Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет16/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

СƏКЕН ЕСКЕРТКІШ!

Қарпық ҚҰСАЙЫНОВ

Қалам алып бұл хатты жазуға Қазақ əдебиеті» газетіндегі 

7  ақпан 1995 ж.  Ə.Əбдіраев  мырзаның  мақаласы  қозғау 

салды.  Біз  Сəкен  ұрпақтары  ол  кісінің  бүкіл  Қазақстан 

жерінде  дерлік  болып  өткен 100 жылдық  мерей  тойына 

қуаныштымыз.  Екінші  жағынан  той  үстінде  ой  толқытқан, 

көңілге кірбің келтірген жағдайлар да болды. Соның ең ба-

стысы – Жезқазған  қаласындағы  Ғарышкерлер  алаңында 

Сəкенге орнатылған ескерткіш.

Ескерткішті көрген сəтте біздер Сəкен тойына барған 3

0-дан артық ағайындары ерекше күйге түстік. Көбіміз Сə-

кенді көрмесек те ел аузындағы аңыз бойынша Сəкен бей-

несі, оның қайталанбас сұлулығы, маңғаздығы, ер келбеті 

мен ерге ылайық мінез-құлқы, азаматтығы бəрі-бəрі Сəкен 

кейпін  жүрекке  ұялатқан  ғой.  Ішімізде  Сəкенді  көрген 

туыстары 70 – 90 арасындағы  əжелеріміз,  аталарымыз  да 

бар. Ондаған адамның тынысы бір сəт кілт тоқтап аңырып 

қалған күйін оймен түсініп, көзге елестетіңіз. Алдымызда 

ауру, жендеттердің адам төзгісіз қинауынан кейін, қалжырап 

өз  болмысынан  айырылып  қалған  Сəкеннің  сүлдері  ғана 

тұрды.  Бұл – түнде  қараңғылықта  алған  əсеріміз.  Біраз 

адамдар бізді құттықтап, «ескерткіш жақсы шыққан, қалай 

дейсіздер» – деген  сауалдар  қойды. «Біткен  істің  кемі 

жоқ,  бітірген  ердің  міні  жоқ»  деген  емес  пе, «əйтеуір  бір 

ескерткіш болды ғой», дедік. Ол жерде басқа не айтуға бо-

лады.


Түндегі  алғаш  көргенде  əсеріміз  ұйқы  бермей,  ертесі 

күні жарық түсе қайта барып көрдік. Айтар сөз жоқ. Сəкен 

ескерткіші халық көңілінің ең төріндегі əсем, азаматқа лайық 

ескерткіш емес.

Еекерткіш  авторы  Сəкенді  қандай  күйінде  көрсеткісі 

келгенін түсініп көріңіз. Ə.Əбдіраев мырзаның мақаласын-

дағы пікірді кім теріс дей алады. Ол кісі ел намысын ойлап 

отыр.


245

Оның үстіне өткен 5 айдың ішінде Сəкен ескерткішін көрген, 

хабарласқан  адамдардың  бəрінің  пікірі  осындай.  Қандайда 

болмасын  ескерткіш  өнер  жетістігі,  адамның,  табиғаттың 

əсемдігін жеткізе, халық көкейіне қондыра көрсететін шы-

ғармашылық  қабілет  емес  пе.  Ол  ескерткіш  сол  қойылған 

орынды,  маңын  көркейтіп,  əсемдендіріп,  халықты  тартып 

тұруы  керек  емес  пе.  Сəкендей  абзал  азаматқа  қойылатын 

ескерткіш  ерекше  жауапкершілікті,  талғампаздықты  керек 

етпей ме. Ескерткіштің авторы бұл мəселелерді тіпті ойына 

да алмаған сықылды. Бұл жерде біз де ескерткішті алып та-

стап жаңадан жақсы ескерткіш қойылсын деп отырғанымыз 

жоқ.  Қиын  уақытта  қаншама  қаражат  жұмсалып  жасалған 

еңбектің  ешбір  шығармашылық,  эстетикалық  талапқа  сай 

келмегендігін халыққа айту. Айтпауға болмайтын жағдай.

Жұртшылыққа  белгілі 100 жылдығына  орай  Ақмола 

қаласында  да  Сəкенге  ескерткіш  қойылды.  Міне  өнер  ту-

ындысы деп осыны ұялмай айтуға болады. Бұл ескерткіште 

Сəкеннің Қазақстан халық комиссарлары төрағасы кезіндегі 

(28 жаста) бейнесі берілген.

Ескерткіш  авторы  жас  скульптор  Азат  Баярлиннің  бұл 

бірінші күрделі жұмысы. Ə.Əбдіраев мырза айтып отырған, 

халық ойынан шыққан ескерткіш осы.

Енді жалпы Сəкен тойының тағлымы туралы біраз сөз. 

Жезқазған  облысының  басшылары 1993 жылдың  желтоқ-

сан айында «1994 жыл – Сəкен жылы» деп үлкен бастама 

бастады. Бүкіл жыл бойы мекемелерде, жоғары оқу орын-

дарында,  мектептерде  ғылыми  конференциялар,  кездесу-

лер арнайы концерттік бағдарламалар өткізді. Сəкеннің 100 

жылдығына  арналып  театр  ұжымдарының  Жезқазғанда 

фестивалі  өтті.  Сəкеннің  əдеби  мемориалдық  мұражайы, 

Сəкен атындағы мектептерде Сəкен бұрышы жəне үйірмелер 

ашылды.  Қаншама  естеліктер,  ғылыми  мақалалар  жарық 

көрді.  Мұның  бəрі  Сəкентану  ғылымын  дамыта  түсумен 

қатар Сəкенді еліне толығырақ таныстыруға қосқан үлкен 

үлес  болды.  Оның  үстіне  Сəкендей  азамат  үлгісінде 

халықты, əсіресе жас буынды тəрбиелеуге арналған үлкен 

қызмет болды.



Осы  жерде  республикамыздың  əр  жеріндегі  Сəкен 

атындағы мектептердің ұжымдары, мұғалімдері Сəкен тойы-

на дайындық жұмысын үлкен тəрбиелік маңызы бар шараға 

айналдырғанын ерекше айту қажет. Осы мектептердің бəрі 

Сəкен  ұрпақтарын  өздерінің  салтанатты  мəжілісіне  ша-

қырды. Барлығында Сəкен шығармалары оқылып, Сəкен əні 

шырқалды.

Тағы  бір  айта  кететін  жағдай  Жезқазғанда,  Ақмолада 

өткен тойлар үстінде облыстар мен аудандардан келген қо-

нақтардың Сəкеннің елі мен жеріне деген құрмет лебіздері, 

мұражайға тартқан ескерткіш сыйлары туралы.

Сəкен тойына астанадан оқу бөлімінің меңгерушісі Ділдаш 

Битуованың Жаңаарқадағы Сəкен мұражайына тартқан сыйы 

сіріңке  қорабынан  аз  ғана  үлкен - үш  бұрышты  тұмарша. 

Оның  ішінде  Алматы  маңындағы  Дмитриевка  селосының 

түбіндегі  бұрынғы  Диханбай  ауылы  орнында 1937 – 1938 

жылдары атылған, қазақ зиялылары жатқан жерден алынған 

бір  шөкім  топырақ.  Тұмаршаның  үстіңгі  қақпағының  үш 

бұрышында  кішкене  түймедей  асыл  тас,  ал  ортасында  бас 

саусақтың тырнағы көлеміндей жарқыраған асыл тас.

Тұмаршаның мағынасы – ішінде туған жердің топырағы. 

Сəкен сол тонырақта жатыр, ал қақпағындағы үш асыл тас – 

Үш жүзден тұратын Қазақ елі, ортасындағы үлкендеу асыл 

тас – сол үш Жүзге, барлық қазақ еліне жарқырап, сəулесін 

түсіріп тұрған Сəкен. Міне, бұл – зор тəрбиелік маңызы бар, 

бірлікті,  татулықты  меңзейтін,  үлкен  парасатты  тағылым 

емес пе.

«Қрзақ əдебиеті», 

10 қазан 1995 жыл.


247

СƏКЕН-АҒАНЫҢ АТЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ

Қ.ҚҰСАЙЫНОВ

Қазіргі барлық ақпарат құралдары айтып, жазып жүрген 

мəлімет бойынша Сəкен аға 1938 жылы 25 ақпанда, қаладағы 

(Алматы)  үш  əріп  мекемесінің  ішкі  түрмесінде  атылған. 

Оның  құпия  құжаттары  да  сақталған...  Соған 1998 жылғы 

25  ақпанда 60 жыл  толады...  Өткен  күзде  Сəкен  ағаның 

ұсталғанына 60 жыл (24.09.1937ж.) толуына арнап Ақмолада 

ас бергенбіз. Асқа Сəкен аға мұражайының, 90 жылдай болған 

Əмбебап кітапханасының, Ақмола аграрлық университетінің 

облыстық,  қалалық,  аудандық  əкімшіліктердің,  жауап-

ты  қызметкерлері  Сəкенді  кезінде  көрген  біраз  зиялы 

ақсақалдар қатысты. Қазанның 15 күні (Сəкен ағаның туған 

күні) кітапхана залына үлкен, əрі азалы, əрі салтанатты жи-

налыс болды. Мəжілісті облыстық мəдениет департаментінің 

бастығы Дүйсен ашып, жақсы баяндама жасады. Жиналыста 

«Сары-Арқа»  журналының  бас  редакторы,  ақын  Нұрғожа 

Оразов,  профессор  Серік  Негімов,  ақсақал  Молдахмет  До-

саев,  Мұражай  директоры – Роза  Асылбекова  кітапхана 

директоры – Əсия  Сүлейменова,  аграрлық  университеттің 

ғалымдары,  студенттері  болды.  Қорытынды  сөзді  Рымжан 

екеуіміз сөйлеп, жиналған қауымға үлкен ризашылығымызды 

білдірдік. Студенттер жақсы концерт берді. Жиналыс арты-

нан дастархан жайылып, құран оқылды. Стол мол, берекелі 

болып,  көпшілік  көңілінен  шықты,  жыртыс  таратылды. 

Өткізген шарамызға көңіліміз толып, қаншама адамның ба-

тасын алып, қанаттанып қайттық...

Содан кейін 1998 жылы Алматығда тағы осындай, Сəкен 

ағаның көз жұмған күніне арнаи ас берейік деген ойда болдық 

Жақсылап дайындалдық. Сол үлкен жоспарды құдайға тəубе 

көңілдегідей  орындадық.  Ас  Алматыдағы  «Салтанат»  мей-

рамханасында өткізілді.

Асты  басқарып,  кеш  бойы  өте  əдемі  жүргізген  Жазу-

шылар  одағының  бірінші  хатшысы  Нұрлан  Оразалин.  Ас-

қа  Сəкен  ағаны  көрген  замандастарынан — Дихан  Əбілов, 



Бексұлтан  Мұстафин,  Сағынғали  Сеитов,  Мəриям,  Зейне-

шешейлер, Гүлнəр Дулатова, Жаппар Өмірбеков жұбайымен 

болды.  Бұлардан  басқа – Тұрсынбек  Кəкішев  жұбайымен, 

Əлия Бейсенова, Ербол Шаймерденов, Алтыншаш Жағанова, 

Сырбайдың,  Қалижанның,  Ғафудың,  Қабдікəрімнің  жұбай-

лары, Темірхан Медетбек, Софы Сматаев, Иран-Ғайып, Ға-

лым Жайлыбай, Жеңіс Қашқынов, Армиял Тасымбеков (мар-

құм болып кетті, нағыз ұлт азаматы еді) қатынасты.

Үлкендер — Мəриям,  Зейне,  Гүлнəр  Дулатова,  Бекбо-

лат,  Жаппар,  Софы,  Білəл  Намаев,  Дихан-баба,  Сағынғали 

тебірене  естеліктер  айтты.  Алтыншаш,  Иран-Ғайып,  Тұр-

сынбек өздерінің тың пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Қай-

рат Байбосынов екі шəкіртін əкеліп əн салды.

Облыстық,  қалалық  əкімшіліктің  кісілері  сөйледі.  Кеш 

басынан аяғына дейін бейне таспаға жазылды. Қорытынды 

сөзді  жиналған  қауымды  елжіретіп  көздеріне  жас  алды-

рып  Рымжан  айтты.  Кеш  сондай  əдемі  өтті,  Нұрлан  бар 

ықыласымен беріліп жақсы жүргізді.

Кеш  өткен  соң  ақпарат  органдары – Егемен  Қазақстан, 

Қазақ  əдебиеті,  Алматы  ақшамы,  Қазақ  радиосы,  Хабар 

(орысша,  қазақша),  КТК,  тағы  басқа  екі-үш  канал  көлемді 

хабарлар,  мақалалар  ұйымдастырып,  асты  жариялап  Рес-

публикаға кең таратып жіберді. Əруақ риза болды деген осы 

шығар!


249

Күлəш Садыққызы АХМЕТ

СƏКЕН ЖƏНЕ АЛАШ АЗАМАТТАРЫ

Бүгінгі  таңда,  ғылымымыз  саясат  үшін  жазаланбайтын, 

өз  ұлтының  жоғын  жоқтағаны  үшін  айыпталынбайтын 

жағдайға  жеткелі  ұлыларымызды  бағалауда  жаңаның  бəрі 

жақсы болып, бұрынғы сарынша біреуді мақтау үшін екінші 

біреуін даттау, енді бірін ақтау, үшіншісін қаралау, не бол-

маса, «жоқты бардай, барды нардай етіп» дабыралау əлі де 

əдеттен қалмағанын көргенде, шіркін-ай, қанымызға сіңген 

«қасиет пе», əлде ұлтымыздың жазылмас жарасы ма екен де-

ген ойға қаласың.

Бұндай «қасиет», алыпқашпа сөз кеңес өкіметі құлағаннан 

кейінгі кезде Қазан жəне Ақпан төңкерісі төңірегіндегі қазақ 

зиялыларына,  əсіресе  Сəкен  Сейфуллинге  байланыстыры-

лып айтылуда.

Əрине, сол бір дауылды кезеңнің басы-қасында болғандай 

етіп  айтылған  сөзге  елірмейтіндер  де  аз  емес.  Ал  бірақ 

сондай  дабыра,  даурықпаның  көңілге  күдік  туғызары  да 

заңдылық.  Сондай  күдікті  сəттерде  істің  анық-қанығына 

жетіп, ақ-қарасын ашып, қаншалықты əділеттігіне көз жет-

кізгіміз  келсе,  заман  ағымының  бірқалыпты  болмайтынын 

сезгендей  ұлыларымыздың  өздерімен  тұстас,  заманы  бір 

замандастарының  ұлылығын,  азаматтық  ерекшелігін  атап 

айтқан келелі ой-тұжырымдарына ден қоюмен қатар, дауыл-

ды, жауынды кезеңнің ізі суымай дүниеге келген туындының 

түпнұсқасына зер салғанымыз абзал.

Қай кезде де «Біткен іске сыншы көп» екені белгілі. Сəкен 

Сейфуллинге, оның «Тар жол, тайғақ кешу» романына бай-

ланыстырылып  айтылып  жүрген  сындардың  ішінде  осалы 

да, ожары да кездеседі.

Ал шынтуайтқа келгенде, Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, 

тайғақ кешу» романы (1927) – өмір шындығынан алыс кет-

пеген шығарма.

Бұл «Тар жол, тайғау кешу» романы болғанда заман та-

лабымен түзетіліп, 1936 жылы елеулі редакция жасалынған 



250

екінші  басылымы  негізінде  жазылған  соңғы  басылымдары 

емес,  Сəкен  Сейфуллиннің  өз  сөзімен  айтқанда, «оқыған 

мырзалар,  оқып  жүрген  мырза  болам  деушілер»  жайынан 

бүгінгі күні мүмкіндігінше тарихи шындық деңгейін сарапқа 

салу барысында септігі тиер 1927 жылғы ең алғашқы басы-

лымы санатта болуға тиіс.

Яғни, ұлтымыздың тарихын жазуда, қазақ зиялыларының 

ақиқатын анықтауда да, өзекті мəселенің ауыр жүгін көтеріп 

жүрген ғалым ағаларымызға Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, 

тайғау  кешу»  романының 1927 жылғы  ең  алғашқы  басы-

лымының қосып-алары баршылық.

Осындай тұста əр жылдарда Сəкен Сейфуллин мерейтойы 

қарсаңында  əдеттегі  машықпен  мақала  жазып  жүргендерді 

былай қойғанда, ғылымы да, шығармашылығы да Сəкен Сей-

фуллин  атымен  тығыз  байланысты  əдебиетіміздің  алқалы 

тобының алдыңғы легінде жүрген Серік Қирабаев, Тұрсынбек 

Кəкішев, Рымғали Нұрғалиев сынды қаламгерлердің Сəкен 

Сейфуллинге,  əсіресе, «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романына 

байланысты  айтылып  жатқан  оңды-солды  сындарға  «ауыл 

көшіпті,  керуен  қоныпты»  дегендей  сыңай  танытып,  жым-

жырт жатуы бүгінгі даурықпаны тереңдете түскендей.

Соның  бір  айғағы  филология  ғылымдарының  докторы 

Мүсілім Базарбаевтың «Біз Сəкенді қалай түсінеміз?» атты 

мақаласы («Қазақ əдебиеті», № 26, 1 шілде, 1994 ж.).

Əлде, «заман өзгерген соң» Сəкенді зерттеуші ағалар да 

өзгеріп кеткені ме?

Олай  болмаған  жағдайда,  кейбірі  Сəкен  Сейфуллиннің 

«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романының  соңғы  басылымдары-

нан, ал енді бірі ұзынқұлақтан хабардар оқырманға, бүгінгі 

заман  ағымының  талап-тілегін  дөп  басар,  ал  кей  тұстарда, 

ой саларлық жайттарды «Тар жол, тайғақ кешу» романының 

ең  алғашқы (1927) басылымы  бойынша  бүгінге  дейін  үл-

кен ағалардың жарияға жар салар мүмкіндіктері болды емес 

пе...

Қашанда үлкендердің алдына шықпау ұлттық қасиетіміз 



болса  да,  саудасы  парықсыз  базарға  түскен  «Қазанаттың» 

251

тағдырындай  күй  кешкен  келеңсіз  жайтқа  Сəкенді  сүйер, 

Сəкенді іздер ұрпағы бейжай қарай алмайды.

М.  Базарбаевтың  «Біз  Сəкенді  қалай  түсінеміз?»  атты 

мақаласының  тақырыбына  қарап,  үлкен  ағадан  үлкен  үміт 

күткен  едік,  бірақ  ғалымның  «Жазушының  проза  саласын-

дағы  əйгілі  шығармасы,  əрине, «Тар  жол,  тайғақ  кешу». 

Жанрлық болмысын əр зерттеуші əртүрлі ұғындырып келе 

жатқан  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  бір  ғана  адам,  не  бір 

ғана  жердің  тіршілігі  емес,  бүкіл  қазақ  даласының  түкпір-

түкпіріндегі ояну, ашыну, таласу, бостандық ұранын жүзеге 

асыру мезеттері берілген» деген пікіріне қосылғанымызбен, 

«Сонымен  бірге  бүгінгі  көзқараспен  қарасақ,  шығармада 

таптық түсінік тым бірыңғай алынып, Алашорда қозғалысы 

мүлде мансұқ етілуі идеологияны былай қойғанда, тіпті та-

рих алдындағы ұят нəрсе еді. Кітап бұл жағынан əсіреқызыл 

большевиктік  бағытта  жазылған  жəне  «Тар  жол,  тайғақ 

кешу» қисық баяндалған тарих» деген пікірін қостай алмай-

мыз.

Себебі,  ғалым  Сəкен  Сейфуллиннің 1920 жылдардағы 



шығармаларын атай келіп, 1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешу» 

мемуарын  жазды  деп  бірінші  басылымын  көрсеткенмен, 

өзіндік  көзқарасын  шығарманың  соңғы  басылымдары  бой-

ынша түйіндеген. Бұл – бір.

Екіншіден, 1927 жылы  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  рома-

ны  дүниеге  келген  тұста  «Алаш»  азаматтарының  төрт  көзі 

түгел  екенін  ескерсек,  Нəзір  Төреқұловтың  осал  сынынан 

басқа  зиялылар  тарапынан  Сəкен  Сейфуллинге  мынауың 

қисынға келмейді ғой деген реніш, не болмаса сыпайы наз, 

не  астарлы  сөздің  айтылмауы  роман  авторының  ақиқаттан 

алыс  кетпегенін  айғақтамай  ма?  Үшіншіден,  өмір  сүрген 

ортасында өзінің таптық көзқарасын айқындап алған Сəкен 

Сейфуллинге 70 – 80 жыл уақыт оздырып «көріпкел» бол-

маған  екенсің  деуіміз  қисынға  келе  қояр  ма  екен?  Бүгінгі 

күні  қоғадай  жапырылып  айтылып  жатқан  тұжырымдар 

мен түйіндерге, енді 70 – 80 жылдан соң, заман өзгермеген 

жағдайдың өзінде қасаң пікірлер айтылмасына кім кепіл?


252

Жалпы өмірде болсын, өзінің осы «Тар жол, тайғақ кешу» 

романында болсын (1927) Сəкен Сейфуллин тарих алдында 

да, «Алаш» азаматтары алдында да қарыздар болып қалма-

ған. Қайта өз тұстастары арасында адамгершілік, азаматтық 

қасиетімен  ерекшеленген.  Оны  Мұхтар  Əуезовтің  тілімен 

айтсақ: «Шыны  қайда,  өзі  қайда  екенін  білдірмейтін,  жаза 

баспайтын, ішінен тығынған кедір-бұдырсыз тақтақ жолдың 

ақыны  Сəкен  емес.  Оның  шындығы  қозып,  жанып  отыра-

тын,  буы  білініп  тұрған  барынша  шын  сезім,  шын  жүрек 

шыншылдығы.  Сондықтан  мұның  жолы – əр  адымын  са-

нап  басқан  кісінің  жолы  емес,  ылдиы  бар,  өрі  бар  шын 

өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы», – деген пікірі 

анықтай түседі.

«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесінде алаш қозғалысы, 

алаш  партиясы,  Алашорда  өкіметі  деген  атаулардың  бəрі 

араластырыла қолданылады, аражігі ажыратылмайды. Кей-

де  оларды  басшыларымен,  əсіресе  Əлихан  Бөкейхановпен 

бауырластырып жіберетін сəттері де жоқ емес.

Алаш  қозғалысына  басшы  болған  Əлихан  Бөкейханов, 

Міржақып  Дулатов,  Ахмет  Байтұрсынов,  М.  Тынышбаев, 

X.  Досмұхамедов,  М.  Шоқаев  сынды  ұлы  азаматтардың 

атқарған істері «Тар жол, тайғақ кешуде» аталып қана қой-

майды, талай қияпатта суреттеледі.

Бүкіл алаш қозғалысына болмағанмен, белгілі дəрежеде 

«Алашорда»  үкіметінің  іс-əрекетіне  Сəкен  жинаған  дерек-

тер  тұрғысынан  қарасақ,  роман-эссенің  негізінде  тарихи 

шындық  жатқанын  көреміз.  Əрине  жазып  отырған  кезде 

қаламгердің  ықылас-пейілі  мен  көңіл  күйі  астасып  отыра-

ды.  Сондықтан  объективтік  жағдайларға  субъективтік  тү-

сіндірмелер  қосылмай  тұрмайды.  Шамадан  асып  кеткен 

тұстарында Сəкенді жақтай қою қиын, ал əсірелеп жеткізуге, 

суреттеп көрсетуге жазушы ретінде құқы барлығын тағы да 

жоққа шығара алмаймыз.

Сəкеннің  алаш  азаматтарымен  қарым-қатынасын  «Тар 

жол,  тайғақ  кешуден»,  қайсыбір  даңғаза  əңгімелерден 

Сəкеннің  Əлиханға  көзқарасының  роман-эсседе  суретте-


253

луіне байланысты дабыраланып жүргені өтірік емес. Сондық-

тан Сəкен – Əлихан арақатынасы тек пенделік тұрғыдан ғана 

емес, тарихи жағдаймен салыстырып қарағанда ғана өзінің 

дұрыс шешімін табады. 

Бар  өмірін  өз  халқының  болашағы  үшін  күреске  арна-

ған ірі қайраткер, алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкей-

ханов тарихымыздан өз орнын алды. Халқын ұлы мақсатқа 

жеткізудің оңтайлы жолын іздеген қайраткердің еңбегі əрқа-

шанда айрықша құрметтелуге тиіс.

Қазақ халқы азаттық, теңдік алу үшін орыс еңбекшілері-

мен  одақтаса  іс-əрекет  жасауға  тиіс  деген  түсінік  Сəкенде 

басым  болғаны  рас.  Ал  Əлихан  Бөкейхановтың  да  асы-

ра  сілтеп  жіберген  сəттері,  əсіресе  батысшылдыққа  құлай 

берілген  кездері  де  жоқ  емес.  Ұлттық  мүддені  кезінде  ка-

деттер  партиясы  деңгейінен  іздеп-табуға  ұмтылғаны  да 

белгілі. Алайда Əлихан қазақтың бұрынғы хандық заманын 

қайтадан  орнатпаққа  күш-жігер  жұмсап  жүр  дегенді  осы 

роман-эсседен көп кездестіреміз. Хандықты өткен кезең деп 

білу Сəкенге талай ащы сөздер айтқызып тастатады. Əрине, 

Əлихан Бөкейхановтың қазақ халқының сана-сезімін оятуға 

қосқан үлесі мол. Ұлттық мүддеге жету жолында тактикалық 

талай  қадамдар  жасалатындығын  диалектика  заңы  теріске 

шығармайды.  Оны  Сəкен  де  түсінген,  ұққан.  Қадір-құрме-

тін жайып салуға даяр екенін роман-эссенің алғашқы тара-

уында-ақ  аңғартады.  Алайда  Қазан  төңкерісінен  кейін  жа-

сақ  ұйымдастырғаны,  қанды  майданға  шыққаны,  больше-

визмге  қас  болуы  төңкерісшіл  Сəкенге  ұнамағаны  былай 

тұрсын, тіпті таптық өшпенділікке ұластырып жібергендей 

көрінетін тұстары да жоқ емес. Баррикаданың екі жағында 

болғандардың аянып қалмасы тағы белгілі. Егер, «Тар жол, 

тайғақ кешуде» өңсіз беттер, ащы теңеулер, орынсыз салыс-

тырмалар кездесер болса, онда екі идеологияның əсері деп 

білу керек. Ал енді бір-біріне деген шетін қылықтары онша 

көріне бермейді.

Тарихтың дауылды кезіндегі қай сəт болмасын, күні бү-

гінге  дейін  беймəлім  болып  келген  тереңде  жатқан  құпия-


254

лардың  бірі – Сəкен  Сейфуллиннің  «Алаш»  азаматтарына 

деген  адамгершілік,  азаматтық  көзқарастарындағы  бүгінгі 

уақыт  талабы  күтпеген  риясыз  тазалығы.  Біздің  бұл  ойы-

мызды шығарманың өн бойы дəлелдей түседі.

Енді осы кең тынысты тарихи шығарманың дүниеге келу 

мақсатына зер салсақ, С. Сейфуллин шығарманың беташа-

рында  былай  деген: «Мақсұт – 1916-17-18-19 жылдардағы 

тарихи  қозғалыстың,  ұлы  өзгерістің  (революцияның) 

Қазақстандағы  өзім  көрген,  өзім  білген  осы  оқиғаларынан 

баспа  жүзінде  із  қалдыру».  Ал  осы  жолдарды  соңғы  ба-

сылымдарында «...əйтеуір  із  қалдыру  болды» – деген.  Ав-

тордың  бірінші  басылымында  болмай,  соңғы  басылымы-

на  кірістірген  «əйтеуір,  болды»  деген  сөздер,  пайымдар 

оқырманға шығарманың заман талабымен өзгеріске түскенін 

меңзеп тұрғандай.

Мұнда  талай  кісілердің  аттары  аталады.  Тарихи  қозға-

лыстың  өзі  көрген,  білген  оқиғаларын  жазған  соң,  əрине, 

«кісілердің аттары кірмесе болмайды. Мақсат біреуді көтеру, 

біреуді  жамандау  емес.  Зор  қозғалыстың,  зор  өзгерістің  əр 

кезінде əртүрлі пікір, əртүрлі əрекет болған. Ол – тіршіліктің, 

тарихтың ісі.

Бұл  кітапта  «Алаш»  туралы  əңгімелер  айтылғанда,  сол 

Алашордада  болғандарды  айыптамақ  ниетімен  айтылып 

отырған жоқ. Тек əңгіме тарихи мағлұмат ретінде ғана бас-

па жүзіне шықсын деген оймен айтылды», – деген. (С. Сей-



фуллин. «Тар  жол,  тайғақ  кешу», 1927, 3-бет).  Бұл  жерде 

автор  оқырманға  ақиқаттан  алыс  кетпегенін  ескертіп,  аса 

пайымдылықты талап етіп тұр.

Романның бірінші басылымының (1927) 68-бетінде «Со-

вет өкіметі заманында», ал соңғы басылымының (1977) 69-

бетіндегі  «Совет  үшін  күресте»  деген  тарауында  Əлихан 

Бөкейханұлының  Семейге  келуі  жөнінде  де  мəн  берерлік 

айырмашылықтар бар. Мəселен «Бөкейханұлы Сібір съезіне 

келді.  Омбыға  келді,  Семейге  келді,  баяндамалар  жасады. 

Оқыған мырзалар, оқып жүрген мырза болам деушілер Бө-

кейханның жолын тосып, қарсы алды» десе, (С.Сейфуллин, 


255

«Тар жол, тайғақ кешу», 1927, 68-бет) ал осы жолдар соң-

ғы басылымдарында «Бөкейханұлы Сібір съезіне келді, Се-

мейге  келді,  баяндамалар  жасады.  Оқыған  ұлтшыл  мырза-

лар,  оқып  жүрген  мырза  болам  деуші  бай  ниетті  «ұлдар» 

Бөкейханұлының жолын тосып қарсы алды. Омбыда, Семей-

де Бөкейханұлын байшыл-ұлтшылдар, саудагерлер құрмет-

теп жатты», – деп өзгертілген.

Осы  сынды  тағы  бір  мысал, «Үш  жүз»  партиясымен 

«Алаш» азаматтарының арасындағы бір-біріне деген көзқа-

рас, қарым-қатынас кереметтей «тəтті» болмағаны көпшілік 

оқырманға аян.

Əсіресе, «Үш жүздегілердің» «Алаш» азаматтарын «орыс-

тан  қатын  алған», «балалары  орыс», «дін  бұзған», «сары 

орыстың  бəрі  орыс»  деп  сөгіп,  буынсыз  жерден  пышақ 

салғандай  дөрекі  сəттерінде  Сəкен  Сейфуллин  бүйрегі  бұ-

ра тартпай, пенделікке салынбай, ақиқатты айтуда əділ төре-

лігін танытқан.

Сəкен  Сейфуллиннің  «Үш  жүздің» «Бөкейханды  жəне 

кейбір «Алаш» көсемдерін мінегенде «орыстан қатын алған», 

«балалары орыс», «дін бұзған» дегендері үлкен шатасқандық. 

Өз жолын өзі анық білмегендік. Əрине, ол уақытта бəріміз 

де сара жолды қолмен сипалап жүрген кезіміз еді. Бірақ сон-

да да əлгіндей сөздер тым оғаш шыққан, қате. Бізді сырттан 

билеп, партиясына жазып алған Шаймерденге мұны айтып 

мен  хат  жаздым.  Жəне  бұл  партияның  беті  мен  əдісі  олай 

болатын болса, біз қосыла алмайтынымызды айттым.

Менің хатыма жауап болған жоқ. «Үш жүз» бастықтары, 

«Алаш» көкжалдары керексіз сөздерді айтып қазақша боқтай 

берді» деп жазған. (С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу», 

1927, 104-бет).  Бұл  жерде  əділ  төрелігін  айтуда  Сəкен 

Сейфуллиннің  азаматтығы  ешқандай  комментарий  беруді 

қажет  етпейді.  Бұл  Сəкен  Сейфуллин  азаматтығының  бір 

қыры.


Қай заманда, дəуірдің қай кезеңі болмасын, екінің бірінен 

кездесе  бермейтін  адамгершілікті  айқындайтын  азаматтық 

қасиет сақталғанда ғана өзінің ұлылығын дəлелдері хақ.


256

Азаматтық  қасиетті  дəлелдер  іс-əрекеттің  негізі – пара-

сатты  пайым  десек,  сол  пайымның  көрсеткіші  жүйелі  сөз 

емес пе?


Жайшылықта ой-өзегі бір арнаға құйылатын көзқарастар-

дан жүйесін тапқандай сөздерді көптеп кездестіруге болар, 

ал бағыттары бөлек зиялыларға өмірдің қатал да қытымыр 

тұстарында Сəкен Сейфуллиннің аталы сөз айтуын азаматтық 

ерекшелігі демеске шараңыз бар ма?!

Алғашқы (1927) жəне соңғы (1988) басылымдар арасын-

дағы бұндай айырмашылықтарды көптеп келтіруге болады. 

Енді  соның  бірі  Міржақып  Дулатовқа  байланысты.  Сəкен 

Сейфуллин  романының (1977 жылғы)  басылымының 78-

бетінен  басталатын  «Үш  жүздің»  қулары»  атты  мақаланы 



(«Қазақ», № 252, 1917 жыл, 26 қараша, авторы Міржақып 

Дулатов)  келтіре  отырып  былайша  қорытынды  жасаған. 

«Алаш» үгітшісі Міржақып Дулатұлы «халық» атынан сөй-

леген болып, ел қамын жеген болып, мөлтеңдеп қақсайды. 

Əрине, бұл байшыл партиялардың белгілі əдісі...», – деген.

Ал  осы  жайт  романның 1927 жылғы  басылымының 

95-бетінде  Міржақып  Дулатовтың  «Үш  жүздің»  қулары» 

атты  мақаласы  берілгенмен,  Сəкен  Сейфуллиннің  жасаған 

жоғарыдағыдай  қорытындысы  жоқ.  Немесе, «Алаш»  саяси 

қозғалысына  кімдер  кіргендігі  жөнінде  айту  мақсатында: 

«Алаш» партиясына кіргендер Қазақстанның үлкен оқыған-

дары,  ақ  жағалылары»  деген  сөздердің  орнына  «Алаш» 

партиясына  кіргендер  Қазақстанның  барлық  байшылда-

ры,  мырзалық  құрғандары»  деп  (С.  Сейфуллин. «Тар  жол, 

тайғақ кешу», 1977, 80-бет), бояуды қалыңдатқан.

Алаш  қозғалысының  кейбір  қайраткерлерімен  Сəкеннің 

карым-қатынасы жайында қинала əңгімелеуге тура келсе, ал 

Ахмет Байтұрсынов туралы көңілдене пікір толғауға бола-

ды. «Тар  жол,  тайғақ  кешуде»  Ахмет  аты  жиі  аталғанмен, 

Сəкеннің  ашына  да  таусыла  айтқан  ойы,  орынсыз  қаралау 

ниеті жоқтың қасы. Ахаң жөніндегі ішкі ілтипаты əр тұста 

қылаң беріп қалып отыратындығын байқаймыз.

«Халыққа  өзінше  қызмет  қылған  адам  кəміл  тоқтайтын 

кісілік жасына келгенде, сол кісінің халыққа істеген қызмет-



257

терінің  қандай  екенін  бастан-аяқ  баяндап  отыру  əр  үлгілі 

халықтың əдеті», – деген жолдарды Сəкен Сейфуллин Ахмет 

Байтұрсыновтың 1923 жылы 50 жасқа келген торқалы тойына 

орай «Еңбекші қазақ» газетінде «Ахмет Байтұрсынұлы елуге 

толды» деген мақаласында айтқан еді.Бүгінгі заманда осы-

нау екі зиялының бір-біріне деген азаматтық көзқарасының 

қандай болғандығын білгеніміз абзал.

Əрине,  Сəкен  десек – Совет,  Ахмет  десек – Алаш,  яғни 

бағыттары бөлек, жаны жаралы екі жолбарыс көз алдымызға 

келеді. Екеуінің де өмір жолы XIX ғасырдың соңы мен XX ға-

сырдың  алғашқы  жылдарындағы  қазақ  интеллигенциясының 

көпшілігі тəрізді ауыл мектебінде мұғалім болудан басталады, 

қоғамдық-саяси мəселелерге атсалысады. Ұлтымыздың мəдени 

жəне əдеби өміріне өзіндік үлестерін қосуда да орындары ай-

рықша.  Тіпті  екі  зиялының  да  ақындығы,  композиторлығы, 

ұлттық  дəстүрді  қадірлеуі,  халықтың  ауыз  əдебиетіне  деген 

сүйіспеншілігі,  ұлттық  тіл  жөніндегі  толғаныстары  көзқарас-

тарының деңгейлес екенін аңғартады.

Ал Қазан төңкерісіне дейін жəне кейінгі кезеңдегі тар жол, 

тайғақ кешулерде Ахметті Сəкенге иілдірген Сəкен заманының 

жеңіске  жетуі  десек,  тəкаппар  Сəкенді  Ахметке  иілдірген 

қандай  құдіретті  күш?!  Бұған  жауапты  өмір  жолындағы  ұқ-

састықтардан гөрі ұлтқа, ұлттық санаға деген парасатты көзқа-

растары мен күрескерлік істерінен іздеген жөн.

Ахмет  Байтұрсыновты  біз  ең  алдымен  ғалым-лингвист 

деп білеміз. Қазақ алфавитін жүйелеуі, оқу құралдарын жа-

сауы,  фонетика  мен  грамматика  саласындағы  ерен  еңбегі 

ерекше. Оған қоса 1895 жылдан басталатын ағартушылық, 

одан  кейінгі  редакторлық  қызметті  атқара  жүріп,  ана  тілін 

сақтау, əрі қарай дамыту, қазақ балаларын ұлт тілінде оқыту 

керектігіне  жиі  қалам  тартуы  халқымыздың  болашағын 

ойлағандығынан  екені  сөзсіз.  Ана  тіліміздің  мəртебесін 

көтеруге бар білімі мен қабілетін, дарынын аямай сарп еткен 

Ахмет Байтұрсынов болса, сол бір аумалы-төкпелі заманда 

ұлттық  тіліміздің  тағдыры  үшін  арпалысқандардың  бірі – 

Сəкен Сейфуллин.


258

Сəкеннің  өзге  советшіл  қайраткерлерден  басты  ерек-

шелігінің  бірі – шыншылдығы,  ойын  тура  айтатын  батыл-

дығы. Мұны оның ұлттық тілге байланысты айтқан ой-тұжы-

рымдарынан көреміз.

Ол əр уақытта пайымды пікірлерін сол кездегі қолында 

билігі бар зиялы қауымға арнап отырады. Бұл жиырмасын-

шы  жылдарда  болса  да,  күні  бүгінге  дейін  мəнін  жоймай 

келе жатқан проблема.

Сəкен айтқан «Қазақстандағы қазіргі піскен бір зор тари-

хи  мəселе  мекемелерде  кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу 

ісі».  Осы  өзекті  мəселені  кезек  күттірмей  шешу  жолын-

да  ол  «əр  мекемелерде  өзінің  білетін  тілінде  сөйлесіп,  ол 

мекемелердің шығарған бұйрық-жарлықтарын білетін тілін-

де оқып, тыңдап, жазатын, арыздарын сол өзінің білетін тілін-

де  жазбаған  соң,  жергілікті  еңбекшіл  халық  көңілдегідей, 

бұрынғы тілі һəм өзі үстем болып қалған халықпен қатар оты-

рып  істей  алмайды», – деуі  қарапайым  халықтың  тұрмыс-

тіршілігіне,  оның  тағдырына  алаңдаушылығы  екені  сөзсіз. 

Не  болмаса  «Қазақ  тілінде  жүргізу  керек»  деп  құр  бұйрық 

жазып  қана  қоюмен  іс  бітпейді.  Бұл  істі  жүргізу  жолын-

да  көп  бөгет  бар.  Кей  қызметтегі  адамдар  сыртынан: «Иə, 

əбден, қазақ тілін кіргізу керек... десе де, бұл іске шындап 

күш жұмсамайды», – деген батыл да тура пікірі сол кездегі 

басшы орындағы талайлардың «қытығына» тиген де шығар.

Ұлттық  тіл,  оның  келешегі  туралы  осы  тəрізді  өткір  де 

батыл  ой-ұсыныстар  Сəкен  қаламынан  там-тұмдап  емес, 

түйдек-түйдегімен  төгілген.  Əрине,  сол  кезде  мынау  бір 

керемет мəн берерлік жай екен деуден гөрі кереғар пікірде 

болған  зиялылар  да  аз  болмаған.  Бірақ  қарапайым  халқы 

үшін  күресте  қаймықпаған  ондай  кереғар  пікірлер  Сəкенді 

қайта қайрай түспесе мұқалта коймаған.

Заманның қай кезі болмасын, өмірдің өзекті мəселесі сөз 

бола қалған жағдайда өзінің білімсіздігін, не халқына жаны 

ашымастығын «аңғармайтын аңқаулар мен жатып ішер жал-

қаулар»  кері  тартатыны  белгілі.  Сондай  тұстарда  Сəкен: 

«Ынтасыз  іске,  көңілсіз  іске  сансыз  бөгет,  сансыз  уайым 


259

табуға  болады.  Бірақ  біздің  айтуымызша  бұл  іске  бөгеттің 

көптігі басқа себептерден. Себептің ең алды – іс басындағы 

адамдардың бұл іске шындап кіріскен ниеттерінің жоқтығы, 

ынталарының жоқтығы», – деп айдан-ашық ақиқатты айтуы 

да оның ұлт қамқоры, шынайы күрескер екендігін танытады.

Ал аяғын байқап басып, аузын бағып сөйлейтін «пысықтар 

да» Сəкен сынынан шет қалмаған. Ондайларды «Біздің қазақ 

коммунистерінің кейбіреулері қазақ тілі туралы қатты кірісуге: 

«Біреу ұлтшыл деп айтады...» деп бой тартады. Бірақ ол қулық, 

бұл коммунистік қылық емес, ол жарамсақтық, жағымсақтық, 

жағымпаздық», – деуі ащы шындық, ақиқат екені даусыз.

Сонымен, Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда Сəкен не-

гізінен кезеңнің өзекті мəселелеріне өткір араласқандығын, 

ұлттық тілге байланысты ой-тұжырымдарынан түйетініміз, 

Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлтты сақтайтын ең соңғы қамал 

тіл» деген даналық қағидасын бүгінгі күн шындығынан көз 

жазбай тану екендігінен емес пе?

Сондықтан да Ахаңа тəкаппар Сəкенді құштар еткен құді-

ретті күштің бірі – ұлттық тілге деген көзқарасы болар деген 

ой келеді.

Сондықтан да болар, Ахмет Байтұрсыновтың елуге тол-

ған  торқалы  тойы  алдында  замандастары,  қаламдастары 

оның  өмір  жолын,  шығармашылығының  сан  қырлылығын 

дəріптесе,  Сəкен  өз  мақаласында  əдеттегідей  көпшіліктің 

машығына  салмай,  мерейтой  иесінің  азаматтығына  үлкен 

парасаттылықпен қарайтындығын аңғартады.

Ахмет Байтұрсыновтың 1917 жылдың соңында газеттен 

кетіп, Алаш қозғалысына араласуын Сəкен: «Ұлтын сүюдің 

зорлығынан 1917 жылы  патша  түсіп,  революция  (өзгеріс) 

болғанда,  қазақтың  бұрыннан  арсыз,  имансыз  оқығандары 

«ұлтшыл» бола қалып, «Алаш» партиясын ашқанда бір қа-

зақ үшін сол сұмдармен бірге «Алаш» партиясында болды. 

Əрине  «оқыған»  дегендердің  арасында  бірен-саран  адал 

адамдар да бар.

Адал ниетті Ахмет пір тұтынған жолы үшін, шын сүйетін 

ұлты үшін қандай партияға болса да кірмей қойсын ба?» – 


260

деуі  Ахметтің  сол  уақыт  деңгейінен  қарағанда  «адасуын» 

ұлты үшін отқа да, суға да салуға дайын екенін түсініп қана 

қоймай, түсіндіруде де үлкен зерделілік танытқанын көреміз.

Ал Ахметтің 1920 жылдың 4 сəуірінде өз еркімен РКП(б) 

Орынбор губерниялық комитетіне РКП(б) мүшесі қатарынан 

шығуға  өтініш  берді.  Ахметтің  мұндай  əрекеті  туралы 

Сəкен: «Əрине Ахмет коммунистік партиясында да көп бола 

алмады. Көп бола алмайтындығы белгілі еді. Қазақтығына, 

орыстығына қарамай бай мен жарлының арасын ашып, бор-

сықтай сорып келе жатқан байлардың қолдарынан өкіметті 

қара  күшпен  жарлыға  тартып  алғызған  коммунистер,  жер 

дүниедегі  барша  халықтарды  бірдей  сүйетін  коммунистер 

рухы  майда  һəм  қазақты  ғана  сүйетін  Ахаңа  дұрыс  болма-

ды», – деп жазды.

«Ахаң  байлардың  құлдығында  шіріген  жарлылардың 

айғайшысы  емес,  олардың  шоқпаршысы  емес,  бірақ  бай-

ын, кедейін айырмай қазақты ғана сүйетін адал жүрек, таза 

ұлтшыл»,  деуі  дұрыс  бағдарлағаннан,  терең  пайымдаудан 

туған тұжырым еді. «Қалай болса да жазушысы аз, əдебиеті 

нашар  қазақ  жарлыларына  «Оқу  һəм  тіл  құралдарымен» 

қылған қызметі таудай» – деп ұлттық тілге деген еңбегінің 

өзін  ұлан-ғайыр  екенін  айта  келіп,  жүрекжарды  тілегін 

жолдаған.

Сəкенді осы мақаласы үшін «Степная правда» газетінде 

Əбдірахман  Əйтиев  «Фактические  поправки»  деген  тақы-

рыппен сынға алған.

Əрине  Сəкен  де  қарап  қалмаған,  Əбдірахман  Əйтиевтің 

сынына  «Тағы  да  Ахмет  туралы» (Əйтиевке  жауап)  деген 

мақаласын жазған. Сəкен өзінің қазақ тілінде жазған мақа-

ласына  орыс  тілінде  ескертпе,  сын  жазған  Əйтиевті  сынға 

ала отырып, оның: «Алашты жасағандардың бірі Ахметтің 

өзі емес пе?» дегеніне Сəкен: «Рас, Əйтиев жолдас рас. Олар-

дың  ішінде  шенқұмар,  жалған  ұлтшылдар  болды.  Ахмет 

əйтеуір қазаққа қызмет қыламын деп солармен бірге болды», 

«Ахметтің ұлтқа қызмет қылмақ болып, коммунист партия-

сына  кіргенін  Манап  Шамиль  (Сəкеннің  бүркеншек  аты) 


261

жолдас дұрыс деп біледі жəне басқаларға да солай қылуды 

мəслихат  қылады»  дегеніне  Сəкен: «Ахметтің  коммунист 

партиясына ере алмай шығып қалуына үлкен себеп – өзінің 

шын нəзік жанды ұлтшылдығы» деп кесіп айтуы сол уақыт 

деңгейінен алып қарағанда, Ахметтің қадамының өзін теріс 

ойлы  ниеттен  емес,  ұлтының  тұрмыс-тіршілігін  жақсарту 

мақсатында  тыным  таппай  шарқ  ұрған  жанның  адал  ниеті 

деп тəптіштей түсіндіруі үлкен мəн берерлік жай.

Жалпы өмірде болған жағдайларды түйсіну бар, түйсінуді 

түсіну бар, ал түйсінгенді түсіндіру бар. Осындағы түйсінуді 

пайымдау,  түсінуді  зеректік,  түсіндіруді  шеберлік  дейтін 

болсақ, Сəкеннің Ахмет туралы пікірінен өмірде, яғни күнде-

лікті  тіршілікте  жиі  кездесе  бермейтін  ғажап  бір  қасиетті 

көреміз.

Қандай да бір жиын-той болмасын, сол тойды ұйымдасты-

руда  басы-қасында  сол  той  иегерінің  жақындары,  жан-

ашырлары, дос-жараны жүретіні белгілі. Осы тұрғыдан алып 

қарағанда, Орынбор қаласының Свердлов атындағы клубта 

Ахметтің  торқалы  тойының  құрметіне  арналған  жиынды 

Сəкен  басқарып,  жүргізіп  отыруы  да  ескерерлік  жай  екені 

даусыз. Əр кез ел басшылары елге еңбегі сіңгендерді риясыз 

бағалай білгенде ғана əділетті болмақ.

Өмірдің сол бір қиын-қыстау кезінде Алаш азаматтары мен 

Сəкен  арасындағы  кейбір  алыпқашпа  сөздер  мен  көңілдегі 

күдікті  сейілтерлік  ақиқаттың  бірі – тарихи  шындықтар 

негізінде жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» дер едік.

Сəкен  Сейфуллин  өзінің  осы  ғұмырнамалық  шығарма-

сында Ахмет Байтұрсыновтың атын атап, түсін түстеп, артық 

сөз айтпағанын айрықша атап айта кеткен орынды. Алаш аза-

маттарының атына айтылған соңғы басылымдардағы кейбір 

ащы сөздер «Тар жол, тайғақ кешудің» бірінші басылымын-

да (1927) айтылған жоқ.

«Аттың сыры шапқанда білінеді, достың сыры сасқанда 

білінеді» деп аталарымыз тек айтпаса керек. Ахмет Байтұр-

сыновтың жаңа өкімет жағынан шыға алмай, елі үшін шы-

бын  жаны  шырқыраған  кезде  Сəкеннің  қол  ұшын  беруі, 


262

ерен еңбегін танытуы арқылы азаматтығын сыйлауы нағыз 

зерделінің  ісі  емес  пе?..  Ащы  шындықтардың  тереңіндегі 

сырлардың  бір  құпиясы  осындай.  Осыны  дұрыстап  ұға 

білмесек  біреу  мен  біреуді  шатастырып,  тарихты  ластап 

алу  оп-оңай.  Ол  əсіресе  кеңес  өкіметі  құлағаннан  кейінгі 

даурықпада аз кездеспейді.

Күні  кешеге  дейін  қарғыстай  көрінген  «ұлтшыл», «бай-

шыл», «бай ниетті ұлдар» деген сөздердің, кейбір артық-ауыз 

ой-тұжырымдардың Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ 

кешу»  романының 1927 жылғы  ең  алғашқы  басылымында 

болмай, соңғы басылымдарында болу себебі əдебиетшілер, 

тарихшыларға  белгілі  болғанымен  оқырман  қауымның 

көпшілігіне белгісіз болуы мүмкін.

1932 жылы Сталиннің хатына байланысты ВКП(б) Қазақ-

стан өлкелік комитетінің Мəдениет жəне Насихат бөлімдері 

мен Қазакстан марксизм-ленинизм институты «О задачах борь-

бы на теоретическом фронте в Казахстане в связи с письмом 

тов. Сталина» деген шешім қабылдап, оны осы 1932 жылдың 

қаңтарындағы «Большевик Казахстана» журналының бірін-

ші санында жариялады.

Онда: «Буржуазные,  мелкобуржуазные  теории  оказыва-

ют  и  на  некоторых  работников  членов  партии.  Отдельные 

коммунисты в своих работах часто повторяют те же буржу-

азные теории.

Так, тов. Рыскулов в своей книжке «Киргизстан» повто-

ряет вслед за алашординцами и колонизаторами легенду о 

добровольном  переходе  в  подданство  царизму  угнетенных 

масс Средней Азии. Тов. Сейфуллин в своем художествен-

ном творчестве воспевает старую феодально-родовую куль-

туру («Кокчетав»).

Тов. Тогжанов в своих работах по казахской литературе 

допускает грубые ошибки, скатываясь на немарксисткие по-

зиции Плеханова в литературоведении» («Большевик Казах-

стан», № 1,1932, 87-бет).

Міне  осыдан  кейін  Сəкен  Сейфуллин  «Тар  жол,  тайғақ 

кешудің»  бірінші  басылымын (1927) қайта  қарап,  жөндеп 


263

редакциялаған. Кейінгі 1960, 1977, 1988 жылдардағы үшін-

ші, төртінші, бесінші басылымы 1936 жылғы екінші басылы-

мының негізінде шыққан, оған да қол тиген жерлері бар.

Ой  деген  жүйрік  қой,  оқырман  тарапынан  бағыттары 

бөлек  зиялылардың  өмірдің  сол  бір  сəтті-сəтсіз  сəттерінде 

бір-біріне  «сен»  деспей-ақ  кеткені  ме  деушілер  де  табы-

лар.  Ондайларға  да,  үмітпен  қарайтындарға  да  айтарымыз 

əділетсіздікті,  озбырлықты  тап  тартысынан  деп  түсінген 

Сəкен  Сейфуллиннің  кітабында  «Алаштың  тіреулері – жу-

андар,  қазіреттер»  немесе  «Алаштың  құйыршықтары» 

деген  секілді  сөздер  бірлі-жарым  кездеседі,  не  болмаса 

«Алаш» азаматтары тарапынан большевиктерге бағытталып 

айтылған  «немістің  ақшасына  сатылған  шпиондар», «өң-

кей оңай олжа табудың ниетіндегі қулар», не болмаса Мір-

жақып  Дулатовтың  еңбегінен  «бас-аяғың  онға  толмайтын 

оңбағаңдар», «сендер күні бойы сабан тартып, шаршап келе 

жатырмын деген өгіздің мүйізіндегі шыбынсыңдар», «сана-

сыздар» деген тəрізді сөздерді кездестіріп қаласың.

Ұлттық мүдделері бір болғанмен бағыттары бөлек зиялы-

лардың бір-біріне қатты айтысқан мұндай намысқа тиер пі-

кірлері кінəмшіл көңілге кірбің ұялатары хақ. Бірақ мұндай 

тұстарда ұсақтыққа салынып, тырнақ астынан кір іздеуден 

гөрі,  аталарымыздың  «ашыққан  ұры,  ашынған  тілді  бола-

ды»  деген  даналық  сөзді  осындай  жайттарға  байланысты 

айтқандығын еске алсақ жетіп жатыр.

Ал түптеп келгенде, «Тар жол, тайғақ кешу» романының 

1927 жылғы бірінші басылымы «өңдеуді» қысқартуды тіпті 

де  қажет  етпейді.  Оған  негіз  романның  соңғы  басылымда-

рында  Сəкен  тарапынан  айтылатын  артық-ауыз  сөздердің 

бірінші (1927) басылымында болмауы.

Мəселен, 1918 жылдың қаңтар айында Орынборды боль-

шевиктер  алып,  Бөкейханұлы,  Байтұрсынұлы,  Дулатұлы, 

Омарұлдарының  Семейге  қашып  кеткен  кезін,  не  болма-

са, 1913 жылдан  жер-жердегі  газеттерге  басшылық  еткен 

«Қазақ»  газетінің  иесіз  қалғандай  күйге  түсіп,  Əбілхамит 

Жүндібайұлының  басқарған  тұсында  да  Сəкен  Сейфуллин 


«Алаш» азаматтарының атын атап, намыстарына тиерліктей 

сөз айтпауы да пайымдар кісіге үлкен ой саларлық жай. Ал 

Мағжан  Жұмабаев  жөнінде  шамданарлық  жайттар  тіпті  де 

ұшыраспайды.

Өмірдің «талай тар жол, тайғақ кешулерінде» Сəкен Сей-

фуллин «Алаш» азаматтарының ешқайсысында жамандыққа 

қиған емес. Сотына қатынасқан жоқ. Бұған оның «Тар жол, 

тайғақ  кешу»  романы (1927), Сəкентанушы  ғалымдардың 

ғылыми-зерттеу еңбектері нақты дəлел бола алмақ.

Қаншама жантүршігерлік азапты бастан өткерген Сəкен 

еш уақытта ешкімді ашық та, бұғып та көрсетпеген.

Сəкендей  ақынның  тəкаппарлығы  мен  принциптілігіне, 

азаматтық кескін-келбетіне, шығармаларында өмір қайшы-

лықтарының  кең  тұрғыда  бейнелеу  шеберлігіне  қалайша 

тəнті болмассың.

Сейфуллиннің  тарихи  еңбегінде  аты  аталатын  «Алаш» 

азаматтарын  сөз  еткенде  тарихи  жағдаймен  байланысты-

ра,  сабақтастыра  алып  қарау  қажет,  онсыз  біржақтылыққа 

ұрынуымыз  кəдік. «Алаш»  азаматтарын  соңғы  кезге  дейін 

ұлтшыл  деп  жазғырып,  тарих  бетінен  сызып  тастауға 

ұмтылып  келсек,  ал  еңді  Сəкенді  советшіл  болды  деп  кінə 

арту тарих алдында əділет пе? Қазақ зиялыларының бəрінің 

де діттеген мақсаты: елін-жұртын теңдікке, азаттыққа жет-

кізу болатын. Өмірін халқына қызмет етуге арнаған ақынның 

адамгершілік,  азаматтық  асыл  қасиетін,  оның  роман-эссе-

сінің тарихи тамырын жете түсініп, үйреніп, өнеге тұту бү-

гінгі ұрпақ үшін парыз болмақ.

1994 жыл


265

Ғабиден МҰСТАФИН



1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал