Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет17/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

ӨРЕН ТҰЛҒА

Сəкен Сейфуллиннің туғанына 80 жыл

Өткен  сейсенбі  күні  М.Ю.Лермонтов  атындағы  респуб-

ликалық орыс драма театрында қазақ совет əдебиетінің ірге-

сін қалаушылардың бірі, революционер ақын, қайраткер Сə-

кен Сейфуллиннің туғанына сексен жыл толуына арналған 

салтанатты жиналыс болды. Алматы қаласы еңбекшілерінің, 

қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының өкілдері, партия 

жəне мəдениет қызметкерлері қатысқан бұл үлкен жиналыс-

ты Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші се-

кретары Əнуар Əлімжанов ашты.

Сəкен Сейфуллиннің өмірі мен творчестволық жолы ту-

ралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секрета-

ры, «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы Сырбай Мəуле-

нов  баяндама  жасады. «Сəкен  Сейфуллин  сияқты, – деді 

баяндамашы, – ғажайып  жомарт  жəне  шын  мағынасында 

əдемі  ерлік  тағдыры  бар  адамдар  өте  сирек  кездеседі.  Жа-

лынды революционер, ақын, прозашы, драматург жəне пуб-

лицист,  мемлекеттік  жəне  қоғамдық  қайраткер,  қазақ  со-

вет əдебиетінің жəне көп ұлтты казақ халқының жаңа мəнді 

мəдениетінің іргесін қалаушылардың бірі – Сəкен Сейфул-

лин нағыз қызыл сұңқардың өзі болып еді. Ол – өз дəуірінің 

ардагер ұлы, өрен тұлғасы. Сəкен – революция қарсаңындағы 

ұлттық  ояну  дəуірінің,  Ұлы  Октябрь  социалистік  револю-

циясы  жəне  азамат  соғысы  дəуірінің,  Совет  өкіметін  орна-

ту жəне социалистік жаңа мемлекеттің Қазақстанда орнауы 

дəуірінің  төл  перзенті.  Сəкен  Сейфуллиннің  бүкіл  творче-

ствосы – жаулар  жүрегіне  кезелген  маузер,  сонымен  бірге 

достарының  жүрегіне  жарқын  рух,  берік  сенім  ұялататын 

құдіретті  сөз,  лапыл  қаққан  от.  Оның  шығармаларының 

əрбір  жолы  өмірдің  өз  өзегінен  алынған.  Уақыт  Сəкен 

творчествосының  осындай  қасиет-қадіріне  өзінің  əділ  де 


266

игі бағасын берді. Ол совет жазушысының ең жақсы сапа-

ларын  өз  бойына  дарытқан  нағыз  үлкен  ақын,  азамат  еді. 

Сондықтан да оның барлық шығармалары бізге ұғынықты, 

барлық  кейіпкерлері  бізге  етене  жақын.  Оның  бүкіл  твор-

чествосы  елімізде  коммунизм  орнатудың  игілікті  ісіне 

əрдайым  қызмет  ете  бермек.  Сəкен  Сейфуллиннің  өзі  де 

біздің бүгінгі жазушыларымыздың ең сүйікті кейіпкерлеріне 

айналып отыр. Біздің əдебиетіміздің алқара көк аспанында 

талай жарқын жұлдыздар бар. Солардың ішінде мəңгі естен 

кетпес Сəкен Сейфуллиннің ақындық жұлдызы əрқашан да 

жарқырап тұрмақ».

Баяндамадан  соң  республикамыздың  қарт  жазушысы, 

Сəкеннің замандасы жəне шəкірті Ғабиден Мұстафин естелік 

айтты.

– Сəкенді көргендер күн санап азайып, көрмегендер көбейіп 



келеді, – деп  бастады  ол  өзінің  əңгімесін. – Көрмегендер 

көрсем, көргендер көре түссем дейтін жаратылысы өзгеше та-

маша жан еді ол. 1921 жылдың жазында алғаш рет жүздескен 

сол Сəкенді менің де көрмегеніме міне 45 жыл өтіпті. Содан 

бері менің көңілімдегі оның жарқын бейнесін əлі титтей кір 

шалған жоқ. Орта бойлы толқынды қара шашты, өткір қара 

көзді, сымбатты, көрікті кісіге қадала қарағанда сыртың түгілі, 

ішіңді  көріп  тұрғандай.  Ал  оған  қадалған  көздер,  əсіресе, 

əйел көздері оңай айырыла алмайтын. Сырты өте сұлу, кер-

без, тəкаппар, іші өте жадағай, кішіпейіл еді. Айлалы, майда 

сөзді,  жұмсақ  мінезді  еместі.  Айтарын  турасынан  келте  ай-

татын,  сенсе  қалтқысыз  сенетін  сенгіштік  мінезі  басым  еді. 

Алданған, не толғанған кезде сырын тек қаламы ашатын. Көп 

жазсам  деуден  аулақты.  Кеудесін  ой  кернегенде,  сөз  керне-

генде ғана жазып отыратын.

Сəкеннің  атағы – ғасырлық  атақ.  Ол  артына,  халқына 

асыл мұра қалдырып кетті. Мұралардың ең қымбаты – сөз. 

Сөз  күн  шалмас  қараңғы  көңілді  шалады,  күн  жылытпас 

суық  көңілді  жылытады.  Асылы,  адам  да,  нəрсе  де  тоза-

ды,  жоғалады.  Асыл  сөз  мəңгі  жасайды.  Əр  заманның,  əр 

қауымның  өзіне  тəн  жаңа  ойы,  ойын  жұртқа  жаятын  жаңа 


267

сөзі бар. Бұл сөзді кім бұрын тауып айтса, бақыт құсы соның 

басына  қонады.  Қазақ  даласына  осы  жаңа  сөзді  алғашқы 

əкелген  қарлығаш,  дəлірек  айтқанда,  советтік  социалистік 

дəуір сөзін əдебиетімізге арқау етіп енгізген новатор Сəкен 

ғана.  Сəкен  тұсында  əдебиеттің  жас  бұтағы  болған  біз  нақ 

бұл күндерде бəйтерекке айналдық. Сəкен айтуға үлгермеген 

сөздерді біз айттық, Сəкен шығуға үлгермеген белестерге біз 

шықтық. Сəкен тұсындағыдан біз əлдеқайда биіктеп кеттік. 

Сонда да Сəкен əлі алда, əлі биік боп көрінеді. Себебі не? 

Ағынмен аға беруге болады, ағынмен қарсыласа отырып бір 

мақсатты  жерге  жетуге  болады.  Сəкен  мақсатына  тулаған 

толқындармен  алыса  отырып  жетті.  Сəкен  өз  тұсында  топ 

жара  шығып,  халық  көңілінің  төрінен  орын  алды.  Қазіргі 

жазушыларға  бұл  дəрежеге  жету  ұлы  арман.  Сондықтан 

Сəкеннің орны қазақ совет əдебиетінде өзгеше. Сондықтан 

ол бізге ерекше ардақты, ескірмейтін өнеге.

Бұдан кейін ақындар: Қалижан Бекхожин, Валерий Анто-

нов жəне Сағи Жиенбаев Сəкенге арналған өлеңдер оқыды. 

Салтанатты жиналыстан кейін спектакль көрсетілді.

Сəкен  Сейфуллиннің  туғанына  сексен  жыл  толуына  ар-

налған  салтанатты  жиналысқа  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі 

Президиумының  Председателі  С.Б.  Ниязбеков,  Қазақстан 

Компартаясы  Орталық  Комитетінің  секретарлары  С.Н.Има-

шев  жəне  В.К.Севрюков,  Казақстан  Компартиясы  Алма-

ты  облыстық  комитетінің  бірінші  секретары  А.А.Асқаров, 

Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші 

секретары  П.И.Ерпилов,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитеті  Мəдениет  бөлімінің  меңгерушісі  М.И.Есенəлиев, 

Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің сек-

ретары Б.А.Төлепбаев қатысып отырды.

Сəкен ағаның 80 жасқа

толған салтанатты жиналыста

сөйлеген Ғ. Мұстафиннің сөзі.

«Қазақ əдебиеті» газеті, 1974 жыл, саны,

күні-айы белгісіз. (газет қиындысы).


268

Жайық БЕКТҰРОВ

СƏКЕННІҢ СОҢҒЫ СƏТТЕРІ

Сəкен  Сейфуллин  ақталған  тұстан  бастап,  осы  ардақты 

ағамыздың зайыбы Гүлбаһрам жеңешемізбен жиі сұхбатта-

сып жүрдік. Алматыдағы Космонавт көшесіндегі соңғы екі 

бөлмелі  өз  үйінде  де,  Қарағандыдағы,  Ақмоладағы  төркін 

жұрты, өз ағалары ақын Қайып, Жақия, Закария, Садық Ай-

набековтер əулеті төңірегінде де, Сəкеннің 70 жылдық тойы, 

одан кейін 1967 жылы Сəбит Мұқановтың «Сəкен Сейфул-

лин» атты пьесасының Қарағанды, Целиноград театрларын-

да қазақша жəне орысша қойылуы сапарларында да, Жетісу, 

Сарыарқа аймақтарындағы серуен-сапар кезінде де Сəкеннің 

жұбайы  Гүлбаһрам  Батырбекқызымен  көп  сыр  шертістік. 

Енді сол сыр сандықтың кілтін біраз ашып көрсек дейміз.

– 1937 жылы, əсіресе сол күзде Сəкен ағамыз үйде, түзде 

қалай жүрді. Біз сол кезде үлкен ағаны Алматыда көре алмай, 

көңіліміз əлде неге күні бұрын суи беріп еді. Əртүрлі суық 

сыбыс  шықса,  құлағымыз  селт  ете  берді, – деп  сұраймыз 

ғой.


– Сəкен 1937 жылдың екінші жартысынан былай үйден 

жөнді  шықпай  қойды.  Тек  біраз  күн  Алматы  іргесіндегі 

Байсеркеде  үй  тіктіріп  жатты.  Көбінде  өзімен-өзі  болып, 

үндемей тұйық отыратын еді. Көп тұнжырады. Кейде қолына 

қалам  алса  да,  жөнді  ештеңе  жазбай,  қағаздарын  алдынан 

сырғыта  салды.  Еңсесі  түсіп  кетті.  Таяғын  ұстап,  терезеге 

көп  қарайды.  Басқаға  да  зауқы  соқпады.  Ешқайда  телефон 

да соқпады. Үйге де жөнді ешкім келмеді. Оқта-текте Сəбит 

кіріп шығады. Төр үйде күңкілдесіп біраз сөйлеседі. Сəкен 

газет оқиды да, көңілсіз тастай береді. Көптенгі жақын жол-

дастары, жақын достары халық жауы атанып жатыр. Нығмет 

Нұрмақов,  Абдолла  Асылбеков,  Жанайдар  Сəдуақасов, 

Əбілқайыр  Досов,  Хамза  Жүсіпбеков,  Ілияс  Жансүгіров, 

Бейімбет Майлин, бəрі-бəрі жаман атпен кетіп жатыр. Бəрі 

де əшкереленіпті деседі. Сəкен бас шайқап, күрсінеді. Үйге 


269

сыймайды. Тілі шығып, тəтті сөйлеп қалған кішкентай Ая-

нын құшақтап, мойнына мінгізеді, тым-тырыс отырады.

Бір  күні  өзін  де  газетке  жазыпты.  Сəкеннің,  Сəбиттің, 

Ілиястың,  Бейімбеттің,  Мұхтардың  үйлері  кеңес  өкіметіне 

қарсы өсек-аяң тарататын притонга айналды деп те жазып-

ты.  Сəкенді  троцкийшіл,  ұлтшыл,  фашист,  сатқын,  опасыз 

депті. Сəкен қатты күйінді. «Апыра-ау, кеңес өкіметін осын-

дай пасық сөз естиміз деп орнатып па ек? Баяғыда азап ваго-

нына түбі өстиміз деп қамалып па ек? Бұл неткен жала! Бізді 

фашист деуге ауыздары қалай барады?» – деп қатты күйінді. 

Бір отырды, бір тұрды. Сəкен кейігенде, ашуланғанда ызала-

нып, назаланғанда түсін суытып, жолбарыстай сестеніп, тым 

қатуланып,  айбарлы,  ызбарлы  болып  кетуші  еді.  Біраздан 

соң  ол  киініп,  сақал-мұртын  басып,  үйден  шықты.  Қайда 

баратынын да айтқан жоқ. Сəкеннен сөз сұрауға болмайды. 

Көп  кешікті,  алаңдап,  қорқып  отырдым.  Жұртта  зəре  жоқ. 

Екінің бірі лезде көзден таса болып кетіп жатыр. Кешке бар 

адам, таңертең жоқ.

Ақыры  Сəкен  үйге  кештетіп  келді.  Білдірмеген  боламын. 

Шыным. Сəкен бір жаққа шығып, үйге аман келгенде, тыныш 

бір түн ұйықтап тұрғандай қуанып, бір күнімді бір жылдай 

көрем. Адам жайшылықта да өзінің бір күнгі тыныштығына 

қуанып  отырса  ғой.  Сəкен  менің  көзіме  сол  күндері  үйге 

бір  қонып  қана  кететін  қонақ  сияқты  көрініп  еді.  Жастық 

па, астамшылық па, бұрын қанша алай-бұлай болсақ та, ел 

ішіне  реніш  кіргелі,  қабағымызға  кірбің  түскелі  бірімізге 

біріміз тым жақын, тым сыйлы, сыйлас болып кеттік. Ойы-

мызды  қас-қабағымыздан  таныдық.  Бірімізді  біріміз  рен-

жіткіміз,  қабақ  шыттырғымыз  келмейді.  Іңір  арасында 

есік-терезе  сырт  етсе,  əлде  телефон  шырылдаса,  елегізіп, 

шошып  қаламыз.  Екі  көзіміз  сыртта  болады.  Тек  екеумізді 

қылықты, сүйкімді, тілі балдай Аянжан бір мезгіл күлдіріп, 

қабағымызды жадыратады.

Гүлбаһрам  күрсініп  те,  жадырап  та  сыр  айтады: – Сəкен 

мүлдем балажан болып кетті, – дейді жеңешеміз, – тоқтас-

қанда, қырықтың үстіне шыққанда көп зарығып жүріп көр-


270

ген жалғыз ұлы ғой. Сəкен «Біздің тұрмыс» деп кітап жаз-

ғанда  соның  кейіпкерін  Аян  деп  атаған.  Аян,  Ардақ  оның 

жақсы көретін аттары еді. Сəкеннің көңілін тауып, ұлының 

атын Аян деп Мұхтар қойған. Ертедегісін жөнді білмеймін, 

Мұхтар  отыз  екінші  жылы  абақтыдан  босап,  үйірге  қайта 

қосылғанда, Сəкенмен 

көңілдес


 болды. Сырт көзге Сəкеннің 

мінезін былайғы жұрт тік, бірбеткей деп ойлайтын. Шыны, 

біздің  Сəкен  адамға  қайырымды,  кешірімді  еді.  Өздері  ер-

теде  Омбыда  бірге  оқығанда  бірін-бірі  сынап,  жамандап, 

қатты  сөгіп,  өлең  жазысқан,  кейінде  бірі  большевик,  бірі 

ұлтшыл ақын аталған, өзіне қатты тіл тигізген Мағжан ла-

герьден  келгенде,  оны  үйде  құшақтап  қарсы  алып  еді.  Зор 

ықылас білдіріп, қадір тұтып еді. Мағжан ертеде тілін қатты 

қадағаны  үшін  Сəкеннен  кешірім  сұрап,  алдына  бас  игісі 

келген. Сонда Сəкен оған: «Жоқ, сен кішірейме, сенің кінəң 

кешірілді, бейнет көрдің» деп талай жыл бір шетте, күні мен 

түні  бірдей  теріскейде  айдауда  болып  қайтқан  ақын  досы-

на  қайырымды,  сыпайы  мінез  көрсетті.  Тіпті  ол  қызметке 

орналасқанша қаражат та беріп, көмектесіп еді.

– Иə, сөйтіп Сəкен үйге кештеу оралды, – дейді Гүлбаһрам. – 

«Қайда бардың?» – деп сұрай алмадым. Іңірдегі шəй үстінде 

сəл жадырап, өзі сөйлеп отырды.

–  Леонид  Исаевич  Мирзоян  жолдасқа  бардым,  газетті 

көрсеттім. «Оқыдыңыз ба, бұл не?» – деп сұрадым. Өтініш 

айттым, Мирзоян жолдас шын большевик, нағыз коммунист 

екен. Өзім бұрын да жақсы көруші ем. 1933 жылдың басында 

Қазақстанға келгеннен мені ол еркелетіп, аялап бақты. Өкпем 

жоқ. Əдебиеттегі жиырма жылдығымды айғайлатып тойлат-

ты. Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады. Былтыр Консти-

туция қабылданған Советтердің төтенше VIII съезіне делегат 

етіп сайлатты. Пушкиннің опат болуының 100 жылдығын өт-

кізетін Бүкілодақтық комитет мүшелігіне өткіздірді. В.И.Ле-

ниннің  алты  томдық  күрделі  еңбектерін  қазақ  тіліне  ауда-

рушылар  алқасына  кіргізді.  Атымды  Семейдің  педагогика 

институтына, туған, алғаш оқыған жерімдегі теміржол стан-

циясына, Алматыда, Ақмолада мектепке қойғызды. Əлі елу-


271

ге келмеген көзі тірі қай жазушы мұндай атақ-абыройға ие 

болды?!

Былтыр  жиырма  жылдығым  тойланғанда  Ілияс  Жансү-



гіров «Қыран қызыл сұңқарым, қызыл аты қазақтың, домбы-

расы  даланың,  экспресі  қаланың,  советстаны  елімнің»  деп 

буырқана  өлең  жазып  еді.  Одақтың  ақсақалы  М.  И.  Кали-

нин  өз  қолымен  омырауыма  Кремльде  байғазы  қадап  еді. 

Мұхтар  Əуезов  «Тəкаппар  ақын»  деп,  менің  асқақтығым, 

артықшылығым  еңбекші  таптың  асқақтық-артықшылығы 

деп  тебірене  жазып  еді.  Ілияс  «Жырламасқа  теңіздей  қуа-

ныштың  шегі  жоқ,  ардақталған  өзіңдей  қазақта  ақын  тегі 

жоқ»  деп  еді.  Алатау,  Гималай  басынан  құлаған  ағын  су-

дай  ағылып  Сəбит  Мұқанов  мені  жер-көкке  сиғызбай  мақ-

тап,  газеттің  төрт  бетіне  бастырып  еді.  Расында,  менің 

ақындық өміріме былтыр жиырма бес жыл толып еді. Мен 

өлеңді 1911 жылдан жаза бастап едім. Осы ширек ғасырдай 

өмірім,  еңбегім  еліме  арналып  еді.  Енді  міне,  арада  небəрі 

бір жыл өткенде жау, троцкийшіл, фашист деп газетке жа-

зып, қайдағы жоқ, өсек-қауесетті таратып жатыр. Бұл қалай 

Леонид Исаевич, өзіңіз оқыдыңыз ба? – деп газетті Мирзоян 

жолдастың алдына қойдым. Ол кісі үндемей бетіме телміре 

қарап көп отырды.

– Оқыдым, неге оқымайын! – деді Леонид Исаевич күрсі-

ніп. Орнынан тұрып, қасыма келді. Арқамнан қағып құшақ-

тады. Екеуміздің жасымыз да, партиялық стажымыз да ша-

малас еді. Арамызда бір-ақ жыл айырма бар еді. Құрдаспыз 

деуші едік. – Құрметті қадірлі Сəкен, аяулы Сəкен, келгенің 

дұрыс  болды.  Бұл  мақаланы  менен  көріп  жүрсің  бе  деп 

күдіктеніп  те  едім.  Менің  төңірегімдегілердің  бірі  жазған 

соң, əрі біздің өз газетіміз басқан соң солай ойладым. Шы-

ным,  қадірменді  Сəкен,  революционер,  большевик,  ақын 

Сəкен  қазір  біздің  қолымыздан  билік  кетіп  қалып  тұр.  Өз 

газетімізге де ие бола алмай қалдық. Маған өкпелеп жүрме. 

Арандатушылар,  өсек-аяң  таратушылар,  жала  жабушылар 

көбейіп кетті, – деп Леонид Исаевич ағынан жарылды. Қатты 

риза болдым. Мирзоян жолдас шын коммунист екен. Жала-


272

дан  қорғауға  шамасы  келмей  отырғанын  айтқанына  қатты 

риза болдым. Ара түсе алмаса да, көңілім өсіп қайтты. Тура 

тұтқиылдан келген кесел, тіке ажал, алапат, опат, зауал бол-

са, кім ара түсе алады! Іс басындағы жауапты адамдардың 

адалдығына көзің жетсе, көңілге дауа ғой.

Сол  күндері  бір  кеште  Сəкен  үй  ішінде  ерсілі-қарсылы 

көп  жүрді  де,  ойланып  көп  отырды.  Қабағын  керіп,  маған 

тұнжырай қарады. Бірдеңе айтқысы келгенде ол осылай са-

бырлы болып, біраз тұнжырап отырушы еді.

–  Гүлбаһрам, – деді  ол, – ертең  алай-бұлай  болып  кет-

сем, кішкенемен жалғыз қаласың. Бұл үйде сені отырғызбас 

та.  Ұсталған,  қамалған  жолдастардың  бала-шағаларын, 

əйелдерін үйлерінен қуып шығып жатқанын көріп отырсың. 

Ертең сені де... – деп Сəкен сөзінің соңын айта алмағандай 

бегеліп қалды.

– Сəкен, қайдағы жоқты айтпашы! Жоқ пəлені шақырма-

шы! Саған ешкім тимес, тие де қоймас, – деп жұлып алғандай 

сөйлеп кеттім. – Сен басшы жұмыста жоқсың, өзіңмен өзің үй-

де отырған бейкүне жансың, қайдағы пəлені неге айтасың? – 

деп бекіндіріп, көңілін аулап жатырмын. Ал, өзімнің жыла-

ғым да келіп отыр. Тек білдірмедім.

–  Жаман  айтпай,  жақсы  жоқ.  Біраз  қаражатымыз  бар 

ғой. Ертең мына баланы, сені кім асырайды? Ақшаны кімге 

сақтатсақ екен?! – деді Сəкен, бейғамдау сөйлеп. Əншейінде 

ол  мұндай  үй-іші  шаруасына  жөнді  ақылдаса  қоймайтын-

ғой. Аң-таң қалдым. – Өзіміздің Мəжит қалай? Ақшаны бір 

жерге тығып ұстауға ыңғайы келер ме екен.

Мен үндемедім. Сəкен бетіме тесіле қарады. Мен төмен 

қарай бердім.

–  Біздің  Мəжит  епті  емес.  Пысық  та  емес.  Бұл  шаруа 

қолынан келе қоймас, – деп Сəкен менің ойымды айтқызбай 

түсінді. – Аңқаулау, əрі қорқақтау, сорайған бойы болмаса, 

тым  жуас,  айла-қулықты  білмейді.  Тегі  бұл  оның  қолынан 

келмес – деп  Сəкен  біраз  ойланып  отырды. – Ана  Жақия 

қалай? Сол жігіт пысық сықылды. Сөзінде тұратын тиянақты 

ма дедім өзін, – деп Сəкен тағы бетіме қарады.


273

Əншейіндегідей  емес,  менімен  ақылдасып  отыр.  Сəкен-

нің  «Жақия»  деп  отырғаны 1964 жылы  Сəкен  ағаңның 70 

жылдығын  тойлағанымызда  біздің  үйде  де,  Мəжит  үйінде 

де  көршілікке  тік  тұрып  қызмет  етіп,  артынша  бəрімізді 

Ұзынағашқа, Жамбыл ауданына апарып, Сəкенге үлкен той 

жасаған  Жақия  Рақымбаев.  Сол  жолы  ол  өзімізбен  бірге 

сіздің  Қарағандыға  да,  Жаңаарқаға  да  барды  ғой.  Сəбит, 

Сəкеннің совдептегі Захар Катченко, баяғыда Сəкенді Түр-

кістан  асырып  салатын  Сүйіндік  батыр,  өзіміздің  Мəжит, 

Қажым  Жұмалиев,  Сəйділдə  Талжанов,  Сейітжан  Ома-

ров,  Тұрсынбек  Кəкішұлы  ініміз,  өзің  бар,  бəріміз  Сəкен 

мерекесінде  серуендегенде,  Жаңаарқадағы  Иманақ  тауына 

көп үй тігілгенде қасымызда болған Жақия қайным. Жақия 

ол  жылдары  Жамбыл  ауданының  бір  миллионер  колхозы-

ның председателі болатын. Өзің де барғансың ол колхозға. 

Мамыр айында жапырағы мəуелеп, тамылжып тұрған бақша-

бау  ішінде  ұлан-асыр  той  болып,  кең  дастарқан  жайылған 

еді ғой.

Бұл жігітті Сəкен өзі 1930 жылы күз Алматыға өз елінен 

қасына  ертіп  əкелген.  Арғы  іргедегі  Ақмолаға  теміржол 

келіп тұрса да, баяғы жаяу-жалпы Омбыдан Арқаға өткенін, 

одан салт атпен Созақ, Түркістан асқанын есіне түсіріп, 1930 

жылы күзге өз еліне барғанда қасына інісі Мəжит, еті тірі, 

пысық осы Жақияны ертіп, өзін-өзі тағы бір сынап көрейін 

дегендей үш-төрт кісі күллі Бетпақ даланы қақ жарып өтіп, 

Алматыға салт атпен келген ғой. Тура бір ай төрт күн деген-

де, қазанның төрті күні Қаскелең жақтан астанаға кірген ғой. 

Астындағы аттары жолшыбай не су жоқ, не жері отсыз Бетпақ 

шөлде, желі есіп, құмы борап тұрған Құланбел асуларында 

іштерін  тартып,  жүре  алмапты.  Сəкен  өзі  де,  жанындағы 

жігіттері  де  түтігіп,  беттері  тотығып,  шаң  жұтып  оптығып 

келді.  Дауыстары  қарлыққан.  Үстерін  кір,  шаң  басқан.  Ол 

жылдары, ашаршылық келіп қалған кезде Балқаш көлі, Шу 

өзені бойындағы байырғы елдер мекендерінен ығысып, жан 

сақтау үшін ойға-қырға босып көшіп кетсе керек. Жапалақ 

ұшпас жапан түзді қақ жарып, Сəкен ағаңыз қырыққа келіп 


274

қалған шағында тағы да бір ерлік көрсеткен. Сəкеннің бұл 

жүрісіне жұрт таңқалысты. Үйге көп жолдастары жиналды. 

Баяғыда қызылбасқа шапқанда Қобыланды батыр да мұндай 

жол кешкен жоқ шығар десті.

Сол қасына ертіп келген Жақияны Сəкен Алматыға оқуға 

түсірген.  Ол  кезде  астанада  жаңа  үй  салынбайды.  Əркім 

өзінше  амалын  тауып  тұрып  жатты.  Жақия  елге  барып, 

келіншегін,  анасын  көшіріп  əкелді.  Тау  жақта  бір  жер  ке-

педе тұрды. Пысық жігіт, үйге келіп, бізге қолғабыс тигізіп 

жүрді.

–  Гүлбаһрам,  сен  сол  інішекті  шақыртшы,  ертең  кешке 



келсінші, – деді Сəкен. Шақырттым. Жақия келді.

– Жақия, сені бір шаруамен шақыртып отырмын. Саған 

сеніп отырмыз, – деп Сəкен ағайындас, ауылдас інісіне көз 

тастады. – Уақыт болса мынау, аумалы-төкпелі болып тұр. 

Ертең мен істі болып кетсем, мына жеңгең қолындағы жас 

баламен жалғыз қалатын түрі бар. Жұмыс істемейді. Ондай 

күн  туса,  үйден  шығарып  та  тастайды.  Біраз  қаражат  бар. 

Көзіңе көрсетіп, бір жерге тығайын. Қолдаяқты баладай жас 

жігітсің ғой, қысылатын болғанда ебін тауып сол қаражатты 

ал да, жеңгең мен мына кішкене ізбасар інішегіңнің қажетіне 

жарат. Саған аманатым. Ер мойнында қыл арқан шірімес де-

ген.


Жақияның  өңі  бұзылып  кетті.  Шам  жарығында  бір 

сұрланып,  біресе  қара  күреңденіп  құбылып  отыр.  Сəкенге 

жалтақтай  берді.  Жылап  жібере  жаздап  отыр.  Бəрімізге  де 

Сəкеннің сөзі бұл дүниемен біржолата қоштасқандай ауыр 

тиді. Мең-зеңбіз. Үн-түн жоқ, еңсеміз түсіп кетті. Қарадан-

қарап  өзіңнен  өзің  түңілу,  өз  үйіңде  үрейленіп  қорқу,  өз 

дүниеңді  өзіңнен  тығу,  ертеңнен  күдер  үзу  қиын  екен. 

Қандай  берік,  нелер  реніш,  қуанышты  басынан  өткізген, 

тар жол, тайғақ кешуден қажымай өткен Сəкеннің өзінің де 

көңілі босап, маңдайы жіпсігендей, күрсініп отыр. Əлде неге 

уайымдаса,  кейісе  дауысы  да,  қолы  да  қалтырап,  дірілдеп 

кетуші  еді  Секеннің.  Сырт  көзге  ғой  жұрттың  Сəкенді 

асқақ, тəкаппар, менмен деуі. Сəкеннің жасынан көрмегені 


275

бар ма?! Бала күнінен неше жыл жаяу-жалпы ат-өгізбен со-

нау  қырдан  Нілдіге,  Спасқа,  Қарағандыға,  одан  Ақмолаға, 

сонсоң  Омбыға  талай  барды.  Ел  ішінен  етек  бастылықты 

көп  көрді.  Колчактың  азабына  ұшырап,  сақылдаған  сары 

аязда  Омбыға  айдалды.  Одан  табаны  тесіліп,  Арқаға  жаяу 

қашты. Одан Түркістан асты. Ыстық-суықты болып, өкімет 

орнатысты.  Одан  Голощекиннің  қуғынына  ұшырады.  Аш-

тан өліп жатқан ел ішінің ауыртпалығы тағы жанына батты: 

Қарақұмдағы,  Қызылқұмдағы  аштыққа  ұшыраған  жұрттың 

дүрлігуін басуға да барды. Осының бəрі Сəкеннің жастайы-

нан титығына жетіп тастаған ғой. Ел жатқанша тым-тырыс 

отырдық  та  қойдық.  Қайғы-уайым  іңірде,  түнде  адамды 

төбесінен қара бұлттай басып алады екен. Ауру-сырқаудың 

өзі  де  түнде  иектеп  алады  ғой  адамды.  Кісіміз  өлгендей 

еңсеміз  түсіп,  жарығымыз  сөнгендей  тынысымызды  іштен 

алып, тым-тырыс отырдық.



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал