қорқау  қасқыр  қазады  деуші  еді  жұрт.  Дəл  сондай  апалаң-

топалаң.  Жұртта  ес  қалған  жоқ.  Ешкімді  біліп  болмайды. 

Тегі көптеген қара таяқтардың анау жау, мынау фашист деп 

атақты  адамдарды  көрсетуі,  газетке  жазуы,  жиналыстарда 

жала жабуы солардың үйлерін осылайша босатып, алғылары 

келгендерінен болу керек. Əйтпесе не аталарының құны бар. 

Бұрын олардың үстеріне рұқсатсыз кіре алмайтын қайдағы 

жоқ сілімтік, бұралқы боқмұрындар құтырып кетті.

Сəкеннің қағаз, кітаптарын аула ішіне үйдім. Баяғыдан бе-

рі қорланып, жиналған нелер кітаптар, ескі қиссалар, əсіресе 

өзі  қазақ  əдебиетінің  тарихын  жазғанда  көбі  ақындардан 

алған  өлең-жырлар,  тіпті  өзі  Ақмолада  шығарған  алғашқы 

«Тіршілік»  газеті,  жан-жақтан  келіп  жатқан  хат-хабарлар, 

құттықтаулар  бəрі  аяқасты  шашылып,  жайрап  қалды.  Күз 

ағаш басының қақырап, сарғайған жапырақтарындай шашы-

лып жатыр. Ағаштың жапырақтары да суылдап түсіп жатыр. 

Сəкеннің өз құрбы-құрдастарының, жас жазушылардың не-

лер  жан  сөздерін  жазып,  сыйлыққа  тартқан  кітаптары  бəрі 

қаңбақтай ұшты. Қолыма іліккендерін жинап, бір жерге үйдім 

де, отты қойдым-ай келіп. «Мұның не?» деп тоқтау айтқан, 

бөгет болған ешкім жоқ. Лаулаған отты қызық көрді ме, əлде 

көзімнен жас парлаған маған көмектескілері келді ме, əйтеуір 

маңайдағы  орыс,  қазақ  балалары  жерге  шашылған,  ұшқан 

қағаз,  кітаптарды  жинасып,  отқа  лақтырып  жүр.  От  əбден 

қызған соң жалын лаулап кетті. Сəкеннің, өзімнің көнетоз, 

тіпті жаңа киімдеріміз де, ыдыс-аяқтар да отқа жанып жатыр. 

Ыза,  ашу  кернеп,  қолыма  іліккендердің  бəрін  де  отқа  лақ-

тырып  жатырмын.  Сəкеннің  өзіне  де,  көзіне  де  жарасатын 

бұқар  тақиясын,  бір  əдемі  иісмай  құтысын  камзолымның 

қалтасына қалай салғанымды білгем жоқ. Қағаз, кітап көпке 

дейін жанып болмайды екен. От сөнбеді, аула іші қап-қара 

түтін. Қағаздың жанған қара жапырақтары аспанға ұшады. 

Ағаш басына əлдеқайдан қарға-құзғын қаптап кетті. Жемтік 

көргендей қарқылдайды.

Əуелгі  кезде  үй  ішінің  дүниесін  отқа  жағуға  қимадым. 

Біраздан соң, газет, журнал, кітап біткен лаулап жана баста-


286

ғанда, отқа лақтырмаған затым қалған жоқ. Өзгесі не керек, 

Сəкеннің  үкілі  домбырасы,  ешкім  қолын  тигізіп  көрмеген, 

тек  өзі  сəндікке  ғана  көшеге  ұстап  шығатын  əдемі  таяғы, 

ертеден үйге іліп қоятын, тобылғы сабын былғарымен қап-

тап,  күмістеген,  алақанына  жібек  шашақ  тағып,  топшы-

сына  қорғасын  салып  өрген  қырлы-қырлы  қамшысы,  бəрі 

отқа  түсіп  жатыр.  Есім  ауып  кетті  білем,  күйіне-күйіне 

лақтырдым  отқа.  Есім  аумаса,  бүйтпеймін  ғой.  Сақтай  ал-

масам  да,  Сəкенімнің  мұндай  асыл  бұйымдарын  отқа  сал-

маймын ғой. Ешкім ештеңе алмады, қорқақтады ғой деймін, 

бүлінгеннен бүлдіргі алма деген сөзді ойлай ма, əлде халық 

жауларының заттарынан қорқа ма? Дүниеміз жанып болған 

соң, ботасы өлген інгендей боздағаным-ай! Еңіреп, шашым-

ды  жұлып,  бетімді  жыртып,  өкініп,  отырдым  да  қалдым. 

«Неге жақтым?» деп өксимін. Тек жақпағанда, өртемегенде 

бұл  адыра  дүниені  қайда  қоймақпын?  Көшіп  бара  қоятын 

əкем  үйі  тұр  ма?  Көзге  күйік  қылып,  біреулердің  қолына 

түсіргенше, жоқ қылғанымның өзі жақсы деймін. Сəкенімнің 

енді қайтып келмейтінін, жер басып жүрмейтінін ішім сезіп 

тұрса  керек!  Дүниеден  түңілген  сұм  жүрек  біліп  тұрса  ке-

рек!


Үйімізге Қаскелең жақтан бір жетім кемпір келіп жүруші 

еді.  Ескі  киім-кешегімізді,  ас-суымызды  беріп,  қарасып 

жүруші едік. Қой десе де болмай, Сəкеннің есік көзіндегі га-

лошын жуып, «Қарағым, атыңнан айналдым. Ауылдан осын-

да кеткенде «Сəкеніме барам десем, жұрт: «Əже, расымен сіз 

Сəкенді өз көзіңізбен көріп жүрсіз бе?» – деп таңырқайды. 

«Көргені  не,  бір  дастарқан  басында  бірге  отырып,  шай 

ішемін, табағынан дəм татамын. Сырт жұрттың алыпқашпа 

сөзі ғой Сəкенді астамшыл дейтін. Жақыннан көрсең, бала 

мінезді, кішіпейіл, кісіге қайырымды, үй-ішінің шаруасына 

да  араласатын  жайдары  адам, «Апа,  сағынып  қалдық,  неге 

жиі келіп тұрмайсыз?» – деп отырады десем, ауылдағылар 

одан сайын ауыздарын ашып, нанар-нанбастарын білмейді, 

деп отырушы еді. Сəкен осы кемпір үйге келгенде «Өз анам 

Жамалды көргендей болам» деуші еді.


287

Көшеден  есек  арба  жалдап  алдым.  Бір  кереует,  төсек 

орнымды,  аздаған  ыдыс-аяғымды  салып,  кештетіп 

Тастақ 


жақтағы

  кемпірдің  үйіне  тарттым.  Сəкеннің  былтыр  өзіне 

берген машинасы бір жақта қалды. Ендігі оны да біреулері 

иемденіп алған шығар. Түнделетіп кемпірдің үйіне жеттім. 

Жаман ат жата ма, Сəкеннің қамалғаны бұл ауылға да жетіп 

қалыпты. Кемпір ауырып қалып, бізге келе алмаған. Екеуміз 

жылап көрістік. Жер кепесіне кереуетім сыйды. Ептеп есімді 

жидым.  Ертеңінде  қалаға  келіп,  Жақияға  хабар  бердім. 

Қайным  ара-тұра  келіп-кетіп  тұрды.  Кəрі  анасы,  келіншегі 

маған  да,  Сəкенге  деп  те  тамақ  əкеліп  тұрды.  Сəл  бойым-

ды  бекітіп,  енді  түрме  жаққа  бардым.  Онда  барғандармен 

түрме  күзетшілері  Виноградов  көшесіндегі  қақпа  аузын-

да  тілдеседі  екен.  Темір  торлы  тесік.  Ішінде  түстері  суық, 

көздері  жылтыраған  күзетшілер.  Есік  алды  қаптаған  əйел. 

Қабат-қабат  биік  тас  үйдің  темір  торлы  терезелері  азан-

қазан.  Айқайлаған,  балағаттаған  бейпіл  сөз,  шыңғырған 

дауыс  естіледі.  Тұтқындарды  ұрып-соғып,  қинап-қысып, 

азаптап, жандарын көздеріне көрсетіп жатса керек. Əй, не-

лер маңғаз азаматтар таяқ жеп, тепкіге ұшырап, қол-аяқтары 

қайырылып  жатыр-ау  деймін.  Құлақ  тұнады.  Айғай-шу 

ішінде қайран Сəкенімнің де жан дауысы шығып жатыр ма 

деп, қолқа сабағым үзілгендей болады. Құлағымды тігемін. 

Араның ұясындай көп ызыңнан дауыс ажыратып болмайды. 

Өртте қамалып, жанған аңдай шыңғырады біреулер.

– Пропуск беретін есікте, қақпа алдында, қаптаған орыс, 

қазақ əйелдері, – деп күрсінеді Гүлбаһрам. – Ешкімге про-

пуск  те  беріп  жатқан  жоқ.  Сығырайған  тесіктен  арсылдап, 

іштегілер  сырттағылардың  беттерінен  алады. «Кетіңдер, 

уходите»  деп  ақырады. «Тізімде  жоқ»  деп  те  жер-жебіріне 

жетеді  жұрттың.  Бір  ғажабы,  есік  көзінде  атымен  еркек-

тер  жоқ,  ылғи  əйел.  Қамалғандардың  əкелері,  аға-інілері 

жоқ  деймісің?  Тек,  көзге  түссе,  өздерін  де  қамап,  құртып 

жібере ме деп қорқатын болу керек. Мазаларын ала берсе, 

халық жауларының туыстары, сыбайлас құйыршықтары деп 

қамаса, қамай да салады. Кім жоқтап, кім ара түсіп жатыр? 


288

Көп абысын-ажындарымды осы қара есікте көрдім. Бəрі де 

кешегі жұрт еркелеткен аяулы жеңгелер, құрбылар, келіндер, 

шешелер. Кім жоқ мұнда?.. «Айлас қатын мұңдас» деп ба-

старына  қара  қан  жауған  ана,  жар,  келін,  қыз,  жеңге,  бəрі 

осы тар жерде табысты. Əншейінде, дүниенің кеңдігінде, бір 

шеті мен бір шетіне атшаптырым, əлі алаңдары бос жатқан 

Алматыға  сыймай,  бірімізді  біріміз  кейде  күндеп  те,  сырт-

тай əлденеге тілдеп те жүретін астамшыл басымыз, енді міне 

аспан көк тарылып, бір тарының қауызына сыйғандай кез-

де бірімізге біріміз жылап көрісіп, бір түрменің тар қақпасы 

алдында,  жаңбырда  жаураған  ешкідей  бірімізге  біріміз 

тығылып, жылап-сықтап тұрмыз.

Бара-бара бірімізге біріміз сүйеу, тірек, ақылшы болдық. 

Бұрын  бір-біріміздің  қонақасымызды  менсінбей,  күпірлік 

қылып жүретін бəсекешіл, күндес əйелдер лезде бір анадан 

туғандай болып кеттік. Бірте-бірте бəрімізге де тіл бітті. Белді 

бекем байладық, өткір, өжет болып алдық. Қой аузынан шөп 

алмайтын жуастығымыз, ұялшақ именшектігіміз, тоқтықта, 

басымызға іс түспей тұрғанда екен. «Шешінген судан тай-

ынбас» деп ештеңеден қаймықпадық. Күйеуімізді, ағамызды 

көрсет, жолықтыр, тамақ алғыз деп тесіктегілердің екі аяғын 

бір етікке тығамыз. Ішімізде сөз бастайтын, тіл, заң білетін 

қайратты,  өжет  жеңгелеріміз  бар.  Көргені,  естігені  көп, 

оқыған-тоқығаны  бар,  нəсілі  поляк  қой,  əсіресе,  Молдекең 

үйіндегі  жеңешеміз  күзетшілердің  кеңірдегін  суырып  ала 

жаздайды,  мұндай  ер,  көзжұмбай  қасқыр  əйелді  көрсемші. 

Əншейінде көрші отырғанда кім біліпті! Мұндайда еркектен 

əйелдер ер келеді екен.

–  Ақымақ  болыппыз, – деп  өкінеді  Гүлбаһрам, – жасы-

мызда  да,  берегірек  келген  соң  да  Қызылжарда,  Москвада 

əжептəуір оқыдым, Сəкеннің қасында жүріп те Қызылордада, 

Ташкентте, Алматыда, Орынборда көп нəрсе үйрендім. Тек 

не керек, біз қазақ əйелдері қолымызды жылы суға малып, 

үйде  қарап  отыра  беріппіз.  Көпшілік  жиналған  жерлер-

ге  бармаппыз,  сөзге  араласпаппыз.  Содан  тұйық  болып, 

ештеңенің  мəнісін  білмей,  от  басында  отырып  қалыппыз. 


289

Біздің  ішімізден  жөн,  жол  білетін  тек  Ілияс  досымыздың 

əйелі  Фатима  ғана  еді.  Күйеуімен  бірге  кітап  аударысып, 

кітап  жазысып  жұлынып  жүруші  еді.  Сол  кісі  міне  енді 

көбімізге  көсем  болды.  Қасқыр  көріп  дүрліккен  қойдай, 

бірімізге  біріміз  тығылып,  есік,  тесік  көзінен  ертелі-кеш 

кетпейміз. Əбден болмаған соң іштегілер тесіктерін тарс жа-

уып алып, үн қатпайтынды шығарды. Балағаттайды, орыс-

шалап боқтайды. Оны елең қылып жатқан біз жоқ.

Біз  барған  есікке  «қара  құзғындар»  келіп-кетіп  жатыр. 

Арт жағын есікке тақап, біреулерді түсіріп кетеді. Енді бірде 

тағы осылай тақалып келіп, іштен топтап кісі əкетіп жатады. 

Сыймаған соң басқа түрмеге ме, елде алысқа айдауға ма, атуға 

ма,  əйтеуір  топтап,  итермелеп  машинаға  тиеп  əкетіп  жата-

ды. Көзімізге адам көрінбейді. Тек аяқтарына ғана қараймыз. 

Əйелдер осы адамдардың аяқтарын аңдитын болды. Үйден, кең-

седен  ұсталған  азаматтардың  аяқтарына  киген  бəтеңкелерін, 

етіктерін  таниды.  Кейде  əйелдер  күйеулерін,  не  туыстарын 

аяғынан танып қалып, айғайлап аттарын атайды. Қоштасады. 

Дауыс  қылып  жылайды.  Күннің  қай  жақтан  шыққанын  да, 

батқанын  да  білмейміз,  Сағатты  да  білмейміз.  Ол  кезде 

қолға сағат салатын салт жоқ. Қас қарайғанша, қонақтаған 

қарғадай шуылдасып, НКВД есігін қоршап тұрамыз.

Əйелдер шұбырып, вокзалға да жүгіріседі. Лек-лек қызыл 

вагондар  этапқа  жүргізіліп  жатыр  деседі.  Жұрт  солардың 

терезелерін, есіктерін аңдиды. Бұл эшелоны түскірлер вок-

залдан əрі, шеткері тұрады екен. Іштеріндегі адамдар дауыс-

тап  өздерінің  аттарын  атайды.  Гогольдің  «Өлі  жандарын» 

аударған Тайшықов Қадыр дейтін əлі жасырақ жазушы бо-

латын.  Сол  жігіт  бірде  қызыл  вагон  терезесіндегі  газетті 

тырнағымен жыртып, станция жақтағы көп əйелге алыстан 

өзінің атын көрсетіпті. Оны сол үйдегі келініміз Мəшһүр өзі 

айтты.  Көңілге  бұл  да  дем.  Əйтеуір  оққа  ұшпай,  тірі  кетсе 

көңіл  тоқ.  Кебін  киген  келмес,  кебенек  киген  келер  дейтін 

сөз бар ғой. Жұрт осыны да малданады. Бір жаққа жөнелтіп 

жіберсе, жұрт күні-түні арам тер болып, екі көзін төрт қылып, 

темір торлы абақтының қара есігін аңдымайды ғой.


290

Күнде осылай. Өкшеміз жерге тимейді. Күнде сергелдең. 

Əзір  көбіміздің  əкелген  тамағымызды  алады.  Ішке  апарып 

бере ме, төгіп тастай сала ма, іше ме, тамақ ішуге шамала-

ры бар ма, мұны кім біліпті. Тек апарған асымызды алғанға 

əжептəуір  қуанып  қаламыз.  Кемпірдің  жеркепесіне  келіп, 

Аянымды  бауырыма  басып,  ұйқылы-ояу  талмаусырап 

жатқанымда, Сəкенім көзіме елестейді, түсіме кіреді, аян бере-

ді. Көбіне беті қарайып көрінеді. Шошып оянам. Біреулер, 

бастарын  тұмылдырықтап  алған  бір  жендеттер  екі  қолын 

керіп қойып, тырнағының көбесіне ине жүгіртіп жатқандай, 

əлде сан етіне, арқасына қыздырып қызыл темір басқандай 

тақымына қыл бұрау салғандай, теуіп қалып тістерін қаусат-

қандай сұмдық елес беріп жүрегімді түршіктіреді. Шошып, 

дауыстап: «Сəкен!  Сəкен!»  деп  ұшып  түрегелем.  Жүрегім 

дүрсілдеп,  қалшылдап  кетем. «Ойпырым-ай,  ерке  болып, 

еркебұлан атанып, күллі жұрттың қадір-құрметіне бөленіп, 

ардақты, атақты, бұла болып өскен, баяғы Колчак тұсындағы 

азап-қыспақтан  кейін  халықтың  ағасы,  аяулысы  болып, 

ақаусыз  өскен  асыл  Сəкенімді  қанқұйлы  залымдар  қорлап 

жатыр-ау» – деп  ойлағанымда  жанымды  қоярға  жер  тап-

пай,  іші-бауырым  езіліп  күйреймін  де  қаламын. «Қоғаның 

сүйрігіндей есіл Сəкенім-ай, қор болдың-ау, азап шектің-ау! 

Кім үшін, Не үшін?». Мұндай да қысастық-қиянат бола ма 

екен!

Жауыңнан  қорлық,  зорлық  көрсең  бір  сəрі,  өз  еліңнің, 



өзің  жаныңдай  сүйген,  өзің  орнатқан  өкіметіңнің  қолшоқ-

парларынан бүйтіп қансырап, соққыға ұшырағаның не сұм-

дық? Мына қу түрмеде көзіңе не көрініп, не ойлап, қандай 

қасірет шегіп жатырсың. Біз көзіңе көрінеміз бе? Əрқашан 

өлең-жырың биік таудың ұшар басына шарықтап, ұран бо-

лып естіліп, өзің де қыран құстай дүниені қиядан шалатын 

қырағы көз Сəкенім мына тар қыспақта көзіңе не көрініп жа-

тыр екен. Қабырғаңды күйретті-ау мына жауыздар! Өйтпесе 

терезеден ненің айғай-шуы естіледі? Талмаусырағанда аузы-

ңа су тамызатын кім бар екен? Тас-қуысқа қалай қиып, қа-

мап  қойды  екен.  Есіңнен  тандырды-ау  мына  иттер!  Бəріңе 


291

де  лағынет,  Шыдап  бақ,  Сəкенім!»  деймін  ішімнен. «Жоқ, 

бүйтпес, бұл тас үйде де ақылды, парасатты, əділетті адам-

дар  бар  шығар.  Өкіметтің  бір  жақсылығы  болар.  Жақында 

Сталин  жолдас  өзі  қаңтар  пленумында  сөйледі  ғой.  Көп 

қателік,  қате  болды.  Сол  қателікті  енді  түзетеміз  деп  айт-

ты.  Мұны  естіген  шығарсың.  Енді  саған  тимес,  жазықсыз 

қинап,  жəбірлеген  залымдарды  жазалап,  жауыздардың  са-

зайын тарттырар». Осылай деп бір мезгіл ішімнен өзіме өзім 

күш берем. Сəкеніме де демеу болатындай, ол менің сөзімді 

еститіндей көрем.

Адам  қашан  да  жақсылықтан  үміт  үзбейді  ғой.  Ұлы 

көсеміміз Сталин жолдас асыра сілтеу болды деп өзі сөйлеп 

жатыр.  Жұртты  көңілдендіріп  жатыр.  Жазушылар  «найза 

атқыштарды жазалау керек» деп жазып жатыр. Тек ішіміз-

дегі  бір  білгір,  пысық  əйел  айтты:  Сталин  жолдас  ана  жы-

лы  жұрт  шетінен  аштан  өліп,  қырылып  жатқанда  «Бұл  та-

быстан  бас  айналушылық,  колхозға  алынған  жұрттың 

мал-мүлкін  қайтарып  береміз»  деп  хат  жазса  да,  артынша 

халықтың  апшысын  қуырып,  екі  аяғын  бір  етікке  тығып, 

аштықты  одан  сайын  қабындатқан.  Содан  да  шамасы  жет-

кен  қазақ  сүйретіліп  Сібірге,  Қытайға,  Қиыр  Шығысқа, 

Оралға,  Өзбекстанға  шұбырған.  Бұларды  өкіметке  қарсы 

көтеріліс шығарды деп Сталиннің өзі топ-тобымен қаматқан, 

айдатқан. Жұрттың дүрлігін басуға өзіңнің Сəкеніңді, мына 

Разия  апайдың  Сейітқали  ақсақалын,  Əлібиді  Қарақұмға, 

Қызылқұмға, Маңғыстауға, Шұбартауға жұмсаған. Бұл кісі-

лер  аштықтан  бет-бетімен  аңдай  босқан  жұртқа  тоқтау  ай-

тып, тынышталыңдар, сөйтсеңдер өкімет сендерге тимейді, 

кеңшілік жасайды, қателіктеріңді кешеді деп уəде беріп, атқа 

қонған  колхозшыларды  қоныс-мекендеріне  қайтарған.  Тек 

бұлар  кетісімен  ГПУ  адамдары  олардың  бəрін  де  қамаған, 

итсілікпеге түсірген.

Біздің  ұлы  көсеміміз  бұл  жолы  да  сөйтіп,  қулық  жасап  

отырмасына кім кепіл. Ашынған жұрт тасқынған пəлеге шы-

дамай,  абақты-түрмені  өртеп  жібермесін,  көтеріліс  шыға-

рып, бүлік салмасын деп айла-шарғы жасап отырмасын кім 


292

біліпті.  Бұл  кісі  ертеден  Лениннің  өз  қасында  болған,  оң 

қолы, қанаты болған нелер үлкен адамдарды Ленин өлгеннен 

кейін құртып жіберді. Əуелгі кезде біразымен ауыз жаласып, 

олармен қолтықтасып та жүрді. Бірақ бірін біріне айдап са-

лып, шеттерінен атқызып тастап отыр. Бұл кісінің екі жүзді 

сөзіне малдануға болмайды.

Жеңешеміздің бұл сөзіне жағамды ұстаймын. Өкімет ба-

сында,  жұрт  əкеміз,  көсеміміз,  сүйіктіміз  деп  əулие  көріп 

отырған  адам  да  сөйте  ме,  осындай  сұрқия  бола  ма  деп 

күдіктенем.  Сонда  да,  əзір  Сталиннің  жақсылығын  көре 

алмаған соң, оның газеттегі сөзі ішімді жылытпады. Жаман 

хабардың, суық сөздің шынға айналатынын көріп қалған қу 

бас, запыс жүрек жақсылыққа онша илана қоймады. Жұртты 

артынша жақсылық жасаймыз деп қамамайды ғой.

Ақыры қойшы, күнде бара берген соң ба, əлде əбден тер-

геуі біткен соң ба, 1938 жылдың 8 ақпан күні мені Сəкені-

ме жолықтырды – дейді Гүлбаһрам күрсініп, – Əуелі бір жыл-

тыр бет сұр қазақ: «Сөйлескенде бейсауат ештеңе айтпайсың 

да,  бөтен  сөз  сұрамайсың  да,  тек  амандық  білесіңдер»  деп 

жас  баладай  пысықтатып  қойды.  Қаңғыр-күңгір,  жоқ-жа-

дағай бөлмеге кіргізді. Қарсы алдымда кірпігі көзіне жабы-

сып,  өңі  құп-қу  Сəкенім  отыр.  Нарттай  беті  қарайып  кет-

кен.  Жағы  суалған.  Қайратты  қара  шашын  сыпырып  тас-

тапты.  Сонда  да  көмірдей  қара  шашының  төрт-бес  айда 

ағарып кеткені көрініп тұр. Көз жанары сөнген. Өң жоқ. Екі 

ұрты  ішіне  кіріп  кеткен.  Тістері  қаусап  қалған  болу  керек. 

Ойнақтап тұратын асау тұлпарым жуас, жерге қарайды. Əй, 

бүйтіп  жолықтырғаны  құрысын!  Қол  да  алыса  алмадық. 

Есім шығып кетті. Алдымда отырған нардай Сəкенім емес, 

бір аруақ секілді. Біраз уақыт бір-бірімізді танымайтын жат 

кісіше дағдарысып отырдық та қойдық.

– Сəкен, қалайсың? – дедім шыдай алмай дауысым қал-

тырап. Қуарған шашын, суалған бетін, кір-қоң киімін, сар-

тап жағын көріп, тұла бойым түршігіп кетті. Есіл ерді ұрып, 

соққан,  қалжыратқан,  есінен  тандырған.  Ер  арыса  аруақ, 

ат  арыса  тулақ  деген  осы  да.  Қайран  Сəкенім-ай,  сабазым, 


293

аяулым-ай.  Бұрынғылар  көл  суалады,  өзен  тартылады,  гүл 

солады,  от  сөнеді,  бар  таусылады,  толған  төгіледі,  жас 

қартаяды,  астым-тастым  деп  астамшылық  істемеу  керек, 

барлыққа, тоқтыққа күпірлік жасамау керек, барға қанағат, 

жоққа салауат, бəріне де шүкіршілік, тəубе керек десетін еді. 

Міне Сəкенім тоңғақ арық қойдай, оңғақ киімдей, алдымда 

құны кетіп, шөгіп отыр. Əншейінде тойып секіргеннің де не 

екенін, сорлы басым, білмейді екем. Міне, Алматының алма 

бағы  гүлденіп  тұратын  əдемі  көшелерінде  келе  жатқанда 

күллі  жұрт  көзін  алмайтын  нардай  Сəкенім  əлдекімдердің 

алдында  кіріптар  болып,  мүсəпір  болып  отыр.  Ішім  оттай 

күйіп кетті.

– Өзің қалайсың? – деп Сəкен сұлық қана тіл қатты. Дауы-

сы қарлыққан, үні тотыққан.

– Көріп отырсың ғой, жаман емеспіз. Бізге кім тиер дейсің, 

тəйірі, – дедім ашынып.

– Жəмила, Жамал, Қабиба, Салиха аман ба? – деп Сəкен 

қайдағы бір əйелдерді сұрай бастады. «Есеңгіреп отыр ма, мұ-

нысы несі?» – деп зəрем ұшты. Сөйтсем, ақылды, қашаннан 

сақ  Сəкенім  өзінің  жолдас-жораларының  не  шешесін,  не 

əйелін,  қызын  айтып  отыр  екен.  Сəлден  соң  түсіндім.  Со-

лардың күйеулері, балалары, əкелері қамалудан аман ба? – 

деп жұмбақтап сұрап отыр екен, жарығым. Ұсталғандарын 

«Ауылға кетсе керек», «Қатты ауру деп естідім», «Бір жаққа 

көшіп кетіпті» деп мен де тұспалдап айтып жатырмын. Төрде, 

терезе алдында сұр жылан, сұр қазақ Сəкен сөзінің астары ба-

рын іштей аңғарса да, оның кімдерді сұрағанын жөпелдемеде 

біле  алмай,  жыпықтап,  шыбындап  отыр,  қапалақтап,  тана-

уы  желбеңдеп,  құлағы  елеңдеп  отыр.  Қаладағы,  елдегі  қай 

əйелді  біле  береді,  қанша  залым  болса  да?  Тек  мен  кеткен 

соң  Сəкеннің  жанын  тағы  да  көзіне  көрсетіп  жүрмесе  деп 

қорықтым. «Сен залым кімдерді сұрадың?» – деп аш кене-

дей жабысады ғой.

–  Жұртты  қайтесің?  Өз  балаңды  неге  сұрамайсың? – 

дедім.


– Аянжан тірі ме еді? Түс көріп ем ғой, – деді жалт қарап.

294

Осы бір сəтте Сəкенімнің жүйрік аттай селт ететін ежелгі 

кербез мінезі бұрынғысынша бір белгі берді!

– Аман. Мұнда əкеле алмадым. Жылайды ғой. Əрі кіргіз-

бейді баланы. Өз жағдайың қалай? Бізді қойшы!

–  Жағдайым  жақсы  ғой, – деп  Сəкен  оң  жақ  тізесін  оң 

қолының  алақанымен  ерсілі-қарсы  екі  мəрте  сипап  қалды. 

Не айтқысы келгенін түсіне алмадым. Əлі күнге дейін түсін-

бей  қойдым, – дейді  Гүлбаһрам  өкініп. – Сəкен  өзі  ашып 

айта алмады. Шамасы бір аяғым көрде, бір аяғым жерде, іс 

бітті дегені ме деймін. Бұлай деп тек кейін ғана жорамалдап, 

топшыладым. Міне, Сəкен ұсталғаннан кейінгі кездесуіміз, 

қоштасуымыз осы ғана болды. Əуелі арық малдай қақпайлап 

Сəкенді шығарып əкетті. Сонсоң мені шығарды. Қоймадан 

болмашы бір зат алатындай бір солдат тергеушіден қолхат 

алып, екеумізді екі жапырақ қағазбен екі бөліп əкетті. Сан 

жыл отасып, перзент сүйіп, нелер қызық дəурен сүрген ерлі-

зайыпты  адамдарды  айдаладағы  біреу  абақтыда  жолықты-

рып, мұны өзіне бір дəреже, бізге істеген жақсылық, кеңдік 

деп  мəз  болып  отыр.  Əлде  бізді  табалап,  қорлап  мəртебесі 

өсіп  отыр.  Атың  өшкір,  күлің  көкке  ұшқыр  қу  түрме.  Аңы-

расам да сыртқа шығатын мені қойшы, іші өртеніп қапа болған 

іштегі тас үйшігіне қайта қамалған Сəкенімді айтсашы.

–  Кейін  білдім  ғой,  тура  жарты  айдан  кейін  сол 1938 

жылғы 23 ақпан  күні  Сəкенді  атып  тастапты.  Өлім  жаза-

сына кескендерді күндіз бір жақтан ор қазып қойып, түнде  

аяқ-қолдарын  кісендеп,  топтап  машинамен  алып  шығып, 

Боралдайда  ма,  Шамалғанда  ма  атып,  орға  құлата  салатын 

көрінеді.  Ботакөз  боздағымды  ақ  жуып,  өз  қолыммен  ару-

лап қойсам арман не! Жауыздар қалай көзі қиып атты екен? 

Үстеріндегі киімдерімен шалажансар көме салатын көрінеді. 

Сонсоң  шеттерінен  арақ  ішіп,  өлеңдетіп  қайтады  екен. 

Кеуделеріне награда тағып, қосымша жалақы алады деседі. 

Іздесе киімдеріне қарап, сүйектерін əлі де табуға болар еді. 

Ана  Рихард  Зоргені  Жапонияда  өзінің  бір  ғашығы  осылай 

тауыпты ғой. Атқан жендеттердің тірілері де бар шығар. Ең 

болмаса қайда апарып көмгендеріне жасаған актілер табы-


295

лар  еді  ғой.  Тек  іздеттірмеді.  Ілияс  досымыз  үйіндегі  абы-

сынымыз  Фатиманың  бармаған  жері  жоқ,  тек  алдап-сулап 

қайтара берді. Ақыры ештеңе шығара алмады.

– Ол кезде Сəкеннің атылғанын бізге айтқан жоқ, – дейді 

Гүлбаһрам. – Бұрынғымша  екі-үш  күнде  тамақ  апарып 

жүрдім.  Бірде  алады,  бірде  алмайды.  Тек  көк  шыға  мүлде 

қабылдамай  қойды. «Ондай  адам  мұнда  жоқ»  десті. «Неге 

жоқ! Осында болатын. Күзден бері келіп жүрмін ғой. Қайда 

жібердіңдер? Қай жақтан іздеймін?» – деп қиғылықты сал-

дым. «Біз білмейміз. Тізімде жоқ. Былай тұр! Ендігі қайсың?» 

– деп кезектегі менен кейінгі əйелдерге тіл қатады. Тесіктегі 

көсеудей қара темірін суырып, тартып-тартып қалады. Ішке 

ешкімді  де  кіргізбейді.  Алғашында  «Басқа  түрмеге  ауыс-

тырған шығар» деп қаланың үлкен абақтысына да бардым. 

«Мұнда ондай фамилия жоқ» дейді. Бір жаққа жер аударып 

жіберді ме деп те сұраймын. «Білмеймізден» өзге жауап жоқ. 

Бұрынғыма зар болдым. Ас апарып, бір мезгіл сырттай іште 

зарығып, тарығып жатқан адамға медеу болып, өзіме де де-

меу тауып жүруші едім, енді міне, болмашы демеуімнен де 

айрылып қалдым. Үмітім үзілгендей болды.

– Сол екі арада, көп кешікпей, сол 1938 жылдың наурыз 

айының жиырмасы кезінде газетке жүрек түршіктіретін бір 

суық  хабар  басыла  қалды.  Ұ.Құлымбетов, I.Құрамысов, 

С.Есқараев,  Ж.Сəдуақасов,  Н.Сырғабеков,  Т.Жүргенов, 

Ə.Досов,  С.Сафарбеков,  Қ.Сармолдаев,  Қ.Нұрмахамбетов, 

Ə.Мусин,  Ə.Лекеров,  М.Орынбаев, I.Молдажанов,  Ж.Сұл-

танбеков,  К.Қошамбаев,  тағы  басқалар  нағыз  фашист 

екен,  бəрі  де  Отанға  опасыз  сатқын,  зиянкес  жау  екен,  бə-

рі  де  осы  ауыр  қылмыстарын  мойындады,  атылу  жаза-

сына  кесілді,  үкім  орындалды  деп  үлкен  бір  тізім  газетке 

шыға келді. Бəрі де Қазақстанның ең басшы, ең нəн, аяулы, 

қадірлі қызметкерлері. Бұл тізімде біздің Сəкен де, Ілияс та, 

Бейімбет те, Сейітқали Меңдешев те, Санжар Аспандияров 

та, Құдайберген Жұбанов та, Шəрефи Əлжанов та, Телжан 

Шонанов та, Ғаббас Тоғжанов та жоқ. Əуелі осы тізімде жоқ 

кісілер тірі, аман екен деп ойладық.


296

Ана  бұрынғы  «Алаш»  дейтін,  өздері  бұдан  бірер  жыл 

бұрын ғана айдаудан, Соловкадан, Мурманнан, Беломорка-

налдан  жүдеп-жадап  келген  Ахмет,  Мағжан,  Əшім,  Елдес, 

Жанша, Əлімхан, Халел, лагерьден келмей қалған Міржақып, 

Жүсіпбек,  Кəрім  дейтін  аты-атағы  бар  кісілерді  қойшы. 

Бұларды жоқтап, еске алып жатқан ешкім де жоқ. Бұлардың 

бəрі де құрбандыққа шалып, көген шетіне байлап, болмашы 

қонаққа союға қойған арық-тұрық тоқты-торым ғой. Оларды 

қайта  ұстаған  күндері-ақ  топалаң  тигендей  топырлата  сал-

ды  да,  аты-жөнін  сұрады  да,  омақа  асыра  салды  ғой.  Əлгі 

сұмдық  тізімдегі  өңшең  маңғаз-сабаздар,  қазақтың  бірінші 

коммунистері  шеттерінен  атылды  деп  газетке  шығарғанда, 

бұлардың  өз  бала-шағалары  түгіл,  өзге  жұрттың  да  зəре-

құты қалмады. Бұл ағаларды жақсы білетін, алдын көрген, 

тəрбиесін алған жұрт іштерінен қан құсып отырды.

Абақтының  есігіне  күнде  бірге  барып  жүрген,  ері  əлгі 

тізімде  жоқ  бір  абысыныма: «Біздің  жігіттер  аман  болар» 

дедім.  Ол  əуелі  «Аузыңа  май»  деді  де,  артынша  басын 

шайқады. Көптен коммунист əйел еді. Өзін таяуда партия-

дан  да,  жұмыстан  да  шығарып  тастаған.  Екеуміз  де,  салы-

мыз  суға  кетіп,  Тастақ  жаққа  жаяу  келе  жатырмыз.  Біраз 

жер трамвайға міндік. Өткен жылы күз Алматыда трамвай 

жүрген.  Абысыным  мендей  емес,  көп  білетін  кісі.  Күйеуі 

барда өзі де жиын-жиналыстан қалмайтын. Институтта ма, 

бір  жерде  сабақ  беретін.  Екеуміздің  абақтыға  бірге  барып, 

бір-бірімізбен сөйлесіп жүргеніміздің өзі күш еді. Енді міне, 

ерлеріміздің  орнын  сипап  қалдық.  Апарған  ас-суымызды 

абақты алмай қойды. Абысыным күрсіне сөйлеп, менің əрі 

көңілімді  аулағандай,  əрі  буынымды  бекіттіргендей  талай 

кəпті шертті.

–  Гүлбаһрам,  біз  əншейін  тек  көңіл  үшін  барып  жүрміз 

ғой.  Енді  Сəкен  де,  менің  ерім  де  жоқ.  Бұларды  ешқайда 

жіберген де жоқ. Біржолата көздерін құртты. Көпке белгілі 

адамдарды  лагерьге  жібермейді.  Олардан  қорқады.  Он-

дай  адамдарды  жұрттың  көзіне  түсіртпейді.  Неге  десең, 

түк жазығы жоқ, білімді басшылар ертең арызды жоғарыға 


297

қардай жаудырады, көрсеткен азап-қиянатты айтады. Сонсоң 

жоғары  жақ  өздері  масқара  болады,  олардың  арам  істері 

əшкереленеді.  Содан  да  мұндай  білікті,  беделді  кісілердің 

бірден  үнін  өшіреді.  Аш  құлақтан,  тыныш  құлақ.  Көңіліңе 

келмесін,  жыла  мейлің,  жылама  мейлің,  буыныңды  бекіт, 

беліңді  бекем  бу,  енді  жігіттеріміз  жоқ.  Біздің  ерлерімізді 

құртқан  НКВД  басшыларының  өздерінің  де  қазір  көздерін 

жойып  жатыр.  Жоғарғы  жақта  солай,  ГПУ-дың  баяғыдан 

бергі  басшыларын  да  шетінен  құртып  жатыр.  Облыс,  ау-

данды  былай  қой,  күні  кеше 1937 жылдың  желтоқсанында 

Қазақстан НКВД-сінің бастығы Залиннің өзін Орталық Ко-

митет хатшысы Мирзоянмен бірге СССР Жоғарғы Советіне 

депутат  етіп  сайлаған  болатын.  Алматыдағы  күллі  басшы-

ларды əуелі осы Залиннің өзіне қаматтырды. Енді міне, оған 

бəрін  істеттіріп  алды  да,  өзін  де  құртып  жіберді.  Жоғарғы 

жақ осылар кінəлі деп, өздерінің айыбын аудара салып отыр. 

Халықты əрі алдап, əрі қорқытып, үркітіп ұстаса, ешкім де 

«əу»  деп  ауыз  аша  алмайтынын  біледі.  Жоғарғы  жақтың 

өзінде біз білмейтін бір сұмдық бар. Жұртты біріне бірін ай-

дап салып, ақыры із қалдырмау, олар түбі куə болмас үшін 

солардың өздерін жоқ қып жіберіп отыр. Əлгі Залин депутат 

болғанда Өскемен жақтан сайланған. Үгітшілер үй аралап, 

тізім алып жүріп, бір қазақ кемпірінен «кімді сайлайтыныңды 

білесің бе?» – деп сұрапты. Кемпір: «Қарақтарым, білеміз. 

Айтып  кетті.  Жиналысына  бардық»  дейді. «Кəне,  білсең 

айтшы,  кімді  сайлайсың?» – деп  үгітшілер  тағы  сұрайды. 

Кемпір  жан-жағына  қарап  алып: «Тілі  құрғырым  келе  ме 

екен,  ұмытпасам  Залым  дейтін  біреуді  сайлайтын  болып-

пыз» депті. Залинді «Залым деп айтты» деп əлгі ақ шашты 

кемпірді соттатып жіберіпті.

Міне, осы Залинді енді рас залым болып шықты деп, өз 

қасындағы қолшоқпарларының бəрін қосып, мына көк үйдің 

өз ішінде, өзі отырған орнында құрттырып жіберіпті. Оның 

орнына  бұдан  аз-ақ  уақыт  бұрын 1938 жылдың  басында 

Москвадан  жаңа  кісі  келді.  Москва  НКВД-ның  бастығы, 

фамилиясы  Реденс.  Жиналыста  көрдім,  бойы  еңгезердей. 


298

Президиумда  төмен  қарап,  тұнжырап,  түксиіп,  міз  бақпай 

отырды. Сызданып отырған ұсқынының өзінен зəрең кетеді. 

Сталиннің бажасы екен. Сталиннің екінші əйелі Надежда Ал-

лилуева Сталиннен 22 жас кіші болатын. Сталин оған 40-тан 

асқанда үйленген. Сол əйелдің қалай өлгені жайлы да сегіз 

саққа  жүгірткен  өсек  көп  болды.  Тегі  өз  ажалынан  өлмесе 

керек.  Əрі  оның  жəне  бұрынғы  əйелінің  де  Сталин  күллі 

тұқымын құртып жіберіпті. Сталин мына бажасын Москва-

дан  Алматыға  қонаққа,  курортқа,  демалысқа,  əлде  үлкейту 

үшін  жіберіпті  дейсің  бе?  Білеміз,  аудандарға,  облыстарға 

жаңа  бастықтарды  жібергенде  оларға  қарқын  туғызыңдар, 

астықты, етті, тері-терсекті, майды тез дайындаттырыңдар деп 

жібереді. Реденсті де Қазақстанға сол үшін жіберді. Малды, 

астықты айтасың, осы күні əр ауданға, облысқа қанша халық 

жауын əшкерелеу керек деп те жоспар беретін көрінеді. Сот 

жоқ. Тек ұстаған бойы өтірік жала жауып, тройка дейтін аузы-

мұрны  бітеу  үш  адам  ірілерін  атуға,  кішігірімдерді  ең  кем 

дегенде он жылға сырттай кесік жасайтын көрінеді. Үштік-

тің бастығы обкомның бірінші хатшылары. О заманда бұ за-

ман, обком хатшыларының біз қазақ кеңес өкіметіне қарсы 

ереуіл,  көтеріліс  шығарды  деп  мылтықты  солдат  жұмсап, 

қайырып жатырмыз. Жоғарыдан жоспарды үсті-үстіне салған 

соң, ел ішінің басбұзар шала белсенділері жұрттың бір қуы-

рым  бидайына  дейін  қуыс-қуысты  тінтіп,  тартып  алып, 

əркімді өз шоландарына қамап, қақаған қысты күні құдық-

қа  да  салып,  есіктеріне  қара  тақтай  шегелеп,  бойкот  жа-

риялап жатыр. Көп жұрттың түтіндері шықпай қалды. Бə-

ріміз де осыған ауыз аша алмай, үйді-үйімізде бұғып отыр-

мыз.  Ауыз  ашуға  да  болмайды.  Біздің  тəртібіміз  осылай 

ғой. Бүйткен тəртібі... – деп Сəкен талай кейитін еді. Мен 

ішімнен бұл байғұсқа не болды деп ренжитін де едім. Енді 

міне,  осы  сөздің  бəрі  есіме  түсіп  жүр.  Оңбаған  біреулер 

Сəкеннің  осы  сөздерін  сырыққа  құрық  жалғап  жеткізіп 

отырған ғой.

Тастақтағы  кемпір  байғұс  шайымды  қойып,  Аянымды 

уатып, кəдуілгідей күлдіріп, мамаң қазір келеді деп жұбатып 


299

отырады. Екі арада машина жоқ болса да, Жақия қайнымның 

шешесі, келіншегі, кейде өзі де келіп кетіп жүреді. Қайғы-

қасірет,  уайым  өз  алдына,  күні-түні  бір  дамылым  жоқ.  Бар-

майтын,  есік  қақпайтын  жерім  де  қалған  жоқ.  Жаным  сірі 

болып кетті. Шаршау-шалдығуды білмеймін. Адам итжанды 

деу  рас  екен.  Күн  туғанда  əйел  мықты,  өжет,  бетті  болады 

екен. Жайшылықта екі қолымызды жылы суға малып, ыңқыл-

сыңқыл бола беретініміз тек еркелік екен. Енді тоңуды, тұмау-

сұмауды, ұялуды, жасқануды, жеркенуді ұмыттық. Күй, тамақ 

таңдау  қалды.  Жұтқан  жұтамас  деп,  не  болса  соны  ас  қыла 

бердік. Бұрын қит етсе ауыра беруші ем, енді құлан-таза бо-

лып кеттім. Түбі бір соғатын шығар деп қорқам.

Бірте-бірте  түрмеден  де  күдер  үздік.  Төрт  көшені  түгел 

алып жатқан бітеу, үлкен көк үйдің ішінде, ауласында не бар, 

не жоғын кім білсін, жайшылықта мелшиген түсі суық құр 

сыртынан қорқушы едік. Енді оған да көзіміз үйренді. Мол-

далар дозақтағы күнəһарлардың денесі отқа шыжып күйген 

сайын еті өсе береді, отқа əбден үйреніп, өздері де сол от-

пен  ойнайды  екен,  отты  жан-жағына  шашады  екен  деуші 

еді. Біз де дəл сондай болдық. 1938 жылдың көктемі шықты. 

Қатты  дауыл,  қарлы  боран  соғып  өтіп,  артынша  сəл  күн 

ашылып, жел басылған сықылданып, бірінен бірі көше бойы 

қашқалақтайтын жұрт сəл тынышталғандай едік. Тек ұзаққа 

бармады, ел қайта дүрлікті. Москвада үлкендерді асып-атып 

жатқандары өз алдына, Алматыда күні кеше нағыз лениншіл 

коммунист деп жұрт табынып отырған, Мырзажан деп ерке-

леткен Мирзоянның өзін, үкімет басындағы Ораз Исаевты, 

күллі  обкомдарға  жаңа  сайланған  секретарьлардың,  НКВД 

басшыларының  барлығын  топырлатып  тағы  ұстап  жатыр. 

Сергелдең.

Сəбит, Ғабит партиядан шығып қалды. Мұхтар партияда 

жоқ. Ғабит Мүсірепов үкімет маңындағы қызметінен түскен 

күні  əжептəуір  бір  белді,  өзімен  өкшелес  жазушы  Ғабит 

үйіндегі  Құсни  келінімізге: «Үйлеріңнің  кілтін  ешкімге 

бермеңдер. Басқа біреу кіріп қоймасын! Бұл үйге мен кіретін 

болдым» деп телефон соғыпты.


300

Жұрт көк шыға шуласа қалды. Халық жауларының əйел-

дерін,  балаларын  қаладан  көшіріп,  жер  аударып,  алысқа, 

колонияға, лагерьге қуып жатыр десті. Қаланы тазартпақшы. 

Байларын, балаларын, туған-туысқандарын іздеген əйелдер 

түрмені  қамап  алады,  бұлардан  құтылмаса  болмайды. 

Бəрін де шашау шығармай, бір шарбаққа қамап ұстау үшін 

колонияға  жіберу  керек  десіпті.  Түк  шықпайтын  түрмесі 

түскірді  жан-жағынан  қамалап,  өзімізде  де  бар.  Шуылда-

сып, көздеріне көп түспесек, бізді Алматыдан қуа қоймас па 

еді, қайтер еді деп өзімізді өзіміз жекиміз, өкінеміз. «Бəрібір, 

өйтпесек де қуып жібереді. Көзге күйік қып қайтсін бізді!» 

деп тағы да өзімізді жұбатамыз. Колонияға жер аударатын 

болды. Бұрын колонияны қазақ отар деуші еді. Қазақ елі пат-

ша өкіметінің отары, колониясы деуші еді. Енді міне біз өз 

жерімізде өзімізге өзіміз отар, колония болып кетіп барамыз. 

Қазақ малын тауға, алысқа айдап апарып, бақса, отарлап жа-

тырмыз деуші еді. Енді міне, өңшең жетім-жесір қатындарды 

да сол мал сықылды отарлап бағып-қағатын болыпты.

Жаз шыға кемпірім үйіне милиционер келді. Мені іздеп 

келіпті. «Бес  күн  ішінде  кетесің.  Ақмола  қаласы  қасында 

колония  бар.  Соған  барасың!  Міне  жол  қағазы.  Лагерь-

ге  осы  қағазды  көрсетесің.  Одан  мұнда  хабарлайды.  Бір 

жаққа  өз  бетіңмен  кетіп  қалсаң,  не  кесімді  күнде  кетпесең 

сотталасың» деп қағаздың түбіріне қол қойғызды. Бұрынғы 

күніме  зар  болдым.  Амал  нешік,  бірдеңелерімді  буып-тү-

йіп,  көйлек-көншегімді  шабаданға  салып,  кетпек  болдым. 

Əуелде қолға іліккен төсек-орын, көрпе-жастық, азын аулақ 

аяқ-табақ,  бір  кереует,  баламның  бесігі  енді  міне  жайрап 

қалды. Жақия Ақмолаға пойызға билет əперді. Бір қолымда 

Аяным, томпаңдап жетекке жүруге жарап қалған. Арқамда 

буыншық-түйіншегім.  Бір  қолымда  үлкен  шабадан.  Пойыз 

Семей, Барнауыл, Новосібірді, Омбы, Қызылжар, Көкшетау, 

Бурабайды  басып,  дүниенің  төрт  бұрышын  түгел  айналып 

жүреді. Үш-төрт қалада – пересадка, əсіресе Новосібір түс-

кірі бір қиямет. Бұрын талай жүрген жолымыз. Ол жүріс бір 

бөлек  қой.  Онда  жұмсақ  вагон,  сəнді  киім,  көңілді,  қызық 


301

сапар.  Енді  қолында  жер  аударған  шұбар  қағазы  бар  тұл 

қатынға  жұмсақ  вагон  қайда!  Əйтеуір  əзір  өз  еркім  өз  ба-

сымда  сықылды.  Бұған  да  шүкіршілік.  Тұла  бойым  дел-

сал  болып,  артыма  қарақтай-қарақтай,  аяулы  Сəкенім  қай 

шұңқырда қалды екен деп ботадай боздап кете бардым.

Алдында  естігенбіз,  Сəкен  қамалысымен  елдегі  əкесін, 

Сейфолла  атамызды  да  ұстапты.  Абдолланың  əкесі  Мүсə-

пірді, Жанайдардың əкесі Сəдуақасты қамапты. Бəрі де ал-

пысқа  келген  қартаң  кісілер  еді.  Ел  ішінің  өшіккен,  көре 

алмаған,  табашыл  қу-сұмдары  Сəкеннің  əкесінің  үйін,  қо-

ра-қопсысын  да  орнымен  өртеп  жіберіпті. «Күлін  көкке 

ұшырдық Сəкеннің» деп мақтанысыпты.

– Жолшыбай пойызда – дейді Гүлбаһрам, – вагондағы та-

нымайтын кісілер түрімнен шошынғандай, біріне бірі жалт 

қарасады. Сəл есімді жиып, буынымды бекітіп, Аянжаным-

ды құшақтап, күрсініп отырам. Былтыр күзден бері ширап, 

пісіп-қатқандай  едім.  Енді  міне,  жалғыз  жолға  шықаннан 

кейін жүнжіп барам.

Пойызда  баламның  өңі  қаша  бастады.  Тегі  сырқаттан-

ғандай. Сырқаттанбай! Өткен күзден бері суыққа тоңып, асқа 

жарымай, əрі əкесін жоқтап, əрі түрме жаққа кеткен мені іздеп, 

шыр-шыр етіп көп жылаған байғұс балада не əл қалушы еді! 

Жолда бар беретінім, станциялардан алған шикі сүт, аздап пе-

ченье жейді. Шай да жоқ. Қайнаған суды да ала алмаймын. 

Кісі көп, вагон іші лас, қапырық. Жылаған, у-шу бала-шаға, 

ағылған жан. Мендей жер ауғандар да көп болар.

Новосібір  түскіріне  түстік.  Омбы  жаққа  қарай  басқа 

пойызға  міну  керек.  Бұл  үлкен  қаланың  қашаннан  халық 

бықып жататын лас вокзалын білемін. Вокзал іші бықпырт 

тигендей  бықып  жатыр.  Жұрт  ағыл-тегіл  келіп,  кетіп  жа-

тыр.  Азан-қазан.  Шығыстан  да,  теріскейден  де,  күнгейден 

де  жөңкілген  қарақұрым  жан,  арқалаған,  сүйреткен  жүк. 

Аяқ басар, тізе бүгер жер жоқ. Қиямет қайымың осындай-ақ 

болар. Алақ-жұлақ шпана қаптап жүр. Шілік, тал арасынан, 

бірін-бірі  қуа  жөнелген  аңдай  сатыр-сұтыр.  Көздері  ілініп 

кеткендер ойбайлап қалады. Буған-түйгендерін, тамақтарын 


302

біреулер  ала  қашады.  Төбелес,  өкірген-бақырған  мастар. 

Ойдан-қырдан  қашқан-пысқандар,  ұры-қарылар.  Түрмеден 

шыққандар.  Біреуді  біреу  біліп  болмайды.  Төрт  түлік  мал 

түгел  араласып  кеткендей  ала-құла  жан.  Біреуді  біреу  та-

лап  жатыр.  Билетімді  компостр  ете  алатын  түрім  жоқ.  Ба-

ламды  бағам  ба,  шабаданымды  күзетем  бе,  билетке  тұрам                   

ба – не қыларымды білмеймін. Басыма ақырзаман енді түсті. 

Шүйкедей басым шарадай болды. Касса атаулының тесігіне 

таласқан,  бірін-бірі  итеріп,  жұлқыласқан  жұртты  көргенде 

баяғы суат басындағы тебіскен, тістескен жылқы, сиыр ес-

ке  түседі.  Маңайларына  жуықтауға  қорқасың.  Вокзал  іші 

сасық. Баламды көтеріп бір мезгіл кезекке тұрып та көрдім. 

Сəйгел  тиген  сиырдай  қақтығысқан  жұрт  шынтақтарымен 

қағып жібереді.

Аянжаным ауырды. Тоқтамай іші өте бастады. Не дəрі-

дəрмек жоқ. Наннан өзге тамақ та жоқ. Прəнік, бірдеңе бер-

ген  болам.  Татпайды.  Сонша  халықтың  ішінде  баламның 

іші  өткені-ақ  қиын  болды.  Қай  қуысқа  апарып,  астын 

құрғатарымды  білмеймін.  Əйтеуір  бұрыш-бұрышқа  бұғып, 

тұмылдырықтап  орап  алам.  Алғаш  Аяным  біраз  жылап 

еді.  Енді  бірте-бірте  əлсіреп,  сұлық  тартты.  Ағып  түскір 

көзімнен  қанды  жасым  ақты.  Екі  беті  нарттай  боп  албы-

рап, денесі оттай күйіп барады. Аянымның күйген денесі өз 

денемді де күйдіріп барады. Бір уыс боп азан-қазан вокзалда 

құнысып, қысқы аяздағы суық торғайдай бүрісіп отырмын. 

Шөгіп  кеттім.  Көкірегім  кеуреп  бос  қалды.  Жаны  күйген 

тəңірісін  қарғайды  деген  ғой. «Сəкен-ай,  сорлы  Сəкен-ай, 

бүйтіп  бізді  азапқа  салғанша,  мына  балаңды  өзіңмен  бірге 

неге ала кетпегенсің, неге қалғанбыз артыңда біз тірі боп?! 

Қу құдай сені алған күні бізге өлім неге бермеген? Көзі жоқ 

екен!  Құдайдың  өзі  де  жоқ  шығар»  деп  күйіндім-ай  келіп. 

Баланың  кетеуі  кетіп-ақ  қалды.  Өй,  жалғыздық-ай!  Не 

жазғаным бар еді қу құдайға. Көріңде өкіргір зұлымдар-ай, 

жауыздар-ай!  Өлетін  жеріміз  осы  Новсібірдің  опыр-топыр 

вокзалы екен деп, Аянымды бауырыма басып отыра бердім. 

Түк лаж жоқ. Күндіз аздап көзім ілінеді. Түнде баламды уа-


303

тып, шабаданымды қызғыштай қорып, көз ілмеймін. Қатар 

отырған  өзімдей  бір  орыс  əйелдері  суларынан  ұрттатады. 

Ақшама жұмыртқа, қалаш бірдеңе əкеп береді. Діңкем құрып 

біттім. Аянымның іші тоқтамады. Бір жаққа алып кетер, өлсе 

қолымда өлсін деп медпункт, бірдеңесіне бармадым. Астын 

құрғатуға да шамам келмеді.

Есік-тесіктен сыртқа көз салсам, ерсілі-қарсылы ағылған, 

өкірген пойыз, вагон үстеріне де жұрт өрмелеп шығып кетіп-

ті.  Шаштары  желпілдеп  вагонның  трубаларын  құшақтап, 

шпаналар  қарғадай  қарқылдап  кетіп  жатыр.  Көбісі  жылы 

жаққа, Ташкент жаққа кетіп жатыр. Суық түсе жылы жаққа 

кететін қарға-құзғындар сықылды. Ұйықтап кетіп, вагоннан 

ұшып түсіп өлетіндері де бар шығар. Өй, құрысын бүйткен 

тіршілігі!  Жұрттай  таласып-тармасып  пойызға  билетсіз-

ақ  мінуге  шама  қайда.  Қолда  бала,  əлсіреген  ауру  бала. 

Арқамда  жүк.  Жүгі  түскірді  неге  лақтырып  тастамаймын? 

Көріме  əкетем  бе?  Сүйегіме  де  түсетін  кісі  жоқ,  тəнімді 

жуғандарға  үлестіріп  беретін!  Қызығы  жоқ,  шыжығы  көп 

бұйырмаған қу дүние əлі қыр соңымнан қалмай келеді. Құр 

сүлдерім қалды. Көзі құрығырдың жасы да солды. Өстіп дал 

болып отыр едім, екі-үш күн өткенде қасыма бір дəу орыс 

жігіті келді. Алдында осы бір жігіт екі-үш қайта қасымнан 

қарақтап  өткен.  Бірдеңемді  алып  кеткелі  жүрген  біреу  ме 

деп қымтырылып едім.

– Сіз қайдансыз? Қайда барасыз, қазақсыз ба? – деп сұра-

ды, соңғы келгенде денелі орыс жігіті. Түрі шпана сықылды 

емес, жүзі жылы, киімі жақсы. Мені жылы, іш тартқандай. 

Дегенмен,  қорқақтап,  сескене  бердім.  Милиция  ма  мені 

аңдып жүрген деп те ойладым, жөнімді айттым. Алматыдан 

ем,  Ақмолаға  баратын  ем.  Балам  сырқаттанып,  компостр 

жасата алмай отырмын дедім. – Кəне, билетіңіз? – деді ол. 

Сенер сенбесімді білмей, көрсеттім. – Маған беріңізші, – деп 

қолымнан билетімді алып кетті. «Көп сұмның бірі ғой, енді 

билетімнен де айрылдым-ау», – деп дал болдым. «Аңқау, сор-

лы басым-ай, неге бердім танымайтын біреуге», – деп өкіндім. 

Жоқ, бір мезгілде əлгі бойшаң жігіт енді бірер сағатта жүре-

тін бір пойызға билетімді жөндетіп алып келді.



304

–  Осы  арада  отырыңыз,  пойыз  жүрерде  өзім  келемін, 

мінгізіп саламын, – деп кетті. Өй, қуанғаным-ай. Сонда да 

су  жүрек  қорқақтай  береді. «Осы  мені  қай  аяйын  деп  жүр 

дейсің. Бір жерге құлата салайын деп жүр ме» деп күдіктене 

берем. Айтқанындай, біраздан соң орыс жігіт келді. Қолында 

газетке  ораған  бірдеңелері  бар,  балық,  самса,  жұмыртқа, 

колбаса, печенье. Оралған бойы маған берді. Егіліп жылап 

жібердім. Чемоданымды көтеріп, перронға алып шықты. Əлі 

де  сенбей  жүрмін.  Бірдемемді  алып  кетеді-ау  деп.  Омбыға 

шығатын пойызға қаптаған халықты қақпайлап, жүгімді өзі 

көтеріп мінгізді. Вагонға кірген соң көңілім сəл жай тапты. 

Плацкарт вагоннан орын алып отырған соң орыс жігіт маған 

ақырын сөйлеп, былай деді:

–  Сіз  қазақтың  ақыны  Сəкен  Сейффуллиннің  жұбайы 

емессіз бе? Мен сізді былтыр 1936 жылы ақын Омбыға кел-

генде еріңіздің қасынан көргенмін. Сəкен өзінің жазушылық 

өмірінің 20 жылдық тойын өткізуге баяғыда өзі оқыған, одан 

кейін Колчактың абақтысында болған Омбыға келіп еді ғой. 

Сонда  сіздер  Омбыда,  біздің  қаламызда  Сəкеннің  ертедегі 

большевик  ұстаздарының  бірі  Феоктист  Березовскийдің 

үйінде қонақта болғансыздар. Мен де бірге болғанмын. Мен 

сол Омбының бір жазушысымын. Сірə, Сəкенді қамаған ғой. 

Бізде  де  жағдай  жақсы  емес.  Ертеден  əртүрлі  жер  ауған-

дар,  баяғыда  ақтар,  Колчак  үкіметі  орнаған  үлкен  қала 

ғой.  Сол  аласапыран  кезден  бірімен-бірі  қарым-қатынаста 

көп  болған,  бірімен-бірі  өштескен,  айтысқан  жандар  бірін-

бірі сендер ақтар жағында, біз қызыл жағында болдық деп, 

ақтарға қызмет еттіңдер деп көрсетісіп, көп адамды бейкүнə 

тұтқынға  алып  жатыр.  Мен  өзім  де  бас  сауғалап,  бой  та-

салап  Орта  Азия  жаққа  бет  алып  барам.  Мына  вокзалда, 

осы  қалада  таныстарым,  жолдас-жораларым  бар.  Бұл  қала 

осы  күні  біздің  күллі  Батыс  Сібірдің  орталығы  ғой.  Сіздің 

билетіңізді вокзал бастығына барып, жалынып жөндеттіріп 

алдым, – деп,  жасы  əлі  отыздар  шамасындағы  орыс  жігіті 

менімен қош айтысты. Егіліп жыладым. Адам қысылғанда, 

зарығып тарыққанда, танымайтын көлденең біреуден көрген 


305

жақсылық жүрегіңді жарып жібере жаздайды екен. Адамның 

екі  иығының  бірінде  періште,  бір  иығында  албасты  марту 

отырады деуші еді үлкендер. Осы рас па деймін. Əлгі орыс 

жігіт  маған  періште  емей,  кім?  Ойда  жоқта  сонша  қалың 

жан  ішінен  маған  көзі  түсіп,  əлдеқалай  бір  көрген  адамын 

танып, кəріп болып отырғанымда жаны ашып, билет, тамақ 

əперіп, жылы сөзін айтып, пойызға мінгізіп салу, періштенің 

де қолынан келмес. Айтып еді, əттең жігіттің атын ұмыттым. 

Байғұс  тірі  емес  қой,  тірі  болса  Сəкен  ақталған  соң  оның 

орнын  іздеп  табар  еді.  Не  соғыста,  не  түрмеде  өліп  қалды 

ғой.  Мұндай  қайырымды  адамдар  бір  пəлеге  ұшырамай 

қоймайды. Жақсылық қайдан, қырсық, пəле неден дерің бар 

ма?! Алғысымды жаудырып, дəл бір өзімнің туған бауырым-

дай бетіне жалтақтап қарап, кете бардым. Сол жігітті қайтып 

бір көрсем-ау деуші ем. Əлі күні армандамын. Орыс, қазақ, 

туыс, жат дерің бар ма! Жақсыда жаттық жоқ деу осы.

–  Омбыда  да,  Қызылжарда  да  өзге  пойызға  ауысып 

міндім, – дейді Гүлбаһрам. – Бұл жақта сəл жеңілдеу болды. 

Адамдар аздау екен. Ақмола жаққа баратын адамдар табы-

лып,  елбесіп-селбесіп  жүріп  кеттім.  Аян  əлсіреді.  Нəр  тат-

пады. Ерні кезеріп, екі беті ісініп кетті. Ауру бала тататын 

не  ас  болушы  еді  пойызда.  Қапырық,  ыстық.  Баланың  көз 

жанары  да  кетіп  қалды.  Бұрынғы  жылау  да  қалды.  Дыбыс 

та  шығармады.  Былқ-сылқ  кірпігін  аша  алмады.  Ішім  от, 

маңдайын  иіскеп,  іштей  күңіреніп,  бауырыма  баса  берем. 

Күйінгенде  қолымнан  түсіріп  ала  да  жаздаймын.  Ақыры 

кірпігін шала қақты. Үнімді шығара алмай өксимін, дəрмен 

қалған  жоқ. «Сəкен-ай,  сен  неге  Сəкен  болдың?!  Баяғыда 

Колчактың  азап  вагонында  неге  өліп  қалмағансың?  Өзің 

де  азап  тарттың,  бізге  де  көресіңді  көрсеттің,  қайран  саба-

зым! Алдың да, артың да оңбады-ау! Бізге дегені көп екен 

құдайдың  да,  өкіметтің  де»  деп,  ішімнен  өртеніп  келем. 

Баланың  əлі  əбден  бітті,  ықылық  ата  бастады.  Дауысым 

шығып  кетті.  Құлындағы  дауысым  құраққа  шықты. «Əй, 

көріңде өкіргір Сталин-ай, Сəкеннің тырнағына тұрмайтын 

Ежов ит-ай!» – деп айғайлап жібердім.


306

Маңайымдағы жұрт қасқыр көрген қойдай үркісіп, орын-

дарынан ұшып тұрысты, менен ығыса бастады. Есімнен ай-

рылып  қалғандаймын,  еркек-əйелдердің  бəрі  де  үрпиісіп, 

түксиісіп маған қадала қарап калысыпты. Сəл есімді жидым. 

Біреу милиция шақырып, əлгі сөзім үшін мені ұстатады екен 

деп ойладым. Ұстай берсін, енді нем қалды! Байдан айырыл-

дым, үйден қуылдым, дүниені талақ қылдым. Бəрін де тəрк 

еттім. Жаны ашитын, ауызға су тамызатын ешкім жоқ. Өзім 

болсам, жер ауып барам. Білегім талса да, сүйенген жалғыз 

ұлым міне өліп барады. Дем салып, үшкіріп, түшкіретін де, 

кəлимаға тіл келтіретін де ешкім жоқ. Өмірімде бар көрген 

қос перзентімнің бірі, бар сүйенген қанат-құйрығым Аянжа-

ным міне біржола көзін жұмуға таяу. Көзім ағарды. Тезірек 

қамап, абақтысына салса екен! Өзімнің бара жатқан жерім 

де абақты ғой. Зар қақтым. Күңірендім. Тек ешкім милиция 

шақырған жоқ. Тек менен іргелерін аулақ салысып, бəрі де 

іштерінен тынып, тым-тырыс отырысты.

Вагондағы қазақтар Сəкеннің атын естіп, бетіме таңырқап 

қарай  береді.  Баламды  шайқап,  теңселіп  боздап  отырмын. 

«Ежов  ит-ай!»  дегенім  есімде.  Баяғыда  осы  бір  оңбаған 

Қазақстанда, Семейде, Қызылорда да қызмет істепті. Жұрт 

өзін  мегежін  дейтін.  Семейде  губком  хатшысы  болыпты, 

Орынбордан  Семейге  Сəкен  барса,  совнарком  төрағасына 

Ежов  құйтұрқыланып: «Осы  сіздің  қазақ  неге  арызқой? 

Бірінің үстінен бірі арыз жаза беретін себебі не?» – деп ке-

кеткендей  боп  Сəкеннен  сұрапты.  Қашаннан  ештеңеден 

тайынбайтын,  беті-жүзің  демей  шынын  тіке  айтып  тастай-

тын,  тілі  өткір  Сəкен  сонда: «Біздің  қазақ  патша  заманын-

да  қорлықты,  кемдікті  көп  көрді,  теңдікке,  əділдікке  қолы 

жетпеді.  Содан  да  қазақ  арыз-шағымды,  приговорды  көп 

жазған. Патша əкімдері пəлеқор, жемқор болды. Сондықтан 

да олар бірін жақтап, бірін қорлап пара алу үшін, қараңғы 

ел  ішін  біріне  бірін  атыстырып,  шабыстыру  үшін  бірінің 

үстінен  біріне  арызды  бұрқыратып  айдата  берген.  Міне 

сол кездегі арқасына ер батып, таңдайына тұз тиген сорлы, 

қараңғы  қазақтың  теңдікке  əлі  де  қолы,  сөзі  еркін  жетпей 


307

жатыр. Арызды көп жазатыны содан» деп Ежовты тұқыртып 

жауап беріпті. Осы сөзді Сəкен өзі айтып еді. Енді міне, сол 

қу Ежов Москваға барып, Сталиннің оң көзі болып алып, ал-

дымен Қазақстанның өзі білетін басты-басты мықты адамда-

рын жуадай жапырып, жегідей жеп, шөптей орып отыр.

Сəкеннің  артта  қалған  шиеттей  жалғыз  тұяғы,  көзінің 

қарашығы соның қырсығынан ұзақ жол қиындығына шыда-

май, ішінен қан өтіп, дизентерия болып, екі көзі жаудырап, 

білегімді  талдырып,  жүрегімді  жандырып,  бойымды  алды-

рып, өкпемді қабындатып, суалғыр екі көзімнен қанды жа-

сымды  ағызып,  қолымда  шөптей  солып  өліп  барады.  Енді 

Ежовты  қарғамағанда,  Сталинге  лағынет  айтпағанда  кімді 

қарғаймын!..

Пойыз Көкшетауға келді. Қолымдағы балам көзін жұмды. 

Аузына су тамызған боламын. Өксідім. Іші-бауырым езілді. 

Өлімнен үлкен не бар. Алдында өзімнен сескеніп, үріккен, 

бала-шағаларын маңыма жолатпаған бірсыпыра еркек-əйел 

мені  енді  аяп,  қолтықтап,  буған-түйгендерімді  көтерісіп, 

станцияға түсірісті. Алдында, бала əлі тірі кезінде біреулері 

əртүрлі  ем  айтып  жатты.  Қара  шай  ішкіз  десті.  Еменнің 

қабығын  қайнатып  бер,  сонда  іші  тиылады,  десті.  Қара 

шай, емен қайда! Бар болса да, оны ішуден баланың қалып 

қойғаны  қашан.  Жұрт  емен  ағашын  айтқанда  Алматыдағы 

үйіміздің ауласы көзіме елестеп кетті. Ауламызда биік-биік 

емен  ағаштар  болатын.  Сəкенім  Аянжанды  қолына  алып, 

сол  емен  ағаштардың  көлеңкесінде  саялап,  баласын  аялап 

отырушы еді.

Вагондағылардың  біреуі  шабаданымды  көтеріп,  бұйым 

сақтайтын  қоймаға  өткізді.  Менің  кім  екенімді  Сəкенді 

ауызға  алып  жылағанымнан  білді.  Қайтсін,  оларға  не  кінə 

бар?  Бəріне  де  жан  керек.  Бірауыз  бейсуат  сөзі  үшін,  бір 

қадақ бидайға бола атылып, не он жылға кесіліп жатқандар 

көп.  Менің  аузымнан  ақ  ит  кіріп,  қара  ит  шыққанын  өз 

құлақтарымен естіп, зəре-құттары қалмай, бірінен бірі қор-

қып, өзді-өзінен сескеніп келе жатқандары мынау. Əрі мен 

халық жауының əйелімін. Өзім де жер ауып келемін. Ешкімге 


308

қояр кінəм жоқ. Қайта құдайға қараған екен, ешқайсысы ми-

лиция шақырып, мені ұстап берген жоқ.

Өзімізге таудай азамат болып көрініп қалған, секіріп ат-

тай  шауып  жүрген  Аянымның  өлі  денесін  құшақтап,  буы-

нымнан əл кетіп түстім. Бір кемпір қолтықтап түсірді. Сол 

бойы  жаяу  қалаға  тарттым.  Станциямен  екі  ара  көп  жер. 

Бұрын талай келген Көкшетауым, сəн-салтанатпен келетін, 

жұрт  алдымыздан  шығатын  Көкшетауым!  Көкшетауда 

Сəкен де жұртқа Көкшетау еді. Сəкеннің «Көкшетау» поэ-

масын қызыға, құмарта оқушы еді жұрт. Сəкеннің əнін ер-

əйел  қосылып,  құмарта  айтушы  еді.  Міне,  сол  Көкшетауға 

өлі баламды бауырыма басып жалғыз өзім жаяулап келемін. 

Бұрын Сəкеннің алдынан Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбы-

рай,  Балуан  Шолақ  құшақ  ашып  тұрғандай  болушы  еді, 

енді  міне  шет  жақта  бір  жетім  татар  кемпірі  болушы  еді. 

Сабыр  Шəріповтың  бір  жақыны  еді.  Сол  абыстайдың  үйін 

іздедім.  Мұндайда,  басына  ауыртпалық  түскендер  өзіндей 

жетім-жесірлерді  ғана  іздейді  екен.  Болып-толып  тұрған 

адамдардан қашады екен. Олардың көбісінен қайыр да бол-

майды екен. Басы аманның малы түгел деу осыдан шыққан 

сөз  болса  керек.  Мұндай  адамдар  мені  үйлеріне  кіргізбеуі, 

маңайларына  жолатпауы  мүмкін  ғой.  Сый-сияпат,  алдыңа 

түсіп  құрдай  жорғалау  өзіңде  болып-толып  тұрған  күнде 

ғой. Қолыңнан дəулет, басыңнан бақыт құсы ұшып кеткенде 

ілуде біреу ғана, кісілікті, зерделі, қайырымды адамдар ғана 

қарайласып,  қарасатын  көрінеді.  Мұны  жайшылықта  жұрт 

біле бере ме!

Кемпірімнің  үйін  таптым.  Ақырын  ғана  есік  қақтым. 

Абыстай  есік  ашты,  алдымда  аңырып  тұр.  Баяғысынан  да 

қартайыпты, бір уыс болып шөгіп кетіпті. Мені зорға таны-

ды. Тегі өң-түсім болмау керек, не өң болушы еді! Былтыр-

дан көрген қорлық, шеккен азап, енді міне өлі бала! Топырақ 

опқандай, екі бетімді күл басқандай күлді-бадам болып кет-

сем  керек.  Екі  бетім  көз  жасымен  сора-сора,  бұрымым  ду-

дардай.  Үсті-басым  кір-қоң.  Көрден  шыққандаймын,  тірі 

əруақпын. Кемпір байғұс шоршып кетті.


–  Ойпырым-ай,  Гүлбаһрамбысың?  Жаным,  мұнша  неге 

жүдегенсің. Қолыңдағың, бауырыңа басқаның не? Балаң ба? 

Құшақтаған түрің келіспей тұр ғой, тірі ме өзі? Үйге кірші. 

Жуыншы, ас ішіп жаныңды шақыршы – деп əни байғұс асты-

үстіме түсіп, жүрісімнің суықтығын көріп, біліп тұр. Кірпік 

қақпай, аң-таң болып, құшақтады.

– Əни, қазір үйге кірмеймін. Маған еріп зират жаққа жүрі-

ңізші. Қолымдағы балам. Жаңа пойызда өлді. Темір күрегіңіз 

бар ма? Алып жүріңізші. Бірер метр ақ кездемеңіз бар ма? 

Бір  шəйнек  су  алыңызшы.  Баланы  көмейік,  аятын  оқыңыз, – 

деп  сыртқы  басқышқа  ботадай  боздап  отыра  кеттім.  Əни 

сасқалақтап,  маған  сусын,  бірдеңе  жұтқызып  жатыр.  Екі 

қарым  талып,  саусақтарым  қарысып  қалыпты.  Аянымды 

қасыма  қойып,  біраз  солқылдап  жыладым.  Кемпір  байғұс 

бірдеңелерін орап, тағы бір көрші əйелді шақырып, үшеуміз 

қала шетімен зиратқа бардық. Ұрлық қылған адамдардай, бір 

шетте ұрланып жүрдік. Зираттың бір шетінен бір кездей жер 

қазып,  баланың  тəнін  бір  шəйнек  сумен  шомылдырып,  ақ 

шүберекке орап көмдік. Абыстай қол жайып, Құран оқыды. 

Мен егіліп жыладым. Бет сипадық. Қасымдағы екі əйел де 

жылады.  Орнымнан  екі  əйел  қолтықтап  зорға  тұрғызды. 

Томпайған қара топырақ зират шетінде қала берді. Артыма 

қарай берем. Қайран, ерке Аяным бір түсік құрлы болмай, жер 

томпайтты да қалды. Үлкендер нəресте туып, топ етіп жерге 

түскенде, екінші бір жердің топырағы бұрқ ете қалады, адам 

өлгенде  сол  жерге  қойылады  деуші  еді.  Аяным  Алматыда 

туғанда Көкшетаудың осы бейітінен бір уыс топырақ бұрқ 

ете түскен екен. Құлынымның сүйегін Сібірде қалмай, əкесі 

өмір бойы тебірене жырлаған, көңілінде жатса-тұрса аялаған 

Көкшетау топырағында қалғанына да кейін шүкіршілік ет-

тім. Осы күні Сəкенімнің өзі де Көкшетауда көмілді деп жо-

римыз. Оқжетпестің төбесіне Сəкеннің тұлғалы мүсінін ор-

натып қояр ма еді деп те ойлаймын...


310

Гүлбарам СЕЙФУЛЛИНА



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал